Автожолдар


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Бұл ұсынылып отырған дипломдық жұмыста Қазақстандағы, оның ішінде жол тораптарының туризмге әсер ету және оны дамыту жолдары қарастырылған. Туризм - әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін, ең тұрақты дамып келе жатқан саласы. Өсу қарқынының жылдамдығына сәйкес, туризм ғасырдың экономикалық құбылысы ретінде танылуының өзі кездейсоқтық емес. Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алады. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғандай, алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициялармен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді. Туризм еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетумен қатар өлкеміздің абырой-беделін арттыруға жұртшылықтың білім-танымының жоғарылауына, ақпарат таратудың жаңа түрлерін енгізуге ықпал етеді. Туризмнің дамуының жоғары қарқыны, валютаның зор түсімдері экономиканың әртүрлі секторларына белсенді әсер етеді, бұл туристік индустрияның қалыптасуына көмек береді.

Дипломдық жұмыстың негізігі мақсаты - елімізде жол тораптарының туризмге әсер ету жолдарын қарастыру болып табылады. Қазақстан соңғы он жылдықта дүниежүзілік интеграциялық процестерге белсенді қатысушы болды. Жүктер мен жолаушыларды қызмет көрсету сервисінің жоғары деңгейімен ішкі және транзиттік тасымалдауды қамтамасыз ететін сапалы көліктік инфрақұрылымы экономикалық интеграцияның маңызды бөлігі болыптабылады.
Автомобиль жолдарының сапасына және жол бойындағы сервистің деңгейіне қойылатын қазіргі заманғы талаптар автожол саласы алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осы мәселенің жанжақтылығы автомобиль жолдарын дамытуға мемлекеттік саясатты жүргізуді талап етеді.

Қазақстан - бүкіл әлемге ашық өлке. Біздің Отанымыз Қазақстан, көптеген адамдар үшін әлі күнге дейін беймәлім мемлекет болып келе жатқан жер бетіндегі ғажайып өлке. Әрине, біздің өлке әлемнің барлық карталарында белгіленген, көрікті жер болып табылады. Оның өзені, көлі, аңғарлары, тау қыраттары, әсем табиғатымен ерекшеленеді. Еуразия кеңістігінің ең ортасына, соның дәл жүрек тұсына орналасқан жұмбақ Феномен. Осы өлкеде біздің ата-бабаларымыздың мекендеген тарихи жолдары сақталған. Ал біз сол тарихи жерлерімізді бүкіл әлемге мақтанышпен көрсетуіміз керек.

Заман талабына сай қазіргі дамыған 50 мемлекеттің қатарына Отанымыз Қазақстан кіруі және дамуы үшін, болашақ ұрпаққа өзіміздің инфрақұрылымды, яғни автожолдарды салу міндеті тұр. Қазақстан мемлекеті Еуропа мен Азияны байланыстырып жатқан көпір іспеттес. Осылайша Қазақстан мемлекетінің инфрақұрылымының қалыптасуы туризмнің өзіндік дамуына әсерін тигізеді. Қазіргі кезде туристік іс-әрекетті дамыту үшін, ең алдымен автокөлік қатынастарын реттеу керек. Туристік нысандарды автожолдардың бойына салу, сондай-ақ туризмге тигізер әсерін зерттей отырып дамытуымыз керек. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің автомагистральдерінің салынуы біз үшін үлгі болуы тиіс. Атап айтқанда: Германия, Жапония, Франция, Англия, АҚШ, Италия мемлекеттерінде автомагистральдер көптеп салынған.

ҚР-ның автомагистраль жол жабындысы сапасының төмендігі, туристік сервистік инфрақұрылымының жоқтығы болып табылады. Қазіргі таңда мемлекетте тасымал инфрақұрылымы қарқынды белең алуда. Болашақта республикалық та, халықаралық та деңгейде тасымал, логистика және туризм салаларында көшбасшылық орынға ие болуымыз әбден мүмкін.

Туризм және автожол саласының негізгі басымдығының бірі туристік тасымал және логистикалық инфрақұрылымды тиімді дамыту болып табылады.
Автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы кезінде туристік нысандардың мемлекет аумағында аз екендігі және республиканың автомобиль жолдары желісінің қазіргі заманғы жай-күйіне, қызмет көрсету және т. б мәселелері бойынша талдау жасалынды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Автожол саласының дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасында туристік іс-шараларды ұйымдастыру және автожолдарда қызмет көрсету сапасын жоғарылату туралы айтылған.
Ол туристік тасымалда туристерді ел ішінде барлық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін жалпы пайдаланымдағы автожолдар желісін жетілдіру мақсатында туристік нысандардың инфрақұрылымын дамыту керектігін айқындайды.

1 Автожолдардың теориялық негіздері

  1. Автожолдың түсініктері және оның даму тарихы

Автомагистраль - автокөліктер үшін үлкен жылдамдықты автожол дегенді білдіреді, жолайрықтар жол тораптарында кездеспейді. Ең бірінші автомагистраль (автострада) - 1924 жылы солтүстік Италияда салынған. Ұзындығы 85 км, Милан және Варез қалалары арасында жасалынған болатын. 1939 жылы шамамен 500 км автомагистральдер салынды. 1942жылы Германияның автобандары шамамен 2100 км болды. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Франция мен Ұлыбританияда автомагистральдер салына бастады. Ең белсенді құрылыс АҚШ-та жүргізілді, тек қана 1974 жылдың өзінде 70 800 км автомагистраль болды [20] .

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\ДИП\ФОТОЛАР Д\Первый казахстанский автобан Астана - Щучинск.jpg

Сурет-1. Астана-Щучинск автожолы [36]

Автомобиль жолдары құрылысының дамуын Қазақстанда мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

  1. Республикада автомобильдердің пайда бола бастауынан соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіруге дейінгі кезең;
  2. Халық шаруашылығын қалпына келтіргеннен кейінгі және жол шаруашылығының халық шаруашылығы салаларының біріне айналуына дейінгі кезең;
  3. Жол шаруашылығының халық шаруашылығы салаларының бірі ретінде дамуы кезеңі;
  4. Нарықтық қатынастар жағдайындағы даму кезеңі.

2003 ж. қазанда ұзындығы 1000 км-ден асатын Астана - Алматы автомобиль жолы іске қосылды. Оның құрылысына 238 млрд. доллар жұмсалды.

Автобан - неміс тілінен аударғанда Autobahn, яғни автожол мағынасына ие. Германия, Австрия және Швейцарияда - үлкен жылдамдықты автожол дегенді білдіреді. Автобан үлкен жылдамдықпен автокөлік құралдарының қозғалысына арналған автожол. Автокөлiктердің қозғалысы үшiн арналған жан-жағынан тосқауылмен және бір бағытта кемiнде екi жолақтан құралған автожол [20] .

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\ДИП\ФОТОЛАР Д\Немецкий автобан..jpg

Сурет-2. Германия автобаны [36]

Көбiнесе Германия автобандарында көлiк жүретiн бөлiгінде жабайы аңдардың қаза болуынан сақтап қалатын арнайы шарбақтармен шарбақталған. Австрия және Швейцария автобандарындағы жылдамдықты шектеу 130 км/сағ қабылданған. Ортақ жылдамдықты шектеу Германия автобандарында жоқ, оның орнына 130 км/сағ құрайтын кеңес берiлетiн жылдамдық бар. Германия автобандары бойынша 12 тоннадан астам ауыр жүк таситын автокөлiктiң жүрiп өтуi ақылы. Мемлекеттің автобандарымен жүріп өткен автокөлiктер жүрген қашықтық өлшемiне байланысты Toll Collect арнайы жүйесi арқылы төлем жасайды.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\ДИП\ФОТОЛАР Д\Шоссе амери.jpg

Сурет-3. АҚШ-тағы шосселік автожол [35]

Шоссе ( французша chaussee) немесе шосселік автожол - өте қатты жамылғымен жабылған жол және грунтталған жол. Автожол жиегімен құрылған су каналдары болады. Шоссе терминінің тарихы 19 ғасырдың ортасынан 21 ғасырға дейін «бүкіл мезгілдік ат-көлік жолы» деп аталған. 20 ғасырдың 50 жылдарынан бастап адамдар шоссені көп қабатты жол жамылғысынан құралған автомобиль жолы деп түсінеді [20] .

Жол - адамдар мен көлік құралдарының жүруіне, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналып салынған барлық жүру және тасымалдау желілерінің жалпы атауы. Жол инфрақұрылымның бөлінбес бөлігі. Пайдаланылатын көлік құралының түріне қарай жаяу жүрушілер мен велосипедшілерге арналған жолдар, темір жол, автомобиль жолы, әуе жолы және су жолы болып бөлінеді. Қазіргі қалаларда жер асты жолдары да бар.

2003ж
2004ж
2005ж
2006ж
2007ж
2008ж
: Қазақстан Республикасы
2003ж: 88992
2004ж: 90018
2005ж: 90845
2006ж: 91563
2007ж: 93140
2008ж: 93612
: Ақмола
2003ж: 7899
2004ж: 7899
2005ж: 7892
2006ж: 7892
2007ж: 7892
2008ж: 7887
: Ақтөбе
2003ж: 6167
2004ж: 6167
2005ж: 5978
2006ж: 5978
2007ж: 5978
2008ж: 5978
: Алматы
2003ж: 9617
2004ж: 9617
2005ж: 9617
2006ж: 9644
2007ж: 9617
2008ж: 9617
: Атырау
2003ж: 2752
2004ж: 2752
2005ж: 2752
2006ж: 2786
2007ж: 2752
2008ж: 2752
: Батыс Қазақстан
2003ж: 5369
2004ж: 5887
2005ж: 5364
2006ж: 5364
2007ж: 6505
2008ж: 6512
: Жамбыл
2003ж: 4112
2004ж: 4112
2005ж: 4776
2006ж: 4776
2007ж: 4971
2008ж: 4993
: Қарағанды
2003ж: 8839
2004ж: 8893
2005ж: 8858
2006ж: 8861
2007ж: 8908
2008ж: 8908
: қостанай
2003ж: 9134
2004ж: 9517
2005ж: 9220
2006ж: 9514
2007ж: 9514
2008ж: 9514
: Қызылорда
2003ж: 2645
2004ж: 2655
2005ж: 2970
2006ж: 2715
2007ж: 2801
2008ж: 3312
: Маңғыстау
2003ж: 3074
2004ж: 3075
2005ж: 2410
2006ж: 2440
2007ж: 2410
2008ж: 2423
: Оңтүстік Қазақстан
2003ж: 5269
2004ж: 5269
2005ж: 5219
2006ж: 5208
2007ж: 5219
2008ж: 5209
: Павлодар
2003ж: 4909
2004ж: 4909
2005ж: 4957
2006ж: 5553
2007ж: 5742
2008ж: 5667
: Солтүстік Қазақстан
2003ж: 7533
2004ж: 7532
2005ж: 9002
2006ж: 9002
2007ж: 9001
2008ж: 9003
: Шығыс Қазақстан
2003ж: 11673
2004ж: 11734
2005ж: 11830
2006ж: 11830
2007ж: 11830
2008ж: 11837

Кесте-1. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзындығы, км[34]

Дәліз (парсы тілінен аударғанда) - үйдің кіре беріс бөлмесі. Қазақ тіліне парсы тілі арқылы енген. Автожол сөзінің баламасы дәліз деп те кездеседі [20] .

Қатынас жолдары торабының ұзындығы - көлік қатынасы жолдары участкелерінің километрмен алынған ұзындығының жиынтығы. Торапты құрайтын жекелеген участкелердің жиынтығы.

Қатынас жолдары торабының жиілігі - елдің немесе өңірдің аумағындағы көлем бірлігіне келетін (әдетте 1000 км²), километрмен алғандағы жол қатынасының ұзындығы. Туризмде жол чегі түсінігі кеңінен тарауда жол чегі әрбір туристтің немесе сол автокөлік иесінің жүріп өткен жолына төленетін және пайдаланған қонақ үй бөлмесінің бағасы жазылған түбіртек. Еуропа мемлекеттеріндегі халық чектің орнына банк карточкасын пайдаланған өте тиімді деп есептейді.

Жол чегі - негізінен халықаралық туризмде туристерді валютамен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын төлем құжаты; чекте көрсетілген соманы шетелдік немесе ұлттық валютамен төлеу жөніндегі ақшалай міндеттеме. Оны эмитент-банктің агенті болып табылатын кез келген мекемеден сатып алуға болады. Чекке иесі бірінші рет сатып алу кезінде, екінші рет қолма-қол ақша алу кезінде қол қояды. Түрлі атаулы құнмен және түрлі валюта бағамымен шығарылады, кейде есепшоттар бойынша төленуге қабылданады. Жол қоры - елдегі жалпыға бірдей пайдаланудағы автомобиль жолдарын күтіп ұстаумен, жөндеумен, жаңғыртумен, салумен байланысты шығындарды қаржыландыруға, автожол қызметтерін көрсету нысандарын, жол-құрылыс материалдары мен құралымдарын, машиналарын, механизмдерін өндіретін кәсіпорындарды салуға, жабдықтар сатып алуға, жалпы салалық сипаттағы ғылыми-техникалық жұмыстарды жүргізуге, автожол шаруашылығын басқаруға, т. б. арналған мақсатты қаражаттар жиынтығы. Республикалық жол қоры және жергілікті жол қоры болып бөлінеді. Олар отынға, көлік құралдарын сатып алуға салынатын салық, транзиттік салық, автомобиль жолдарын пайдаланушылар қаражатынан аударым, автомобиль көлігін пайдаланудан түсетін табыстан аударым және басқа көздер есебінен құралады.

Транзит (латынша transіtus - өту) - 1) тауарлар елдің екі кеден органы арасында кедендік бақылаумен, соның ішінде шет мемлекеттің аумағы арқылы кеден бажы, салығы алынбай, сондай-ақ тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданбай тасымалданатын кеден режимі; 2) жүктерді (жолаушыларды) жөнелтілетін жерінен апарылатын жеріне аралық бекеттерде түсірместен тасымалдау. Жүктердің транзиті, темір жол транзиті, халықаралық транзит түрлеріне бөлінеді. Жүктердің транзиті - жүктерді бір бекеттен екінші бекетке аралық бекеттер арқылы тасымалдау; темір жол транзиті - жолаушылар мен жүктердің жөнелтілетін станция мен жеткізілетін станция осы темір жолдан тысқары болатын тасымал. Тоннамен және жалпы тонна, км-мен есептеледі; халықаралық транзит - шетелдік жүктердің тасымалы, мұнда жөнелтілетін және жеткізілетін бекеттер осы елден тысқары елде болады [20] .

Халықаралық автомобиль тасымалы - көлік құралымен ел аумағынан тысқа немесе ел аумағына жүк және жолаушылар тасымалдау, сондай-ақ көлік құралымен ел аумағы арқылы транзитпен жүк немесе жолаушылар тасымалдау. Мұндай тасымалға елдің тасымалдаушысына тиесілі жүк және жолаушы тиелген немесе тиелмеген көлік құралының ел аумағынан шет мемлекеттің аумағына баруы немесе кері қайтуы, әлде шет мемлекеттің аумағы арқылы транзитпен ел аумағына келуі жатады.

C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\ДИП\ФОТОЛАР Д\Автобан в Германии.jpg

Сурет-4. Франциядағы автожол [35]

Жолаушыларды автобуспен тасымалдау - қолданылатын тарифіне қарамастан, барлық жолаушыларды қалалық, қала маңындағы, қала аралық және халықаралық қатынаста, сонымен қоса тегін жүру құқығын пайдаланатын немесе кәсіпорын (ұйым) төлеген жол жүру құжатымен жүретіндерді автобустармен тасымалдайтын барлық жолаушылардың жиынтығы ретінде есептеледі. Оның ішінде туристерді, яғни демалушыларды автобуспен тасымалдау да кіреді.

Автомобильдің жылжымалы құрамы - жүк, жолаушылар және арнаулы болып бөлінеді. Жүк көлігіне жүк автомобильдері, тартқыш-автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер жатады. Жолаушылар таситын жылжымалы құрамға автобустар, жеңіл автомобильдер, арнаулыға - әртүрлі, көбінесе көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелер жатады.

Автомобиль жолдарының ұзындығы - жол торабын құратын елді мекеннің басынан соңына дейін жекелеген учаскелердің ұзындығын жиынтықтау жолымен есептеледі. Жол тораптарында, яғни ауылдық елді мекендерде жолдардың салынуы және туристік іс-әрекеттердің жүзеге асырылуын мемлекеттік реттеу қажеттілігі бар.

Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына - Қазақстан Республикасының меншігі болып саналатын қаладан тыс автомобиль жолдары жатады және маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы жолдарға, сондай-ақ техникалық санаты бойынша және жамылғы түрі бойынша бөлінеді.

2003ж
2004ж
2005ж
2006ж
2007ж
2008ж
: Қазақстан Республикасы
2003ж: 83634
2004ж: 84112
2005ж: 82818
2006ж: 83720
2007ж: 84031
2008ж: 84141
: Ақмола
2003ж: 7846
2004ж: 7858
2005ж: 7851
2006ж: 7851
2007ж: 7853
2008ж: 7841
: Ақтөбе
2003ж: 5435
2004ж: 5435
2005ж: 5157
2006ж: 5157
2007ж: 5157
2008ж: 5157
: Алматы
2003ж: 9471
2004ж: 9471
2005ж: 9471
2006ж: 9471
2007ж: 9471
2008ж: 9471
: Атырау
2003ж: 2279
2004ж: 2279
2005ж: 2207
2006ж: 2253
2007ж: 2225
2008ж: 2266
: Батыс Қазақстан
2003ж: 4582
2004ж: 4761
2005ж: 4577
2006ж: 4577
2007ж: 4681
2008ж: 4685
: Жамбыл
2003ж: 4112
2004ж: 4112
2005ж: 4730
2006ж: 4730
2007ж: 4876
2008ж: 4898
: Қарағанды
2003ж: 8721
2004ж: 8775
2005ж: 8740
2006ж: 8743
2007ж: 8786
2008ж: 8786
: қостанай
2003ж: 7801
2004ж: 7927
2005ж: 6989
2006ж: 7924
2007ж: 7924
2008ж: 7924
: Қызылорда
2003ж: 2645
2004ж: 2655
2005ж: 2970
2006ж: 2715
2007ж: 2712
2008ж: 2766
: Маңғыстау
2003ж: 2843
2004ж: 2844
2005ж: 2209
2006ж: 2209
2007ж: 2209
2008ж: 2227
: Оңтүстік Қазақстан
2003ж: 5174
2004ж: 5174
2005ж: 5124
2006ж: 5113
2007ж: 5131
2008ж: 5131
: Павлодар
2003ж: 4673
2004ж: 4673
2005ж: 4732
2006ж: 4895
2007ж: 4891
2008ж: 4884
: Солтүстік Қазақстан
2003ж: 7020
2004ж: 7019
2005ж: 7022
2006ж: 7022
2007ж: 7055
2008ж: 7039
: Шығыс Қазақстан
2003ж: 11032
2004ж: 11129
2005ж: 11039
2006ж: 11060
2007ж: 11060
2008ж: 11067

Кесте-2. Жалпы пайдаланудағы қатты жамылғысы бар автомобиль жолдарының ұзындығы, км [34]

Қатты жамылғысы бар автожолдарға жататыны: жетілдірілген жамылғылар (цемент-бетонды, асфальт-бетонды және асфальт-бетон, қиыршық тас, малтатас түріндегі, органикалық тұтқыр материалдармен өңделгені), сондай-ақ қиыршық тасты, малтатасты, тас төселген жамылғылар. Автожолдың сапасы қазіргі кезде жылдан жылға жаңа технологияларды пайдаланып, әртүрлі қосындыларды пайдаланып жол сапасы жақсаруда. Автожол сапасының жақсы болуы демалушылар үшін автобуста немесе жеңіл автокөлікте комфорт деңгейінің жоғары болуына септігін тигізеді.

ҚР халықаралық автомобиль тасымалы жұмысын халықаралық стандарттарға, көлік экспедиторлық компаниялар талаптарына сай қозғалыс құрамын жасақтап, халықаралық дәрежеде сервистік қызмет көрсетуге, республиканың сыртқы экономикалық байланыстарын белсенді түрде автомобильмен қамтамасыз етуге, автомобиль паркінің ұтымды құрылымын қалыптастыруға, отандық автомобиль жасау саласын құруға бағыт алып отыр[20] .

Өлшемдер жылдар
1970ж
1975ж
1980ж
1985ж
1990ж
1995ж
1997ж
Өлшемдер жылдар: Тасылған жүк, млрд. т
1970ж: 1, 1
1975ж: 1, 5
1980ж: 1, 7
1985ж: 2, 1
1990ж: 2, 2
1995ж: 0, 9
1997ж: 1, 2
Өлшемдер жылдар: Жүк айналымы млрд. т
1970ж: 17, 9
1975ж: 26, 3
1980ж: 33, 0
1985ж: 41, 5
1990ж: 44, 8
1995ж: 10, 8
1997ж: 23, 0
Өлшемдер жылдар: Жолаушылар айналымы млрд. км
1970ж: 13, 0
1975ж: 19, 6
1980ж: 25, 3
1985ж: 30, 9
1990ж: 35, 4
1995ж: 13, 1
1997ж: 44, 6

Кесте-3. 1970ж-1997ж аралығындағы жолаушылар айналымы млрд, км [34]

2000 жылдың басындағы жағдай бойынша ҚР Халықаралық автомобильмен тасымалдаушылар одағының құрамына 90-нан астам көлік компаниялары мен фирмалары кірген болатын. Ал енді ішкі және халықаралық бағыттарда туристік-экскурсиялық тасымалдау саяхаттары қатар дамитын болды. Кеден Одағының ішіндегі мемлекеттер арасындағы саяхаттаушылардың емін-еркін Қазақстан аумағындағы туристік нысандарға келіп демалуы әбден мүмкін.

  1. Қазақстанда автомобиль жолдарының жалпы сипаттамасы

Қазақстандағы халықаралық туристтер тасымалы негізінен халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында орындалады. Олар жеті дәлізге бөлінеді:

1-дәліз: Қорғас - Алматы - Ташкент. Өзбекстанды Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарымен жалғастырады және шығысында ҚХР-на шығады. Батыста автожол Өзбекстан арқылы Орталық Азия елдеріне апарады. Шымкент қаласында осы дәлізге шыққаннан кейін Қытайға, Орталық Азия елдеріне және Түркияға шығуды қамтамасыз етеді.

2-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы - Орал - Ақтөбе - Қызылорда - Шымкент. Орталық Ресейді Қазақстанның оңтүстік аймақтарымен байланыстырады.

3-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы - Петропавл - Астана - Алматы - Қырғызстан шекарасы. Солтүстігінде автожол Оралдың өнеркәсіпті аймағына шығады. Қазақстанды орталық бөлігінде кесіп өтіп, Солтүстік Қазақстанның астықты аймағын, Қарағанды өнеркәсіптік аймағын республиканың батысымен өзара байланыстырады, Қытай және Пәкістан арқылы Үнді мұхитына шығады. Бағыт Қазақстанның елордасы Астана қаласына көшірілгеннен кейін ерекше мәнге ие болды.

4-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Омбы) - Павлодар - Семей - Майқапшағай. Батыс Сібірдің өнеркәсіптік аймақтарының, Павлодар аймағының, Шығыс Қазақстанның Қытайға шығуын қамтамасыз етеді.

5-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Челябі) - Петропавл - Ресей Федерациясы шекарасы (Новосибирск) . Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 220 км болатын маршрут - Сібір аймақтарын орталық Ресеймен жалғастыратын магистралдық автожолдың бір бөлігі.

6-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Қорған) - Петропавл - Есіл - Арқалық - Жезқазған - Қызылорда - Өзбекстан. Орталық Қазақстанның аймақтарын (астық өсіретін және кен өндіретін) кесіп өтеді. Солтүстік Қазақстаннан, Оралдың арғы жағынан және Батыс Сібірден Орта Азияға және Үнді мұхитына шығатын ең қысқа автожол.

7-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Астрахань) - Атырау - Бейнеу - Түрікменбашы маршруттары бойынша туристік тасымалдаулар жүргізуге болады. Турікменстан, Қазақстан, Ресей мемлекеттерін байланыстырып жатқан автожол бойында туристік нысандардың аз мөлшерде болуы. Туристік іс-әрекет жүргізуге кері әсерін тигізеді [33] .

Қазақстан Республикасының автомобиль жолы, жалпы ұзындығы 94000 км:

  1. Республикалық деңгейдегі жол - 22, 2%
  2. Жергілікті деңгейдегі жол- 77, 8% құрайды.

Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы - 12, 4 мың км.

Туристік потенциалы бар басты ірі автомагистральдары:

  1. Алматы- Тараз-Шымкент-Ташкент. Алматы -Семей-Өскемен. Жаркент-Талдықорған-Текелі.
  2. Алматы-Шелек-Нарынқол. Қарағанды-Қарақаралы.
  3. Орал-Атырау.
  4. Қостанай-Арқалық.
  5. Қарағанды-Жезқазған. Алматы-Астана - халықаралық стандартқа сай [14] .

Қазақстанның ішкі туризмді дамыту барысында туристік потенциалы бар автожолдарды ескеру керек. Мұндағы әрбір бағыттағы автожолдардың бойына туристік нысандардың салынуы туралы 2007-2011 жылдардағы туризм бағдарламасында айтылған болатын. Автожолдарда көлік түрлері бойынша жүк айналымы да үлкен маңызы бар. Мемлекеттер арасынан өткен жүктер үшін салық төленетіндігі бәрімізге белгілі. Кеден бақылау постілерінде жүк салмағы өлшеніп, және тексерістен өтіп барып елге кіргізеді.

Көлік түрлері
1990ж.
2000ж.
2001ж.
2002ж.
2003ж.
Көлік түрлері: Теміржол
1990ж.: 61, 3
2000ж.: 60, 4
2001ж.: 60, 2
2002ж.: 57, 3
2003ж.: 57, 3
Көлік түрлері: Автомобиль көлігі
1990ж.: 15, 5
2000ж.: 15, 0
2001ж.: 14, 7
2002ж.: 18, 2
2003ж.: 15, 5
Көлік түрлері: Құбыр көлігі
1990ж.: 23, 2
2000ж.: 24, 6
2001ж.: 25, 1
2002ж.: 26, 5
2003ж.: 27, 0

Кесте-4. Көлік түрлері бойынша жүк айналымы (% есебімен) [14]

Көлік түрлері
1990ж.
2000ж.
2001ж.
2002ж.
2003ж.
Көлік түрлері: Теміржол
1990ж.: 13, 4
2000ж.: 14, 0
2001ж.: 12, 4
2002ж.: 11, 3
2003ж.: 11, 4
Көлік түрлері: Автомобиль көлігі
1990ж.: 82, 4
2000ж.: 82, 7
2001ж.: 84, 6
2002ж.: 85, 6
2003ж.: 85, 0
Көлік түрлері: Қалалық электр көлігі
1990ж.: 1, 0
2000ж.: 0, 8
2001ж.: 0, 7
2002ж.: 0, 7
2003ж.: 0, 7
Көлік түрлері: Әуе жолы
1990ж.: 3, 2
2000ж.: 2, 5
2001ж.: 2, 3
2002ж.: 2, 4
2003ж.: 2, 9

Кесте-5. Көлік түрлері бойынша жолаушы айналымы (% есебімен) [14]

Дүниежүзілік көлікке 100 млн астам адам жұмыс атқарады.

Дүниежүзінде жүк тасымалдаудан:

  1. Теңіз көлігі.
  2. Темір жол көлігі.
  3. Құбыр тасымалы.
  4. Автомобиль көлігі.
  5. Өзен көлігі.

Дүниежүзінде жолаушы айналымында:

  1. Автомобиль көлігі (80%)
  2. Темір жол
  3. Әуе көлігі

Автомобиль жолдарының ұзындығы 25 млн км, оның жартысы бес елге келеді - АҚШ, Үндістан, Ресей, Жапония, Қытай. Автомобиль жолдарының жиілігінен - Жапония және Еуропа мемлекеттері. Автомобиль көлігіне дүние жүзінде 50 млн адам жұмыс істейді. Жолаушы айналымында туристердің негізі бөлігі автомобиль көлігімен тасымалданады. Ол жылдам әрі тез қызмет көрсете алады.

Елдер
Теміржол
Автомобиль жолдары
Елдер: АҚШ
Теміржол: 245
Автомобиль жолдары: 5640
Елдер: Ресей
Теміржол: 86
Автомобиль жолдары: 620
Елдер: Үндістан
Теміржол: 62
Автомобиль жолдары: 834
Елдер: Қытай
Теміржол: 58
Автомобиль жолдары: 880
Елдер: Франция
Теміржол: 35
Автомобиль жолдары: 745
Елдер: Жапония
Теміржол: 27
Автомобиль жолдары: 1131
Елдер: Германия
Теміржол: 45
Автомобиль жолдары: 481
Елдер: Қазақстан
Теміржол: 15
Автомобиль жолдары: 94

Кесте-6. Темір жол мен автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км [14]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сел және су тасқындарынан қорғану
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Халықаралық туризмдегі көлік саласының теориялық негіздері
Автокөлік жолдары
Автожол саласы
Темiр жол саласы
Батыс еуропа аймағына экономикалық – географиялық сипаттама
ЖШС Атырау жолдары негізгі қызметі
Күкірт қышқылы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz