Алтынвалюта


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Алтынвалюта активтері валюта активтерінің қысқа мерзімді портфелі, ұзақ мерзімді портфелі және алтын портфеліне бөлінеді.

Алтынвалюта активтерін басқарудың тиімділігін бағалау осы Стратегияның шектеулерін сақтаған кезеңдегі алтынвалюта активтері портфельдерінің жоғары кірістілігі болып табылады. Жекелеген активтердің кірістілігі басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Теріс кірістілікпен активтерді сату тәуекелдерді азайту және күтіліп отырған жоғары кірістілікті жақсарту мақсатында иеленген уақытта рұқсат етіледі.

Осы Стратегияның шектеулері шеңберінде инвестициялау үшін олармен жасалған мынадай қаржы құралдары мен операцияларға рұқсат беріледі:

  • - ААА - Standard &Poor’s немесе Aaa - Moody’s кредиттік рейтингімен мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарды және Халықаралық Қаржы Ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарын сатып алу-сату,
  • - ААА - Standard &Poor’s немесе Aaa - Moody’s кредиттік рейтингімен тәуелсіз бағалы қағаздарды (басқа елдің валютасымен деноминирленген мемлекеттік бағалы қағаздар) және Халықаралық Қаржы Ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарын сатып алу/сату
  • - қысқа мерзімді кредиттік рейтингі өтеуге дейінгі мерзімі бір жылдан аз А1 - Standard &Poor’s немесе Р1 - Moody’s -ден төмен емес мемлекеттік, тәуелсіз және корпоративтік борыштық міндеттемелерді сатып алу және сату,
  • - ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі өтеуге дейінгі мерзімі бір жылдан көп А - Standard &Poor’s немесе А2 - Moody’s -ден төмен емес мемлекеттік, тәуелсіз және корпоративтік борыштық міндеттемелерді сатып алу және сату,
  • - рыноктық құны мәміле жасалған күнгі 100% мәміле сомасынан төмен болмайтын бағалы қағаздарды инвестициялау үшін рұқсат етілген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А - Standard &Poor’s немесе А3 - Moody’s -дан төмен емес қарсы әріптестермен кері және тікелей репо операциялары
  • - ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі ААА - Standard &Poor’s немесе Ааа - Moody’s жылжымайтын мүлік (MBS) пен активтер (ABS кепілдікке салынған бағалы қағаздарды сатып алу және сату,
  • - банктердегі депозиттер (салымдар) және осы Стратегияның шектеулеріне сәйкес ағымдағы есепшоттарға орналастыру,
  • - валюта айырбастау операциялары және алтынды сатып алу/сату бойынша операциялар,
  • - ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А+ - Standard &Poor’s немесе А1 - Moody’s төмен емес қарсы әріптестермен туынды құралдарды сатып алу және сату немесе АҚШ, Еуропалық Одақ және Жапонияның биржаларында айналыста жүрген қаржы және тауарлық туынды құралдарды сатып алу және сату,
  • - ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А- Standard &Poor’s немесе А3 - Moody’s төмен емес заемшылар бекіткен бағалы қағаздарды инвестициялау үшін ақшаны немесе басқа рұқсат етілгендерді кепілге салған инвестициялау үшін рұқсат етілген бағалы қағаздар несиесі,
  • - ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі А- Standard &Poor’s немесе А3 - Moody’s төмен емес қарсы әріптестермен құрылымдық өнімдерді сатып алу және сату,

7. Валюталық активтердің көбеюіне және азаюына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есепшоттарынан барлық валюталық түсімдер және аударымдар валюта активтерінің қысқа мерзімді портфельдері арқылы жүзеге асырылады.

8. Валюталық активтерді қысқа мерзімді портфельдерден ұзақ мерзімді портфельдерге және керісінше аудару, өткізуге арналған активтердің атауы және олардың көлемі Инвестициялық комитеттің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

9. Күнтізбелік тоқсанда бір рет алдағы 6 айға мынадай көрсеткіштердің болжамы жүргізіледі: 1) АВА-ның Қазақстанның сыртқы қысқа мерзімді мемлекеттік борышына қатынасы, 2) АВА-ның 3 айғы импортқа қатынасы, 3) АВА-ның ақша базасына қатынасы. Осы көрсеткіштердің біреуінің болжамы 1-ден төмен болған жағдайда Инвестициялық комитет валюталық активтердің жалпы дюрациясын төмендету үшін активтердің бір бөлігін валюталық активтердің ұзақ мерзімді портфелінен қысқа мерзімді портфеліне аудару туралы мәселені қарастырады.

10. Ынды құралдар хеджирлеу және осы Стратегияның шектеулері шеңберінде активті позициялар ашу үшін пайдаланылуы мүмкін.

11. Тікелей немесе кері репо операцияларының ең көп мерзімі 3 айдан аспау керек, ал валютадағы депозиттің (салымның) мерзімі 1 айдан аспауға тиіс.

12. Активтердің валютадағы қысқа мерзімді портфелі валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыру және шетел валютасымен қысқа мерзімді инвестицияларды тарту мақсатында қолданылады.

13. Қысқа мерзімді портфельдің мақсаты активтердің өтімділігін, түсімдерді қоспағанда рыноктық құн өзгерісінің төменгі деңгейін қамтамасыз ету және қысқа мерзімді перспективада кірістілікті көбейту болып табылады.

14. Қысқа мерзімді портфель үшін эталондық портфельдің индексі: Merrill Lynch 3-month US Treasury Bill Index болып табылады.

15. Қысқа мерзімді портфельдің негізгі валютасы АҚШ доллары болып есептеледі.

16. Қысқа мерзімді портфельде әрбір валюта бөлігіндегі құралдар бойынша ең көп ауытқу мынадай кестемен анықталады:

Активтердің түрі

Рыноктық құны

(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны)

Активтердің түрі:
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): Ең азы
Ең көбі
Активтердің түрі: ААА кредиттік рейтингі бар мемлекеттердің қолма-қол валютасы, мемлекеттік және агентік борыштық міндеттемелері және РЕПО операциялары бойынша кепілдікте тұрған құралдарды қосқанда, өтеуге дейінгі мерзімі 1 жылдан төмен ААА кредиттік рейтингімен ХҚҰ-ның борыштық міндеттемелері
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 50%
100%
Активтердің түрі: Өтеуге дейінгі мерзімі 1 жылдан көп ААА кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік және агенттік борыштық міндеттемелері және кредиттік рейтингі ААА/Ааа-дан төмен емес кепілақшамен және активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
50%
Активтердің түрі: РЕПО операциялары бойынша кепілде тұрған құралдарды қосқанда, корпоративтік борыштық міндеттемелер
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
30%
Активтердің түрі: Тікелей және кері репо операциялары
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
100%
Активтердің түрі: Депозиттер (салымдар)
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
30%
Активтердің түрі: Туынды құралдар
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
20%
Активтердің түрі: Құрылымдық өнімдер
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
20%

17. Қысқа мерзімді портфельдегі бағалы қағаздардың өтеуге дейінгі ең көп мерзімі, ААА кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік, тәуелсіз және агенттік бағалы қағаздарынан басқа, 1 жылдан аспауға тиіс.

18. ААА кредиттік рейтингі бар елдердің мемлекеттік, тәуелсіз және агенттік бағалы қағаздарының өтеуге дейінгі ең көп мерзімі 3 жылдан аспауға тиіс. Негізгі борыш сомасының ( Prepayment Speed Assumption (PSA) = 0 кезінде анықталатын) амортизациясымен жылжымайтын мүлікке (MBS) және активтерге ( ABS) кепілге салынған бағалы қағаздардың ең көп орташа алынған дюрациясы (Average Life) 3 жылдан аспауға тиіс.

19. Валюта активтерінің қысқа мерзімді портфелінің дюрациясы 0. 75-тен аспауы керек.

20. Валютадағы активтердің қысқа мерзімді портфелінің рыноктық құны валютадағы активтердің рыноктық құнының 15% -нен кем болмауы тиіс.

21. Валюта активтерінің қысқа мерзімді портфелінің және шетел валютасындағы талап етілмелі міндеттемелердің ара қатынасы негізгі валютаға қайта есептегенде кем дегенде 50%-ті құрауға тиіс.

22. Егер қысқа мерзімді портфельдің рыноктық құны 20 және 21-тармақтардағы шектеулерді қанағаттандырмаса, онда шектеу нормалары бұзылған күннен бастап 10 күн ішінде активтердің бір бөлігін ұзақ мерзімді портфельден қысқа мерзімді портфельге аударады.

23. Кредиттік тәуекелдерге шектеу 2-тарауға сәйкес белгіленеді.

24. Қысқа мерзімді портфельдің құрамына АҚШ долларынан бөлек, валютамен тартылған құралдармен тұрған қосалқы-портфель де енуі мүмкін. Осы қосалқы- портфельдің кірістілігін бағалау осы қаражаттарды орналастыру кірістілігі мен тарту кірістілігінің айырмасы есебінде есептеледі.

25. Ұзақ мерзімді портфельдің мақсаты ұзақ мерзімді перспективада активтердің кірістілігін көбейту болып табылады.

26. Ұзақ мерзімді портфель активтерімен байланысты барлық кірістер мен шығыстар ұзақ мерзімді портфельге кіреді.

27. Ұзақ мерзімді портфельдің негізгі валютасы мынадай валюталар қоржыны болып есептеледі:

Активтер түрі
Қоржындағы үлесі
Активтер түрі: USD
Қоржындағы үлесі: 55%
Активтер түрі: EUR
Қоржындағы үлесі: 40%
Активтер түрі: GBP
Қоржындағы үлесі: 4%
Активтер түрі: IPY
Қоржындағы үлесі: 1%

Валюта қоржынын белгілеу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күніндегі валюта бағамы бойынша жүзеге асырылады.

28. Ұзақ мерзімді портфельдің эталондық портфелінің индексі мыналар болып есептеледі:

55% Merrill Lynch US Treasuries & Agencies 1-3 years

40% Merrill Lynch German Federal Government 1-3 years

4% Merrill Lynch U. K. Gilts 1-3 years Index

1% Merrill Lynch Japanese Government 1-3 years.

Эталондық портфельдегі елдер бойынша бөлу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күніндегі валюта қоржыны бойынша жүзеге асырылады

29. Ұзақ мерзімді портфельдің кірістілік ауытқуының күтіліп отырған өзгергіштігі ( expected tracking error) оған кіретін туынды құралдар мен құрылымдық өнімдерді қосқанда жылдық 2%-тен аспауы тиіс.

30. Ұзақ мерзімді портфельде әрбір валюта бөлігіндегі құралдар бойынша ең көп ауытқу мынадай кестемен анықталады:

Активтердің түрі

Рыноктық құны

(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны)

Активтердің түрі:
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): Ең азы
Ең көбі
Активтердің түрі: ААА кредиттік рейтингі бар мемлекеттердің қолма-қол валютасы, мемлекеттік және агентік борыштық міндеттемелері және РЕПО операциялары бойынша кепілдікте тұрған құралдарды қосқанда, ААА кредиттік рейтингімен ХҚҰ-ның борыштық міндеттемелері
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 60%
100%
Активтердің түрі: РЕПО операциялары бойынша кепілдікте тұрған құралдарды қосқанда, кредиттік рейтингі ААА/Ааа-дан төмен емес кепілақшамен және активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
50%
Активтердің түрі: Кредиттік рейтингі ААА/Ааа-дан төмен мемлекеттік борыштық міндеттемелер және РЕПО операциялары бойынша кепілде тұрған құралдарды қосқанда, корпоративтік борыштық міндеттемелер
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
30%
Активтердің түрі: Тікелей және кері репо операциялары
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
100%
Активтердің түрі: Депозиттер (салымдар)
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
30%
Активтердің түрі: Туынды құралдар
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
20%
Активтердің түрі: Құрылымдық өнімдер
Рыноктық құны(туынды құралдар үшін, олардың құралдарының негізіндегі рыноктық құны): 0%
20%

31. Кредиттік тәуекелдерге шектеулер 8-тарауға сәйкес белгіленеді.

32. Алтын портфелінің құрылымы ішкі (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау Орталығында (филиалында) орналастырылған) және сыртқы (Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналастырылған) алтынның ара қатынасын белгілейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі инвестициялық стратегия
Ұлттық Банктің алтын валюта активтері және оларды басқару
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі - банк жүйесінің негізгі буыны
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы
Қазақстан Республикасының ұлттық банкіндегі ақша-несие саясатының даму жолдары
Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ереже
Ұлттық банк – ақша-кредит жүйесінің ортақ буыны, ақша айналымын реттеуші орган
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АШЫҚ НАРЫҚТАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Ұлттық банктің ақша нарығындағы ашық операциялар және оның ақша – несие реттеуіндегі мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz