Стевия интродукциясы мен оның ғылыми-практикалық маңызы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

1-бөлім. Стевия интродукциясы мен оның ғылыми-практикалық маңызы

Интродукцияның фундаментальді және пркатикалық маңызы

Қазіргі таңда интродукция туралы ғылым саласы үлкен маңыздылыққа ие және оны зерттеудегі негізгі бағыты - таралу аймағы мен мәдени және табиғаттағы түрлерінің флористикалық түрлілігін кеңейту, сондай ақ өсімдік ресурстарын қорғау, көбейту және тиімді пайдалану мақсатында жүргізілетін өсімдіктің акклиматизациясы (Лапин П. И., 1978) .

Интродукция бұл (латынша introduction - кіріспе, introductus - кірістірілген, in culturam introductus - мәдени өсімдіктерге кіріспе) - белгілі бір жерде игеру мен пайдалану мақсатында бұрын соңды өспеген, сәйкесінше мәдени жағдайдағы адамға пайдалы өсімдіктің түрлері мен сұрыптарын жаңа аймаққа немесе культивирлеу ауданына ауыстыру (Грозинский А. М., 1980) ; бұл дегеніміз өзіндік түрлік аумағынан жаңа табиғи-климаттық жағдайға ауыстырып өсіру немесе өсімдікті жасанды жағдайда аймақты кеңейту арқылы өсіру (Некрасов В. И., 1980) . Интродукционды өсімдіктерды адамдар жергілікті өсімдіктермен түрлі жұмыстар қолданып бірге өсіру арқылы жерсіндендіріледі. Олардың бірі декоративтік өсімдіктер, оларда өзіндік бояу, гүлшоғыры, гүлдері, басқа да - дәмді тұқымдары мен дәндері бар, басқалары ерекше иісі мен емдік қасиеттеріге ие. Жаңашыл ботаника ғылымында интродукцияны кең ауқымда қарастыру керек деп есептейді, сәйкесінше, оның мақсаты ретінде өте ұқыпты таңдалынған, пайдалы өсімдік ресурстарын өніп-өсудің жаңа жағдайларына алмастыруға негізделген (кейде жаңа табиғи орта) және оларды жанжақты, кешенді зерттеу мен түрлі мақсатқа қолдануға меңгеру (Андреев Л. Н., 1998; Агаев М. Г., 2000; Кириченко Е. Б., 1998; Кузьмин З. Е., 1998; Коровин С. Е., Демедов А. С., 1998) . Айта кететіні, интродукционды зерттеу жұмыстары өсімдіктерді жаңа табиғи-климаттық жағдайларға ауыстыру үшін жасалынған әдістерді құрастыруға, қоршаған ортаның өзгерген факторына өсімдіктің әсері мен өсімдікке жат ортада өсімдікті сынау мақсатындағы нәтижелерге баға беруге арналған ғылыми бағыт болып есептелінеді (Некрасов В. И., 1980) . Интродукционды зерттеулер көпжақты және ұзақ уақытты алады, өсімдіктерге бір-бірінен климаттық, топырақ және тағы басқа жағдайлары бойынша ерекшелінетін түрлі аудандарда сынақ жүргізуді талап етеді (Гродзинский А. М., 1969) . Сондай ақ, бір түрге жататын, бастапқыда түрлі аудандарда өскен өсімдіктер сыналады. Тағы айта кететіні, өсімдікті табиғи жағдайға қарағанда мәдени жағдайда зерттеу мүмкіндігі кең, әсіресе белгілі елді мекенде түрдің таралуы жойылған болса.

Ғылыми зерттеулердің теориялық дәрежесі мен эффективтілігін жоғарылату үшін жаңа интродукционды өсімдікті ботаникалық зерттеулердің дәстүрлі әдістерінің жиынтығын да, басқа да биология ғылымдарының қазіргі заманғы әдістерін де қолданатын интегральді ғылым ретінде қарастыру керек. Сондықтан өсімдіктердің қазіргі заманғы интродукциясы зерттеудің пәнаралық саласын көрсетеді (Андреев Л. Н., 1998; Агаев М. Г., 2000; Кириченко Е. Б., 1998; Коровин С. Е., Демидов А. С., 1998) .

Интродукция туралы жұмыстарда зерттелініп жатқа өсімдіктің тіршіліктің бастапқы ортадан айтарлықтай айырмашылығы бар жаңа жағдайларына бейімделе алмайтындығы сияқты құбылыс та қарастырылады. Бұл өсімдіктің генотиптің реакциясының нормасы қоршаған ортаға байланысты өзгеретініне байланысты. Негізінде өсімдіктер тек қалыпты аймағымен ұқсас климаттық орталарға ғана бейімделе алады. Олардың сәтті интродукциясы бастапқы өсімдікке қарағанда экологиялық тұрақты жаңа сұрыптар мен формаларды енгізуге байланысты. Аккиматизация өсімдіктердің жаңа ортаға бейімделуі табиғи және жасанды сұрыптау негіндегі генетикалық өзгерістер есебінен жүрген жағдайда адамның қалыпты тұқымқуалаушылығына белсенді түрде бөгет жасауы (Агаев М. Г., 1998; Виноградова Ю. К., 1998; Коробова М. М., 1998; Некрасов В. И., 1980) . өсімдіктерді жаңа экологиялық жағдайларға ауыстыру кезінде олардың табиғатын өзгертуге арналған маңызды алыстан будандастыру әдісі (Цицин Н. В., 1974) . Акклиматизацияға бейімделмейтін немесе ауыр бейімделетін өсімдіктерді жерсіндіруге байланысты сұрақтардың көбісі жеке будандастырумен және генетиканың замануи әдістерінің көмегімен ғана шешуге болады (Цицин Н. В., 1974) .

Сәйкесінше, интродукционды мақсатта ғалымдар флораны байытып қана қоймай, онда жоқ өсімдіктерді енгізеді де, яғни жаңа сұрыптарды ойлап тауып, жаңа өсімдік қауымдастығын ойлап табуға талпыныс жасайды.

Интродукция теориясыН. И. Вавилов (1923-1933), Н. В. Цицин (), П. М. Жуковский(), Гродзинский А. М. () сияқты ғалымдардың еңбектерінде талқыланған және де қазіргі таңда РФ-ның ботаникалық саябағы мен ғылыми-зерттеу институттарында зерттеу жұмыстары белсенді түрде дамып жатыр.

Өсімдік интродукциясы саласындағы сәттілік көптеген факторларға тәуелді. Интродукционды әрекеттің бастапқы бөлімі ретінде нысана өсімдікті таңдау мен оның биологиясын зерттеу болып табылады (Цицин Н. В., 1974) . Табиғи жағдайдан мәдени жағдайға өсімдікті ауыстыру кезінде өсгергіштігін зерттеу мен бағалау - интродукция бойынша жүргізілетін эксперименттердің негізгі тапсырмаларының бірі (Лапин П. И., 1978) .

Интродукциондық мүмкншіліктің шегін анықтау үшін өсімдіктің сыртқы үлгісінің және ішкі құрылысының ерекшеліктеріне, ортаның экзогенді жағдайларымен осы үлгі арасында байланысты тудыра отырып зерттеу жүргізу керектігі ұсынылады.

Өсімдік организмі биотикалық және абиотикалық факторларға спецификалық және спецификалық емес бейімделушілік реакциясын көрсетеді. Бұл ең алдымен вегетативті органдарға (жапырақтың формасы мен көлеміне, мамықтануының интенсивтілігіне) тән қасиет. Жаңа тіршілік ортасы онтогенездің барлық жақтарына әсер етеді, морфогенездің фазаларының өту мерзімінің өзгеруіне алып келеді, т. б. интродукционды өсімдіктердің дамудың маусымдық ырғақтығына анализ интродукция нәтижесіне болжам жасауға көмектеседі (Лапин П. И. 1978) . Органогенездегі өзгерістер өсімдіктің жаңа ортаға бейімделгіштігіне көрсеткіш ретіде қарастырылуы мүмкін. Олар сонымен қатар өсімдіктің даму кезеңінің генеративті ерекшелігіне де таңба қалдыра алады (генеративті органдардың орналасуына, олардың қалыптасуы динамикасына, тұқымның және дәннің даму дәрежесіне), репродуктивті органдарының өзгеруіне алып келеді (Некрасов В. И., 1980) . Сондай ақ сыртқы орта жағдайларының өзгеруі өсімдіктің алллопатиялық әсерінің пайда болу дәрежесіне әсер етеді (Гродзинский А. М., 1973) . Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары кезіндегі бейімделу құбылыстарының көрінуі тұқымдық репродукцияда және ұрпақ өзгерген кезде жүзеге асады, сондықтан интродукционды зерттеулерде өсімдіктің генеративті жағын, гүл шығару мен жеміс беруін, тұқымның биологиялық жетілуін, олардың морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу маңызды. Өсімдіктің мүшелері мен ұлпаларының морфологиялық-анатомиялық құрылымының өзгеруімен қатар түрлі физиологиялық функциясы мен биохимиялық қышқылдану-қайта қалыптандыру процестерінің құрылымында өзгерістер жүзеге асады (Некрасов В. Н., 1980) . өсімдік организмінің дамуының заңдылықтарын түсіну арқылы ғалым-нұсқаушы олардың бағытын керекті жолға бұру арқылы өзгерте алады. өсімдіктің өсуі мен өнуіне жаңа орта жағдайлары қалай әсер ететінін біле тұра адам ондағы процестерге басшылық жасай алады, сөйтіп керекті алқапқа қол жетізеді (Лапин П. И., 1978) .

Мәдени өсімдіктердің немесе олардың қатарына қосылатын өсімдіктердің өнімділігі өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты, сондай ақ белгілі өмір сүру жағдайларын туғызуына байланысты: жарық, температура, топырақ, фотосинтез тудырушы жағдайлар, минералды қоректенуі, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтау жағдайлары. өсімдік өзінің даму процесі кезінде өну жағдайларына байланысты белгілі талапты қалыптастырды, яғни кері интродукционды әсер бастапқы тұрғылықты жерге байланысты жаңа экологиялық-топырақты аймақтың нәтижесі бола алады. Осыған орай, өсімдік интродукциясы туралы ғылыми жұмыстар тек жақсарту мен жаңа сұрып алу бағытында ғана емес, , өнімділікті жақсартатын орта туындатуда да жетістік беруі керек (Лапин М. М., 1965; Лапин П. И., 1978) .

Интродуцирленген өсімдіктерді зерттеуде жоғары маңыздылыққа биохимиялық және физиологиялық зерттеулер, өсіміктердің қорғаныштық реакцияларын анықтау мен олардың төзімділігін арттыратын шығу тегі эндогенді және экзогенді болып келетін физиологиялық активті заттарды сараптау жатқызылады (Лапин П. И., 1978) .

Интродукционды жұмыстың нәтижесі өсімдіктің сипаты мен онтогенезде интродуценттің даму уақытын, тұқымды материалды алу мүмкіндігі мен мерзімін және т. б. анықтайтын өсімдікті өсіру әдісіне байланысты. Ашық алаңда өсірілген индуцирленген өсімдік үшін агротехникалық әдістер қолданылуы мүмкін (суару, тыңайтқыш енгізу, егу әдісі, өсуді қалыптандырғыштарды қолдану) (Некрасов В. И., 1980) . Интродуцирленген өсімдіктердің тұқымдық көбеюдің ерекшеліктерін зерттеуіне де назар аударылуда. Интродукцияның эффективтілігін көтеру мақсатында репродуктивті органдардың, гүлденудің, тұқымдануың жетілуін және дәннің шығуын қиындатанын жағдайлармен күресуді жеделдететін әдістер ойлап табылуда (Цицин Н. В., 1974) . Интродукционды зерттеулерде зиянкестермен және жергілікті фауна мен флораға тән патогенді организмдермен күресу шаралары да қарастырылған (Цицин Н. В., 1974) . Интродукционды зерттеулерде өсімдіктің вегетативті көбею әдістерінің жетілген түрлерін қолданады (Лапин П. И., 1978) . Өсімдіктерді жабық жерде өсіруің мүмкіндігі күннен күнге артуда. Толық бақылау жағдайында өсімдікті өсіру өнімділікті арттыру мақсатында олардың өсуін қадағалайтын әдістер қарастыруға мүмкіндік береді.

Айта кететіні, мәдени флораның өкілдерін егу арқылы аумақты кеңейту, көбінесе стевия өсімдігін егу, экологиялық, экономикалық, өндірістік сипаттағы аумақтық кейбір мәселелерді шеше алады.

Интродукцияның маңызды мәніне оның биоалуантүрлілікті сақтау мен өсімдіктер әлемін күзетуге қосатын үлесі (Андреев Л. Н., Головкин Б. Н., 1998) . Қазіргі таңда биоалуантүрлілік ex situ жағдайын сақтау жұмыстары бағаланып, оның маңыздылығы меңгерілуде. Осы сұрақтарды шешу мақсатында біріншіден, интродуцирленген өсімдіктер үшін агротехника әдістерінің теориялық негіздемесі жасалу, екіншіден реинтродукцияның маңызы мен мәні түсіндірілу, үшіншіден, аудандық табиғатты сақтау жүйесінің шаралары жүргізілу қарастырылуда. Бірінші бағыт аясында аз зерттелінген немесе мүлде зерттелінбеген өсімдіктерге ауқымды интродукционды шара жүргізілу керек. Екінші бағыттың зерттемесі табиғи популяцияның санын жасанды түрде көбейту және жүргізілген шаралардың қалыпты ценоз жағдайына әсерінің дәрежесін анықтауға негізделген. Ақырында, үшінші бағыттың дамуы белгілі бір аудандарда, дәлірек айтқанда Орталық Қара теңіз өңірінде интродукционды әдістерді қолдану тәжірибесін арттырумен байланысты.

Осылайша, өсімдік интродукциясын жүргізу шараларына қорытынды жасай келе олардың жаңа табиғи-климаттық жағдайларға бейімделгіштігінің дәрежесі анықталады, олардың қаншалықты дәрежеде пайдалы және шаруашылықтық қасиеті мен нышанын сақтайтындығы айқындалады. Интродукционды зерттеулерге анализ цнтродуценттердің биологиялық даму ерекшеліктерінің, олардың фенологиялыық фазасының, өсу ырғағына, олардың анотомо-морфологиялық құрылысының өзгерісіне, вегетативті және тұқымдық көбеюіне, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына тұрақтылығына, түрлі зиянкестер мен ауруларға негізделіп жасалынады (Некрасов В. И., 1980) .

Интродукценттерді зерттеу олардың өсуі мен дамуына шығу тегі географиялық орналасуы мен экологиялық жағдайының әсері болатыны туралы мәліметтер жинақталған. Төзімділігі төмен дарақтардың эллиминациясына бағытталған қарапайым сұрыпталудан өткен өсімдік төзімділігі жоғары ұрпақ алу үшін, пайдалы белгілерін сақтап қалуда жасалынатын жасанды сұрыпталудан өткен өсімдіктер де, интродукцияның соңғы кезеңінде жаңа ортаға төзімділік көрсеткен тұқымдық ұрпақтар да жаңа интродукционды популяцияның бастамсы болады (Некрасов В. И., 1980) .

Осылайша, интродукция мәселесі жүйелік тапсырмаларды қарастырады және жүйелік амалды талап етеді. Интродуцирленген өсімдік былайша айтқанда белгілі биологиялық жүйеге кіріктірілген. Мұндағы мәселе жалпы биологиялық жүйе болып қалыптасатын жаңа өсімдіктің компоненттердің бір бірімен сәйкес келуі. Бір жағынан, генетикалық информацияның қосымша қоры, гендердің ішкі мүмкін болатын комбинациясы интродуцирленген өсімдіктің жаңа жүйеге бейімделу дәрежесін арттырады. Екінші жағынан, селекционды жақта гендер комбинациясының жасалынуы адамның жұмысы негізгі рөлде болып, ол арқылы басшылық жасалынатын жүйелік процесте жүргізіледі. Жүйелік амал берілген географиялық аймаққа, белгілі ауданға, жаңа топырақтық-климаттық факторға өсімдіктердің адаптациялық ерекшелігіне байланысты мақсаттылық туралы сұрақтарға жауап береді. Жаңа ортаға өсімдік генотипінің ерекше реакцияларын интродукцияның натурализация мен акклиматизация деп аталатын формалары қарастырады. Жүргізілген эксперименттердің нәтижелеріне, онымен қатар қоғамның қажеттілігі мен селекционды жұмыстардың мүмкіндігіне байланысты индуцирленген өсімдіктерді ауылшаруашылық өндіріске кіріктіру, олардың өнімділік дәрежесін арттыру, оның ішінде бастапқы материалдың негізінде жаңа сұрыптарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Мұнда түрлі аудандардағы индуцирленген өсімдіктердің сипаты мен ауыл шаруашылығының эффективтілігін көтеру мен қоғамның толыққанды қажеттілігін өтеу мақсаты бағытындағы зерттеудің активтілігі басты маңыздылыққа ие.

1. 2 Стевия қоңыржай климат жағдайында интродукция о бъектісі ретінде

Адамға пайдалы өсімдіктерді бір ауданнан екінші ауданға алмастыру әлемдік ауыл шаруашылығының дамуының әрдайым негізгі сипаты болатын. Әсіресе интродукцияның көмегімен шығу тегі әртүрлі болып келетін түрлі дәнді және бұршақты дақылдардың, техникалық, көкөністік, азықтық өсімдіктердің (қарабидай, бидай, қант қызылшасы, картоп, т. б. ) аудандары кеңейтілген. қазіргі кезде де жүргізілуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дала жағдайында өскен стевия линияларының биологиялық ерекшеліктері
Стевия өсімдігін тиімді көбейту әдісін дамыту
Функциональды тамақтану
Стевия өсімдігі
In vitro жағдайында стевиядан оқшауланып алынған жапырақ экспланттарының каллусогенез және морфогенез ерекшеліктері
Өсімдіктер интродукциясының пункті
Жас ғалымдардың баспасөзде насхатталуы
Қант және қант өндірісі жайында
Аймақтың климаттық жағдайы
Ағашты және бұталы өсімдік түрлерін интродукциялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz