Бюджет жүйесі туралы ақпарат
1 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
1.1 Бюджет жүйесінің әлеуметтік.экономикалық мәні мен рөлі
1.2 Бюджет жүйесінің құрамы және құрылымы
1.3 Шетмемлекеттердің бюджет жүйесі

Бюджет кез келген мемлекеттің өзіндік қызметтерін қаржы ресурстары арқылы жүзеге асыруға қажетті міндетті шарт болып табылады. Капитализмге дейінгі құрылыста мемлекеттік табыс негізінен табиғи сипатта болады. Қажеттіліктердің көп бөлігі табиғи жиындардың борыштары мен түсімдерінен құралды. Ресурстардың нақты жұмсалу бағыттарын негіздеу үшін арнайы жекелеген шығыс және кіріс сметалары жасалынды. Шығындар мен кірістердің біртұтас сметасын құрастыру талпынысы алғаш рет XVII ғ. Англияда жүзеге асып, бюджет деген атқа ие болды (budget – ағылшын сөзінен ақшасы бар қап, қазынашының сөмкесі дегенді білдіреді). Қаржы байланыстарының үлкен алуан түрлілігінде жекелеген жалпы қасиеттерге ие оқшауланған салаларды бөліп қарастыруға болады. Осылайша, жалпы қоғамдық өнімнің құндық үлестірілуінің ерекше облысында мемлекеттің шаруашылық субъектілер мен халық арасында қалыптасқан қаржылық қатынастар құралады. Бұл қатынастарға ортақ тән қасиет олар міндетті қатысушысы мемлекет болып табылатын бөлу үдерісінде пайда болады және қоғамдық сұранысты қанағаттандыруға бағытталған қаржы қорының құрылуы және пайдаланылуымен байланысты болып келеді. Аталмыш қаржылық қатынастар жиынтығы «мемлекеттік бюджет» түсінігінің экономикалық мазмұнын құрайды.
«Бюджет» термині «ақшасы бар қап», «ақша салатын, сақтайтын әмиян» сияқты тікелей мағынасында екі түрлі түсінікке ие. Бір жағынан, бұл азамат, жанұя, корпорация, аумақ, мемлекет сияқты кез-келген экономикалық субъектінің меншігіндегі қаржылық ресурстардың көлемі, қаражат жиынтығы.
Екінші жағынан, бюджет – белгілі бір уақыт аралығындағы кіріс пен шығыстың сәйкестігін сипаттайтын экономикалық субъектінің кіріс және шығыс арасындағы қатынасы, оның қаражатының теңдестігі, бюджет сөмкенің ішіндегі қаражаттың бар-жоғын да, қаражаттың толтырылуы шығындалу өкілдігін де, ақшаның келу-кету жолдарын да анықтайды.
Орталықтандырылған экономикада бюджет толығымен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына тәуелді болып келеді, сондықтан да қандай да бір өзіндік маңызды мағынаға ие емес. Мұндай әрекет, жоспарлы экономикадағы материалдық заттық факторларға басты рөлдің берілуі, ал қаржылық факторларға жанама рөл берілу үрдісіне байланысты [2, 89-90б].
Мемлекеттік бюджет жиынтық ұғымнан тұрады, яғни оны экономикалық категория, мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, бәріне міндетті заңның бірі, негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттейтін механизм ретінде де қарастыруға болады.

1 БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
МЕН ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
0.1 Бюджет жүйесінің әлеуметтік-экономикалық мәні мен рөлі
Бюджет кез келген мемлекеттің өзіндік қызметтерін қаржы ресурстары арқылы жүзеге асыруға қажетті міндетті шарт болып табылады. Капитализмге дейінгі құрылыста мемлекеттік табыс негізінен табиғи сипатта болады. Қажеттіліктердің көп бөлігі табиғи жиындардың борыштары мен түсімдерінен құралды. Ресурстардың нақты жұмсалу бағыттарын негіздеу үшін арнайы жекелеген шығыс және кіріс сметалары жасалынды. Шығындар мен кірістердің біртұтас сметасын құрастыру талпынысы алғаш рет XVII ғ. Англияда жүзеге асып, бюджет деген атқа ие болды (budget - ағылшын сөзінен ақшасы бар қап, қазынашының сөмкесі дегенді білдіреді). Қаржы байланыстарының үлкен алуан түрлілігінде жекелеген жалпы қасиеттерге ие оқшауланған салаларды бөліп қарастыруға болады. Осылайша, жалпы қоғамдық өнімнің құндық үлестірілуінің ерекше облысында мемлекеттің шаруашылық субъектілер мен халық арасында қалыптасқан қаржылық қатынастар құралады. Бұл қатынастарға ортақ тән қасиет олар міндетті қатысушысы мемлекет болып табылатын бөлу үдерісінде пайда болады және қоғамдық сұранысты қанағаттандыруға бағытталған қаржы қорының құрылуы және пайдаланылуымен байланысты болып келеді. Аталмыш қаржылық қатынастар жиынтығы мемлекеттік бюджет түсінігінің экономикалық мазмұнын құрайды.
Бюджет термині ақшасы бар қап, ақша салатын, сақтайтын әмиян сияқты тікелей мағынасында екі түрлі түсінікке ие. Бір жағынан, бұл азамат, жанұя, корпорация, аумақ, мемлекет сияқты кез-келген экономикалық субъектінің меншігіндегі қаржылық ресурстардың көлемі, қаражат жиынтығы.
Екінші жағынан, бюджет - белгілі бір уақыт аралығындағы кіріс пен шығыстың сәйкестігін сипаттайтын экономикалық субъектінің кіріс және шығыс арасындағы қатынасы, оның қаражатының теңдестігі, бюджет сөмкенің ішіндегі қаражаттың бар-жоғын да, қаражаттың толтырылуы шығындалу өкілдігін де, ақшаның келу-кету жолдарын да анықтайды.

Мемлекет бюджет саясатын, яғни әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыратын бюджеттік нысандар мен әдістерді пайдаланубойынша шаралардың жиынтығын жасайды. Бюджет саясаты бюджет жүйесі арқылы іске асады.
Бюджет жүйесі - елдің экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген барлық бюджеттерінің жиынтығы.
Бюджет жүйесі мына қағидаларға негізделеді:
1. Біртұтастылық: бұл қағида бойынша бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттер біртұтас құқықтық базамен, біртұтас бюджет сыныптамасын пайдаланумен, біртұтас мемлекеттік қаржы статистикасымен, келісілген бюджет процедураларымен, барлық бюджеттердің қайта бөлу қатанастары арқылы қалыптасатын арақатынасымен қамтамасыз етіледі.
2. Бюджеттің толықтылығы мемлекеттік заңнамамен анықталған барлық түсімдерді міндетті және толық көрсетуімен қамтамасыз етіледі.
3. Нақытылық бюджеттің қаржы операцияларының шынайы көрсетілуімен, бюджет салаларының орындалуымен сәйкес болуын білдіреді.
4. Жариялылық: Үкімет пен жергілікті билік органдары өз бюджеттерін жариялауға міндетті. Бұл қағида шаруашылық саясатта байқалатын қателердің алдын алуға, бюджет баптарын ашуға мүмкіндік береді.
Бюджет жүйесін құрудағы басты құжат - ел Конституциясы мен бюджет жүйесі туралы Заң.
Бюджеттік реттеу - жоғары тұрған бюджеттің төменгіге ресурстардың бір бөлігін және керісінше теңдестіру мақсатында беруімен сипатталатын қайта бөлу жүйесі. Реттеу механизміне мыналар жатады: субсидия, субвенция, реттеуші табыс көздері.
Реттеуші табыс көздері бекітілген және реттеуші болып бөлінеді.
Бекітілген табыстар - бюджет қаражаттарының толық немесе бір бөлігінің нақты бюджетке берілуі.
Реттеуші табыстар - жоғарғы тұрған бюджеттің төменгіге бағыттайтын қаражаты. Бекітілген және реттеуші табыстардың тізімі бюджет жүйесі туралы заңда реттеледі. Егер жиынтық бюджеттегі түсім көлемі әрбір деңгейдегі биліктің функциясын жүзеге асыруға жеткілікті болса, онда бюджет вертикальды теңдестірілген болып есептеледі. Горизонитаальды теңдестірілу - жекелеген аймақтардағы бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің өзара тең болуы. Вертикальды теңдікке қол жеткізу - жалпы теңдестірілудің бірінші кезеңі, ал горизонтальды теңдестірілу екінші кезеңі болып табылады, ол Қазақстанда бюджеттік алу, субвенциялар арқылы жүргізіледі [3, 142-144б].
Бюджет - ол жалпы қаржы категориясына қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы ла келесідей анықтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі фукнциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері және тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
ол өз алдына жеке бір экономикалық категория;
ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);
ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.
Бүгінгі күні мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді [4, 6-8б].
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1991 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған Бюджет жүйесі туралы бірінші заңға қол қойылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әр түрлі деңгейлер бюджеттерінің бірлік қағидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау, 1995 жылы жаңа салық заңнамасын енгізу, сонымен бірге Қазынашылық органдарын құру 1996 жылғы 24 желтоқсанда Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының жаңа заңын дайындауға себеп болды. Заңда бюджет жүйесінің қағидаттары ескерілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері сияқты жаңа ұғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу тоқтатылды.
1999 жылдың сәуірінде Бюджет жүйесі туралы үшінші заң қабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді; тиісінше республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды.
2009 жылы қолданысқа енгізілген Бюджеттік кодекстің жаңа нұскасы бюджет жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Оның негізінде бюджеттікүдерістегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған бюджетті жоспарлауға көшуге сәйкес бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру, қызмет нәтижелеріне қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық бақылауды жандандыру сияқты шешуші салаларды қамтитын үш жылдық бюджет жасалынды. Бюджеттік кодекстің жаңа нұсқасы бюджеттік үдерістің стадиясындағы барлық операцияларды - стратегиялық бағыттар мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру мезетінен - әрбір мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін кешенді бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді. Министрліктер мен ведомстволардың қызметі мемлекеттік қызметтер көрсетуге қайта бағдарланған, жаңа Бюджеттік кодекстің нормалары бюджеттік қаражаттар мен мемлекеттік активтердің пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызуға жетелейді [5, 380-383б].
Экономикалық әдебиеттерде жоспар мен бюджет түсініктері арасындағы айырмашылықтар көрсетіледі. Бірінші термин кеңірек мағынада қарастырылып, кейбір мақсаттарға бағытталған іс-әрекеттердің тәртіпке келтірілген барлық шеңберін қамтиды. Сонымен қатар, бұл іс-әрекеттер тек рәсімделген сапалық бағалаудың көмегімен ғана емес, рәсімделуі мүмкін емес процедуралардың қатарын атап көрсету жолымен де сипаттама алады. Бюджет - іс-әрекеттердің жоспарын құндық тұрғыдан сандық көрінісін сипаттайтын тар мағынадағы түсінік.
Мемлекеттік бюджеттің мазмұны көп қырлы, оның құрамы әртүрлі экономикалық түсіндірмелері бар түрлі үрдістерден тұрады. Осы тұрғыда мемлекеттік бюджет экономикалық құбылыс ретінде ғылыми көзқараспен мынадай сипатқа ие: экономикалық санат ретінде, қаржы жүйесінің орта буыны ретінде және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде.
Мемлекет пен басқа да өндіріс үдерісінің қатысушылары арасындағы көрсетілген қаражат бөлу қатынастары мемлекеттік бюджет деп аталатын ерекше қаржы санатының мазмұнын құрайды. Бюджет термині белгілі бір кезеңдегі қаржы кірісі мен шығысының жазылған тізімін білдіреді. Мемлекеттік деген анықтама аталған тізімнің мемлекет иелігінде екенін айқындайды, яғни, мемлекеттік бюджеттің өміршеңдігі сол мемлекеттің бар болуымен алдын ала анықталған.
Бюджет нақты, объективті түрде негізделген бөлу қатынастарының экономикалық формасы болып, оның мемлекеттік-аумақтық құрылымын және қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша қоғамдық мақсатын орындай отырып, дербес экономикалық, нақтырақ айтқанда, қаржылық санат ретінде қарастырылуы мүмкін. Мемлекеттік бюджет бөлу қатынастарының айқындаушы бөлігі ретінде базистің элементі болып табылады.
Мемлекеттік бюджет дегеніміз - қоғамдық қатынастардың барлық салаларын қамтитын, ең алдымен көп қырлылығымен, кең өрісімен сипатталатын ерекше экономикалық санат. Бюджеттің мұндай қасиеттері оны басты қаржы құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық санат ретінде, жалпымемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыру үшін орталықтандырылған ақша қорын құру мен бөлу арқылы, ұлттық табыс пен ұлттық өнім құнын жоспарлы бөлу бойынша қаржы қатынастарының ерекше саласын айқындайды.
Қатынас жүйесіндегі кез келген экономикалық объект өз қасиеттерін қызметтері арқылы көрсетеді. Экономикалық санаттың мағынасы оның атқаратын қызметімен айқындалады.
Бюджеттің бөлу қызметі арқылы аумақаралық және салааралық қаржы ресурстары бөлінеді, қаражат қорлары құрылып пайдаланылады. Аумақаралық қаражат ресурстарын бөлу сәйкес үкімет пен басқару органының бюджет табысын бекітуімен, сондай-ақ түрлі ішкібюджеттік реттеу түрлері арқылы жүзеге асады (субвенциялар, бюджеттік алулар, т.б.). Ақша ресурстарын әр әкімшілік-аумақтық бірлікке аумақаралық бөлу нәтижесінде жеке бюджет қоры құрылады.
Ақша ресурстарын салааралық бөлу бір жағынан, түрлі экономикалық салаларға жататын кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік бюджетке төлейтін төлемдеріне негізделсе, екінші жағынан, түрлі салалар мен өндірістердің қажеттіліктеріне жұмсалатын бюджет қаражатына негізделеді. Мысалы, экономиканың кен өндіруші салаларына деген бюджеттік инвестиция немесе ауылшаруашылық кәсіпорындарын қаржыландыру және т.б.
Қайта бөлу сипаты жеке тұлғалардың салықтарына да тән. Олардың салық түріндегі бюджетке түсімі - екінші қайтара бөлу актісі болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу қызметінің екінші ерекшелігі операциялар ауқымының кеңдігінде, ақша ағымдарының көп арналы және құрылатын мақсатты қорлардың әртүрлілігінде. Мемлекеттік бюджет ұлттық табыстың шамамен жартысын қайта бөле отырып көптеген арнайы мақсатты қорлар құрады.
Үшінші ерекшелігі, негізгі бөлу объектісі болып қоғамның таза табысы табылады. Дегенмен, бұл ұлттық табыс пен ұлттық байлықтың басқа да элементтерін жартылай бөлу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Соның ішінде түрлі тікелей және жанама салықтар көмегімен бюджет арқылы жеке тұлғалар жалақыларының бір бөлігі қайта бөлінеді.
Осылайша, мемлекеттік бюджеттің бөлу қызметі көпсатылы бөлу сипатына ие, ол қоғамдық қатынастардың барлық салаларында көрініс табады, мемлекет экономиканың, ғылымның, денсаулық сақтау саласын, мәдениетті, қорғаныс саласын, басқа да мақсатты бағыттарды дамыту үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік бюджеттің бақылау қызметі экономикамен үйлесімді байланыста болуы бюджеттің бөлу үдерісінің түрін, пайда болатын жағымды және жағымсыз беталыс бағытын көрсете алады. Бұл тұрғыда, бюджет қаржы санаты ретінде экономиканың айнасы деп айтуға болады. Бюджет табысындағы және бюджеттік қаржыландырудағы жағымсыз ауытқулар - белгілі бір сала қызметіндегі ақаулар туралы белгі болып табылады. Бұл мұндай ауытқулардың себептерін табу мен сәйкесінше мән беру қажеттілігін туындатады. Сондай-ақ, мұндай белгілер уақытылы бюджет теңсіздігін табу мен оларды жою үшін іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бақылау қызметі бюджеттің объективті қасиеті болып табылады және де оның табиғатынан бөлу санаты ретінде айқындалады. Кез келген бөлу бұл үдерісті бақылаумен қатар жүргізеді.
Бюжетке объективті түрде тән бақылау қызметі, оның экономикалық санат ретіндегі ерекшелігі арқылы мемлекеттік бюджеттік бақылау түріне ие болады. Бақылау қызметі тегеурінді қасиетке ие бола отырып экономиканы және мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалануды басқаруда әсерлі құрал ретінде пайдаланылады. Бюджет бұл қасиеті арқылы субъектінің дұрыс экономикалық дамуының ауытқу индикаторы ретінде қызмет етеді. Бюджеттік бақылаудың нәтижелері арқылы қаржы тәртібін бұзушы, бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсауға жол беретін субъектілерге әсер ету шаралары қолданылады, сонымен қатар, анықталған қаржы тәртібін бұзушылықты жою бойынша шаралар жүзеге асырылады.
Ақпараттық қызметі. Бюджет - елдің ағымдағы экономикалық ахуалының, саяси жағдайының көрсеткіші болып табылады. Оның құрылымындағы кіріс пен шығыс бөлімдері арқылы мемлекет саясатының басымдылықтарын, қызығушы жекелеген топтардың оған әсер ету ауқымын білуге болады. Оның үстіне бюджет туралы заң кезекті жылға жоспарлы құжат ретінде жасалатындықтан, ол болашақ экономикалық жағдайдың болжамы ретінде көрініс табады. Тек қана мемлекеттік мекемелер ғана емес, сондай-ақ, экономика секторының мемлекеттік емес ұйымдары да, қарапайым азаматтар да, оны өңдеумен бірге жүретін елдің негізгі көрсеткіштерін болжамды есептеулеріне қарап бағдар алады. Заңға енгізілетін жоспарлы-болжамды көрсеткіштер арқылы қоғамда белгілі бір күтулер қалыптасады, олар өз кезегінде жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.
Қоғамдық қалауларды институционалдау қызметі. Демократиялық мемлекеттерде бюджет туралы заң қабылданбас бұрын міндетті түрде бұл мәселе Парламентте қаралуы керек. Бұл кезеңде үкімет жасаған заң жобасына өз сайлаушыларының мүдделерін ескере отырып депутаттар түзетулер енгізеді. Осылайша, бюджеттің құрылымы мемлекеттік саясатқа қатысты қоғамдық қалауларды көрсетеді. Өкілетті демократия механизмдері арқылы бұл қалаулар кіріс немесе шығыс баптарында нақты сандар арқылы көрініс табады.
Реттеу қызметі. Нарықтық экономика жағдайында қаржы жүйесі мемлекеттік реттеудің негізгі құралы болып табылады. Ал бюджет болса, сол қаржы жүйесінің орталық буыны ретінде есептеледі. Экономикалық саясат саласындағы кез келген маңызды шешімдер қаржылық қамсыздандыруға ие болуы қажет, сондықтан да олар сәйкес бюджеттің шығындарымен бекітіледі. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларына қаржы жұмсай отырып, мемлекет халықтың әлеуметтік дамуы мен өмір сүру деңгейін реттеп отырады. Экономиканың жеке салаларын қолдауға жұмсалатын қаржы көмегімен нарықтық көзқарас бойынша тиімсіз болып табылатын қоғами маңызды тауарлар мен қызметтер өндіріледі. Бюджет аймақтық саясаттың құралы болып табылады, себебі донор-аймақ қаржысы арқылы экономикалық даму мүмкіндіктері жеткіліксіз және төтенше жағдайлар салдары орын алғанда, депрессивті және дағдарысты аумақтарға қолдау көрсетуге жұмсалады.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекеттік бюджеттің рөлі келесідей:
1) Экономиканың қазіргі заманғы даму кезеңінде мемлекеттік бюджет экономикалық және әлеуметтік саясат жүргізуде мемлекеттің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Бюджет шығыстары мен кірістерін жоспарлауда мемлекет экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізу үшін, экономикалық дағдарысқа төтеп беру үшін қаржы құралдарын өз қолында шоғырландырады. Ұлттық шаруашылықты, жалпыреспубликалық іс-шараларды қаржыландыру үшін орталық мемлекеттік билік қолында жыл сайын ұлттық табыстың айтарлықтай үлесі шоғырлануы қажет.
2) Мемлекеттік бюджет экономиканың дамуына әсер етуші құрал болып табылады. Мемлекеттік бюджет арқылы қоғамдық өндірістің құрылымын анықтайтын ұлттық табысты қайта бөлу жүзеге асады. Шаруашылық реформалар жағдайында мемлекет өндіріске әсер етудің бюджеттік әдістерін өзгерте отырып экономикадағы өз позициясын күшейтеді. Экономикаға әсер етудің тікелей және жанама түрлерін қолдана отырып мемлекет шаруашылық субъектілерге субсидиялар береді, мемлекеттік инвестициялар құяды, инновациялық өрлеуді анықтайтын салаларды бюджеттік қаржыландырумен қамсыздандырады, соңғы нәтижесінде халықшаруашылықтық пропорцияны өзгертуге қол жеткізеді. Экономиканы реттеуде бюджеттік механизмді пайдалану мемлекет қарамағына түсетін қаржыны орағыта пайдалану арқылы жүзеге асады. Бұл қоғамдық өндірістің даму сәйкестігі мен ырғағына мақсатты түрде әсер етуге мүмкіндік береді.
3) Мемлекеттік бюджет әлеуметтік сала мекемелерін - ағартушылық, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын-үй құрылысын бюджеттік қаржыландыруды жақсарту арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік үдерістердегі рөлін күшейту әлеуметтік түрленудің қаржылық негізі болып табылатын бюджет қаражаты мен бюджеттік емес қорлардың артуымен, халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа жоғары деңгейге өтуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет, азаматтардың материалдық бөліну салдарын біркелкі етуді және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз етеді.
Бюджеттің экономиканы басқаруда маңызды құрал ретінде қолданылуы оған тән маңызды сипаттармен айқындалады: ол заң күшіне ие; бюджетте, қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қоғамдық өндірісті дамыту, оның тиімділігін арттыру бағдарламалары ретінде көрініс табады.
4.1 Бюджет жүйесінің құрамы және құрылымы
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру үдерісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастарға байланысты пайда болады. Осы элементтердің барлығы - бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы - бюджет құрылысын құрайды.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттік құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады. Ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді.Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
1. мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет;
2. федерация мүшелерінің бюджеттері, мысалы: АҚШ-та - штаттардың, ГФР-да - жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері;
3. жергілікті бюджеттер.
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық бюджет және жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
ҚР-ның бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады. Өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет [7, 343-344б].
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады (1сурет).
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН БЮДЖЕТ
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН БЮДЖЕТ
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕР
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕР
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ
Астана бюджеті
Астана бюджеті
Республикалық маңызы бар қала бюджеті
Республикалық маңызы бар қала бюджеті
ОБЛЫС БЮДЖЕТІ
ОБЛЫС БЮДЖЕТІ
Аудан бюджеті
Аудан бюджеті
Облыстық бағыныстағы қала бюджеті
Облыстық бағыныстағы қала бюджеті
Облыстық бюджет
Облыстық бюджет
ҰЛТТЫҚ ҚОР
ҰЛТТЫҚ ҚОР
Сурет 1. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесі құрылымы
Ескерту. Құлпыбаев С., Мельников В. Д. Қаржы негіздері: Оқулық. - Алматы LEM, 2009 [5, 378б]
Шоғырландырылған бюджет - республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін және олардың арасындағы өзара өтелетін операцияларды ескерместен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қоры. Шоғырландырылған бюджетті заңнамалық билік органдары бекітпейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.
Шоғырландырылған бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
республикалық бюджет;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетінбюджетке түсімдер мен олардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударымдары.
Қазақстан жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет - бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет - облыстық бюджеттер, қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудандарды қоспағанда) бюджеті.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық қорыелдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Жергілікті бюджеттер жүйесі мемлекеттік құрылымдық пен тиісті әкімшілік-аумақтық бөлімге негізделеді. Жергілікті бюджеттер республиканың бюджеттік жүйесінің екінші деңгейі және облыс, республика маңындағы қала, астана, аудан, облыс маңындағы қала бюджеттерін құрайды. Бұлардың барлығы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша биліктің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz