Жаңа ақпараттық технологиялар


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жалпы мағлұмат

1. 2 Мультимедиялық жүйе

1. 3 Мультимедия құралдары

1. 4 Мультимедиалық технологияны пайдалану арқылы оқыту үрдісін жетілдіру

ІІ БӨЛІМ. ADOBE FLASH ОРТАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУ

2. 1 Қолданбалы интерфейстің ұйымы

2. 2 Интерактивті мультимедиялық қосымшаны құру мүмкіндігі

2. 3 ActionScript жөнінде жалпы мәліметтер

ІІІ БӨЛІМ. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

3. 1 “Компьютерлік графика” пәні бойынша электронды оқулық дайындау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялардың даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру үрдісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды кәсіби салада қолдана білуге машықтандыруды, қажет ақпаратты, ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашықпен ойлауды және шешім қабылдауды талап етеді. Мультимедиялық технологиялар әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады.

Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам жоғарғы оқу орындардың алдына төмендегідей қабілетті мамандарды тәрбиелеуді талап етеді:

- Өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын;

- Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және оларды шешу жолдарын іздей алатын;

- Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;

- Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын;

- Өзінің өз бетінше ой - өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын маман болуы қажет.

Электрондық оқулықтар қағаз басылымының барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен артықшылықтары да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында немесе дискетада сақтау ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер, бейімділігі, таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі, электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге, білімді бақылау және өз бетімен алу үшін оны комплексті қолдануға әсері болатын бағдарламамен қамтамасыз етілген автоматтандырылған оқыту жүйесі.

Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты программалар да аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, қазіргі кезде анимация жасауда көп қолданысқа ие Adobe Flash программасы. Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда да көп қолданады. Сондай-ақ мультфильм жасаушылар үшін бұл программаның орны ерекше. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Adobe технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан технология болып табылады. Flash технологиясы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:

  1. Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) - векторлық графиканы пайдалану есебінде;
  2. Интерактивтілік - пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;
  3. Мультимедиялық - фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;
  4. Көпсалалығы - Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы мүмкін;
  5. Қолайлылық - Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Flash пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Қазіргі уақытта жас балалар шетелдік мультфильмдер мен киноларды көруге өте құмар. Өйткені шетелдік фильмдерде түрлі анимациялық және дыбыстық эффекттер қөп қолданылады. Бірақ, ондай фильмдердің көпшілігі тәрбиелік мағынадан тыс қалып қойған. Қазір технологияның дамуына байланысты, жас өспірімдер кітап оқудан көрі жаңадан шығып жатқан кино, мультфильмдерді көруді жөн көреді. Осыдан балалар өзіміздің қазақ аңыз-ертегілерінен тіптім мақұрым қалып қояды. Сол себепті, тәрбиелік мағыналарға қанық, өзіміздің қазақ ертегілерін мультфильм етіп неге жасамасқа. Осы мақсатымызға жету үшін, бізге, Flash технологиясын білу өте маңызды рөл атқарады.

Демек Flash-тің атқартын қызметтері біз үшін өте қымбат десек те болады.

Электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады.

Adobe Flash бағдарламасының мақсаты - басқа компьютерлік қосымшалар сияқты оқушыларды ойындарға, қолданбалы бағдарламаларға деген қызығушылықтарына дұрыс бағыт беріп, электронды көмекші құрал жасауға құлшындыру.

Осыған орай арнайы оқыту курсының мазмұны Flash бағдарламасында қолданбаны оқытудағы зертханалық сабақ үлгілерін жасаумен аяқталады.

Электрондық оқулықтың практикадағы жасаған жұмыстарының маңыздылықтары дипломдық жұмысының маңыздылығы болып саналады.

Диплом жұмысының мақсаты - компьютерлік жаңа технологиялардың жетістігі мол, графикалық мүмкіндігі жоғары анимациялық қозғалыстарды көркем бейнелей алатын Adobe Flash қолданбалы бағдарламасын пайдалана отырып мультимедиялық электронды оқулық жасау.

Зерттеудің нысаны. Adobe Flash программасында “Компьютерлік графика” пәні тақырыптары бойынша жасалынған мультимедиялық электронды оқулықты пайдалана отырып жұмыс жасаудың негізі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты. Электронды оқулықты жасаудың мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын және оларға қойылатын талаптар кешенін анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер сабақтарды ұйымдастыру үшін ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламалары және оны қолданудың әдістемесі жасалса, онда студенттің білімді меңгеру сапасы артады, өйткені бұл жағдайда жүйелі, жеке іс-әрекеттік және дербестік тәсілдер жүзеге асып, олардың оқуға деген қызығушылығы мен саналылығы артады.

Зерттеудің міндеттері. Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде «Компьютерлік графика» пәнін оқыту қызметін анықтау. Оқытуда білім берудің дидактикалық негіздерін анықтау арқылы студенттердіі танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдерін айқындау.

Зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
Электрондық оқыту құралдарын жасауда дұрыс жолды пайдалану жағдайында тек қарапайым тілдесу ғана алынып қоймайды, студенттің тұлға болып дұрыс қалыптасуы мен мотиацияны дамыту үшін жағдай жасалатын педагогикалық тілдесу алынып, студентке ыңғайлы көңіл-күй қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің практикалық құндылығы:
Электрондық оқулық жасауда пайдаланатын ақпараттық технология бірнеше басты қызметтерге негізделеді, олар:

  • қабылданатын оқу ақпараттарының саналығы мен тереңдігін қамтамасыз ететін көрнекілік, түсініктер мен ұғымдардың қалыптасуы;
  • ақпараттық, өйткені, оқу құралдары - қандай да бір ақпаратты тасымалдаушы білімнің негізгі көзі болып табылады;
  • оқыту үдерісіне ыңғайлы жағдайлар жасайтын, демонстарция, өзіндік жұмыс ұйымдастыратын үйренгіштік қызмет.

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыс құрамында 1кесте және 38 сурет бар.

I БӨЛІМ. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Жалпы мағлұмат

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н. Макарова «ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды 1 . М. И. Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.

Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.

Электрондық оқыту жүйелерінің негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Қоғамды ақпараттандыру заманында - білімді ілгері дамыту, басты ағын болып табылады. Білімді ілгері дамытуда электрондық оқу құралының маңызы ерекше. Электрондық оқыту жүйелері, кәзіргі таңда білім саласында маңызды - қашықтан білім алу жүйесінің дамуына да зор үлесін тигізуде.

Электрондық оқу құралы білім алу процессін жеңілдетеді, сонымен қатар сапасын және тиімділігін арттырады. Оқушының өзіндік білім алуына мүмкіндік жасайды. Кәзіргі таңда білім алу саласында білім алушының өзіндік жұмысына көп назар аударылған, осы заман талабын электрондық оқу құралы көмегімен орындауда. Электрондық оқу құралының келесідей мүмкіндіктері білім алушының кеңінен қолдануына ықпал жасайды:

  • Таратылу жолы. Қағаз жүзіндегі таратылымдарға қарағанда анағұрлым тиімді. Электронды оқу құралының таратылымы: интернет, электронды пошта, ақпарат тасымалдауға арналған кез-келген құрал арқылы іске асады;
  • Тақырыптың мәтіндік сипатталуынан басқа, аудио, видио, графиктік сипаттамаларын көруге болады. ЮНЕСКО зерттеулері бойынша аудио қабылдау ақпараттың тек 12% қабылдауға мүмкіндік береді, визуалды қабылдау ақпараттың тек 25% қабылдауға мүмкіндік береді, ал аудиовизуалды қабылдау ақпараттың 65% қабылдауына мүмкіндік жасайды;
  • Өзіндік тәжирибелік жұмыстарды жасауға болады. Яғни программалау технологиялары көмегімен виртуалды зертханаларды жасау мүмкін;
  • Керекті мәліметтерді тез таба алады. Мәтінді іздеу функциясын автоматтандыру нәтижесінде;
  • Қажетті фрагменттерді қайта көруге және өңдеуге мүмкіндік бар;
  • Көлемі үлкен ақпарат тиімді сақталады, өңделеді, және сол ақпаратқа оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді;
  • Өз білімін тексере алу мүмкіндігінің бар болуы.

Қоғамды ақпараттандыру бағыты ұстаздан келесі міндетті шарттарды орындауларына талап етеді:

- кәзіргі қоғамды ақпараттандыру заманына сәйкес, білім беру, тәрбие беру жолында қолданатын әдістемеліктердің замаңға сай сапасын арттыру;

- білім алушының қажетті мәліметтерді өңдеу, қабылдау, тәжірибелік- ізденіс процессінде өзіндік білім алуына мүмкіндік жасайтын әдістемелік оқұ жүйесін құрастыру.

- білім алушының білім деңгейін көрсететін тексеру әдістемеліктерді құрастыру.

Электрондық оқу құралына қойылатын талаптар:

- Электрондық оқу құралының объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатыныстары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.

- Электрондық оқу құралы анықтамалық және басқарушы ақпаратты қамту керек және қолданушының назарын өзіне аударатын және оқу мақсаттарына қызмет етпейтін ақпаратты қамтымау керек.

- Электрондық оқу құралы әртұрлі мамандықтар үшін олардың типтің оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.

- Электрондық оқу құралында интерфейс көрнекті, тұсінікті, бірмәнді және қолданушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін ЭОБ-ның тұгел және оның бөлек бөліктерінің функцияларының логикасын тұсінуге көмектесетін тұрінде келтірулі керек.

- Электрондық оқу құралында имитациялық компьютерлік моделдер оқылатын объектілер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту, сонымен қатар, сыртқа әрекеттердің имитациясы үшін ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік модельдермен өзара-әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуі керек.

- Электрондық оқу құралы қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу керек. ЭОБ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған комьпютерде немесе локальды компьютерлік желіде атқарушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭОБ ашық ортада глобальды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.

- Электрондық оқу құралы қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің версиясын ескере автоматты тұрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандартына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болу керек.

- Электрондық оқу құралы тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (электр өшуі, операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар болғаннан кейін ЭОБ-ның жұмысын жалғастыруды қамтамасыз ететін қабілеті болу керек.

- ЭОБ қолдану процесінде ЭОБ-ға қажет өзгерістер мен кемшіліктерді енгізудің қарапайымдылығын қамтитын және оқу материалдарына және статистикалық берілгендерге санкциалданбаған кірісті болдырмау мүмкіндіктері болу керек.

Электрондық оқу басылымының контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну керек:

1-деңгей. Модулдер

2-деңгей. Блоктар

3-деңгей. Сабақтар

- Модуль блоктан бұлаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылдымындағы ірі семантикалық оқу бірлігі.

- Блок сабақтан-сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы орташа семантикалық оқу бірлігі.

- Сабақ минималды семантикалық бірлік және ол бірнеше оқу элементтерінен тұрады. Міндетті оқу бірлігі болып теория, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал міндетті емес элементтерге оқу ақпаратын меңгеру, тұсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық, графикалық, аудио және видео жатады.

- Теория таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны тұсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және тұсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.

- Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерін жаттығуды орындау, есепті шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т. б. тұріндегі детальдық таңдауын қамтамасыз етуі керек.

- Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының ішкі байланысын анықтауға, олардың әртұрлі сыртқы әсерлер кезіндегі функционалдық қасиеттерін зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептерді шешудегі практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың формулировкасында атқарылатын іс-әрекеттердің реті мен күтілетін нәтижеге және олардың берілу формасына қойылатын талаптарға тұсініктемелер болуы керек.

- Сұрақ-жауаптар білімді меңгеру үшін және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру үшін қиындық деңгейі, характері және жауаптардың берілу формасы бойынша вариациялануы керек.

- Тесттерде сұрақтар және арасында бір дұрыс және бірнеше дұрыс емес жауаптар болуы керек және дұрыс жауапты таңдау кезінде қарапайым әдісін қолданбау үшін мағынасын тұсінбей жауап беретін сұрақтар болмауы керек. Дұрыс емес жауаптар өздерінің мазмұны бойынша білім алушы оқу материалын терең білгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшін дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тесттерде білім алушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарындағы әдеттегі қателіктер туралы ескертулер және сол қателіктерді жібермеу мен тұзету туралы тұсініктемелер қамту мүмкін.

- Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептерді шешу мен тәжірибе өткізуге, курстық, дипломдық және т. б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелік, графикалық және басқа оқу-әдістемелік мәліметтер қамту керек.

- Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және көрсету үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.

Электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;

  1. Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
  2. Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:

1. Білім мониторингісі;

2. Сауалнамалар;

3. Түрліше тестілік бақылаулар;

4. Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т. б.

5. Оқушыларды сырттай бақылау

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.

1. 2 Мультимедиалық жүйе

«Технология» ұғымы көздеген мақсатқа жету әрекеттер тізбегі, әдістері және оларды қолдануды біріктіреді.

Мультимедиалық технологиялар - бұл қоршаған ортаға қолданушылардың өзара тіл табысуынамүмкіндік беретін мәтінді, графикті, дыбысты, анимацияны қолданатын технологиялар.

Мультимедиалық құрылғыларды жасаушылардың алдарына қойған ең басты мәселе - есептеу жүйесінің мамандарынан басқа қолданушылардың ЭЕМ-де жұмыс істеу қызығушылығын арттыру.

Дербес компьютермен бірге, мультимедиалық жүйе ЭЕМ-нің төртінші сатысында пайда болды. Ең алғаш олар компьютерлік ойындарда қолданыла бастады, одан соң маңызды кәсіптік қосымшаларда қолданылды. Бірақ, барлық жерде ЭЕМ мен қолданушы арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету міндеті тұрды. Сондықтан, мультимедиалық жүйе - бұл ерекше түрде ұйымдастырылған ЭЕМ деп санау қате ұғым. Мультимедиалық жүйе - бұл құрамдық бөлігі қолданушы болып табылатын адам-машиналық жүйе.

Осындай жүйенің көмегімен келесі мақсаттарға жетуге болады:

  • қандай да бір жұмыстың орындалуында адамның қызығушылығын арттыру;
  • адамға жұмыстың орындалуына жеңілдіктер жасау;
  • адамға арналған қарапайым жұмыстың орындалуына жаңа мүмкіндіктер беру;

ЭЕМ саудасының кеңеюі, көбінесе мультимедиа жүйесінің құрылуына міндетті, олардың негіздерінде қолданушының достық қарым-қатынасы дами бастады. Дәлірек айтқанда, адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынасы емес, екі адамның өзара қарым-қатынасы, яғни қолданушы мен бағдарламашының қарым-қатынасы. Бағдарламашы өзінің бағдарламасын құруда, сол бағдарламаға бар өзінің психологиялық қырларын салады және оны өзі сезбейді. Дәл осындай мағынада «адам-машина қатынасы» термині қолданылады.

Осылайша, ақпараттық жүйені жасау үшін міндетті түрде 3 нәтижеге жету керек:

-ол қызықтыруы тиіс;

-бұл қызығушылықтың ұзақ болуы;

-бұл жүйеге қайтып оралатындай қызығушылық тудыру.

1. 3 Мультимедиа құралдары

Қызығушылықтың тұрақты болуына мағына арқылы қол жеткізуге болады, негізгі тасушылары - мәтін, графика, дыбыс, анимация. Ал жүйеге қайта айналып келу үшін бұл жүйені қажетті, жаңа, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақжайлылық индустриясындағы ақпараттық технологиялар
Байланыс құралдары
Интербелсенді технологиялар
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ақпараттық технологияның даму кезеңдері
Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Ақпараттық технологиялардың классификациясы
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz