Acom компьютерлік дүкенінінің ақпараттық жүйесін құру


Диплом жұмысы

Acom компьютерлік дүкенінінің ақпараттық жүйесін құру

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде автоматтандырылған жүйелер саласындағы жобаларды басқару әдістері мен шеберлігін меңгерген жоба жетекшілері мен мамандар өте аз, сондықтан да оларға сұраныс көбеюде. Компаниялар үшін программалар мен жобалардың маңызы зор. Компаниялар программалар мен жобалардың көмегімен кірісін көбейтуі, тиімділігін арттыруы, ұсталатын шығындарды азайтуы, бизнес жоспарды оңтайландыруы мүмкін.

Соңғы кездері бизнестің барлық саласында жоба даму мен жетілдірудің құралы бола бастады. Жобалар мен программалар арқасында жаңа өнімдер, жаңа технологиялық үдерістер пайда бола бастады.

Күрделі жеке қызмет көрсетулер де жобамен бөліп көрсетіледі. Алдыңғы ғасырдың аяғында күрделі жобалар қатарына ақпараттық жүйелерді құру мен оларды ендіру қосылды. Программалық өнімді құрудың жобаларының менеджментінде менеджменттің барлық түрлеріне тән жалпы аспектілер бар. Сонымен қатар, программалық өнімді құру үдерісіне тән арнайы ерекшеліктері де бар. Бұл оқу құралында программалық жабдықтау мен программалық өнімді құру менеджментінің негізгі түсініктері қарастырылған.

Ақпараттық жүйелерді ендіру күрделі есеп болып табылады. Ақпараттық жүйелерді құру мен ендіру мультижобаға жатады, оған бірнеше жеке жобалар кіреді. Жеке жобаларға жаңа программалық өнімді құру, қызметкерлерді оқыту және т. с. с жатады.

Ақпараттық жүйелерді құру мен ендірудің жобаларын басқару күрделі есеп болып табылады, оны жобаларды басқарудың заманауи әдістемелерін қолданып шешуге болады.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.

Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.

Көптеген кәсіпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты кез келген мүлік секілді сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап ететін бағалы ресурс ретінде қарастырады. Өндірістік және шаруашылық қызметті басқаруға қажетті ақпарат алу мақсатында кәсіпорын өзінің ақпараттық жүйесін құрады. Ақпараттық жүйе - бұл экономикалық объектті басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және оны сыртқа шығару жүйесі.

Шағын кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің қазіргі нарығы өте үлкен қарқынмен дамуда. Оның даму тенденциясын келесідей факторлар арқылы айқындауға болады:

  • біріншісі Қазақстан Республикасының экономикалық басқару құрылымдарын қайта құрумен және қайта ұйымдастырумен, яғни көптеген шағын кәсіпорындардың, фирмалардың және әр түрлі мүлік нысанындағы банктердің пайда болуымен байланысты;
  • екіншісі - бұл қарқынды түрде дербес компьютерлер мен программалық өнімдердің сырттан әкелінуі;
  • үшіншісі - бұл телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы техникалық және программалық-ақпараттық платформалардың енгізілуіне негізделген жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы.

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Дипломдық жұмыстың тақырыбы шағын кәсіпорын үшін ақпараттық жүйе құрумен байланысты. Бұл жобаның өзектілігі компьютерлік дүкен үшін маңыздылығы бар ақпараттық жүйенің құрылуында, себебі ол менеджердің жұмысын автоматтандыруға, яғни жұмыс көлемін едәуір азайтуға және жылдамдатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар құжат айналымы көлемін азайтады және еңбекөнімділігін жоғарылатуға көмектеседі.

Зерттеу жұмысында қарастырылатын негізгі мәселелелер :

  • техникалық тапсырма жасау, кіріс және шығыс деректер құрылымын анықтау;
  • ақпараттық жүйені жобалау кезеңін ұйымдастыру;
  • ақпараттық жүйенің деректер қорын құру;
  • «Компьютерлік дүкен» ақпараттық жүйесін сынау және сүйемелдеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты шағын кәсіпорын үшін ақпараттық жүйе, жеке жағдайда Acom компьютерлік дүкенінінің ақпараттық жүйесін құру болып табылады.

Зерттеу нысаны болып Acom компьютерлік дүкені алынды.

Зерттеу пәні компьютерлік дүкендегі тауарларды есепке алу үдерісі болып табылады.

Зерттеудің болжамы. Компьютерлік дүкендегі тауарларды деректер қорына тіркеуге мүмкіндік береді және қажет жағдайда қоданушы өзіне қажетті деректі іздеу батырмасы арқылы ала алады.

Зерттеудің міндеттері. Есепке алу мен бақылауға мүмкіндік беретін қосымшаны құру дипломдық жұмыстың міндеті болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін ақпараттық жүйені құру мәселеге байланысты шетелдік және отандық авторлардың ғылыми еңбектері, техникалық тапсырманың нұсқаулығы, ғылыми конференциялар маетриалдары, стандарттар, Интернет жүйесінен алынған материалдар құрайды.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстарының теориялық және практикалық тұрғыдан жүзеге асыруда технологиялық әдістер қолданылады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Acom компьютерлік дүкенінінің ақпараттық жүйесін құрып және оны компанияға ендіру болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы Acom компьютерлік дүкенінінің ақпараттық жүйесін құру және оның әдістемелік негізін қалау болып табылады.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде шағын кәсіпорынды ақпараттық жүйемен қамтамасыздандырудың теориялық негіздері қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде Delphi программалау ортасында шағын кәсіпорынның ақпараттық жүйесін құру технологиялары қарастырылады.

І бөлім. Шағын кәсіпорынды ақпараттық жүйемен қамтамасыздандырудың теориялық негіздері

1. 1 Қазіргі кезді шағын кәсіпорындарды дамыту

Шағын кәсіпорын кәсіпкерліктің бір бөлігі болып табылады, бұдан шағын кәсіпкерлік шағын кәсіпорындардың жиынтығын құрайтын экономиканың ерекше секторы немесе нарықтық қатынастар жағдайында өндірістің ерекше қоғамдық формасы екендігі анықталды. Демек, шағын өндіріс- ол өндірістің ұйымдастыру-техникалық жағын сипаттаса, шағын кәсіпкерлік оның әлеуметтік-экономикалық (өндірістік қатынастар) жағын сипаттайды және осы жағынан жоғарыда аталған бизнес түсінігі мен сәйкес келеді.

Шағын және орта кәсіпорын халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі [1] .

Шағын фирмалардың ірі фирмалар мен салыстырғанда экономикалық тимділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің (тұтынушылардың) сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.

Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды.

Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін.

Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы ұлықсат (лицензия) керек етеді.

Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі бар: өндірген тауарын, салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады. Шаруашылық іс-әрекетіндегі басты жағдай - жоспарлау.
Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде (бизнес-жоспар) тауар алушылармен және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтар туралы шарттар болуы керек.
Шағын кәсіпорын өзінің өндірген тауарларына, көрсеткен қызметтеріне бағаны тағайындайды немесе шарт бойынша келісілген бағамен сатады [2] .

Шағын кәсіпорындар ғылыми - техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай - ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік этаптандырылуын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет береді. Шағын бизнес нарыққа консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады [3] .

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық даму механизмін және кәсіпкерлік құрылымдарын іске қосудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсаты бір жағынан, тұтастай экономиканы көтеру үшін республика мен аймақтарда кәсіпкерлер тарапынан ынталылық, жаңалық енгізу, және екінші жағынан, жекелей кәсіпкерліктің аясында белсенділік жағдайларын арттыруға бейімделуі тиіс.

Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша әрекетті қолдау және шағын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасау ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздықты қысқартуды қамтамасыз етудегі басымдықтардың бірі. Ұсақ шаруашылық бірліктерін ұйымдастыру қазіргі жағдайда тұралап бара жатқан ауылдарды біртіндеп жандандыруда алғышарттар болып табылады. Осындай ауылдық жерлерде шағын кәсіпорындарды құру және олардың жергілікті халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуі, жергілікті шикізат пен материалдарға бағытталуы сол ауылдардың экономикалық және әлеуметтік жағынан қайта жаңғыруына ықпалын тигізген болар еді.

1. 2 Шағын кәсіпорынның ақпараттық жүйесі және оны жобалау

Ақпараттық жүйелер (ағылш. Information systems; қысқаша: IS) - деректерді тарату, құру, өңдеу, фильтрлеу, жинауға адамдар мен компанияларға қажетті техникалық құрал-жабдықтар мен программалық жабдықтау. Қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны, пайдаланушылардың сұрауы бойынша ақпаратты сақтауға, іздестіруге және беруге арналған жүйе; деректер базасы мәтінінің мағыналық бөлігіңде - деректерді сақтау және олармен амал-әрекет жасауға арналған белгілі бір жүйенің формальды толықтығын құрайтын тұжырымды схема, ақпараттық база және ақпараттық процессор.

Ақпараттық жүйені құрудың негізгі мақсатына сәйкес ақпараттық жүйенің мәселелері:

  • жұмыстың жеделдігін және қызметкерлердің еңбегінің өнімділігін қамтамасыз ету;
  • берілетін деректердің шынайы және нақты болуы;
  • тапсырушының сұранысы бойынша деректерді алу жеделдігін қамтамасыз ету;
  • берілетін ақпараттың сенімділігі мен қорғалуы бойынша талаптар кешенін орындау.

Ақпараттық жүйе күрделі жүйе болып табылады. Ол ақпараттық жүйе жобасынан және ақпаратты- есептеу жүйесінен тұрады. Ақпараттық жүйе жобасы Ақпараттық жүйені құру мен жұмыс істетудің барлық мәселелері қарастырылған техникалық құжат. Ақпаратты-есептеу жүйесі - бұл ақпараттық жүйе жобасын жұмыс істетуге арналған техникалық кешен.

Ақпараттық жүйенің құрылымы- бұл ақпараттық жүйенің элементтері мен ішкі жүйелерінің өзара байланыстарының ішкі кеңістіктегі уақытша тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында, сол ішкі жүйелердің функционалдық міндетінің анықтала түсуі және олардың сыртқы ортамен байланысы.

Ақпараттық жүйелер құрылымы бойынша функционалды және жабдықтаушы бөлімнен тұрады [4] :

Сурет 1. Ақпараттық жүйе құрылымы

Ақпараттық жүйенің функционалды бөлімі-бұл басқарудың мағыналы бөлігінен тұратын ішкі жүйелер жиынтығы.

Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі-бұл жүйені жұмыс істетуге қажетті шарттардың жиынтығы.

Техникалық жабдықтау-бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы.

Сурет 2. Техникалық жабдықтау құрылымы

Ақпаратты дайындау, жинау және тіркеу құралдары алғашқы ақпараттарды ақпараттық тасығыштарға бекітуге арналған.

Ақпаратты өңдеу құралдары алғашқы мәліметтерді түрлендіру қызметін атқарады. Ақпаратты беру құралдары машиналық тасығыштарға жазу үшін қолданылады. Ақпаратты тапсыру құралдары ақпараттарды серверлерге немесе оларды қолданатын орындарға жеткізуге арналған. Ұйымдастыру техника құралдарына ақпаратты қорғау, бейнелеу құралдары кіреді.

Техникалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • ақпараттық есептерді максималды автоматтандыру;
  • мәліметтерді іздеу, жылдам енгізу және жоғары өнімділікті қамтамасыз ету;
  • функционалды сенімді болу;
  • сұхбаттық режимде ақпаратты өндіру;
  • программамен қамтамасыз етуді, өңдеуді және техникамен қызмет көрсетуді жеңілдететін техника құралдарымен қамтамасыз ету.

Математикалық жабдықтау- ақпаратты өңдеудің алгоритмінің үлгісі және математикалық әдістердің жиынтығы.

Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі нақты есептерді шығару үшін арналған. Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесінің негізгі талаптарына келесілер жатады:

  • математикалық әдістер мен алгоритмдерді қолдану;
  • шешімнің тұтастылығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету;
  • программалау тілінде есеп шешімінің алгоритмдерін бейнелеуге максималды қолдану мүмкіндігі;
  • есептердің функционалды өзара байланысын қамтамасыз ету.

Программалық жабдықтау деп техникалық жабдықтау жабдығын жұмыс істетуді жабдықтайтын, ақпараттық жүйенің қызметін жүзеге асыратын программаның бірігуі, ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты «жұмыс істейтін» пішіні болады.

Программалық жабдықтау келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

  • программалық жабдықтаудың ең маңызды талаптары болып табылатын сенімділікті, әрбір ақпаратты максималды қорғау мүмкіндігі;
  • қолайлылықты, яғни программалық жабдықтау компьютерлік программалармен жұмыс істей алатын пайдаланушыларға есептелуі тиіс;
  • жеңіл меңгерілуі, яғни жұмыс жасауға қолайлы болуы тиіс.

Сурет 3. Программалық жабдықтау құрылымы

Жалпы программалық жабдықтау- бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің «және-немесе» шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі.

Арнайы программалық жабдықтау- нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалық жабдықтау.

Ақпараттық жабдықтау - бұл ақпараттық жүйелерде қолданылатын ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттарының және ақпараттық массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қорына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығыс ақпараттарды беру жатады.

Ақпараттық жүйені жүзеге асыру үшін құрамын, құрылымын және ақпараттық жабдықтауды ұйымдастыру қағидасы келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

  • мәліметтердің қарама-қарсылығының болмауы;
  • ақпаратты тіркеу және қайтадан жинаудың болмауы;
  • ақпараттың түсуінің жеткіліктілігі;
  • кіріс ақпаратының нақтылығы және ыңғайлылығы;
  • қайталанған сақталған мәліметтердің азаюы;
  • мәліметтерді өңдеуге кететін уақыттың азаюы;
  • мәліметтер қорының ұлғаю мүмкіндігі;
  • басқару деңгейінде шешім қабылдауға қажетті ақпараттың жеткіліктілігі;
  • ақпаратты сақтау сенімділігі;

Сурет 4. Ақпараттық жабдықтау құрылымы

Нормативті-анықтамалық құжаттар келесі талаптарға жауапты болуы тиіс:

  • барлық бөлімдерге мәліметтердің бір мағыналығының көрсетілуі;
  • нормативті-анықтамалық ақпараттардың шынайылығы және толықтығы.

Нормативті-анықтамалық құжаттарға толтыру, енгізу, түзетулер (корректировка) жүргізуге болады.

Жедел ақпарат қазіргі уақыттағы объектілер күйін көрсетеді, яғни өңделмеген ақпарат, ол келесіге жауапты болуы тиіс:

  • ақпараттардың толықтығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету;
  • құжаттар жүйесінің даму мүмкіндігі;
  • құжаттардың ақпаратпен сыйымдылығын қамтамасыз ету;
  • ақпараттың қайталанбауы.

Құқықтық жабдықтау-ақпараттық жүйелерді құқықтық жағынан қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы.

Лингвистикалық жабдықтау- ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін қолданылатын тілдік құралдардың, тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.

Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз ақпараттық жүйелерді құру (жобалау) мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістері мен жабдықтардың жиынтығы.

Ақпараттық жүйелерді әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады. Ақпараттық жүйелер төмендегі белгілер бойынша:

  • басқару процесстерінің түрлері
  • ақпараттық процесстерді автоматтандыру дәрежесі
  • есептеу ресурстарын бөлу тәсілі
  • функционалды белгісі.

Басқару процесстерінің түрлері бойынша ақпараттық жүйелер бөлінеді:

  1. Технологиялық процесстерді басқарудың ақпараттық жүйелері әр түрлі технологиялық процесстерді автоматтандыруға арналған. Ол иерархиялы жүйе түрінде беріледі.
  2. Ұйымды басқарудың ақпараттық жүйелері басқарушы органның функциясын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің негізгі функциясына бақылау, реттеу, есепке алу, жоспарлау, талдау және де басқа экономикалық есептер жатады.
  3. Интегрирленген ақпараттық жүйелер ғылыми зерттеу және жобалау жұмыстарын автоматтандыру үшін арналған және экономикалық объектіні функцияландырудың барлық циклін қамтиды.
  4. Корпоративті ақпараттық жүйелер корпорацияны басқарудың барлық функцияларын автоматтандыруға арналған.
  5. Оқытудың ақпараттық жүйелері білім саласында мамандарды дайындау үшін және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату үшін қолданылады.

Ақпараттық процесстерді автоматтандыру дәрежесі бойынша ақпараттық жүйелер бөлінеді:

  • қолмен атқарылатын ақпараттық жүйелер барлық операциялардың алдын-ала жасалған әдістеме көмегімен орындалуымен және ақпаратты өңдеу жабдықтарының жоқ болуымен сипатталады.
  • автоматтандырылған ақпараттық жүйелер басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беруді қамтамасыз ететін жүйе.
  • автоматты ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеудің барлық функцияларын адамның көмегінсіз автоматты түрде орындайды, тек бақылау функциясын ғана адам бақылайды.

Есептеу ресурстарын бөлу тәсілі бойынша ақпараттық жүйелер екіге бөлінеді: жергілікті, бөлінген. Жергілікті жүйеде тек бір электронды есептеу машиналары қолданылады, ал бөлінген жүйеде желімен байланысқан бірнеше компьютерлер қолданылады. Бөлінген жүйеде қолданушылар бір мәліметтер қорын қолданады [5] .

Функционалды белгісі бойынша ақпараттық жүйелер бөлінеді: мәліметтреді өңдеу жүйесі, ақпаратты іздеу жүйесі, басқарудың автоматтандырылған жүйесі.

Мәліметтерді өңдеу жүйесі ақпараттарды жинайды, өңдейді, түрлендіреді және сақтайды. Мәліметтерді өңдеу жүйесі жалақыны есептеу, статистикалық есептерді шешу, оңтайландыру әдістерінің математикалық есептерін шешу функцияларын орындайды.

Ақпаратты іздеу жүйесі шешім қабылдаушы тұлғаға ақпаратты беруге және оны сақтауға арналған.

Басқарудың автоматтандырылған жүйесі басқару шешімдерін мамандармен бірге қабылдауға арналған жүйе. Бұл жүйеге сараптау жүйесі жатады.

Басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін ақпарат жүйесінің айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады:

  • ақпараттың негізгі құрлымдық өлшем бірлігін негізгі көрсеткіштер мен құжаттарды өңдеуге бағытталуы;
  • Деректерді үлгілік (модульдік) өңдеу мен есеп айырысу-есептеу кезеңінің байланыстылығы;
  • уақытқа қарай есептер мен оның шешімдерін қажетті Деректермен жабдықтау;
  • уақытша іс тәжірбиелермен әлемдік-ұйымдастыру құрлымдарына басқарылатын жүйені қатар тізу қажеттілігі.

Қазіргі уақытта әртүрлі мақсатта қолданылатын ақпараттық жүйенің көптеген саны қызмет етеді. Олардың бір-бірінен өзгешелігі келесі белгілермен түрленеді:

  • басқару объектісінің сипаттамасымен;
  • ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеудің жинақталған тәжірибесімен;
  • басқару және басқарушы жүйелерінің құрылымымен;
  • деректерді жинауда, өткізіп беруде және өңдеуде қолданылатын жабдықтармен;
  • ақпараттық жүйенінің басқару объектісінің жетекшілік тұрғысымен және т. б.

Ақпараттық жүйелердің негізгі функцияларына ақпараттық ресурстарды жинау, тіркеу, сақтау, өңдеу функциялары, сонымен қатар қолданушылардың сұраныстарын қанағаттандыру функциялары жатады.

Жинау және тіркеу функциялары пәндік сала туралы ақпаратты алуды қамтамасыз етеді. Функцияны іске асыру ақпарат көзінен тәуелді. Ақпарат көзі ретінде электронды және қағаз түріндегі тасығыштарды алуға болады. Осы функциялар ақпараттарды бақылауды, сығуды, конвертация жасауды қамтамасыз ету қажеттілігі байланысты. Ақпаратты бақылауды қамтамасыз ету - бұл бірнеше ақпарат көзін қолданғанда деректерді ақпараттық жүйеге жүктеуді дайындау және деректерді өңдеу стадиясы.

Өңдеу стадиясына деректерді сүзгіден өткізу процедурасы, верификация, ақпараттың сапасын жақсарту процедуралары жатады. Сүзгіден өткізу нәтижесінде ақпарат қорынан қажетті ақпаратты таңдау жүргізіледі. Верификация ақпараттың сенімділігін және толықтылығын қамтамасыз етеді. Конвертация жасау ақпараттық жүйедегі бір форматтағы деректерді басқа форматтағы еректерге түрлендіру.

Ақпараттық жүйені жүзеге асыру үшін құрамын, құрылымын және ақпараттық жабдықтауды ұйымдастыру қағидасы келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1С:Предприятие платформалық жүйесі арқылы Baumarkt құрылыс дүкенінің деректер қорын құру
Турбидиметрия - өткен жарықтың қарқындылығын өлшеуге негізделген әдіс
Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Жекелеме пәндерді оқытудағы ақпараттық технологиялар
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Автоматтандырылған оқыту жүйесі
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Орта мектептегі жаратылыстану пәндерін оқытудағы мултимедиялық кабинет мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz