Қазіргі қазақ және орыс газет мәтіндердегі цитация


Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Қазіргі қазақ және орыс газет мәтіндердегі цитация

Диплом жұмысының көлемі: 55 бет

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 35

Тірек сөздер: цитата, дәйексөз, цитация, интертекст, интнертекстуалдылық, газет мәтіні, публицистикалық стиль, пунктуация.

Диплом жұмысының нысаны: Қазақ және орыс газет мәтіндеріндегі цитаталар.

Диплом жұмысының пәні: Газет мәтіндеріндегі цитация құбылысы

Диплом жұмысының мақсаты: диплом жұмысының мақсаты қазіргі қазақ және орыс газет мәтіндеріндегі цитаталардың контексттік сипатын талдау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • интертекстуалды контексте мәтін ұғымын анықтап, нақтылау, сол

арқылы зерттеу жолын бағдарлап алу;

  • мәтін ұғымындағы цитата және цитация ұғымдарының ара жігін

ажырату;

  • цитаталық элемененттердің қазіргі газет мәтіндерінде атқаратын

қызметін анықтау;

  • контекстте цитаталардың пунктуациялық заңдылықтар бойынша

жазылужолдарын көрсету.

Диплом жұмысының әдістері: жұмыс барысында жалпылама салыстыру, сұрыптау, жинақтау, жүйелеу, тақырыптық топтау әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының материалы: зертеу жұмысының негізгі нысаны газеттен 50-ге жуық газеті нөмерлері, 150 мақала, 100-ге жуық цитата қаралды.

Диплом жұмысының дереккөздері: 2010-2013 жылдар аралығында жарық көрген қaзaқ жәнe opыс тілді гaзeт мәтіндepі («Айқын», «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Алматы ақшамы», «Литер», «Казахстанская правда»), жәнe www. baq. kz peсми сaйттapындaғы мәтіндep. Бағдан Момынованың «Газет лексикасы жүйесі мен құрылымы» атты еңбегі. Сөздіктер: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Э. Д. Сүлейменова басшылығымен шыққан «Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі».

Диплом жұмысының нәтижелері: Зерттеу жұмысы аясында мәтінаралық байланыс ұғымындағы интертекст ұғымына анықтама берілді. Қазіргі газет мәтіндеріндегі цитаталардың қызметі, орны, және негізгі пунктуациялық талаптары көрсетілді. Жұмыстың практикалық бөлімінде қазақ және орыс мәтініндегі цитация құбылысының айырмашылықтары мен ұқсастықтары салыстырылды. Сонымен қатар газет мәтіндерінен жиналған цитаталар бойынша Қ Р Президенті Н. Назарбаевтың дәйексөздер жинағы құрастырылды.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

МАЗМҰНЫ

ГЛОССАРИЙ 1

Мәтін ( текст; text ) ̶ бұл жалпы тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе элементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді.

Интертекст - басқа мәтіндермен байланысы түрлі маркерлер арқылы көрініп тұратын, уақыты жағынан кейін түзілген көркем шығарма және оған цитация қағидатымен кіргізілген тілдік семантикалық бірлік; интертекстуалды немесе келтірінді элемент-көркем туындының семантикасын түзуге, түрлі ассоциация тудыруға ықпал ететін, басқа мәтіндермен байланысы имлицитті, эксплицитті түрде әр қилы тілдік деңгейде вербалданған бөгде мәтін немесе прецедентті құбылыс.

Цитата (лат. cіto - келтіремін, шақырамын) - түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады. Цитата, негізінен, баспасөз материалдарында, ғылыми еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйексөздер ғылыми еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйексөздер алынып отырады.

Тіл ағыл. language - ойлаумен, халықтың менталитетімен, мәдениетімен үздіксіз, тығыз байланыстағы адам қарым-қатынасының әлеуметтік аса маңызды құралы; шартты, құрылымдық-негізделген мағынасы бар таңбалар мен нышандардың жүйесі. Тіл - адамдар арасындағы саналы әлеуметтік сөйлеу қарым-қатынасының негізі; адамдардың мінез-құлқын реттеудің, қоғамды және оның әралуан құрылымдық элементтерін басқарудың маңызды құралы.

Газет - мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. Ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтарынан бастау алды. 16 ғасырда Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылып, арнаулы ақпараттарын «газета» (италиянша gazzetta - базар нарқы туралы ақпарат сатып алуға арналған нұсқау) деп атаған. 1631 жылы француздық «La gazzette» мерзімді басылымының шығуына байланысты «газета» термині осы заманғы мағынасына ие болды.

Публицистика (лат. publіcus -қоғамдық) - әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы. Публицист публицистикамен айналысатын адам. Публицистика - латынның «publich» - қоғамдық деген сөзінен шыққан, яғни өмірдің әлеуметтік, өндірістік, ғылыми, мәдени және бсқа құбылыстарын өмірдеректерін негіз ететін әдеби жанр. Публицистика белгілі бір күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарастарымен байланыстырады

Публицистикалық стиль (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі ) - функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль қоғамдық өмірдің алуан саласында, саяси, мәдени экономикалық қарым-қатынастарды көрсетуге қызммет етеді. Публицистикалық стильдің екінші бір түрі ерекшелігі бар: ол-ұлттық әдеби тілдің толығуына зор ықпал етеді әрі әдебит тілдің лексикалық-грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін көрсете алады.

Пунктуация термині латынның «punctum» - нүкте деген сөзінен алынған. Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы, жазу емлелерімен бірге, мәтінді өз ішінде бір-бірінен айырып түсінуге мүмкіндік беретін және оны графикалық жағынан ұйымдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады; екіншіден, тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелерді; үшіншіден, тыныс белгілері деген мағынаны білдіреді. Пунктуация-жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба.

Эпиграф (грек. epіgraphe - жазылған сөз) - әдебиетте жеке шығармалар алдынан келтірілген үзінді, өнеге сөздер, не өлең жолдары. Әдетте жазушы айтайын деген ойын аңғарту үшін осындай қысқа қайырма тағылым сөздерді келтіреді.

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының жалпы сипаты . Қазіргі қазақ және орыс газет мәтіндерінде цитация қағидатымен мәтінге енгізілетін құрылымдардың (дыбыс, сөз, сөз тіркесі абзац, сөйлем) мағыналық тұтастығы, дыбыстық үйлесімі, пунктуациялық заңдылықтары сақтала бермейді. Жаңадан түзіліп отырған мәтінге басқа мәтіннің таңбасы ретінде енгізіліп, еске түсіру арқылы екі мәтін семантикасын қатар алып, салыстыру, қарсы қою нәтижесінде қосымша мағына үстейді, дамытады, суреттеп отырған оқиға не құбылысты жан-жақты толық танытады.

Диплом жұмысының өзектілігі. Публицистикалық мәтін - автордың өзін қоршаған ортаны, болмысты, қоғамдық-әлеуметтік формацияны өз тұрғысынан түсініп, сол өзі түсінген, елестеткен бейнені оқырманға эстетикалық өңдеп жеткізетін құрылым. Оның тілдік қабатында жалпыхалықтық қолданыстағы лексика-фразеологиялық бірліктермен қатар, ауызекі әдебиетіне тән мақал-мәтелдер, өзінен бұрын өмір сүрген ақын-жазушылардың сөзқолданысы кейде саналы түрде, кейде еріктен тыс ұшырасуы мүмкін. Тілдік қауымдастыққа жақсы таныс, көпке белгілі шығармалардан алынған түрлі көлемдегі, түрлі деңгейдегі үзінділерді қолдану автордың ой-өрісін, эрудициясын танытатын, өз алдындағы әдебиет қайраткерлерін бағалауын жеткізетін, сондай-ақ сол мәтінді оқитын оқырманның ұлттық әрі әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстығын көрсететін тілдік дерек ретінде қарастырыла алады. Түрлі түпнұсқа мәтіндерден алынған әр деңгейдегі үзінділерді қолдану постмодернисттік әдебиеттің бірден-бір белгісі деп есептеле бастады. Постмодернизм әдебиетінде басқа мәтіндердің үзінділері ашық немесе жасырын түрде кездесуі цитатаның негізгі белгілерінің біріне сай келетіндіктен, әлемдік әдебиеттану мен тіл білімі ғылымдарында цитатция, цитирование, цитатная речь терминдері айналымға кірді. Аталмыш терминдердің ара жігі ажыратылмауы және қазақ тіл білімінде цитаталарға арналған белгілі бір заңдылықтардың, теориялық еңбектердің болмауы, мәтін лингвистикасы тұрғысынан қарастырылмауы жұмыстың өзектілігіне айналып отыр.

Диплом жұмысының нысаны. Қазақ және орыс газет мәтіндеріндегі циататалар.

Диплом жұмысының пәні. Газет мәтіндеріндегі цитация құбылысы

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты қазіргі қазақ және орыс мәтіндеріндегі цитация құбылысының ерекшелігін көрсету. Енді осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • интертекстуалдылық теориясының қалыптасу жолдарын анықтау;
  • цитата және цитация ұғымдарының ара жігін анықтау;
  • цитаталардың газет мәтініндегі жұмсалу қызметін көрсету;
  • цитаталарға қойылатын негізгі талаптарды табу;
  • цитаталардың орфографииялық, пунктуациялық заңдылықтар бойынша қазіргі газет мәтіндерімен жұмыс жасау.

Диплом жұмысының материалы: зертеу жұмысының негізгі нысаны газеттен 50-ге жуық газеті нөмерлері, 150 мақала, » 150-ге жуық цитата қаралды.

Диплом жұмысының дереккөздері: 2010-2013 жылдар аралығында жарық көрген қaзaқ жәнe opыс тілді гaзeт мәтіндepі («Айқын», «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Алматы ақшамы», «Литер», «Казахстанская правда»), жәнe www. baq. kz peсми сaйттapындaғы мәтіндep. Сөздіктер: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Э. Д. Сүлейменова басшылығымен шыққан «Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі».

Диплом жұмысының зертеу әдістері: жұмыс барысында жалпылама сұрыптау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, тақырыптық топтау әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының теориялық-әдістемелік негіздері. Әлемдік лингвистикадағы мәтін мәселесіне арналған М. Ямпольский, И. Р. Гальперин, Ю. Тынянов, Н Б. Кристеева, А. Фатеева, И. П. Cмирнов А. Арнольд еңбектері; интертекстуалдылық теориясын зерттеуші отандық ғалым Әділова Алмагүл Советқызының «Көркем мәтін құбылысындағы цитация құбылысы», Б. Момынованың «Газет лексикасы жүйесі мен құрылымы» еңбектері қаралды. Бұл тeopиялық eңбeктep біздің ғылыми бaғытымызды aнықтayғa мoл сeптігін тигізді.

Диплом жұмысының нәтижелері. Зерттеу жұмысы аясында мәтінаралық байланыс ұғымындағы интертекст ұғымына анықтама берілді. Қазіргі газет мәтіндеріндегі цитаталардың қызметі, орны, және негізгі пунктуациялық талаптары көрсетілді. Жұмыстың практикалық бөлімінде қазақ және орыс мәтініндегі цитация құбылысының айырмашылықтары мен ұқсастықтары салыстырылды. Сонымен қатар газет мәтіндерінен жиналған цитаталар бойынша ҚР Президенті Н. Назарбаевтың дәйексөздер жинағы құрастырылды.

Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 ЦИТАТА ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Интертекстуалдылық теориясының бастауы

«Интертекст», «интертекстуалды», «интертектуалдылық» терминдері қазіргі әдебиеттану және лингвистикалық сөздіктерде толық орнықпаса да, ғылыми айналымға түскен соңғы қырық жыл ішінде ең жиі қолданылатын лексемаларға айналды. Аталған терминдерді құрайтын «интер» және «текст» лексемаларының мағынасы бұлардың бірнеше мәтінге ортақ құрылымдық, семантикалық бір бөлік, фрагмент екенін көрсетіп отыр.

Интертекст - бір мәтіннің өзге мәтінге кіруі, мәтіндердің кірігуі. Бұл ұғымды әдеби мәтінді көп дауысты құрылым ретіңде қарастырған М. Бахтиннің ықпалымен Ю. Кристева кіргізген. Кристева үшін мәтін дегеніміз мәтіндер мен таңбалардың өрімі, өзге мәтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы. Интертекст мәтін шекарасын бұлдыратып, оны жаңаша пайымдауға жол аша түседі. Интертекст негізгі қасиеті оның ішкі әртектілігі, ашықтығы, көп нұсқлығы. Мәтін өзге мәтіндерден, өзге мәтіндерге қатысты шығарылады. Және тек бұрынғы мәтіндерге қатысты емес. Интертекстілік аталатын құбылысқа шығармадан кейін жазылған мәтіндерді енгізу керек. Мәтіннің қайнар көздері тек мәтіннен бұрын емес, онан кейін де тірлік етеді, -дейді Р. Барт. Бұл тұрғыда кез келген мәтін өзге мәтіндер кеңістігінде жанданып, қосымша мағына тудырады. жүйе ретінде бүкіл мәдениетті қамтиды. Интертекст тұрғысынан мәтін мен оқырман, оқу мен хат арасындағы айырмашылық және қарсы тұру жоққа шығарылады [2, 21] .

Қазіргі зерттеушілердің ұстанған методологиясына сай бұл терминдер кең және тар мағынасында түсініледі. Ғылыми айналымда көркем мәтінді талдаудың бір түрі ретінде түсінілетін интертекст теориясының бастауы, түп негізі туралы әр алуан пікірлер орныққан. Белгілі ғалым М. Б. Ямпольский [3], И. Арнольдтің [4] көзқарасы, Ю. Тыняновтың пародия теориясы туралы пікірі, М. Бахтиннің полифониялық роман жөніндегі ойлары және Ф. Де Соссюрдің текстегі анаграмма ілімі жайлы көзқарасы интертекстуалдылықтың кең мағынадағы түсінігін қалыптастыруға ықпал етті.

ХХ ғасырдың басында-ақ пародия табиғаты туралы пікірінде Ю. Тынянов белгілі бір текст трансформациялануы негізінде жаңа текст туындайтыны және оның семиотикасы бұрынғы текстің семантикасын дамытатынын, яғни мүлде жаңа мазмұнды текст автордың өз сөзі мен бөгденің сөзін кезектестіруі нәтижесінде туындайтынын айтқан еді[5, 102] .

  1. Интертекстуалдылықты кең мағынада түсіну үшін осы терминді

ғылыми айналымға енгізген Ю. Кристеваның еңбектерімен тікелей байланысты. Оның интертекстуалдылық туралы пікірін қысқаша төмендегідей беруге болады: Интертекстуалдылық әр шығармадан, текстен алынған цитаталардың жиынтығы емес, алайда ол түрлі цитатты сөздердің тоғысу кеңістігі. Ал цитатты сөз дегеніміз - «басқа шығармалардан алынған нақты деректер, абзацтар немесе пассаждар емес, бірақ мүмкіндігінше барлық дискурстар, өйткені мәдениет солардан құралады және кез келген автор өз еркінен тыс сол атмосфераға тәуелді болады».

  1. Интертекстердің тууы оқу-жазуға байланысты.
  2. Интертекcтік құрылым басқа бір құрылымға қатысты пайда болады,

яғни «мәтін цитаталар мозаикасы сияқты құрылады, әр мәтін басқа мәтіндерді өзіне сіңіріп алу және оларды трансформациялау» [6, 14] .

Осы пікірлерге байланысты әдебиеттануда интертекстуалдықты логика-cемантикалық тұрғыдан түсіндіру қалыптасқан. Ал кейбір ғалымдар интертекстуалдылықты мәтіндердің контаминациясы және бір мәтінде одан бөлек екінші бір мәтіннің сөзін құпиялап беретін анаграмма ретінде түсінеді.

Американдық ғалым М. Риффатер, оның ізімен И. В. Арнольд интертекстуалдылықты оқырманның қабылдауымен байланыстырады, яғни көркем шығарманы оқып отырған адам оны өзі бұрын оқыған шығарманың оқиғасымен, композициясымен, контексімен деп түсіндіреді [5, 104] .

Тар мағынасында интертекстуалдылық «мәтін ішіндегі мәтін» деп танылады. Бұл қолданыс айналымға Тарту университетінің профессоры М. Л. Лотманның семиотикаға байланысты еңбектері арқылы кірді. Лотманның пікірін лингвистер арасынан өзіндік ойларымен толықтырған Н. В. Арнольд болды. Олардың пікірі бойынша мәтін ішіндегі мәтін қаламгердің өз мәтініне бөгде мәтін элементтерін енгізуі арқылы сөйлеу субьектісін өзгертіп, шығарманың семантикасын толықтыруға, байытуға мүмкіндік беретін лингвокомпозициялық тәсіл. Енгізілген бөгде мәтін элементтерінің көлемі, нақтылығы, типі, жанры әр түрлі болуы мүмкін [7] .

Мәтінаралық байланыстар мәселелерін таза лингвистикалық тұрғыдан

түсіндіруге ұмтылған Б. М. Гаспаров та бұл терминді пайдаланбайды, алайда, оның ойынша, коммуникация барысында әр адам өз жадында бұрын оқыған мәтіннен сақталып қалған дайын блоктарды алып, жаңа мәтіндерге цитата, яғни бөгде сөз ретінде енгізуі мүмкін. Ол бөгде сөз арқылы енгізілген мағына мәтін ішіндегі ассоцияны көбейтіп, оған қосымша мән үстейді. Зерттеушінің осы негіздегі мотивтік талдауы да интертекстуалдылық байланыстарды анықтау болып табылады.

И. В. Арнольдтің топтамасы бұларға қарағанда нақтылау [5, 157-159]

  1. цитаталық тақырып;
  2. эпиграф;
  3. қыстырынды романдар;
  4. хаттар;
  5. күнделіктер;
  6. цитаталар;
  7. аллюзия;
  8. реминисценция.

Осы классификация ішінен ресейлік зерттеуші В. П. Москвин жалпы цитация терминіне байланысты пікірлерін баяндай келіп, цитацияны интертекстуалдылық тұрғысынан аморфты, яғни зерттеу нысаны белгісіз және шексіз деп есептейді [8, 86] .

В. П. Москвинннің пікіріне Ямпольский былайша жауап береді.

«Длительное время проблематика «история культуры в тексте» в основном сводилась к вопросу о влиянии предшественника на преемника. Влияние считалось главным следом присуствия традиции в тексте. Но само понятие влияние оказалось черезвычайно неоределенным и ставило перед исследователями мучительные проблемы»[3, 154] .

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдардың басында жазылған еңбектерде француз структуралист-ғалымы Жеррар Женнет Ю. Кристеваның интертекстуалдық туралы пікірлерін толық қолдағанмен, 1982 жылы шыққан «Палимпсесты: Литература во второй степени» деген еңбегінде мәтінаралық байланыстардың жаңа топтамасын ұсынады:

1) интертекстуалдық, яғни бір мәтінде екі немесе одан да көп мәтіннің болуы (цитата, аллюзия, плагиат және т. б) ;

2) паратекстуалдық, яғни мәтіннің өз атауына, соңғы сөзіне, эпиграфына қатысты;

3) метатекстуалдық, яғни өзі негізге алған мәтінді түсіндіру немесе, көбінесе оны сынау;

4) гиппертекстуалдық, демек, бір мәтін арқылы басқа мәтінді сықақтау немесе пародиялау. [2, 96] .

Сонымен, қазіргі мәтінаралық байланыстардың қай түрі болмасын, интертекстуалдық деп аталуы орныққан. Дегенмен бұл терминге ғалымдар түрлі анықтамалар береді.

«Современное зарубежное литературоведение» кітіабында бұл терминге Е. Земская: «Әр мәтін интертекст болып табылады; басқа мәтіндер алдындағы мәдениет мәтіндері мен оның айналасындағы қазіргі мәдениет мәтіндері оларда әр қилы деңгейде азды-көпті танылатындай түрде байқалады. Әр мәтін ескі цитаталардан, үзіндіден, мәдени кілттерден, формулалардан, ритмикалық құралдардан, әлеуметтік идиомалардың фрагменттерінен, т. б. түзілген жаңа құрылым: олардың бәрі мәтіннің бойына сіңіп, араласып кеткен, өйткені тіл мәтіннен бұрын және соның айналасында өмір сүреді. Кез келген мәтін үшін қажетті алғышарт ретінде интертекстуалдылық түпнұсқалар мен оның әсері мәселелермен ғана шектеле алмайды, ол шығу тегі сирек анықталатын анонимдік формулалардың ортақ өрісі, тырнақшасыз берілген цитаталардың ықтиярсыздығы деп саналады»[9] .

Ресейлік ғалым Н. А. Фатеева өз еңбектерінде интертекстуалдылық мәселесін автор және оқырман тұрғысынан қарастыра келіп, мынадай тұжырымдар жасайды:

1. Говоря об интертекстуальности, кажеться, вполне обоснованно различать две ее стороны-читательскую и авторскую. С точки зрения читателья, интертекстуалность- это установка на более угубленное понимание текста или разрешение непонимания за счет установления многомерных связей с другими текстами связанными с данным референциальной памятью слова.

2. Если ранее, в начале XX в авторы стремились ассимилировать интертекст в своем тексте, вплавить его в себя вплоть до полного растворения в нем, ввести мотивировку интетекстуализации, то конец века отличает стремление к диссимиляции, к введению формальных маркеров межтекстовой связи, к метатестовой игре с «чужим» текстом [10, 34] .

Зерттеуші И. В. Арнольд өз жұмысында «Интертекстуалдық мәтінге сөйлеу субьектісі басқа толық мәтіннің маркерленген немесе маркерленбеген яғни қайта құрылған өзгертілмеген цитаталар, аллюзиялар, ременциялар түрінде олардың үздіктерінің кіргізілуі түсініледі» дей келіп, интертекстуалдықтың ішкі және сыртқы, мәтіндік және кодтық, синкретті типтеріне тән барлық ерекшеліктерінің 19 түрін көрсетеді [5] .

Интертекстуалды құбылыстарды көкем мәтін тұрғысынан қарастырған отандық ғалым Алмагүл Советқызы интертекстті қолданатын да, өзектендіретін де адам болғандықтан, ол уақытқа қарамай, кез келген туынды да, кез келген деңгейде еске түсіріліп, түрлі ассоциалар тудыра алады. Мәтінаралық байланыстар адам-мәтін-оқырман үштағына сәйкес бірнеше қырынан қарастырыла алады дейді. Автор өз еңбегінде интертекстердің өздерін де бірнеше тұрғыда қарастыруға болады: интертекске негіз болған претекстер- прецендентті құбылыстар; күшті және әлсіз әдеби мәтіндер; прецендентті автотекстер; интертекстердің тіл деңгейлерін қамтуы- морфонологиялық, лексикалық, синтаксистіктік, құрылымдық деңгейлеріндегі цитация пунктуациялық, графикалық маркерлер арқылы рәсімделуі [11] .

Жоғарыда келтірілген барлық пікірлерден байқалып отырғандай, интертекстуалдық-белгілі бір мәтіннің басқа бір мәтінмен байланысының әр түрлі деңгейде тілдік бірліктер арқылы көрінуі. Ол тілдік бірліктердің құрамы, құрылымы, эмоционалды-экспрессивтілігі әр алуан болып келеді.

Интертекстуалдық мәселесін қарастырғанда интертекст термині өте жиі кездесетіні белгілі және ол заңды да, өйткені көптеген ғалымдар бұл екі терминнің ара жігін ажыратпай, бірінің орнына бірін қолдана береді. Сол себептен де қазіргі ғылыми айналымда интертекст термині төмендегі ұғымдарды қамтиды:

«бұрыннан бар ескі цитаталардан құрылған жаңа құрылым» деп танылатын кез келген мәтін;

бірыңғай мәтіндер кеңістігін құрайтын және ортақ элементтері кездейсоқ емес бірнеше мәтін;

құрылымында цитата бар мәтіндер, бұлар көбінесе постмодернизм бағытындағы көркем шығармаларға тән;

түзіліп отырған мәтінге енгізілген түпнұсқа мәтін;

көркем туындының семантикасын түзетін компонент-астарлы ой, яғни мәтінді интерпретациялауға көмек [11, 33] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интертекстуалдылық теориясы
Әдебиет қандай өнер
Қазақ әдебиеті және интермәтін түрлері
Тіл және ұлттық мінез туралы ақпарат
«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Қазіргі қазақ тіліндегі окказионал фразеологизмдер
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Салыстырмалы талдау
Балаларға арналған мәтіндердегі жай сөйлемдер құрылымының лингвостатистикалық сипаты
Когнитивтік парадигмадағы терминология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz