Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері



КІРІСПЕ
1 БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
1.1 Ақпараттық технология туралы түсінік
1.2 Ақпараттық технология тиімділігі және мүмкіндіктері
1.3 Ақпараттық технологияны қолданудағы қиындықтар және оны шешу жолдары
1.4 Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану
1.5 Жаңа компьютерлік технологиялар
1.6 Информатика пәнінде интерактивті тақтаны қолдану
2 БӨЛІМ. ИНФОРМАТИКАДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МАЗМҰНДЫҚ ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
2.1 Электрондық оқыту
2.2 Мультимедиялық оқыту
2.3 Электрондық оқулық туралы мәліметтер
2.5 Электрондық оқулық жұмысының режимдері
2.6 Есептің қойылымы
3 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МАЗМҰНДЫҚ ЖЕЛІСІН ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ
3.1 Қоғамдық ақпараттану. Ақпараттанудың әлеуметтік және экономикалық мақсаттары
3.2 Ақпараттық технология құралдары
3.3 Бірлескен ақпараттық жүйенің құрылу кезеңдері
3.5 “Ақпараттық технология” пәні бойынша электронды оқулықты дайындау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда бұл үрдіс адамзат өркениеті дамуының қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру – қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда.
Қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. [1]
Ақпараттық технологияны меңгеру саласында біраз ғылыми зерттеулер орындалған. Оларда болашақ мамандарды практикалық іс-әрекеттерде ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалануға даярлау (Г.С.Базарбаева, Б.Т.Барсай, Ж.Ж.Жанабаев, В.В.Егоров, М.С.Мәлібекова, А.К.Мыңбаева, О.Ү.Мұсабеков, Қ.А.Сарбасова, Г.О.Тәжіғұлова, А.З.Тұрсынбаев және т.б.), іс-әрекетін дамыту, болашақ мамандардың ақпараттық және зерттеу мәдениетін қалыптастыру (Р.Ч.Бектұрғанова, Г.Г.Воробьев, С.Н.Лактионова, М.С.Мәлібекова, О.С.Сыздықов, А.Нұғысова, С.Маусымбаев және т.б.), мұғалімнің ақпараттық-әдістемелік іскерліктері мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру (С.Н.Лактионова, Л.Ю.Малай және т.б.), мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру (С.Р.Доманова, Е.Н.Пасхин және т.б.), компьютерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру (В.М.Блинов, Н.Н.Диканская және т.б.) және т.б. қарастырылады.
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Егемен Қазақстан, 28 қаңтар 2011 ж.
2. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Егемен Қазақстан, 29 қаңтар 2010 ж.
3. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Егемен Қазақстан, Астана, 2010 ж.
4. «ҚР Білім туралы заңы», Алматы, 2007 ж.
5. «ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты», Астана, 2007 ж.
6. Бөрібаев Б., Балапанов Е. «Жаңа ақпараттық технологиялар».– Алматы, 2001.
7. Баймұхамедиев С.Қ. «Жаңа ақпараттық технология».- Алматы, 2003.
8. Мұхаметжанова С.Т. Жартынова Ж.Ә. «Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері», Алматы, 2008 ж.
9. Джеймс Л.Молер «Flash MX 2004» Руководство Web-дизайнера, М.: Эксмо, 2006.
10. Лещев Д. «Flash MX 2004» Теория и практика. Самоучитель. СПб., 2004.
11. Панкратова Т. «Flash MX 2004» Учебный курс. СПб., 2004.
12. «Macromedia Flash MX 2004 ActionScript 2.0 Справочник разработчика / Под ред. Артеменко Ю.Н. М., 2005.
13. А.Сахатова «Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану», Математика в школе журналы, 2001 ж.
14. «Қазақстан мұғалімі» газеті, 2008 ж., 5 наурыз.
15. Н.Ермеков, Ж.Қараев, Н.Стифутина «Информатика» 10 сынып.- Aлматы: Жазушы, 2000 ж.
16. Н.Ермеков, Ж.Қараев, Н.Стифутина «Информатика» 7 сынып.- Aлматы: Жазушы, 2000 ж.
17. Нұрмұханова Г. «Жаңаша оқыту – уақыт талабы» Қазақстан мектебі - №10/2004
18. «Информатика негіздері» № 1,2,3,4,5,6 2006 ж., № 2,4,5,6 2007 ж., № 1,2,3,4,5,6 2008 ж., № 1,2,3,4,5,6 2010 ж.
19. «МИФ» (математика, информатика, физика) №1 – 2011.
20. «Интерактивті тақтаны пайдалану бойынша әдістемелік көмекші құрал» Тараз қ.
21. «Интернет материалдары: «Google» және «Mail.ru» сайттары, 2010-2011.
22. Теңгебаев Т., Мыңжасарова Т. «Электронды оқулықтар – оқыту үрдісінде» Қазақстан мектебі - №7/2004
23. Христочевский С.А. Электронные мультимедийные учебники и энциклопедии. Москва Информатика и образование, 2000. C. 7077.
24. Киселев Б.Г. «Архитектура электронного учебника» Образовательный центр «КУДИЦ» 107078, Россия, Москва
25. Егоров А.Ф., Капустин Ю.И., Щербаков. Некоторые аспекты создания электронного учебника. Электронные учебники и учебно-методические разработки в открытом образовании. // Тезисы доклада семинара (7.09.2000 года, г. Москва) – М.: Изд. МЭСИ, 2000. С.7375.
26. Ясинский В.Б. «Интерактивные учебники и виртуальные лаборатории для дистанционного обучения с помощью Интернет» — Аналитический обзор: Караганда: ЦНТИ, 2000. 19с.
27. Егоров А.Ф. Основные направления информатизации университета. /Информационные технологии в учебном процессе университета. Сборник научных трудов. РХТУ им. Д.И. Менделеева. М., 2000,5с.
28. Власов Д.А., Кузина Л.С, Монахов В.М. и др. "Технологические процедуры создания электронного учебника". 2-я всероссийская конференция "Электронные учебники и электронные библиотеки в открытом образовании". М: "МЭСИ", 2001, 118с.
29. Зайнутдинова Л.Х.. Создание и применение электронных учебников. Астрахань, ООО "ЦНТЭП", 1999,364с.
30. Христочевский С.А. Информатизация образования. Почему так медленно? Информатика и образование, 1997, 3c.
31. Христочевский С.А.. Мультимедиа в образовании. Проблемы разработки и использования. Системы и средства информатики. Вып.8.
М.: Наука. Физматлит, 1996, стр. 166176c.
32. Христочевский С.А. Особенности электронных учебников на примере компьютерного задачника по истории Древнего мира. X конференция-выставка "Информационные технологии в образовании". - Сборник трудов. Часть IV. М.: МИФИ, 2000, 40 с.

Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері

КІРІСПЕ

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі - білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда бұл үрдіс адамзат өркениеті дамуының қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр. Білімді ақпараттандыру - қоғамды ақпараттандырудың негізгі шарты. Өйткені, жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында өмір сүріп жұмыс жасай алатын болашақ ұрпақтың даярлығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында өз орнын алуда.
Қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселе - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевтың Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады деген байламы мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. [1]
Ақпараттық технологияны меңгеру саласында біраз ғылыми зерттеулер орындалған. Оларда болашақ мамандарды практикалық іс-әрекеттерде ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалануға даярлау (Г.С.Базарбаева, Б.Т.Барсай, Ж.Ж.Жанабаев, В.В.Егоров, М.С.Мәлібекова, А.К.Мыңбаева, О.Ү.Мұсабеков, Қ.А.Сарбасова, Г.О.Тәжіғұлова, А.З.Тұрсынбаев және т.б.), іс-әрекетін дамыту, болашақ мамандардың ақпараттық және зерттеу мәдениетін қалыптастыру (Р.Ч.Бектұрғанова, Г.Г.Воробьев, С.Н.Лактионова, М.С.Мәлібекова, О.С.Сыздықов, А.Нұғысова, С.Маусымбаев және т.б.), мұғалімнің ақпараттық-әдістемелік іскерліктері мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру (С.Н.Лактионова, Л.Ю.Малай және т.б.), мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру (С.Р.Доманова, Е.Н.Пасхин және т.б.), компьютерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру (В.М.Блинов, Н.Н.Диканская және т.б.) және т.б. қарастырылады.
Компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән берген Ж.А.Қараевтың (оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру), А.Ә.Шәріпбаевтың (компьютердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу), С.М.Кеңесбаевтың (болашақ мұғалімдердің ақпараттық технологияны пайдалана білу проблемалары), М.Ф.Баймұхамедованың (компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдері), Ж.Ж.Жаңабаевтың (ақпараттық технологиялардың даму жағдайында мамандардың инженерлік-сызба даярлығын жетілдіру) еңбектерінің кейбір бағыттары аса қызығушылық танытады.
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатып, өндірісті автоматтандыру мен күшейтудің, жоспарлау мен басқаруды жетілдірудің аса маңызды факторының бірі болып информатикада ақпараттық технологияны пайдалану саналады. Қазақстанда жүріп жатқан өзгерістер білім беру жүйесінің алдына оқушылардың болашақтағы кәсіби іс-әрекеттерінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы даярлығын жетілдіру міндетін қойып отыр.
Жаңа заман мамандары меңгеруді қажет ететін білім, іскерлік, дағдының да аясы үздіксіз кеңейіп, мазмұны толықтырылуда. Бұл кәсіптік және құзырлылық деңгейі жоғары, өндірістің қарқынды даму жағдайына тез бейімделе білетін, кездескен проблеманың шешімін өздігінен дербес жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру қажеттілігінен туындайды.
Жаңа ғасырға білімді адам болып ақпараттық технологияны жетік меңгергенде ғана енуге болады. Өйткені халықтың іс-әрекеті барған сайын олардың ақпараттануына, компьютердің және телекоммуникацияның көмегімен алған ақпараттарын тиімді өңдеу қабілетіне байланысты. Бұл орта білім беру жүйесінің алдына оқушылардың компьютерлік технологияны практикалық әрекеттерде пайдалануға даярлығын қалыптастыру міндетін қояды. [2]
Дипломдық жұмыстың мақсаты - оқушыларды ақпараттық технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық негіздерін айқындау және осы даярлықты ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру. Ақпараттық технологиялар мазмұндық желісін оқудың тақырыптарын жетік меңгеріп, пайдалану үрдісін үйрету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1. Информатикада ақпараттық технологияны пайдалануға даярлаудың әдіснамалық тәсілдерін негіздеу және тұжырымдау.
2. Информатикада ақпараттық технология мазмұнын анықтау және оқу-әдістемелік кешенін жасау.
3. Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту құралын пайдалануға даярлау және оны тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы - егер, информатикада интерактивті оқу құралын пайдалануға даярлаудың әдістемелік тәсілдері айқындалып, тұжырымдамасы жасалса, оларды практикада жүзеге асырудың мазмұны негізделіп, арнайы әдістемемен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылса, онда оқушылардың ақпараттық технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануынан білім, іскерлік, дағдысы қалыптасады.
Жетекші идея: электронды оқу құралын пайдалануға даярлау кәсіптік және құзырлылық деңгейі жоғары, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруда септігін тигізеді.
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері: біртұтас педагогикалық үрдіс теориясы.
Дипломдық жұмыстың көздері: дипломдық жұмыстың проблемасы бойынша педагогтардың еңбектері; Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми материалдары, Білім және ғылым министрлігінің орта білім беру мәселелері туралы нормативті құжаттары мен оқу кешендері (тұжырымдамалар, стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар және т.б.); педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ғылыми-педагогикалық мерзімді басылымдар. [1, 2, 3, 4, 17, 21]
Дипломдық жұмыстың әдістері: дипломдық жұмыстың проблемасына қатысты әдебиеттерге теориялық талдау, орта білім беру жүйесінің оқу-әдістемелік құжаттарымен танысу, озық тәжірибелерді зерделеу, тест, әңгімелесу, практикалық тапсырма, дипломдық жұмыстың нәтижелерін қорытындылау.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
1. Ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту құралын пайдалануға даярлаудың әдіснамалық тәсілдері негізделді.
2. Оқу құралын пайдалануға даярлау мазмұны анықталды және оқу-әдістемелік кешен жасалды.
3. Оқу құралын пайдалануға даярлау әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жүзінде дәлелденді.
Дипломдық жұмыстың практикалық мәні. Оқу-тәрбие үрдісіне:
* оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде
пайдалануға даярлаудың әдістемелік жүйесі;
* Ақпараттық технологияның орта білім беру жүйесіндегі мәні,
* компьютерлік тапсырмалар, тест тапсырмалары, әдістемелік нұсқаулар
ендірілді.
Дипломдық жұмыстың нәтижелерін жоғары және арнайы оқу орындарында, орта білім беру орындарында, мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, үш теориялық және практикалық бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, мақсаты, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, көздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәні туралы ақпарат беріледі.
Білім беруді ақпараттық технология атты бірінші бөлімде қазіргі қоғамды ақпараттандыру, білім беру үрдісін ақпараттандыру, орта білім беру жүйесін ақпараттандыру және оның мақсаты жайында баяндалады. Ақпараттық технологияның негізгі талаптары, ақпараттық технологияның түрлері қарастырылады. Сонымен қатар, білім берудегі ақпараттық технологиялардың қазіргі білім беру жүйесіндегі мәні жайлы мағлұматтар беріледі.
Информатикада ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту әдістемелері атты екінші бөлімде оқыту түрлері, оның ішінде электронды оқу құралдары, оларды қолдану, мүмкіншіліктері туралы толық мағлұмат беріледі. Мұнда оқушыларды ақпараттық технологияны пайдалануға даярлаудың мазмұны, өзіндік ерекшеліктері сипатталып, оқушыларды ақпараттық технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлауды қамтамасыздандыратын кешеннің мазмұны қарастырылады.
Ақпараттық технология мазмұндық желісін оқыту мазмұны атты үшінші бөлімде оқыту үрдісінде сабақтарды ұйымдастыру жайлы айтылады. Мұнда оқушыларды ақпараттық технологияны пайдалануға даярлаудың әлеуметтік-педагогикалық жағдайы қарастырылады. Оқушылардың ақпараттық технологияны пайдалануға даярлаудың әдіснамалық тәсілдері негізделеді, ақпараттық технологияны білім беру жүйесінде пайдаланудың бүгінгі тәжірибесі мазмұндалып, оны жетілдіруге байланысты тұжырымдамасы ұсынылады.
Практикалық бөлімде оқушыларды ақпараттық технологияны оқу үрдісінде және оқудан тыс жұмыстарда пайдалануға даярлау әдістері мен формалары беріледі, тәжірибелі-эксперимент жұмысының ұйымдастырылуы және нәтижелері сипатталады, оқушыларды ақпараттық технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың перспективасы беріліп, электронды оқыту жүйесі құрылды.
Қорытындыда дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындысы талданып, қағидалары тұжырымдалады және оларды пайдалануға байланысты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың дидактикалық шарттары және проблеманың болашақта зерттелетін бағыттары көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде дипломдық жұмыс барысында қарастырылған философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттер қамтылады.
Қосымшада зерттеу барысында қолданылған материалдар мен құжаттар келтіріледі.

1 БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
1.1 Ақпараттық технология туралы түсінік

XXI ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту үрдісінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Кез келген сабақ барысында, тіпті күнделікті тұрмыста барлығы компьютерге, компьютерлік жүйеге байланысты болып тұр. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік-бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге мұғалім - оқушы жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие. [21, 14]
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технология түрін қолдануға болады. Бұл технологияның бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, әр пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оның іс-әрекетін жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда, оқушының әрекеті - технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлуі қажет. Өйткені, оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайында өмір талабынан туындап отыр. [17]
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесі оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Бұл мамандар үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге, өндіріс пен жеке адамдар арасындағы ықпалдастықтың ізгілікке бағытын жасай білуіне тиіс. Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орнының ең маңызды міндеті - кәсіби жағынан білімді, қабілетті маман даярлау болып отыр. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі реформалау үрдісі оның мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологияларды ендіруге байланысты жаңаша педагогикалық көзқарасты туындатады. Дүние жүзі қоғамдастығы жаңа ақпараттық технологиялар дәуірінде өмір сүруде. Қазақстан мемлекетінің ғылыми-техникалық саясатында жаңа бағыт пайда болды. Сондықтан білімді игеру технологияларын меңгерген мамандарды даярлау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. [1,2]
Технология деген термин гректің түп тамыры techne - өнер, шеберлік, кәсіп және logos - ғылым, білім деген сөздерінен шыққан.
Технологиялық білім термині XX ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал-жабдықтарға (үнтаспа, телевизор және т.б.), сол сияқты оқу үрдісінде техникалық құрал-жабдықтарға байланысты қолданылып келген. 50-60 жылдары Технологиялық білім термині бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында педагогикалық үрдісте әдіс-тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған.
Технология, оқыту технологиясы дәстүрлі педагогикада қалыптасып біткен ұғымдар емес, дегенмен бұл ұғымдарды оқыту үрдісіндегі жаңа ұғымдар деп айтуға болмайды. Дәстүрлі оқыту үрдісінің өзіне тән дәстүрлі оқыту технологиясы бар, олар оқытушы оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу кезінде пайдаланатын әдістер мен құралдар арқылы сипатталады.
Оқыту технологиясы, бір жағынан оқу ақпаратын өңдеуге, бейнелеуге және өлшеуге арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан оқыту технологиясы - оқытушының оқыту үрдісіне қажетті техникалық немесе ақпараттық құралдарды пайдаланып студентке әсер ету әдістері туралы ғылым. [21]
Қазіргі уақытта педагогикалық технология ұғымы әр түрлі мағынада түсіндіріледі. Көп тараған анықтамалардың бірін В.П.Беспалько ұсынған: Педагогикалық технология - оқу мен тәрбие үрдістерін еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні білім беру саласында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
ҚР-ның Білім туралы Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен де құруға мүмкіндік береді.
Кейінгі жылдары педагогикалық технология түсінігінің жаңа даму кезеңі жүріп жатыр. Педагогикалық технология мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақпаратты білім беру нәтижесі және рефлексия негізінде білім алуға бағытталған, бір үлгідегі педагогикалық жүйе деген түсінікті береді. Педагогикалық жүйе құрылымы:
* оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық,
педагогикалық жұмысты жүргізу;
* студент меңгеруге тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып,
жүйелеу; қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын кешенді қолдану және оны дұрыс қолдануын қадағалап отыру;
* тәрбиелеу және диагностикалық оқыту жүйесін дамыту;
* оқушыға жоғары деңгейде сапалы білім беруге кепілдеме беру
мәселелерін қарастырады. [17, 14]
Қарапайым ақпараттық технологиялардың пайда болуын ертеректегі жазумен байланыстырса болады. Бұл таудағы жазулар, суреттер, ағаш қабығындағы, папирустағы белгілер мен суреттер және т.б. Ақпараттық технологиялардың дамуындағы қуатты қадам кітапты баспаға беруден басталды.
Адамзаттың ақпаратты тасымалдауға және алмасуға мұқтаждығы зор болды. Егер ақпаратты таратуды жеделдету үшін от, курьерлер, содан соң пошта, семафорлы телеграф қолданылса, электрлік телеграф және телефон ойлап шығарылғаннан кейін ақпаратты тарату мүмкіндігі өзгерді. Радио мен теледидар, содан соң компьютер, цифрлық байланыстар жүйесі мен есептеуіш желілерді ойлап шығару, 1978 жылы алғашқы дербес компьютерді жасау және оның тез таралуы мен ақпаратты жинақтаушы, түрлендіруші және тасымалдаушы құрал ретінде дамуы, жаңа автоматтандырылған ақпараттық технологиялардың адам қызметінің барлық облысына енуіне мүмкіндік берді. Адамзат жетістіктерінің байланыс, ақпаратты өңдеу, жинақтау және бейнелеу құралдары аймағында интеграциясы автоматтандырылған ақпараттық технологиялардың қалыптасуына себепші болды.
Автоматтандырылған ақпараттық технологиялардың негізін келесі техникалық жетістіктер құрайды:
* Үлкен көлемді ақпараттың машиналық тасымалдауышта, яғни
магниттік және оптикалық дискілерде жинақтау құралдарын жасау;
* Әртүрлі байланыс құралдарын, яғни радио және телевизиялық
байланыс, телекс, телефакс, байланыстың цифрлық жүйелері, компьютерлік желілерді жасау;
* Белгілі бір алгоритм бойынша ақпаратты өңдейтін, жинақтайтын және
білімді генерациялайтын компьютерді жасау.
Автоматтандырылған ақпараттық технологиялар барлық ақпараттық операцияларды автоматтандыруға, яғни қоғамның ғылыми-техникалық прогресін жеделдетуге бағытталған. [18]
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық оқу орындарында қолданылады. Қоғамды ақпараттандыру үрдісі және олармен тығыз байланысты білім беру іс-әрекеттері түрлерін ақпараттандыру ақпараттық технологияларды жаппай тарату мен жетілдіру үрдісімен сипатталады. Осындай технологиялар қазіргі кездегі ашық және қашықтан білім беру жүйесінде ақпаратты таратуда және оқытушы мен оқушының бірлескен әрекетін қамтамасыз етуде белсенді түрде қолданыла бастады. Қазіргі заман оқытушысы ақпараттық технологияларды білімде ғана емес, сонымен қатар оны өзінің кәсіби қызметінде де пайдалануға мамандануы қажет. [3]
ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпаратты жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін ақпараттық технология деп атайды.
М.И.Жильдак ақпараттық технологияны былай деп анықтайды: ақпаратты жинаудың, ұйымдастырудың, сақтаудың, өңдеудің, берудің және көрсетудің әдістері мен техникалық құралдарының жиынтығы. Ол адамдардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқарудың білімін және мүмкіндігін кеңейтеді.
И.В.Роберттің анықтауы бойынша педагогикада ақпараттық технологиялардың құралдарына микропроцессорлық есептеуіш техникасының базасында жұмыс істеуші бағдарламалы-ақпараттық құралдар мен құрылғылар, сонымен қатар ақпаратты жинау, жинақтау, сақтау, өңдеу және беру операцияларын қамтамасыз ететін ақпараттық алмасудың қазіргі заманғы құралдары мен жүйелері жатады.
Ақпараттық-педагогикалық технологиялар құралдары педагогикалық мақсатқа лайық қолдануды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік, нормативтік-техникалық және ұйымдастыру-инструктивтік материалдарымен бірге білім беруді ақпараттандыру құралдарын жасайды. [21]
Оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымын анықтауға әр түрлі тұрғыдан қарауды талдау А.В.Шолохович берген анықтама толық қамтып көрсететіндігін аңғартады. Бұл анықтамада мазмұндық тұрғыдан ақпараттық технологиялар білім беруде ақпараттандыру құралдары қолданылатын жоспарлы және саналық түрде ұйымдастырылған оқыту үрдісін қарастырумен шұғылданатын дидактиканың саласы болып белгіленеді. [17]
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен оқытушы мен оқушының жедел қатынас жасауы қашықтан оқытудың ажырамайтын бөлігі болып табылады. Осындай қатынас жасау барысында оқушы оқытушыдан кеңес алуына, жобаларды, есептерді талқылауына болады. Бұл сонымен қатар, оқытушыға оқушының материалды меңгеру барысын бақылауға және оқытуды жекешелеп оқыту түрі негізінде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу оқу процесін ұйымдастырудың тиімді технологияларын таңдау мүмкіндігін береді. Ақпараттық технологиялар арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасау керек. Оқу орындарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану нәтижесінде, адам машықтанған потенциалды тұлғаға айналады.
Ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондықтан, мектепте қазіргі уақытта фундаментальдық пәндерді оқытуды ақпараттандыру оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Заман ағымына сай күнделікті сабақта видео, аудио қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Ақпараттық қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауымен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру оқу ісін байытады, информатиканы ғана емес, басқа да көп пәндерді оқытудың жаңаша түрлері мен тәсілдерін жетілдіруге, жаңартуға мүмкіндік беретіні дәлелденген. Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану білім берудің төмендегідей жаңа түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктер тудырады:
* интерактивтік сұхбат - ол қолданушының компьютермен қарым-
қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл арада сұхбат мәтіндік бұйрықтар мен жауаптар арқылы қарқынды түрде жүзеге асып отырады;
* нақты объектілерді басқару;
* экранда көрініс тапқан түрлі объектілердің, құбылыстардың,
үрдістердің үлгілерін басқару;
* оқу үрдісінің нәтижелеріне автоматтық бақылау, өзіндік бақылау
жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша тестілеу, түзетулер енгізу. [2,3,4]
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдаланып, оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру арқылы болашаққа деген сенімін оятып, кәсіби бағыттылығын қалыптастыру керек болып отыр. Олай болса, барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Жаратылыстану - математика пәндерін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бұл кезде оқытудың мынандай технологиялық аспектісінің маңызы зор екендігін ескеру қажет:
* оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін сәйкес талдаулармен және ұсыныстармен бірге көреді;
* интерактивті құралдардың мүмкіншілігін пайдаланып, компьютермен
жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен ықыласын көтереді.
Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынандай нәтижелерге қол жеткізеді:
* оқу материалын терең түсінуге;
* оқу мотивациясының артуына;
* алған білімінің ұзақ уақыт есте сақталуына;
* білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б.
Бүгінде білім беру жүйесін ақпараттандыру істерінің басты мақсаты - заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады. Білім беру ісінің өзі күрделі құрылымнан тұратын жүйе ретінде қарастырылады. Осындай күрделі жүйе бір-бірімен және қоғамдық өмірдің басқа аумақтарымен де тығыз байланысқан бес бөліктен тұрады: теориялық-әдіснамалық, педагогикалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және технологиялық жүйелер.
Сондықтан да қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі - ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық жағы емес, керісінше оны ұйымдастырушылық, әлеуметтік және педагогикалық жақтары болып отыр.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір-бірінен алыс ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып, қол жеткізуге болады.
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының сапасын арттырады.[13]
Ақпараттық технология ұғымы Ресейде XX ғасырдың соңғы он жылдықтарында ақпараттың қалыптасу үрдісінде пайда болды. Ақпараттық технологияның басты мақсаты - адамның ақпараттық технологияға талдау беруі үшін ақпаратты жасауы және соның негізінде белгілі бір әрекетті жасауда шешім қабылдауы. Ақпараттық технологияны ақпараттың тараушылық түріне, оны өңдеудің құралына, әдістеріне қарай екі түрге бөліп қарастырады: дәстүрлі (қағаздағы - адамның жұмысындағы құжаттарды пайдалануға негізделеді) және жаңа (компьютерлік - есептегіш техниканың құралдарын кең көлемде пайдалануға негізделген). [21]
Жаңа ақпараттық технология ұғымы компьютердің пайда болуымен және кең көлемде білім беру жүйесіне ендірілуімен байланысты. Компьютерді кәсіби тапсырмаларды шешу үшін пайдалана білу маман даярлығының міндетті компонентінің біріне айнала бастады. Сондықтан білім берудің алдына оқушыларды компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану міндеті қойылып отыр.
Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып, болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді тез игеруге жағдай жасайды.
Оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану:
* оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін белсендендіруді;
* болашақ мамандарды көпсалада дамытуды;
* қоғамды ақпараттандыру жағдайында болашақ мамандарды өмірге
даярлауды;
* көлемді ақпарат үрдісіне негізделген әлеуметтік тапсырысты жүзеге
асыруды қамтамасыздандырады. [6]

1.2 Ақпараттық технология тиімділігі және мүмкіндіктері
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері -- жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық технологияны пайдаланып, оқыту құралдарында жаңа иллюстрация түрлерінің пайда болуы, қағаз тасымалдауыштарда бастырылып шығарылған, дәстүрлі оқулықтарда қолданылған алдынғы тәсілдерден мүлдем бас тартуды білдірмейді. Дәстүрлі оқу кітаптарын иллюстрациялау және полиграфиялық безеңдендіру аймақтарында едәуір тәжірибе жинақталған. Осыған байланысты иллюстрацияның өзі, басылымның элементтерін кеңістікте топтастыру ерекшеліктері, жеке элементтердің басым көрсетілуі (көзбен қарағанда), қабылдаудың физиологиялық жақтары (баспаның айқындығы, қаріп ерекшеліктері т.б.) ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы ақпараттық технологияның құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиалық энциклопедиялар жасалған. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған.
Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар (АТ) -- компьютерлік техника мен программалық құралдардың көмегімен оқушыға ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын процесс. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологияларда ақпаратты беріп үйренуде екі нәрсені бөліп айтуға болады: техникалық құралдар, оған компьютерлік техника, байланыс жолы, және әртүрлі жүктеме бойынша берілетін программалық құралдар (ПҚ). Оқытушы компьютердің көмегімен берілетін сабақты өңдеуде оның функционалдық мүмкіндіктерін және жоғарыда аталған компоненттердің әрқайсысын қолдану шартын білуі тиіс. Техникалық құралдардың да программалық құралдардың да өз ерекшеліктері бар және оқу барысына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Әуелі мына сұраққа жауап берсек, компьютерлік техниканы сабақта не үшін қолданады және ақпараттық технология құралдарын қолданып қандай әдістемелік мәселелерді шешуге болады? Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты мынада:
1. Жеке басының дамуы
:: ойлану
:: эстетикалық тәрбие
:: экспериментальды-зерттеу мүмкіндігін дамыту
:: ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
2. Әлеуметтік тапсырысты орындау
:: пайдаланушының жалпы ақпараттық дайындығы (компьютерлік сауаттылық деп аталатын)
:: белгілі бір мамандықтарды дайындау
3. Оқу- тәрбиелік процесті күшейту
:: оқытудың тиімділігін және сапасын күшейту
:: танымдық әрекетін қамтамасыздандыру
:: ақпараттық және пән бойынша дайындықты интеграциялау арқасында пәнаралық байланысты тереңдету.
Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
:: Білім сапасын арттыру;
:: Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
:: Орта білімді ақпараттандыру;
:: Интернет жүйесін пайдалану;
:: Электрондық оқулықтар;
:: Қашықтықтан басқару:
Ақпараттық технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
:: Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
:: Ғылыми -- көпшілік журналының сайтына кіру;
:: Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
:: Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;
Жаңа ақпараттық технологияның ішінде ең тиімді технологияларға: оқытудың компьютерлік технологиясы, мультимедиялық технологиялар, презентациялық технологиялар, дистанциялық оқыту технологиялары кіреді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы -- ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны.
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындайтын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмыстың маңызы өте зор, әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті программалық -- әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа моделдерін (баяндама, реферат) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді. Бірнешеуін тізімдеп, бағытын айқындасақ:
Мультимедиялық технололиялар -- бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедия құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын аппараттық және программалық -құралдардың біріктірілген кешендерін айтады.
Презентациялық технологиялар. Бұл технология, бір жағынан , оқушыларға жаңа материалдарды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материялдар, т.с.с.) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы -- мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Осыған қоса, оқу орнында жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің Интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдердің жаңа технологияны игеруге үлкен мүмкіндік жасар еді.
Дистанциялық оқыту технологиясы -- ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Бүгінгі таңда осы технология жетілген елдерде өте кең тараған. Дистанциялық оқытудың артықшылықтары:
а) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді;
ә) ақпараттық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады.
Бұл технология біздің елімізде әлі кең тарала қойған жоқ, өйткені толыққанды дистанциялық оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс.
Жаңа ақпараттық технология шеңберінде компьютерлер негізгі үш бағытта пайдаланылады:
:: Адамды мезі ететін есептеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін жеке құрал ретінде;
:: Проблемалы салаларда зерттеулерді жүргізу үшін құралдармен толықтырылған автоматтандырылған дербес жұмыс ретінде;
:: Білімді бекітуге арналған автоматтандырылған кешен немесе жаттықтырушы ретінде қолданылады.
Ақпараттық технологияны сабақтарда пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады. Сонымен, компьютерлік технологияны сабақтарда пайдаланудың үш негізгі түрі бар
:: Ақпараттық технологияны сабақтарда үздіксіз пайдалану
:: Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану.
:: Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану. (дамытушылық ойындар, электрондық энциклопедия т.б) Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушылардың терең танып білуіне ғана емес сондай- ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру- уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

1.3 Ақпараттық технологияны қолданудағы қиындықтар
және оны шешу жолдары
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері -- жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық технологияны пайдаланып, оқыту құралдарында жаңа иллюстрация түрлерінің пайда болуы, қағаз тасымалдауыштарда бастырылып шығарылған, дәстүрлі оқулықтарда қолданылған алдынғы тәсілдерден мүлдем бас тартуды білдірмейді.
Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы ақпараттық коммуникативті технолгияның құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиалық энциклопедиялар жасалған. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған.
Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар (АТ) -- компьютерлік техника мен программалық құралдардың көмегімен оқушыға ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын процесс. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологияларда ақпаратты беріп үйренуде екі нәрсені бөліп айтуға болады: техникалық құралдар, оған компьютерлік техника, байланыс жолы, және әртүрлі жүктеме бойынша берілетін программалық құралдар (ПҚ). Оқытушы компьютердің көмегімен берілетін сабақты өңдеуде оның функционалдық мүмкіндіктерін және жоғарыда аталған компоненттердің әрқайсысын қолдану шартын білуі тиіс. Техникалық құралдардың да программалық құралдардың да өз ерекшеліктері бар және оқу барысына айтарлықтай әсерін тигізеді.
Әуелі мына сұраққа жауап берсек, компьютерлік техниканы сабақта не үшін қолданады және ақпараттық технология құралдарын қолданып қандай әдістемелік мәселелерді шешуге болады? Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты мынада:
1.Жеке басының дамуы:
ойлану;
эстетикалық тәрбие;
экспериментальды-зерттеу мүмкіндігін дамыту;
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
2.Әлеуметтік тапсырысты орындау:
пайдаланушының жалпы ақпараттық дайындығы (компьютерлік сауаттылық деп аталатын);
белгілі бір мамандықтарды дайындау.
4. Оқу- тәрбиелік процесті күшейту:
5. оқытудың тиімділігін және сапасын күшейту;
6. танымдық әрекетін қамтамасыздандыру;
7. ақпараттық және пән бойынша дайындықты интеграциялау арқасында пәнаралық байланысты тереңдету.
8. Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр:
9. Білім сапасын арттыру;
10. Әлемдік білім беру кеңістігіне ену;
11. Орта білімді ақпараттандыру;
12. Интернет жүйесін пайдалану;
13. Электрондық оқулықтар;
14. Қашықтықтан басқару.
15. Компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей:
Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
Ғылыми -- көпшілік журналының сайтына кіру;
Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу.
Жаңа ақпараттық технологияның ішінде ең тиімді технологияларға: оқытудың компьютерлік технологиясы, мультимедиялық технологиялар, презентациялық технологиялар, дистанциялық оқыту технологиялары кіреді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы -- ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны.
Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындайтын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмыстың маңызы өте зор, әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті программалық -- әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа моделдерін (баяндама, реферат) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді.
Бірнешеуін тізімдеп, бағытын айқындасақ:
Мультимедиялық технологиялар -- бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедия құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын аппараттық және программалық -құралдардың біріктірілген кешендерін айтады.
Презентациялық технологиялар. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалдарды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материялдар, т.с.с.) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы -- мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға дағдыландырады.
Осыған қоса, оқу орнында жергілікті компьютерлік желісі болуы және бұл желінің Интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдердің жаңа технологияны игеруге үлкен мүмкіндік жасар еді.
Дистанциялық оқыту технологиясы -- ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы.
Бүгінгі таңда осы технология жетілген елдерде өте кең тараған. Дистанциялық оқытудың артықшылықтары:
а) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді;
ә) ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады.
Бұл технология біздің елімізде әлі кең тарала қойған жоқ, өйткені толыққанды дистанциялық оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс.
Жаңа ақпараттық технология шеңберінде компьютерлер негізгі үш бағытта пайдаланылады:
:: Адамды мезі ететін есептеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік беретін жеке құрал ретінде;
:: Проблемалы салаларда зерттеулерді жүргізу үшін құралдармен толықтырылған автоматтандырылған дербес жұмыс ретінде;
:: Білімді бекітуге арналған автоматтандырылған кешен немесе жаттықтырушы ретінде қолданылады.
Жаңа ақпараттық технологияны сабақтарда пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады. Сонымен, компьютерлік технологияны сабақтарда пайдаланудың үш негізгі түрі бар:
:: Ақпараттық технологияны сабақтарда үздіксіз пайдалану.
:: Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану.
:: Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану. (дамытушылық ойындар, электрондық энциклопедия т.б). Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушылардың терең танып білуіне ғана емес сондай- ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру- уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды.
Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.
Мектепті ақпараттандыруға мемлекет тарапынан қашанда үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғарғы психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдынғы қатарлы мемлекетке айналары даусыз. Өйткені, "Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет" деп, Ел басы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

1.4 Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану
Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу әдістемелік, психологиялық - педагогикалық мәселердің шешімін ғылыми түрде негіздеуде талап етеді.
Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асрудың жүйелі ғылыми - әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс - әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- мектептің материалдық - техникалық базасын нығайту.
Ақпараттық технологияны қолданудың ең тиімді жолы сөзсіз жаһандық ақпаратқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Технологияның мәндік сипаты
Ақпарат және ақпараттық үрдістер мазмұндық желісін оқыту әдістемесі
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛГОРИТМДІК ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ МЕН ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
Информатика пәні бойынша критерийлі-бағытталған тест тапсырмаларын жасау әдістері.
Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі мен жолдары
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Пәндер