Ақпараттық жүйе құру арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру


әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Механика-математика факультеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

МАГИСТРЛІК диссертация

«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ»

Орындаған Махамбетова М. Ж. “­___”___­_ 2013 ж.

(қолы)

Ғылыми жетекші

к. ф. -м. н, доцент Бөрібаев Б. Б. “­___” 2013 ж.

(қолы)

Кафедра меңгерушісі

PhD докторыБакибаев Т. И. “­___” 2013 ж.

(қолы)

рұқсатымен қорғауға жіберілді

Норма бақылаушы Жуманов Ж. М.

(қолы)

Алматы 2013

РЕЗЮМЕ

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, негізгі төрт бөлімнен, қорытын­дыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. Жалпы көлемі 81 бет. Жұмыста 8 кесте, 19 сурет бар, қолданылған әдебиеттер саны 55.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты білікті мамандар дайындайтын жоғары оқу орнының жұмысын қадағалап, білім беру процесін бақылауға және соларды зерттеу университеттері талаптарына сәйкес жетілдіруге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе құру.

Диссертациялық жұмысты зерттеу барысында келесі маңызды нәтижелер алынды:

  1. Білім беру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе құрылды.
  2. Қазақ тіліндегі қазіргі программалау технологиялары пәнінен электрондық оқу-әдістемелік кешені жасалды.
  3. Жұмыста жүйенің өнімділігін арттыратын және трафикті азайтуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені құру технологиясы ұсынылды.

РЕЗЮМЕ

Диссертационная работа состоит из введения, основных четырех глав, заключения, списка использованных источников и приложении. Общий объем 81 страниц. В работе 8 таблиц, 19 рисунка и 55 использованных источников.

Цель диссертационной работы наблюдая за работой высшего учебного заведения по подготовке специалистов, разработать информационную систему дающую возможность развить в соответствие с требованиями исследовательского университета и оценить процесс предоставляемого знания.

Наиболее существенные результаты, полученные в ходе исследования диссертационной работы, заключаются в следующем:

  1. Разработана информационная система, позволяющая повысить эффективность образовательного процесса, в основе которой лежат новые формы представления результатов обучения.
  2. Разработаны электронные книги по современным технологиям программирование на казахском языке.
  3. В работе предложена технология построения информационной системы и ее компонентов, позволяющая уменьшить трафик и повысить производительность информационной системы.

RESUME

The dissertation consists of an introduction, four main chapters, conclusion, list of references and an application. The total volume of 81 pages. In 8 tables, 19 figures and 55 sources used.

The aim of the thesis observing the work of a higher educational institution of excellence, to develop an information system which gives the opportunity to develop in line with the requirements of a research university and provides the knowledge to evaluate the process.

The most important results from the research of the dissertation are the following:

1. Computing system is designed to enhance the educational process, which is based on new forms of presentation of the results of training.

2. Developed electronic books on modern programming technologies in the Kazakh language.

3. The paper presents the technology of the information system and its components, which allows to reduce the traffic and improve the performance of the information system.

Мазмұны

Кіріспе. 9

1 Білім беру сапасын бағалау әдістерінің теориялық аспектілері12

1. 1 Білім беру сапасы туралы ұсыныстар, анықтамалар және оның мәні12

1. 2 «Білім беру сапасының мониторингі» категориясындағы түсінік мәні мен айырмашылығы18

1. 3 Қазақстан Республикасының ағымдағы білім беру жүйесіне талдау22

2 Білім беру процесін ақпараттандыруды ұйымдастыру26

2. 1Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің өзектілігі26

2. 2 ҚР білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы және оқу жүйесін дамытудың негізгі бағыттары28

2. 3Web-технологиялар арқылы ақпараттандыру ісін ұйымдастыру31

2. 4 Электрондық басылымдар және олардың кәдімгі артықшылығы33

3 Электрондық оқулық білім беру сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде35

3. 1 Электрондық оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен құрылымы37

3. 2Электрондық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар42

3. 3 Электрондық оқу құралдарының ерекшеліктері43

3. 4Электрондық оқу әдістемелік кешенді жобалау және құру46

3. 5 Электрондық оқулықтарды жобалау, құру және қолданысқа жіберу бойынша экономикалық есептеулер58

4 Ақпараттық жүйенің құрылымын жасау67

4. 1 Ақпараттық жүйе құрылымы туралы жалпы түсінік67

4. 2 Білім беру процесі үшін ақпараттық жүйе құру70

Қорытынды77

Қолданылған әдебиеттер тізімі78

Қосымша А82

Қосымша Ә85

Қосымша Б103

ҚосымшаВ104

Нормативтік сілтемелер

Осы диссертацияда келесі стандарттарға жасалған сілтемелер пайдаланылды:

  1. ҚР МЖМБС 5. 03. 009-2006 «ҚР білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарының оқу материалдың активтері. Негізгі ережелер»;
  2. ҚР МЖМБС 5. 03. 011-2006 «Жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстары»;
  3. ҚР МЖМБС 5. 03. 010-2006 «Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор»;
  4. ҚР МЖМБС 5. 03. 014-2006 Жоғары кәсіптік білім. Жоғары оқуорындарының оқу-ғылыми лабораториялары.
  5. ҚР МЖМБС 5. 03. 006-2006 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Кәсіптік жоғары білім. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер».
  6. Кәсіптік-білім беру бағдарламалары ҚР МЖМБС 5. 03. 007 - 2006;
  7. 27 шілде 2007 Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы;
  8. 2008 ж. 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №125 бұйрығымен бекітілген. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағамдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгі ережесі.
  9. ҚР МЖМБС 5. 04. 019-2008 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері. », Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген;
  10. ҚР МЖМБС 5. 04. 033-2008 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура. Негізгі ережелері. », Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 259 бұйрығымен бекітілген;
  11. ҚР МЖМБС 5. 03. 015-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Педагогикалық жүктеме және оқыту жұмыстары. Негізгі ережелердің»;
  12. Білім алушылардың контингенті ҚР МЖМБС 5. 03. 008 - 2009;
  13. Қазақстандағы жоғары білімді реформалау және Болондық үрдіс: тәжірибелік жұмыстар үшін ақпараттық материалдар. Алматы, 2009 ж.
  14. Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жобасын) орындау ережесі. ҚР МЖМБС Негізгі ережелер. 5. 03. 016 - 2009;
  15. 2011ж. 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі.

Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар

Бұл магистрлік диссертацияда келесі терминдер сәйкес анықтамаларымен пайдаланылған:

  1. Ақпараттандыру- әр түрлі ақпаратттық қорларды (ресурстарды) қалып­тас­­тыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын жүзеге асырып, олардың ақпараттық талаптарын қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
  2. Аудиоконференция- конференцияларға қатысушылардың дауыстық коммутациялардан өту кезіндегі телеконференциялардың әртүрлілігі.
  3. Бейнеконференция- бұл коммуникациялар және компьютерлік техноло­гия­лардың жүйесін пайдалану арқылы түрлі географиялық нүктелердегі бірнеше тұлғалар арасындағы аудио-визуалды ақпаратпен алмасу туындау кезіндегі телеконференциялардың әртүрлілігі.
  4. Білімді ақпараттандыру- оқыту мен тәрбиелеу ісінің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында білім беру саласын қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды жасау және пайдалану жұмыстарының теориясы мен практикасымен қамтамасыз ету үрдісі.
  5. Жаңа ақпараттық технологиялар- қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
  6. Интерактивті режим- командалар мен жауаптар алмасу арқылы атқарылатын тұтынушы мен жүйенің жұмыс істеу режимі.
  7. Кредиттік оқыту технологиясы- білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.
  8. Қашықтықтан білім беру технологиялары жүйесінің әкімшісі- серверде сервердің дұрыс қызмет көрсетуіне және бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуға жауап беретін тұлға.
  9. Мультимедиялық технологиялар- бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
  10. Оқу бағдарламасы- әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
  11. Оқу жоспары- білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің (предметтерінің) тізбесі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат.
  12. Оқытудың компьютерлік технологиялары- ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдарының жиыны.
  13. on-line режимі- нақты уақытта жүзеге асырылатын оқудағы өзара әрекет ету процесі.
  14. Телеконференциялар- on-line режимінде қатысушылардың екі және одан да көп топтардың арасындағы қатынасты ұйымдастыру үшін байланыстардың телекоммуникациялық арналарын пайдалану процесі.
  15. ТВ-технологиялар- бұл білім алушыларға оқу-әдістемелік материалдарды жеткізу, білім алушылардың оқытушылармен және өзара іс-әрекетін және білім алушылардың ақпараттық білім беру ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін теледидардың, ғаламдық, локальдық желілерді пайдалануға негізделген жүйе.
  16. Электрондық оқу-әдістемелік кешен(ЭОӘК) - оқытуда, оқу процесін ұйымдастыру және білім беру қызметін реттейтін құралдардың жиынтығы.
  17. АКТ - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  18. ЖОО-жоғары оқу орны
  19. ҚО-қашықтан оқыту
  20. ҚР-Қазақстан Республикасы
  21. ҚРҒБМ - Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
  22. ҚОЖ-қашықтан оқыту жүйесі
  23. ОӘК - оқу-әдістемелік кешен
  24. ОӘМ - оқу-әдістемелік модуль
  25. ОӘЖ-оқу-әдістемелік жинақ
  26. ППҚ - программалық-педагогикалық құралдар
  27. ПӘК - пәндік әдістемелік кешен
  28. СОӨЖ - студенттердің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмысы
  29. ЭОӘК - электрондық оқу-әдістемелік кешен
  30. ЭО-электрондық оқулық
  31. ЭОБ - электрондық оқу басылымы
Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХI ғасыр көптеген ғалымдар үшін қазіргі қоғамдағы білім беру саласының рөлі туралы көзқарастарымызға түбегейлі өзгерістер енгізген инновациялық дәуірдің тууымен байланыстырылады. Индустриалдықтан ақпараттық өркениетке көшу жағдайында мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік аспектілеріне әсер ететін ақпараттық-коммуникациялық сала қоғамның жүйе құраушы факторларына айналғанда, экономикалық және қоғамдық қатынастардың жаһандану үдерісін анықтайды.

Бүгінде мемлекеттің ақпараттық-технологиялық дамуына және даму темпіне экономика жағдайы ғана емес, халықтың өмір сүру деңгейі, ұлт қауіпсіздігі, мемлекеттің әлемдік қауымдастық алдындағы ролі де тәуелді. 2020жылға дейінгі қазақстандық білім берудің жаңаруы білім беру саясатының жүзеге асырылуын көздейді, ол өз кезегінде үздіксіз кәсіби білім берудің қазіргі жүйесінің дамуын, білім беру сапасын арттыруды, жалпы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етуді, білім беру саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздің ақпараттық қоғамға толық енуін қамтамасыз етеді, Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі беталысын бекіте түседі[1, 10 б. ] .

Білім беру диверсификациясы, ұлтаралылығы, даралануы, алдын ала және үздіксіз білім берудің дамуы, оның қарқындануы мен компьютерлендірілуі ҚР білім берудің дамуының оң тенденцияларына жатады.

Білім беру интеграциясы мен ұлтаралылығы білім беру қызметтерінің әлемдік нарығының қалыптасуына ықпал етеді. Бүгін-ақ арақашықтық пен мемлекеттік шекараға қарамастан беріліп жатқан білім қызметтері ашығырақ технологиялық білім беру жүйелері пайда болып, әрекет етуді. Дәстүрлі (классикалық) білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технологияларға негізделген дәстүрлі емес оқыту амал-тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл Интернет-технологиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.

Бүгінде білім берудің жаңа принципі болып білім беруді басқару тұрады, ал жаңа технологиялар болып білім құру формализациясы, білімді беру (тарату) (білімге қол жетімділігі) және білімді бақылау болады.

Ақпараттық технологиялар білім беру жүйесіне шынайы перспективалар ашады, нақтылы: ақпараттық технология құралдарын кеңінен енгізу оқу ақпараттарын көрнекті, динамикалық ұсыну бейнесуреттерді, дыбыс пен ақпараттық ресурстарға жойылған қол жету; білім берудің барлық деңгейлерінде - мектепке дейінгі деңгейден жоғары оқудан кейінгі деңгейлерде компютерлік оқудың үздіксіздігі мен сабақтастығы - оқу үдерісіндегі барлық пәндерді компьютерлік қолдау есебінен; оқушылардың шығармашылық жеке дара қабілеттіліктерін ашу мен дамыту үшін оқыту әдістемесін, стилі мен құралдарын таңдау еркіндігін қамтамасыз ету; жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ғылыми және әдістемелік негізделген базалық білім беру жүйесін құру[2, 45 б. ] .

Білім берудің ақпараттануы объективті түрде: оқу-әдістемелік жұмысты қайта ұйымдастыруды; оқытушыға талаптың күшеюі және оның рөлінің өзгеруін; оқушылардың тұлғасының ролі мен оның жеке ерекшеліктерінің; оқу мекемесінің ролі мен оның орналасқан жерінің оқушылар құрамына әсерін; қол жетімді ақпараттық ресурстардың көлемінің күрт ұлғаюын тудырады.

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар өз кезегінде мүмкіндік береді: білімді дамыту, білім алу мен тарату сипатының жаңаруы; оқыту мазмұны мен әдістерінің жаңаруына мүмкіндіктер ашу; жалпы және кәсіптік білімге қол жетімділігін кеңейту; оқытушыларға қажеттілікті аямастан олардың оқу үдерісіндегі ролін өзгерту (ақпараттың білім мен ұғынуға айналуын басқару) [3, 14б. ] .

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде қазақстандық білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін ортақ ақпараттық білім беру ортасын құру, азаматтардың барлық сатылар мен барлық деңгейлерде білім алуына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіндегі ақпараттық кеңістігін интеграциялау.

Білім берудің жаңа мазмұнына көшу, мемлекеттік білім беру стандарттарының жасақталуы Қазахстан Республикасының білім беруді ақпараттандыру жүйесі бағытында жүргізіліп отырған мемлекет саясаты. Оқу үрдісін жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларға негізделген қазіргі заманғы техникамен қамтамасыз етілуін талап етуде.

Білім беруді ақпараттандыру - жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. "Қазіргі заманда жастарға ақпаратттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет" деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Оқу үрдісінің ақпаратттандырудың мақсаты мен міндеттеріне тоқталатын болсақ: ақпараттық коммуникациялық технологияны қолданып білім беру жүйесін ақпаратандырудың мақсаты еліміздің барлық территорияарында білім беру үрдісінің бірлігі мен білім беру сапасының деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық білім беру ортасын құру және дамыту болып саналады. Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін - өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу мақсаты мен мәселелері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты білікті мамандар дайындайтын жоғары оқу орнының жұмысын қадағалап, білім беру процесін бақылауға және соларды зерттеу университеттері талаптарына сәйкес жетілдіруге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе құру.

Жұмысқа қойылған мақсат келесі мәселелерді шешуді талап етеді:

  • жоғары оқу орындары жұмысының нормативтік-құқықтық базасын талдау;
  • зерттеу университеттеріне қойылатын талаптарға сәйкес жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру мен дамытудың дүниежүзілік тәжірибелерін талдау;
  • еліміздегі жоғары білім беру ісінің қазіргі жағдайын зерттеу;
  • білім беру процесін автоматтандыруға арналған қазіргі программалық құралдарды игеру.

Зерттеу объектісі кредиттік жүйе негізінде жұмыс атқарып, зерттеу университеттері талабына сай білім беруге бет бұрған жоғары оқу орындары мен колледждері болып табылады.

Зерттеу пәні - жоғары оқу орындарында мамандарды дайындау процесіндегі білім беру, ғылыми, халықаралық және ұйымдастырушылық экономикалық қатынастар болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы жоғары білім жүйесінің дамуы менқызмет атқаруының кешенді қарастырылуынан, ЖОО қызметін басқарумеханизмін жетілдіруге және бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға бағытталғанжүйесін әзірлеумен тұжырымдалады.

Зерттеу барысында келесі маңызды нәтижелер алынды:

  1. Білім беру тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе құрылды.
  2. Қазақ тіліндегі қазіргі программалау технологиялар пәнінен электрондық оқу-әдістемелік кешені жасалды.
  3. Жұмыста жүйенің өнімділігін арттыратын және трафикті азайтуға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені құру технологиясы ұсынылды.

Зерттеудің теориялық құндылығы. Диссертациялық жұмыстың теориялық құндылығы келесі нәтижелер болуы тиіс:

  • зерттеу университеттері талабына сай жоғары білім беретін оқу орны қызметінің тиімділігін ғылыми түрде негіздеу;
  • тиімді білім беру ісі жеткілікті түрде жүріп жатқан елдердегі жоғары оқу орны қызметінің бағыт-бағдарын талдау;
  • зерттеу университеті жағдайында қажет етілетін жоғары оқу орны жұмысының бағытын анықтау;
  • еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру жүйесін дамыту үшін ақпараттық жүйеден алынған нәтижелерді қолдану.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Диссертациялық жұмыстың практикалық құндылығы деп мыналарды айтуға болады:

  • білім беру процесінің оқу, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық және басқару жүйесін жетілдіру;
  • жоғары оқу орындары жұмысы көрсеткіштері дамуының басты бағыттарын анықтау;
  • студенттерді оқыту процесін толық ақпараттандыруға ұмтылу.


Білім беру сапасын бағалау әдістерінің теориялық аспектілері Білім беру сапасы туралы ұсыныстар, анықтамалар және оның мәні

Бүгінгі күнде адам өмірінде, тура және ауыспалы мағынада да, адамның мемлекетте, әлемде өмір қабілеттілігін қамтамасыз ететін іскерлік аймағы өте көп. Кез-келген іскерлік аймағында сала субъектілері сол іскерлікте мак­си­малды мүмкін сапаға жетуге тырысады. Мемлекет пен қоғамның әлеу­метті-мәдени-тұрмыстық ортасында болатын кез-келген процесс тәрізді өлшеуге болады. Білім сапасы - студенттердің білім алуындағы негізгі көрсет­кіштердің бірі болып анықталады. Білім сапасы мен мамандарды дайындау проблемасы кез-келген жоғары білім жүйесіндегі басты мәселе болатын және бола бермек[22, 89 б. ] .

Жалпы сапа дегеніміз не, соның ішінде білім беру сапасы. Сапа түсінігі біртексіз және оның анықтамасы түрліше болуы мүмкін. Мысалға [17, 13 б. ] :

Сапа - бұл күтілген сәйкестік деңгейі. Күткен нәтиже әртүрлі болуы мүмкін және мақсат, қажеттілік, норма, стандарттармен байланысты.

Сапа - бұл қойылған мақсаттың сәйкестік өлшемі.

Сапа - бұл өнім, жүйе, процестердің жеке сипаттамалары жиынтығымен талапты орындау деңгейі.

Сапа - бұл тұтынушының қанағаттануы.

Егер өнім тұтынушылардың талабына сәйкес болса, ол сапалы болады. Сонымен, сапа анықтамасы тұтынушы, қолданушы түсініктерімен байланысты [17, 14 б. ] .

Сапа- объектінің белгіленген немесе болжамалы қажеттілікті қамта­ма­сыз етуге сәйкес көрсеткіштер жиынтығы. Сапа деген ұғым үш элементті қам­ти­ды: объект, қажеттілік және көрсеткіштер. Осыған байланысты сапаның мәнін толық түсіну үшін осы элементтерді талдау керек.

Объект ретінде іс-қимылдар немесе процесс, өнім, қызмет көрсету, мекеме, жүйе мен жеке тұлға немесе осылардың сан қилы қиыстырулары болуы мүмкін. Осындай қиыстырулардың мысалы ретінде «өмір сапасын» алуға болады. Шетелдерде, ал соңғы кезде біздің елімізде де, тұтынушылар­дың мүддесі мен құқығын қорғау мәселесін осы өмір сапасы тұрғысынан қарастырады. Бұл ұғым адамның қажеттілігін қамтамасыз етудің көптеген жағдайларын қамтиды: тауар мен қызмет көрсету сапасын, қоршаған ортаны қорғау, адамның денсаулығын сақтау, білім беру сапасын және басқалар. Оқулық та сапа коммерцияға, оның негізгі объектілері - өнімге (тауарға), процеске және қызмет көрсетуге қатысты қарастырылады.

Өнім - процестің немесе көрсетілген қызметтің нәтижесі.

Процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы. Көрсетілетін қызмет - беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары.

Тауар - ерікті иесіздендірілетін, бір тұлғадан екінші тұлғаға сатып алу - сату келісімі бойынша өтетін кез келген зат.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған ақпараттық оқыту жүйесінің даму кезеңдері
Білім беру ұйымдарында мұғалімдердің кәсіби даярлығын дамыту
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Сабақтың кәсіби бағыттылығы
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері
Қазақстандағы білім берудің қазіргі тұжырымдамасы және оны дидактикалық тұрғыдан іске асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz