Adobe Flash-те «Информатика» курсы бойынша оқытудың электронды әдістемелік-оқыту кешенін құру


Adobe Flash-те «Информатика» курсы бойынша оқытудың электронды әдістемелік-оқыту кешенін құру

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
КІРІСПЕ. . .: Ібөлім. ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР . . .
4: 6
КІРІСПЕ. . .: 1. 1 -әдістемеліккешені . . .
4: 6
КІРІСПЕ. . .: 1. 2Электрондық . . .
4: 13
КІРІСПЕ. . .: 1. 3 Электрондық оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен құрылымы . . .
4: 20
КІРІСПЕ. . .: II бөлім. ADOBE FLASH ОРТАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ . . .
4: 41
КІРІСПЕ. . .: 2. 1 Қолданбалы интерфейстің ұйымы . . .
4: 41
КІРІСПЕ. . .: 2. 2 Интерактивті мультимедиялық қосымшаны құру мүмкіндігі . . .
4: 52
КІРІСПЕ. . .: 2. 3 ActionScript жөнінде жалпы мәліметтер . . .
4: 67
КІРІСПЕ. . .: 2. 4 «Информатика» . . .
4: 71
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 75
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 76
КІРІСПЕ. . .: ҚОСЫМША . . .
4: 77

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялардың даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру үрдісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды кәсіби салада қолдана білуге машықтандыруды, қажет ақпаратты, ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашықпен ойлауды және шешім қабылдауды талап етеді. Мультимедиялық технологиялар әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады.

Оқыту процесінде электронды оқыту құралдарын пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам жоғарғы оқу орындардың алдына төмендегідей қабілетті мамандарды тәрбиелеуді талап етеді:

- Өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын;

- Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және оларды шешу жолдарын іздей алатын;

- Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;

- Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын;

- Өзінің өз бетінше ой - өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын маман болуы қажет.

Электрондық көмекші құралының практикадағы жасаған жұмыстарының маңыздылықтары дипломдық жұмысының маңыздылығы болып саналады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Компьютерлік жаңа технологиялардың жетістігі мол, графикалық мүмкіндігі жоғары анимациялық қозғалыстарды көркем бейнелей алатын Adobe Flash қолданбалы бағдарламасын пайдалана отырып Adobe Flash-те «Информатика» курсы бойынша оқытудың электронды әдістемелік-оқыту кешенін құру

Зерттеу мәселесі. Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен-күнге үлкеюде. Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, анимация жасауда көп қолданысқа ие Adobe Flash программасы. Бұл программаны көбінесе Web сайттарды құруда көп қолданады. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Adobe Flash технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады.

Зерттеудің нысаны. Adobe Flash программасында «Информатика» пәні тақырыптары бойынша жасалынған мультимедиялық электронды көмекші құралдарын пайдалана отырып жұмыс жасаудың негізі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты. Электрондық оқыту бағдарламаларын жасаудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын және оларға қойылатын талаптар кешенін анықтау.

Зерттеу пәні. Информатиканы оқытуда Adobe Flash Professional CS5 бағдарламасын қолдану.

Зерттеудің болжамы . Егер сабақтарды ұйымдастыру үшін ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламалары және оны қолданудың әдістемесі жасалса, онда студенттің білімді меңгеру сапасы артады, өйткені бұл жағдайда жүйелі, жеке іс-әрекеттік және дербестік тәсілдер жүзеге асып, олардың оқуға деген қызығушылығы мен саналылығы артады.

Зерттеудің міндеттері. Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде «Информатика» пәнін оқыту қызметін анықтау. Оқытуда білім берудің дидактикалық негіздерін анықтау арқылы студенттердіі танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдерін айқындау.

Зерттеу әдістері. Adobe Flash Professional CS5 бағдарламасы.

Зерттеудің практикалық базасы. Оқытудың электронды әдістемелік-оқыту құралын орта мектепте және ЖОО-да «Информатика» пәнінен қолдануға болады.

Зерттеулердің ғылыми жаңалығы. Электрондық оқыту құралдарын жасауда дұрыс жолды пайдалану жағдайында тек қарапайым тілдесу ғана алынып қоймайды, студенттің тұлға болып дұрыс қалыптасуы мен мотивацияны дамыту үшін жағдай жасалатын педагогикалық тілдесу алынып, студентке ыңғайлы көңіл-күй қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері. Электрондық оқыту құралдарын жасауда пайдаланатын ақпараттық технология бірнеше басты қызметтерге негізделеді, олар:

  • қабылданатын оқу ақпараттарының саналығы мен тереңдігін қамтамасыз ететін көрнекілік, түсініктер мен ұғымдардың қалыптасуы;
  • ақпараттық, өйткені, оқу құралдары - қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы білімнің негізгі көзі болып табылады;
  • оқыту үдерісіне ыңғайлы жағдайлар жасайтын, демонстрация, өзіндік жұмыс ұйымдастыратын үйренгіштік қызмет.

Дипломдық жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыс құрамында 3 кесте және 35 сурет бар.

I бөлім. ЭЛЕКТРОНДЫҚ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. 1 Жаңа буынның компьютерлік оқу-әдістемелік кешені

Жаңа буынның компьютерлік оқу-әдістемелік кешені - оқу және әдістемелік бағыттағы көпқұрамды өзара байланысқан біріңғай электрондық құралдар оқу-әдістемелік кешенін құраушысы ретінде компьютерлік оқу әдістемелік құралдары, соның ішінде телекоммуникациялар жүйесінде таралатын білім алушылардың психологиялық - жас ерекшеліктерін ескеретін және олардың белсенді түрде шығармашылықпен айналысуға біліктілік пен дағдыны сондай-ақ оқу процесін жүргізуге қажет педагогтарға практикалық әдістеме береді. Компьютерлік оқу әдісі құралдар жаңа буынның кіретін көркемдік бейнелілігімен, ақпараттық көптігімен ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың ең жоғарғы жетістіктерімен әдістемелік құралдар сапасындағы техникалық орындаушылық сипатында логикалылығымен, реттілігімен, көрнекілігімен сипатталуы қажет.

Толығымен оқыту жүйесіне қолданатын оқу-әдістемелік кешені мен оның құраушыларын келесі түрге бөлуге болады:

  • Оқу-әдістемелік кешені берліген оқу пәні бойынша Қазақстан Республикасы ғылымы мен Білім беру министрлігінің бағдарламалары мен стандарттарына сәйкес оқытуды дәстүрлі жүйеде пайдалануға арналған;
  • Оқу-әдістемелік кешені факультативтік жұмыста пән бойынша білімін тереңдетуге арналған;
  • Оқу-әдістемелік кешені үйдегі жаттықтырушы;
  • Оқу-әдістемелік кешенін оқу әрекетінің нәтижесін бағалаушы және қадағалаушы;
  • Оқу-әдістемелік кешені (оқу-әдістемелік кешені құраушылары) ақпаратты-анықтамалық және энциклопедиалық сипатта;

Әдістемелік бағыттар бойынша жаңа буынның компьютерлік ОӘК және оның құраушыларын келесі түрде топтастыруға болады:

  • үйретуші (білім береді, біліктілікті қалыптастырады, оқу немесе практикалық әрекеттерге дағдыны меңгеруге қажетті деңгейімен қамтамасыз ету) ;
  • жаттықтырушы (өтілген материалды бекіту немесе қайталау, біліктілік пен дағдылардың әртүрлі тегін өтеу үшін арналған) ;
  • бақылаушы (оқу материалын меңгеруді бақылау мен өзіндік бақылау деңгейі үшін арналған) ;
  • ақпараттарды-іздестіру мен ақпаратты-анықтамалық (ақпаратты тұрақтандыру бойынша біліктілік пен дағдыны қалыптастырады, мәліметтерді хабарлайды) ;
  • демонстрациялық (зерттелетін объектілерді, құбылысты зерттеу мен үйрену мақсатындағы процестерді көзкөрімдеу) ;
  • имитациялау (нақтылықтың анықталған аспектісі, оның құрылымдық немесе функционалдық сипаттамасын үйренуге мүмкіндік береді) ;
  • зертханалық (жойылған эксперименттерді нақтылы құрал- жабдықтармен өткізуге мүмкіндік береді) ;
  • модельдеуші (объектіні, құбылысты оны зерттеу мен үйрену мақсатындағы процестерді модельдеуге мүмкіндік береді) ;
  • есеп-қисаптың (әртүрлі есеп қисаптарды автоматтау және басқа да операциялар) ;
  • оқу-ойыны (оқыту әрекетін ойын түрінде жүзеге асыратын оқу жағдайларын құру үшін арналған) ;
  • ойын (есте сақтауды дамыту, реакцияны және де басқада сапаларды бос уақытта ұйымдастыруға арналған) ;

Оқу-әдістемелік кешені материалын баяндау пішіні бойынша және олардың құраушылары конвекциялық, бағдарланған, проблемалық, комбинацияланған (универсалды) болып бөлінуі мүмкін:

  • конвекциялық оқу-әдістемелік кешені классикалық педагогика дәстүрлерін бекітуге сәйкес және энциклопедиалық немесе монографиялық сипаты бар;
  • бағдарламаланған оқыту-әдістемелік кешені «стимул реакция» жүйесі бойынша оқытуға негізделген. Мұндай ресурстар тармақталған немесе сызықтық бағдарламалар мен білім алу негізімен әдісін және олардың мамандандырылған дағдымен өзара әсерінің сырын алуға, ең әуелі оқытылғандармен өз бетінше жұмыс істеуге бағыт көрсетеді.

Детерминделген оқу-әдістемелік кешенін өңдеушімен өзара әсерлесу әдісімен мазмұны, параметрлері анықталатын, пайдаланушы өзгерте алмайтын компьютерлік оқу-әдістемелік комплексі.

Детерминделмеген оқу-әдістемелік кешені пайдаланушының дайындық деңгейімен мақсатымен оның қызығушылығына сәйкес өзара әсерлесу әдісі мен мазмұнын, параметрлерін тура немесе жанама қалыптастырады.

Барлық өзгерістер ақпараттар және өңдеушімен анықталатын алгоритмдердің көмегімен өндіріледі.

Оқу-әдістемелік кешені әр түрлері мен материалдары оларды құру үшін қажетті, олардың дидактикалық потенциалы деңгейінен шығатын, төрт негізгі тобында біріккен болуы мүмкін.

Оқу-әдістемелік кешені пайдалану мақсаты жоғарғы мамандандырылған білім беру жүйесінде нақтыланады:

  • оқу әрекетінің түрлерін іздеу, жиын, сақтау, талдау, өңдеу сәйкес ақпараттардың берілуін автоматтандыру;
  • зертханалық эксперименттер нәтижесінің өңделуін автоматтандыру;
  • курстық және түлектік жобалардың, бақылау тапсырмаларын орындау процесіндегі басқа ақпараттық өңдеу мен есептеулерді автоматтандыру;
  • жобалау мен конструкциялауды автоматтандыру;
  • оқу процесіне қатынасушылар арасындағы оперативті әрекетті және интерактивті диалогты ұйымдастыру;
  • имитация және күрделі объектілердің жұмысын модельдеу, әртүрлі құбылыстардың және нақты жеделдетілген немесе баяулатылған уақыт масштабындағы процестердің ағып жатуы;
  • пәндік виртуал ортадағы тренинг көмегімен болашақ мамандандыру әрікетіне дайындық;
  • оқу әрекеті нәтижелерінің бақылауын автоматтандыру.

Оқу-әдістемелік кешені төмендегі әдістемелік талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  1. Алуан түрлі нақты техникалық жүйелер мен қондырғыларға және окыту-әдістемелік кешеніндегі оқу материалына қойылатын талаптары функционалдыру күрделілігіне байланысты, ойлаудың әсерлік және бейнелік, зеректік құраушылардың өзара байланыстарына тірек болып құрылуы тиіс;
  2. Оқыту-әдістемелік кешені оқу пәндерін жоғарғы деңгейдегі иерархиялық құрылым түріндегі ғылыми түсінік жүйесінде дарытумен қамтамассыз етуі тиіс, әрбір деңгей абстракцияның анықталған ішкі пәндік деңгейіне сәйкес келуі тиіс, сондай-ақ бірдеңгейлік секілді, бұл ұғымның деңгейаралық логикалық өзара байланысын есепке алуды қамтамассыз етеді;

Техника-технологиялық талаптарға жататындар:

  1. Интернет-навигация ортасындағы функционалдау, MS Windows 98, Me, 2000 және одан жоғары;
  2. Жергілікті (компакт-дискілерде, және басқа сырттан ақпаратты тасушыларға) және желілік ретінде қызмет ету;
  3. Қазіргі құралдарды мультимедиа және телекоммуникациялық технологиясында максималды қолдану;
  4. Жұмысқа қабілеттілігінің орнықтылығы мен сенімділігі;
  5. Көпсалылығы (спецификациясында қарастырылған әр түрлі компьютерлік және басқа ұқсас құралдардағы тұрақты жұмыс) ;
  6. Ақауларға тұрақтылығы;
  7. Пайдаланушының рұқсатсыз әрекетінен қорғау;
  8. Ресурстарды тиімді және өтемелі пайдалану;
  9. Тестілеу;
  10. Инсталяциялық және денисталяциялау толықтығы мен сенімділігі, қарапайымдылығы;

Үшінші буын қашықтықтан және ашық білім алуда информацияның әртүрлі формаларын пайдаланумен екі жақты қатынасты ұсына отырып, ИКТ құралын қолданады(мәтін, графика, дыбыс, қозғалмалы кескіндер) . Сонымен, қатынас синхронды режим ретінде («бірмезгілде» бейнеконференция мен аудиографика), сондай-ақ асинхронды (электронды пошта, интернет және компьютерлік конференция) .

Екі жағдайда ИКТ құралын қолдану студенттер мен мұғалімдер арасындағы студенттердің өз арасында, сондай-ақ студенттермен ақпараттың әртүрлі көздері арасындағы қатынас кезінде интерактивтік деңгейін көтеруге себепші болатынын айту маңызды. Қазіргі ИКТ құралдарының ашық және басқада білім беру түрлері ретінде қолданатын ең негізгілерінің бірі- білім беретін электрондық басылым болып табылады.

Білім беретін электрондық басылым информатикалаудың барлық формаларының стратегиясының негізгі бағытының бірі ретінде анықталған.

Электрондық оқу құралын пайдалану мен құру ең басында-ақ екі негізгі бағытпен дами бастады. Бірінші бағыт төңірегінде әртүрлі оқу пәндері бойынша автоматтандырылып оқылатын жүйені құрады және пайдаланады.

Білім берудің ашық және басқа да формалары ретінде қолданылатын қазіргі заманғы ИКТ ең негізгі құралдарының бірі -білім беретін электрондық басылым болып саналады. Білім беретін электрондық басылымды құру Ресейдегі білім беру мен информатикалау стратегиясының барлық формаларының негізгі бағытының бірі ретінде анықталған.

Білім беру сферасындағы ақпараттық қызметтегі индустриялық дамуы, білім берудің электрондық басылымы мен әдістемелік программамен қамтамассыз етуді өндіріске қосатын тұтас салалар мен жеке білім беретін мекемелердің телекоммуникациялық құрылымдарының дамуы және құрылуымен қатар, білім беру сапасының жүйесі білім беруді информатикалаудың инфрақұрылымын қалыптастырудың негізін құрайды. Оқыту процесін көтеруде электрондық құралдар аймағында жүйелік зерттеудің 30 жылдан астам тарихы бар. Осы уақыт ішінде АҚШ, Канада да, Англияда, Францияда, Жапонияда, Ресейде және басқа да елдерде ақпараттық және коммуникациялық техниканың әртүрлі типтеріне бағдарланған оқу орындарында компьютерлік жүйені көп мөлшерде өңдеген болатын [1] .

Шет елдерде әдістемелік программалы - ақпараттық құралдарды құру, жоғарғы ғылымға сиятын және жоғарғы дәрежелі мамандармен психологтар, пән мұғалімдері, компьютерлік дизайнерлер және т. б. бірігіп жұмыс істеу қажет болғандығынан өте қымбат жұмыс болып саналады. Соған қарамай көптеген шет ел фирмалары компьютерлік оқу жүйесін құру жобасын қаржыландырады да, өзінің осы аймақтағы жеке құруын жүргізеді.

Соңғы отыз жыл ішінде өзгертіліп болған, оқу электрондық программалық құралы ұғымында қойылған дәстүрлерден білім берудегі электрондық басылым ұғымы шығады. Бірінші программалық электрондық құралдарды құру үшін сол уақыттағы тікелей программалау технологиясы белгілі программалау тілінің бірін қолданды.

Мұндай жүйе көбінде тек қоршам деген атауға сәйкес келеді: педагог-құрушылар өзінің оқу әдістемелік материалын деректер базасына және арнайы тілдердің көмегімен программалауға мүмкіндік беретін авторлық жүйе деп аталатын автоматтандырылған оқыту жүйесінің өзегі болып табылады. Компьютерлік технологияны енгізудің екінші бағыты оқытуда адам қызметінің әртүрлі салаларындағы информатикалау процесімен тығыз байланысты. Бұл бағыттың төңірегінде жеке оқу компьютерлік программасы, программа дестесі, автоматтандырылған жүйе элементтері, обьектінің құрамын зерттеу және математикалық модельдер процесі құрылған. Оқу процесінде мұндай программалық жүйені қолдану аса массалық сипатқа ие болады.

Білім беру процесін ақпараттандыру - жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.

Білім берудің ғылами ақпараттануы оқу үдерісін жаңа белеске көтеруді, оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіруді, оқу материалдарын меңгеруге жаңа дидактикалық тәсілдемелерді жасауды талап етеді. Оқулық оқытудың басты жабдығының бірі болып табылатындықтан, өзіндік оқытуда оқу ақпараттарының электрондық тасығыштарының рөлі қарқынды түрде өсуде.

Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі кредиттік жүйеге көшкендіктен және осыған байланысты оқытудың жаңа технологияларын қолдану қажеттілігі туындағандықтан, оқыту жүйесінде ақпараттандырудың жаңа әдістері мен жабдықтарын қолданбау мүмкін емес. Сондықтан да заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар жоғарғы оқу орындарының оқу үдерісінің басты компоненттердің біріне айналды. Соңғы кездері электрондық оқулықтардың санын көбейту жоғарғы оқу орындарының өзекті мәселелерінің бірі болып тұр.

Оқытудың электрондық жабдықтарының санының көп болуы оқытуды жеңілдетпейді, керісінше, қажетті оқу ақпаратын таңдау мүмкіндігін күрделендіре түседі. Электрондық оқулықтарды жасау мәселелері көптеген зерттеулерде (Л. Х. Зайнутдинова, А. Ю. Уварова, А. И. Башмаков, И. А. Башмакова және т. б. ) қарастырылған. Бәрімізге де аян, кейбір электрондық оқулықтар сын көтермейді, олардың дидактикалық сапасының төмендігі байқалады [2] .

Электрондық оқулықты жасағанда студенттің оқу материалын қабылдауының психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру де өзекті мәселердің бірі болып саналады. Ақпаратты еске сақтау қабілеті әр адамда әр түрлі, когнитивті психологияның тәжірибелері мен зерттеулеріне (Д. Андерсон, Э. Лоарер және т. б. ) сүйенсек, көрнекті бейнелерді есте сақтау дәрежесі жоғары екен. «Программалау технологиясы» пәнінен электрондық оқулықты жасау кезінде осы зерттеулерді ескере отырып, әр терминге қатысты суреттер орналастырылды.

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі. Электрондық оқулықтарды қолдану барысында студенттердің пәнге деген қызығушылығының күрт артатыны сөзсіз, себебі студенттер өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды ала алады.

Электрондық оқулықтың ең басты артықшылығы, студент пен оқулықтың элементтерінің арасындағы интерактивті өзара әрекеттесу мүмкіндігі. Электрондық оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электрондық оқулық оқу ақпараттарын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әртүрлі қосымшалар, анықтамалы материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер береді.

Ақпарат деп кей байланыс формаларының белгіленуі немесе материалдық әлемнің белгілі заңдылық класына бағынатын, және оның адам санасындағы бейнесі болатын обьектілердің, үрдістердің, құбылыстардың тәуелділіктерін айтамыз.

Ақпарат мәліметтерге тәуелділігіне, өздерімен жұмыс істеу әдістеріне байланысты белгілі бір қасиеттермен сипатталады. Солардың маңызды түрлері төменде көрсетілген:

  • ақпарат қоршаған орта туралы өзі келгенге дейін болмаған жаңа мәлімдемелер береді;
  • ақпарат тасымалдаушыда өзінің белгілер мен сигнал түрінде келетініне қарамастан ақпарат материалды емес;
  • белгілер мен сигналдар тек оны танып қабылдай алатын алушы үшін ғана ақпарат жеткізеді;
  • ақпарат физикалық тасымалдаушыдан ажырамайды, сонымен қоса белгілі бір тасымалдаушыға байланысты емес және белгілі бір тілге байланысты емес;
  • ақпарат дискреттік - ол хабарлама түрінде берілетін нақты мәліметтерден тұрады;
  • сонымен қатар, ақпарат үзіліссіз - ол жинақталып және біртіндеп дамиды.

Ақпараттың сапасын көрсететін қасиеттер төмендегідей:

  • репрезентативтілігі - таңдау дұрыстығы және берілетін құбылысқа ақпараттың бара-бар құрылуы осылай аталады;
  • мазмұндылығы - хабарламадағы семантикалық ақпарат санының өңделетін ақпараттың көлемінің қатынасына тең болатын ақпараттың семантикалық көлемі;
  • жеткіліктілігі - шешім қабылдау үшін хабарлаушы көрсеткіш жиынтығының құрамының тығыздығы;
  • қол жеткізушілігі - ақпаратты көрсету формасының ыңғайлылығы;
  • өзектілігі - ақпараттың сол сәтте қолданудағы құндылық деңгейі;
  • құндылығы - нақты мәселелерді шешудегі маңыздылығы;
  • түсініктілігі - қолданушының білім деңгейіне ақпараттың мазмұнының сәйкестігі;
  • ықшамдылығы - хабарланатын мәлімдемелердің баяндаулығының сығылу деңгейі.

«Технология» сөзі өнер, шеберлік, істей алу дегенді білдіретін гректің «techne» сөзінен шыққан, гректің «logos» сөзі - түсінік, оқу дегенді білдіреді.

Технология - бұл ғылыми және инженерлік білімнің жиынтығы. Ол өнім немесе қызмет көрсетуді іске асыратын материалдық, техникалық, энергетикалық, өндірістің еңбек факторларының жиынтығы [3] .

Ақпараттық технология - бұл ақпаратты сақтаумен, өңдеумен айналысатын адамдардың еңбегін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін үйрететін, өзара байланысқан ғылыми, технологиялық, инженерлік дисциплиналар кешені.

Жалпы, кез келген ақпараттық технологиялар қажет ақпаратты талап етілген сапа мен белгіленген тасымалдаушымен жеткізуге бағытталған болып табылады.

Ақпараттық технологиялар негізгі үш компоненттен тұрады:

  • техникалық құралдар кешені - есептеуші, телекммуникациялы және техникалық ұйымдастыру;
  • программалық құралдар жүйесі - жалпы (жүйелік) және функционалды (қолданбалы) программалық жабдықтама;
  • ұйымдастырушылық - әдістемелік қамтамасыз ету жүйесі.

Жүйе бір мақсатқа жетуге бағытталған бүтін, өзара байланысқан элементтер жиынтығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні бойынша электрондық оқыту кешенін дайындау
Қашықтықтан оқыту жүйесі және электронды оқулықтар
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АКТ КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жаңа ақпараттық технологиялар
Жаратылыстану-математика бағытындағы информатикадан жүргізілетін қолданбалы курстар
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Модель және модельдеу ұғымдары
Адам анатомиясы пәнін оқыту арқылы сандық білім беру жүйесі, технологиялары рөлі, маңызы
Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz