Ерік жайлы


Мазмұны
Кіріспе
I бөлім. Ерік туралы жалпы ұғым және оның негізгі қызметтері
1. 1 Ерік туралы жалпы ұғым
1. 2 Ерік үдерісінің негізгі қызметтері
II бөлім Ерік амалдарын, сапаларын талдау, дамуы және оны тәрбиелеу
2. 1 Ерік амалдарын талдау
2. 2 Ерік сапаларын талдау
2. 3 Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еріктің адам өмірінде маңыздылығы өте жоғары екені белгілі. Ерік арқылы баланың ойы мен есін қалыптастырады. Ерікділікті балада дамыту мен қалыптастыру өте жас кезінен қадағалануы қажет. Болашақ ұрпағымыздың саналы да ақылды, білімді де білікті болуы үшін Ерікділікті тәрбиелеуіміз қажет
Міндеті: мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалардың Еркін қалыптастыру, теориялық тарихи практикалық жағынан дәріптеп, таныта білу.
Мақсаты: Психикалық іс-әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін, адам ең алдымен өзінің ой-санасын істеп жатқан әрекетімен сол әрекет нысанына тоқта білуі қажет. Ең негізгісі, Ерікділікті балалардың бойында жас кезінен қалыптастыру.
Теориялық маңыздылығы: Ерікді дамыту және қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған тест тапсырмалары мен кестелер мектеп жасындағы балаларға теориялық жағыннан түсіндірілуі қажет.
Практикалық маңыздылығы: Ерікді дамыту және қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған тест тапсырмаларымен кестелер 5-10, 11 жастан ересектерге дейін қолданылып, олардың Ерікін анықтауға болады. Курстық жұмыс құрылысы мен құрылымы:
Ерік туралы түсінікті зерттеу;
Еріктің негізгі қызметтеріне анықтама беру;
Еріктің зандылықтарын зерттеу;
Еріктің ерекшеліктеріне шолу жасау;
Тәжірибелік бөлімде Ерікды ерекшеліктерін анықтау әдістемесін келтіру. Зерттеу объектісі Ерік сезімдері.
Ерік - адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе - мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның іс әрекеті екі түрлі. Оның бірі - еріксіз әрекеттер. Мәселен, жөтелу, көздің ашылып-жұмылуы, шашалу, түшкіру т. б. Мұндай әрекеттерде белгілі мақсат не ниет жоқ. Екінші - ерікті әрекеттер, қозғалыстар. Мысалы, жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу. Бұл - мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әрқилы кедергілер мен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда, адам алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен жеңуге ұмтылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл - адамның бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларының өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.
Әрбір жеке адамның ерікті іс-әрекеттерінің өзіндік сипаты бар. Бұл сипат қоғамдық маңызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз әрекеттерді соған бағындырып, өзінің жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік - адамның қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамның мінез-құлқы мен әрқилы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға бағытталады. Адам еркінің көрінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын-қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.
Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады. Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарының бойына күш-жігер, рух берді. Олар ерлік пен батылдықтың өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да - адам еркінің бір көрінісі. Психология ғылымының қазіргі таңдағы мақсат-міндеттеріне баса назар аударылып, осыған орай қазақ халқының тұрмыс-салтына, әдет-ғұрпына, жөн-жосық, жол жоралғысына, бүкіл тыныс-тіршілігіне қатысты жерлері (жеке тұлға, ойлау, сөйлеу, сезім, ерік-жігер, мінез, т. б. ) түгелдей дерлік қайта қаралып, жариялануда.
Соңғы жылдары ұлт психологиясының төңірегінде түрлі ғылыми жиындар мен мәслихаттар ұйымдастырылып, халқымыздың он төрт ғасырлық психологиялық ой-пікірінің тарихы жазылды. Бұл айтылғандар мектептегі оқу-тәрбие процесінің сан қилы мәселелерінің ғылыми жақтарын аша түсуге жәрдемін тигізіп отырғаны белгілі.
«Ерік» ─ орыс тіліндегі «воля» сөзінің дәл аудармасы. Төл тілімізде «ерік-жігер», «қажыр-қайрат» ұғымдарымен астарлас сөз. «Қайрат» сөзін Абай атамыз жиі қолданған. Ж. Аймауытов еңбектерінде «ерікті» «қайрат» ─ деп алған.
I бөлім. Ерік туралы жалпы ұғым және оның негізгі қызметтері
1. 1 Ерік туралы жалпы ұғым
Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) деп атайтындығы белгілі. Кез келген түрткі сан қилы қажеттермен тікелей не жанама түрде байланысып жатады.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив- оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс- амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл- қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл- қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу шашалу, түшкіру т. б ), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл- қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл- қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез- құлқын меңгере алу қабілеті.
«Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмейи амал етуге ұмтылу» (Ж. Аймауытов) . Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білуінен жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек. Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік т. б. ) жеңу керек болады. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сырт нәрселер кедергі жасаса (басқа адамдардың кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық, т. б. ), бұларды да жеңіп отыруымыз қажет.
Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Тек еңбек ету арқылы ғана адам өзінің әр түрлі амалдарын, қимылдарын көрсетіп, түрлі қажеттерін өтей алады. Адамның еріктік қимылдары оның өмір сүріп отырған ортасының, яғни сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуіне байланысты көрінеді. Адам бір түрлі жағдайда әр қилы, әр түрлі жағдайда бір қилы әрекет жасайтыны мәлім. Біз көп адамдардан «не тілесем, соны істеймін» деген сөзді жиі естиміз. Кейбір философия мен психология ғылымдарының өкілдері осындай жеке пікірлерге тас кенедей жабысып: «адам не істеймін десе де ерікті, өз қылғына өзі қожа» дейді. Барлық тіршілік ерікке байланысты, ал ерік ешбір себеп дегенді білмейді, ешбір материалдық жағдайлармен байланысы жоқ рухани өзінше пайда болған күш», - деп адамның барлық әрекеті, мұның ішінде еркі де, нақтылы айналасын қоршап тұрған дүниеге, жағдайларға байланысты болатындығына жете мән берілмейді.
Сөйтіп, ерік қимылдарын өзінен-өзі пайда болмайтын, керісінше, адамның өмір сүрген ортасына байланысты дамып отыратын, үй қызметі продуктісінің бірі болып, есептелінетін психикалық процесс деп түсінуіміз қажет.
Орыс ғалымдары И. М. Сеченов пен И. П. Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперементтік зерттеулер мен дәлелдеді. И. М. Сеченов: «Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек . . . ». «Адамның кез келген қимылдарының алғашқы себебі одан тыс болады» деп еріктің сыртқы ортадан тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын.
Еріктің физиологиялық механизмі де ми қабығының рефлекстік табиғатына жатады. Ерік процесінде жоғарыда айтылып өткен ерікті қозғалыстардың алатын орны ерекше. Ерікті қозғалыс дегеніміз мақсатқа бағытталатын қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Еріксіз қозғалыстарда тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады. Ерікті қозғалыстардың рефлекстік табиғатын И. М. Сеченовтен кейін зерттеген И. П. Павлов болды. И. П. Павлов және оның шәкірттері басқа анализаторлар тәрізді қозғалыс анализаторы да, яғни ерікті қозғалыстар да түрлі тітіркендіргіштермен уақытша нерв байланысына түсуге қабілетті екенін көрсетті. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалады. Мұндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, түрлі қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар. Адамның көптеген қозғалыстары іштей сөйлеу арқылы да пайда болып отырады, мұндай сөздер түрлі қимыл қозғалыстың «басталу белгісі». Адам сөз арқылы нұсқау алады немесе бір тоқтамға келеді, алдына қойған мақсатына сәйкес қимыл-қозғалыстарын реттестіреді. Қозғалыс анализатроларының нерв клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына орналасқан. Осы жерде пирамида формасындағы алып нерв клеткалары бар. Бұлар нерв талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерімен байланысып жатады. Қозғалыс анализаторларын құрайтын нерв талшықтарын пирамидалық жол деп атайды. Пирамидалық жолдың қызметіне зақым келсе, адамның қимыл-қозғалысының берекесі кетеді, мұндайда оны паралич ауруы соғуы мүмкін.
И. П. Павлов « . . . еріктік қозғалыстың механизмі жоғары нерв қызметінің барлық заңына бағынатын шартты ассоциациятивтік процесс» деп ерікті мидың уақытша байланыстар принципінің заңына орайлас түсіндірді.
Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз - еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Жас баланың еркінің дамуы осындай қозғалыстар жасауға үйрене бастаудан, өзінің денесін басқара алуынан байқалады. Қозғалыстарды тежей алу, тек алда тұрған мақсатқа ғана сәйкес қозғалыс жасау - бірінші және екінші сигнал жүйелерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.
Еріктің мағынасы кең. Мұның бірінші жалпы мағынасы адамның психологиялық өмірінің саналы түрде бір мақсатқа бағытталуын білдіреді. Ал дәл мағынасында ерікті амалдар ішкі немесе сыртқы кедергілерді жеңуге байланысты көрініп отырады. Мәселен, адам жазу үшін столдың үстіндегі қарындашты қол созып алады. Әрине, бұл да саналы және белгілі мақсатқа бейімделген әрекет. Осы сияқты әрекетті ешкім нағыз ерікті әрекет деп ойламайды, олай дейтін себебі, бұл жерде ешқандай да кедергіні жеңу байқалмайды. Ерік амалы байқалғанмен, оның көрінісі өте болмашы, мұндағы ерік көбінесе адам елемейтін дәрежеде білінеді. Сондықтан да шын мағынасындағы ерік амалдары бірнеше күрделі қозғалыстардың (тіпті, ойланып істелген қылық болса да) жиынтығы болып табылмайды. Сөйтіп, адамның дәл мағынасындағы ерікті амалы, біріншіден, әрбір адамның өзін-өзі билей алуынан, яғни мінез-құлқын меңгере алуынан көрінсе; екіншіден, оның түрлі ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе отырып, алдына қойған мақсатын орындап, істі мұқият тындыруынан көрінеді. Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік[1] ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы» еңбегінде «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді» деген пікірлер санада «бұл алманы жеу керек» деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес.
Ш. Н Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір «ерік» терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс таныс болған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис - жын-шайтан қуу үрдісінен көруге болады. Бұл үрдісте адам ылғи да енжар астама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын, «ұя» ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Ол күштерді танудан адамның «шын» қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылдаған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы-балгер, от пен металды бағындарған темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы-қанішер т. б.
Мүмкін, ерік түсінігінің жаңа «Қайта тіктелу» заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, «тіпті қателер жіберуге де бейім» дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасымен бөлінуімен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы .
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе «тіршілік философиясы» пайда болды. Экзистенцализм ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік мәдеи ортадан бөлек, дерексізденген адам. «Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған» бұл адамның өмірі мағынасыз «қым қиғаш оқиғалар» жиынтығы да, адамның өзі - «пайдасыз құмарлық». Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттылық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж. П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиғына бір-ақ түсіреді.
Қылық иесі - адам қалыптасқан тағылым-талаптарды жоққа шығара отырып, міндетті түрде қандай да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады. Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе, онда оның бұл әректі екінші бір, қыр-сырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан ежелден бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін парақорлық пен нашақорлықтың бір жағы мәдениеттіліктен шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл қоғамға ерсі болып көрінген қылықтардың өздері де қандай да ұйымдасу негізіне ие, өздеріне сай талап, ережелері, мақтан тұтатын қырлары мен ғұрыптары баршылық.
Бұл тұрғыдан Е. Л. Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психолгиялық болмысының барша деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіліктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұратын үшін жан пидалыққа дейін апарады.
1. 2 Ерік үдерісінің негізгі қызметтері
Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері: -ынталандыру (инициирующая) - объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету. -тұрақтандыру (стабилизирующая) - әрқилы ішкі не сыртқы кедер- гілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау. -тежестіру (ингибирующая) - қандай да уақыт сәтіндегі іс- әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет- қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру. Ерік әрекеттері қарапайым және күрделі келеді. Қарапайым ерік әрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен табысқа жететінін білсе, пайдаланады. Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту қажет: -мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс; -мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу; -мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда болуы; -сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін таңдау; -мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде Ерік; -қабылданған шешімді іске асыру; -қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп бару. 56 Іс-әрекетті саналы реттеп бару үшін еріктің психикалық қалыптар жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық, мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т. б. Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас бірлікті қатынастарымен көрінеді. Еріктік қалыптарды іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен қарастырайық: -Ынталылық - бұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы. -Батылдық - бұл мақсатты және оны іске асырудың жолдарын тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі белсенділігіне байланысты. -Тартыншақтық - жылдам шешім Ерік қабілетінің жоқтығын білдіретін психикалық қалып. -Мақсат бағыттылық - сананың негізгі, аса мәнді ниеттер төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай. Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық) құбылысының туындауымен байланысты келеді. -Сенімділік - бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған іс- әрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні ілгері анықтайтын да осы сана қалпы. -Табандылық психикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда көрінетін сана қасиеті. -Ұстамдылық - біршама ерік күшін талап ететін келеңсіз жағдайларды тежеуге қажет психикалық қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз эмоцияларды басуға жұмсалады.
II бөлім Ерік амалдарын, сапаларын талдау, дамуы және оны тәрбиелеу
2. 1 Ерік амалдарын талдау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz