Қазақ романдары және қ.жұмаділов романы


КІРІСПЕ
І. Қазақ романдары және Қ. Жұмаділов романы.
- -Қ. Жұмаділовтің өмірбаяны мен шығармашылық жолы
1. 2 Қ. Жұмаділовтің шығармашылығындағы көркемдік әлем
ІІ. «Көкейкесті» романының көркемдік ерекшелігі.
2. 1 «Көкейкесті» романының жазылуы тарихы
2. 2 «Көкейкесті» романындағы кейіпкерлер әлемі мен авторлық ой
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі . Прозамызға өзіндік үлесін қосып, өнімді еңбек етіп келе жатқан жазушыларымыздың бірі -Қабдеш Жұмаділов. Бүгінгі таңға дейін сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме жазған жазушы сөз өнеріндегі дара болмысымен танылған. Қ. Жұмаділов қаламынан өмір құбылыстарына байыпты қарайтын, сезімге ден қоятын, оны құнарлы тілмен жеткізе алатын шыншыл туындылар жарық көрген.
Алайда, ұлттық әдебиетімізде өзіндік орны бар талантты жазушының шығармашылығы әзірше арнайы зерттеу жұмысының өзегіне айналмай келе жатқаны жасырын емес. Осы бағытта, бұл жұмыстың мақсаты-Қ. Жұмаділов шығармашылығындағы «Көкейкесті» романының көркемдік ерекшелігін мазмұндап, сипатын ашу.
Қазақ прозасына «Қаздар қайтып барады» әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» романымен келген қаламгер, көрнекті қаламгер ретінде толық қалыптасты. Оның прозасы - көтерген проблемасының ірілігі, ауқымдылығы, өмір құбылыстарын ширақ та қызықты оқиғалары бірлігімен өзіндік бағыт-бағдарын айқындаған шығармашылық.
Осы тұрғыда, жазушы шығармаларынан баспасөзде әр түрлі пікір айтылған «Көкейкесті» романын талдау арқылы жазушының идеялық-көркемдік ізденісін айқындау, жазушының қазақ прозасындағы өзіндік орны мен ерекшелігін көрсету жұмысымыздың өзектілігін танытады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері :
Зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты-Қ. Жұмаділов шығармаларының «жалпы қазақ әдебиеті даму үрдісіндегі алатын орны мен «Көкейкесті» романының көркемдік ерекшелігін айқындау. Жазылған мақалаларға сүйене отырып, жазушы шығармашылығы хақындағы қазақ әдебиетіндегі зерттеулерге ой қосу, ғылыми тұжырым жасау. Сол арқылы Қ. Жұмаділов шығармашылығының өсу, өркендеу жолы мен оның шығармашылығындағы «Көкейкесті» романының көркемдік ерекшелігіне баға беру. Бұл үшін мынадай мәселелерге баса назар аудардық.
-Қ. Жұмаділовтің жазушылық және шығармашылық жолы, ондағы көркемдік әдіс-тәсілдердің қолдану аясы.
-Қ. Жұмаділовтің шығармашылығындағы тақырып пен оның көркемдеуші-бейнелеуші құралдарды қолдану шеберлігі.
- «Көкейкесті» романының жазылуы мен ол туралы сынды бағымдау.
- «Көкейкесті» романындағы кейіпкерлер әлемін талдау.
- «Көкейкесті» романындағы көркемдік әдіс-тәсілдер қыр-сырына талдау жасау.
Қ. Жұмаділовтің шығармашылығындағы «Көкейкесті» романының көркемдік ерекшелігі, ол арқылы жазушының өзіндік қаламгерлік келбетін танытудағы зерттеу объектісіне айналуы жұмыстың жаңалығы болып табылады. Сондықтан жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселенің өзектілігімен айқындалады.
-Қ. Жұмаділов шығармашылығындағы идеялық-көркемдік ізденістерге баға беріледі.
- «Көкейкесті» романындағы қаламгерлік шеберліктің қырлары дәйектеледі.
- Қ. Жұмаділов «Көкейкесті» романының көркемдік ерекшеліктері, кейіпкер бейнесі мен өмір шындығы, көркем шындыққа айналудағы ерекшелігіне талдау жасалынады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, негізгі екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер көрсеткішінен тұрады.
І. Қазақ романдары және Қ. Жұмаділов романы.
1. 1 -Қ. Жұмаділовтің өмірбаяны мен шығармашылық жолы
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде туған. Туған жері Қытайдың Шыңжаң өлкесі, Шәуешек маңайындағы Малдыбай деген қоныс. Қабдеш өз әкесі Жұмаділ салдырған бастауыш мектептен білім алады.
Қабдеш сегізінші класта оқып жүргенде өлең жаза бастады. Ол өлеңдері Тарбағатай аймақтық, Шыңжаң өлкелік газеттерінде үзбей шығып тұрды. Оныншы класты бітіретін 1956 жылы Үрімжідегі «Шұғыла» атты журналдың бірінші санында «Жамал» деген әңгімесі жарық көрді. Прозадағы тырнақалдысы «Жамал» қыз жайын мүсіркейтін дәстүрлі тақырыпты толғайды.
Кеңес Одағы мен Қытай секілді екі алыптың біресе достасып, біресе қастасуы жазушының жеке басының тағдырына тікелей әсер етеді. 1956 жылы гимназияны үздік бітіріп, 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тіл-әдебиет факультетіне оқуға түседі. Шыңжаңда ұлтшылдыққа қарсы дейтін қызылтанау науқан өршіді. Соған орай Қабдештерді 1958 жылдың жазында Үрімшіге қайтарып алып кетеді. Жиырмаға енді шыққан жас жігітке ұлтшыл, оңшыл деген айып тағылды. Еңбекпен өзгерту майданында Шисаң деген таудағы көмір кенінде бір жылдай еңбек етеді. Қалған үш жылда Үрімшіде шығатын газетте қызмет атқарды, бірақ жазу құқынан айырды. Өлең, әңгіме, мақала жазуға тиым салғандықтан, газетте әдеби қызметкер ретінде мақала өңдеді.
1962 жылы Қазақстанға оралып, университеттегі оқуын жалғастырды. 1965 жылы оқуды аяқтап, «Қазақ әдебиеті» газетіне қызметке орналасты. «Қазақ әдебиетінде» үш жыл, «Жазушы» баспасында он жыл, баспа, полиграфия және кітап саудасы қызметінде бес жыл. 1981 жылдан бері біржола шығармагерлік жұмысқа ауысты.
Қ. Жұмаділовтің алғашқы кітабы өлеңдер жинағы «Жас дәурен» деп аталады. Ол 1967 жылы жарық көрді. 1968 жылы «Қаздар қайтып барады» деген әңгімелер жинағы шықты. Одан кейін роман деген айдынға құлаш ұрды. 1969 жылы «Көкейкесті» жарияланды.
Туындыларының тақырыбы алуан-алуан. «Көкейкесті» студенттер өмірін қозғаса, «Соңғы көш» дилогиясы (1974, 1981) Шығыс Түркістанға ой-қиял қуатымен қайта оралады. Содан кейінгі «Атамекен» романы Тарбағатайдың теріскей мен күнгейін қоса өре суреттейтін роман. Бұл 1986 жылы жарық көрді. Осыдан екі жыл өткен соң 1988 жылы Қ. Жұмаділовке мемлекеттік сыйлық әперген «Тағдыр» романы дүниеге келді. 1998 жылы «Қазақстанның халық жазушысы »атағы берілді. 1994жылы «Дарабоз»атты тарихи романының 1-кітабы, 1996 жылы 2-кітабы, ал 1999 ж«Таңғажайып дүние» »атты ғұмырнамалық романы жарық көрді.
Қ. Жұмаділовтің «Сәйгүліктер»повесі кеңестік дәуірдегі жаңа заманға сәйкес, шаруашылығы шалқып, өсіп-өркендеген ауыл өмірін, ондағы қарапайым еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, арман-аңсарларын сөз етеді. Повестің негізгі кейіпкері-қарапайым қарт жылқышы Ағыбай. Шығармадағы барлық оқиға, жағдай осы адам айналасында өсіп, өрбиді.
Осы бір жылқымен көзін ашып, жылқышылықпен есейіп, ержеткен, бүгінгі зейнетке шықса да сол кәсіптен ажырамай жүрген Ағыбайдың бір ойлайтыны да осы түлік төресі жылқы қамы. Ежелден осы кірпияз да сері жануардың қасиеті жанмен ұғып қадірлеп, қастерлеп өткен қазақтың бүгінгі жұрнағындай көрінетін Ағыбайдың бойында халықтық, ұлттық сипат тұнып қалған десек қателеспейміз.
Жылқы десе ішкен асын жерге қоятын Ағабайдың сонау жастық шағын еске түсіруі, Тұрар байдың жылқышысы болған әкесі Жұмаханның қайтсек жылқыны аман алып қаламыз деген іс-әрекетін ойлауы повестің әлеуметтік жүгін салмақтандыра түскен. Жиырма сегізінші жылы Тұрар бай конфискаға ілініп, жер аударылғанда, «байлардың өзі түгіл, малына дейін зиянкес»деген дақпыртпен белсендірілдің асыра сілтеумен алты жүздей жылқыны оқтың астынан алып қырып тастауы кімнің де болса жанын шошытып, төбе құйқасын шымылдатар сұмдық оқиға ғой. Осы ретте бір айта кететін нәрсе-бұл оқиға арқылы жылқыны фон ретінде ала отырып сол кездегі аумалы-төкпелі заман шындығын, ел басына түскен зобалаңды, бір сөзбен айтқанда, халық тағдырын шынайы бейнелей білген дер едік. Енді міне, бүгін заманда да кейбір тоғышар жандардың осы бір асыл текті жануарға деген өгей көзқарастарына жаны төзбейді Ағыбайдың. Жылқыны көбейтіп, бағасының қымбаттағанына мәз болып жүргендеріне қиналады.
Повестегі ферма бастығы Пернебек пен бас жылқышы Отаркүл бейнелері де нанымды жасалған. Олар өз дегеніне көнгісі келмеген Ағыбайды жылқыдан кетірудің амалын қарастырады. «Бұдан былай техника тілін білмеген малшының күні қараң. Мал қайырғаннан басқаны білмейтін шала сауатты шал-шауқандар жастарға орын босатуы керек»-деп Пернебек қокандаса, қымыздан гөрі арақты тәуір көретін Отаркүл да бастығынын сөзін сөйлеп: «Жылқыдан кетесің . . . Жылқы бағу сен сияқты шалдарға енді қол емес. Оған тепсе темір үзетін мына мен сияқты жігіттер керек », -деп күш көрсетеді Ағыбайға. Повесте Пернебек пен Отаркүлдің болмыс-бітім, ой-пиғылдары ашыла түсетін тұстар шынайылығымен баурайды. Ағыбайдың қырғыз досы сыйға тартқан Қоянкөк жорғаға көз сұғын қадаған Отаркүл мен Пернебек жылқышыға бар қысастығын істеп бақты. Ағабайды жылқыдан қумақ болуы биебауды ағыттырып жіберуі де олардың еш нәрсені қасиеттеу білмейтін парықсыздығын танытса керек. Сонымен аталмыш повесть оқырманға ой салатын, айтары мол, әлеуметтік жүгі салмақты шығарма деп білеміз.
Қ. Жұмаділовтің «Сәйгүліктер» повесі кеңестік дәуірдегі жаңа заманға сәйкес, шаруашылығы шалқып, өсіп-өркендеген ауыл өмірін, ондағы қарапайым еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, арман-аңсарларын сөз етеді. Повестің негізгі кейіпкері - қарапайым қарт жылқышы Ағыбай. Шығармадағы барлық оқиға, жағдай осы адам айналасында өсіп өрбиді.
Осы бір жылқымен көзін ашып, жылқышылықпен есейіп, ержеткен, бүгінде зейнетке шықса да сол кәсіптен ажырамай жүрген Ағыбайдың бір ойлайтыны да осы түлік төресі жылқы қамы. Ежелден осы кірпияз да сері жануардың қасиетін жанмен ұғып, қадірлеп, қастерлеп өткен қазақтың бүгінгі жұрнағындай көрінетін Ағыбайдың бойында халықтық, ұлттық сипат тұнып қалған десек қателеспейміз.
Жылқы десе ішкен асын жерге қоятын Ағыбайдың сонау жастық шағын еске түсіруі, Тұрар байдың жылқышысы болған әкесі Жұмаханның қайтсек жылқыны аман алып қаламыз деген іс-әрекетін ойлауы повестің әлеуметтік жүгін салмақтандыра түскен. Жиырма сегізінші жыл Тұрар бай конфискаға ілініп, жер аударылғанда, «байлардың өзі түгіл малына дейін зиянкес» деген дақпыртпен белсенділердің асыра сілтеумен алты жүздей жылқыны оқтың астына алып, қырып тастауы кімнің де болса жанын шошытып, төбе құйқасын шымырлатар сұмдық оқиға ғой. Осы ретте бір айта кететін нәрсе - бұл оқиға арқылы автор жылқыны фон ретінде ала отырып сол кездегі аумалы-төкпелі заман шындығын, ел басына түскен зобалаңды, бір сөзбен айтқанда, халық тағдырын шынайы бейнелей білген дер едік. Енді міне, бүгінгі заманда да кейбір тоғышар жандардың осы бір асыл текті жануарға деген өгей көзқарастарына жаны төзбейді Ағыбайдың. Жылқыны көбейтіп, бағасының қымбаттығына мәз болып жүргендеріне қиналады.
Қ. Жұмаділов өмірі мен шығармашылығына талдау жасарда жазушының «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романындағы өз сөзіне жүгінсек:
Бүгінге дейін жазғаным: сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме, көптеген мақала . . . Мақала, очерктерді қоспағанда, он томдай таза проза жазыппын. Бұл аз ба, көп пе? Біраз жылдары шығынға ұшыраған, етекбасты қазақ қаламгері үшін аз шаруа емес. Сонан соң көңілге медеу тұтар тағы бір жай бар. Азаттықтан кейін бұрынғы кеңес жазушыларының көбі «банкротқа» ұшырап, жазған шығармалары ұрпақ кәдесіне жарамай қалды ғой. Шүкір біз ондай апаттан аман екенбіз. Кітаптарымның ішінде «мынаны неге жаздым?» деп өкінетіні, бетке шіркеу болатыны жоқ екен. «Бостандық пақырларға тілегенмін» деп Пушкин айтқандай, бәрі де халықпен мұңдас, азаттықпен сырлас дүниелер. /1/
Қазақ прозасындағы талантты жазушылардың бірі Қ. Жұмаділов шығармашылығы жекелеген әдеби-сын мақалаларда сөз етіледі. Жазушының тырнақалды прозалық кітабынан сезімге ден қою, өмір құбылыстарына байыпты қарайтын ерекшелігіне, әлеуметтік мәні үлкен тақырыптарға қалам тербеу ерекшелігі, өзіндік шеберлік қырлары туралы байыпты пайымдаулар жасалды. Бұл бағытта Р. Нұрғали, С. Қирабаев, Ш. Елеукенов, Р. Бердібаев, Б. Уахатов, Ж. Ысмағұлов, Н. Ақышев, Т. Сыдықов зерттеулерін атап өткен орынды.
Қ. Жұмаділовтің романдары жайында қамтылатындықтан біз, өмірі мен шығармашылығының зерттелу жайында тоқталғанда жазушының әңгіме, повестері жайындағы сын пікірлерді қамтуды мақсат еттік.
Қ. Жұмаділов әңгіме-повестерінің сюжетінде күнделікті тірлікте болып жататын, бірақ кез келген адамның қарауылына іліге бермейтін анық тұрмыстық оқиғаларды көреміз. Мысалы, зейнетке шыққан Әбдірасылдың ( «Қоңыр күз» ) үй іші тірлігін суреттеудің өзіндік ерекшелігі бар. «Меніңше Қабдеш сырт көзге шағын көрінетін өмірлік детальдардың астарын ақтарып, соның адам психологиясына беретін әсерін іздейтін сияқты. Жазушы стилінің бұл ерекшелігі оның «Саржайлау» повесіне де тән сипат. /2/
«Саржайлау» повесі жайында біршама пікірлер айтылған. Бұл повесть жайында тартысты пікірлер туындаған.
Повестегі басты оқиға, шығарманың негізгі сюжеттік желісі - совхоз шаруашылығын мамандандыру мәселесі. Негізгі тартыс та осы айналада. Дәнеш совхоздың табиғи жағдайын, ішкі мүмкіндіктерін зерттей келіп, жеткілікті өнім бермейтіні азғантай егіншіліктен бас тартып, бірыңғай қой шаруашылығына көшуді ұсынады.
Кезінде бұл повесть жайында өте елеулі проблема деген пікірлер болды, сонымен қатар «Қазақ әдебиеті» газетінде С. Қирабаев «Саржайлау» повесі бүгінгі прозамыздың елеулі табысы екенін атап көрсетті.
Бұл повесте ауыл шаруашылығы өркендеу жолындағы ескі ұғым мен жаңашыл идея тартысы сөз болады. Жердің құнарына қарамай барлық совхозды бірдей егін егуге зорлаған идеяға қарсы жаңа пікір бой көтеріп, жері қуаң ауылдарды таза мал шаруашылығына мамандандыруды ұсынады. Ал, ауыл басшысы жоғарыдан алған нұсқауды орындаудан аса алмайды. Ауылдың колхоз, совхозға бүгінгі нұсқаумен өмір сүрген кезіндегі мұндай тартыстың бүгінгі күні өткені де байқалады.
«Саржайлаудың» екінші бөлімі - «Адамның кейбір кездері», «Момын», «Қоңыр күз», «Еменнің иір бұтағы», «Шарайна» деген бес әңгімеден тұрады. Бұлары да ауыл өмірінің өзінен ойып алғандай шыншылдығымен, нақтылы сурет бойуымен қызықты. Мысалы, «Момын» әңгімесіндегі ешкімге тіс жарып ештеңе айтпағанымен мешел бала секілді, көрген-білгенін іштей тоқып жүретін Қозыбайдың ойы мұз астындағы ағыс тәрізді болса, «Қоңыр күздегі» зейнеткер Әбдірасыл аттап басқан сайын жаңалық ашады. Ол өмірдің күнделікті қам-харекеті, жақсылық үшін, ізгілік үшін күрес пенсияға шыққаннан кейін де тоқталмайтынына көзі жетеді. Әбдірасыл өз әмірінің шұғылалы шыңына енді ғана көтерілгендей өзін парасатты, ақылды сезінеді. Ал «Шарайна» әңгімесінде жазушылық жолдың қиын да қызықты сапары, жаныңды жегідей жеген оның азап, ауыртпалығы сөз болады. Алайда таланттан да, ар-ұяттан да жұрдай пысықай жас әдебиетшінің өрескел қылығы мен өлермендегі жақсы көрсетілген. Оның сыздана отырған отырысы да, кеуде қағып сөйлеген сөзі де өз суретін дәл тапқан. Ал талантты жазушы өз алдына бір әлем жасау үшін үнемі іздену үстінде жүреді. Оны өз көршілерінен бастап, алтын тіс шойқара бейнесі де, орташа мекеменің, орташа басшысы да, саудагер кейпі де қызықтырады. Адамдардың қимыл-әрекетін, мінез-құлқын, түр-сипатын айнытпай түсіріп алатын Жарқынның сондағы шарайнасы - көкірек көзі, жан, жүйке сезімі, жүрегі. Жарқынға осы өмірдің өзі бір кітап сияқты да, адамдар сол кітаптың жағымды-жағымсыз кейіпкерлері тәрізді көрінеді.
Қысқасы, Қ. Жұмаділовтің бұл әңгімелерінің оқиғасы ширақ та қызықты.
«Қарауыл» атты повестің жазылуы жайында жазушының жазғандарынан мысал келтірсек. Повестің идеясын ойда жоқта өмірдің өзі тудырғаны жайында жазушы мемуарлық романында баяндап өткен. Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы қалашығындағы үш кезекте жұмыс істейтін, мыңдаған жұмыскері бар шұға фабрикасын айнала дуалмен қоршап тастаған. Сол қоршау жыл сайын биіктеп, кейін бетон қабырға тұрғызылады. Кейін тікенекті сым тартылғанын көріп жазушы, осы көрініс жалғыз осы фабрика ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына тән сияқты әсерде болған.
- Ар-ұят кеміп, адам санасы аласарған сайын, қоршау дуалдар биіктей бермек! деген жазушының бір ауыз сөзі болашақ повеске арқау болған.
«Жазуға ниет ауған соң арнайы барып, барлық цехтарын аралап шықтым. Фабрика басшылары қайдан білсін, еңбек озаттары мен ардагерлерін көрсетіп әуреге түсіп жүр. Бірақ, маған керегі - озаттар емес, мүлде басқа адам, қақпаның алдында тұратын күзетші. Оқиғаның негізгі орны да сол қарауыл үйшігі болмақ. Кімдер өтпейді күзетшінің алдынан? Жүздеген жұмысшы күн сайын осындағы тар есіктен өтеді. Ұры да, қары да, бәрі де . . . Қас қақпай қарап тұрғанның өзінде, есік пен тесіктен, қоршаудың қағаберіс тұстарынан халық қазынасы тоналып жатады . . . Жалпы, «Қарауыл» деген сөздің астарлы мәні бар. Ең сенімді қарауыл - әр адамның көкірегінде, ар-иманында. Ол қалғып кетсе, қақпадағы жалғыз қарауыл ештеңе де бітіре алмайды. Мен жасаған образдар галереясына күзетші Айдархан бейнесі осылай келіп қосылды.
Повесть әңгімелерінің бәрі де осы заман тақырыбына арналған. Шығармалардан «енді бұлай өмір сүруге болмайды» деген жан айқайын аңғаруға болады. Жазушы тілімен айтсақ, «кейіпкерлері заманға наразы, өз ортасымен сыйыспай жүрген кілең бұнтар адамдар».
«Тағдыр» романы жайында ой өрбіткен белгілі ғалым Р. Бердібаев Қ. Жұмаділов шығармашылығы жайында: Қ. Жұмаділов өзіндік жазу кестесі мен мәнері қалыптасқан қаламгеріміз. Ол көбінесе өмір ағынының ішкі тетіктерін талдауға бара бермей, істердің нәтижесін болжап беруге шебер. Әрбір суреткердің өз оңтайына келетін ырғағы мен көркемдік тәсілдері болады десек, Қабдеш өзіндік жолын тапқан, осынысымен де қызғылықты суреткер. /3-320/
1. 2 Қ. Жұмаділовтің шығармашылығындағы көркемдік әлем
Роман жанрының туған әдебиетіміздің табалдырығын аттауының өзі бір хикая. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамалынан» (1910) бастап, С. Көбеевтің «Қалың мал» (1912), С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» (1914), Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романдары ауыз әдебиетінен мол сусындаған.
Роман жанрының қыр-сырлары көп. 20-30 жылдардағы қазақ романдарын қарастырсақ, Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» (1926), «Ақбілек» (1927, 1928), С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым» (1937), С. Мұқановтың «Жұмбақ жалау» (1938) бас қаһармандардың жаратылыс бітімінде, бүкіл болмысында революцияшыл романтикаға бөленген қайрат-жігер, өршіл рух өседі. Келе-келе әдебиет жасандылыққа бой бере бастады. Социалистік реализм құрығы әдебиет мойнына түсті.
Социалистік реализм әдісі. Кеңестік бұлдыр мұраттарға қызмет етті, сондықтан көп шығарма шындықтан көз жазды.
Өмірге жаңа көзқараспен қарау талпынысы қазақ әдебиетінде де бетбұрыс дәуірінен әлдеқайда бұрын басталды. Осы саладағы М. Әуезов бастамасын орта буын жазушылар қостады.
Қазақтың қайта құрылыс рухына бейім романы айқайлай, мен мұндалап, төсін соғып келген жоқ. Мұртынан ғана күліп, тоқыраудың төбе тазын жасырған қоқырайма қалпағын оқыстан ұйытқыған жел боп ұшырып жібергенді. /4-336/
Алпысыншы, жетпіс, сексенінші жылдары қазақ әдебиетінде роман жанры зор қарқынмен өсті. Оның себебін тарихтан іздесек, Кеңестік өкімет тарапынан бақылаудың иі аз да болса жібіген еді.
1960-1970 жылдардағы әдебиеттің даму ерекшеліктеріне көз жіберген ғалымдар, социалистік реализм әдісінің шығармашылыққа кедергі келтіргенін дәйек етеді.
1960-1970 жылдары роман жанры зор қуатпен өсіп, сан жағынан да, сапа жағынан да өсті. Олардың арасында оқырманның назарын аударған, қазақ әдебиетінде роман жанрының көркемдік қуатын байытқан, бағыт-бағдарын танытқандары да мол болды. 1976 жылы 12 роман жарық көрсе, 1979 жылы дәл осы мөлшерде роман басылып шыққан. Осы жылдардағы романдарды тақырыптарға бөліп қарар болсақ, тарихи және тарихи-революциялық тақырыпқа көп жазылды.
Ғалым М. Көпбаева тарихи-әдеби даму тенденцияларына шолу жасай отырып, 70-80 жылдардағы романдардың тақырыптық жүйесін қарастырады. /5/
Жазушылардың дені өздері өмірбаяндарын, қайраткерлік, өнерпаздық, күрескерлік хикаясын білетін және зерттеген, ұлт тарихында зор орны бар, адамға өнеге алар қасиеттері мол ақын-жазушылар, өнер туралы кесек туындылар берді. Олар: Ә. Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі», Д. Әбілевтің «Ақын арманы» трилогиясы, С. Жүнісовтің «Ақан сері», Ж. Молдағалиевтің «Алғашқы қоңырау», З. Ақышевтің «Жаяу Мұса» романдары.
Тарихи тақырыпта: «Қан мен тер» (3 кітап), «Ақан сері» диологиясы, «Аңыздың ақыры», «Қилы заман», «Ақын арманы», «Ағайынды Жүнісовтер», «Жаяу Мұса», «Алмас қылыш», «Жанталас», «Жаушы», «Елім-ай», «Жібек жолы», «Қызыл жебе» романдары дүниеге келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz