Кеңселік іс қағаздары тілінің даму, қалыптасу үдерісі


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

I Іс қағаздарының зерттелуі және дамуы

  1. Іс қағаздары тілінің зерттелуі . . . 8
  2. Ресми стильдің табиғаты . . . 16

1. 3 Алғашқы қазақ газеттеріндегі іс қағаздарының тілі . . . 23

1. 4 Кеңестік дәуірдегі іс қағаздарының тілі . . . 32

1. 5 Егемендік дәуірдегі іс қағаздарының сипаты . . . 36

II Іс қағаздарының түрлері, үлгілері

2. 1 Іс қағаздарын мағыналық мазмұндық - тілдік белгілері бойынша топтастырылудың ұстанымдары . . . 43

2. 2 Іс қағаздары түрлерінің мағыналық-құрылымдық сипаты . . . 46

2. 3 Жеке адамға қатысты іс қағаздарының түрлері . . . 53

2. 4Типтік іс қағаздарының жазылу тәсілі мен нормасы . . . 54

2. 5 Трафареттік іс қағаздарының құрылымы, берілу тәсілі . . . 71

2. 6 Еркін мәтінді іс қағаздары, үлгілері . . . 80

Қорытынды . . . 83

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 86

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Кеңселік іс қағаздары тілінің даму, қалыптасу үдерісі.

Жұмыстың көлемі: 88

Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны: 63

Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: іс қағаздары, кеңселік іс қағаздары, жеке адамға қатысты іс қағаздары, типтік іс қағаздары, трафареттік іс қағаздары, жанр, норма, стандарт т. б.

Жұмыстың құрылымы: Магистрлік жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, негізгі бөлімнен, бірнеше тараушалар мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты - кеңселік іс қағаздарының дұрыс, жүйелі жазылуының ғылыми тұрғыда қарастыру.

Іс қағаздарының бір түрі - кеңселік іс қағаздары, оның түрлерін айқындап, жеке адамға қатысты іс қағаздарының жазылу нормасын бірізге келтіру.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Зерттеу жұмысында кеңселік іс қағаздарына қатысты көптеген еңбектер қарастырылып, олар теориялық жағынан салыстырылды. Осы салыстыруларды негізге ала отырып, өз тұжырымым ұсынылды.

Зерттеудің дереккөздері: Жұмысты жазу барысында Р. Сыздық «Қазақ тілінің анықтағышы», Л. Дүйсембекова «Іс қағаздарын қазақша жүргізу», К. Д. Саурықова, Р. Д. Қарымсақова, Б. А. Омарова «Қазақ тілі: Ресми іс қағаздар тілін оқыту», А. Алдашева, З. Ахметжанова, Қ. Қадашева, Э. Сүлейменова «Ресми іс қағаздары», Д. Х. Ақанова, А. М. Алдашева, З. Қ. Ахметжанова, Қ. Қ. Қадашева, Э. Д. Сүлейменова «Ресми - іскери қазақ тілі», «Мемлекеттік тілде іс жүргізу», А. Қ. Құрманова, Б. Б. Жахина, И. С. Қайырбекова «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсынан практикалық тапсырмалар» атты еңбектеріне сүйендім.

ГЛОССАРИЙ

Іс қағаздары - қолданылатын құжат айналымы.

Кеңселік іс қағаздары - жеке тұлғаның өз қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелер өрісімен тікелей байланыста болатын құжат.

Жеке адамға қатысты іс қағаздары - жеке адамға қатысты іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылатын құжат.

Типтік іс қағаздары - қалыптасқан үлгі бойынша жазылатын іс қағаздар түрі.

Трафареттік іс қағаздары - мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын-ала типографиялық әдіспен басылып дайындалған құжат түрі.

Еркін мәтінді іс қағаздары - қалыптасқан үлгі бойынша емес, оны жазушы адамның еркінше жазылатын құжат түрі.

Іс қағаздарының жанры - мәтін мазмұнының шындыққа қатысы болып табылатын типологиялық құбылыс.

Норма - тілдегі белгілі бір қалыптасқан жүйе.

Стандарт бірліктер - заңдық күші бар мәтін.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Осы тәуелсіздікті иеленгеннен кейін біршама оңтайлы өзгерістер болды. Атап айтар болсақ мемлекеттік тіл мәртебесі бекіп, өзіндік статусқа ие болды. Елбасының тарапынан мемлекеттік тілді дамыту бағдарламалары да енгізіліп өзіндік шешімін де тапты. Тіл - қоғамдық құбылыс ретінде адам әрекетінің барлық жағын қамтитын тарихи категория. Адам әрекеттері кең көлемді, әр тарапты болғандықтан, тіл қарым-қатынастың, пікір алысудың және қоғам мүшелерінің бір-бірімен түсінісуінің, ойымыздың тәжірибелік көрінісінің құралы ретінде де, өзінің құрылымы жағынан да аса күрделі құбылыс болып табылады.

Ресми іс қағаздары қазақ әдеби тілінің нормалану жүйесін байытатын бір стильдік сала болып саналады. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихын, даму кезеңдерін зерттеумен көптеген ғалымдарымыз айналысты. Олар: С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев, Ғ. Айдаров, А. Ибатов, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Әбілқасымов, С. Исаев, Б. Момынова т. б.

Тілді сан қырлы қоғамдық қатынастардың хатталған жазбалық нұсқасы болып табылатын іс қағаздарында қолдану оның ресмилік және бүкіл халықтық сипат алуына кең жол ашады. Ғылым-білім, көркем әдебиет және ақпарат стильдерінде, негізінен, тілдің танымдық табиғаты көрініс берсе, көпжақты сипатқа ие іс қағаздарында тіл әлеуметтік өмірге тән қажеттіліктердің бәрін қанағаттандыра аларлық, мүмкіндігі шексіз қолданыстық кеңістікке шығады. Өзінің қатынастық қызметін жүзеге асыруға кең тарапты мүмкіндік алып, тілдік айналыстың шеңберін кеңейтеді және тіл мен ой, тіл мен қоғам бірлігі орнығады.

Сөйлеу, жазу тілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне және өзінің құрылымдық күрделілігіне байланысты іс қағаздар тілінің жетіліп, қолданыстық қалыптарының тұрақтауы және үлгілерінің іріктеліп, орнығуы - белгілі бір кезеңді, тәжірибені талап етеді. Тіл - жанды құбылыс. Ол халықпен бірге дамып, елдің күнделікті тыныс-тіршілігінде, қарым-қатынас ісінде қызметтік қажеттілігіне орай жаңа сапаға ие болып, толығып, байып отырады.

Ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғандықтан, қоғамдық қызметке араласып, ресми стильдің аясы кеңейіп, көркейе түсуде. Соның бір айғағы -мекемелер мен ұйымдарда ресми іс қағаздары ана тілімізде жазылып толтырылуы. Елдігіміз бен егемендігімізді паш ететін мемлекетіміздің ерекше бір белгісі ресми құжаттардың алуан түрінің жиынтығы, олардың топталуы, сақталуы, реттелуі, қоғамдық қозғалысқа түсуі, пайдалануы нәтижесінде тілдің мәртебесі, атқаратын рөлі, шынайы қоғамдық қызметі өз дәрежесінде толық танылады.

Ресми іс қағаздары стилі - тілдің ең көлемді функционалды стильдерінің бірі. Оның лексикалық құрамы тек кеңсе сөздерімен және дипломатиялық тұрақты сөз тіркестерімен шектелмейді, сонымен қатар қоғамның экономикалық, ғылыми-техникалық, жеке азаматтық т. б. салалары бар. Сол салалардың бәрінде де іс жүргізіліп, құжаттар толтырылатындықтан олардың әрқайсысының лингвистикалық белгілері де өзіндік сипатқа ие болады.

Мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің ең өзекті саласы - іс жүргізу ісінде белсенділігін арттыру үшін оған қажетті алғы шарттарды жасап алуымыз керек. Қоғамдағы өндірісті басқару ұйымдарының құрылымы мен атауының өзгеруі, іс қағаздарында терминдердің күрделенуі, мекемелер мен ұйымдардың коммерциялық түрлерінің көбеюі т. б. өзекті мәселелердің туындауы қазіргі кездегі іс қағаздарының мағыналық-құрылымдық ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруды талап етеді.

Сонымен қатар қазіргі кездегі іс қағаздарының лексикалық құрамын, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін айқындау да айрықша мәселе болып табылады.

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болу дәрежесінің негізгі көрсеткіші іс қағаздарына байланысты. Іс қағаздары Елбасының өкім-жарлықтарынан бастап қоғамның әр алуан саласын реттейтін құжаттар мен адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың қоғамдық қызметінен көрінеді. Іс қағаздарын сауатты толтыру қоғам үшін де, мемлекеттік тіл үшін де маңызды мәселе екені бүгінгі таңда баршаға мәлім. Шетелдерде іс қағаздарына, іс жүргізу жүйесіне байланысты миллиондаған қаражат бөлініп, құжаттардың әр саласына арналған кітаптар басылып шығады.

Қазақ тілі мемлекеттік статус алды, ол негізгі заңымызда (конституциямызда) баяндалды, тіл туралы заңдар (1989, 97 ж. ), 2001 жылдың ақпанында “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы” бекітілді. Үкімет тарапынан іске асырылуды талап ететін заңдар мен бағдарламалар іс қағаздарының әлі де бір жүйеге түспей жатқанын, оны жаңаша үлгіде қалыптастыру мен дамытудың қажеттігін көрсетеді.

Іс қағаздарының уәзипалық қызметі қандай? Оған қойылатын лингвистикалық талап пен талғам қандай? Іс қағаздарының тілдік ерекшеліктері, сөз қолданысы, терминдену жүйесі, сөйлем оралымдары, жаңаша үлгідегі сөз тіркестері құжаттың мазмұны мен мақсатына лайықты ма деген заңды сұрақ туады.

Қазақ тілінде іс жүргізу - ұзақ даму тарихы бар күрделі процесс. Жалпы түркілік дәуірге қатысты жазба ескерткіштер тілінің өзінде қатынас қағаздарының ізі сайрап жатыр. Оның бер жағында орта ғасыр, хандық дәуір ескерткіштері мен ауыз әдебиеті үлгілерінде іс қағаздары стилінің қалыптасып дами бастағаны байқалады. Ресейге бағынып, өз дәуірінің тағы бір “соқтықпалы, соқпақсыз” кезеңдерін басынан өткізген осы тұстағы қазақ тіліндегі іс қағаздары жүйесінің қалыптасу, даму барысын ғылыми сараптаудан өткізіп, егемендік алған қазіргі кезеңдегі қалыптасу, даму тенденциясын анықтау - тіл біліміндегі бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл - әсіресе, бүгін күн талабы қойып отырған ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді жүзеге асыру шараларына тікелей қатысты жұмыстардың бірі. Соңғы он шақты жыл ішінде іс жүргізу ісіне қатысты сөздік қорымыз толығып, іс қағаздарының жүйеленген үлгілері молая түсті. Бүгінгі күні құжаттар ұйым-мекемелердің атқару қызметі процесінде жасалынатын түрлеріне қарай бөлінгенімен, тілдік ерекшеліктері жағынан топтастырылып, олардың өзіндік лингвистикалық белгілері толық ашылған жоқ. Міне, осы айтылған жағдайларға байланысты қазақ тілінде іс жүргізу жүйесін саралап, іс қағаздары тілінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу, олардың мағыналық-құрылымдық сипатын анықтау талабы жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеудің мақсаты: Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ іс жүргізу жүйесі мен іс қағаздары тілінің қалыптасуы мен дамуына қатысты тарихти материалдарға талдау жасап, қазіргі кезде қалыптасқан іс қағаздары тілінің мағыналық-құрылымдық сипатын анықтау, қазақ тілінде іс жүргізу жүйесін дамытуға, іс қағаздары тілін орнықтыруға бағытталған тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Бұл мақсатқа жету үшін мынадай мәселелерді ғылыми тұрғыдан айқындап, сарапқа салу қажет.

-Қазақ іс қағаздары тілінің қалыптасуына, дамуына қатысты пікір айтушы ғалымдардың көзқарастарын талдау;

-Қазақ іс қағаздары тілінің дамуы немесе дағдарысқа түсу факторларын анықтап, оның тарихи себептерін пайымдау;

-Егеменді жылдардағы іс қағаздарының даму сипатын айқындап, қазақ әдеби тілінің терминжасам, сөзжасамдық қабілетінің зор мүмкіндіктерін саралау;

-Іс қағаздарын мазмұндық-тілдік белгілері бойынша топтастырудың ұстанымдарын анықтау;

-Қазіргі ғылым жетістіктері тұрғысынан қазақ тілінде іс жүргізу жүйесін дамытудың алғы шарттарын белгілеп, оның мемлекеттік мәні мен сипатын ашу.

Зерттеудің міндеті:

  • кеңселік іс қағаздарымен таныстыру, олардың стандартқа қаншалықты сай екенін саралау;
  • кеңселік іс қағаздарының түрлерін нақтылау;
  • кеңселік іс қағаздарының жеке адамға қатысты түрлерін анықтау;
  • іс қағаздарын жазу ана тілінің заңдылықтарына қаншалықты сай келетінін анықтау;
  • іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру;
  • мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету.

Зерттеудің нысаны: Қазақ тілінде іс жүргізу жүйесінің қалыптасып дамуы, қазіргі жағдайы және іс қағаздары тілінің мағыналық-құрылымдық сипаты.

Зерттеу жұмысты жазу әдісі:

Зерттеу жұмысы барысында сипаттама әдісі, тарихи-салыстырмалы, аналитикалық, сондай-ақ статистикалық әдістер қолданылды. Негізгі зерттеу іс қағаздарының тілі болғандықтан, көне дәуірдегі тарихи деректемелері пайдаланылды.

Зерттеудің дереккөзі:

Қажетті теориялық мәліметтер үшін А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Ә. Қайдар, Б. Әбілқасымов, Р. Сыздықова, М. Томанов, Б. Хасанов, С. Исаев, А. Ибатов т. б. қазақ және орыс ғалымдарының еңбектері қарастырылды.

Ғылыми жаңалығы:

Іс қағаздарының қоғам өміріндегі қызметі, әр дәуір үлгілеріндегі тілдік сипаты, қазіргі іс қағаздарының түрлері, үлгілері арнайы зерттеліп отыр.

Зерттеу еңбегімізде іс қағаздарының жалпы лингвистикалық табиғаты, басқа стильдерден айырым тілдік белгілері ашылады, әсіресе, қазіргі қоғам өміріндегі қызметінің сан алуан сипаты, оның мағыналық-құрылымдық ерекшеліктері талданады. Атап айтқанда:

-қазақ іс қағаздары тілінің қалыптасу, даму тарихы кезең-кезеңге бөлініп анықталды;

-алғашқы қазақ басылымдарындағы іс қағаздарының мәтіндері лексика-грамматикалық тұрғыдан талданды;

-қазіргі кезеңдегі іс қағаздары жазылу мақсаты мен мазмұнына, тіліне қарай топтастырылып, олардың тілдік ерекшеліктеріне талдау жасалынды;

-іс қағаздары тілінің мағыналық-құрылымдық, лексика-грамматикалық ерекшеліктері мәтіндегі жаңаша үлгідегі сөз тіркестерін, мәндес сөйлем оралымдарының қызметін талдау арқылы ашылды;

-іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді орнықтыруға бағытталған ғылыми-практикалық ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы қазақ іс қағаздары тілінің даму кезеңдері мен жолдарын, қазіргі іс қағаздарының мағыналық-құрылымдық және тілдік сипатын ғылыми зерделеуге мүмкіндік береді.

Ғылыми жұмыстың жекелеген деректері мен тұжырымдарын “Іс қағаздарын оқыту” пәнінде, жоғары оқу орындарының филология факультетінде, сондай-ақ қоғамдық ғылымдар саласында “Ресми стиль”, “Мемлекеттік тілде іс жүргізу”, “Компьютерде іс жүргізу” арнаулы курстарында, орта мектептердің іс жүргізу және іс қағаздарын толтыру саласынан өтілетін факультатив сабақтары мен іс қағаздары жүйесіне бағытталған сыныптан тыс жұмыстарында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Магистрлік жұмыс кіріспе, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Іс қағаздарының зерттелуі және дамуы

1. 1 Іс қағаздары тілінің зерттелуі

Қазақ тілі ғылымында ресми қарым-қатынас тілі - іс қағаздары тілін жан-жақты, арнайы зерттеу әлі де толық түрде жүргізілгенімен, қазақ әдеби тілінің тарихын әр түрлі дәрежедегі зерттеулердің бұл тақырыпқа да қатысы бар екендігінде ешқандай күмән жоқ. Сондықтан осылардың ішінде іс қағаздары тілін зерттеуге азды-көп үлес қосқан ғылымдардың еңбектеріне тоқталамыз.

Ыбырай Алтынсарин - қазақтың жазба әдеби тілінің дамуына зор үлес қосқан ағартушы. Ол қазақтың тарихын, тілін, әдебиетін, этнография мәселелерін шамасы келгенінше зерттеді. Соның ішінде сол кездегі іс жүргізу жүйесінің дамуына, іс қағаздаының стильдік жағынан саралана түсуіне септігін тигізді.

Ы. Алтынсаринді біз жаңашыл-педагог, этнограф-ғалым, қазақтың жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін салушылардың бірі ретінде танимыз. Оның “Торғай облысының әскери губернаторына су тасқыны салдарынан Торғай уезінде 11 адамның өлуі туралы рапорт”, “1882 жылы Торғай облысындағы оқу жұмысының жайы туралы есеп”, “Торғай облысы соғыс губернаторының қызметін атқарушы Ильинге баяндама” /1, 50/, т. б. толып жатқан хат-құжаттарының, 1857 жылы Орынбор өлкесінің облыстық басқармасының төрағасы В. В. Григорьевке тілмәш болып жүргенде, 1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметін атқарып жүргенде жазған қызметтік құжаттарының, 1868 жылы Торғай уездік басқармасында атқарған іс жүргізушілік қызметінің, 1879 жылы жарық көрген “Қазақ хрестоматиясының” бірінші бөлімінде берілген оқушылардың туысқандарына хат жазу үлгілерінің т. б. еңбектерінің қазақ тілінде іс-қағаздары және іс жүргізу жүйесінің қалыптасуындағы орны зор. Ал Ы. Алтынсаринді іс жүргізуші ұғымында тану үшін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет сияқты. Ыбырайдың мына хатынан өз тұсындағы жеке адамдар арасындағы хат үлгісін көреміз: “Қадырмен ағамыз Байекеге көп салем. Бағдұнде алхамдиллә саламат бармыз. Бұл жақтың қары жұқа, малы семіз, бірақ малда да, адамда да сырхау бар. Адам ауруы қорасан, малда сығыр бірлү тұйе өліп жатыр.

Мұның бағдүнде жаңа арада үчитіл Мазохинден хат жолықтым. Моллалар Бақтөбайның төрған үйінден қуамын деб машақатланұбдүр . . . ” /2, 57/.

1879 жылы Ы. Алтынсарин қазақ тілінде газет шығару жөнінде жергілікті патша әкімшілік орындары алдына ұсыныс жасаған, болашақ газеттің үлгісі ретінде оның бірінші нөмерін өз қолымен жазып құрастырған. Бірақ Ыбырайдың бұл талабын патша үкіметі қабылдамай тастаған. Б. Әбілқасымов Ыбырай жасаған бұл газеттің үлгісін ұлттық жазба әдеби тіліміздің XIX ғасырдың екінші жартысындағы жай-күйін танытатын бағалы құжатқа жатқызады /2, 57/.

А. Байтұрсынұлы - қазақ тілі мен әдебиетінің теориясын, халықтың көркем сөз мұрасын зерттеуші ғалым. Жазу мәдениетіміздің негізі болған ұлттық графиканы ғалымдарымыз “А. Байтұрсынов жазуы” деп атап келеді. Ғалымның 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан “Оқу құралы”, “Тіл құрал” еңбектері бастауыш мектептерге арналған оқулық болуымен қатар, бұл қазақ тілінің фонетикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген ғылыми еңбектердің алғашқы қарлығашы деп айта аламыз. Сонымен бірге оның 1912 жылы Шаһзаман мырзаға жазған хатын іс қағаздарының сол кездегі озық үлгісіне жатқызуға болады: “Мырза! Көзіңіз шатынап, шеке тамырыңыз шығып, аузыңыз көпіріп, таласқа кетіп барасыз. Таластан қазақ баласы пайда тауып жүрген жоқ. Сабырмен отырып, ойласып іс істелік. Қазақ тіліндегі дыбыстарды көп я аз деп көрсетіп, борышыма берейін деп отырғаным жоқ қой. Мақсат -сіз болып, біз болып, ақылдасып отырып, дыбыс басына үріп белгілеп, жазуымызды бір жөнге салалық деген. Осы күнде әркім әр түрлі жазып жүр . . . ” /3, 84/.

Ал іс жүргізу, кеңсе іс қағаздарын дамыту барысында ғалымның қосқан үлестері;

  • қазақ алфавитін, емлесін жеңілдету үшін, реттеу үшін жасаған реформасы тілдің басқа тармақтары сияқты іс қағаздарының сауатты толтырылуына жол ашты;
  • қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, морфологиясы мен синтаксисін өз тілімізде тұңғыш рет топтастырып, аса құнды пікірлер айтуы арқылы іс қағаздар құрылымын грамматикалық талдау жолына бағыттады;
  • ғалымның басшылығымен шығып тұрған “Қазақ” газеті іс жүргізу, іс қағаздарын сауатты толтырылуына жол ашты;
  • ғалымның сауатты жазу, терминдерді дұрыс қолдануда бастаған жолдарының бір соқпағы іс жүргізу, іс қағаздарын дұрыс толтыру ісіне жетелейді.

“Қазақ я құрып жоқ болар, я өз тілімен де өзгелердей тіршілік етер, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас” деген ғалымның 1913 жылғы сөзі мен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы “қазақ қазақпен қазақша сөйлессін” деген сөзімен үндесіп жатыр” - дейді Б. Хасенов /4, 304-305/. Бұл пікірден А. Байтұрсынов армандағандай қазақ тілі қоғамның барлық саласында қызмет етуге тиіс екені, оның бір тармағы іс қағаздар тіліне байланысты екені көрініп тұр.

А. Ибатов Алтын Орда дәуірінде жазылған түркі тілді жарлықтар, соның ішінде қазақ тілінің тарихы үшін өте құнды деректердің бірі - XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілін, атап айтқанда: “Тоқтамыстың Яғайлаға жарлығы”, “Темір-Құтлығтың жарлығы” және “Тоқтамыстың екінші жарлығы” атты құжаттарды талдап зерттеген. Ғалым жарлық мәтіндерін зерттеу және оны қайта бастыру, өңдеу, сондай-ақ араб әрпімен транскрипциялау, қате жерлерін түзету, оған түсінік беру сияқты істерді өз қолдарымен жасап, көптеген еңбек сіңірген ғалымдар И. Гаммер, Г. Башберн, Г. Ярцев, В. В. Григорьев, В. Смирнов, В. В. Бартольд, В. В. Радлов және И. И. Березиндерді атап көрсетеді /5, 32/.

Ғалым жарлықтардың транскрипциясы, әр жарлықтың мәтіні жайында ескертпелер айтып, жарлық мәтіндерінің тілдік-лексикалық, морфологиялық сипаттарына тоқталады. Жарлық мәтіндерінің лұғаттық құрылысына толық талдау жасайды.

А. Ибатов жарлықтардың тілі орта түркі жазба әдеби тіліне жататындығын, ал отра түркі жазба әдеби тілі қазіргі халықтар мен ұлттардың әдеби тілі сияқты жалпыхалықтық тіл болмаған, ол тіл сол замандағы хат танитын сауатты адамдар үшін жазылған жазба әдебиеттердің тілі, сауатты адамдар ғана оқып қолдана алатын жазба әдеби тіл болғандығын айтады. Бұл жарлықтар жазба түрінде берілгендіктен, олардың өзіндік жазу ережелері, қалыптасқан үлгілері болған. Бұл іс қағаздарын тек сауатты адамдар ғана оқи алған және олардың тілі қалыптасқан белгілі бір жүйеден ауытқымаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стилистика ғылымы
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Құжат мәтінінің түрлері
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
Ресми іс қағаздар тілі – қазақ әдеби тілінің бір тармағы
Іс қағаздарын жүргізумен таныстыру
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Ресми, іс кағаздар тілі
Қызметтік хат
Мекеменін жеке адамдарға арналған құжаттары, мінездемелері оларды ресімдеуге қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz