Мемлекеттік инновациялық саясат аймақтың инновациялық даму деңгейін арттыру механизмі ретінде



Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.1 Инновация ұғымының мәні және даму эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру үлгілері ... ... ... ... ... . 13
1.3 Инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22
2 АЙМАҚТАРДА МЕМЛЕКЕТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
34
2.1 Инновациялық дамудың басым бағыттарын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34
2.2 Алматы облысының индустриалды.инновациялық дамуын бағалау ... ... 40
3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... .. 47
3.1 Қазақстанның инновациялық дамуын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
3.2 Қазақстан Республикасында инновациялық жобаларды қаржылық қамтамасыз ету мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
53
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Әлемдік экономиканың өнеркәсіптік өндіріс және қызмет көрсету салаларының қазіргі технологиялық өзгерістерге негізделген даму үрдістері уақыт талабынан туындайды. Экономикалық өсудің дәстүрлі бағыттарының мүмкіндіктері қанат жая бастаған шақта жаңа үрдістердің, инновациялық үдерістер жүйесінің басымдығы айқындалып отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы экономикалық өсу тағдыры ғылыми сана, инновациялық процестер, жаңа технологиялар, өнімдер мен қызмет көрсетулер үлесінде екендігін білдірсе керек. Инновациялық бағдар тек қана бүгінгі күннің емес, сонымен бірге кез келген сферадағы адамзат іс-әрекетінің болашағын да көрсетеді. Осы орайда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық фактордың маңыздылығын, негізгі мәселелерін, болашағын зерттеу қажеттілігі туындайды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі жаһандану жағдайында қатаң бәсекелестік күреске төтеп беру үшін бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырып, оны модернизациялау және әртараптандыру, яғни инновациялық даму жолына бағыттау кез келген елдің алдында тұрған үлкен міндет. Себебі, инновациялық дамудың өзі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің ең маңызды факторы. Ал, инновациялық дамудың мақсаты – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде сапалы экономикалық өсуге жету.
Қазақстанның қазіргі кезде инновациялық даму жолына бет бұруының өзі елдің әлемдік қатаң бәсекелік күресте экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, жалпы алғанда ұлттық шаруашылықтың кез келген саласы жағынан мықты болу мақсатынан туындауда. Себебі елдің экономикалық жағдайы мен даму болашағын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі – ұлттық бәсекеге қабілеттілік.
ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңынан бастап қазақстандық экономика қалыпты деңгейде өсті. Экономиканың өсуін көптеген экономистер елдің минералды ресурстарын экспорттаудан түсетін түсімдер арқылы, яғни әлемдік рынокта осы тау-кен, мұнай-газ салаларының өнімдеріне деген бағаның жоғарылауымен байланыстырады. Бұл, әрине, қазіргі экономикалық даму қағидаттарына біршама қайшы келеді. Қазақстан ғалымдарының айтуы бойынша: «шикізаттық даму моделі тек Қазақстанның ұлттық мүддесіне ғана емес, әлемдік даму үрдісіне де сәйкес келмейді. Әлемдік экономикада білімді, инновацияны маңызды экономикалық ресурс ретінде пайдалану негізінде экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты». Яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың инновациялық жолына өту кезеңі басталып кетті. Ел Президентінің 2010 жылы «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы» бекітілген. Бұл бағдарламаның түпкілікті мақсаты - іргелі зерттеулерді коммерциялық қолдануға жеткізіп, әлемдік нарықта ғылымды қажет ететін, бәсекеге қабілетті өнімдер шығара алатын кәсіпорындар жүйесін құру, шикізатқа бағытталған экономикадан сервистік-технологиялық экономикаға көшу болып табылады [1].
1 Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналаған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010ж.
2 Шумпетер Й.А. Теория экономического развития. – М.: Прогресс, 1982 – 453с.
3 Бернал Дж. Наука в истории общества. – М.: ИЛ, 1956. – 735с.
4 Кузнец С. Современный экономический рост: результаты исследований и размышлений. Нобелевская лекция // Нобелевские лауреаты по экономике: взгляд из России / под ред. Ю.В. Яковца. – СПб.: Гуманистика, 2003. – 20с.
5 Хайек Ф. Дорога к рабству. – М.: Экономика 1992. – 175с.
6 Chan, Tracey Evans. Legal and regulatory responses to innovative treatment // http://thomsonreuters.com
7 Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов. − 5-е изд. – СПб.: Питер, 2006. – 448с.
8 Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М., Альжанова Ф.Г. Наука и инновации в рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан. – Алматы: ИЭ МОН РК, 2005. – 256 с.
9 «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы № 135 Заңы // Егемен Қазақстан. – 2006. – 31 наурыз.
10 Максимов Ю., Митяков С., Митякова О., Фалеева Т. Инновационный мультипликатор и экономический рост // Инновации. – СПб. – 2004. – № 5. – С.23–27.
11 Moser, Petra. Patents and Innovation: Evidence from Economic History // http://thomsonreuters.com
12 Аубакиров Я.А. Конкурентные отношения в рыночной экономике. Национальные экономические интересы и отношения собствености в условиях глобализации. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – С. 167–180.
13 Нысанбаев С.Н. Тенденция изменения некоторых социально-экономичесикх факторов инновационного развития // Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы. Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, 7-8 желтоқсан 2006 ж. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 4.1. – 220–221 бб.
14 Елемесов Р.Е. Высшее образование и конкурентоспособность страны // Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы. Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, 7-8 желтоқсан 2006 ж. – Алматы: «Қазақ университеті», 2006. – 4.1. – 482–484 бб.
15 Государственная страховая корпорация по страхованию экспортных кредитов и инвестиций // http://www.kecic.kz
16 Сагадиев К. Экономика Казахстана: очерки актуальных проблем. – Алматы: Б. и., 2011. – 312 с.
17 Epstein, Richard A. Can technological innovation survive government regulation ? // http://thomsonreuters.com
18 Қазақстанда «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 Қаулысы.
19 Вальтер Ж. Конкурентоспособность: общий подход. – М.: Экономика, 2005. – 52 с.
20 Жылжақсынова Ш.П. Инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесі
// ҚазЭУ хабаршысы. – 2010. – № 3. – 122–125бб.
21 ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы // http://www.inform.kz
22 Bos, Jaap W. B.; Kolari, James W.; van Lamoen, Ryan C. R. Competition and innovation: Evidence from financial services // http://thomsonreuters.com
23 Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері // http://www.stat.gov.kz/
24 Проведение маркетинговых и технологических исследований для определения приоритетов технологического развития Казахстана на основе оценки текущего состояния национальной технологической и научно-технической базы с учетом тенденций мирового технологического развития
// http:// www.t2.kz.
25 Сулейменов Е. Научное обеспечение диверсификации экономики Казахстана // Диверсификация экономики Казахстана: проблемы и перспективы. Материалы междунар. конф., 19 октября 2005 г. / отв. ред.
Г. Смаилова. – Алматы: ИМЭП, 2005. – С.28–34.
26 «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығы
// http://www.zakon.kz.
27 ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 Қаулысымен бекiтiлген ҚР ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005–2015 жылдарға арналған бағдарлама. – Астана, 2005 // http://www.zakon.kz.
28 Жылжақсынова Ш.П. ҚР инновациялық инфрақұрылымды дамыту үрдістері // Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы. Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, 7-8 желтоқсан 2013 ж. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 4.2. –
234–237 бб.
29 Количество технопарков в РК к 2015 году должно вырасти в 15-60 раз // Панорама. 3.12.2004. – С.1-3.
30 Алшанов Р.А. Новый экономический курс Казахстана: цифры и факты // Казахст. Правда. – 2009. – 15 февраля.
31 Doucouliagos, Chris; Stanley, T. D. Are all economic facts greatly exaggerated? Theory competition and selectivity // http://thomsonreuters.com
32 Отчет Министерство экономики и бюджетного планирования РК
«О диверсификации экономики Республики Казахстан». − Астана, 2007. –
51 с.
33 2008 жылы 13 қазанда ҚР Президентінің «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» №669 Жарлығы
34 «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы // http://www.ifk.kz
35 Глобальный информационно-аналитический центр // http://www.giac.ru/
36 Мустапаев Р. Инновационный механизм повышения конкурентоспособности регионов. - Астана: Елорда, 2013. – С.5-7
37 Михеев В. «Новая экономика» Восточной Азии // Федерализм. – 2009. – № 1. – С.50–60.
38 Адам даму туралы есеп. Қазақстандағы адам дамуына арналған жаңа технологиялар. Қазақстан 2006 жыл. БҰҰ. – Алматы «S-Принт», 2007. –
158 б.
39 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1332 қаулысымен мақұлданған «Қазақстан Республикасы экономи-касының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008–2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы». – Астана, 2007. – 54 б.
40 Исследование влияния проектов АО «Банк Развития Казахстана» на экономику (по итогам первого полугодия 2011 года). – Астана, 2012. – 23 с.
41 Competing Through Innovation and Learning: Industrial Development Report 2002–2003 // UNIDO (United Nations Industrial Development Organization). – Vienna, 2010. – P. 125–200
42 ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 387 Қаулысымен бекiтiлген ҚР ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi 2005–2015 жылдарға арналған бағдарлама. – Астана, 2005 // http://www.zakon.kz.
43 ҚР Ғылым қоры // file:///C:/Documents and Settings/moti/
Local Settings/Temporary Internet Files/Content.IE5/IBQBE5E7/284,5
44 Константинов А., Скирка А. Шаг вперед, два шага вперед
// http://www.expert.ru/printissues/kazakhstan
45 Барлыбаева Н.А. Национальная инновационная система Казахстана: перспективы и механизм развития. – Алматы: Экономика, 2006. – 199с.
46 Важна интеллектуальная инфраструктура // Деловой мир. – 2010. – № 2 (29).– С.34–35.
47 «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы // http://www.ifk.kz
48 «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» // http://www.kecic.kz
49 Сәбден О. Қазақстан экономикасының инновациялық дамуындағы ғылымның рөлі. –Алматы: Экономика, 2011ж..– 201б.
50 Дәуренбекова Ә.Н. Қазақстанда инновациялық дамудың жаңа бағыттары // ҚазҰУ хабаршысы. – 2012ж.- №2 (72). – 118–124бб.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Шаймерденов Р.Б.

Мемлекеттік инновациялық саясат аймақтың инновациялық даму деңгейін арттыру
механизмі ретінде

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B051000- мамандығы – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Талдықоған 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді
Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедраның
меңгерушісі э.ғ.к., доцент ___________ Г.Р.Байтаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекеттік инновациялық саясат аймақтың инновациялық даму
деңгейін арттыру механизмі ретінде

5B051000- мамандығы бойынша – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Орындаған
Шаймерденов Р.Б.

Ғылыми жетекшісі:
Мемлекеттік басқару және
менеджмент кафедрасының
аға оқытушы
Кылышпаева Б.Х.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.1 Инновация ұғымының мәні және даму 6
эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру 13
үлгілері ... ... ... ... ... .
1.3 Инновациялық дамудың әлемдік 22
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 АЙМАҚТАРДА МЕМЛЕКЕТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
МҮМКІНДІКТЕРІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 34
2.1 Инновациялық дамудың басым бағыттарын 34
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Алматы облысының индустриалды-инновациялық дамуын бағалау ... ... 40
3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... .. 47
3.1 Қазақстанның инновациялық дамуын 47
жетілдіру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...
3.2 Қазақстан Республикасында инновациялық жобаларды қаржылық қамтамасыз
ету 53
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 65
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Әлемдік экономиканың өнеркәсіптік өндіріс және қызмет көрсету
салаларының қазіргі технологиялық өзгерістерге негізделген даму үрдістері
уақыт талабынан туындайды. Экономикалық өсудің дәстүрлі бағыттарының
мүмкіндіктері қанат жая бастаған шақта жаңа үрдістердің, инновациялық
үдерістер жүйесінің басымдығы айқындалып отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы
экономикалық өсу тағдыры ғылыми сана, инновациялық процестер, жаңа
технологиялар, өнімдер мен қызмет көрсетулер үлесінде екендігін білдірсе
керек. Инновациялық бағдар тек қана бүгінгі күннің емес, сонымен бірге кез
келген сферадағы адамзат іс-әрекетінің болашағын да көрсетеді. Осы орайда
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық фактордың
маңыздылығын, негізгі мәселелерін, болашағын зерттеу қажеттілігі туындайды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі жаһандану жағдайында қатаң
бәсекелестік күреске төтеп беру үшін бәсекеге қабілетті экономиканы
қалыптастырып, оны модернизациялау және әртараптандыру, яғни инновациялық
даму жолына бағыттау кез келген елдің алдында тұрған үлкен міндет. Себебі,
инновациялық дамудың өзі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
көтерудің ең маңызды факторы. Ал, инновациялық дамудың мақсаты – ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде сапалы экономикалық
өсуге жету.
Қазақстанның қазіргі кезде инновациялық даму жолына бет бұруының өзі
елдің әлемдік қатаң бәсекелік күресте экономикалық, әлеуметтік, саяси,
экологиялық, жалпы алғанда ұлттық шаруашылықтың кез келген саласы жағынан
мықты болу мақсатынан туындауда. Себебі елдің экономикалық жағдайы мен даму
болашағын бейнелейтін негізгі көрсеткіштердің бірі – ұлттық бәсекеге
қабілеттілік.
ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңынан бастап қазақстандық экономика
қалыпты деңгейде өсті. Экономиканың өсуін көптеген экономистер елдің
минералды ресурстарын экспорттаудан түсетін түсімдер арқылы, яғни әлемдік
рынокта осы тау-кен, мұнай-газ салаларының өнімдеріне деген бағаның
жоғарылауымен байланыстырады. Бұл, әрине, қазіргі экономикалық даму
қағидаттарына біршама қайшы келеді. Қазақстан ғалымдарының айтуы бойынша:
шикізаттық даму моделі тек Қазақстанның ұлттық мүддесіне ғана емес,
әлемдік даму үрдісіне де сәйкес келмейді. Әлемдік экономикада білімді,
инновацияны маңызды экономикалық ресурс ретінде пайдалану негізінде
экономикалық өсудің жаңа типі қалыптасты. Яғни әлеуметтік-экономикалық
дамудың инновациялық жолына өту кезеңі басталып кетті. Ел Президентінің
2010 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық
дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы бекітілген.
Бұл бағдарламаның түпкілікті мақсаты - іргелі зерттеулерді коммерциялық
қолдануға жеткізіп, әлемдік нарықта ғылымды қажет ететін, бәсекеге
қабілетті өнімдер шығара алатын кәсіпорындар жүйесін құру, шикізатқа
бағытталған экономикадан сервистік-технологиялық экономикаға көшу болып
табылады [1].
Әлемдік рынокта бәсекелік күреске төтеп беруге нық тұратын өнеркәсібі
дамыған елдерде заман талабына сай технологияларға негізделген және елдің
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі көздері болып табылатын
салаларды, яғни биотехнология, нанотехнология, ядролық және ғарыштық
технологияларды қарқынды дамытуға қомақты қаржы бөліп, үлкен зер салуда.
Себебі инновациялық экономикалық дамуды қамтамасыз ету, шиеленісіп, шешімін
таба алмай жатқан қазіргі экологиялық проблемаларды шешу, күннен күнге
артып келе жатқан әлем халқының қажеттіліктерін келешек ұрпақтың қамын
ойлай отырып қанағаттандыру сияқты мәселелердің байыбына жетуде осы
салалардың маңызы аса зор. Қазақстан үшін де аталған салаларды, сонымен
қатар экономиканың басқа да басым бағыттарын дамыту арқылы индустриалды
дамыған елдердің қатарына қосылу ең өзекті мәселелердің бірі. Сол себепті
экономика салаларын жаһандану үдерісіне сәйкестендіре дамытуға,
экономиканың шикізат экспортына тәуелділігін төмендетуге және әлемдік
рынокта сапалы бәсекеге қабілетті өнім ұсынысына бағытталған сервистік-
технологиялық экономикаға өтуге жағдай жасау қажет.
Жоғарыда келтірілген деректер мен дәйектер зерттеу тақырыбының
өзектілігіне ешбір күмән келтірмейді деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде инновацияның
мәні, оның қоғам өміріндегі алатын орны мен рөлі туралы көптеген
көзқарастар және байламдар жеткілікті. Бұл ұғымды сараптау және дәйектеу ХХ
ғасырда орын алған зерттеулерден бастап жүргізіліп келеді. Кез келген
инновациялық түсінік туралы теориялық ізденістер бірқатар эволюциялық
кезеңдерден өтіп, олардың мән-мағынасы тұрақты түрде кеңейе түсуде.
Инновациялық даму мәселелерін зерттеушілердің алғашқы тобына
Й.А. Шумпетер, Н.Д. Кондратьев, Дж. Бернал, С. Кузнец, Г. Менш, Ф. Хайек,
Б. Твисс, Б. Санто, М. Портер және т.б. ғалымдардың еңбектерін жатқызуға
болады.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде инновациялық даму теориясына
үлес қосқан А.Н. Анчишкин, А.Н. Богатырьев, П.А. Андреев,
Г. Крутиков, Р.А. Фатхутдинов, А.В. Барышева, К.В. Балдин, Ю.В. Яковец
сияқты ғалымдардың еңбектері бар.
Я.Ә. Әубәкіров, А.Қ. Қошанов, Д.Қ. Қабдиев, К. Сағадиев,
М.Б. Кенжегузин, С.Н. Нысанбаев, Р.Е. Елемесов, Ф.М. Днішев, Ә.Ә Әбішев,
М.Д. Исқалиев, М.С. Төлегенова, Р.А. Алшанов, Ө.Қ. Шеденов, Е.Б.
Жатқанбаев, Б.А. Кембаев, Ф.Ғ. Әлжанова, А.Н. Тулембаева, Е.З. Сулейменов,
Қ. Берентаев және тағы басқа отандық зерттеуші-ғалымдар да инновациялық
даму туралы зерттеулерге айтарлықтай үлес қосып келеді.
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру күн тәртібіндегі маңызды
мәселелердің бірі болып қала береді және ол жан-жақты, түбегейлі зерттеу
мен сараптау жүргізуді тұрақты түрде талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Мемлекеттік инновациялық саясатты
аймақтың даму деңгейін арттырудың негізігі механизмі ретінде бағалау және
жетілдіру бағыттарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін
белгілейді:
➢ инновация ұғымы мен инновациялық даму туралы заманауи зерттеулердің
методологиялық ерекшеліктерін жүйелендіру және даму эволюциясын сипаттау;
➢ инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасау;
➢ инновациялық дамудың институционалдық-ұйымдастырушылық негізін жетілдіру
үшін жаңа үрдістерді сараптау;
➢ ҚР ұлттық инновациялық жүйесінің құрылымдық моделін кеңінен талдау.
Зерттеу нысаны Қазақстанның Республикасының инновациялық дамуы болып
табылады.
Зерттеудің пәні – Аймақтарды инновациялық дамыту үдерісінде туындайтын
экономикалық қатынастар жүйесі.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздерін инновациялық даму,
бәсекеге қабілеттілік мәселелеріне қатысты экономика ілімдері
классиктерінің еңбектері, шетелдік және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми-
зерттеу жұмыстары, монографиялар, халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциялар жинақтары, оқулықтар, басылымдар құрайды.
Дипломдық жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары жүйелік-қызметтік,
тарихи-логикалық, салыстырмалы, экономикалық-статистикалық, сандық-сапалық
сараптау және басқа да зерттеу әдістеріне негізделеді.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңалығын анықтайтын төмендегідей
нәтижелер алынды:
– инновацияның экономикалық ұғым ретіндегі түсінігіне және инновациялық
даму ұғымына анықтама берілді;
– инновациялық даму ұғымының негізгі әлеуметтік-экономикалық және
экологиялық құраушыларының өзара байланысын салыстырмалы зерттеу
арқылы үлгі ұсынылды;
– ҚР ұлттық инновациялық жүйе құрылымы жан-жақты талданып, оның
құраушыларының қатары жетілдірілді.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы ұсынылған негізгі
тұжырымдардың ұлттық экономиканы инновациялық жолмен дамыту арқылы бәсекеге
қабілеттілігін арттыру мәселелерін әрі қарай зерттеуге ықпал етуі
мүмкіндігінде болса керек.
Дипломдық жұмыстың ғылыми және тәжірибелік қорытындылары мен
байламдары экономика ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосады және тақырыпқа
ұқсас зерттеулер жүргізу барысында қолданбалы деңгейдегі әдістемелік негіз
ретінде қолдануға ұсынылады.
Инновациялық даму үдерісінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларға игі
әсерін жүзеге асыру мақсатындағы ұзақ және қысқа мерзімді тұжырымдамаларды,
нұсқаулықтарды, сонымен бірге инновациялық даму басымдықтарын айқындау
кезінде пайдалануға болады.

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инновация ұғымының мәні және даму эволюциясы

Инновация ұғымы алғашында белгілі бір мәдениеттің жекелеген
элементтерін екіншісіне енгізуді білдірген. Ол, әдетте, еуропалық салт-
дәстүрдің ерекшеліктері мен ұйымдастыру әдістерін дәстүрлі азиялық,
африкалық қоғамдарға енгізу түрінде көрініс тапқан еді. Инновация
түсінігі ағылшынның іnnovation сөзінен аударғанда жаңалық енгізу ұғымын
білдіреді. Ал жаңалық деп жаңа тәртіпті, жаңа әдісті, жаңа өнім мен
технологияны, жаңа құбылысты айтамыз. Инновациялар тек техникалар мен
технологияларға ғана емес, сонымен бірге басқаруды және өндірісті
ұйымдастырудың формаларына да қатысты. Олардың барлығы бір-бірімен өзара
тығыз байланыста болып, өндірістің тиімділігін арттыру мен өндіргіш
күштерді дамытуда сапалық саты болып табылады.
Инновация туралы тәжірибе мыңдаған жылдарды қамтығанымен де,
әлеуметтік ғылыми ілім ретінде қарастырылуы тек XX ғасырдан басталды.
Инновация теориясының іргелі негіздерінің қалыптасуы өткен ғасырдың 10–40
жылдарын қамтиды. Осы аралықта инновация теориясының қалыптасуына күш
салған ойшылдар қатарында Н.Д. Кондратьев, Й. Шумпетер, С. Кузнец,
Г. Менш және басқа да ғалымдарды атауға болады.
Н.Д. Кондратьевтің және Й. Шумпетердің еңбектерінде инновация
теориясының негізі қаланған. Бұл ғалымдар осы терминнің бастапқы
анықтамаларын айқындап, инновация проблемасына бастау берген. Олардың
еңбектеріне кейінгі инновация теориясын зерттеушілердің көбісі сүйенген
еді.
Н.Д. Кондратьевтің инновация теориясын қалыптастыруда еңбегі аса зор.
XX ғасырдың бас кезінде Н.Д. Кондратьев капитализм кезіндегі ұзын толқындар
туралы үлкен пікір сайыс жүргізді. Кондратьевтің әрбір ұзын толқыны бір
мезетте ғылыми-техникалық дамудың барлық көрсеткіштерін, яғни идеяның пайда
болуын, кәсіпкерлік белсенділікті, мамандардың біліктілігін арттыруды
қамтитын төрт фазадан тұрады.
Кондратьевтің зерттеулері 100–150 жылды қамтитын ұзақ мерзімді
экономикалық көрсеткіштерге (баға индексі, мемлекеттік бағалы қағаздар,
еңбек ақы, сыртқы сауда көрсеткіштері, көмір, алтын өндіру, т.б.)
эмпирикалық талдау жүргізуге негізделген. Осы талдаудың нәтижесінде ол ұзақ
мерзімді толқындар циклының өспелі және кемімелі фазаларына әсер беретін
заңдылықтарды анықтаған. Ұзын толқындар циклының өспелі фазасына ғылыми-
техникалық өнертабыстар мен жаңалықтар әсер ететінін дәлелдеген. Бірінші
толқынға тоқыма өнеркәсібі, шойын өндірісі, бу машинасының пайда болуы,
қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағдайларының өзгеруі сияқты
жаңалықтар әсер берсе, екінші толқынға – жаңа аумақтарды игеруге және ауыл
шаруашылығын жаңартуға мүмкіндік берген теміржол құрылысы және теміржол
көлігі мен металлургия саласының дамуы, үшінші толқынға – электр қуатының,
радио мен телефонның кең ауқымда енгізілуі, химия және автомобиль
өнеркәсібінің дамуы әсер еткен. Ал төртінші толқынның технологиялық
базасына электроника, мұнай химия, ұшқыштар жасау өнеркәсібі жатқызылды.
Инновация терминін алғаш рет экономикалық ұғым ретінде ғылыми
айналымға XX ғасырдың 30-жылдары австриялық экономист Йозеф Алоиз Шумпетер
енгізіп, өзінің Экономикалық даму теориясы (1912 жыл) және Капитализм,
социализм және демократия (1942 жыл) атты еңбектерінде қарастырған
болатын. Ол өз еңбектерінде қалыпты экономиканың нормасы мен экономикалық
теорияның негізгі ақиқаты ретінде тепе-теңдік емес, керісінше кәсіпкер-
новатор қызметінің нәтижесінде туындайтын динамикалық теңсіздік
болатындығын дәлелдеп, соны қарастыру барысында дәстүрлі экономикадан бас
тартады. Содан бері инновация термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде
жалпыға бірдей ұғым ретінде қалыптасқан болатын. Техникалық инновациялардың
заңдылықтары экономикалық құбылыс ретінде тек ХХ ғасырдан бастап зерттелді.
Себебі, біріншіден, өнеркәсіптік революция кезеңінде енгізілген
өнертабыстар өздерінің техникалық құндылықтарын жоғалтты, екіншіден,
бәсекелестік күрестің жандануы жаңа тауарлар мен қызметтер түрлерін талап
етті.
Шумпетер инновацияны өнертабыс – жаңалық енгізу – диффузия
үдерісінің бір бөлігі және өндіріс факторларының жаңа комбинациясы
ретінде қарастырған, ал мұның өзі қолда бар өндіріс факторлары мен өндіргіш
күштердің бірігуін көрсетеді, яғни кәсіпкердің инновациялық қызметі болып
саналады. Ол жаңа комбинацияның негізгі түрлеріне төмендегілерді
жатқызды:
жаңа игіліктер өндірісі;
игіліктер өндірісін коммерциялық пайдаланудың жаңа әдістерін қолдану;
өткізудің жаңа рыногын игеру;
жаңа шикізат көздерін ашу және қолдану;
салалық құрылымды өзгерту (монополия құру немесе жою) [2,159 б.].
Шумпетердің пайымдауынша, жаңа комбинацияларды жүзеге асыру үшін
және жаңа идеяларды тиімді экономикалық шешімдерге айналдыру үшін жаңашыл,
новатор – кәсіпкердің жігерлілігі, шығармашылық қабілеті қажет. Себебі,
кәсіпкер – өнертапқыш емес, ол – жаңашыл-новатор.
Өнертабыс – бұл жаңа үдеріс немесе жаңа өнім туралы идея, ол
инновациялық үдеріс түпкі фазасына дейін жүзеге асырылған жағдайда, яғни
инновация өндіріске енгізіліп, сауда сферасына түскен кезде ғана инновация
болып табылады. Өнертабыс пен новаторлықтың бір-бірімен өзара әрекеттесуі
негізінде инновацияны енгізу келесі бір өнертабыстың туындауына түрткі
болады, яғни, әрбір инновация өз циклына қарама-қарсы келіп, өзін жоққа
шығарады, келесі инновация үшін алғышарттар жасайды, яғни жаңа техниканы,
технологияны, білімді, ғылымды және басқаруды қажетсінеді. Сондықтан
инновациялық даму бұралым тектес формаға ие, ол шексіз және белгілі бір
кезең аралығында ғана өз кемеліне жетеді.
Шумпетердің пікірінше инновацияны енгізу ол – жаңа өнімді немесе
үдерісті алғашқы коммерциялық енгізу, ал инновация диффузиясы – осы
инновацияны әлеуметтік жүйе мүшелері арасында байланыс тетіктері арқылы
тарату үдерісі.
Cонымен қатар, Шумпетер инновацияны пайданың негізгі көзі ретінде
қарастырады, яғни пайда жаңа комбинацияларды атқару нәтижесінде туындап,
кәсіпкерлердің жаңа инновацияларды өндіріске енгізуін ынталандырады.
Шумпетер бойынша пайданың көзі тек бағаны өзгертуде немесе шығындарды
үнемдеуде ғана емес, сонымен бірге шығаратын өнімдерді түбегейлі өзгертуде
болса керек, яғни: ...дамусыз пайда, пайдасыз даму болмайды [2, 160 б.].
Сонымен, инновациялар – қоғамдық прогрестің ірі қозғаушысы, ал
инновациялық пайданы немесе инновациялық рентаны иелену және пайдалану –
осы прогрестің негізгі ынталандырушы күші болып табылады.
Айта кету керек, Шумпетер теориясындағы инновациялық даму циклдық
сипатқа ие, ал оның кезеңдері ұзақ мерзімді аралықты қамтиды және онда
үнемі тоқырау, құлдырау үдерістері орын алып отырады. Ол өзінің кейінгі
еңбектерінде ұзақ мерзімді толқындарды техникалық өзгерістермен
байланыстырып, инновациялық жиынтық жасап, үлкен үш толқынды – бу
машинасын (1790–1842), темір жолды (1843–1897), электр қуаты мен
автокөлікті (1898–1949) пайдалану мен оның кең таралуын байланыстыра
зерттеген болатын.
ХХ ғасырдың 40-70 жылдары көптеген зерттеу еңбектері ҒТП-ның даму
заңдылықтарына, яғни жаңалықты өндіріске енгізу емес, тек жасау үдерісіне
бағытталған. Бұл біріншіден, жалпы қоғам үшін инновацияның, ҒТР-дың
маңыздылығының артуымен, екіншіден, ғылым мен өндіріс арасындағы тікелей
байланыстың жоқтығымен байланысты. Бұл кезеңде айтарлықтай іргелі
жаңалықтар туындамады. Себебі, осы аралықта екінші дүниежүзілік соғыстың
көптеген ауыртпашылықтар әкелгені белгілі. Осы уақыт аралығында ғылыми күш-
жігер әскери зерттеулерге, қару-жарақ жасауға жұмсалды.
Осы кезеңдегі инновация теориясының дамуындағы ерекшелік ретінде
инновация мен экономикалық өсу арасындағы өзара байланысқа көп көңіл
бөлінуін айтуға болады. Осы мәселеге әйгілі американдық экономист-статистик
– С. Кузнец өзінің нобельдік дәрісін арнаған. Бұл дәрісте Й. Шумпетер мен
Дж. Берналдың идеяларын әрі қарай дамытатын, инновация теориясындағы
бірқатар жаңа көзқарастар ұсынылған. Дж. Бернал инновация теориясының
дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын ғалымы. Оның әйгілі Қоғам тарихындағы
ғылым атты монографиясында қоғамның даму тарихының барлық кезеңдеріндегі
ғылыми, техникалық және әлеуметтік жаңалықтар енгізу арасындағы байланыстар
көрсетілген. Оның пікірі бойынша, ғылымның өркендеу кезеңі – экономикалық
белсенділік пен техникалық прогрестің нығаю кезеңімен сәйкес келеді [3,
230б.].
С. Кузнецтің ұсынған көзқарастары:
– біріншіден, дәуірлік инновациялар ұғымын енгізу. Ол дәуірлік
инновациялар ұғымын ең алғаш рет ғылыми айналымға енгізген Нобель
сыйлығының лауреаты болатын;
– екіншіден, индустриалды кезеңдегі экономикалық өсу қарқынын жеделдету
дәуірлік инновацияларға байланысты. Экономикалық өсудің негізгі көзі –
ғылымды қарқынды дамыту. Қазіргі экономикалық өсудің мәнін ашатын
технологиялық жаңалықтарды жаппай қолдану кезекті техникалық прогрестің
негізін қалайтын ғылыми прогреспен тығыз байланысты.
Жаңалықтарды пайдалану ұзақ мерзімді уақыт аралығын қамтитын және көп
мөлшерде капитал салымын қажет ететін іргелі және қолданбалы зерттеулер
үшін тек қосымша экономикалық ресурс болып қана қоймай, тиімді жаңа
құралдар жасауға және өндірістің әсерінен туындайтын табиғаттағы өзгерістер
жөнінде қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді [4, 11б.];
– үшіншіден, технологиялық жаңалықтар қоғамның басқа салаларындағы
жаңалықтармен тығыз байланысты: Қазіргі экономикалық өсуге тән сипат
технологиялық жаңалықтардың және олармен қатар жүретін әлеуметтік
жаңалықтардың үнемі пайда болуы экономика мен қоғамның құрылымына әсер
етуші негізгі факторлар болып табылады, олар құқық саласында,
институционалдық құрылымдарда, тіпті идеологияда да жаңашылдық
өзгерістерге әкеледі.
Шумпетердің шеше алмаған проблемаларын неміс экономисі Герхард Менш
шешуге күш салды. Ол барлық жаңалықтарды базистік (олар өнеркәсіптің жаңа
салалары мен мамандықтың жаңа түрлерін қалыптастырады) және жақсартушы
(қалыптасқан өнеркәсіп салаларындағы техникалық жетілдірулер) деп екіге
бөлді. Жақсартушы жаңалықтар базистік жаңалықтар арқылы қол жеткен жаңа
мүмкіндіктерді тәжірибе жүзінде іске асыру мақсатынында пайда болады.
Менштің сипаттауы бойынша, базистік жаңалықтар біркелкі енгізілмейді,
олардың көп бөлігі ұзақ мерзімді толқынның тоқырау фазасында шоғырланады.
Ал келесі фазаларда базистік жаңалықтар таралғаннан кейін жетілдіруші
жаңалықтардың кезегі басталады және ол құлдырау фазасында жалған жаңалықтар
енгізумен аяқталады.
Осы фазада ҒТП-ның дәстүрлі бағыттары өздерінің құндылықтарын
жоғалтады, оған қажеттіліктердің толық қанағаттандырылуы, жаңа
технологиялық мүмкіншіліктердің белгісіздігі себеп болады, ал бәсеңдеп келе
жатқан тұтыну сұранысын жалған жаңалықтар арқылы белгілі бір деңгейде ғана
ұстап тұрады. Менштің айтуы бойынша жалған жаңалық – бұл өнімнің сыртқы
пішінін сәл ғана өзгертіп, жаңа өнім ретінде ұсыну. Тоқырау фазасында
базистік жаңалықтарды енгізу ең тиімді, пайдалы инвестиция жұмсаудың бірден-
бір мүмкіншілігі және тоқырау фазасынан шығудағы бірден-бір жол.
Инновация теориясының дамуында ХХ ғасырдың көрнекті экономисі Фредерих
фон Хайектің идеялары өте маңызды. Ол экономикалық дамуға тән, яғни
инновациялық үдерістің негізі болып табылатын ерекшеліктерге – ақпараттың
айқынсыздығы, шектеулілігі, білімнің жетілмегендігі туралы мәселелерге
талдау жасаған ғалым.
Хайектің пайымдауынша, интеллектуалды немесе ақпараттық күш-қуатты
неғұрлым жоғары пайда алу мақсатында қолданудың бірден-бір мүмкіндігі –
рынок болып табылады. Хайек бойынша, рыноктық ақпараттың айқынсыздығы
болашаққа жол ашатын алаң, бұл алаңдағы бәсеке – тұтынушылар
талғамдарының өзгерісіне сәйкес олардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың
жаңа құралдарын, әдістерін, жолдарын іздеп табу [5,7б.].
ХХ ғасырдың 70–90 жылдары әлемдік экономикада монополизациялану мен
жаһандану үрдістерінің күшеюіне байланысты көптеген ірі компаниялар,
фирмалар бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің көзі ғылыми әзірлемелерде
екеніне көз жеткізе бастады. Сол себепті зерттеуші ұйымдар мен өнеркәсіптік
компаниялар арасында байланыстар тұрақтана бастап, корпорациялардың ішкі
құрылымдарында қолданбалы ұсыныстармен айналысатын зерттеу бөлімдері көптеп
құрыла бастады. Осы мезетте жеке капитал инновация рыногында белсенді
субъекті болып, ғылымды қаржыландыру бірте-бірте арта түседі.
Инновация негізі болып табылатын жаңа салалар мен жаңа кәсіпорындар
пайда болды. Ол кәсіпорынның қызмет етуі барысында инновация рөлінің сапалы
түрде өзгеруінің дәлелі. Инновация теориясында бұл кезең инновациялық
менеджменттің қалыптасуымен сипатталады.
Ғылымның, техниканың, экономиканың дамуындағы іргелі зерттеулерді
Ресей академигі А.И. Анчишкиннің КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығына ие болған
Ғылым-техника-экономика атты еңбегінен де көруге болады. Ол ғылыми-
техникалық прогрестің тарихында базистік инновациялардың кластерлерін
құраған үш негізгі дәуірлік төңкерісті атап көрсеткен. Олар:
ХVІІ ғ. аяғы–ХІХ ғ. бас кезіндегі алғашқы өнеркәсіптік төңкеріс; ХІХғ. соңы-
ХХ ғ. бас кезіндегі екінші өнеркәсіптік төңкеріс; ХХғ. орта шенінен
басталған үшінші өнерәсіптік төңкеріс. А.И. Анчишкиннің айтуы бойынша, ХХғ.
80 жылдары ҒТР-дың екінші толқынының белгілері көрініс таба бастады.
Олардың негізгі белгілері – өндіріс технологиясын электроника,
биотехнология, күрделі техникалық жүйелерді автоматтандыру, ақпараттық
жарылыс, ғылыми білімдерді материалдандырудың ұлғаймалы ұдайы өндірістің
басты көзіне айналуы негізінде түбегейлі өзгеруі болып табылады [6].
Инновация теориясындағы жаңа толқынды ХХғ. 70–80 жылдары әлемдік
экономикадағы терең энергетикалық дағдарыспен байланысты деуге де болады.
Осы кезеңде энергетикалық дағдарысқа төтеп беру үшін бесінші технологиялық
укладтың негізін қалайтын базистік инновацияларға деген қажеттілік
туындады. Осы аралықта бесінші ТУ-дың қалыптасуы кезінде экономикалық өсу
қарқыны салыстырмалы түрде арта бастады. Нәтижесінде әлемнің ЖІӨ көлемі 15
жыл ішінде бірден 63%-ға көтерілген.
Инновация мәселесін зерттеуде ТМД елдерінің зерттеуші ғалымдарының да
еңбектері зор.
Мәселен, А.Н. Богатырев пен П.А. Андреевтің зерттеулері бойынша:
Инновация – бұл экономикалық әсер алу мен коммерциялық пайдалануға дейін
жеткізілген идеяларды, жаңалықтарды және техникалық өнертабысты жүзеге
асыру кезінде орын алатын үдеріс немесе қызмет.
Профессор Р.А. Фатхутдинов инновация мен жаңашылдық ұғымдарын
жекелеп қарастырады, яғни жаңашылдық – бұл іргелі, қолданбалы
зерттеулердің, әзірлемелер мен тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі. Олар:
жаңалықтар, өнертабыстар, патенттер, өнертапқыштық ұсыныстар. Ал инновация
– жаңашылдықты басқару нысанын өзгерту және ғылыми-техникалық, экологиялық
әсер алу мақсатында енгізудің түпкі нәтижесі
[7,215б.].
Қазақстандық ғалымдардың инновация туралы зерттеулерінде де бір
қатар маңызды тұжырымдамалар бар. Мысалы, Ф.М. Днішев инновацияның мәнін
былайша түсіндіреді: ...адам ақыл-ойының жетістіктерін (жаңа идеяларды,
өнертабысты, жаңалықтарды, т.б.), жаңа құралдар немесе жаңа еңбек өнімдерін
жасау нәтижелерін, тиімді технологияларды, энергия көздерін пайдаланудың,
халықаралық бірлестіктердің қаржы және сауда формаларын, еңбекті
ұйымдастыру формаларын жақсартудың тиімділіктерін арттыру үшін қолдану
[8,54б.].
Ф.Ғ. Әлжанованың пікірі бойынша, инновацияның жаңалықты деңгейін
рыноктық және ғылыми-техникалық тұрғыдан қарастыруға болады. Осы екі
аспекті бір-бірімен тығыз байланысты және олар бір инновацияның бойында
болуы мүмкін. Бірақ инновацияның экономикалық табиғаты рыноктық жаңалықтың
ғылыми-техникалық жаңалыққа қарағанда басымдылығының жоғары екенін
көрсетеді, себебі тұтынушыны ғылыми-техникалық идеяның бірегейлігі емес,
оның пайдалы әсері, тиімділігі тартады. Ғылыми-техникалық аспекті инновация
жаңа өнімге сіңіп, оған рыноктық сұраныс болған жағдайда ғана экономикалық
фактор болып табылады [8,57 б].
Қазіргі экономикалық жаһандану жағдайында инновация ұғымын
1992 жылы Норвегияның астанасы – Ослода қабылданған халықаралық
стандарттарға (Ғылым және инновация статистикасындағы халықаралық
стандарттар, яғни Осло басқармасы) сәйкес сипаттауға болады. Бұл
стандарттар технологиялық инновацияларға қатысты жасалған, яғни олар жаңа
өнім мен жаңа үдерісті және олардың маңызды технологиялық өзгерістерін
сипаттайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес инновация – тәжірибелік
қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдеріс
түрінде және рынокқа шығарылған жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде
көрінетін инновациялық қызметтің түпкі нәтижесі.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан
Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы № 135 Заңында инновация – бұл
өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық
тұрғыдан тиімді және әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып
табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми-
техникалық қызметтің нәтижесі деген ұғым берілген [9].
Бүгінгі таңда инновацияның экономикалық өсудің қозғаушы күші екендігі
даусыз. Ол келесідей алғышарттармен негізделеді:
– инновациялар әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі факторының бірі.
Дамыған елдерде ЖІӨ өсімінің 50%-дан 90%-на дейін инновациялармен және
технологиялық прогреспен анықталады. Ал Қазақстанда экономикалық өсу
негізінен шикізат өнімдерін экспорттаудан болып отыр.
– инновациялар тек бизнестің ғана емес, ұлттық экономиканы тұтас алғанда
бәсекеге қабілеттілікті арттырудың негізі болып табылады.
– өндірісте еңбек өнімділігін арттыру арқылы тұтынушыларға әрі арзан,
әрі сапалы тауарлар мен қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді.
– қазіргі кезде бүкіл әлемді мазалап отырған экологиялық проблемалардың
зардабын жою және олардың алдын алу шараларын іске асырудың бірден-бір
тиімді жолы – ол жаңа технологиялар енгізу арқылы қалдықсыз өндірісті
іске қосу болып табылады.
– инновациялар қазіргі ғылыми сыйымды әлемдік рынокқа кіруге мүмкіндік
береді. Жаңа технологиялардың әлемдік рыногының жылдық айналымы
минералдық ресурстар рыногын еселеп орайды.
Инновациялық даму теориясына зерттеу жүргізген Ресей экономистерінің
бірі – И.Б. Гурков. Ол зерттеу жүргізу барысында инновациялық даму моделін
ұсынды (Сурет 1).

Сурет 1. Инновациялық даму моделі
Ескерту - Максимов Ю., Митяков С., Митякова О., Фалеева Т.
Инновационный мультипликатор и экономический рост Инновации. – СПб. –
2004. – № 5. – С.23–27.

И.Б. Гурков 1-суретте көрсетілген инновациялық дамудың негізгі
ұғымдары арасындағы тұрақты байланыстың бар екендігін дәлелдеді. Өнімнің
бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және
оның экономикалық жағдайын көтереді. Ол өз кезегінде инновациялық даму
деңгейінің өсуіне әкеліп, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жаңа деңгейге
көтереді [10,25б].
КСРО кезінде индустриализациялау үдерісіне көптеген мемлекеттік
ресурстар жұмсалғанымен де, экономика мен қоғамды модернизациялаудың тиісті
қадамдарымен бекімеді. Нақтырақ айтқанда, өндірісті дамыту мен өндіргіш
күштерді қалыптастыру рыноктық тұтыну мен қоғамның тұтынушылық күштерін
ынталандыру шараларымен бірлікте жүзеге асырылмады. Яғни халықтың тұтыну
қабілеті төмен болды, олар жарқын болашақ үшін еңбек етуде бар күштерін
салғанымен, соған сәйкес өмір сүру сапасы тиісті дәрежеде жақсы болды деп
айта алмаймыз. Осы жерде Джон Мейнард Кейнстің 20 ғасырдың 30-жылдары
әлемде орын алған Ұлы тоқыраудан шығу механизмдерінің бірі ретінде
ұсынған тиімді сұраныс моделін ескере отырып, өндірісті қазіргі заманғы
технологиялармен жабдықтап, индустриалық қоғамнан постиндустриалық қоғамға
өту мақсатын алға қояр болсақ, тек қана өндіргіш күштерді бір жақты
дамытуға ғана емес, тұтынушылық қабілеті жоғары қоғамды қалыптастыруға да
көңіл бөлген жөн. Мұны Елбасының Қазақстанды экономикалық және әлеуметтік
модернизациялауға бағыттауынан, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуда
көшбасшы болуына ұмтылыс жасауынан да көруге болды [11].
Әлемдік экономика дамуының жаңа сатысында ұлттық экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірден-бір сара жолы инновациялық даму
бағыты болып табылады. Ал, инновациялық дамудың негізгі мақсаты – жаһандану
үдерісі аясында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайту,
әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу арқылы халықтың
өмір сүру деңгейін жақсарту. Ендеше, инновациялық даму – бұл рынокта
адамның өмір сүру сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа тауарлар мен
қызметтер ұсынысының артуы. Нақтырақ айтқанда, инновациялық даму – ұлттық
бәсекеге қабілеттілікті арттыру негізінде қоғамның өмір сүру сапасын
жақсартуға жағдай жасайтын даму.

1.2 Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру үлгілері

Мемлекеттің иновациялық саясатын жүзеге асыру аясында теориялық
тұрғыдан зерттеуде бір қатар даму үлгілерін қарастыруға болады.
Инновациялық дамуды зерттеуде бірқатар модельдер бар. Соның бірі
М. Портердің бәсекелік ромб (немесе бәсекелік алмас) моделі. Елдің
бәсекеге қабілеттілік артықшылығы мен бизнес-ахуалын анықтау барысында осы
бәсекелік ромб көрсеткіштер жиынтығы пайдаланылады. Олар: өндіріс
факторларының жағдайы, сұраныс жағдайы, бәсеке мен стратегиялық даму
жағдайы, бірлескен және қызмет көрсетуші салалар.
М. Портердің бәсекелі ромб көрсеткіштерін негізге ала отырып, біз
Қазақстан жағдайын саралап сипаттауға ұмтылыс жасадық.
Өндіріс факторларының жағдайы:
– табиғи ресурстар. Қазақстанның экономикалық әлуеті минералды және
энергетикалық ресурстарға аса бай кен орындарымен сипатталады. Қазақстанның
жер қойнауларында Д.И. Менделеевтің табиғи топтасу кестесіндегі 105
элементтің 99 табылған, 70 элемент бойынша қосалқы қорлар барланып, 60-тан
астам химиялық элемент өндіріске тартылған. Қазақстан минералды ресурстарға
ең бай елдердің қатарына жатады. Әлемде өндірілетін 11 млрд. тонна
минералдың 250 млн. аса тоннасы республиканың үлесіне тиесілі, осы
көрсеткіш елімізге әлем елдерінің ішінде 11-ші орын алуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан дүниежүзінде цинктің, вольфрамның және бариттің зерттелген
қоры бойынша бірінші орында, ал күміс, қорғасын, хромит бойынша – екінші,
мыс, марганец, флюорит бойынша – үшінші, молибден бойынша – төртінші
орында, алтын қоры бойынша бірінші ондық қатарында. Зерттелген мұнай қоры
бойынша әлемде 13-орында. Көмір қоры – 35,8 млрд. тонна, ол әлемдік көмір
қорының 3,6%-ын құрайды.
Минералдық және шикізаттық ресурстар базасының болуы Қазақстан
экономикасы үшін үлкен артықшылық болып табылады. Бірақ сирек және түсті
металдар өндірісінде қолданылатын технологиялардың көпшілігі экологияның,
экономиканың және минералды шикізатты кешенді пайдаланудың қазіргі
талаптарына сай келмейді. Қазақстанның өңдеуші және өндіруші зауыттарында
пайдаланылатын технологиялар қоршаған ортаны ластайтын газ тәріздес зиянды
қалдықтардың шығарылуымен сипатталады.
Қазақстанның мұнай өңдейтін зауыттарында тек атмосфералық тазарту
әдісі ғана қолданылады, соның нәтижесінде мұнай өңдеудің тереңдігі 50–59%-
ды құрайды. Ал көршілес Ресейде мұнай өңдеудің тереңдігі 83%-ға жетсе,
әлемдегі озық кәсіпорындар қалдықсыз өнім шығаруға қол жеткізген.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінде 20 млрд. тоннадан астам өнеркәсіп
қалдықтары жинақталған, олардың ішінде түсті металлургия кәсіпорындарының
техногендік қалдықтары 10,1 млрд тоннаны, қара металлургияда – 8,7 млрд.
тоннаны құрайды. Рудалы Алтайдағы руда кен орындарын игеру кезеңі
аралығында ғана кен металлургия өндірісінің 360 млн. тонна қатты қалдықтары
жинақталды, олардың құрамында 2 млн. тоннаға жуық мыс, қорғасын, мырыш және
120-130 тоннаға жуық алтын бар.
Дамыған елдерде жыл сайын пайда болатын өндірістік қалдықтар мөлшері
жан басына шаққанда 15 тоннаны құрайды. Ал шикізатты бағыттағы елдерде
қалдықтар 100 тоннаға дейін барады. Қазақстанда бұл көрсеткіш 60 тонна
мөлшерінде. Бүгінгі таңда ел аумағында көмілген қалдықтардың тек 2% ғана
қайта өңделеді. Себебі қолда барда алтынның қадірі жоқ деген мақалға
жүгінсек, тау-кен саласындағы шикізат өнімдерін қалай болса, солай игерудің
негізінде жылына қаншама қалдықтар жер бетін, ауа, су бассейндерін ластап,
өсімдік, жануар атаулыны жойып келеді. Дүниежүзінде шикізат қорына зәру
болып, оны басқа елдерден импорттап отырған, сонымен қатар дұрыс өңделмеген
қалдықтарды да импорттап, жоқтан бар жасайтын елдер жетерлік. Олай болса,
қолда бар қара, сары алтындарды үнемді игеріп, тиімді пайдалансақ, елге
де, экономикаға да, экологияға да, халықтың тұрмыс-жағдайына да оң әсері
болары сөзсіз. Ол үшін, біздің ойымызша, дәстүрлі технологияны тиімді, әрі
жоғары, экологиялық таза, қалдықсыз технологиялармен алмастыруға
бағытталған зерттеулерді көбейтіп, минералды және ауыл шаруашылығы
шикізаттарын өңдеу мен қайта өңдеу үдерісін тереңдету, металлургияда түпкі
пайдалануды игеру, мұнай және газды терең өңдеу, қайталама шикізатты
қолдану мәселелерін шешу қажет. Осы аталғандарды іске асыру үшін жаңа
технологиялар мен инновацияларды ұсынатын білікті мамандар керек. Ол елдегі
адам ресурстары, ғылым, технология мен техниканы дамытып, тиімді
пайдалануға байланысты болмақ.
адам ресурстары және ғылыми-зерттеу әлуеті. Бүгінгі постиндустриалды
төңкеріске тән сипат − адам факторының маңыздылығының артуы. Қазір өндіріс
адам капиталына, адамның рухани жігерлігіне, яғни адам баласына тән
бастамаға, біліктілікке, іскерлік білімге, әріптестікке деген
қабілеттілікке иек артады. Инновациялық дамудың маңызды алғышарттары мен
әлеуметтік-экономикалық фактордың бірі елде инновациялық өнім өндіруге және
оны өндіріске енгізіп, пайдалануға қабілетті мамандардың болуы
[12,168б].
Ғылыми-техникалық жағдайдың жай-күйi бiрiншi кезекте ғылымды
қаржыландыру деңгейiмен, оның материалдық-техникалық жағдайымен, алынған
нәтижелердiң тиiмділiгiмен айқындалады. Ғылыми-техникалық күш-қуат адам
ресурстары, ғылыми инфрақұрылым, қаржыландыру құрылымы, кәсіпкерлік
сектордың зерттеулер мен әзірлемелерге қатысуы, технологиялық
бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру сияқты көптеген құраушылардан тұрады.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлуетін бағалау үшін алдымен оның
әлсіз және артықшылығы басым жақтарын анықтау қажет. Оның әлсіз жақтарына
біріншіден, ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етуге қаржының жеткіліксіздігін, ғылыми ұйымдар мен ЖОО-да
материалдық-техникалық базаның ескіруін айтуға болады. Ресейде 2008 жылы
технологиялық инновацияларға, оның ішінде машиналар мен құрал-жабдықтар
сатып алуға жұмсалған шығыстар көлемі 56%-ды құраған, сонымен қатар
пайдалану мерзімі екі жылдан аспайтын құрал-жабдықтар үлесі 20%, ал
пайдалану мерзімі 5 жылды құрайтын қазіргі заманғы приборлар үлесі 10-12%.
Дамыған елдерде пайдалану мерзіміне 5 жыл толса болғаны олар есептен
шығарылады. Ал, Қазақстанда ғылыми-техникалық кешенді жаңартуға жыл сайын
бөлінетін шығындар әзірге ЖІӨ-нің 1%-на да жетпей отыр, сонымен қатар,
құрал-жабдықтардың пайдалану мерзімі моральдық тозуды артқа тастап, табиғи
тозу уақытынан да асып кетті.
Екіншіден, ғылыми-зерттеу ұйымдарының рынокқа бейімделуінің дамымауына
байланысты ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың әлсіздігі, көптеген
зерттеу және білім беру мекемелерінің бір-бірінен, отандық және халықаралық
өнеркәсіптен оқшауланып қызмет етуі. Қазақстанда және басқа да посткеңестік
елдерде салалық ғылыми мекемелер өндіріспен өте әлсіз байланысқан, себебі
өнеркәсіпте ғылыми-техникалық жетістіктерге деген қажеттіліктерді
ынталандыру ісі мен олардың инновациялық белсенділігі өте төмен. Бұл тек
Қазақстанға ғана емес, ТМД-ның басқа да мемлекеттеріне тән құбылыс.
Үшіншіден, Қазақстанда ғалым беделінің төмендігі. BISAM CENТRAL ASIA
2005 жылы жүргізген сауалнамалары бойынша елде халықтың тек 4,3%-ы ғана бұл
саланы беделді деп бағалайды, ал АҚШ-та ол 51%-ды құрайды. Ғылым саласы
беделінің төмендігі, еңбекақының аздығы бұл салаға жас әрі талантты
мамандарды тартудың орнына олардың экономиканың басқа беделді салаларына
ағылуына әкелуде. Ол қазіргі кезде ғылым саласының басқа салалармен мысалы,
қаржы, мұнай-газ, сауда сфераларына қарағанда беделінің төмендегенін
сипаттайды, яғни мамандардың көбінесе табысы жоғары болып келетін салаларға
бет бұрып, ғылыми зерттеулерге деген құлшынысының төмендеуіне әкелгенін
дәлелдейді.
Төртіншіден, елде ғылым және технология саласының инвестициялық
тартымдылығының төмендігі, бұл салаға жеке қаржыландыру көздерінен
инвестиция тартуда қиындық туады.
Бесіншіден, ғылыми кадрлардың жаңаруына, яғни жас ғылыми
қызметкерлердің ғылым саласына келуіне ешқандай ынталандыру шараларының
жоқтығы, ғылыми қызметкерлердің қартаюына әкелуде.
Қолданбалы ғылым саласындағы инженерлер, физиктер мен математиктер,
химиктер өз қабілеттерін, идеяларын әрі қарай дамыту мақсатында Болашақ
бағдарламасымен және көптеген шетелдік гранттар арқылы шет елдерге кетіп,
сол жақта жұмыс жасауда [13,221б].
Осының барлығы ғылым саласына бөлінетін қаржының мардымсыздығынан,
ынталандыру механизмдерінің толық жүзеге асырылмауынан және жеке сектордың
ғылым саласынан мүлдем алшақ болуынан туындап отыр. Сол себепті, ғылым
саласына экономикалық дамуға қол жеткізудің басты саласы ретінде толыққанды
қолдау көрсетіп, дамытпайынша жоғарыда келтірілген кемшіліктер артқа тартар
жүк болып қала бермек.
Ал, артықшылығы басым жақтарына Қазақстан халқының жоғары сауаттылық
деңгейі мен КСРО-дан қалған атом энергетикасы, металлургия, тау-кен және
ғарыштық зерттеулер салаларындағы ірі ғылыми күш-қуаттың болуын айтуға
болады.
Қазақстан халқының сауаттылық деңгейі мен білім беру жүйесімен қамтылу
дәрежесінің жоғары екендігін көруге болады, яғни ол
1990 жылы 97,7% және 80,0% құраса, сәйкесінше, 2008 жылы 99,5% және 85,0%
дейін артқан. Бірақ, қазіргі таңда осы артықшылықты мүлдем жойып алмай
тұрғанда қолдау көрсету қажет.
Осыған профессор Р.Е. Елемесовтың жоғарғы оқу мен бәсекеге
қабілеттілікке қатысты мақаласынан дәлел табуға болады, яғни жоғары сапалы
адам капиталынсыз бәсекеге қабілеттілікті арттырмақ түгіл, бүгінгі қол
жеткізген нәтижелерімізден де айырылып қалуымыз ғажап емес [14,220б.].
Кесте 1
Қазақстан халқының сауаттылық деңгейі
1995 ж. 2000 ж. 2011 ж.
Сауаттылық деңгейі, % 97,7 98,7 99,5
Біліммен жиынтық қамту, % 80,0 73,0 85,0

Ескерту –Елемесов Р.Е. Высшее образование и
конкурентоспособность страны Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі:
теориясы, тәжірибесі, болашағы. Қазақстан Республикасының 15 жылдығына
арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, 7-8
желтоқсан 2011 ж. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 4.1. – 482–484
бб.

– қаржы ресурстары. Қазақстанның қаржы секторы макроэкономикалық
тұрақтылық негізінде қарқынды даму алды. Бірақ, елдің қаржылық
ресурстары экономиканың нақты секторларына қарағанда салынған
инвестициялардың қайтарымдылығы жоғары болатын құрылыс, қызмет көрсету,
минералды ресурстарды өндіру сияқты салаларға көп мөлшерде бағытталуы
осы секторлар арасында қаржы ресурстарын тұтыну барысында
теңгерімсіздік туындатты.
Халықаралық қаржы рыногының құбылмалылығы және әлемдік экономиканың
дамуының жіті перспективаларының болмауы көбінесе халықаралық рейтингтік
агенттіктердің елдің рейтингін төмендетуіне себеп болды. Халықаралық
рыноктардағы дағдарыстың үдеуі қазақстандық банктер үшін сыртқы
қаржыландыруды тарту мүмкіндігін қиындатып жіберді. Сыртқы қаржыландыру
көлемінің қысқаруы қазақстандық банктердің кредиттік қызметінің төмендеуіне
әкеп соқтырды. Құрылыс компанияларының негізгі қаржыландыру көзі осы
банктік несиелер болғандықтан үлестік құрылыс нарығында келеңсіз жағдай
тудырды.
– инфрақұрылым. Бұл көрсеткіш ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін қалыптастырудың негізгі факторы ретінде анықталады.
2. Бәсеке мен стратегиялық даму жағдайы:
– инвестициялық ахуал. Қазақстан ТМД елдері арасында инвестициялық
қызметті жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау бойынша көшбасшы болып
саналады. ТМД елдерінің ішінде бірінші болып халықаралық рейтинг
агенттіктерімен инвестициялық класс рейтингі берілді. Әлемдік банктің
2005 жылғы бизнес: өсу үшін кедергілерді жою атты 145 әлем
елдеріндегі жыл сайынғы баяндамасына сәйкес, Қазақстан инвесторларды
қорғау индексі бойынша 5-ші топ қатарында, бұл топқа Германия, Дания,
Жаңа Зеландия, Швейцария, Сингапур және Греция елдері де жатады.
Негізінен бұл рейтинг 0-ден 7-ге дейін, 7-ші топта Канада, АҚШ сияқты
елдер бар.
Қазақстан кейінгі бірнеше жыл ішінде жан басына шаққандағы инвестиция
тарту көлемі бойынша, ТМД елдері арасында бірінші орында.
1997–2012 жылға дейiн Қазақстан 45 миллиард доллардан астам шетелдiк
инвестиция алды. Бұл Орталық Азия аймағына осы мерзiмде тартылған шетелдiк
инвестицияның 80 пайыздан астамын құрайды. 2011 жылы негізгі капиталға
салынған инвестициялар көлемі 3392,1 млрд. теңгені құрады (2006 жылы (
2824,5 млрд. теңге, өсімі ( 20(), оның ішінде мемлекеттік инвестициялар (
555,8 млрд. теңге немесе өсімі 16,4(, жеке ( 1933,3 млрд. теңге немесе 57(,
шетелдік ( 903 млрд. теңге немесе 26,6(.
Дүниежүзiлiк банк Қазақстанды үлкен көлемде инвестиция тартушы
20 мемлекеттiң қатарына кiргiзiп отыр. Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттерi
аумағында Қазақстан жан басына шаққандағы инвестиция көлемi бойынша
5-ші орында тұр.
Бүгiндерi ұлттық экономика салаларында шетелдiк инвестициялардың
бөлiну теңсiздiгi айқын байқалады. Әсiресе, жанармай-энергетикалық,
минералдық-шикiзаттық кешенінiң инвестициялық белсендiлiгi экономиканың
нақты секторында соңғы тұтыну тауарларын шығаратын кәсiпорындарға қарағанда
өте жоғары.
2005–2013 жылдар аралығында елге тартылған барлық инвестицияның 67%-
дан астамы өнеркәсiпке тартылған, алайда оның 55%-зы тау-кен өндiрiсiне, ал
қалған 12%-зы ғана өңдеушi өнеркәсiпке жұмсалған.
2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда инвестиция салу үшін
тартымды салаға, яғни мұнай және табиғи газ өндіру және осы салада қызмет
көрсетуге тартылған инвестицияның 25,3%-ын, ал жылжымайтын мүлікпен
операциялар - 26,9%, көлік және байланыс - 12,6%, өңдеуші өнеркәсіп - 9%
құрады [15]. Мұндай теңсiздiктiң ел экономикасының шикiзаттық салаға
тәуелдiлiгiн арттырып, шетелдiк сауда нарықтарына бағынышты етiп қояды.
Алайда, мемлекет iшiндегi аймақтарға бөлiнген инвестицияның мөлшерi де
әртүрлі. Мәселен, соңғы жылдары елге салынған барлық шетелдiк инвестицияның
70%-ға жуығы Атырау және Батыс Қазақстан облысының еншiсiнде екен. Ал
қалған 30%-ы елдiң өзге облыстарына бөлiнген, онда да бiрдей емес. Екiншi
деңгейлi банктердiң сыртқы қарыздары, олардың активтерiнiң үлкен өсiмi де
ел iшiндегi инвестицияның бөлiнуiне ықпал етiп, экономиканың шетелдiк
капиталға тәуелдiлiгiн арттыра түсуде. Мысалы, елдегi жеке меншiк сектордың
сыртқы қарыздары 2005 жылы ЖІӨ-нiң 48%-ын құраса, 2012 жылы ол 74%-ға
жеткен. Ел iшiндегi ақша жасауға болатын жылжымайтын мүлiк, құрылыс
саласын несиелендiруге сыртқы қарыздарын пайдаланатын екiншi деңгейлi
банктер елдегі қаржылық қызудың күрт көтерiлуiне ықпал етуде. Сондай-ақ,
елдегi инфляция өсiмi де алаңдатушылық туғызады.
Елге тартылған инвестицияның құрылымдық тұрғыдан осыншалықты
диспропорциялы бөлiнуiне не себеп? Біздің ойымызша, мемлекеттiк деңгейде
тиiмдi өнеркәсiптiк саясаттың болмауы және шетелдiк инвестициясы бар
отандық кәсiпорындардың шикiзатқа деген iшкi және әлемдiк бағаның
айырмашылығынан үлкен пайда табуға ұмтылуы, шетелдiк қаржының ел
экономикасын дамытуға емес, жекелеген компаниялар үшiн үлкен пайда көзi
болып қалуы. Осының бәрiн ескере отырып, біз Қазақстанға тартылып жатқан
шетелдiк қаржының мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне қатер
төндiрмейтiндей өнеркәсiптiк саясатпен реттелiп отыруы керек дегендi айтар
едік. Сондықтан, шетелдiк қаржылардың тартылуы мен жұмсалуын мемлекеттiк
тұрғыдан реттеу үшiн мынадай элементтердiң болғаны шарт: тiкелей шетелдiк
салымдардың экономикаға келуiн реттеп отыратын билiк тарапынан бақылау
жасауға мүмкiндiк беретiн арнайы заңдар, мемлекет аумағына салынатын
тiкелей инвестицияға бақылау, қадағалау жасайтын органдар, валюталық
бақылау; салық жүйесi, антимонополиялық бақылау; шетелдiк инвесторлардың
есеп беру жүйесi мен тәртiбi; инвестицияның құқықтық қорғанысы және даулы
жағдайларды шешу үрдiсi.
– бәсекелестердің болуы және бәсеке еркіндігі. Бәсекеге қабілеттілікті
жетілдіру мақсатында тек макроэкономикалық көрсеткіштерге ғана емес,
микроэкономикалық жайттарға да мән берген дұрыс, яғни кәсіпкерлік,
инновациялық қызмет үшін қолайлы орта қалыптастыру, компаниялардың
капиталдандырылуы мен қаржы институттарының нығаюы үшін қолайлы жағдай
жасау, басқарудың айқындығы мен сапасын көтеру, фирманың интеллектуалды
капиталын нығайту болып табылады. Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі
қозғаушыларының бірі – бизнесті дамытудағы кемшіліктерді түбірімен
жоймайынша, мемлекеттік мекемелердің қызмет көрсету сапасын
арттырмайынша және бюрократиялық идеялогиядан толық арылмайынша мүмкін
емес сияқты.
Елдегі шағын және орта бизнестің дамуына келеңсіз әсер ететін
факторлардың қатарындағы көрсеткіштерге лицензиялау – 173 орын, меншікті
тіркеу – 72 орын, халықаралық сауданы жургізу – 178 орын, компанияны жабу –
100 орын және басқалары жатады [16,263б.].

Диаграмма 1. Бизнесті жүргізудегі жеңілдік. Әлемдік Банк, 2013
Ескерту – Сагадиев К. Экономика Казахстана: очерки актуальных проблем.
– Алматы: Б. и., 2011. – 312 с.

3. Сұраныс жағдайы. Бұл Қазақстан үшін әлсіз тұстардың бірі. Халық
шаруашылығының көп салаларында тұтынушы талаптары жеткілікті дәрежеде
жоғары емес. Ол киім-кешек, азық-түлік, жиһаз өндірісі, қызмет көрсету және
басқалары. Мұның өзі өткізу жүйесінің дамымағандығын сипаттайды. Сонымен
қатар, оған қазіргі кезде халықтың табысының салыстырмалы түрде төмен болуы
және тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өсуі себеп болып отыр. Ол өз
кезегінде тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат
Аймақ өнеркәсібін инновациялық дамыту
Алматы қаласының Қазақстан Республикасының аймақтық қаржы орталығы: жағдайы мен даму болашағын анықтау
АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Аймақтық экономикалық құралдар
Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі
Өнеркәсіп салаларын қайта құрудағы мемлекеттік басқару органдарының ролі
Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәселелері
Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау
Пәндер