Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтерін дамыту мәселелері және бағыттары


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Сексенбаев О.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтерін дамыту мәселелері және бағыттары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В051000- мамандығы - «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Талдықорған 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіІ. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті«Қорғауға жіберілді»Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасыАға оқытушыБекметова А. К.ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЖергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтерін дамыту мәселелері және бағыттары5В051000-мамандығы бойынша- «Мемлекеттік және жергілікті басқару»Орындаған Сексенбаев О.Ғылыми жетекшісіаға оқытушыБекметова А. К.Талдықорған 2015:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы

Аға оқытушы Бекметова А. К.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтерін дамыту мәселелері және бағыттары

5В051000 - мамандығы бойынша - «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Орындаған Сексенбаев О.

Ғылыми жетекшісі

аға оқытушы Бекметова А. К.

Талдықорған 2015

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1 ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСТАРЛАРЫ . . .
3: 7
КІРІСПЕ . . .:

1. 1 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың саяси-құқықтық

негіздері . . .

3: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы . . .
3: 20
КІРІСПЕ . . .:

1. 3 Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың шетелдік тәжірибесі

және оны елімізде қолдану мәселелері . . .

3: 37
КІРІСПЕ . . .: 2 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН СИПАТТАУ . . .
3: 44
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Алматы облысы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін талдау . . .
3: 44
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Ақсу ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін бағыттары . . .
3: 50
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 Жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің мәселелері . . .
3: 56
КІРІСПЕ . . .: 3 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ . . .
3: 63
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін және олардың мемлекеттік басқару органдарының өзара байланысын жетілдіру жолдары . . .
3: 63
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Жергілікті өзін-өзі басқару органдары мәселесінің мемлекеттік маңыздылығы . . .
3: 70
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 75
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 80

КІРІСПЕ

«Нұр Отан» партиясының XVI съезінде (11. 03. 2015) ҚР Президенті «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа» атты сөйлеген сөзінде институционалдық реформаның бірінші бағыты ретінде: экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды тапсырды [1] .

Мемлекеттік басқарудың маңызы да әсерлі механизімі ретінде жергілікті өзін-өзін өзі басқаруда осы реформалық бағытқа жатады.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған жылдары ішінде экономиканы дамыту және қоғамды демократиялауды нарықтық жолға қою бойынша реформалар жүргізілді. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның алғашқы жылдарында басымдылықты көңіл мемлекеттілікті бекіту, күшейтуге, халықаралық аренада орын алуға, әлеуметтік экономикалық сферада реформалар жүргізуге аударылды. Дамудың қазіргі кезеңінде, яғни тәуелсіздіктің жалпы ұлттық негізі құрылған шақта басымдылықты тапсырмалардың бірі жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару жүйесін реформалау, бір сөзбен айтқанда мемлекетік басқаруды орталықсыздандыру болып табылады. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтерін дамыту мәселелерін анықтау және даму бағыттарын ұсыну дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың құрылымы мен кәсіби деңгейін жақсарту мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы құжатта атап көрсетілгеніндей, үкімет неғұрлым маңызды және жалпымемлекеттік міндеттерді шешумен айналысып, әрбір министрлік пен басқарушы орган өздеріне тән емес функцияларды орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылу арқылы өз жұмысын жетілдіре беруге міндетті болды.

Міне, осы құжатта көрсетілген міндеттер Елбасы Н. Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты елдің ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі бағыттарын айқындайтын Жолдауында тағы да нақтыланды. «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту» деп аталатын баяндамасында жергілікті өзін-өзі басқару жөнінде мыналай нақты ойлар айтты: «Конституцияның жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі бөлімінде іргелі өзгерістер болады. Біздің елімізде мәслихаттар жергілікті халық жергілікті міндеттерді шешу үшін сайлайтын өкілетті органдар ретіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болады» [2, 1 б. ] .

Бұл ой бір күнде дүниеге келіп, Парламенттің алдында жария етіле салынған жоқ, ол көптеген жылдар бойғы тәжірибенің нәтижесі. Ол жөнінде Президент өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқы алдындағы Жолдауларында, елдегі әкімшілік реформаларды дұрыс жүргізу жөніндегі ұсыныстарында елге барынша түсіндіруге тырысып келеді.

Демократияландырудың бүгінгі жағдайындағы барысын ескерсек, жергілікті басқарудың барлық механизмдерін бірден сайланған әкімдердің қолына беру үлкен саяси-экономикалық келеңсіздіктерге соқтыруы мүмкін. Өйткені, қазіргі сайлау-басқару мәдениетінің әртүрлі деңгейде болуы, саяси-әлеуметтік ахуалдың күрделілігі, халықтың өмір сүру деңгейінің сапалық көрсеткіштерінің де бірдей еместігі және шаруашылық мәселелердің екінші деңгейге ысырылып тасталуы, ұлттық-рулық айтыс-тартыстардың тууына себепкер болуы сияқты мәселелердің бар екендігі рас.

Оған дәлел ретінде дамудың жаңа сатысының логикасына саяси жүйені модернизациялаудың сәйкес келу жөнінде міндет қойылып, оны шешу мен жетілдіру жолдары да айқын көрсетілгендігін айта аламыз.

Осы алға қойылған мақсатқа жету үшін мемлекеттің басқару орындары толықтай қамтылып, бір тізбекпен жұмыс жасауы қажет. Ол жергілікті басқару органдары қызметінің тиімділігін арттыруды да білдіреді. Жергілікті орындардағы мемлекеттік басқару жүйесі сапалық жақсартуды талап етеді. Реформалар салмағының өңірлерге көшірілуін және бірқатар функциялар мен өкілеттіктердің жергілікті деңгейге берілуін ескере отырып, Үкімет әкімдермен бірлесіп жергілікті мемлекеттік басқаруды жетілдіру және жергілікті орындардағы әкімшілік реформаларды белсенді ету жөнінде шаралар кешенін қабылдап келеді. Мұның бары осы тақырыптың өзекті екенін дәлелдейді.

Зерттеудің ғылыми жаңалылығы - Алматы облысы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және Ақсу аудандық мәслихатының қызметтері талданып дамыту мәселелері анықталды және жетілдіру бағыттары ұсынылды.

Зерттеу мәселесінің қазіргі жағдайы - Елімізде экономикалық реформалардың басым бағыттары мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға негізделіп отыр. Осы аталмыш процесті дамыту экономикалық жүйеге, елдің тұрақты әлеуметтік - экономикалық жағдайына байланысты.

Осы мәселе төңірегінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан - 2020: өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту» атты жолдауында басқару тетіктерін министрліктерден аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға беру арқылы орталықсыздандырудың қажеттігі туралы айтты [3, 2 б. ] . Содан бері жергілікті және өзін - өзі басқаруды жетілдіру жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Елімізде жергілікті өзін - өзі басқаруды енгізу, оның қазіргі жағдайына талдау жасау, шетелдік тәжірибенінің оңтайлы тұстарын қолдану және тағы да басқа мәселелерді жүзеге асыруға байланысты қызу қарқынды жұмыстар жүріп жатыр.

Бүгінгі күні қоғамда жергілікті өзін - өзі басқару туралы заң жобасының тұжырымдамасы төңірегінде аз әңгіме қозғалып жүрген жоқ. Бірақ уақыт, заман талабы аталған мәселенің көп ұзамай өмірге енгізілетінін де айғақтап беріп отыр. Бұл туралы Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның бесінші отырысында да жан-жақты сөз болып, қоғам дамуы еліміздегі саяси үдерістерге де қуатты серпін мен жеделдік беріп отырғаны атап көрсетілген болатын.

Қазақстан аумағы кең, сондықтан еліміздің табиғи байлықтарының қалыптасуы, климаттық жағдайлары және тағы басқаларының әлеуеті де әркелкі. Сонымен қатар олар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша да бір біріне ұқсамайды. Мемлекет барлық аймақтардың қажеттіліктерін бірдей деңгейде қанағаттандыра алмайтындықтан, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу қажеттігі туындайтыны заңдылық.

Дәл қазіргі кезде жергілікті мемлекеттік басқару органдары - ауыл, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалар деңгейіндегі әкімдер институттарының жұмыстары тиімді емес, олай дейтініміз жоғарыда тұрған әкімдер үкіметке тәуелді. Жергілікті басқару органдары жеке бюджетке ие еместігі салдарынан, олардың экономикалық жеке қызмет етуге мүмкіндіктерін болғызбайды. Олардың басшыларын тағайындау жүйесі әкімдерде «уақытша» ғана жұмыс істеу туралы ойлау психологиясын туғызады. Сондықтан олардың қызметі негізінен халықтың мүддесін қанағаттандыру мен аумақты экономикалық өсіруге емес, жоғары тұрған органдардың бұйрығын орындауға бағытталады. Міне, осындай жағдайларды біртіндеп жою және оларды болдырмаудың бір жолы - жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу болып табылады.

Зерттеудің пәні - жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтерінің мәселелері және даму бағыттары.

Зерттеудің объектісі - Алматы облыстық және Ақсу аудандық мәслихаттарының қызметтері.

Дипломдық жұмысының мақсаты - Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтерін талдау негізінде дамыту мәселелерін анықтау және жетілдіру бағыттарын ұсыну.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер анықталды:

  • өзін-өзі басқаруің теориялық-әдістемелік астарларын ашу;
  • жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың шетелдік тәжірибесін сипаттау;
  • Алматы облысы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне талдау жүргізу;
  • Ақсу ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін сипаттау;
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің мәселелерін анықтау;
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімділігіне қол жеткізу жолдарын анықтау.

Жұмыстың практикалық маңызы - Зерттеу нәтижелерін мемлекеттік және жергілікті басқару бағытындағы курстарда және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ұйымдастыру процесте пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының теориялық негіздемесі -Жергілікті мемлекеттік басқару органдары жөніндегі ой-пікірді дамытуға шетелдік ғалымдар Хаузер Х. Г., Третнер К. Х., Высоцкий М. А. , Черник Д. Г., Бутаков Д. Д., Рудебек К. және басқалары жарқын із қалдырды.

Экономикалық әдебиеттерде Қазақстандағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары мәселесіне арналған бірқатар еңбектер бар. Отандық ғалымдар Бурлаков И. Н., Воронин А. Г., Лапин В. А., Широков А. Н., Елубаева Ж., Филиппов Ю. В., Авдеева Т. Т., Бурлаков Л. Н., Мацупа Л., Шаекин Р. М. және т. б. жарияланымдарында қарастырылған.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары және даму басымдылықтары мәселелері отандық ғалымдар Жаманқұлов Б., Пірназар С., Сәдірқызы Г., Дәулетбаева Б., Есали А., Ихданов Ж. О., Нүкенов А., К. Мырзагелді және басқалардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Зерттеудің әдістемелік негізі - Диплом жұмысының тақырыбын ашуда салыстырмалы, жүйелі, кешенді, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.

Дипломдық жұмыстың практикалық базасы - Алматы облыстық және Ақсу аудандық мәслихаттары.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекетті басқару мәселелерінің теориялық-әдістемелік астарлары қарастырылды. Осы бөлімде жергілікті өзін-өзі басқарудың маңызы, заңдық қалыптасуы негіздері мен дамуы, даму барысы мен болашағы, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың шетелдік тәжірибесі және оны елімізде қолдану мәселелері қарастырылған.

Екінші бөлім Алматы облыстық және Ақсу аудандық мәслихаттарының қызметтерінің қазіргі жағдайы және құрамы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне талдау жүргізілген.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімділігіне қол жеткізу жолдары ұсынылды.

1 ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК АСТАРЛАРЫ

  1. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың саяси-құқықтық негіздері

«Жалпы, республикадағы конституциялық реформа жеке адам мен қоғам мүддесіне сай жүргізілуде және демократиялық үдерістердің әрі қарай жылжуына, халықтық билік институттарының қалыптасуына бағытталған, бұның саяси жүйе мен отандық парламентаризмді жетілдіруге жағдай туғызатыны сөзсіз» [4, 2 б. ] .

Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23-ші қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2009 ж. 13-ші ақпанында № 35-37 (25779-25781) «Аталмыш заңда қолданылатын негізгі ұғымдар» 1-ші бабының 9-шы тармағына өзгертулер енгізілді «жергілікті өзін-өзі басқару - тікелей халық, сондай-ақ, мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы іске асырылатын, жергілікті деңгейдегі мәселелерді өз жауапкершілігімен, аталмыш заң және басқа да нормативті құқықтық актілермен айқындалған тәртіпке сай шешетін қызмет түрі»; 10-шы тармақ «жергілікті өзін-өзі басқару органдары - аталмыш Заңға сәйкес, жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелген органдар»; 11-шы тармақ «жергілікті өкілетті орган (мәслихат) - облыс (республикалық мәндегі қалалар мен астаналар) немесе аудан (облыстық мәндегі қалалар) халқымен сайланатын, халықтың еркін білдіретін және оның іске асырылуына қажетті Қазақстан Республикасының заңымен айқындалатын өлшемдерге сәйкес олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланушы орган» [5, 7 б. ] .

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдары халық алдында жауапты болып табылады» [6] .
Үкіметтің аталмыш түзетулері жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жоғарыдан төмен орталықсыздандыруға, аудандар мен тұрғын аймақтарға көбірек дербестік беруге, жергілікті билік органдарының жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешудегі құзыреттерін күшейтуге, республиканың елді-мекендерін шынайы муниципализациялауға бағытталған. Осыған байланысты, аумақтық бөліністің төменгі деңгейдегі (муниципалды) жергілікті өзін-өзі басқару мен жоғары деңгейдегі (аудандық) жергілікті мемлекеттік басқарудың сәйкестенуіне негізделген басқару жүйесі қалыптасады. Дәл осыған ұқсас үлгі Франция, Польша және басқа да мемлекеттерде тиімді қызмет етуде және ол тоталитарлық жағдайлардан кейінгі Қазақстанның дамуына әбден сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2009 ж. 18-ші ақпанындағы «Жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолындағы Қазақстан» деп аталатын жолдауында былай деп айтылды: «Атқарушы биліктің билікті әрі қарай орталықсыздандыруға, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және реттеуге бағытталған реформаларды әрі қарай жалғастыру керек». Сонымен бірге Президент жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты нақты тапсырмалар берді: «Үкімет Парламент қарауына мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілетіктерді шектеу үрдісін аяқтайтын және Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды айқындайтын заң жобасын жасап, енгізуі тиіс. Үкімет Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуын қолдайтын Мемлекеттік бағдарламаны жасау керек. Атқарушы билік қызметінің жариялылығы қалыпты жағдайға айналу тиіс. Орталық билік деңгейіндегі мемлекеттік қызметтердің артық санын, өкілеттіктердің бір бөлігін жергілікті билік органдарына беру арқылы қысқарту қажет» [7, 3 б. ] .

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың негізгі қағидалары ретінде мыналар анықталды: кезеңдердің жүйелілігі мен біртіндеп жүзеге асуы; реформалаудың кешенділігі мен ұсынылған шешімдердің жүйелі болуы; айқындылық; қабылданған шешімдердің іске асырылуын тұрақты бақылау; тартылған барлық мемлекеттік органдардың өзара қатынастарының тиімділігі.

«Конституциялық реформалар аясында, мәслихаттардың жалпы мемлекеттік билік жүйесіндегі рөлі мен орны жаңаша айқындалды. Елдің Конституциясына Қазақстан Республикасының 2007 ж. 21-ші мамырынан қабылданған «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруға байланысты мәселелер тұжырымды түрде шешілді. Біріншіден, қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына жол берілмейді деген норма алынып тасталды. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқару тікелей халықтың қатысуымен, сондай-ақ, мәслихаттар және басқа да жергілікті қауымдастықтардағы халық тығыз мекен ететін аймақтарды қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен іске асырылады деп айқындалды. Заңға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарына кейбір жеке мемлекеттік қызметтер берілуі мүмкін. Сонымен, Қазақстанда азаматтарға басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру құқығын беретін және қажетті өкілеттігі бар мәслихаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру үшін негіз жасалды.

Бүгінде біз жергілікті басқаруды реттейтін бір ғана заңды білеміз, ол - ҚР 2001 ж. 23-ші қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң. Ал «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» арнайы Заң Қазақстанда жоқ. Конституцияның 92 бабының 2-ші тармағына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң Конституция өз күшіне енгеннен кейінгі екі жыл аралығында қабылдануы керек болатын. Мұндай заңды қабылдауға бірнеше талпыныс жасалған болатын. Ол екі рет Парламентке кіргізілді, бірақ екеуінде де, қайта қарау үшін қайтарылып берілді. Қазір де, «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 ж. 13-ші наурыздағы № 188 Үкімімен қайта шақырылды. Өйткені, Үкіметпен ұсынылған жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жоба, бюджетпен қамтамасыз ету бөлімінде, сондай-ақ, азаматтардың басқаруға қатысу құқығын іске асыру бөлімінде де халықаралық стандарттарға сәйкес келмеді. Жергілікті өзін-өзі басқару тетігі іс жүзінде жұмыс жасауы үшін заң жобасының идеологиясын, елдің бюджеттік және салықтық жүйесін өзгерту керек.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметінде «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жекелеген қағидаларын іске асыру мақсатында жасалған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасы қарастырылуда. Заң жобасы Конституциямен бекітілген мәслихаттардың мәртебесін ескеріп, жергілікті өзін-өзі басқаруды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер, кеңестер, қоғамдық ұйымдар және басқа да қазіргі заңға қайшы келмейтін формалар арқылы жүзеге асыруды ұсынады. Сондай-ақ, заң жобасында мәслихаттардың рөлін күшейту, Парламент Сенаты депутаттары өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтатуға қатысты мәслихаттардың өкілеттіктерін жүзеге асыру тәртібін қарастырады. Заң жобасы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастыру тәртібін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін, жергілікті қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, меншік мәселесін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының кірістері мен шығындарын реттейді. Жоғарыда айтылғандардың бәрін «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңды қабылдау арқылы жүзеге асыру ұсынылады.

Сонымен, Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды қабылданған заң актілеріне сәйкес қалыптастыру үдерісі белсенді түрде жалғасуда. Құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржылық-экономикалық сипаттағы мәселелердің көп болуына қарамастан, жергілікті өзін-өзі басқару өз жұмысын жалғастыруда».

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ш. Өтемісов: «Халықаралық сарапшылардың пікірінше, қазақстандық үлгі халықаралық тәжірибеге сай келеді, өйткені, көптеген мемлекеттерге жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды біріктіретін аралас үлгі тән», - деп көрсетеді [8, Б. 77-82 ] .

Жаңа «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы Заңды» қабылдау кезінде кадрлық мәселеге де назар аударған жөн. «Аймақтардағы мемлекеттік басқару жүйесі сапалық жақсартуды қажет етеді. Бұл жұмысты кадрлық қорларды басқару сапасын көтеруден бастау керек. Әрбір ауданда кадрлық қор болу керек» деген тұжырым өте орынды айтылған [9, 64 б. ] . «Басқару, ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер де болғандықтан, - деп көрсетеді әрі қарай Б. Жүсіпов, - басқару шешімдерін қабылдаудағы түйсіктің рөлі өте жоғары және өте жауапты болады. «Қазір, біздің ел саяси және экономикалық шешімдерді іздеу кезеңінде тұрған кезде кез-келген деңгейдегі басшының мынаны түсінуі өте маңызды: фирманы, кәсіпорынды не мемлекетті сәтті басқару тек басқарудың ғылыми негіздерін және осы білімдерді шығармашылық түрде қолдана білгенде ғана, яғни басқару өнерін иеленеген жағдайда ғана жемісті болуы мүмкін»

Сонымен, біздің елдің алдында жергілікті өзін-өзі басқарудың қажетті экономикалық, саяси, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыру міндеті тұр. Бәрінен бұрын, жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу үшін қажет болатын бюджеттік қаражаттың экономикалық-қаржылық есебі керек. Мемлекеттік деңгейде жергілікті өзін-өзі басқару негіздерін түсіндіру, қоғамдық пікірді, бірінші кезекте, ғалымдардың пікірін, сондай-ақ, аталмыш мәселе бойынша үкіметтік емес ұйымдардың пікірін айқындау және талдау саясатын жүргізу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару іс-әрекетінің өнімділігін көтеру мәселелері
Өзін - өзі басқарудағы реформалар және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ: БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
Муниципалды менеджмент басқарудың жаңа жүйесі
ҚР саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті: өткеруі мен тоқтатуының ерекшеліктері
ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
Жергілікті шаруашылықты басқарудың экономикалық негіздері
Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің теориялық негіздері
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары және олардың қаржы - экономикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz