Қаржы- шаруашылық талдаудың әдісі мен түрлері



1. Кіріспе
1.1 Банктер үшін қарыз алушы кәсіпорынның қаржы. шаруашылық қызметінің талдауының маңыздылығы
1.2 Қаржы. шаруашылық талдаудың әдісі мен түрлері
1.3 Баланстың талдауы
2. Кәсіпорынның қаржы.шаруашылық қызметін талдауды “ТұранӘлем Банкі ” мысалы бойынша жүргізу.
2.1 Клиенттің рейтингін белгілеу
2.2 Қазақстан Республикасындағы қаржы.шаруашылық талдау әдістемесінің даму қиындықтары мен оның келешектегі жағдайы
3.Дүние жүзі бойынша қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін бағалануының экономикалық . ұйымдастыру проблемалары
3.1 АҚШ мемлекетіндегі банктеріндегі қарыз алушының несиелік қабілеттілігін зерттеу әдісі
3.2. Қорытынды
Әдебиеттер тізімі.
Қосымша мәліметтер
Біздің еліміздегі экономика жағдайының жақсаруына байланысты банк жүйесі де дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келе бастады. 2-ші деңгейлі банктер өзінің көрсететін қызмет түрлерін нарық талаптарына сай жетілдіріп кеңейтуде. Әр бір банктің пайдасының көп бөлігін несиелік операциялар құратыны бізге белгілі. Бірақ әр бір несиені берген кезде банк алдында несиелік тәуекелділік тұрады.Бұл тәуекелділік деңгейі негізінен несиенің сомасына, қайтарылу мерзіміне және қарыз алушының қаржылық тұрақтылығына байланысты болып келеді. Сондықтан, банк үшін қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауының маңызы зор. Банк несие берер алдында кәсіпорынның қаржылық жағдайының арнайы талаптарға жауап беуіне көз жеткізу мақсатында оның қаржы-шаруашылық қызметінің толық талдауын жүргізеді. Осы жерде қаржылық жағдай дегеніміз не? деген сұрақ туады. Қаржылық жағдай дегеніміз-белгілі-бір мерзімге кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсету және оның өзінің қарызын уақытында жабу үшін, өзінің шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі үшін қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі. Банк үшін кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да маңызды. Ал қаржылық тұрақтылық болып кәсіпорынның кірістерінің сомасының шығындар сомасынан артық болуы табылады.
1.«Аудит и анализ финансовой отчетностиң К.Ш Дюсембаев, С.К. Егембердиева, З.К. Дюсембаева- Алматы: “Қаржы-қаражат” 1998
2.Едронова В.Н., С.Ю. Хасянова Анализ кредитоспособности заёмщика. // Финансы и кредит, №18(90), 2001 г.
3.Питер С. Роуз. Банковский менеджмент. Предоставление финансовых услуг. Москва, 1995 г.
4. Кредитование физических лиц /Деньги и кредит. 1993 №5.
5.Статистические сборники Нацстатагентства РК.
6.Отчет по человеческому развитию Казахстана. Алматы, 1999.
7.Анализ экономической деятельности клиентов банка / Под редакцией проф. Лаврушина О.И. -М: Инфра -М,1996
8.Методические указания по проведению экспертизы проекта и анализу кредитоспособности заёмщика ОАО «АТФБанкң
9.Банки и банковские операции: Учебник/ Под редакцией проф., член.кор. РЕАН Жукова Е.Ф.-М: Банки и биржи, ЮНИТИ,1997г.
10.Банковское дело / Под редакцией Бабичевой Ю.А,-М: Экономика, 1993г
11. Бор.М.З., Пятенко В.В. Стратегическое управление банковской деятельности -М : Приор, 1995г.
12. Козлова О.И., Сморчкова М.С, Голубович А.Д. Оценка кредитоспособности предприятий -М,1993г.
13. Крейнина М.Н. Финансовое состояние предприятия. Методы оценки – М :ИКЦ “Дис”,1997г.
14. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа - М Инфра - М 1996г.
15. Гиляровская Л. Г. Об оценке кредитоспособности хозяйствующих субъектов // «Финансың - 1999, №4.
16. Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия.– 2000г.
17. Баканов М. И., Шеремет А. Д. Теория экономического анализа.-1997г.
18. Остапенко В.В., Мешков В.М. Кредитование банками предприятий: потребности, возможности, интересы.// «Финансың. –1999, №8
19. Кирисюк Г.М., Ляховский В.С. Оценка банком кредитоспособности Заемщика // «Деньги и кредитң. - 1993, №4
20 Под ред. чл.-корр.
АН РК, д.э.н., профессора Сейткасымова Г.С. – Второе
переработан. и дополнен. издание. - Алматы:
Экономика, 1998.
21.О.М., Сахарова Л.С., Сидров В.Н,

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Кіріспе
1.1 Банктер үшін қарыз алушы кәсіпорынның қаржы- шаруашылық қызметінің талдауының маңыздылығы
1.2 Қаржы- шаруашылық талдаудың әдісі мен түрлері
1.3 Баланстың талдауы
2. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдауды "ТұранӘлем Банкі " мысалы бойынша жүргізу.
3.1 Клиенттің рейтингін белгілеу
3.2 Қазақстан Республикасындағы қаржы-шаруашылық талдау әдістемесінің даму қиындықтары мен оның келешектегі жағдайы
3.Дүние жүзі бойынша қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін бағалануының экономикалық - ұйымдастыру проблемалары
3.1 АҚШ мемлекетіндегі банктеріндегі қарыз алушының несиелік қабілеттілігін зерттеу әдісі
3.2. Қорытынды
Әдебиеттер тізімі.
Қосымша мәліметтер



Кіріспе
Біздің еліміздегі экономика жағдайының жақсаруына байланысты банк жүйесі де дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келе бастады. 2-ші деңгейлі банктер өзінің көрсететін қызмет түрлерін нарық талаптарына сай жетілдіріп кеңейтуде. Әр бір банктің пайдасының көп бөлігін несиелік операциялар құратыны бізге белгілі. Бірақ әр бір несиені берген кезде банк алдында несиелік тәуекелділік тұрады.Бұл тәуекелділік деңгейі негізінен несиенің сомасына, қайтарылу мерзіміне және қарыз алушының қаржылық тұрақтылығына байланысты болып келеді. Сондықтан, банк үшін қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауының маңызы зор. Банк несие берер алдында кәсіпорынның қаржылық жағдайының арнайы талаптарға жауап беуіне көз жеткізу мақсатында оның қаржы-шаруашылық қызметінің толық талдауын жүргізеді. Осы жерде қаржылық жағдай дегеніміз не? деген сұрақ туады. Қаржылық жағдай дегеніміз-белгілі-бір мерзімге кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсету және оның өзінің қарызын уақытында жабу үшін, өзінің шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі үшін қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі. Банк үшін кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да маңызды. Ал қаржылық тұрақтылық болып кәсіпорынның кірістерінің сомасының шығындар сомасынан артық болуы табылады.
Банк тарапынан кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдалынылуының басты мақсаты - сол қарыз алушы кәсіпорынның талап етіп отырған несиелік соманы қайтару мүмкіндігін анықтау болып табылады.Әсіресе, қазіргі кезде өндіріс даму барысында кәсіпорынның тарапынан қарызға алынатын қаражаттың басты көзі болып банкттік несие табылады. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің талдауы келесі 2-кезеңді қамтиды:
Бухгалтерлік есеп пен құжаттардың алдын-ала қарастырылуы;
Қаржылық есеп және балансты талдап, экономикалық оқу;
1-ші кезеңнің мақсаты-қаржылық есептің, баланстың арнайы стандарттарға сай келуіне көз жеткізіп, есептік тексеруден өткізу.
Арнайы есептік формаларды тексеру;
Қажетті реквизиттерді, сонымен қатар жауапты тұлғалардың қол үлгілерін түгендеу;
Баланс валютасын тексеру;
Баланстық есептің күдікті баптарын тексеру, яғни кәсіпорынның есептік кезең ішіндегі шектен тыс қанағаттан- дырмайтын жұмысын көрсететін баптар және кәсіпорын жұмысындағы белгілі-бір кемшіліктерді көрсететін баптар.
1-ші топқа жататындар:шығындарң (форма №1) кәсіпорынның балансың. уақытысында төленбеген несиелер мен қарыздарң №3 форма, кәсіпорын балансына қосымша мәліметң 2-ші топқа Ақталмаған дебиторлық қарыздарң жатады, яғни Тауар, жұмыс пен қызмет көрсетулер үшін дебиторлармен есеп айырысуң, Қызметкеркермен және басқа да операциялар бойынша есеп айырысуң
2-ші кезеңде кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің динамикалық талдауы жүргізіледі. Бұл талдаудың мақсаты- кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдауда аналитикалық есептеулер жүргізу.
Несие берген кезде банк алдында қарыз алушы несиелік соманы қайтармаған жағдайда туатын шығын тәуекелділігі туады.Сол тәуекелділіктің деңгейін анықтап,шығынның алдын алып,пайда табуды қамтамасыз ету мақсатында банк қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметінің жан-жақты талдауын жасап, болжаулар жасайды, болашақтағы пайда мөлшерін есептейді. Ал кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерінің басты көзі-қаржылық есеп. Қаржылық есеп дегеніміз - ол бухгалтерлік есеп негізінде құралатын есеп беру түрінің жиынтығы. Қаржылық есеп банкке осы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, төлем қабілеттілігін, мүліктік жағдайын талдауға мүмкіндік береді. Міне осы ақпарат көздеріне сүйене отырып, банк жобаның пайда әкелетіндігіне көз жеткізу мақсатында, оның болашағының бар екендігіне дәлел болатын, кәсіпорынның талап етіп отырған несиенің сомасын уақытысында қайтарып беру мүмкіндігін негіздейтін болжамдық есептеулер жүргізеді. Негізінен кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерінің болжаулары тәжірибе жүзінде жүзеге асырылғанда көбінесе экономикалық-статистикалық әдістер қолданады.
Болжау процесі 2 кезеңге бөлінеді:
1-кезең- талдау кезеңі - бұл кәсіпорынның кірісінің өзгеру бақылауларының қорытындыларын жалпылау және сәйкесінше себепші байланыстарды статистикалық модельдер түрінде көрсету.
2-ші кезеңде, яғни синтез кезеңінде осы табылған статистикалық тәуекелділіктер болжамдалып отырған өлшемнің болашақтағы мәнін анықтау үшін қолданады.Негізінен банк кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижесінде болжамдар жасай алады. Ал әрбір болжамды жасау кезінде қате кету тәуекелділігі жоғары. Сондықтан, көбінесе болжамның 3 түрі қолданады: пессимистік, оптимистік және реалистік . Пессимистік болжам болғанда, кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері оның қарқынды қызмет етуі кезінде талданады. Пессимистік болжам бойынша кәсіпорынның нашар даму шарттары қарастырылады, ал реалистік болжам нақты мүмкін болатын шарттарды есепке алады. Белгілі-бір мерзімде қалыптасатын қаржылық жағдайдың талдауы- осы кәсіпорынның өзінің қаржылық ресурстарын осы кезең аралығында қаншалықты дұрыс басқарғанын анықтауға мүмкіндік береді. Қаржылық ресурстардың жағдайы нарық талаптарына сәйкес келіп, кәсіпорынның дамуының сұранымына жауап беруі маңызды болып келеді, себебі қаржылық тұрақсыздық
кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің жойылуына және оның ары қарай дамуының шарты болатын қаржының жоқ болуына әкеліп соқтырады.
Негізгі бөлім
Нарықтық экономика шарты бойынша қызмет ететін кәсіпорын -ның қаржылық жағдайының басты міндеттері оның мәнін ашады. Олар:
1.Қаржылық жағдайдың өзгерулерінің оның есеп беру кезеңінде бағалануы.
2. Активтер мен олардың қалыптасу көздерінің сәйкес келуін және олардың тиімді орналастырылып, тиімді пайдаланылуын зерттеу;
3. Айналым капиталының мөлшерін және оның өсіңкілігі мен ағымдағы активтермен қатынасын анықтау;
4. Қаржылық-есептік және несиелік тәртіпке сәйкес келуіне көз жеткізу;
5. Кәсіпорынның активтері мен міндеттемелерінің құрамын зерттеу;
6. Ағымдағы активтердің, сонымен қатар дебиторлық қарызбен запастардың айналым қарқынын анықтау;
7. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің және қаржылық тұрақты-
лығының абсолютті және қатынасты көрсеткіштердің және баланс өтімділігін анықтау;
8. Кәсіпорынның пайдасының бағалауы;
9. Кәсіпорынның пайдасын және оның деңгейіне әсер ететін факторлардың қатынасты көрсеткіштерін есептеу;
10. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
11. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығының ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжамдарын жасау, яғни оның қаржылық стратегиясын жасау.
Ал кәсіпорынның шаруашылық қызметінің талдауының ең аяққы кезеңі - қаржылық жағдайдың талдануы болып табылады.Ол 3 стадиядан тұрады:1) жабдықтау,2) өндіру және 3) өткізу. Осы процестер кәсіпорынның коммерциялық және өндірістік-қаржылық қызметін құрайды. Шаруашылық қызметтің маңызды жағы оның қаржылық жағы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық қызметі дегеніміз-ол нәтижесінде өзіндік және сырттан тартылған қаражат-тың құрамы мен мөлшерін өзгертетін кәсіпорынның қызметі. Қаржылық қызмет қаржылық ресурстардың жүйелік түсімін және олардың тиімді пайдаланылуын, несиелік тәртіпті ұстануды, өзіндік және қарызға алынған қаражаттың сәйкесінше тиімді қатынасын, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталуы қажет.
Қаржылық қызметтің сәтті болуы кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштеріне байланысты. Кәсіпорынның өнімді қалай шығарып, өткізуіне, сәйкесінше олардың сапалығына, өндіру жиілігіне байланысты ақша-қаражаттарының түсімі өзгеріп тұрады. Өндірістік процестегі үзіліс, шығарылатын өнімінің сапасының бұзылуы кәсіпорында қаржылық қиындықты тудырып, оның төлем қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соқтырады.Экономикалық оқулықтарда шаруашылық қызметтің талдауы бірнеше ерекшеліктеріне байланысты бөлінеді.
Сапалық ерекшелік бойынша шаруашылық қызметтің талдауы салалық (өндіріс, ауыл-шаруашылық, құрылыс, сауда, т.б.) және салааралық болып бөлінеді.
Уақыт ерекшелігіне байланысты шаруашылық талдауды алдын-ала талдау (шаруашылық операцияларды жүзеге асыру алдында) және соңындағы талдау (шаруашылық операциялар жүзеге асырылғаннан кейін ) болып бөлінеді. Персективтік талдау жоспар кұру үшін қажет. Соңында жүргізілетін талдауды (ретроспективтік, тарихи) кәсіпорынның дамуының қарқынын зерттеу үшін және қабылданған жоспарлардың орындалуын қадағалау үшін және кәсіпорын- ның жағдайын бағалау үшін қолданады.
Перспективті және ретроспективті талдаулар бір-бірімен тығыз байланысты. Ретроспективті талдаусыз перспективті талдауды жасау мүмкін емес.
Өткен жылдағы жасалған жұмыстардың нәтижелерінің талдауы тенденцияны және заңдылықтарды зерттеу үшін және пайдаланбаған мүмкіндіктерді шығару үшін, болашаққа жасалатын есептеулер жүргізу үшін қажет. Яғни ретроспективті талдау перспективті талдаудың негізі болып табылады.
Ретроспективті талдау жедел және қорытынды болып бөлінеді.
Жедел талдау шаруашылық операциялар жүзеге аса салысымен немесе жағдайдың қысқа мерзім аралығында өзгере салысымен жасалады. Оның мақсаты-тез арада қателіктерді тауып, шаруашылық процестерге әсер ету.
Қорытынды (соңғы) талдау есеп беру кезеңі аралығында жүргізіледі (ай,тоқсан,жыл) Оның маңыздылығы келесідей: кәсіпорынның қызметі осы кезеңге сәйкес берілетін есептік мәлілеттер бойынша толығымен және жан-жақты зерттеледі. Осы 2 талдау бір-бірімен байланысты және олар бір-бірін толықтырып отырады.Кеңістіктік ерекшелігіне байланысты кәсіпорынның ішіндегі талдау және кәсіпорынаралық талдау болып бөлінеді. Кәсіпорын ішіндегі талдау тек сол зерттеліп отырған кәсіпорынның және оның құрамдас салаларын қамтиды. Ал кәсіпорынаралық талдау кезінде екі немесе одан көп кәсіпорындардың қызметтерінің нәтижелері салыстырылады.
Функционалдық ерекшеліктеріне байланысты, яғни қызмет етуіне байланысты талдау түрлері: қаржылық, басқарушылық, әлеуметтік-экономикалық,экономикалы қ-статистикалық,маркетингтік, инвести-
циялық, экономикалық-экологиялық, функционалдық бағалық, логистикалық болып бөлінеді.
Барлық шаруашылық талдаулардың ішіндегілердің ең маңыздысы- қаржылық талдау.
Басқарушылық талдау жоспарлау, тиімді шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпарат алу үшін қолданады.
Әлеуметтік-экономикалық талдау әлеуметтік және экономикалық процестердің байланыстылығын, олардың бір-біріне және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелеріне әсер етуін зерттейді.
Экономико- статистикалық талдауды статистикалық мүшелер жалпы қоғамдық құбылыстарды зерттеу кезінде қолданады.
Маркетингтік талдауды кәсіпорынның өндірген өнімдерін өткізу жолдарын, сұраныс пен ұсынысты, коммерциялық тәуекелділікті, бәсекелестікті зерттеп, маркетингтік қызметтің стратегиясы мен тактикасын жасайтын маркетингтік қызмет бөлімшесі жасайды. Инвестициялық талдау басқарушы субъектілердің инвестициялық қызметінің (жылжымайтын мүлікке, құнды қағаздарға салымдар, т.б.) тиімділігін бағалау үшін қажет.
Функционалды - бағалық талдау зерттеліп отырған объектінің атқарып отырған қызметін және оның жүзеге асырылу әдісін зерттейді. Бұл талдау түрі негізінен кәсіпорынның қажет емес қызметтерін тоқтатып, артық бөлімшелерді, құралдарды жойып материалдарды ауыстырып, артық болатын шығындардың алдын алуға бағытталған. Объектілерді зерттеу әдістемесі бойынша сапалық және сандық талдау, экспресс-талдау, фундаментальды талдау, маржиналды нақты талдау, экономикалық - математикалық талдау түрлері бар.
Сапалық талдау-зерттеліп отырған құбылыстардың және процестердің эксперттік бағалаулары мен салыстырмалы-сапалық мінездемелеріне негізделген зерттеу тәсілі болып табылады.
Сандық талдау (факторлық) - сандық салыстыруларға және экономикалық құбылыстардың, әр түрлі факторлардың өзгеруіне байланысты сезімталдық дәрежесін зерттеуге негізделген.
Экспресс-талдау - нақты экономикалық тән қалыпты ерекшеліктер негізінде кәсіпорын экономикасының жағдайын диагностиканың өсу қарқынынан жоғары болса, ол аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өскенін білдіреді, ал егер тауар өнімінің өсу қарқыны өнімді өткізу қарқынынан жоғары болса,ол тауардың артық болуының белгісі. Осы ерекшеліктерге сүйене отырып, болып жатқан процестің ерекшелігін тез арада анықтауға мүмкіндік туады.
Фундаментальды (ірге тасты) талдау математикалық аппаратты және басқа да күрделі құралдарды қолдану арқылы зерттеліп отырған құбылыстардың мәнін терең және жан-жақты зерттелумен сипатталады.
Маржиналды талдау - бизнестегі басқару шешімдерінің тиімділігін негіздеу және оларды бағалау әдісі.
Экономикалық-математикалық талдау арқылы экономикалық есепті шешудің ең тиімді жолы таңдалып, өндірістің қарқынын жоғарылатуды ресурстарды толығымен пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Субъектілер бойынша талдауды ішкі және сыртқы талдау деп бөледі. Ішкі талдау сол кәсіпорынның ішінде оның өндірістік коммерциялық және қаржылық қызметін жедел, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді басқару қажеттіліктері үшін жүргізіледі. Ал сыртқы талдау шаруашылық басқару мүшелерімен, банктермен, қаржы мүшелерімен, акционерлер мен, инвесторлармен қаржылық және статистикалық есеп негізінде жүргізіледі.

1.1 шаруашылық талдаудың әдісі мен әдістемесі
Негізінен кең мағынада ғылым әдісін өзінің объектісін зерттеу тәсілі ретінде түсінеді. Әр ғылым үшін объектісін зерттеу тәсілі диалектикалық таным әдісіне негізделеді. Диалектикалық таным әдісі бойынша барлық құбылыстар мен процестерді үздіксіз қозғалыс, өзгеріс, даму кезінде қарастыру қажет. Осында қаржы-шаруашылық қызметтің талдауына тән ерекшелігі айқындалады,яғни әрқашан салыстыру қажеттілігі. Қаржы - шаруашылық талдауда салыстыру кеңінен қолданады кәсіпорын қызметінің фактілі нәтижелері өткен жылдағы қорытынды нәтижелерімен, қорытынды нәтижелерімен жоспарланған көрсеткіштермен салыстырылады.
Диалектика бойынша әр бір процесс, әр бір құбылысты қарама-қарсылықтар күресің және бүтіндігі ретінде қарастыру қажет.
Талдауда диалектикалық әдісті қолдану - кәсіпорынның ша- руашылық қызметін зерттеу кезінде барлық өзара байланыстылықтар есепке алынады деген мағынаны білдіреді.
Талдаудың маңызды әдістемелік тұрпаты - оның себептік байланыстарды анықтап қана қоймай, сонымен қатар оларға сандық мінездеме беруі, яғни кәсіпорынның қызметінің қорытынды нәтижелеріне әсер етуші факторлардың әсер ету деңгейін өлшеуді қамтамасыз етеді. Бұл экономика жағдайының диагнозын анағұрлым нақтылап, қорытынды нәтижелер бойынша нұсқауларды негіздейді.
Талдаудағы себептік байланыстарды зерттеп, өлшеуді индукция және дедукция әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Себептік байланыстарды логикалық индукция арқылы зерттеу тәсілі бойынша зерттеу жекеден жалпыға өту немесе жеке фактіні жалпылау арқылы себептерден нәтижелерге өту арқылы жүргізіледі.
Дедукция - зерттеудің жалпы фактілерден жеке фактілерге, нәтижелерден себептерге өту арқылы жүзеге асырылу тәсілі. Индукция мен дедукция бір - бірімен тығыз байланысты болып табылады.
Диалектикалық әдістің шаруашылық қызметтің талдауында қолда- нуы әр бір процесті экономикалық құбылысты жүйе ретінде бір-бірімен байланысты көп элементтердің жиынтығы ретінде қарастыру- ды білдіреді. Осыдан барып талдау объектісін зерттеуді жүйелік сипатта қарастыру қажеттілігі туады.
Жүйелік көзқарас бойынша зерттеліп отырған құбылыстар мен процестерді элементтерге максималды түрде бөлшектеп, олар жүйеле- ніп синтезделеді.
Құбылыстарды құраушы бөлшектерге бөлшектеу-сол зерттеліп отырған объектілердің ең негізгісін маңыздысын анықтау үшін қажет. Бұл шаруашылық қызметтің талдауының басты және күрделі мәселесі және ол талдаушыдан экономикалық көрсеткіштердің мәнін нақты білуді, олардың дамуын анықтайтын факторларды және себептерді анықтауды талап етеді.
Элементтерді жүйелеу олардың өзара байланыстылығын, өзара тәуелділігін зерттеу негізінде жүзеге асырылады. Бұл әрекет зерттеліп отырған объектінің ұқсас жобасын құрұға, оның негізгі құраушы бөліктерін, қызметтерін, жүйе элементтерінің өзара бағынышты- лығын анықтау үшін зерттеліп отырған көрсеткіштердің ішкі байланыстылығына сәйкес келетін талдаудың логикалық-әдістемелік сызбанұсқасының мәнін ашу үшін қажет.
Кәсіпорынның экономикасының жеке жақтарын, яғни олардың өзара байланысын, бағыныштылығын және тәуелділігін зерттеп болғаннан кейін барлық зерттеу материалдарын жалпылау қажет. Талдау нәтижелерін жалпылау (біріктіру) кезінде зерттеліп отырған көп факторлардың кездейсоқтыларынан тұрақтыларын ажыратылып, кәсіпорынның қызметіне әсер ететін маңызды шешімдерін таңдап алу жүзеге асыры лады.
Сонымен, қорытындылағанда шаруашылық қызмет талдауының әдісі дегеніміз - кәсіпорынның қызмет етуінің тиімділігін арттыру мақсатында бухгалтерлік есеп, қорытынды есеп, жоспарлардың және тағы басқа ақпарат көздерінің көрсеткіштер жүйесін арнайы тәсілдермен өңдеу жолымен кәсіпорынның қызметінің нәтижелеріне факторлардың әсер етуін жүйелі, жан-жақты зерттеп, оларды өлшеу және жалпылау.
Экономикалық талдаудағы әдістеме - талдау мақсатына жетуіне бағынышты шаруашылық қызметтің экономикалық құбылыстары мен процестерін зерттеудің аналитикалық ережелері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Әдістеменің 2 түрі бар: жалпы және жеке әдістеме.
Жалпы әдістеме ұлттық экономиканың әр саласында әр - түрлі экономикалық талдау объектілерін зерттеуде бірдей қолданатын зерттеу жүйесі болып талданады. Жеке әдістеме әр түрлі экономика саларына,өндіріс түрлеріне, зерттеу объектілеріне талдау жасау түрлеріне қатысты жалпылықты нақтылайды.
Қарыз алушы кәсіпорынның қызметін жан-жақты талдау келесі кезеңдерден тұрады:
1-ші кезеңде талдаудың мақсаты мен нақты тапсырмасы, объектілері анықталып, талдау жұмысының жоспары жасалады.
2-ші кезеңде талдау объектісін мінездейтін синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі құрылады.
3-ші кезеңде талдауға қажетті ақпарат жинақталып, дайындалады (олардың дәйектігі тексеріледі).
4-ші кезеңде шаруашылық қызметтің фактілі нәтижелері есеп беру жылындағы жоспар көрсеткіштерімен, өткен жыл мәліметтерімен, нарықта алда келе жатқан кәсіпорындар жетістіктерімен салысты- рылады.
5-ші кезеңде факторлық талдау жүргізіледі, яғни жеке факторлар алынып олардың кәсіпорынның қызметі нәтижелеріне әсер ету деңгейі анықталады.
6-шы кезеңде өндірістің тиімділігін арттыруда қолданбаған резервтер айқындалады.
7-ші кезеңде осы айқындалған қолданбаған резервтерді, әр түрлі факторлардың әсер етуін есепке ала отырып, кәсіпорынның қызметі бағаланады.
Шаруашылық қызметті талдауда көптеген тәсілдер қолданады. Олардың ішінде дәстүрлі - логикалық тәсілді бөліп қарастыруға болады. Олар ақпаратты зерттеп,өңдеу үшін қолданады(салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты өлшемдер, аналитикалық топтау , өткен жылғы тәжірибе, маманның эксперттік бағалауы негізінде экономикалық есептердің шешудің эвристика- лық әдісі).
Шаруашылық қызмет нәтижесіне факторлардың әсер етуін зерттеу үшін талдауда факторларлық талдаудың детерминалдық және стохастикалық тәсілдері, экономикалық есептерді ең тиімді жолмен шешу әдістері қолданады (абсолютті және қатысты айырма- шылықтар, интегралдық, әсер ететін факторлар: сатылатын өнім көлемі мен құрамы және оның өзіндік құны мен сатылу бағасы. Қалған факторлардың барлығы оған жанама әсер етеді. Әр бір құбылысты себеп немесе нәтиже ретінде қарастыруға болады. Мысалы, еңбек өнімділігін бір жағынан өндіріс көлемінің өзіндік құнының өзгеру себебі ретінде қарастырып, ал екінші жағынан өндірістің автоматтандырылуының, механизациялануының дәрежесі -нің өзгеруінің нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Егер бұл көрсеткіштер бірнеше себептердің әрекетінің нәтижесі болып қарастырылса, және олар зертеу объектісі болса, онда өзара байла- нысты зертеуде оны қорытынды көрсеткіш деп атайды.
Сонымен, факторлық талдау дегеніміз- қорытынды көрсеткіштердің көлеміне факторлардың әсер етуін жан-жақты, жүйелік зерттеу және өлшеу әдістемесі. Оның негізгі түрлері:
детерминаладық, стохастикалық, корелляциялық
тура(дедукциялық) және кері(индукциялық)
статикалық, динамикалық
ретроспективтік, перспективтік(болжамдық)
Детерминалдық факторлық анализ-қорытынды (нәтижелік) көрсеткішпен байланысты функционалдық мінезде болатын факторлар ықпалының зерттеу әдістемесі; яғни қорытынды көрсеткіш факторлар сомасының немесе алгебралық туындысы ретінде көрсетіле алады.
Стохастикалық талдау қорытынды көрсеткіштермен байланысы толық емес мүмкін болатын факторлар әсерінің зерттеу әдістемесі. Егер толық тәуелділікте аргумент өзгерісімен сәйкесінше функция өзгерсе,ал корреляциялық байланыс кезінде аргумент өзгеруі функция өсіңкілігінің бірнеше мәнін береді.
Стохастикалық анализ болып нәтижелі көрсеткіштермен байланысы толық емес мүмкін болатын факторларды зерттеу әдістемесі табылады. Егер функционалдық (толық) байланыстылықта аргумент өзгерісімен, функция да өзгерсе, ал корреляциялық байланыс кезінде аргументтің өзгеруі функцияның өзгеру өсіңкілігінің бірнеше мәнін береді. Мысалы, еңбек өнімділігі бірдей деңгейлі қор құралдарымен қамтамыз етілсе де, әр кәсіпорында әр түрлі болуы мүмкін. Ол осы көрсеткішке әсер ететін факторлардың тиімді байланыстылығына байланысты.
Тікелей факторлық талдау кезінде зерттеу дедукциялық тәсілмен жүргізіледі - жалпыдан жекеге. Кері факторлық талдау логикалық индукция тәсілімен себептік-нәтижелік байланыстарды зерттейді. Факторлық талдау бірқадамды және көпқадамды болуы мүмкін.Оның бірінші түрі бір деңгейлі факторларды құраушы бөлшектерге бөлшектемей зерттейді. Ал көпқадамды факторлық талдау кезінде факторлардың мәнін зерттеу мақсатында оларды бірнеше элементтерге бөлшектеу жүзеге асырылады. Бұл кезде әр түрлі деңгейдегі факторлар зерттеледі.
Статикалық талдау кезінде белгілі - бір мерзімдегі факторлардың нәтижелік көрсеткіштерге әсер етуі зерттеледі. Динамикалық факторлық талдау динамикадағы (қозғалыстағы) себептік-нәтиже- лік байланыстарды зерттеу әдістемесі болып табылады.
Факторлық талдау кәсіпорынның өткен жылдардағы шаруашылық қызметінің нәтижесінің өзгеру себебін зерттейтін ретроспективті болып және нәтижелік көрсеткіштердің болашақтағы өзгеруін зерттейтін перспективті талдау болып бөлінеді.
Сонымен, факторлық талдаудың негізгі мақсаттары келесідей:
зерттеліп отырған көрсеткіштердің талдауы үшін қолданатын факторларды таңдап алу;
жүйелік қарастыру мақсатында оларды түр-түрге бөлу және жүйелеу;
нәтижелік және факторлық көрсеткіштер арасындағы байланысты модельдеу;
нәтижелік көрсеткіш өлшемінің өзгеруіндегі факторлардың ролін бағалау және әсер ету деңгейін есептеу;
факторлық модельдермен жұмыс (экономикалық процестерді басқару үшін оларды тәжірибеде қолдану).
Банк үшін маңызды болып табылатын тағы бір көрсеткіш- қарыз алушының төлем қабілеттілігі. Қарыз алушы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін мінездейтін басты көрсеткіш оның несиелік қабілеттілігі болып табылады. Төлем қабілеттілігінің түсінігінің мағынасы несиелік қабілеттілігінің түсінігінің мағынасынан кең. Төлем қабілеттілігі кәсіпорынның барлық қарыздарын жаба алуын, несие сомасын қайтара алуын қамтамасыз ететін қаржылық жағдайын көрсетеді. Ал несиелік қабілеттілік оның кредиторлар(банк) алдындағы қарызын жаба алу мүмкіндігі болып табылады.
Тағы маңызды көрсеткіш кәсіпорынның өтімділігі болып келеді.
Заң күшіне 26.12.95 енген ҚР-ң Президентінің Жарлығына сәкес қабылданғанБухгалтерлік есеп туралың Заңы бойынша, Бухгалтерлік стандарттарға сәйкес Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептегі негізгі түсініктемелерң режелеріне сәйкес кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерінің басты көзі болып табылатындар келесі есептер: Бухгалтерлік балансң, Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепң, Ақша қаражат -тарының қозғалысы туралы есепң, түсініктеме хаттар, сызбанұсқалар мен диаграммалар болып табылады.
Қаржы- шаруашылық қызметінің терең талдауы келесі кезектілікпен жүргізіледі:
1. Кәсіпорынның қаржылық және экономикалық жағдайының алдын-ала қарастырылуы;
2. Кәсіпорынның экономикалық потенциалының бағалануы және талдануы:
2.1 Аналитикалық баланс-неттоны құрастыру,
2.2 Баластың көлденең талдауы,
2.3 Баланстың тікелей талдауы,
2.4 Қаржылық жағдайдың талдауы,
2.4.1. Мүліктік жағдайдың талдауы;
2.4.2. Өтімділіктің талдауы;
2.4.3. Қаржылық тұрақтылықтың талдауы;
3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелілігі-талдауы:
3.1 Іскерлік белсенділіктің талдауы;
3.2 Пайдалылықтың талдауы.
Талдауды жүргізу үшін қажетті көрсеткіштердің тобы келесідей: кірістер мен шығындардың көрсеткіштері, активтер мен пассивтердің көрсеткіштері, салымдардың пайда әкелетіндігін мінездейтін кәсіпорын қызметінің тиімділігінің көрсеткіштері, кәсіпорынның тәуелсіздік деңгейін көрсететін тұрақтылық көрсеткіштері.
Ал осы көрсетікіштер туралы мәліметтер негізінен баланста көрсетіледі. Сондықтан, кейбір әдебиеттерде қаржылық талдауды баланстың талдауы деп те атайды.
Балансты талдау кезінде кәсіпорынның қаражы-шаруашылық қызметінің нәтижесінің жақсарғанының белгісі келесі жағдайларда байқалады:
Баланс активінде:
шоттарда ақша-қаражаттарының көбеюі;
дебиторлық қарыздың көбеюі;
пайданың көбеюіне байланысты запастар көлемінің көбеюі;
негізгі құрал-жабдықтардың бағасының өсуі;
Алғашқы з пункттер үшін кәсіпорынның ағымды активтерінің көбеюі кезінде өтімділік мәні тым жоғары болмауы қажет. Егер ол жоғары болса, ол кәсіпорынның қаржысының тиімсіз басқарылуының немесе өнім үшін есеп айырысудағы қиындықтың бар екендігінің белгісі.
дебиторлық қарыздың азаюы, егер ол тым көп болса(айналым капиталының 20-40% құраса), онда ол кәсіпорынның дебиторлық қарыздарын қайтаруда қиындық туғанын көрсетеді.
Баланс пассивінде:
жарғылық капиталдың көбеюі;
бөлінбеген табыстың көбеюі;
кәсіпорынның қорларының көбеюі;
болашақтағы табыстардың көбеюі;
кредиторлық қарыздың азаюы;
несиенің көлемінің азаюы;
қарызға алынған қаражаттың азаюы;
Тиімсіз жағдайлар:
Баланс активінде:
* шоттағы ақша-қаражаттарының сомасы айналым капитал сомасының 30%-нен жоғары болса;
дебиторлық қарыз сомасы айналым капитал сомасының 40%-нен жоғары болса;
есеп-айырысу шотындағы ақша-қаражаттарының сомасы айналым капитал сомасының 10%-нен аз болуы;
пайданың көлемі өссе де, қоймадағы өндірістік запастардың азаюы;
Баланстың пассивінде:
кредиторлық қарыздың көбеюі;
несиенің көбеюі;
қарызға алынған қаражаттардың көлемінің өсуі;
бөлінбеген табыс сомасының азаюы;
резервтік капиталдың азаюы;
кәсіпорының қорларының азаюы;
1-шіден баланс өтімділігі талданады. Өтімділік дегеніміз-материалдық және басқа да бағалы мүліктердің ақшаға айналу мүмкіндігі. Өтімділік дәрежесі осы айналымға (трансформацияға) кететін уақытпен анықталады. Осы активтердің ақшаға айналу уақыты аз болған сайын, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Сонымен кәсіпорынның өтімділігі дегеніміз-оның өзінің уақыты жеткен міндеттемелерін төлеу мақсатында иелігіндегі активтерін тез арада ақшаға айналдыру (сату) мүмкіндігі. Өтімділік кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің белгісі және ол бойынша түсім мезгілі және жалпы сомасы бойынша активтер мен міндеттемелерінің тең болуы. Кәсіпорынның өтімділігі оның балансының өтімділігі болып табылады. Сондықтан, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін оның балансының көрсеткіштерін терең зерттеу қажет.
Баланс өтімділігін талдап болғаннан кейін оның Активінің құрамы мен құрылысының динамикасының талдауы жүзеге асырылады.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып табылатын Активтің талдауы кезінде, олардың бар болуы,құрамы, құрылысы және оларда болған өзгерістер зерттелді. Активтердің өсуі кәсіпорын жұмысының жағдайы жақсы екендігінің белгісі. Бірақ, кәсіпорынның мүлік құнының өсу себебін талдау барысында инфляция әсерін есепке алу қажет.
Себебі инфляция деңгейі жоғары болса,ол баланстық есептің номиналдық мәліметтері нақты мәліметтерден ауытқып кетуіне әкеліп соқтырады. Біздің ұлттық тәжірибеде инфляция процестері тек негізгі құрал - жабдықтардың баланстық бағасын бекіту кезінде ғана ескеріледі.
Баланс мәліметтері бойынша актив құрамы мен оның орналасуы бойныша келесідей аналитикалық таблица құралады.
Бұл таблица бойынша:

Көрсеткіш-
тер
Жыл басында
Жыл соңында
1ж-ғы өзгеріс
Пунк
тегі құрал өзгерісі

мың тг
үлесі
мың тг
үлесі
мың тг.
%

Актив құны , соның ішінде барлығы:

32551

100

41957

100

+9406

+28.9

X

1.1Ұзақ мерзімді активтер,
соның ішінде:

18770

57.66

20001

47.67

+1231

+6.56

-9.99
а)негізгі құрал-жабдықтар
18642
57.27
19497
46.47
+855
+4.59
-10.80
б)қаржылық салымдар
128
0.39
504
1.20
+376
+293.7
+0.81
1.2Ағымды активтер, соның ішінде:

13781

42.34

1956

52.33

+8125

+59.32

+9.99
а)өндірістік запастар
б)аяқталмаған өндіріс
1501

-
4.61

-
1358

-
3.24

-
-143

-
-9.53

-
-1.37

-
Кәсіпрынның өндірістік потенциалының құны

20143

61.88

20855

49.71

+712

+3.53

- 12.17

Бұл таблицадағы Активтердің нақты құнын көрсетіп, баланс валютасы есеп беру жыл аралығында 9406 мың тгге, немесе 28.9%-ке өскенін көреміз., бұл кәсіпорынның жұмысына қолайлы жағдай туғызады. Активтердің талдауы кезінде міндетті түрде олардың қалай орналасқандығы, солардың қай түріне көбірек көңіл бөлінгенін, кәсіпорынның өндірістік потенциалын, оның негізгі құрал-жабдықтарын зерттеп білу қажет.
Ал ең алдымен өндірістік потенциалды анықтай қажет. Негізінен өндірістік потенциалдың құнына негізгі құрал-жабдықтардың, өндірістік запастардың, аяқталмаған құрылыс және өсіріліп, қоректендіріліп отырған қара мал құны мен аяқталмаған капиталды салымдар кіреді.
Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің мәні 0,5-тен артық не, тең болуы қажет, яғни Кn0,5
Егер оның мәні 0,5-тен кем болса, ұзақ мерзімді қарыздарды тарту қажеттілігі туады.
Талданып отырған кәсіпорында өндірістік потенциадың құны жыл басында 20143 болса, жыл аяғында 20855 мың тг. болды,яғни 713 мың тг. немесе, 3.53%-ке өсті. Баланс Активінің ішіндегі өндірістік потенциалдың үлесі - 12,27 пунктке азайса, жыл аяғында 49,71% болды.Бұл көрсеткіш өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің мәніне сәкес келіп тұр.
Және таблица бойынша ұзақ мерзімді активтерден ағымды активтер артық болып тұр. Егер жыл басында ағымдағы активер ұзақ мерзімді активтерден 14,93 пунктке кем болса, (42,34-57,66), жыл аяғында ол ұзақ мерзімді активтер үлесінен 4,66-ға көп болды(52,33-47,67) және 52,33 %- ті құрды. Ағымды актив өсіңкілігі ұзақ мерзімді актив өсіңкілігінен 9 есе артық болды (52,33:6,56).
Содан кейін баланс валютасындағы ағымды активтердің үлесін анықтау қажет, яғни кәсіпорынның активінің мобильділік коэффициентін. Ол ағымды актив құнының кәсіпорынның барлық мүлігінің құнына деген қатынасымен анықталады.Ол кәсіпорынның қарыздарын жабатын құралдарының үлесін мінездейді. Бұл коэффициенттің мәнінің жоғары болғаны кәсіпорынның үздіксіз қызметін қамтамасыз етеді. Талданып отырған кәсіпорында бұл коэфффициенттің мәні жыл басында 0,42 (13781:32551), ал жыл аяғында 0,52 (21956:41957).
Келесі маңызды көрсеткіш болып табылатын - мобильді құралдардың иммобильді құралдарға қатынасының коэффициенті. Ол ағымды активтердің ұзақ мерзімді активтер сомасына деген қатынасымен анықталады.Бұл көрсеткіш шаруашылық кәсіпорында 0,5-тен кем болмауы тиіс.
Оның деңгейі талданып отырған кәсіпорында жыл басында 0,73 (13781:18770), ал жыл аяғында 1,1 (21956:20001) болды.
Бұл коэффициенттің өсуі мобильді құралдардың иммобилизация-
ланған құралдардан артық болуы есебінен болып отыр.
Есеп беру жылында мобильді құралдар 1,6 есе (21956:13781), ал иммобилизацияланған құралдар 6,6% (20001:18770*100) өсті. Кәсіпорынның минималды қаржылық тұрақтылығы міндеттемелер ағымды активтермен жабылған кезде ғана орындалады. Осындай тұрақтылықтың белгісі болып келесі шарттардың орындалуы табылады: ағымды активтердің ұзақ мерзімді активтерге деген қатынасының коэффициенті қарызға алынған капиталдың өзіндік капиталға деген қатынасының коэффициентінен артық болуы керек. Содан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайында қандай сапалық өзгерістер пайда болғанын анықтау қажет.
Ол үшін негізгі қорлардың жағдайын зерттеу қажет. Әсіресе,негізгі құрал-жабдықтардың реалды (қалдық) құнының үлес салмағының өзгеруін анықтау маңызды.
Себебі ол кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің масштабын анықтауға бағыт береді. Негізгі құрал-жабдықтардың реалды құнының коэффициентінің мөлшері кәсіпорынның жалпы мүлігінде баланс активінің сомасының 50%-н құруы қажет.
Негізгі құрал-жабдықтардың техникалық жағдайын мінездейтін маңызды көрсеткіш тозу коэффициенті болып табылады. Ол белгілі-бір мерзімдегі негізгі құрал-жабдықтардың тозу сомасының олардың бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталады. Біздің кәсіпорында жыл басында негізгі құрал-жабдықтардың тозу коэффициенті 0,63 (31195:49837), ал жыл аяғында 0,68 (4226:61763),яғни 0,05 пунктке өсті. Бұл кәсіпорынның негізгі құрал-жабдықтардың 23 бөлігі физикалық жағынан тозып, ескіргенін көрсетеді. Экономистердің пікірі бойынша 50%-тен асатын тозу коэффициенті кәсіпорынға зиян болып келеді.
Тағы бір маңызды көрсеткіш - айналымдағы активтердің мобильділік коэффициенті. Ақша қаражаттарының қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың ағымды активтердің құнына деген қатынасы арқылы есептеледі. Бұл коэффициент ағымды міндеттемелерді жабуға бағытталған қаражат сомасындағы төлемге дайын қаражаттар үлесін көрсетеді. Бұл коэффициенттің төмен болуы кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендегенін көрсетеді.
Мысалға алынып отырған кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары 57,9 %-ке өсіп, 17167 мың тг. құрады.
Осы есеп беру кезеңінде дебиторлық қарыз үлесі өскені де байқалады.Ол жыл басында 1165 мың тг. болса, жыл аяғында ол 1671 мың тг. боды және 0,84 пунктке (7,61-8,45) өсті. Дебиторлық қарыздың өсу себебін қарастыру қажет, ал ол үшін осы баптарды бөлек қарастыру қажет және ондағы күдікті, үмітсіз қарыздарды алып тастау керек.Дебиторлық қарыздардың тым көп болуы ақшаның азайып кетуіне алып келуі мүмкін. Бірақ біздің мысалдаға кәсіпорынның қаражатының бір бөлігі осы есептік жылда ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларға бағытталады, олардың сомасы жыл аяғында 504 мың тг. болып, жыл басындағы көлемінен 3,9 есе өсті.
Өтімділігі төмен, өткізілуі қиын тауарлы-материалды құндылық- тардың, дебиторлық қарыздың тым көп болуы, әсіресе оның күдікті бөліктерінің көп болуы айналым қаражаттарының айналымын баяулатып, кәсіпорынның жағдайына кері әсер етеді.
Әрине кәсіпорынның Активін талдаумен қатар оның пайда болу көзі болып табылатын Пассивтің құрамы мен құрылысының динамикасын талдау қажет.
Пассивті талдау кезінде өзіндік капитал және қарызға алынған капитал көлемін анықтау қажет және олардың өзгеру себептері анықталады. Осы талдау кезінде кәсіпорынның қарызға алынған қаражаттардан қаншалықты тәуелсіз екендігі есептеледі және тәуелсіздік коэффициенті есептеледі : КтӨк:Ак; мұндағы, Өк- өзіндік капитал, Ак-авансқа алынған капитал.
Кәсіпорынның өзіндік капиталы көп болған сайын, ол өзінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ете алады. Сондықтан кәсіпорындар өздерінің өзіндік капитал көлемін бөлінбеген табыс, резервтік қорлар есебінен өсіруге көп көңіл бөледі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын мінездейтін маңызды көрсеткіш қаржыландыру коэффициенті болып табылады. Ол өзіндік капиталдың сырттан тартылған капиталға деген қатынасы арқылы есептеледі. КқӨк:Ск; мұндағы, Қк-қаржыландыру коэффициенті, Өк-өзіндік капитал, Ск - сырттан тартылған капитал және осы коэффициентттің мәні неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым банкке тиімді. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қай бөлігі өзіндік қаражат есебінен және қай бөлігі қарызға алынған қаражат есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. Егер, қаржыландыру коэффициенті 1-ден төмен болса, ол кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмен екендігін білдіріп, оның несие алуын қиындатады.
Батыс елдерінде көбінесе қарызға алынған қаражат пен өзіндік қаражаттың қатынасын көрсететін коэффициент қолданады. Яғни КқөСқ:Өк, мұндағы Кқө- қарызға алынған қаражат пен өзіндік капитал қатынасын көрсететін коэффициент.
Сқ- сырттан тартылған қаражат;
Өк- өзіндік капитал;
Бұл коэффициент өзіндік қаражаттың активіне салынған 1 теңге қанша мөлшерде қарызға алынған қаражат тартқанын көрсетеді.
Ал кәсіпорынның тәелсіздік дәрежесін көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті немесе, инвестициялардың жабылу коэффициенті болып табылады. Ол жалпы авансқа алынған капиталдағы өзіндік және қарызға алынған капиталдың үлесін көрсетеді. Ол келесі жолмен есептеледі. КқтӨк+ҰмАк; мұндағы,
Кқт-қаржылық тұрақтылық коэффициенті
Ұм- ұзақ мерзімді міндеттемелер,
Ак- авансқа алынған капитал
Қазіргі нарықтық жағдайда кәсіпорындар өзін-өзі қаржыландыру арқылы, яғни өзіндік капитал есебінен дамып отыр. Бірақ олар өз қызметін үздіксіз жүргізіп отыру үшін міндетті түрде сырттан тартылған қаражаттарды да қажет етеді. Соның ішінде, біріншіден, өзіндік қаражат талдауына тоқтала кетейік.
Ұлттық тәжірибеде өзіндік капиталдың қалыптасу көзі болып жарғылық капитал, резервті қор, арнайы мақсаттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру және түсімдер, арендалық міндеттемелер, бөлінбеген табыс, құрылтайшылармен есеп айырысу,тұтыну қорлары табылады. Ал 1998ж бастап баланс құрамына жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал, резервтік капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) кіреді.
Өзіндік айналым капиталын есептеу үшін өзіндік капитал сомасынан Баланстың активінің 1-ші бөлімін алып тастау қажет.
Тәжірибе жүзінде үлкен мәнді жобаларды қаржыландыру үшін және негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу үшін алынған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар да өзіндік қаражат құрамына қосылады. Осы сырттан тартылған қаржыландыру көзін есепке ала отырып өткен кезеңдегі көрсеткіш мөлшері де анықталады. Өзіндік айналым капиталының мөлшерінің өсуі кәсіпорын үшін жағымды тенденция болып, ал төмендеуі жағымсыз тенденция болып табылады. Талдау кезінде өзіндік айналым қаражатының абсолютті мөлшерін анықтаумен қатар, оның өзіндік капитал құрамындағы үлес салмағын анықтау қажет. Осы көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды мінездеме көрсеткіші болып табылады. Бұл коэффициент маневр жасау коэффициенті болып келеді. Ол кәсіпорынның өзіндік қажатының қанша бөлігі мобильді күйде екенін білдіреді және ол келесі формуламен анықталады.
КмӨакӨк; мұндағы,
Км- маневр жасау коэффициенті
Өак- өзіндік айналым капиталы
Өк- өзіндік капитал
Бұл коэффициент мәні төмен болса, яғни кәсіпорынның өзіндік қаражатының көп бөлігі иммобильді бағалы мүліктерге келетінін білдіреді, ал олардың өтімділігі төмен, яғни оның ақшаға айналуына ұзақ уақыт қажет. Сондықтан бұл коэффициенттің мәні жоғары болғаны дұрыс, яғни ол 0,5 болу керек. Бірақ тәжірибеде арнайы тұрақты көрсеткіш белгіленбеген. Маневр жасау коэффициенті кәсіпорынның қызметінің түріне байланысты. Мысалы, қор жағынан сыйымды кәсіпорында оның мәні материалдық сыйымды кәсіп- орындардан аз болуы керек (себебі, қор жағынан сыйымды кәсіпорындар өзінің өзіндік қаражаттарының негізгі бөлігін өзіндік қорларына бағыттайды).
Сонымен қатар қаржылық тұрақтылықты талдауда абсолютті көрсеткіштермен қатар қатынасты көрсеткіштер де үлкен роль атқарады. Сол қатынасты көрсеткіштердің ең маңыздысы - запастардың өзіндік қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті. Ол өзіндік айналым капиталының тауарлы-материалды запастар сомасына қатынасы арқылы есептеледі. Бұл коэффициент келесі формуламен есептеледі:
КққӨакЗ
Кққ- тауарлы-материалды запастардың қамтамасыз етілу коэффициенті;
Өак- өзіндік айналым капиталы;
З- тауарлы-материалды запастар;
Келесі талдау сырттан тартылған капитал талдауы болып табылады. Бұл талдауды жүзеге асыру үшін кәсіпорынның қарызға алынған капиталының сомасын өткен есеп беру кезеңіндегі болған сомасымен салыстыру қажет.Жалпы сырттан тартылған қаражат кредиторлық қарыз бен банктік несиелерден тұрады. Және осы кредиторлық қарызды дебиторлық қарызбен салыстыру қажет. Негізінен дебиторлық қарыз бен кредиторлық қарыз арасындағы қатынас 2:1 болуы қажет. Егер кредиторлық қарыз дебиторлық қарызбен қамтамасыз етілмеген болса, бұл жағдай кәсіпорын үшін жағымсыз жағдай деп бағаланады. Бірақ, көп мөлшердегі кредиторлық қарыз - ол тауарлар үшін болсын, жұмыс пен қызмет көрсетулер үшін болсын немесе, бюджет алдындағы өтелмеген, жұмысшыларға төленбеген қарыз есебінен құрылған болсын ол кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын тұрақсыз деп бағалайды.
Талдаушы үшін тағы бір маңызды мәселе кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін қажет абсолютті көрсеткіштерді анықтау қажет. Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері дегеніміз - тауарлы-материалды запастардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер. Олар келесі көрсеткіштер:
Өзіндік айналым капиталының бар болуы: (Өак) Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өз капиталы (баланстың пассивінің 1-ші бөлімі) мен ұзақ мерзімді активтер арасындағы айырмашылыққа тең. Осы көрсеткіштің өткен жылдағы көрсеткішке қарағанда өсуі кәсіпорынның қызметінің ары қарай дамуға мүмкіндігінің өскенін көрсетеді. Және келесі формуламен есептеледі: Өак Өк-Ұа1бП-1бА; мұндағы 1бП-баланстың пассивінің 1-ші бөлімі, 1бА- баланстың активінің 1-ші бөлімі.
Келесі маңызды көрсеткіш тауарлы - материалды запастардың қалыптасу көзі болып табылатын өзіндік және ұзақ мерзімді қарыздардың бар болуын көрсететін көрсеткіш.
Бұл көрсеткіш өткен кезең көрсеткіштеріне негізделе отырып,яғни өзіндік айналым капиталын ұзақ мерзімді міндеттемелерге қосу арқылы есептеледі. ӨакұӨак+ҰмӨак+11бП, мұндағы Ұм -ұзақ мерзімді міндеттемелер, 11бП- баланс пассивінің 11-ші бөлімі.
Тауарлы-материалды запастардың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы көлемі жоғарыда көрсетілген көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздарға көбету жолымен анықталады: НКӨакұ+Қн, мұндағы Қн-қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар.

11 бөлім Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдауды "ТұранӘлем Банкі " мысалы бойынша жүргізу.
1998 жылдан құрылғаннан бастап "ТұранӘлем" банкісі Қазақстан Республикасындағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. Осы дәрежеге жетуінің маңызды факторы болып табылатын оның тиімді несиелік саясаты.
Банктің ірі клиенттерінің құрамына Қазақстан Республикасының ірі мұнай-газ, телекоммуникациялық компаниялары, тау-кен кәсіпорын- дары, өндірі тамақ өнімдерін шығару, ауыл-шаруашылық кәсіпорын -дар кіреді.
Славининвестбанк ң ресейлік еншілес банкі арқылы "ТұранӘлем" банкі ресейлік кәсіпорындарды 100 млн. тенге мөлшерінде қаржыландырды.
2003 жылдың мамыр айында "ТұранӘлем " банкі 225 млн.долларлық 7 -жылдық облигациялардың сыртқы нарықта орналастыруын жүзеге асырды.
Бүгінгі таңда"ТұранӘлем " банкісінінің таза табысы 24,7 миллион долларға дейін өсті.
"ТұранӘлем" банкісінің негізгі табыс көзі несиелік операциялар болып табылады. Сондықтан да ол да әрбір банктің несиелік қабілеттілігін талдауға үлкен мән береді. Ал әрбір банктің несиелік қабілеттікті талдаудың өзіндік ерекше тәртібі мен әдісі бар.
Сол әдістемеге тоқтала кетейік:
Кез-келген банк үшін кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін талдауда маңызды шарттарының бірі болып табылатын мәселе- талдауға қажетті құжаттарды жинақтап, олардың заңды болуына көз жеткізу.
"ТұранӘлем" банкісінің Несиелік Комитетінің бекіткен шешімі бойынша жобаның қаржылық зерттеуі үшін қажет құжаттар:


Құжаттың атауы
Кім бекітеді
Саны
1
Несиелік қаражаттарды беру туралы
Арыз
Басшы, бас бух-
галтер
1
2
Қарыз алушы кәсіпорынның
басшысының суреті бар анкета
Басшы
2
3
Кәсіпорынның қаржылық құжаттары
несиеге арыз берер алдындағы 3 жыл
бойындағы есептер (ОКУД бойын-
ша №1,2,3 формалары)
Салық инспекция
сы, басшы, бас
бухгалтер

3
4
Кредиторлық және дебиторлық қарыз-
дарды нақтылайтын құжаттар
басшы, бас
бухгалтер
3
5
Кәсіпорынның қарыздарының жоқ
екенін дәлелдейтін анықтама-қағаздар
қызмет көрсететін
банктерден

6
Бюджеттік және бюджеттік емес
қорлардың алдында қарыздарының
жоқ екенін дәлелдейтін анықтама-
қағаздар
Салық инспекция-
сы, міндетті медициналық сақтандыру қоры, зейнетақы қоры
3
7
Есеп беру жылындағы есеп айырысу
және валюталық шоттардағы айна-
лымдар туралы анықтама-қағаздар
қызмет көрсететін
банктерден
3
8
Кәсіпорынның кассасындағы айна-
лымдар туралы анықтама-қағаз
басшы, бас
бухгалтер
2
9
Несиелік тарихы
басшы, бас
бухгалтер
2
10
Бизнес-жоспары
Басшы, орындау-
шылар
2
11
Контракттар, келісім-шарттар (спецификациялары және қо-
сымшаларымен)

Кәсіпорын бас-
шысы

2
12
Залогтік және гарантиялық құжаттар
Кәсіпорын басшысы

1

Бұл құжаттар Банкке қаржыландырудың мақсаттылығын бағалау үшін қажет.Қарыз алушы осы құжаттардың толықтылығы мен дәйектілігіне жауап береді. Жобаны зерттеу 10 жұмыс күніне дейін жүзеге асырылады. Жоба бойынша сұрақтар туған кезде қосымша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық талдау
Кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін талдау негіздері
Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Қаржы тәуекелінің нарықтық экономикадағы мәні және оны басқарудың теориялық негіздері
Экономиклық талдаудың теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Қаржылық жағдайды талдау түсінігі
Қаржылық жағдайды талдаудың негіздері
Пәндер