Мұнай құрамының қалыптасуының биогеохимиялық факторлары


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

М Ө Ж

Тақырыбы: Мұнай құрамының қалыптасуының

биогеохимиялық факторлары

Тексерген: Бірімжанова З. С.

Орындаған: Сатаева Аида

Алматы, 2012

Мұнай құрамының қалыптасуының биогеохимиялық факторлары

Шикі мұнай құрамын анықтаушы анағұрлым маңызды факторлардың ішінен алдыңғы органикалық материалдар мен тірі организмдер қалдықтарын құраушы жыныстарды көму шарттарын, олардың термальды эволюциясын және екінші түрге айналу процестерін атауға болады.

Шикі мұнай құрамын оның физикалық қасиеті мен химиялық құрамы сипаттайды. Шикі мұнайдың дистилляциясы мұнай фракциясының қайнау температурасына байланысты пішінді өзгеретінін көрсетеді. Шикі мұнай мен оның дестилляция фракциясы тығыздық, тұтқырлығы, рефракция индексі, күкіртті құрам сияқты және басқа да физикалық параметрлер көрсеткіштерімен сипатталады. Шикі мұнай колонолдық немесе жұқа қабатты сұйық хроматографияны пайдалана отырып түрлі фракцияларға бөлінуі мүмкін.

4. 4-суретте қаныққан көмірсутектер мен изоалкандар, циклоалкандар (нафтен) және ароматикалық көмірсутектер мен полярлық гетероатомдық қоспаларды қоса алғандағы шикі мұнай үлгілерінің құрамы көрсетілген. Көрсетілген топ бойынша бөлу мұнайды жіктеу кезінде қолданылады.

Кез келген мұнай құрамы түрлі факторлар комбинацияларына тәуелді. Қоршаған ортамен байланысты факторлардың ішінде шөгінді жыныстардағы органикалық материя табиғаты мен оның минералдық құрамын анықтаушы факторлар маңызды болып табылады. Барлық шөгінді жыныстарда алдыңғы көмірсутектер бастаушысы болса және аквальды жағдайда қалыптасса да, олар шығу тегі жербетілік органикалық массаларды құрауы мүмкін, жербетілік биогеохимиялық циклдар бұл салымның өлшемін анықтай алады, әсіресе жиі жағдайда алыс ашық теңізге созылып жатқан құрлықаралық бассейндерінде және үлкен өзен дельталарында анықтайды. Жербетілік органикалық материя көбінесе тотықтырғыш қасиетіне байланысты мұнай негізін құраушылар ретінде қарастырылмайтын целлюлоза және лигнин фракцияларына байытылған, керісінше микроорганизмдер биомассасымен бірге шөгінді жыныстар құрамына жұмылдырылған липидтік фракциялар шикі мұнайды өндіреді. Мұнайдың бұл түрлері балауыздардан, майлардан, алифатикалық полимерлерден шыққан алифатикалық топтарға байытылған және сызықтық және айырылған алкандармен (парафиндермен) көрсетілген. Полициклді нафтендер әсіресе стерандар еруші санымен қатысады.

Теңіздік органикалық масса әдетте ІІ типтегі кероген ретінде қарастырылады. Бұл органикалық масса парафин-нафтендік немесе ароматикалық-аралық типтік мұнайларды (4. 4 сурет) өндіреді. Ондағы қаныққан көмірсутектер саны жоғары емес, бірақ полициклдық алкандар (стерандар тәрізді балдырлар стероидынан) саны терригендік органикалық массалық мұнайдан үлкен. Әсіресе күкіртке бай теңіз керогені катагенездің өте ерте кезеңінде шайыр және алальтбайытылған шикі мұнай өндіруге бейім.

Шикі мұнайдағы кұкірт құрамы шөгінді жыныстардың минералогиялық құрамымен тығыз байланысты. Әдетте мұнай шөгінді жыныстар өздеріне ыдыратушы планктондық организмдердің кішкене қабыршақтарының карбонаттық немесе силикаттық үзінділерін қосып алғанда және сонымен бір уақытта байытылған органикалық массаны құрады. Бұл органикалық масса консервациясына жағдай тудыратын анаэробты жағдайларда жүреді. Бұл жағдайларда сульфатредуциялаушы бактериялар сутек сульфидтерін немесе басқа да органикалық емес күкірт қоспаларын қалыптастырды. Органикалық затпен және күкіртпен әсерлескен соң түзілген қоспалар кероген және ары қарай мұнай құрамына қосылды. Мұнайдың бұл түрлері Калифорнияда, Солтүстік Каспийде және Таяу Шығыста табылды.

Алайда кедергі келтіруші жыныстар жоғарғы көлемде мол темір құрамды детриті сазды минералдардың жоғарғы санын құраса бұл күкірттің мұнайдан жойылуы мүмкін еді. Бұл жағдайларда Н 2 S сульфатредуциялаушы бактериялардан түзілген үлкен бөлігі темірмен, темір сульфатын тұндыра отырып, реакцияға түседі. Терригенді органикалық массалар әдетте детритті минералдық материалдармен бірге тұнған болса (үлкен өзендер дельталарында), ІІІ типтік керогеннен түзілген мұнай әдетте күкіртке кедей келеді.

Еріген және қатты органикалық материя суда болғанда оның құрамына түрлі физикалық, химиялық және биогеохимиялық процесстер әсер етті (4. 5-сурет) .

Маңызды факторлар:

- құрлық беткейінен тасымалданған немесе беттік суларда биосинтезделген органикалық материяның саны мен құрамы;

- көліктің қатысқан механизмі.

- айналу механизмін басқарушы биологиялық бірлестіктердің құрылымы;

- судың физикалық сипаттамалары: су қалыңдығының тереңдігі, тотықтырушы-қалпына келтіруші әлеуеті, температурасы және т. б.

Сонымен, 4. 6 сурет мұнайды құраушы геологиялық жыныстардың жасы жөнінде көрініс береді. 1968 жылы үлкен мұнай қоры мен сәйкес мұнай алаптары ашылған Алясканың солтүстік баурайы көрсетілген. Солтүстік баурайдың мұнайға қаныққан шөгінді жыныстары жастары ~ 65 тен 360 млн жылдық миссисипилік және төрттік құмдақтардан, конгломераттардан, тақтатастар мен карбонаттардан тұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогеохимияның негізгі концепциялары (сұрақ-жауап түрінде)
Биогеохимия
Биогеохимиялық провинциялар. Қазақстан аумағындағы табиғи және антропогендік биогеохимиялық провинциялар
Биогеохимияның негізгі концепциялары т уралы
Күн жүйесінің кішкентай денелері
Биогеохимияның негізгі концепциялары
Адамның қоршаған ортаға биогеохимиялық адаптациясы. Биосфераның биогеохимиялық ұйымдастырылуы және популяцияның физиологиялық гетерогендігі
Биосфера эволюциясы. Биосфера құрылымы. Тірі заттың қасиеті мен қызметі
Қазақстан флорасының (соның ішінде дәрілік шөптер) және фаунасының жағдайына қоршаған ортының әсері
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz