Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы



ТЖМЖ дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде, "Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiне төнген қатер және техногендiк және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi мәжiлiсiнiң 2003 жылғы 15 қаңтардағы N 1 және "Жамбыл облысындағы жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралар және дүлей зiлзаланың салдарын барынша азайту жөнiндегi орталық және жергілiктi атқарушы органдардың мiндеттерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27-28 мамырдағы мәжiлiсiнiң N 14 хаттамалық шешiмдерiне сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама 2004-2010 жылдарға ТЖ-ның әсерiнен Қазақстан Республикасының халқын, экономикалық әлеуетiн және қоршаған ортаны жоғары нәтижелiлiкпен қорғауды арттыру және қамтамасыз ету, авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың алдын алу, залалын азайту және зардаптарын жоюға арналған күштер мен құралдарды дамыту және жетiлдiру жөнiндегi маңызды шараларды қарастырады.
"Қазақстан-2030" даму стратегиясына сәйкес ұлттық қауiпсiздік нөмiрi бiрiншi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады. Қазақстан Республикасында ТЖ заңнамаға сәйкес ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатерге жатқызылады.

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың
мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
Бағдарламасы
2. Кiрiспе
ТЖМЖ дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде, "Қазақстан Республикасының экологиялық қауiпсiздiгiне төнген қатер және техногендiк және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесi мәжiлiсiнiң 2003 жылғы 15 қаңтардағы N 1 және "Жамбыл облысындағы жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралар және дүлей зiлзаланың салдарын барынша азайту жөнiндегi орталық және жергілiктi атқарушы органдардың мiндеттерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 27-28 мамырдағы мәжiлiсiнiң N 14 хаттамалық шешiмдерiне сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама 2004-2010 жылдарға ТЖ-ның әсерiнен Қазақстан Республикасының халқын, экономикалық әлеуетiн және қоршаған ортаны жоғары нәтижелiлiкпен қорғауды арттыру және қамтамасыз ету, авариялардың, апаттардың және дүлей зілзалалардың алдын алу, залалын азайту және зардаптарын жоюға арналған күштер мен құралдарды дамыту және жетiлдiру жөнiндегi маңызды шараларды қарастырады.
"Қазақстан-2030" даму стратегиясына сәйкес ұлттық қауiпсiздік нөмiрi бiрiншi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады. Қазақстан Республикасында ТЖ заңнамаға сәйкес ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатерге жатқызылады.
Халықаралық терроризм күштерiнiң жандануын (әсiресе 2001 жылғы 11 қыркүйектегi АҚШ-тағы оқиғадан кейiн), іргелес мемлекеттердегi жағдайдың тұрақсыздығын және төтенше жағдайлардың, әсiресе жер сiлкiнiстерiнiң адамдардың құрбан болуымен едәуiр зиян келтiруiн, ал олардың барынша ауқымдылары мемлекет экономикасының дамуының бұзылуына және елеулi әлеуметтiк және саяси проблемаларға әкеп соғуы мүмкiн екенiн ескерсек, ТЖМЖ дамыту туралы мәселе қою бүгiнгi күнгi көкейкестi және дер кезiндегi жалпы мемлекеттiк маңызы бар мәселе болып тұр.
Соңғы онжылдық әлемде қауiптi өндiрiстердi кеңiнен пайдаланатын iрi өнеркәсiптiк аймақтардың индустриялық жедел өсуiмен, табиғи ресурстардың қарқынды игерілуiмен, урбанизациялануымен, халықтың едәуiр өсуiмен және олардың шек қойылған аумақтарға, көбiнесе қауiптi аймақтарға көп шоғырлануымен сипатталады. Мұның бәрi қоршаған ортаға түсетiн антропогендiк күштiң күрт өсуiне, экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық зардаптарға әкеп соғатын авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың туындау ықтималдылығын арттырады. БҰҰ деректерi бойынша 1960 жылдан бергi дүлей зiлзалалардан келген экономикалық шығын 9 есе артты, ал iрi табиғи апаттардың жиiлiгi 3 еседен артыққа өстi. Дүлей зiлзалалар кезiнде әлемде 1991-2000 жылдары жыл сайын орташа есеппен 75 мың адам опат болды, ал зардап шеккендердiң жалпы саны 211 млн. адамды құрады, экономикалық зиян 40 млрд. АҚШ долларына жеттi.
ТЖ-ның туындауы мен олардың әлеуметтiк салаға және қоршаған ортаға тигiзетiн келеңсiз әсерiнiң жалпы дүниежүзiлiк заңдылығы Қазақстанды да шет қалдырмайды.
Республикада жыл сайын ТЖ-дан келетiн тура шығын 3,5-4,5 миллиард теңгеге дейiнгi соманы (барынша ауқымды дүлей зiлзала болмағанда) құрайды. Сараптық бағалау бойынша бұл жағдайдағы қосымша шығын 15-20 миллиард теңге шамасында және адамдардың опат болуына байланысты және зардап шеккендердi емдеуге кеткен шығын - 3 миллиард теңгеге жуық. Бұл жалпы сомада жыл сайын 25 миллиард теңгенi құрауы мүмкiн.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Республиканың әртүрлi табиғи жағдайы оның жер сiлкiнiсi, сел тасқыны, көшкiн және опырылып құлау, су тасқыны, құрғақшылық, температураның кенет төмендеуi, Каспий теңiзi жағалауларының аймақтарын су басып қалу және су астында қалу, орман және дала өрттерi сияқты табиғи апаттарға едәуiр бейiм екендiгiн айғақтайды. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарына және Алматы қаласына қиратушы жер сiлкiнiсiнiң қатерi үнемi төнiп тұр.
Сейсмология институтының деректерi бойынша елiмiздiң оңтүстiк, шығыс және оңтүстiк шығыс өңiрлерi ұзақ сейсмикалық тыныштықтан кейiн таяу жылдарда қатты қиратушы жер сілкінiсiнiң туындауы мүмкiн сейсмикалық процестің жандану кезеңiне ендi. Жер сiлкiнiсiн болжау және бұл апаттардан келген залалды және олардан туындаған геологиялық және техногендiк қосымша факторларды төмендету проблемаларының халықтың және объектілердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде өмiрлiк маңызы бар. Елiмiздің 400-ден аса қалалары мен елдi мекендерi орналасқан, өнеркәсiптiк әлеуеттің 40 пайызы шоғырланған және елiмiздiң халқының жартысы тұратын ел аумағының үштен бiрi сейсмоқауiптi болып табылады. Алматы облысы мен Алматы қаласының аумағы кiретiн Солтүстiк Тянь-Шань аймағы бүкiл Орталық Азиядағы ең бiр сейсмоқауiптiлердiң бiрi болып табылады. Жүз жыл аралығында мұнда онға жуық қиратушы жер сiлкiнiсi болды, оның екеуiнiң (Шелекте 1989 жылы және Кеминде 1911 жылы) магнитудасы сегiз баллға жеттi және дүниежүзiлiк сейсмикалық апаттардың рангiне кірдi.
Соңғы жылдары Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында 5-6 балдық, жер сiлкiнiстерi, 1990 жылы Шығыс Қазақстанның Зайсан қаласында 7 балдық жер сiлкiнiсi болды. Бiрнеше мыңдаған жылдар бұрын Маңғыстау облысында болған үш қатты жер сiлкiнiсiнiң (8-9 балл) iзi табылды. Батыс Қазақстанда қарқынды геодинамикалық процестер болып жатыр. Жағдай мұнда көмiрсутектi шикiзаттардың өндiрiлуiмен қиындай түсуде, олар бiрқатар жағдайларда қарқынды техногендiк жер сiлкiнiсiне әкеп соғуы мүмкiн. Осыған байланысты Батыс, Орталық және Шығыс Қазақстанның байтақ аймақтары сейсмикалық қауiптi бағалауды қайта қарауды талап етедi.
Негiзгi қорлардың, өндiрiстiк ғимараттар мен құрылғылардың, жылжымалы составтың және көлiктегi инфрақұрылымның ескiруi мен тозуы, мұнай және газ кен орындарын, басқа да табиғи ресурстарды игеру мен өндiрудің қарқынды өсуi, көмiрсутектi шикізаттар мен олардың өңделген өнiмдерiн тасымалдау көлемiнiң артуы техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың келеңсiз рөлiнiң өсуiнiң шын мәнiндегi алғышарттарын туғызып отыр.
Дүлей зiлзалалардан, авариялардан және апаттардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау және олардың зардаптарын жою мемлекеттiк саясаттың басым саласы болып табылады. Мiндетiне төтенше жағдайлардан қорғау да кiретiн азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргiзу мемлекеттiң қорғаныс iс-шараларын орындау жөнiндегi маңызды функцияларының бiрi болып табылады.
Республикада халықты және аумақтарды дүлей зiлзалалардан, авариялар мен апаттардан және олардан туындаған төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару ТЖМЖ аясында жүзеге асырылады.
ТЖМЖ Қазақстан Республикасы Конституциясының , " Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы", " Азаматтық қорғаныс туралы ", " Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы", " Өрт қауiпсiздiгi туралы ", " Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының, 1997 жылғы 28 тамыздағы ("Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң N 1298 қаулысының ), сондай-ақ өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде iс-қимыл жасайды.
ТЖМЖ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау; авариялар, апаттар, дүлей және экологиялық зiлзалалар, эпидемиялар, эпизоотиялар, эпифитотиялар туындаған кезде шаруашылық жүргiзу және әлеуметтiк сала объектiлерiнiң жұмыс тұрақтылығын арттыруға бағытталған нақты шараларды iске асыру; басқару органдары мен пункттерiнiң, байланыс және хабарлау жүйелерiнiң, күштер мен құралдардың жоғары әзiрлiгiн қамтамасыз ету; халықты төтенше жағдайдағы iс-қимылға дайындау және оқыту; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi.
ТЖА ТЖМЖ-ға жалпы басшылықты, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, ТЖ алдын алу және жою саласында арнайы рұқсат етiлетiн функцияларды iске асырады.
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың iс-қимылын үйлестiрудi:
- республикалық деңгейде - Қазақстан Республикасының Tөтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi, Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссиясы, Жарылыс iсi жөнiндегi ведомствоаралық кеңес, орталық атқарушы органдардың төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары;
- жергiлiктi деңгейде - өзiнiң аумақтық органдары арқылы Агенттiк, жергiлiктi атқарушы органдардың және ұйымдардың тиiстi аумақтарда орналасқан төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар саласындағы бiрқатар халықаралық ұйымдарға кiредi, азаматтық төтенше жоспарлау саласында "бейбiтшiлiк жолындағы серiктестiк" бағдарламасының аясында НАТО-мен, ТМД елдерiнiң төтенше жағдайлар жөнiндегi мамандандырылған органдарымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды.
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайларға ұшырау қаупiнiң жоғары деңгейi және TЖМЖ құрылымы мен қызметiндегi орын алған кемшiлiктер оны айтарлықтай дәрежеде қайта құру және дамыту қажеттiлiгiн талап етедi. Болжау қызметтерiнiң жұмысы, ең алдымен сейсмикалық мониторинг пен қысқа мерзiмдi болжау жүйесi, сәулет-қала құрылысы саясатының нормативтiк талаптары жетілдiрудi; мемлекеттiк, жұмылдыру және жергiлiктi резервтердi, елiмiздiң авариялық құтқару күштерiн және бiрiншi кезекте шұғыл бepу мен беру күштерін құрудың тұжырымдамалық негіздерін қайта қарауды қажет етедi.
3.1. ТЖМЖ жай-күйiн бағалау
ТЖМЖ мына негiзгi сипаттамалармен бағаланады
1) Нормативтiк құқықтық негiз.
Қазақстанның төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы заңнамасы шын мәнiнде соңғы бiрнеше жылдың iшiнде ғана қалыптаса бастады. Қазiргi уақытта ол 6 арнайы заңнан, төтенше жағдайлар жөнiндегi жекелеген мәселелердi реттейтiн бiрнеше заңдардан, әртүрлi иерархиялық дәрежелердегi және құқықтық реттеу салаларының жүздеген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады және құқықтық негiздерiнiң заңға тәуелдi деңгейде нақтылануы сатысында.
Олар бүтiндей алғанда жалпы мемлекеттiк құқықтық және экономикалық нормаларға жауап бередi. Алайда, ТЖМЖ-ң қоғамдық қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң бiрқатары құқықтық қолдану шекарасын толық айқындамайды.
Қазiргi уақытта республикада төтенше жағдайлар ауқымы аумақтық қағидатын бойынша айқындалады және объектiлiк, жергiлiктi, аймақтық және барынша ауқымды болып бөлiнедi. Көрсетiлген төтенше жағдайды бағалау тәсiлi олардың ауқымын шынайы сипаттауға және авариялар мен табиғи апаттарға сай мән беруге, сондай-ақ олардың зардаптарын жою үшiн Yкiмет резервiнен берілетiн қаражат көлемiн анықтауға мүмкіндiк бермейдi.
Еңбек қорғау, экологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi және басқа қызмет салалары бойынша құқықтық қатынастарды реттейтiн отандық нормативтiк техникалық базаны құру баяу жүргiзiлуде. Жаңа экономикалық қатынастарға, қазiргi заманғы техникалық және технологиялық талаптарға сай келмейтiн 2,5 мыңға жуық құжаттар (ережелер, нұсқаулар, басқарушы және реттеушi құжаттар, оның iшiнде бұрынғы КСРО-ның) қайта қарау мен қайта әзiрлеуге жатады. Осындай кемшілiктер шаруашылық субъектiлерiнiң жұмысында едәуiр қиындықтар туғызады.
Сақтандыру қызметi жетілмеген күйiнде қалуда. Ол жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға және мемлекетке өнеркәсiптiк авариялар мен дүлей зiлзалалардың келтiрген шығынының орнын толтыруға берiлетiн кепiлдiктiң барлық, аспектiлерiн толық көлемде қамти алмайды.
Нормативтiк құқықтық базадағы кемшiлiктер мен олқылықтар ТЖМЖ-ның авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың алдын алу және зардаптарын жою мәселелерiн реттеудегi рөлiн елеулi төмендетедi, заңнаманың артықшылығын iс жүзiнде толық көлемде пайдалануға мүмкiндiк бермейдi, соның салдарынан командалық- әкiмшілiк басқару нысаны көбiнесе тиiмдi болмайды, мұның ақыры артық материалдық және моральдық шығынға ұшыратады.
Осыған байланысты төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы және басқа да құқықтың аралас салаларындағы заңдарға талдау жасау, оларды одан әрi жетiлдiру жөнiндегi нақты iс-шараларды жүзеге асыру қажет.
2) ТЖМЖ институционалдық негiзi.
ТЖМЖ-ң халықты, объектiлердi және аумақтарды қорғау жөнiндегi алдына қойған мiндеттерiн ойдағыдай шешу ең алдымен төтенше жағдайлардан келуi мүмкiн зиянның алдын алу және азайту жөнiндегi шараларды орындауға, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау мен қадағалауды, шаруашылық жүргiзу және әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған оңтайлы институционалдық негiз құрғанда ғана мүмкiн. Оның қызметiн талдау көрсеткенiндей, қолданыстағы институционалдық негiз кемелiне жетуден алыс және қайта құру мен дамытуды қажет етедi.
ТЖА жүзеге асыратын бақылау-қадағалау функцияларының аясы өте тар және бүгiнгi күннiң талабына сай келмейдi. Қазiргi уақытта Агенттiк өрт қадағалау, өнеркәсiпте қауiпсiз жұмыс жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалауды ғана жүзеге асырады. Төтенше жағдай саласындағы көптеген бақылау-қадағалау функциялары республиканың әртүрлi орталық атқарушы органдарына бөлiнiп берiлген.
Бұл - еңбек қорғау және азаматтық қорғаныс туралы заңнаманың сақталуын; жер қойнауының қорғалуын; электр энергиясын өндiру, тарату, бөлу және тұтыну саласындағы қауiпсiздiктi; ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi; көлiктегi қауiпсiздiктің қамтамасыз етілуiн; кiшiгiрiм кемелердiң пайдаланылуын; суасты-техникалық жұмыстардың қауiпсiздiгiн, ормандардың өрттен қорғалуын; құрылыстың сапасын, үйлер мен құрылыстардың және гидротехникалық құрылғылардың сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн (әcipece сейсмикалық аудандарда); жұқпалы аурулар мен iндетке қарсы iс-шаралардың орындалуын бақылау мен қадағалау жөнiндегi өкілеттіктерге қатысты. Бұл ведомстволық өкілеттiктердi орындау тиiстi министрлiктер мен агенттiктер үшiн көбiнесе қосымша мiндет болып табылады. Оның үстiне, орталық атқарушы органдардың бiрқатары бұл жөнiнде өзiн-өзi бақылайды, бұл бақылау-қадағалау органдарының тәуелсiздiк принципiне қарама-қайшы келедi.
Халықты және аумақтарды авариялардан, апаттардан және дүлей зiлзалалардан қорғау жөніндегi шаралардың тиiмдiлігiн арттыру үшiн ТЖ алдын алудың негiзгi мәселелерi бойынша бақылау-қадағалау функцияларын Агенттiкке барынша шоғырландыру, қажет болса жаңа қадағалау органдарын құру орынды болар едi.
Экономиканың үдемелi дамуы, инвестицияның өсуi және өндiрiстiң кеңеюi нәтижесiнде жаңа маңызды проблемалар туындады.
Каспий және Арал теңiздерiнiң қайраңдарында және Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнындағы мұнай операцияларының қарқындылығы, бұл жұмысының қауiпсiз жүргiзiлуiне пәрмендi бақылау мен қадағалаудың және аварияның келеңсiз зардаптарын жою үшiн қажеттi күш пен құралдардың болмауынан қоршаған ортаның едәуiр ластануына, Қазақстанның және шектес мемлекеттердiң флорасы мен фаунасының орны толмас шығынына және соның салдарынан республикаға iрi экологиялық айыппұл шараларын қолдануға әкеп соғуы мүмкiн. Tоғытылған ұңғымалардың саңлаулануы кезiнде мұнайдың төгiлуiнен де апаттық зардаптар болуы мүмкiн. Газлийдегi (1976 және 1984 жылдардағы) және Сахалиндегi Нефтегордағыға (1996 ж.) ұқсас техногендiк сипаттағы қатты жер сiлкiнiсiнiң туындауынан жағдай қиындауы мүмкiн.
Мұнайдың төгiлуiнен болуы ықтимал зардаптардың алдын алу және азайту мақсатында бақылау-қадағалау органдарын нығайту және бұл саладағы талаптарды қатайту, мамандандырылған теңiз авариялық-құтқару жасағын құру, аймақтағы техногендiк жер сiлкінiсi туындауының ықтималдылығын зерттеу, олардың сейсмикалық қауiптілiгi мен ауқымын бағалауды қайта қарау қажет. Сондай-ақ болжанатын апаттарды ескерiп, республиканың батыс аймағында азаматтық қорғаныс полкiн құрған жөн.
Қазiргi кезде экономиканың мұнай өндiру және құрылыс салаларында қайраңдарда мұнай өндiруге, су айдындары арқылы өтетiн мұнай-газ құбырларын және байланыс желiлерiн тартуға, сондай-ақ гидроқұрылыстар мен көпiрлер салуға байланысты суасты-техникалық жұмыстары дамытылуда.
Осындай жауапты және қауiптi жұмыстарды дайындалған кадрлары мен тиiстi сүңгуiр жабдықтары жоқ ұйымдардың және жеке адамдардың бақылаусыз жүргiзу деректерi анықталған, бұның ауыр келеңсiз зардаптарға әкеп соғуы мүмкiн.
Қазақстанның 6 млн. жуық халқы бар таулы және тау бөктерiндегi аудандары сейсмикалық қауiптi аймақтарға жатады. Жер сiлкiнiсiнiң болжамы бұл аймақтар үшiн өте маңызды болып табылады. Солай бола тұра, сейсмикалық байқау пункттерiнiң жиiлiгi бiркелкi емес және жеткiлiксiз, iс жүзiнде олар республиканың шығысында жоқ, оңтүстiк аймақтарда станса жүйелерi сирек кездеседi. 56 сейсмикалық стансаның 6-уы ғана халықаралық нормаларға сәйкес. Сейсмикалық ауданға бөлу картасы қазiргi заманның талаптарына және ТМД-да қабылданған стандарттарға сай емес, аумақтың нақты сейсмикалығын көрсетпейдi. Республикадағы сейсмологиялық мекемелердiң iс-қимылы өзара да, аймаққа көршiлес мемлекеттердiң осындай ұйымдарымен де тиiстi түрде үйлестiрiлмеген.
Республикалық сейсмологиялық бақылау және жер сілкінісiн болжау жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн таяудағы жылдарда елiмiздiң ғылыми әлеуетiн қысқа мерзiмдi жер сiлкiнiсiн болжаудың әдiстемесiн әзiрлеуге жұмылдыру, республикалық орталық және сейсмикалық және басқа да табиғи және техногендiк процестердiң, ең алдымен орман және дала өрттерiнiң, су тасқындарының, селдердiң, мұнайдың төгiлуiнiң ғарыштық мониторинг жүйесiн құру, қолданыстағы 40 сейсмикалық стансаны қазiргi заманғы аспаптармен, жабдықтармен, автокөлiкпен және байланыс құралдарымен қайта жарақтандыру және 52 жаңа сейсмикалық станса құру, сейсмикалық қауiптi аудандар үшiн егжей-тегжейлi және шағын сейсмикалық аудандарға бөлу картасын әзiрлеу қажет.
Қозғалыстардың сейсмикалық құбылыстармен генетикалық байланысын орнату және жер сiлкiнiсiн болжау әдiстерiн әзiрлеу үшiн Алматы, Шелек, Жамбыл, Аймақтық Солтүстiк Тянь-Шань геодинамикалық полигондарындағы жер қыртысының қазiргi уақыттағы қозғалысын және жер бетiнің өзгеруiн анықтау жөнiндегi жоғары нүктедегi геодезиялық бақылауларды қалпына келтiру және жаңарту қажет.
Қазақстанның батыс және шығыс, сондай-ақ орталық бөлiгiнде табиғи және техногендiк процестердiң туындау мүмкіндiгi жаңа геодинамикалық полигондарды құрудың, үздiксiз кешендi бақылаулар жүргізудiң және тиiстi түрде қаржыландырудың қажеттiгiн көрсетедi.
Осы проблеманы iске асыру "Геодезия мен картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi N 332-II Заңында қарастырылған.
Су апатына (cу тасқыны, су бacу, сел) байланысты төтенше жағдайлар республикаға жыл сайын залал келтiредi. Республикада бар 570 гидроқұрылғының 268-i (оның iшiнде 16-ы ipi) қазiргi заманғы сенiмдiлiк талаптарына сай келмейдi және төмен орналасқан елдi мекендер мен объектiлерге ауқымы зор қауiп-қатер туғызады. Жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзудi тездету, оның iшiнде сел қауiптi аймақтарда бөгеттер мен басқа да инженерлiк құрылғылар салуды жалғастыру қажет.
Сонымен қатар республикада залалдың алдын алу, азайту және аталған төтенше жағдайлар зардаптарын жою, гидротехникалық құрылыстарда жобалау, жөндеу және профилактика жұмыстарын, өзендердiң жағалаулары мен су қоймаларының арналарын тазалау және бекіту жұмыстарын тұрақты негiзде орындайтын мамандандырылған бiрегей ұйым жоқ. Сондықтан Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазселденқорғау" ММ-сiн Республиканың олар құрылмаған 8 облысында қосымша басқармалар құра отырып, "Қазсуданселденқорғау" етiп қайта құру орынды деп санаймыз. Сондай-ақ, тиiстi инспекция құра отырып, елдi мекендерге жақын орналасқан өзендер мен су айдындарының, бөгеттердiң, су қоймаларының, басқа да гидротехникалық объектiлердiң жай-күйiн бақылау-қадағалау функцияларын берiп, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң өкiлеттілiгiн кеңейту ұсынылады.
051-қызметi (АҚШ-тың 911 қызметiне ұқсас) қалыптасу сатысында. Оның құрамына:
халықтың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн оқиғалар туралы бiрегей телефон нөмiрi бойынша хабар қабылдайтын, жедел қызметтердiң диспетчерлiк орталықтарымен (медициналық жедел жәрдем, өртке қарсы қызмет, криминалдық полиция, жол полициясы, газ, электр жүйелерiнің, су каналдарының, жылу жүйелерiнiң авариялық қызметтерi және басқа да авариялық және коммуналдық қызметтер, Қорғаныс министрлiгiнiң саперлер бөлiмшелерi, терроризмге қарсы күрес бөлiмшелерi) өзара iс-қимыл жасайтын қалалық орталықтар;
аймақтарда тәулiк бойы оқиғаға жедел мән берудi жүзеге асыратын және штаттық құтқарушылармен жасақталған, барлық қажеттi авариялық-құтқару жабдықтарымен жарақтандырылған құтқару қызметтерi кiруi тиiс.
Тұрмыста адам қаза табатын және едәуiр материалдық шығын әкелетiн газ жарылыстарымен байланысты төтенше жағдайлардың саны ұдайы өсуде. Газ шаруашылығын бөлу кезiнде инспекциялық қызметтiң таратылуы 90-шы жылдардың басынан тұрғын үйлер мен коммуналдық-тұрмыстық ұйымдарда газды қауiпсiз пайдалануды қадағалаудың жойылуына алып келдi. Қабылданған шешiмдер аясында оны қайтадан құру жөнiндегi жұмыс iс жүзiнде әлi басталған жоқ.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында жұмысшылардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және қызметшілердiң қатарынан құрылған ерiктi өрт сөндiру жасақтарының болуы тәжiрибесi ұмыт болды. Жұртшылыққа сүйену, халықтың қалың көпшілігiн өрт қауiпсiздiгiн нығайту үшiн күреске белсендi тарту, ерiктi өрт сөндiру ұйымдарымен тығыз байланыста болу өте маңызды, шешушi мәнге ие болуы тиiс.
3) ТЖМЖ-ны материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
ТЖМЖ-ның ең негізгі мiндеттерiнiң бiрi "басқару органдары мен пункттерiнiң, хабарлау және байланыс жүйелерiнiң ТЖМЖ күштерi мен құралдарының төтенше жағдайлардағы iс-қимылға жоғары дайындығын қамтамасыз ету, авариялық-құтқару және төтенше жағдайлардағы жою жөнiндегi басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзу" болып табылады.
Сонымен бiрге, қолда бар, оның iшiнде Агенттiк жүйесiндегi күштер мен құралдар бұл талаптарды жартылай ғана қанағаттандырады.
Төтенше жағдайлардың артуы жағдайында жұмыс iстеп жатқан Республикалық жедел-құтқару жасағы, бес аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару жасағы, азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi өздерiнiң жарақтандырылуы және сандық құрамы бойынша құтқару жұмыстарын толық көлемде орындай алмайды және елеулi нығайтуды қажет етедi. Бұған қоса, соңғы 15 жыл iшiнде тиiстi қаржыландырудың болмауынан пайдаланылатын техника мен жабдықтар тозған. Орталық аппарат пен аумақтық органдардағы 627 бiрлiк техника 70-шi жылдары шығарылған, оның 10 пайызы жарамсыз жағдайда. Өрт техникасының 70 пайызы мүлдем ескiрген, ал мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмдерiнiң авариялық-құтқару техникасымен және жабдықтармен жарақтандырылуы 80 пайызды құрайды. Азаматтық қорғаныс әскери бөлiмдерiнің техникалық жарақтандырылуы өте төмен. Олардағы жабдықтар мен техника тапшылығы 25 пайызды құрайды, автотехниканың 70 пайызы және инженерлiк техниканың 85 пайызы 60-шы жылдардан кейiн шығарылған. Суда құтқару қызметi жүйесiнiң жағдайы мүлдем ауыр, оның жабдықтары мен техникасының 80 пайызынан астамы тозған.
Қорғаныс министрлiгiнен Агенттiкке берiлген 19 тiкұшақ та тозған. Оларды қалпына келтiру үшiн едәуiр қаражат керек. Агенттiк таулы жерлерде өрт сөндiру, құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн күшейтiлген MИ-8MTB тiкұшақтарына және КА-226 тiкұшақтарына, iрi ауқымды апаттар аймағына құтқарушыларды, жүктерді жеткiзу үшін көлiк ұшақтарына, oрман және дала өрттерін сөндіру үшiн 20 текше метрден аса су таси алатын ұшақтарға және жағалауларды күзету қызметтерi үшiн катерлерге аса мұқтаж.
Барлық жедел-құтқару жасақтарын және әскери бөлiмдердi қазiргi заманғы байланыс құралдарымен кiшi механизациямен, арнайы қорғану жабдықтарымен, әсiресе химиялық және радиоактивтiк зақымдануға тап болған аумақтарда құтқару радиоактивтік зақымдануға тап болған аумақтарда құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті барлау және адамдарды іздестіру аспаптарымен жарықтандыру мәселесi бүгiнгi күнi өткiр күйiнде қалуда.
Соңғы 10 жыл iшiнде азаматтық қорғаныстың мемлекеттiк материалдық резервтерi едәуiр азайды, ал жергiлiктi резервтер тиiстi негiздемесiз салынады, онда да барлық жерде емес.
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерiнiң ұзақ сақтау қоймасындағы жұмылдыру резервiнiң қазiргi заманғы жаппай зақымдау қаруынан халықты қорғаудың жеке құралдары (газқағар, радиациялық және химиялық барлау аспаптары, балаларды қорғау камералары) 40 пайызы (1977-1983 жж, салынған) өзiнiң қорғау және пайдалану қасиеттерiн жоғалтқан және броньнан алуды, жаңартуды және жоспарлы тұтынуға дейiн орнын толтыруды қажет етедi.
Республикалық деңгейдегi резервтiң жағдайы да онша емес. Осылайша мемлекеттiк материалдық резервке зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету құралдары жеткіліксiз санда салынған. Резервте барлығы 3165 шатыр және 766 киiз үй бар, есептеулер қиратушы жер сiлкiнiсi кезiнде тек қана Алматы қаласында 300 мыңнан астам адам баспанасыз қалуы мүмкiн екендiгiн көрсетедi. Солай бола тұра, мемрезервте 3 автосамосвал, 6 экскаватор, 12 бульдозер, 6 компрессорлы станса ғана бар, болуы мүмкiн авариялардың, апаттың және дүлей зілзаланың, оның iшiнде қиратушы жер сiлкiнiстерінің зардаптарын жою жөнiнде тиiмдi жұмыстар жүргiзу үшін көзделген мүлдем жеткiлiксiз. Төтенше жағдайларды жою үшін көзделген мемлекеттiк материалдық резервтi сақтаудың нормативтерi мен номенклатурасын оларды арттыру жағына қарай қайта қарау қажет.
Байланыс жүйесiндегi жабдықтар паркi әбден тозды. 70-шi жылдары шығарылған пайдаланудағы байланыс жабдықтарының 62 пайызы сенiмдiлiгi және сапасы жағынан қазiргi заман талабына сай келмейдi. Облыстық және қалалық ТЖ жөнiндегi басқармалар жедел және транкингтi байланыспен орташа есеппен 10-20 пайызы жарақтандырылған, олардың баруы қиын жерлерде жұмыс iстеуге арналған байланыс құралдары жоқ.
Агенттiктiң жиiлiк ресурсы шектеулi және төтенше жағдайлар кезiнде жедел басқаруды байланыспен қамтамасыз ету мiндеттерiн толық көлемде шешуге мүмкiндiк бермейдi.
Орталықтандырылған хабарлау жүйесi бұдан 30 жыл бұрын құрылған және қазiргi заманғы сандық және талшықты-оптикалық байланыс технологиясын қолдануда қиындық тудырады. Соңғы жылдары радиотрансляциялық тораптардың саны 12 eceгe, электр дабылдары 2 есеге қысқарды. Селолық байланыс бұзылған, 500 мыңнан аса халық тұратын 1500 елдi мекен хабарлаудың ешқандай түрiмен жабдықталмаған. Оған қоса елiмiздiң радиоторабының 20 пайызы, радио және телевизия арналарының 40 пайызы, электр дабылдарының 40 пайызы автоматты қосылумен қамтамасыз етiлмеген.
Жұмыс iстеп тұрған Республикалық төтенше жағдайлар жөнiндегi автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi түбегейлi өзгертудi және қарқынды дамытуды талап етедi. Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiктiң орталық аппараты мен облыстық басқармаларының штатындағы 1478 адамға 347 жеке компьютер бар, (қамтамасыз етiлу 24 пайыздан төмен) оның 30 пайызының пайдаланылғанына 5-10 жыл болды және жаңа ақпараттық технологиялармен қабыспайды.
Төтенше жағдайлар қаупi туындаған және болған кезде адамдардың өмiрi мен денсаулығы уақытында қабылданған iс-шараларға байланысты жағдайда мұндай ақпарат, байланыс және хабарлау жүйелерiн пайдалану мүмкiн емес.
Осының барлығына қоса, қолданыстағы заңнаманың Агенттiктің әскери қызметшiлерiн тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегі нормалары орындалмайды.
4) ТЖМЖ қызметiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы
Қазақстан қалаларындағы атмосфераның ластану деңгейіне диамикалық бақылау
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы. қоршаған ортаға келтірілген зиянды экологиялық бағалау
Жаһандық экологиялық проблемалар туралы
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін қалыптастыру
Қазақстан Республикасындағы ормандар. Орман экономикалық ресурсы
Қазақстандағы табиғатты пайдаланудың басқару жүйесі
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы. Жалпы ережелер
Жергілікті деңгейдегі тұрақты даму саясаты мен стратегиясы
Пәндер