Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жерге орналастыру мамандығының магистратуралық бағдарламасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

Кадастр мамандығы

Жерге орналастыру

Қабылдаған: Абдыгалиева С. С.

Орындаған: Әлибай Б. Б.

Алматы 2013 жыл

Жерге орналастыру

Жерге орналастыру - мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларынбелгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.

Жерді халық шаруашылығы салаларының мұқтаждыктарына бөліп беруге жөне осыган себепті ауылшаруашылық алаптары кө-лешніңүнет қысқарылуына байланысты әкологиял ық жағдай соңгы жылдары күрт күрделене түсуде. Ауыл шаруашылығы өндірістің биологиялық негізі болып топырақтың құнарлылығы, жердің мелиоративтік күйі, эрозияға үшырагандығы, топырак қүрамындағы қорда мен негізгі қоректік элементтердің мөлшері жөне өсімдік тірші лі гі ортасы ның басқа да қасиеттері, сонымен қатар дақылдардың биологиялық ерекшеліктері табылады. Ауылшаруашылық өндірістің биологиялық жағы, өзі кезегінде, экономикалық жөпе территориялық жағдайлармен байланысты, өйткені соңғылары салалардың мамандандырылғандығын, алаптардың қүравш менорналасуын, , ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру агротехникасын, демек, жалпы өндірістің рентабельдіктігі мен тиімділігін себептейді. Сонымен, ауылшаруашылық дақылдарды өсірудің биологиялық жағдайлары бір жағынан өндірістщ экономикалық тиімділігш, ал екінші жағынан бүкіл шаруашылык жүргізу жүйесін өздеріне сөйкесті бейімдеуді себептеп отырады. Қазіргі кезде ауылшаруашылың өнімдерінің көлемін арттырудың объективтік негізі ретінде топырақтың құнарлылығын сақтап қалу мен одан ары жоғарлату ерекше маңызды. Сонымен қатар алаптар қүрамы мен территориялық реттілігі элементтерінің орналасуы1, салалардың мамандандырылғандығы мен дақылдардық қүрамы шығындардың барынша қысқарылуын жөне пайданың артуын қамтамасыз етуге тиісті.

Жерге орналастыру - бұл жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі.

Жерге орналастыру бакалавры келесі бағытта жұмыс істей алады: ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігі және басқармалар, бөлімшелер кәсіпорындарының, ұйымдарының, кеңселерінің, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың басқармалары мен бөлімшелерінің жерге орналастыру жобалаушысы және іздестірушісі, геодезисі.

Кәсіптік іс-әрекеттің объектілері: республиканың жер ресурстарының барлық санаттары; меншік нысанына және жер учаскелердің нысаналы мақсатына, санаттар бойынша реттелуіне қарамастан қалалардың, кенттердің, ауылдық елді-мекендердің шекарасында орналасқан барлық жер пайдаланулардың түрлері болып табылады.

Кәсіптік іс-әрекеттің заты болып келесілер табылады: жерлердің геодезиялық және топографиялық түсірістері; жерлердің фотограмметриялық жұмыстары мен картографиялау, соның ішінде геоақпараттық және сандық технологияларды қолдану; жерге орналастырудың барлық түрлерін жүргізу және жобалау; жер ресурстарын басқару; жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығына шолу экскурсиясы: мазмұны мен ұйымдастырылуы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайларының тарихы, қорлары және тәрбиелік-ғылыми маңызы
Заманауи ақпараттық технологиялардың кітапханаларды автоматтандыру жүйесіндегі қолданылуы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мысалы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 050703 Информациялық жүйе мамандығы үшін Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау пәнінің әдістемелік-оқу кешені мен жұмыс бағдарламасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасындағы өндірістік тәжірибе: КАБИС және Ирбис ақпараттық жүйелерін қолдану (30.05-15.06.2016)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Энергоэкология кафедрасының магистранты Умарова Зульфияның 2014 жылғы педагогикалық практикасы туралы есеп
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу метеостанциясының техникалық жұмысы және метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісі (оқу практикасы есебі)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының 2005-2006 жылдардағы әдістемелік отырыстарының хаттамалары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қаржы мамандығы (050509) студенттеріне арналған дипломдық жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулық
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ геодезия және картография мамандығының өндірістік практика есебі - Болашақ-Т ЖШС: геодезиялық жұмыстар мен қауіпсіздік шаралары (27.05-29.06.2019)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz