Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп..


Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,
Қоздырып деребені дәсерлетіп.
Даусым-дауыл, сөзім-жел, үнім-ескек,
Басылайын ойнақтап, аз желдетіп.
Ілияс ЖАНСҮГІРОВ
Әсет Найманбайұлының
«Інжу-маржан», «Әпитөк» әндеріне талдау.
КІРІСПЕ
І. Тақырыптың өзектілігі: Өмірдің мәнін де, сәнін де кіргізетін, барша халық сүйіп тыңдайтын өзегінде ұлттық болмыс шырыны сорғалап тұрған толыққанды ән болса керек-ті. Осы ретте ән-әуендері әлі күнге дейін жұрт мерейін қандырып, ләззатқа кенелтіп жүрген халық композиторлары өмір болмысынан сыр сабақтаудың қай кезде де пайдасы зор болған деп түсінеміз. «Аспанның аясында ән шалқытқан, Бұлбұлмен дауысым көкке дамылдаған » деп Әсеттің өзі айтқандай әншілігі де, композиторлығы да айта қаларлықтай асқақ, алымды айдынды. Осы орайда, Әсет әндерінің қайталанбас әдемі өрнегі мен қоңырлығын ерекшелігін айтпай кетуге болмас. Әуезді әндерінің баяғы бояуын жоғалтпай, сақталғандығын немесе уақыт өте келе өзгеріске ұшыраған тұстарына, оның әр замандағы орындаушыларына және олардың өзіндік болмысы мен жеткізе алғандығына үңіліп, басы-аяғына шолу жасау менің тақырыбымның өзектілігі болып табылады.
ІІ. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- Әсеттің ертеден шыққан әндерін жинақтап, талдау жасау;
- Әсеттанушылардың зерттеу еңбектерінен «Інжу-маржан», «Әпитөк» әндерінің тарихын қарастыру, талдау, талқылау;
- Ән мәтіндеріне талдау жасау;
- Қазіргі күндегі әннің орныдаушыларының ерекшелігі немесе ықшамдалынып ыңғайға бағынып алынған тұстарына сараптама жасау;
ІІІ. Жұмысты зерттеудің әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысы барысында жинақтау, талдау, салыстыру әдіс-тәсілдері қолданылды;
ІV. Зерттеудің әдіснамалық негіздері : жинақтар
Өмірі: Әсет Найманбайұлы (1867-1922) - қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы. Қарқаралы уезінің Темірші болысының 8-ші ауылында, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Ол Зейнолла имамның медресьесінде оқып, арабша жетік білген. Ата-анасынан ерте жетім қалып, жоқшылықтың зардабын тартқан. Айтысқа түскен кезінде ақындар соны тілге тиек еткен. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп аныған Әсет Найманбайұлы ешкімге қара сөзден дес бермеген. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылған. Әсет 14-15 жасында сауық кештерде, жиын - тойларда халықтың сұрауымен көңіл көтеру ретінде ән айтып өлең шығарған. Әсет әнші - ақын өз жанынан өлең шығарып айтуымен қатар, өз өлеңдеріне ән де шығара білген ақын. Әсет шығарған әндер, оның өлеңдері тәрізді халыққа кең тарап, халық жүрегінен жылы орын тауып, ел арасында көптеп сақталған. Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы-көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады. Әсет Найманбайұлы - негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұрғыман-Нағым», «Мәлік-Дарай», «Жәмсап», «Кешубай» атты қисса дастандары бар. Ол А. С. Пушкинның «Евгений Онегин» романын еркін аударып, оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, Семей, Тарбағатай, Алтайға дейін жеткізіп, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде («Кіші Ардақ», «Үлкен Ардақ», «Қаракөз», «Мақпал») психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. «Інжу-Маржан» әні (кейде «Әсеттің әні»деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ «Ырғақты», «Аққарагер», «Қаракөз», «Майда қоңыр», «Жалған-ай», «Сырмақ үйкер», тағы басқа әндерінің авторы. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсаған. Әсет Найманбайұлы 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болады. 1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін алғаш С. Сейфуллин (1925) бастырған. 1936 жылы Б. Ысқақовтың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б. Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.
«Інжу маржан» әнінің тарихы. Іргелес жатқан Монғол, Қытай, Түркия секілді көптеген елдерде Әсеттің шығармашылығының шыңы дерлік «Інжу маржан» әні ұдай шырқалатынын еске алсақ, қазақ халқының қандайлық ғажап таланттарға алтын орда болғанын мақтаныш ету ләзім. Әншілік өнерін әбден меңгерген соң ғана Әсет жанынан ән шығара бастаған болуы керек. Әйткені оның алғашқы, жас кезінде шығарған әндерінің біріне жататын «Інжу-маржан» әні- құрылысы, әуенділігі жағынан қазақ әндерінің ғажайыптарының бірі. Ол әнге академик А. Жұбанов: « . . . Оның халақ арасына көп таралған балаға дейін білетін «Әсет» атанып кеткен әні Әсет творчествосының шыңы десе де болады», -деген жоғары баға береді. Орындауы келіссе, «Әсет әні»-сахнаның сәнінің бірі, -дейді. («Замана бұлбұлдары» 1963ж) . Шынында бұл әнді тек Естайдың «Қорланымен» ғана салыстырғың келеді. Екі әндегі мұң да, сағыныш та, әсіресе қайырмаларындағы әуен мен сөздің бірлестігі соншалық ұқсас, соншалық мінездес- қайсысын болса да бірінен бірі артық бағалау күнә сияқты.
«Інжу-маржан»- махаббат әні. «ЕРкем, сені-ай сағындым», «Сағынбасқа не шара?» «Қозы Көрпеш-Баяндай, бір молада өлсем-ай!»-сияқты ән қайырмасындағы сөздер-ақ бұл пікірдің дәлелі. Алайда әннің негізгі тіркесінде, яғни өлеңінде махаббат мотиві жоқ: ән бір басқа да, өлең бір басқа. «Еркем сені-ай сағындым» деп тұрған қайырмаға «Әуелетіп ән салшы әнші Әсет, Аққуменен аспанда жер тілдесед» деген асқақ сөздің еш үйлеспейтіні былай да көрініп тұрған жоқ па? Мұның сырын анықтауға, бізше, С. Мұқановтың бір пікірі кілт болуы тиіс, «Алыптың адымдары» атты кітабында ол кісі былай дейді:
«Әсеттің «Әсет»аталатын атақты әнінің сөзін әлбетте біз І. Жансүгіровтікі деп ойлаушы едік. Ілияс осы әнді өте жақсы көруші еді сондықтан мәжіліс болған жерде өлең айтуға тура келсе, алдымен «Әсетті»айтатын еді және барлық ықыласыны сала, барлық сезімін жұмсай айтатын еді. Сонда «Сөз кімдікі?» -десек, «Негізгі Әсеттің өзінікі, мен тек біраз өңдедім», - дер еді. Онысы рас екен. Ілияс айтатын өлең:
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,
Қоздырып деребені дәсерлетіп.
Даусым-дауыл, сөзім-жел, үнім-ескек,
Басылайын ойнақтап, аз желдетіп, -
деп келсе, Әсеттің өз қолынан жазылып, ол өлгеннен кейін 1945 жылы Сарсүмбе қаласында (қытайлық) басылған кітапшасына кірген бұл өлеңнің сөздері төмендегідей екен», - дейді де біздер «Қисмет» деп жүрген, І. Жансүгіровтың шығармашылығында «Әнші» атанып жүрген өлеңнің 46 жолын келтіреді. Бірақ Сәбең өзі мысқылға келтіріп отырған төрт жол осы өлеңнің үзіндісі екенін асығыстықпен аңғармайды, сәл инверсияға ұшырағандықтан байқамайды. Әйтпесе екеуі де бір өлең:
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,
Қоздырып деребені дәсерлетіп.
Даусым-дауыл, сөзім-жел, үнім-ескек,
Басылайын ойнақтап, аз желдетіп.
Қазіргі ән жинақтарда «Інжу-маржанға» телеп жүрген өлең негізінен үш шумақ, соның ортанғысы былай келеді.
Әсеттей сал ән салсаң, аңыратып,
Орман тоғай өзенді жамыратып.
Арқыратып ағызып, ән нөсерін,
Толқынымен жүректі жадыратып.
Ал, Жансүгіровтың «Әнші» өлеңінде ынадай жолдар бар:
Ән салсаң өзімдей сал аңыратып,
Жайлатып, қоңырлатып, жамыратып.
. . .
Нөсердей нөпір төккен жауындатып.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz