Адам саудасы және онымен күресудің өзекті мәселелері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ғылыми жоба

Тақырыбы:

Адам саудасы және онымен күресудің өзекті мәселелері

Дайындаған : Отарбаева Ә. Б.

Ғылыми жетекші: Байсалов Ә. Ж.

Алматы 2012 ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім. І. Адамды сату қылмысымен күрестің халықаралық реттелуі

  1. Адамды сату қылмысына сипаттама және оларды реттейтін халықаралық конвенциялар

1. 2. Адамды сату қылмысымен күрес саласындағы халықаралық құқықтың нормалары мен құқықтық тыйым салулар

1. 3. Адамды сату қылмысы мәселелерін шешудегі халықаралық ұйымдар

1. 4. Адамды сату қылмысының пайда болу және таралу себептері мен оған қарсы мемлекеттердің әрекеттері

ІІ. Адамды сату қылмысының халықаралық қылмыстық жіктелуі және қылмыстық жауапкершілік

2. 1. Адамды сату қылмысының қылмыстық жіктелуі

2. 2. Адамды сату қылмысын жасаған айыптыларға қатысты қолданылатын санкциялар

ІІІ. Адамды сату қылмысымен ұлттық дәрежеде күрестің механизмдерін реттеу

3. 1. Адамды сату қылмысымен күресте Қазақстан Республикасының ролі

3. 2. Адамды сату қылмысымен күрес мәселелерін реттеудегі халықаралық және ұлттық құқықтың өзара қатынасы, әрекеттестігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында мемлекеттің жоғары құндылықтары адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланған. Халықаралық қауымдастықпен игерілген, тиісті халықаралық-құқықтық актілермен бекітілген және танылған құқықтар мен бостандықтар адамның әлеуметтік және заңды түрде қамтамасыздандырған тәртіп шарасы болып табылады. Олар бөлінбес, ажырамас қасиетке ие және адамның жүріп-тұру тәсілін еркін таңдау қабілетінде көрінісін табады, оған қатысты ешкім ешқандай тыйымдар мен шектеулер қоя алмайды. Соған қарамастан, біз адамның жалпыға танымал құқықтарының бұзылу мәселесінің өзекті болуының куәгері болып отырмыз. Адам құқықтары бұзылуының әртүрлі нысандары пайда болуда, олар - адамның өмір сүруге құқығының бұзылуынан бастап еркін сөзге құқықтың шектелуіне дейінгі нысандары. Соның ішінде, қазіргі кездегі адам құқықтары бұзылу нысандарының ең қауіптілерінің бірі - адам саудасы және құлдық.

Қай заманда болмасын адамды қанау, зорлық-зомбылық жасау ең сорақы көрініс және үрей тудыра­тын құбылыс болып саналады. Адам саудасы дегенде, әрбір кісінің жеке заңды құқығын ескерместен оларға зорлық-зомбылық жасау, азапты жұмыстарға жегу, адами еркін аяққа таптау арқылы белгілі бір топтардың, яғни оңай олжаға кенеліп, пайда табудың көзіне айналдыру секілді теріс сипатында көз алдымызға келеді.

Әр жыл сайын дүние жүзі бойынша 4 миллионға жуық адам құлдыққа сатылады. Алдап-арбау жолымен өз Отандарынан сырт мемлекеттерге әкетіліп, тегін жұмыс күші ретінде немесе жезөкшелікпен айналысуға итермелеу жағдайларын қазіргі заманның құлдығы дегеннен басқаша атау мүмкін емес. Ішкі мазмұны, орындалу механизмдері жұртшылыққа тіптен түсініксіз - сәби саудасы, шетелдерге жұмысқа жалдану, т. б. адам саудасының кеңінен жайылған түрлері. Өкінішке орай, уақыт сілкінісінен түсініксіз күй кешкен кез-келген мемлекет ХХІ ғасырдың құлдығына қарсы тұра алмады. Мұның көрінісін мынадан-ақ байқауға болады: біріншіден, адам саудалаушылар өздерінің қылмыстық қызметтерін сырт көзге байқалмайтындай етіп, ұйымдастыра алды. Екіншіден, экономикасы тұрақсыз, әлеуметтік жағдайы төмен елдің халқы құл иеленушілердің құрбандығына бірінші болып шалынады. Үшіншіден, соғыс өрті тұтанған немесе тұтануға жақын жанжалды аймақ - «қанбазардың» қызған орталығы деуге болады. Қалыпсыз аймақта адамды ешбір кедергісіз ұрлауға да, осында әкеліп сатуға да болады. Тіпті, «тірі тауарды» өлтіріп тастау да қиын емес. Жұмсартып айтқанда, адам құны арзандаған қоғамда, екі аяқты пенде қорғаныссыз қалып отыр. Бүгінгі күннің ең қатал, ең сұмдық, бірақ даусыз ақиқаты «ешкімнің ешкіммен шаруасы жоқ» формуласы - адам саудалаушылардың қолындағы таптырмас құралға айналды.

Тақырып өзектілігі . 1990 жылдардың бас кезінде пайда болып, бүгінгі уақытта ең шырқау шегіне жеткен адам саудасы әлемде есірткі мен қару-жарақ саудасынан кейінгі үшінші орында тұр. Әрине, табыстылығы мен таралу шеңбері бойынша мафияның жылдық бюджеті - 7 миллиард АҚШ долларының шамасында. Шындығы да сол, «тірі тауарға» салық төлеудің, инвестиция салудың, тасымалдаудың қажеті жоқ. Жеткізу нүктесіне өз аяғымен барады, қамшының астында жүріп, еңбегін ақтайды. Кеудесінде жаны шыққанша немесе бұғаудан қашып құтылғанша (алайда, мұндай жағдайлар өте сирек) қожайынға өте тірі табыс әкеледі. Өліп қалған жағдайда, құны жоқ. Екінші алданған құл кезекте тұрады.

Шетелдерде үй күтушісі, даяшы, бала бағушы жұмыстары ұсынылады. Қыз-келіншектерге көбіне 500-700 доллар көлемінде жалақы уәде етіледі. Расында, мұның сыртында күштеп жезөкшелікпен айналысу тұр. Ер адамдарды кәсіби біліктілікті аса көп қажет етпейтін жұмыстармен қызықтырады.

Адам саудасымен күрес мәселелері бойынша Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысының кеңесшісі Джон Миллер «адам саудасы - бұл құлдықтың қазіргі нысаны және бүкіләлемдік мәселе» деп басып айтты. Біріккен Ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Луиза Арбурдың пікірі бойынша: «Құлдық халықаралық қауымдастық күрес жүргізетін адам құқықтары бұзылуының алғашқысы болса да, оның өткен шаққа кеткенін айту әлі ерте. Оны түбімен жою үшін аса үлкен күш салу қажет. Бұған қоса құлдық алуан түрлі нысанда болады. Оның нысандары уақыт өте келе өзгеріп, әлеуметтік-экономикалық және діни мағынасын көрсетеді». Адам саудасы - күшпен қорқыту, алаяқтық, билігін асыра пайдалану немесе жағдайдың осалдығын пайдалану жолымен, немесе басқа тұлғаны бақылайтын тұлғаның келісімін алу мақсатында төлемақы немесе олжа түрінде пара беру жолымен пайдалану мақсатында жалдау, тасымалдау, беру, жасырушылық немесе адамды иемденуді білдіреді.

Адам саудасының жолын кесу әзірге мүмкін емес. Қоғам, билік осы қанды бизнестің қауіптілігін сезініп отырған жоқ. Трафикке (адам саудасына) қарсы бағытталған ақпараттық соғыстың тым бәсеңдеп кеткендігін де атап өткен жөн. Шетелде оңай олжа жатпағандығын аңғал жұртымызға айта беру керек. Ақпараттық компанияның әлсіздігі адам саудалаушы трансұлттық қылмыстық топтар үшін де пайдалы, табысты «бизнестерін» өркендетуге еш кедергі жоқ.

Жоғарыда көрсетілген жағдайды ескере отырып, осы дипломдық жұмыстың негізгі идеясы адам саудасы мен құлдық қылмыстарының қазіргі кездегі құқықтық реттелуін, онымен халықаралық-құқықтық күрес мәселелерін ашып көрсету болып табылады.

Еңбектің әдістемелік негізі . Жұмысты жасау барысында келесідей ғылыми әдістер пайдаланылды: танымды-диалектикалық, тарихи, статистикалық, формалды-заңдық, салыстырмалы талдау және комплекстік көзқарас әдістері.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Осы зерттеу жұмысының мақсаты - адам саудасы мен құлдық қылмыстарына қарсы күрес мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау, әсіресе, қазақстандық және халықаралық дәрежеде осы мәселенің шешілу жолдарын көрсету, адам саудасы және құлдық қылмыстарының пайда болуының себептері мен олармен күрес жолдарын көрсету. Бұл мақсаттан ғылыми жұмыстың нақты міндеттері туындайды:

  • адам саудасы қылмысына сипаттама беру;
  • адам саудасы қылмысының пайда болу себептерін көрсету;
  • адамды сатумен күрес саласындағы халықаралық актілерді таңдау;
  • адам саудасы қылмысын түрлер мен нысандарға бөлу;
  • адам саудасы қылмысымен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық.

Зерттеу жұмысының пәні - адам саудасы қылмысының пайда болуы, олармен күрес мәселелері, көрсетілген қылмыстың пайда болу себептері.

Зерттеу жұмысының объектісі - адам саудасы қылмысы.

Ғылыми жобаның құрамы . Ғылыми жұмыс Кіріспеден, Негізгі бөлімнен, негізгі бөлім үш тараудан, Қорытындыдан, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Адамды сату қылмысымен күрестің халықаралық реттелуі

  1. Адамды сату қылмысына сипаттама және оларды реттейтін халықаралық конвенциялар

Халықаралық дәрежеде біз қылмыстылықтың жаһандануымен қақтығысамыз, ал қоғамдық салттың саласында әр түрлі халыққа, тұрғындар қабаты мен кластарына тән көзқарастардың, әдеттердің, мінез-құлық және тәртіп нормаларының алуандығымен кездесеміз. ХХІ ғасырдың халықаралық қылмыстылығына 3 ерекшелік тән - сандық өсуі, оның ұйымдастырушылық дәрежесінің өсуі, алдында кездескен немесе мүлде кездеспеген қылмыс түрлерінің пайда болуы.

Халықаралық қылмыс ұйымдарының кірістері көптеген ірі елдердің мемлекеттік бюджетінен асып түседі. Осы ұйымдармен жасалатын ең көп таралған қылмыс түрлеріне есірткінің заңсыз айналымы; қару және оқ-дәрілерді, химиялық және ядролық материалдарды заңсыз жеткізу; ішкі және халықаралық лаңкестік; адам саудасы, соның ішінде әйелдерді және балаларды сату; адам органдарын сату; автомобильдерді ұрлау және жасырын тарату. Ұйымдасқан қылмыс заңды бизнес пен мемлекеттік аппаратқа кіру тенденциясын көрсетеді.

Трансұлттық қылмыстың бір түрі халықаралық сипаттағы қылмыстың бірнеше құрамын біріктіретін адам саудасы болып табылады. Оларға құлдық, құлдарды сату, сондай-ақ әйелдерді сату, балаларды сату және мәжбүрлі еңбек жатады.

Халықаралық қауымдастық құлдық және құлдарды сатуды халықаралық қылмыс деп таныды. Құлдық пен құлдарды сатумен қатар оларға ұқсас тағы да қылмыстар қатары бар. Ол әйелдерді сату (оның ішінде жезөкшелік, балаларды сату және мәжбүрлі еңбек) .

"Адамдарды сату" пайдалану мақсатында адамдарды арбау, тасымалдау, тапсыру, жасыру немесе күш қолданамын деп қорқыту немесе оны қолдану немесе мәжбүрлеудің, ұрлаудың, алаяқтықтың, алдаудың, билігін асыра пайдаланудың немесе жағдайының осалдығын пайдаланудың басқа нысандары арқылы не басқа адамды бақылайтын адамның келісімін алу үшін төлемдер немесе пайда түрінде параға сатып алу арқылы адамдарды алуды білдіреді. Пайдалануға, кемінде, басқа адамдардың жезөкшелігін пайдаланудың немесе сексуалдық пайдаланудың басқа нысандары, мәжбүрлі еңбек немесе қызметтер көрсету, құлдық не құлдыққа ұқсас салттар, бағынышты жағдайды немесе дене мүшелерін кесіп алу кіреді.

Құлдық дегеніміз меншік құқығының атрибуттары немесе олардың кейбіреуі қолданылатын адамның жай-күйі мен жағдайы; Еріксіздерді сатуға кез-келген басқыншылық актісі, иемдену немесе адамды құлдыққа сату мақсатында өткізу; еріксіздерді сату немесе айырбастау мақсатында кез-келген иемдену актілері; сату не айырбастау мақсатында алынған еріксізді сату немесе айырбастау жолымен кез-келген өткізу актілері, яғни еріксіздерді саудаға салу және тасымалдаудың басқа да кез-келген актісі жатады деп түсініледі.

Қазіргі құлдарды сатудың тигізетін зардаптарының ішінен мыналарды бөліп айтуға болады:

- Ұлттық аспектіде адам саудасы және соның ішінде әйелдер мен балаларды сату дүние жүзінде соншалықты ауыр құбылыс болғаны, оның қауіпсіздікке де, ұлттық генофондқа да қаупі бар.

- Халықаралық аспектіде адам саудасына әсер ететін басты элементтер - бұл ұлты мен азаматтығына қарамастан ұйымдасқан жүйедегі қылмыскерлердің болуы. Мұндай құқықбұзушылық түрінен ешбір мемлекет сақтандырылмаған.

- Психологиялық-құқықтық аспектіде адамды сату басқа себептер ішінде, бірінші кезекте, жәбірленушілердің құқықтық қорғалмағандығынан және заңи дайындалмағандығынан болады. Дүниежүзілік құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың сараптамасы бойынша, құлдықтан қаша алған тұлғалардың аса ауыр мәселелерінің пайда болуын көрсетеді. Ең алдымен, бұл психологиялық мәселе. Тағы бір негативті зардабы - бұл келуші мемлекеттің лауазымды органдары жәбірленушілерге қарсы қылмыс болғаны туралы деректі куәландыруды сұраса, жәбірленушілер бұған өте аз жағдайда келісімін береді.

Қазіргі таңда халықаралық қауымдастықпен қабылданған адамды сату және құлдық қылмыстарымен күреске бағытталған халықаралық актілер саны біршама. Олардың барлығы да өзара ішкі байланысы бойынша пәндік жалпылау мен жүйелеуді, келіспеушіліктерді жоюды, анықталмаған және қалыс қалған мәселелерді табуды қажет етеді. Сонымен қатар халықаралық актілердің кодификациясы мен ресми жүйеленуі жүргізілмегенін естен шығармау қажет. Сондықтан ең бірінші міндетіміз - адамды сатумен күрес саласындағы халықаралық актілерді таңдау. Таңдау үшін критерийлер ретінде екі өзара байланысты критерийлер алынды:

  1. халықаралық актілердегі мынадай түсініктердің қолданылуы: «адам саудасы», «құлдарды сату», «балалар саудасы», «құлдық еңбек», «міндетті және күштеу арқылы еңбек» және осылармен мағыналас түсініктер (мәселен, «адамды ұрлау», «заңсыз миграция» және т. б. ) ;
  2. онда нормативтік ережелердің, яғни бірнеше рет қолдануға арналған жүріп-тұру ережелерінің (тыйым салулар, рұқсат етулер және заңды жауапкершілік) болуы.

Сонымен бұл дипломдық жұмыста база ретінде адамды сатумен күреске бағытталған халықаралық құқықтық актілер қолданылады.

Келесі маңызды акт - бұл 1890 жылғы Брюссель конференциясының Бас актісі, онда құлдарды сатумен күрес жөнінде нақты тәжірибелік шаралардың қабылдануы көзделген. Ең маңыздысы - келісуші мемлекеттер еріксіздердің күштеу арқылы ұсталуы үшін қылмыстық жазаны орнататын заңды қабылдауы. Келісуші мемлекеттер құлдарды сатудың алдын алуға бағытталған арнайы іс-шаралар ұйымдастыруға міндеттенді (құлдар тасымалы жүргізілу мүмкін жолдарды жабу үшін арнайы әскери посттарды бекіту; порттарда сәйкес тәртіп орнату және т. б. ) . Сонымен қатар анықталған аумақтық «күдік тудыратын белдеу» бекітілді, онда Үнді мұхитының батыс бөлігі, Қызыл теңіз және Парсы шығанағы кірді, осы жерлерде, көбінесе, еріксіздерді сату жүргізілді, және келісуші мемлекеттердің әскери кемелері күдік тудыратын кемелерде тінту жүргізуге құқығы болды. Бас акті құлдарды сатумен күрес жөнінде арнайы органдарды құруды көздеді - Құлдарды сату жөніндегі құжаттар мен ақпараттарды жинаумен айналысатын Халықаралық теңіз бюросы (Занзибар қаласы) және осы салада статистикалық ақпарат және заңдармен алмасу бойынша делдал функцияларын атқаратын арнайы бюро (Брюссель қаласы) .

Жоғарыда аталған халықаралық құқықтық актілер құлдықты толығымен жоюға емес, құлдарды сатудың алдын алуға бағытталды. Тек ХХ ғасырда құлдарды сатуға ғана емес, құлдыққа тыйым салатын халықаралық құқықтық актілер пайда болды. 1890 жылғы Брюссель бас актісін жойған 1919 жылғы Сен-Жермен келісім-шарты келісуші мемлекеттерді құлдарды сату және құлдықты толығымен жоюға барлық үлесін қосуға міндеттейді. Осы саладағы халықаралық құқықтық актілер әрі қарай даму тарихы халықаралық қауымдастықпен тығыз байланысты, алғашында Ұлттар Лигасы шегінде, содан соң Біріккен Ұлттар ұйымында.

Ұлттар Лигасының Кеңесі 1924 жылы 12 маусымда даярланған баяндама негізінде құлдық жөнінде Уақытша комиссия құрды, біраз уақыттан соң Құлдық туралы конвенция қабылданды, 1926 жылы 25 қыркүйекте қол қойылды (КСРО қатысушысы болды) . Бұл конвенция адам саудасымен күреске бағытталған қазіргі халықаралық құқықтың нормалар жүйесінің пайда болуындағы басты қайнар көздерінің бірі ретінде қаралады.

Адам саудасымен күреске бағытталған нормалары бар әрбір халықаралық шарттың құқықтық маңыздылығын бағалау кезінде осы жұмыс шегінде екі жағдай ескеріледі:

  1. адам саудасымен күрес саласындағы құқықтық саланың құрылуына әсер ететін категориялық аппарат;
  2. мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің мазмұны мен көлемі, себебі заңды міндеттемелер оларды орындау барысында нақты шарттық және кәдімгі нормаларға, яғни халықаралық стандарттар ретінде қаралатын нормаларға сүйенеді. И. И. Лукашук пен А. В. Наумов халықаралық стандарттарды «халықаралық қауымдастықпен танылған қажетті талаптар дәрежесі ретінде танылған», нақты жағдайда адам саудасымен күрес саласындағы, адам құқықтарын жүзеге асыруға ұсынылған

стандарттар ретінде анықтайды.

Конвенцияларға сипаттама берейік.

1926 жылғы 25 қыркүйектегі Құлдыққа қатысты БҰҰ конвенциясы (1953 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамамен өзгертулер енгізілді) 1927 жылы 9 наурызда күшіне енді. КСРО конвенцияға 1956 жылы 8 тамызда қосылды.

Осы конвенцияда мынадай түсініктердің анықтамасы берілген:

«құлдық» (1 б. 1 т. ), «адамның үстінен меншік құқығы немесе олардың кейбір түрі жүзеге асырылатын жағдайы мен күйі» деген түсінік білдіреді. Академик В. Н. Кудрявцевтің пікірінше бұл түсінік қылмыстық заңнама үшін онша қолайлы емес, не қажетті нақтылығымен ерекшеленбейді, оның мағынасы айқын: адам біреудің меншігі болуына жол берілмейді. Мемлекеттің ішкі заңы осы терминнің мазмұнын әрі қарай аша алады.

«еріксіздерді сату» - «құлдыққа сату мақсатымен адамды жаулап алу, иемдену және кемсітудің кез-келген актісін білдіреді; оны сату немесе ауыстыру мақсатымен еріксізді иемденудің кез-келген актісі; сату немесе ауыстыру мақсатымен иемденген еріксізді сату немесе ауыстыру жолымен кемітудің кез-келген актісі, еріксіздерді сату немесе тасымалдауының кез-келген актісімен тең» (1 б. 2 т. ) .

1949 жылғы 2 желтоқсандағы Үшінші тұлғалармен жезөкшелікті пайдалану және адам саудасымен күрес туралы БҰҰ конвенциясы БҰҰ Бас Ассамблеясымен ІV сессиясында қабылданып, 1951 жылы 25 шілдеде күшіне енді. КСРО Конвенцияға 1954 жылы 11 тамызда қосылды.

Үшінші тұлғалармен жезөкшелікті пайдалану және адам саудасымен күрес туралы БҰҰ конвенциясы төмендегі халықаралық актілерді біріктіріп, ең алғашқы кодификацияланған акт болып табылады: 1948 жылғы 3 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Хаттамамен өзгертулер енгізілген, 1904 жылғы 18 мамырдағы Ақ күңдерді сатумен күрес жөніндегі Халықаралық шарт; аталған Хаттамамен өзгерістер енгізілген 1910 жылғы 4 мамырдағы Ақ күңдерді сатумен күрес жөніндегі Халықаралық конвенция; 1947 жылғы 20 қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Хаттамамен өзгертулер енгізілген, 1921 жылғы 30 қыркүйектегі Балалар мен әйелдерді сатумен күрес жөніндегі Халықаралық конвенция; аталған Хаттамамен өзгерістер енгізілген, 1933 жылғы 11 қазандағы Кәмелетке толған әйелдерді сатумен күрес жөніндегі Халықаралық конвенция.

1. 2. Адамды сату қылмысымен күрес саласындағы халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары мен құқықтық тыйым салулар

Құқықтың жалпы теориясының доктринасында құқықтық нормаларды бірінші орында оның құқықтық реттеудегі функциясы бойынша реттеуші және қорғаушы деп бөлу қабылданған. Бұл бөлу құқықтық нормалардың адамның тәртібін реттеумен тікелей байланысты. Сондықтан бұл зерттеу жұмысында құқықтық нормаларды адамға әсер ету тәсіліне байланысты келесі түрлерге бөлуге болады:

1) тыйым-нормалары немесе тыйым салушы (белгілі әрекет немесе әрекетсіздікті жасауға тыйым мазмұндалған) ;

2) рұқсат-нормалары немесе құқылық (белгілі әрекетті жасауға мүмкіндік беретін) ;

3) міндет-нормалары немесе міндеттеуші нормалар (яғни, белгілі әрекетті жасаудың мүмкіндігін жоятын) .

Адам саудасы мен құлдық саласындағы халықаралық құқық нормаларының арасында тыйым-нормалары ерекше орынға ие. Оларға мыналар жатады:

1) құлдыққа оның барлық түрлерінде тыйым (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 4 б. ; 1950 ж. 4 қарашадағы Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияның 4 б. 1 т. ; Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің 8 б. 1 т. ) ;

2) құлдарды сатуға оның барлық түрлерінде тыйым (Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 4 б. ; Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің 8 б. 1 т. ) ;

3) міндетті немесе мәжбүрлі еңбекке тыйым (Міндетті немесе мәжбүрлі еңбекке қатысты Халықаралық еңбек ұйымының №29 Конвенциясының 4 б. 1 т. ; 1950 ж. 4 қарашадағы Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенцияның 4 б. 2 т. ; Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің 8 б. 1 т. «а» және «б» т. ) .

Осы аталған тыйым-нормаларын салыстыра келе, алдыңғы екі норманың айырмалық ерекшелігін көруге болады. «Барлық түрлері» термині тек құлдық және құлдарды сату тыйым-нормаларында кездеседі. Ал міндетті немесе мәжбүрлі еңбекке тыйымда мұндай термин қолданылмайды. Сонымен қатар халықаралық-құқықтық актілерде мұндай тыйым қолданылмайтын міндетті немесе мәжбүрлі еңбек түрлерінің тізімі мазмұндалған (мысалы, Міндетті немесе мәжбүрлі еңбекке қатысты Халықаралық еңбек ұйымының №29 Конвенциясының 2 б. ), немесе, керісінше, міндетті түрде тыйымды түрлерінің тізімі (мысалы, Мәжбүрлі еңбекті жою туралы Халықаралық еңбек ұйымының №105 Конвенциясының 1 б. ) .

Демек, құлдыққа және құлдарды сатуға тыйым абсолютті болып табылады және ешбір ерекшеліксіз барлық түрлеріне қолданылады. Ал міндетті немесе мәжбүрлі еңбекке тыйым халықаралық-құқықтық актілерде ерекшелік ретінде көрсетілгендерден басқа, оның барлық түрлеріне қолданылады. Құлдық пен құлдарды сатудың кез-келген түріне халықаралық қауымдастықпен тыйым салынады, яғни бұл тыйымды бұзу қылмыстық тәртіппен қудаланады.

Халықаралық актілерде толық немесе шамамен жасалған құлдық пен құлдарды сату түрлерінің тізімі белгіленбегені кездейсоқ емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам саудасымен күресудің халықаралық құқықтық механизмдері
«Адамдарды саудаға салумен күрестің қылмыстық – құқықтық және криминологиялық проблемалары»
Халықаралық қылмыстардың топтастырылуы
Адам саудасы қылмысыбойынша жазалау мәселесі
Халықаралық қылмыстық құқық халықаралық жария құқықтың жеке бір саласы
АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ АДАМ САУДАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ
Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар
Халықаралық қылмыстық құқық ұғымы
Тұлғаның Конституциялық кепілдендірілген жеке бас бостандығына қол сұғатын адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz