Түйсік және оның негіздері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Түйсік туралы жалпы ұғым және оның негіздері . . . 5
1. 1 Түйсіктің физиологиялық негізі және түрлері . . . 5
1. 2 Түйсіктердің дамуы және қасиеттері . . . 16
Қорытынды . . . 29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 31
Кіріспе
Зерттеу көкейкестілігі. Білімді маман, зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шаруашылығының түтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуынын жауапкершілігін мойнына алуға үмтылған әрбір жас жеткіншек үшін психология пәнін оқып үйрену өте қажет. Онсыз сан-қырлы жеке адамның ішкі сырын, табиғаттың мінезіндегі ерекше қасиеттерін, психологияның ерекшелігін ажырата білу мүмкін емес.
Сондықтан да психологияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі психологиядағы психологиялық әрекеттің бірі түйсік ұғымын қарастыру ең елеулі тақырып болып отыр.
Дүниені танып білуге адам ең алдымен сыртқы сезім мүшелері арқылы айналасындағы заттар мен құбылыстарды тікелей, нақтылы түрде сезіп отыруы қажет. Дүниені тереңдеп танып, дұрыс сәулелендіру үшін жасырын сезімдердің болуы жеткіліксіз, ол солардың ең алдымен түйсікті. яғни қабылдаған материалдарын ақыл-ой елегінен өткізуі қажет. Ал түйсік деп отырғанымыз ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардын сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтежиесінде олардың жеке касиеттерінін сәулеленуін айтамыз. Түйсікті біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік арқылы ғана адам әсер етуші заттың не құбылыстың бар қасиеттерің сезе алады. Түйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солардың арқасында адамның даму мүмкіндігі ашылады.
Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Адамның психологиялық әрекеттерінде түйсіктің мәні зор. Түйсік шынында сананың сыртқы дүние мен екі арадағы тура байланысы, сыртқы әсердің күшінің сана фактісіне айналуы болып табылады.
Сондықтанда осы курстық жұмысты таңдауымыздың бірден-бір себебеін тақырыптың маңыздылығына негіздейміз.
Зерттеу объектісі - қоршаған орта мен өз тәнінің сигналдарын түйсік арқылы қарастыру.
Зерттеу пәні - түйсік туралы түсінік.
Зерттеу жұмыстың мақсаты - түйсінудің физиологиялық негіздері туралы жалпы түсінік бере отырып оның қыр-сырын айқындау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. түйсік ұғымынын түсінігің айқындау;
2. түйсіктің жалпы сипаттамасы мен заңдылықтарын ашып көрсету;
3. түйсіктің түрлері туралы жалпы сипаттама беру;
4. түйсіктердің дамуы қалай жүзеге асырылатынын айқындап беру;
Осы міндеттерді орындағанда ғана біз осы курсык жұмысымыздың тақырыбын ашып көрсете аламыз.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Түйсік туралы жалпы ұғым және оның негіздері
Түйсік - адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т. б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И. П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі - сезім мүшесі (рецептор), екіншісі - миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі - мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретіні интероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Ш. Құдайбердіұлы : “Тән сезіп, көзбен көрмек, мұрын - иіс, тіл - дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы-жаман әр істі сол тексермек. ” деп түйсік процесін сипаттайды.
Түйсік - материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.
Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:
- 1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;
- 2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;
- 3) дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;
- 4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде қолданылады.
Фрейдизм мектебі үшін түйсік негізгі термин. Фрейд алғашқы еңбектерінде түйсіктің екі класын көрсетті: эготүйсік немесе өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныстық немесе репродуктивті түйсік. З. Фрейд кейінгі еңбектерінде бұл терминді Танатос (өлім түйсігі) пен Эросқа (өмір түйсігі) дейін шектеді. Алайда бұл екі сұлбада да Фрейд түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мотивациялық күші екенін, бірақ мінез-құлықтың ерекше көрінуін анықтамағанын айқын көрсетті. Яғни түйсіктің 1), 2), 3) мағыналары ескерілмеді. Ағылшын-американ психологі У. Мак-Дугаллдың (1871-1938) гормикалық психологиясында түйсік ұғымы 1), 2) және 4) орталық теориялық тұжырымдама ретінде қолданылды. Барлық мінез-құлық мақсатты бағытталған және мотивацияланған түйсік деп қарастырылды. Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белгілейміз; сипай сезіну арқылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозғап көріп оның салмағын т. с. с. білеміз. Мұның бәрі - сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге түйсік хабарлайды. Түйсік материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсік біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Түйсік таным үрдістеріне жатады. Өйткені адам соның арқасында дүниені таныды. Түйсік басқа психикалық үрдістерге - қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Түйсіктің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі - талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мысалы, көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының қозуынан туатын түйсіктер (экстроцепторлар - сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл түйсіктер бізден сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. Бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипай сезу түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарының қозуынан туатын түйсіктер (интероцепторлер) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шөлдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс (немесе кинестетикалық) түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының рецепторлары (проприоцепторлар) бұлшық еттерде және сіңірлерде болады
1. 1 Түйсіктің физиологиялық негізі және оның түрлері
Түйсіктер адамға қоршаған орта мен өз тәнінің сигналдарын қабылдап, олардың қасиеттері мен белгілерін бейнелеуге мүмкіндік береді. Олар адамды төңіректегі дүниемен байланыстырып, негізгі таным көзі ретінде қызмет етеді, солардың арқасында адамның даму мүмкіндігі ашылады. Бірак аталған түжырымдардың айдан анықтығына қарамастан, философия тарихында олар бірнеше рет күмәндікпен сынға алынды. Идеалист философтар түйсікті біздің саналы өміріміздің емес, ол табиғаттан берілген, сыртқы әсерлерге тәуелсіз санамыздың ішкі қалпы, ақыл-ой қабілетіміз деп топшылаған. Рационализм философиясының негізіне алынған мұндай көзқарас мәні - психикалық процестер күрделі тарихи дамудың жемісі емес, сана мен ақылдың қоғамдық болмысқа қатысы жоқ, олардың бәрі адам рухының түсіндіріп болмас, тума берілген қасиеті. Идеалистік тұжырымдарды қолдаушы философтар мен психологтар түйсіктердің адамды сыртқы дүниемен байланыстыратыны жөнінде күмәнсіз ережені жокка шығарып, олардың адамды қоршаған дүниеден бөлектеп, екі араға ажыратқыш дуал болып түседі деген қисынға келмейтін пікірдің дүрыстығын дәлелдегісі келді. [1]
Бұл көзқарасты кезінде философ-идеалистер (Д. Беркли, Д. Юм, Э. Мах) ұсынып, ал оның негізінде психологтар (Мюллер, Г. Гельмгольц) «сезім мүшелерінің ерекше энергиясы» деген теорияны нақтылады. Бұл теорияның астарында сезім мүшелерінің әрқайсысы (көз, құлақ, тері, тіл) сыртқы дүние әсерлерін бейнелемейді, нақты шындық процестерден хабар бермейді, болғаны - сырттан өзіндік процестерді қоздырушы ықпалдард ғана кабылдайды деген пікір жатыр. Бұған идеалистердің келтіретін дәлелі: көзге кандай да әсер болса, жарқыл туындайды, құлақта механикалық не электрлі әсерден зың болатынын алға тартады. Осыдан, сезім мүшелері сыртқы әсерлерді бейнелемей, олардан тек қозу күшін алады, ал адам қоршаған дүниенің объектив әсерлеріне үшырамай, сезім мүшелерінің әрекетін оейнелейтін өзінің субъектив кейпін ғана тани алады дегендей қорытынды пайымдайды. Бұл сезім көзі - түйсік адамды қоршаған дүниемен байланыстырмай, олар арасын ажырата түседі деген сөз. Субъектив идеализм негізінде алынған бұл қорытынды адам тек өзін ғана тануға қабілетті, ол өзінен басқа болмыс барлығын дәлелдейтін ешқандай дерек көзіне ие емес деген керітартпа теорияға арқау болды.
Субъективті идеализм теориясы адамның сыртқы дүниені объективті бейнелеу мүмкіндігі жөніндегі ғылыми көзқараска тікелей карсы. Сезім мүшелерінің эволюциясын зерделі зерттеу нәтижесінде ұзакка созылған тарихи дамудың жемісі ретінде объектив болмыстағы материя козғалысының формаларын қабылдайтын органдардың, дыбыстык тербелістерге жауап катушы есту рецепторларының, сондай-ақ белгілі диапазондағы электромагниттік толқындарды бейнелеуші көру рецепторларының қалыптасқаны белгілі болып отыр. Организм эволюциясын зерттеу арқылы ғылым адам психикасы сезім органдарының өзіндік ерекше энергиясымен қатынас жасамай, әрқандай сыртқы энергияларды қабылдап, оған жауап беретін ерекше сезім мүшесімен байланысқа келетінін дәлелдеді. Ал, құлақ не көзді қандай да әсерден ызың не жарқылдың пайда болуы сол қабылдаушы аппараттың жоғарғы «мамандандырылғанын», сонымен бірге өздерінің жұмыс атқару сипатына тура келмеген әсерлерге жауап қатпайтынын көрсетеді.
Әртүрлі сезім органдары қызметінің жоғарғы дәрежеде жіктелуі, олардың негізінде ерекше құрылым - «рецепторлардың» болуынан ғана емес, сондай-ақ шеткі сезім органдары қабылдаған сигналдарды орталық жүйке аппаратына жеткізуші жоғары дәрежеде «маманданып», жетілген нейрондарға да байланысты [2] .
Сыртқы дүниенің түрлі жақтары адамның миына әсер етіп, онда түрлі психикалық функциялар ретінде сәулеленеді. Таным процесінде түйсік психикалық функциялардың ең бастапқы түрі. Психикалық функциялардың дамуы адамның өзінің тарихи нақтылы жағдайларда өсіп, дамуымен байланысты. Сондықтан оларды адамнан тыс абстрактылы түрде алмай, нақтылы тарихи қоғамдық тарихи жағдаймен байланыстыра алып қарау керек. Психикалық функциялар - адам санасының ақиқат дүниені сәулелендіруінің негізгі формалары. Сондықтан олардың мазмүны да сол дүниенің мазмүнымен байланысты. Басқаша айтқанда, функциялардың формалары сыртқы дүниені сәулелендірудегі сананың түрлі формалары болып табылады. Бірақ сана психикалық функциялардың жай ғана қосындысы емес, ол адамның еңбек арқылы айналасындағы дүниеге, басқа адамдарға және өзіне-өзінің қатысуы арқылы пайда болатын ең жоғарғы психикалық әрекет[3]
Сыртқы дүниедегі заттар мен қүбылыстар адамға әсер етіп, оның санасында бейнелерін, суреттерін қалдырып отырады. Адам дүниені, заттарды тануда ең алдымен, сыртқы сезім мүшелері арқылы айналасындағы заттар мен қүбылыстарды тікелей, нақтылы түрде сезіп отыруы керек. Түйсік деп ақиқат дүниедегі заттар мен қүбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде олардың жеке қасиеттерінің бейнеленуін айтады. Түйсікті біздің барлық біліміміздің бұлағы деп айтуға болады. Түйсік дегеніміз - қозғалушы материяның бейнесі. Түйсік болмаса, біз басқа жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы еш нәрсе біле алмаймыз. Түйсік қозғалуы материяның біздің сезім мүшелерімізге әсер етуінен туады. Адам ақиқат дүниені, ең алдымен, өзінің сезім мүшелері аркылы ғана түйсінеді. Заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер тигізбесе, түйсік те пайда болмайды. Түйсік арқылы адам әсер етуші заттың, я құбылыстың жеке қызметтерін, олардың қаттылығын не жүмсақтығын, тегістігін, бұдырлығын, ауыр не жеңілдігін, ыстық-суықтығын, иісін, дәмін, түсін, шығаратын дыбысын т. б. қасиеттерін сезеді. Заттардың мұндай жеке қасиеттерінен басқа түйсік арқылы адам өзінің дене мүшелерінің қимылын, аштығын не тоқтығын, ішкі дене мүшелерінің ауырғандығын, ішкі дене мүшелерінің ауырғанын т. б. осы сияқты әсерлерді де сезеді [4] .
Түйсік біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады. Түйсік шынында сананың сыртқы дүние мен екі арадағы тура байланысы, сыртқы әсердің күшінің сана фактісіне айналуы болып табылады. Айналамыздағы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, өздерінің суретін, бейнелерін қалдыратындықтан, біз ол дүниені мүмкіншілігінше дүрыс түйсінеміз. Бірақ адамның түйсігі еш уақытта жаңылмайды, қателеспейді деп айтуға болмайды. Сезім мүшелерінің қалыпты жағдайда болмауы, олардың ауруы, әсер етуші заттардың анық болмауы, олардың ауруы, әсер етуші заттардың анық болмауы, я олардың әсерінің нашар болуы және басқа толып жатқан себептер біздің түйсіктеріміздің әсер етуші заттар мен қүбылыстардың қасиеттеріне сэйкес келмеуінен тууы мүмкін. Жануарлар да түйсінеді. Бірақ адам мен жануарлардың түйсіктерінің арасында үлкен айырмашылық бар. Жануарлардың да психикалық әрекеттері сыртқы дүниенің түйсінулері болып табылады. Бірақ олардың дүниені түйсінулері айналасындағы қоршаумен тек биологиялық байланысын ғана көрсетеді. Сондықтан олардың түйсіктері, біріншіден, биологиялық қоршаудағы заттарды ғана түйсінеді, екіншіден, олардың сезім мүшелерінің сезгіштігі шектеулі болады. Адамның түйсігі оның сезім мүшелерінің тарихи дамуымен, адамның тарихи тэжірибесімен, еңбек арқылы айналасындағы дүниені өзгертіп отыруымен байланысты. Адамның сезім мүшелері табиғи заттарды ғана түйсінбей, сонымен бірге ол өз еңбегімен жасап шығарған заттарды да түйсінеді [5] .
Қоршаған орта мен өз тәніміз жөніндегі біліктердің негізгі көзі - біздің түйсіктеріміз. Олар қоршаған дүние мен ағза қалпы жөніндегі ақпараттардың миға жетіп, адамның төңіректегі дүние ортасы мен өз тәніне байланысты бағыт-бағдар түзуіне қажетті негізгі өзек, арнаны құрайды. Егер осы өзектер жабық болып, сезім мүшелері керекті акпараттарда, ешқандай саналы өмір жөнінде әңгіме ету мүмкін болмас еді. Деректерден белгілі болғандай, түрақты ақпарат көзінен айырылған адам мүлгіген кейіпке түседі. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иіс сезу кабілетінен айырылып немесе сана сезімі қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрініс береді. Бұл кейіпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейін төзіп болмас күйзеліске ұшырайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz