Халықаралық тiлдер



Халықаралық тiлдер - халықаралық қарым-қатынас үшін арнайы жасалған жоспарлы тілдер. Мұндай бейтарап тіл ұлттық тілдерге қарағанда қарым-қатынасқа жеңіл болады және этникалық белгілеріне қарамай ұлтаралық күмәнды сейілтеді деп сенеді. Халықаралық ұйымдарда, конференцияларда қолданғанда ол аудармаға жұмсалатын қыруар қаржыны үнемдейді. Барлығы 1000 аса халықаралық тілдер жобалары ұсынылды. Жоспарлы тілдер теориясын XVII ғасырдың өзінде Р. Декарт, Я. А. Коменский, Г. В. Лейбниц және өзгелері жасады. Бастапқыда мұндай тілдерді жасау мақсаты тіл егер қатаң логикалық принциптерге сүйенетін болса ("философиялық тілдер"), адам ойлау жүйесін жетілдіруге бағытталады деген пікір қалыптасты, алайда, XIX ғ. қарай мұндай талпыныстардан түк шықпады. Халықаралық тілдер не a priori (лексикасы мен грамматикасы толықтай жоба авторымен жасалды) принципіне, не a posteriori (лексикасы мен грамматикалық принциптері осы күнгі ұлттық тілдерден алынды). Апостериорлық тілдер, өз кезегінде, натуралистік болып келеді (түпнұсқа-тілдердің ережелерін бұлжытпай орындайды, мысалы, Окцидентал мен Интерлингуадағыдай) немесе автономды (өзіндік ішкі ережелеріне ғана бағынады, мысалы, Эсперанто немесе Идо). Алайда бұл халықаралық тілдер жобасының ешқайсысы да XIX ғ.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық тiлдер - халықаралық қарым-қатынас үшін арнайы жасалған жоспарлы тілдер. Мұндай бейтарап тіл ұлттық тілдерге қарағанда қарым-қатынасқа жеңіл болады және этникалық белгілеріне қарамай ұлтаралық күмәнды сейілтеді деп сенеді. Халықаралық ұйымдарда, конференцияларда қолданғанда ол аудармаға жұмсалатын қыруар қаржыны үнемдейді. Барлығы 1000 аса халықаралық тілдер жобалары ұсынылды. Жоспарлы тілдер теориясын XVII ғасырдың өзінде Р. Декарт, Я. А. Коменский, Г. В. Лейбниц және өзгелері жасады. Бастапқыда мұндай тілдерді жасау мақсаты тіл егер қатаң логикалық принциптерге сүйенетін болса ("философиялық тілдер"), адам ойлау жүйесін жетілдіруге бағытталады деген пікір қалыптасты, алайда, XIX ғ. қарай мұндай талпыныстардан түк шықпады. Халықаралық тілдер не a priori (лексикасы мен грамматикасы толықтай жоба авторымен жасалды) принципіне, не a posteriori (лексикасы мен грамматикалық принциптері осы күнгі ұлттық тілдерден алынды). Апостериорлық тілдер, өз кезегінде, натуралистік болып келеді (түпнұсқа-тілдердің ережелерін бұлжытпай орындайды, мысалы, Окцидентал мен Интерлингуадағыдай) немесе автономды (өзіндік ішкі ережелеріне ғана бағынады, мысалы, Эсперанто немесе Идо). Алайда бұл халықаралық тілдер жобасының ешқайсысы да XIX ғ. соңына дейін байланыс құралына айнала алған жоқ. 1880 ж. неміс католик діндары И.М. Шлейер волапюк тілінің жобасын жариялады (volapuk - ағылш. world speak - әлемдік тіл), ол аса танымал болып, әлемнің бірнеше елдерінен қолдау тапты. Бірақ тіл аралас априорлық- апостериорлық негізде құрылғандықтан, үйренуге өте қиын түсті, сондықтан 20 жылдан кейін волапюктік қозғалыстар толығымен құрыды. Бұдан кейін халықаралық тілдердің апостериорлық тұрдегі жобалары ұсынылды, олардың ішінен бірнешеуі жүзеге асырылып, байқалды: Эсперанто (esperanto, 1887, Л. М. Заменгоф), Идиомнеутраль (Ideomneutural, 1893, В. Розенбергер), Латиносинефлексионе (Latino-sine-flexione, реформаланған латын, 1903, С. Реапо), Идо (Ido, реформаланған эсперанто, 1907-1908, L. de Beaufront және т.б.), Окциденталь (Occidental, 1922, Е. von vahl), Интерлингуа (Interlingua, 1951, A. Gode). Бұл тілдерден тек Эсперанто, Идо және Интерлингуа бірнеше ұрпақ бойына жалғасып келеді, соңғы екеуі - өте шектеулі қауымдастықтарда (шамамен 1000 адам), ал Интерлингуа көбіне ауызекі сөйлесу тілі емес, жазба тілі ретінде басым түсуде. Тәжірибе көрсеткеніндей, байланыс құралы ретінде тек апостериорлық автономды жоспарлы халықаралық тіл ғана өмір сүре алады. Эсперанто құрылымының лингвистикалық ерекшеліктерінің, мақсатты мәдени дамуының және ол тілде сөйлейтін қауымдастықтың идеялық ұйымшылығының арқасында (бірнеше миллион тіл үйренгендер мен әлемнің әр елінде миллионға жуық белсенді қолданатындар) дамыған тіл деңгейіне көтеріліп, ғаламдық ауқымда қолданылуға әзір.
Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.Әдеби тілдің жүйелік сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып, икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеум., экон., мәдени тарихынан бөліп алып, соның нәтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті, ауызша тарап келген әр жанрдағы халықтық әдебиеті болса да, Әдеби тілі жоқ, я болмаса кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді. Әдеби тіл тек жазба әдебиет негізінде ғана қалыптасып, дамып қоймайды, бұл процесте, мыс., қазақтың шешендік сөздерінің, ақын-жырлаулар шығармашылығының, айтыс ақындарының, лиро-эпик., батырлар жырларының, жалпы ауызша әдебиет түрлерінің де өз орындары бар. Оның үстініне Әдеби тілдің орфогр. нормасымен бірге орфоэп. та нормасы бар екенін мойындасақ,
ауызша әдебиеттің те Әдеби тілді қалыптастырып, дамытуда орны бар екенін байқаймыз. Сондықтан, біріншіден, Әдеби тіл деген ұғым мен жазба тіл, жазба әдебиет тілі деген ұғымдар бір-бірімен қарым-қатынасты, байланысты болып келгенмен, тепе-тең, бір емес, екіншіден, жазба тіл әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі, мәнді қасиеті бола алмайды, ол тек Әдеби тілдің даму дәрежесінің көрсеткіші, демек, жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады. Сол сияқты Әдеби тілді стильдік-жанрлық тармақтары бар деген белгі де әдебиліктің емес, Әдеби тілдің даму дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің әдебилігінің мәнді сипаты, бірден-бір көрсеткіші -- халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, рухани, мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің, мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы. Осындай міндетті атқаратын тіл ғана Әдеби тіл болмақ. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымнан өзінің жүйелілігімен, тұрақты нормалылығымен, сұрыпталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандығымен ерекшеліне алады және өзі қызмет ететін халықтың қоғамдық даму тарихымен, саяси-әлеум., экономика, мәдени ерекшеліктерімен байланысты әр түрлі формада өмір сүруге икемделеді.Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы, сөз мәдениеті өндірісінің құралы болуы оның жүйелік сипатымен, сұрыпталған, сымбатталған тұрақты нормаларымен, сол халыққа әрі ортақ, әрі түсінікті қасиеттерімен анықталады. Өйткені тілдің әдебилігі сол тілдің иесі боып табылатын халық өкілдерінің баршасына түсінікті және ортақтығы, яғни олардың арасындағы бір-бірімен тікелей де, жанама да қарым-қатынас құралының ең жоғарғы сатысы болуы сол тілдің орныққан жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің жүйелігі мен қалыптығы негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар -- бір күннің, тіпті бір жылдың жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Және олар тілдік деңгейлерде (фонетика, лексика, сөзжасам, грамматика, морфология және синтаксис) жеке-жеке тілдік бөлшектердің ішкі мәні, мазмұны (семантикасы) мен сыртқы дыбыстық, тұлғалық жағының сәйкестіктері және олардың қолданыстық-қызметтік сипатының диалектик. бірлікте болуы арқылы ұғынылып, әрі айқындалып отырады. Сондықтан да морфол. нормалар, синтаксистік нормалар, тілдік элементтердің (сөздердің) комбинаторлық, конструктивтік нормаларымен әрқайсысының мазмұны (мәні), түр-тұлғалық жиынтығы мен қолданыстық қалыптасу жүйелері болады. Сөз жоқ, ол нормалар да өзгеріп, дамып отырады.Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі -- адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет Ә. т-ге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Ә. т. арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу Ә. т-дің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мыс., ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол сияқты морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызмет атқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді, сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз. Сонымен бірге Ә. тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, сезіміне әсер етуге де болады, яғни оқушысын бірде күлдіріп, рахаттандырып, көңіліне нұр сеуіп, өсіреді, бірде жылатып, көңілін күйдіріп, қайғыртады. Бұл -- Әдеби тілдің экспрессивтік-эстетик. қызметі болып табылады. [1] Ә. т-дің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде Ә. т-дің қалыптасуының негізгі үш жолын көрсетуге болады:1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады. Ондайға бұл диалектінің не геогр., не экон., не лингвистика, не тектік-этник., не мәдени дәрежесі т.б. жағынан артықшылығы болады. Орыс Әдеби тіл Мәскеу диалектісінің, татар Ә. т. Қазан (орта) диалектісінің негізінде қалыптасты деген қорытынды осындай ерекшеліктерге сүйенеді.2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің Әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты. Кейде ондай Әдеби тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде өмір сүріп, кейін ол қасиетінен айрылып қалуы мүмкін, немесе жергілікті халық тілімен қатар өмір сүріп, көбіне тек ресми әдеби тіл шеңберінде қалып та қояды, немесе жергілікті халық тілімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде әр түрлі өзгерістерге ұшырауы да ықтимал.3. Көп жағдайда Әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық, я бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Қазақ Әдеби тіл, соңғы кезде тіл мамандарының көрсетуінше, жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасты деп саналады қ. Қазақ әдеби тілі.
Мемлекеттік тіл - әр елдің, әр халықтың қазынасы. Ежелгі заманнан бері адамдар өздерінің салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, мәдениетін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген. Бірақ бұның бәрі халықтың өзіндік ерекшелігі мен туған тілін сақтауынсыз мүмкін болмас еді.
Ресми тіл -- заң, сот, оқу, т.б. ресми кеңсе қызметінде мемлекеттік тілмен қатар қолданылатын негізгі тілдердің бірі. Әдетте, көп ұлтты елдердің конституцияларында кейбір тілге ресми мәртебе берілгені белгіленіп отырады.Мысалы, Испания конституциясында (1978) кастиль наречиесі Ресми тіл ретінде қабылданған, сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік тілдер туралы ақпарат
Әлемдік тілдер жайлы
Әлемдік тілдер
Дүние жүзі тілдері
Технологиялық карта туралы ақпарат
Дүние жүзі тілдерінің территориялық жіктелуі
Тілді таңдаудың тіл тәрбиесіне әсері
Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар
Латын алфавитінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Интернационалды сөздерді аудару тәсілдері
Пәндер