Шығындар аудитінің экономикалық сипаттамасы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Бөлім. Шығындар аудитінің экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ..4
1.1 Шығындар аудитінің маңызыі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Шығындар аудитінің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... .6
ІІ. Бөлім. Шығындар есебінің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Шығындар аудиті есебінің жүргізілу бағдарламасы ... ... ... ... ...12
.
2.2 Шығындар аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Шығындар аудитін жетілдіру жолдары
..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процессіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады.
Курстық жұмысының өзектілігі. Нарықтық қатынастар экономикасы жағдайында кәсіпорындардағы өндіріс шығындары үлкен роль атқарады. Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан тұратын күрделі механизм. Кәсіпорындардың жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілген өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып бөлінеді. Кез – келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардағы өндіріс шығындарын және табыстарының құрамы мен құрылымын анықтау. Кәсіпорындардағы өнімнің өзіндік құнын есептеу. Кәсіпорындардағы кірістерді көбейту мен шығындарын азайту жолдары қарастырылған.
Курстық жұмыстың міндеттері - кәсіпорынның шығындарының есебін қарастыру, кәсіпорындағы үстеме шығындарды, көмекші шығындардың есебін қарастыру.
Бірінші бөлімде шығыстар мен табыстар есебі қарастырылады, ал екінші бөлімінде шығыстар аудиті қарастырылады, үшінші бөлімінде табыстар аудиті талқыланады.

1. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы «өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 19.02.2007
2. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы, Алматы, 28.02.2007
3. Типовой план счетов бухгалтерского учета. Утв. приказом Министра финансов РК от 18.08.2007 г. № 438
4. Әбдіхалыков Т.Ә. Уудит және бухгалтерлік есеп: оқу құралы. Алматы, 1999.
5. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности, Алматы, 1999.
6. Дюсембаев К.Ш. Теория аудита / Алматы 1995.
7. Ержанов М.С. Теория и практика аудита/ Алматы:1994.
8. Ержанов М.С. Аудит -1 / Алматы 2005
9. Казахстанские стандарты по аудиту / С.Х. Кошкимбаев и др. Алматы: 1995.
10. Сәтмырзаев А.А. УкашевБ.Е. Аудиттің териясы : Оқу құралы. Алматы:1998
11. Сейткасымов Г.С. Становление и развитие аудиторской деятельности: Караганда, 1993.
12. 12. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит: Оқулық.- Алматы: 2006
13. 13. Балапанова А.Ж. Аудиттің теориялық негіздері: Оқу құралы. – Алматы: 2003
14. Байдаулетов М.Б, Байдаулетов С.М. Аудит: Қазақ университеті – Алматы: 2004
15. Д.О. Аудит негіздері.- Алматы, 2006

ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Бөлім. Шығындар аудитінің экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ..4
1.1 Шығындар аудитінің маңызыі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Шығындар аудитінің мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... 6
ІІ. Бөлім. Шығындар есебінің аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 12
2.1 Шығындар аудиті есебінің жүргізілу бағдарламасы ... ... ... ... ...12
.
2.2 Шығындар аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
2.3 Шығындар аудитін жетілдіру жолдары
..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..40
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және оның өндіріс процессіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады.
Курстық жұмысының өзектілігі. Нарықтық қатынастар экономикасы жағдайында кәсіпорындардағы өндіріс шығындары үлкен роль атқарады. Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан тұратын күрделі механизм. Кәсіпорындардың жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілген өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып бөлінеді. Кез - келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорындардағы өндіріс шығындарын және табыстарының құрамы мен құрылымын анықтау. Кәсіпорындардағы өнімнің өзіндік құнын есептеу. Кәсіпорындардағы кірістерді көбейту мен шығындарын азайту жолдары қарастырылған.
Курстық жұмыстың міндеттері - кәсіпорынның шығындарының есебін қарастыру, кәсіпорындағы үстеме шығындарды, көмекші шығындардың есебін қарастыру.
Бірінші бөлімде шығыстар мен табыстар есебі қарастырылады, ал екінші бөлімінде шығыстар аудиті қарастырылады, үшінші бөлімінде табыстар аудиті талқыланады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін дұрыс жолға қоймайынша, сондай- ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жұмысын іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес. Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге ( ұлғайтуға ), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын, қаржылық жағдайын және басқа да ресурстарын тиімді жұмсауға, яғни табысын көбейтуге мүдделі.
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен тұрады. Негізгі бөлім үш бөлімнен тұрады:
1- бөлім Шығындар мәні мен есебі яғни шығындар түсінігіне жалпы шолу жасалады.
2- бөлім Шығындардың аудиті. Бұл шығындардың аудитін жүргізу қарастырылады.
3- бөлім Аудиторлық қорытынды. Осы жерде бір ұйым мысалында міндеттемелерге аудит жасалу көрсетіледі.
Соңында жалпы курстық жұмысқа қорытынды келтірілген.
І ШЫҒЫНДАР АУДИТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 ШЫҒЫНДАР АУДИТІНІҢ МАҢЫЗЫ
Міндеттеме - бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: -мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы. Міндеттеме -өткен кезең оқиғасының пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар ағынына соғады. Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді. Міндеттемелерді реттеу мынандай тәсілдермеен іс жүзіне асырылады:
- Ақшалай қаражатпен түгелдеу
- активтерді табыстау;
- қызмет ұсыну;
- міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру
- міндеттемені капиталға аудару.
Міндеттеме ағымдық және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Кез келген өнімді өндіру белгілі бір шығындармен байланысты.
Шығындар - активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы.
Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады. Өзіндік құндарды дұрыс ұйымдастыру .шін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7 Тауарлы материалды қор есебістандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:
1) пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;
2) өнім түрлері бойынша - оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек;
3) шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойынша - экономикалық элементтер бойынша және калькуляция баптары бойынша.
Экономикалық элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзінедік құнын бақылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін - бірі толықтырады және өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады.
Өндіріске арналған басқа белгілердің қатары бойынша жіктелуі мүмкін:
Негізгі - өндірістің технологиялық процесстерімен тікелей байланысты: шикізат және материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.
Үстеме - өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.
Бір элементті - бір элементтен тұрады.
Кешенді - бірнеше элементтен тұрады.
Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндіретін өндіріспен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін.
Жанама - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей салынбауы мүмкін және шығын жанама бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге салынбаған шығын жанама деп аталады.
Шығындар бір бөлімшеде тікелей, екінші бір бөлімшеде жанама болуы мүмкін.
Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі салалық ерекшеліктерге, өндірістің ұймдастырылуына, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған әдісіне байланысты.
Негізгі емес қызметтерді сату шығындарының ақпарттарын жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарының 84 Негізгі емес қызметтер бойынша шығындар шоттарында жүргізіледі.
1.2 ШЫҒЫНДАР АУДИТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Табыс алу әр кәсіпорынның қаржылық нәтижесі боып табылады. Бухгалтерлік есептің 3 Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытынды есеп стандартының талабына сәйкес 1996 жылы 13 қарашада жоғарыда көрсетілген үкімет органы бекіткен және 1997 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген, бұл қорытынды есепте табыс бойынша мынандай ақпараттар ашылуға міндетті деп көрсетілген: өнімді стаудан түскен табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен табыс; негізгі емес қызметтен табыс; салық алынғанға дейінгі әдеттегі қызметтен табыс; салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметтен табыс; төтенше жағдайлардан табыс; таза табыс.
Кәсіпорында табыс негізгі қызметтен түскен табыс және негізгі емес қызметтен түскен табыс болып бөлінеді.
Табыстылықтың ішкі нормасы - бұл кәсіпорын пайда алмай - ақ инвестициялық және ағымдық шығындарды өтейтін есеп айырысу мөлшерлемесі. Оны анықтау үшін таза ағымдық құнының есебінің формуласын нөлге теңестіреді және жоспарланған табыстарды, инвестицияларда және жабдықты эксплуатациялау уақытты дисконттау мөлшерлемесін анықтайды.
Өтімділік кезеңіне ұйым пайдасына уақыт факторын ескермей инвестициялық шығынның орнын толтыратын уақыт аралығы.
Рентабельділік коэфициенті жарты жылдық жоспардағы пайданың жұмсалған күрделі қаржыға қатынасын білдіреді. Коэфициент уақыт факторын ескеру арқылы, сондай - ақ оны елемей есептелу мүмкін; инвестиция табыс әкелетін уақытты анықтау; жоспарлы түсімдерді анықтау; уақыт шығынының есебі; жоспарлы ағымдағы шығындар есебі; осы инвестициялық жобаға қаражат жұмсау тәуекелдігін қоса ескеретін дисконттау мөлшерлемесін таңдау, таза ағымдық құнының есебі. Бұл көрсеткіштің негізінде басқа әдістеме бойынша жобаның тиімділігін бағалауға болады.
Аудитор өндіріске кеткен шығындар есебінің жүйесін түсініп және өндірістік операциялар бухгалтерлық есеп жүйесінде сенімді екеніне көз жеткізу керек. Ұйым спецификалық қызметке байланысты технологиялық және органикалық құрылымдардың түзілуі бойынша өндіріске кеткен шығындар есебі туралы есеп саясатын таңдау мүмкіндігі бар. Сонымен бірге дәстүрлі есеп түрі келесі 20 Негізгі өндіріс шоты бойынша тықелей, жанама және толық өндіріс құны. Мынадай жағдайда тауардың құнының сомасы ауысады:
Кт 8010 Негізгі өндіріс
Дт 1330 дайын өнім немесе
Дт 7110 Сатулар
Сонымен қатар қалауы бойынша ұйым шығарған тауардың ақпаратын толықтыру үшін анықталған деректердің өзіндік құнын 7010 Өндіріс шығындар шотында көрсетуі мүмкін.
Өндіріске кеткен шығындар есебі шығындарды шарты - ауыспалы және шартты тұрақты, өндірістік құнның қысқару есебі және табыстардағы тұрақты шығындарының азаюы есептық кезеңде бөлінуді ескереді. Сонымен шартты ауыспалы шығындар бухгалтерлық есеп шоттарында Негізгі өндіріс, Көмекші өндіріс. Шартты тұрақты шығындар бақылаушы және шаруашылық шығындар мына шотта Ортақ шаруашылық шығындар , ал шығындар есебінде Сату шығындары атты шотта көрініс табады. Қоймаға өткізілген біткен өндірістің тауарлар құнына мына шоттар Негізгі өндіріс, Дебет бойынша 1330 Дайын өнім немесе сатулар жатқызылады. Шартты тұрақты шығындар мына шотта Ортақ шаруашылық шығындар және Сату шығындары. Сонымен қатар ауыспалы және тұрақты шығындар аудиторға табыспен өндірістің обьектілігіне және шығындарының табыс арасындағы айырмашалықты саралайды.
Шығындар есебін әрі қарай зерттеу үшін есептық жұмыстардың сенімділігін келесі сатылар қарастырады: өндірісте бастапқы ресурстар шығындарының пайда болуы; берілген өндірістік шығындардың қызметі бойынша, өндірістік, құрылымдық бөлімшелермен шығындардың шығу жерлері және өнімдерге, жұмыстарға орталық жауапкершілігі және т.б; өндірістік шығындардың құны уақыт бойынша шығуын қосу; өндірістік бөлімшелердің арасындағы ортақ шығындарды орналастыру және де бітпеген , құнның дайын және өткізілген өнімнің қосылуы; өндірістік шығындарды бітпеген және дайын өнімнің арасындағы қызметтің орнығуы - қызмет көрсетілетін тұтынушылар өнімдері бітпеген өндірістің шығуы мен бағалануы және жеке өнімдер мен барлық тауарлар өнімнің көлем түрлерінің өзіндік құнын анықтау.
Бухгалтерлық есеп жүйесінің бағалануы мен зерттелуі өндірістік циклға қатысты, негізгі тапсырмалар қалай орындалатынын ескеруі керек. Сонымен бухгалтерлық есеп бақылаумен нысандық және жоспарлы көлемдегі деректық шығындар деңгейіне нақты шаралар қолданумен мақсатталады. Құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметі шығарып жатқан өнімдердің өзіндік құнын,қаржылық және экономикалық нәтижелерге баға беру үшін анықтау керек.Тауардың өзіендық құны туралы ақпарат мына сипатта - өндірістік пен технологиялық бағдарламаларды сатып алуда, өткізілген тауар ассортиментінің рентабельділігі негізгі қорларға және өндіріс қорларына капиталдың құйылуы, бақылаулы шешімдер қабылдау үшін қолданылуы мүмкін және т.б.
Сондықтан көп көңіл бухгалтерлық есептің нақтылығына және шығындар туралы ақпараттың ашылуы табыс пен шығындардың есеп берілуі және Бухгалтерлық баланс қосымшалары атты талдаулар кірістеледі.
Сонымен қатар мынаған көңіл бөлу керек: шыққан шығындардың теңдігі, бухгалтерлық есептің нысандалу тәртіптілігі салық кодексімен шығындарына сәйкес келуі ТБЕ Мекеме шығындары, мекемелердің кіріс және шығыс шығындары, сатылған өнімнің өзіндік құнымен, коммерциялық шығындары, басқару шығындары, операциялық шығындар, өткізу шығындары, оқыс шығындардағы жағдаудан туындайды.
Аудитор ішкі жағдайын тексере отырып, алдында цехтарда өткізілген инвентардың сапасын бағалап және аяқталмаған өндіріс қалдықтарын инвентарлау ұйымдастырылады. Инвентарлау өңделіп бітпеген материалдардың құнын анықтауға жартылайфабрикаттар мен өнімдердің ақауларын шығаруға, жетіспеушілықтермен материалдардың көптігін болжауға және технологиялық үрдіс кезінде пайда болған және оның дұрыс сақталмауы огперативті өндіріс есебінің деректерімен бухгалтерлық есеп жазбаларымен салыстырылып нақты шикізат пен материалдардың қалдықтарын анықтауға көмектеседі.
Тәжірибе кезінде аяқталмаған өндірістің қалдықтары бойынша қателықтер жіберілуі мүмкін. Оларға: материалдарды айналымға ұшыраған және түзелмейтін ақау; қоймадағы тауарлардың артығы және нақты шығынды есептейді. Инвентаризацияның негізгі тәсілі аудиторлардың қабылдауы бойынша аяқталмааған өндірісті қайта есептеу немесе аяқталмаған өндіріске тексеру жолымен нақты есеп өлшемі және қолдануы. Өндірістегі аяқталмаған материалдар мен шикізаттардың саны техникалық есеп тәртібі бойынша өнімнің өзіндік құнын болжау анықталады. Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын есептеу үшін мына құралдар ұсынылады (мөлшер және өлшеу құралдары) өндірістік және тәжірибелық журнал рецептілерінің жиынтығы және көмекші кесте.
Аяқталмаған өндірістің инвентаризациясы құрылымдық бөлімшелердің әрқайсысына және ақауланған бұйымдарға жеке сипаттардан құралады. Инвентаризацияның жеке сипаттары мен мақсаттарына тәжірибелық талдау, актілық нөмірдің сыйымдылығы, аяқталмаған өндірісті есептеу бойынша ведомосы және шикізаттар немесе материалдар орнатылған құрамалар.
Аудитор сонымен қатар бухгалтерлкі есепте көрсетілген аяқталмаған өндірістің құны және мекеменің нормативті құжаттарының бұйрығымен орнатылады. Аяқталмаған өндірістің нақты қалдығы мына 20,21,23,29,44 шоттары бойынша салыстырылады.
Ішкі бақылау жағдайының тексерісі қадағалау әдісімен анықталады. Оның көмегімен мекеменің техникалық үрдістің әксплуатациясының дұрыстығын , шикізаттармен, материалдармен қамтамасыз етілгендігін , сақталу туралы шоттар, тәжірибелық бақылау мен технохимиялық жағдай құралдардың өлшемдері, сменді ауыстыру тәртібі және тауардың кіріске алынуының толықтығы.
Жақсы жүргізілген тексерістер жұмыста мынадай кемшіліктерді: ескерілмеген ақаулар, еңбек тәртібінің төменділігін , өндірістік жабдықтар мен тәжірибелық құралдардың жоқтығы, құндылықтардың ережеге сәйкес сақталмауы және сменнің өткізілуі, өндірістік және тәжірибелық журналдарда жазбалардың нақты емес жазылуы, дайын өнімді жеткізумен кіріске алу тәртібінің бұзылуын ашып көрсетеді.
Бағытталған тексеріс құжаттар тексерістерге сәйкес келсе, онда ол аудиторға шикізаттың қайта шығындауын ақаудың анықталғанын және өнім сапасының төмендеуін анықтауға көмектеседі. Тексеріс нәтижелері аудитордың қызметтер құжаттарымен рәсімделуі мүмкін, мысалы, түскен материалдардың бақылау актілер немесе дайын өнімнің шығарылымы , құрал-жабдықтардың техникалық жағдайы, дайын өнімнің толықтығы мен сапа бақылауы және т.б.
ІІ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
2.1 ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ АУДИТІН ЖҮРГІЗУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл - қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу - мехникалық цехы, авторанспорт және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8310 шоты арналған және ол Цехтардың шығындары деп талатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс жеке талдамалық шот ашылады.
Мысал үшін,Компания КАРА ЖШС - де көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:
8310 - Көмекші өндірістер;
8311 - МатерBалдар;
8312 - Қызметкерлердің еңбегіне қаржы бөлу;
8313 - еңбекақыдан аударымдар;
8314 - Амортизациялық қаржы бөлу;
8315 - Басқа да шығыстар.
Көмекші өндірістің әрбәр цехтары бойынша шығындарды есепке алу цехтар шығындары деп аталатын ведомоста жүргізіледі. ведомосқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.
Көмекші өндірістің талдамалық есебі әрбір цехта, өнім түрлері және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің өндірістік күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын - энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.
Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.
Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршеме ерекшелінеді, өйткені кейбір цехтар бір- бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір - біріне қызмет көрсетеді: жөндеу - механикалық цехы жүк автомашинасына цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу - механикалық цехына жүкті тасымалдайды.
Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны мен математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кеңінен пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан онда қалдақ қалмайды.
Тек жөндеу - механикалық пен аспаптра жасайтын цехтар қоспағанда, бұл цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол кезде 8313 Көмекші өндіріс шоты дебеттеледі де , 8310 Көмекші өндіріс шоты кредиттеледі - бұл операцияның көмегімен аяқталмаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.
Көмекші есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8310 Көмекші өндіріс шоты дебеттеліп, 8313 Көмекші өндіріс шоты кредиттеледі.
Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша тарату үшін Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату деп аталатын талдамалы кестені жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардан жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы боынша - будың тоннасы, компрестік қондырғы - қысылған ауаның куба метрі, электростанция- киловат сағаты, автотранспорт - тонно километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұрғындарға таратады.
Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктардың көрсеткікштері бойынша немесе шамамен анықтайды.
Көмекші өндіріс қызметін таратудың талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қызметердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс-жүзіндегі өзіндік құны есептеліпшығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама - қарсы қызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімінде алынған және көрсетеліген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгітұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.
Екінші бөлімінде көрсетілген деректері Цех шығындары негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8310 шоты кредиттеледі.
Үшінші бөлімінде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтынбөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.
Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің , жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар болмайды.
Күрделі өндіріс аоуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, модельдік, аспаптық, ыдыс цехтары жатады.
Мысал: Компания КАРА ЖШС құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотранспорттық, жөндеу-механикалық, бу қазандық цехтары бар. Оардың ішін жөндеу- механикалық цехы- күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуіқарапайым цехтар қатарына жатады. Ай ішінде көмекші өндіріске мынадай шығындар жатқызылады:
Кесте-1
Көмекші шығындар бойынша шоттар корреспонденциясы
Шаруашылық операциялардың мазмүны
Сомасы, мың.тг.
шоттар корреспонденциясы
Дт
Кт
Көмекші өндіріс қажеттілігіне босатылған материалдық құндылықтар:
oo автотранспорт цехына
oo бу қазан цехына
oo жөндеу механикалық цехына
1670
570
780
320
8311
1310
Көмекші өндірісте істейтін, еңбеккерлерге жалақысы есептелінді
- автотранспорт цехына
oo бу қазан цехына
oo жөндеу механикалық цехына
468
250
120
98
8312
3350
Көмекші өндіріске жататын үстеме шығыстары есептен шығарылды:
oo автотранспорт цехына
oo бу қазан цехына
1295
845
450
8314
8410
Көмекші өндірістің шолушы шотына жинақталды:
oo материалдық шығындары;
oo еңбек ақы шығындары;
oo еңбек ақыдан аударылатын аударымдары
oo үстеме шығындары
Шығындар цехтар бойынша қорытындалады:
oo автотранспорт цехы бойынша
oo бу қазан цехы бойынша
oo жөндеу - механикалық цехы бойынша
9847
1897
4250
720
2980
4780
2680
1250
8310
8310
8310
8310
8311
8312
8313
8314
Бір - біріне қарама-қарсы көрсетілген қызметтері есептен шығарылды:
oo автотранспорт цехы бойынша
oo бу қазан цехы бойынша
oo жөндеу - механикалық цехы бойынша
1042
247
498
297
8310
(сәйкес аралық шоттары
Көмекші шығындар бойынша жасалған шығындар. 10889
10889
6
Көмекші өндіріске цехтары бойынша шығарылған дайын өнім кірістелді:
280
1320
8310
Қарапайым өндірістің калькуляциясы. Қарапайым өндірісінде өнімнің, қызметтің және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі ықшамдалған тәсіл бойынша калькуляцияланады: шығарылған өнімге, жұмысқа, қызметке қатысты шығын сомасын сол өніснің санына бөледі.
Күрделі өндірістің калькуляциясы. Шығыстардың талдамалық есебі жөндеу түрлері және жөнделетін объектілер бойынша, дайындалған аспаптар, керек- жарақтар, модельдер түрлері немесе топтары бойынша жүргізіледі. Әрбір есеп объектісіне талдамалық есеп ведомосы немесе карточкасы ашылады. Онда айдың басындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ағымдағы ай ішіндегі шығындар, есепке алынған шығындарды азайту тәртібімен есептеп шығару, дайын өнімді кіріске алу, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құнын есептеп шығару, ай соңындағы аяқталмаған өндіріс қалдықтары көрсетіледі.
Жеке орындауға қабылданған цех тапсырыс тапсырыстар кітабына жазылады және олар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Накладнойда, жұмысшының нарядына және басқа құжаттарда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz