Адам өміріндегі саясаттың ролі



Қарапайым демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады.Сондықтан, саясаттың бас сүбъектісі адам деп аламыз.Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп – мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады.Ол табмғм және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т.с.с мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т.б. қажеттіліктер кіреді.Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол – мүддеге айналады.
Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттар арасында тығыз байланыс орнайды.
Саясатпен кәсіби айналыспайтын «орташа адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені , ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарынөз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек.Сонымен қатар ол саяси «ойындардың» ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
АДАМ ӨМІРІНДЕГІ САЯСАТТЫҢ РОЛІ

Қарапайым демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады.Сондықтан, саясаттың бас сүбъектісі адам деп аламыз.Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп - мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады.Ол табмғм және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т.с.с мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т.б. қажеттіліктер кіреді.Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол - мүддеге айналады.
Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттар арасында тығыз байланыс орнайды.
Саясатпен кәсіби айналыспайтын орташа адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені , ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарынөз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек.Сонымен қатар ол саяси ойындардың ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек.
Саясаттың нәтижелі болуы оның адамдар үшін қызмет етуінде және адамдар арқылы іске асуында. Бұл қоғамның жан-жақты дамуының заңды шарты. Әлеуметтік топтар, қоғамдық қозғалыстар, саяси партиялар және т.б. қоғам өмірінде қанша көрнекті роль атқарғанымен, саясаттың ең басты субъектісі - адам. Қандай қоғамдық, саяси ұйымдар болмасын барлығы да адамдардан тұрады, бүкіл саяси үрдістің, қоғамның саяси өмірінің мәні, бағыты - негізінен адамдардың мақсатымен, көзқарастарымен, олардың ерікті іс-әрекетімен анықталады. Олай болса, қоғам, мемлекет - адам үшін қызмет етуі шарт. Себебі адам қоғам өміріндегі, саясаттағы шешуші фактор.
Саяси ойлар тарихында саясаттың субъектісі ретіндегі адамның қоғам өміріндегі жасампаздық ролі туралы көптеген ғылыми құнды тұжырымдар сақталған. Мысалы, "Республика" атты еңбегінде Платон саяси бағыттың әртүрлілігі адамдардың табиғи өзгешеліктерімен тығыз байланыста екендігін атап көрсеткен. Ал Аристотель "Саясат" деген шығармасында адам өзінің табиғи жаратылысына байланысты саясаттан тыс бола алмайтындығына басты назар аударған. Т.Гоббс және Дж.Локк мемлекеттің шығуы туралы өзара бір-біріне ұқсамайтын теорияларда адам жөніндегі қарама-қайшы концепцияларға сүйене отырып зерттеген. Шын мәнінде, адамгершілік, гуманизм тұрғысынан қарағанда, адам қоғам өмірінің, саясаттың ең негізгі белді буыны екендігі даусыз. Әрине, бұл үшін әрбір жеке адам саясат субъектісі деңгейіне көтерілуі қажет. Ал бұл процесс, яғни адамдардың саясаттың субъектісі болып қалыптасуы күрделі, мағыналы, үлкен проблема. Біз олардың кейбіреулеріне ғана тоқталамыз.
Адамның саяси субъектілігі - оның саяси өмірге белсене қатысуымен сипатталады. Саясатты қалыптастыру, оны іске асыру, оған дер кезінде өзгерістер енгізіп отыру, әр адам өзінің саяси қызметінде халықтың өмірлік қажетіне байланысты мақсаттарын іске асыруға көмектесуі және айтарлықтай нәтижеге жетуі, қоғамға пайдалы істерге қатысу саяси субъектілікті сипаттайтын негізгі белгілер.
Саясатқа саналы араласуы үшін адамның оған сай қабілеті болуы қажет. Бұл саяси субъектіліктің ішкі терең, мәнді сипаттамасы. Қабілеттілік әрбір адамның қолы оңай жететін қасиет емес. Бұндай қасиет саяси субъектіліктің жоғарыда келтірілген екіжақты көріністерінің өзара тығыз байланыста, өзгерісте болуы арқылы қалыптасады. Адам саясатқа қаншалықты белсене қатысса, оның саяси қабілеті соншалықты артады. Адам қабілетінің осылайша үнемі артып отыруы оның саяси белсенділігін де күшейтеді, бұл шексіз өтетін үрдіс, бұның өзі адамның саясат субъектісі болып қалыптасуының ішкі, сыртқы қайшылықтары мол күрделі процесс екендігін көрсетеді.
Демократиялық жағдайда жеке адамдар саясаттың ерекше, құнды субъектісі болып табылады. Олар қоғамдық оқиғалардың нақты қатысушылары, бұқаралық қозғалыстарды ұйымдастырушылар, басқарушылар. Сайып келгенде, көптеген факторлар әрбір адамның азаматтық сипат, қасиеттерінің өсіп дамуының, саясаттың объектісінен субъектісіне айналу процесінің сапасын, мәнін анықтайды. Бұдан туындайтын қорытынды - саясаттың субъектісі болу азаматтық қасиеттердің жоғары деңгейде дамуы. Аристотельдің айтқанындай, бұндай қасиеттер жетік дамыған, жоғары мәдениетті, терең білімді, адамгершілігі мол адамдарға ғана тән.
Бұл қасиеттер жеке адам бойында өзінен-өзі пайда болмайды. Саяси субъектіліктің өзі адамның әлеуметтік-саяси дамуының күрделі жолдарынан өтуін білдіреді. Адамның адам болып қалыптасу жолы қайшылықтарға толы бірнеше кезеңдерден тұрады, ал саясатқа адам ұзақ тәжірибесінен өте отырып біртіндеп жақындай бастайды. Бала кезінде саясат туралы ең алғашқы мәліметтерді өз отбасындағы ата-анасынан алады. Жастарға жалпы саясат жөніндегі мәліметтер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу арқылы жетеді. Адамдардың азаматтық қасиеттерінің жоғары дамуының кепілі жеке адамның саяси санасының артуы, оның ой-өрісінің кеңеюіне де байланысты.
Мемлекет, қоғам тарапынан адамның саяси санасының қалыптасуы саясаттануда саяси социализация деп аталады (яғни, саяси әлеуметтендіру). Саяси әлеуметтендіру деген түсінік ғылымға 1950-шы жылдарының соңында енгізілді. 1959жылы бұл ұғымды "Саяси әлеуметтендіру" деп аталатын еңбегінде ғылыми деңгейде зерттеген саясаттанушы, ғалым Герберт Хаймен болатын.
Шетел саясаттанушылары саяси әлеуметтендірудің негізгі екі жолын атап көрсетеді. Біріншісі - дамудың табиғи жолы. Бұл жолда әлеуметтендіруге қатысушылар отбасы, балалар үшін ата-аналарының саяси көзқарасы, жасөспірімдердің құрбы-құрдастары, мектеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография және әлеуметтану
Саясат субъектілерінің сипаты
Саясат тарихы туралы ақпарат
Саяси әлеуметтендіру
ХХ ғ. 20-30 жылдардағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ – САЯСИ ӨМІРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі
Экономиканы реттеу құралдары
Қазіргі қоғам адамының өміріндегі діннің маңызы бар ма
Саясаттың мәні
Билік, ғылым, тартыс социалогиясы
Пәндер