Қарым қатынас туралы пікірлер



Кіріспе
I. Бөлім: Қарым.қатынас туралы жалпы түсінік, құрылымы және түрлері
1 .1.Қарым. қатынас теориясына жалпы түсінік
1.2 Қарым.қатынас құрылымы мен түрлері
1.3. Қарым. қатынас психологиясы және мәдениет
II.Бөлім: Қарым. қатынас туралы пікірлер және қалыптастыру
2.1. Қарым.қатынас туралы ғалымдардың пікірлері
2.2. Білім беру процесіндегі қарым.қатынас психологиясы
2.3 Психология ғылымында қарым. қатынасты қалыптастыру туралы

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының
бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, түрлерінің қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Жұмыстың өзектілігі :
Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста түрлерінің қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
1. Қарым-қатынас қасиеттерін зерттеу.
2. Қарым-қатынас мәселелері туралы әдебиеттер мен материалдарға психологиялық талдаулар жасау.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
I. Бөлім: Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік, құрылымы және түрлері
1 .1.Қарым- қатынас теориясына жалпы түсінік
1.2 Қарым-қатынас құрылымы мен түрлері
1.3. Қарым- қатынас психологиясы және мәдениет
II.Бөлім: Қарым- қатынас туралы пікірлер және қалыптастыру
2.1. Қарым-қатынас туралы ғалымдардың пікірлері
2.2. Білім беру процесіндегі қарым-қатынас психологиясы
2.3 Психология ғылымында қарым- қатынасты қалыптастыру туралы

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының
бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның
дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы
адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған
тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін
білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа
түсе білуі, түрлерінің қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік
қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап
қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Жұмыстың өзектілігі :
Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ
мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр.
Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және
ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен
қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға
байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-
әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста
түрлерінің қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай
сапалардың көрініс беруі қиындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
1. Қарым-қатынас қасиеттерін зерттеу.
2. Қарым-қатынас мәселелері туралы әдебиеттер мен материалдарға
психологиялық талдаулар жасау.
3. Қарым-қатынас мәселелеріне теориялық талдау жасау.
I. Бөлім: Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік, құрылымы және түрлері
1 .1.Қарым- қатынас теориясына жалпы түсінік
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды,
оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа
мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-
бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық
немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы
психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi
қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң
қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң
негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы,
мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл
микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi
кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн
сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi
бар қоғам. Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара
әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет
дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды.
Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола
бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс
iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде
адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен
алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды
өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке
аламыз.

1.2 Қарым-қатынас құрылымы мен түрлері
Адамның өзара қатынасы күнделікті өмірде қажетті болып тұратын жағдай.
Көптеген ғылым, өнер қайраткерлері осы қарым – қатынас адамдардың мінезі
мен психологиялық өзгешеліктеріне байланысты деп есептейді. Тіпті кейбір
шетел социологтары адамның өзара қатынасын өзгерту арқылы капиталистік
елдердегі тап күрестерін жоюға болады дейді. Расында, адамдардың өзара
қатынасы тұрмыстық жағдайға, әсіресе, кішігірім топта, ұжымда, жұмыста
адамдардың жеке басына әсерін тигізіп отырады. Бірақ, адамдардың қарым-
қатынасын тек өмірдегі халі мен күйі әлеуметтік, экононмикалық, саяси,т.б.
факторлардың күшті ықпалында болды.
Барлық кездесетін қарым – қатынастарды үш түрге бөлеміз:
1. Қажетті қарым – қатынастар (Туған – туысқан арасындағы қарым
-қатынас);
2. Міндетті қарым – қатынастар (Мұғалім мен оқушы, дәрігер мен
сырқат);
3. Ынтымақты қарым – қатынастар (Жақсы достар арасындағы қарым -
қатынастар)
          Осы қарым – қатынастардың жалпы сипаты іс барысында, жұмыс
үстінде       көрінсе, оны іскерлік (ресми) қарым – қатынас түріне
жатқызуға болады. Ал, оларды тек сезім сипаатынан байқасақ, онда жеке
(ресми емес) қарым – қатынас түріне жатқызамыз. Жұмыста болатын қарым –
қатынастар адамдардың нұсқауда көрсетілген тәртіпті орындаумен байланысты.
Осыған орай, біреулердің тәртіпті, іскер, жауапты деп санаса, оған
ризашылдық білдірсе, ал керісінше болса, наразылық сезімдері пайда болады.
Іскерлік қарым – қатынастар жеке бас қарым – қатынасына айналуы мүмкін.
Осындай қарым –қатынас кезінде адамдар бірінен – бірі керекті деректер
алады, бірін – бірі дұрыстап қабылдап, түсініп жұмыс жасау үшін бәріне
бірдей жоспар жасайды.
Қазіргі қоғамдағы қарым – қатынастың әлеуметтік қызметін теория жағынан
екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі әлеуметтік мағынасы бар, қоғамдағы
қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Екіншісі, әлеуметтік –
психологиялық қарым – қатынас және адамдардың қажеттіліктеріне байланысты.
Әлеуметтік қарым – қатынасқа коллективтендірілген еңбегін жоспарлап,
басқару, орындалғанын қадағалап , тексеріп жатады.
  Қарым – қатынас мазмұнына ғылыми және тұрмыстық білімдер жүйесі,
дағдылар мен іскерліктер, адамның өзі, яғни оның сыртқы келбеті, мінез
ерекшелігі, өзін - өзі ұстау мәнері, т. б. міндетті топпен , ұжыммен шешу,
әрекет, қарым – қатынас пен өзара қарым – қатынас, т. б. жатады.  Қарым –
қатынас мазмұны қарым – қатынас құралы арқылы түрлі тәсілдермен беріледі.
Адамдар қарым – қатынасының негізгі құралына тіл жатады.
Тілдік қарым – қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен қолданылады.
Олар: келбет, дене қимылдар, мимика, бейне,т.б.
Қарым – қатынас қатысушыларының контингентіне байланысты жеке адамдар
арасындағы қарым – қатынас, жеке адам мен топ арасындағы қарым –қатынас,
топтардың өзара қарым – қатынасы болып бөлінеді.
                 Алғашқы бастапқы топта, ұжымда, жеке адамдар өзара қарым –
қатынасқа түседі. Осы қарым – қатынас барысында жеке және топтық міндеттер
мен мақсаттар шешіледі.
            Жеке бас топтық қарым – қатынас – бұл бір жағы жеке адам,
келесі жағы топ, ұжым болғанда болатын қарым – қатынас. Бұл түрі әсіресе
жетекші мен топтың, ұжымның өзара қарым – қатынасы кезінде жақсы байқалады.

            Өзара топтық қарым – қатынас – бұл екі қауымдастықтың өзара
әрекеті. Бұған спорттағы командалық жарыстар мысал бола алады.
 Қарым – қатынастың үш жағы бар.
1. Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы
2.  Интерактивтік жағы

      3. Перцептік жағы
Коммуникативтік жағы -  қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын,
мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сөз,
сөйлеудегі ырғақ мимика (бет, ауыздың  әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл
денедегі әртүрлі қимыл), ым – жымдар жатады. Коммуникативтік процестің
мақсаты соған қатысатын адамдардың бір – біріне әсер етуі.  Қарым қатынаста
адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл –күйімен, сезімдерімен т.б.
бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады. Адамдар
арсындағы коммуникативті процестер техникалық қоедырғылар арасындағы
алмасудан өзгеше болды, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше,
маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі – кері байланыс процесі.
Коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі
деңгейі сияқты процестермен байланысты. Кері байланыс дегенміз – Кері
байланыстың берілу жолдары әртүрлі болады.Ең алдымен тура және жанама. Тура
кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: сенің
пікірің маған ұнамайды , не айтып тұрғаның маған түсініксіз, т.б. және
де әртүрлі қимыл – қозғалыс (жест) , ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді
болады.  Жанама кері байланыс – психологиялық мәлметті берудің асыратын
түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұақтар , кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар
болуы мүмкін. Мұндай жағдайда камуникатор партнердің не айтқысы келетінін
өзі түсінуі қажет. Әрине бұлай түсінуі әрқашан дұрыс болмауы мүмкін,
сондықтан түсіну қиынырақ болады.
Коммуникация туралы сөз болғанда ең алдымен адамдардың өзара әрекеті
барысында болатын көзқарас, пікір, қызығу, көңіл-күй, сезім, бағдар алмасу
деп түсінеміз. Бұлардың бәрін ақпарат деп қарастырсақ, онда коммуникация
процесін информация алмасу процесі деп қарастыруға болады.        
Коммуникацияның негізгі ерекшеліктері:

                 1.Коммуникация екі құрылымның арасындағы информацияның
қозғалысы емес, ол екі индивидтің өзара қарым-қатынасы, олардың әрқайсысы
белсенді субъект, яғни коммуникативтік әрекетке қатысушылардың әрқайсысы
өзінің партнерінің белсенділігін болжап отырады. Келесі қатысушы да субъект
ретінде қатысады. Осыдан келіп оған информация берерде оның мотивтеріне,
мақсатына, бағыт-бағдарына сүйенеді. Бірақ берілген информацияға жауап
келесі партнердан шыққан жаңа информация түрінде алынатынын болжау керек.
Сондықтан коммуникативтік әрекет барысында қарапайым информация қозғалысы
ғана емес белсенді алмасу процесі болады.
Адамдардың өзара информация алмасуында әрбір қатысушы үшін информацияның
мәні маңызды роль атқарады. Мұнда адамдар информация мәнін алмасып қана
қоймайды, олар оның мазмұнын ашуға тырысады. Бұл информация қабылдағанда
ғана емес, ол түсінікті, әрі мазмұны ашылғанда ғана болуы мүмкін. Сондықтан
коммуникацияда әрекет, қарым-қатынас және таным бірлікте беріледі.
 2.Информация алмасу барысында партнердің мінез-құлқына әсер етуі тиіс,
яғни коммуникация қатысушылардың көңіл-күйін өзгерту. Коммуникативтік әсер
ету коммуниканттың біреуінің екіншісіне мінез-құлқын өзгерту мақсатында
психологиялық ықпал жасауы. Коммуникацияның тиімділігі осы ықпалдың
қаншалық әсер еткенімен өлшенеді.
3.Коммуникативтік ықпал егер информацияны бағыттаушы (коммуникатор) адам
мен информацияны қабылдаушы (реципиент) бірдей белгілер жүйесін
қолданғанда  яғни белгілердің негізгі мағыналары коммуникация процесіне
қатысушыға бірдей белгілі болғанда ғана мүмкін болады. Жәй сөзбен
айтканда:”барлық адамдар бір тілде сөйлеу керек”. Тек белгілердің бірдей
жүйесін қабылдау ғана партнерлардың бір-бірін түсіну мүмкін болады. Бірақ
сөздердің мағынасы бірдей болғанымен адамдар оларды бірдей түсінбейді, оған
әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктері себеп болады.
4. Адамдардың коммуникациясында ғана коммуникативтік барьерлер болады.   
Олар әлеуметтік және психологиялық сипатта болады. Барьерлер бір жағынан
ортақ белгілер жүйесі жоқ болғаннан болса, сонымен қатар партнерлар
арасындағы әлеуметтік, саяси, діни, кәсіптік айырмашылықтарға да
байланысты, олар коммуникация кезінде қолданылған ұғымдарды түрліше
талдайды. Екінші жағынан коммуникация “таза”психологиялық сипатта болады.
Олар қарым-қатынасқа түсушілердің жеке психологиялық ерекшеліктеріне де
байланысты.(мыс ұялшақтық). Жекелеген адамдарға немесе жекелеген ақпарат
қабылдаушыларға сигналдар бағытталса онда ол аксиальді коммуникативтік
процесс болып табылады. Егер сигналдар көпшілікке бағытталса, онда ол
ретиалды коммуникация болып табылады.
2. Кез-келген ақпаратты алмасу белгілер жүйесі арқылы жүзеге асады.
Коммуникативтік процесте бірнеше белгілер жүйесі бар, осыған сәйкес
коммуникативтік процестің классификациясын құрастыруға болады.
Коммуникацияны вербальды және вербальды емес деп екі топқа бөлуге болады.
         Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөз қолданылады.
Вербальды емес коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөздік емес белгілер
жүйесі қолданылады. Вербальды емес коммуникация 4 формаға бөлінеді:
кинесика, паралингвистика, проксемика, визуальды қарым-қатынас. Олардың әр
қайсысы өзінің белгілер жүйесін қолданады. Сондықтан коммуникация процесін
5 түрге бөлеміз                  
3. Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сөзі
қолданылады. Сөз ретінде табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер
жүйесі пайдаланылады. Сөз – коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы
болып табылады, себебі ақпарат беруде сөз арқылы хабардың мәні  өзгеріске
аз ұшырайды. “Айту” және “тыңдау” терминдерін И.А.Зимняя вербальдық
коммуникацмяның психологиялық компоненті ретінде енгізген болатын.
әлеуметтік психологияда сөздік ықпалдың тиімділігін арттырудың тәсілдері
мен шарттарын анықтауға көптеген эксперименталдық зерттеулер болды. Осыған
бағытталған жұмыстардың жиынтығы “дәлелдеуші коммуникация ” атауын алды.
Осы коммуникацияның моделін американ зерттеушісі Г.Ласуэлл ұсынды. Оның
коммуникативтік процесінің моделі 5 элементтен тұрады:
 1.Кім? (хабар беруші )- Коммуникатор.
 2.  Не ? (беріліп тұр) – Хабар(текст).
3. Қалай? (қандай жолмен беріліп тұр) – Арна.
4. Кімге? ( бағытталған хабар) – Аудитория.
5. Қандай тиімділікпен?- Тиімділігі. 
 Сөздің тиімділігін арттырудың 3 типі бар:
Ашық- коммуникатор айтылған ойдың жақтаушысы екенін ашық айтады.
Алшақ- коммуникатор екі қарама-қарсы көзқарасты салыстырып, өзін екеуінен
де алшақ ұстайды. Жабық- коммуникатор өзінің көзқарасын білдірмейді, кейде
арнайы әдістерді қолданып жасыруға тырысады.
 4. Адамдар өзара бір-біріне психологиялық ақпаратты вербальды емыс
белгілер жүйесі арқылы алады. Ақпараттың көпшілігі адам:
а)55%дене қимылы және физиологиялық қалып арқылы(мимика, қол, дене қимылы
)      
б)40% дауыс(интонация, тембр, диапозон, дауыс темп арқылы)
 в)5% сөздің мағынасы арқылы қабылдайды. 90%көру, 9%есту, 1%т.б.
        Вербальды емес коммуникацияның ішінен оптикалық-кинетикалық
белгілер жүйесіне мимика, қол, дене қимылы жатады. Мимика дегеніміз- қарым-
қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді
байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.
Коммуникацияда оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесінің мәні өте зор,   
көлемі кең, сондықтан қазіргі кезде бұл саланы зерттейтін зерттеу саласы
бар, ол- кинестика. Мимика – сезім көрсеткішінің негізгісі. Жағымды
эмоциялар жеңіл байқалады, мысалы, бақыт, махаббат және таңдану. Қамығу,
ашу, жек көру сияқты жағымсыз эмоцияларды қабылдау қиын болады. 20 000 бет
қимылы бар. Мимика мен мінез-құлық, жүріс-тұрыстың элементі ретінде
күлімдеу түрлі ұлттық мәдениетке байланысты. Мысалы: оңтүстік адамдары
солтүстік адамдарына қарағанда жиі күледі.
Дене қимылы- психологиялық ақпарат берудің негізгі көзі. Көптеген дене
қимылдарына қарай отырып біз адамдардың қалпын, ішкі жағдайын, олардың
озара қатынасын байқауға болады. Дене қимылдары кейде вербальдық ақпараттың
мәнімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ дене қимылының шындық болатынын
байқауға болады. Сондықтанда дене қимылының қарым-қатынаста маңызы өте зор.

1. “Жабық поза”- мұнда адам денесімен алдыңғы бөлігін жабуға және
кеңістікте неғұрлым аз оран алуға тырысады (психологиялық дискомфорт),
тығылып, иығына басын тығып, аузын жабады.
2. “Ашық поза”- қол ашық, екі жаққа жайылған, аяқ сәл ашық, сенім,
келісім,жылышырайлықты білдіреді.
3. “Қорғану”- кеудеге қолды айқастыру. Мұны ата-анасының айтқанын жоққа
шығарушы балалар, өзінің құқын қорғаушы қарттарда жиі қолданылады. 
4. “Бағалау”, “Сынау”- иек алақанға сүйенген, сұқ саусақ бетке созыла
орналасқан, қалғандары ауыздың астына қарай орналасқан. Егер бұл сәл
еңкеюмен бірге болса, онда сын негативті. Егер бас сәл бір жаққа қарай
қисайса, ол қызығушылықпен байланысты.
5. “Дайындық”- қолды мықынға қою дайындықтың бірінші белгісі. Мұндай позаны
жарыс кезінде спортшылардан өз кезегін күту кезінде жиі көруге болады.
Орындықтың шетіне отыру- әрекетке дайындалып отырғанды білдіреді.
Адамдармен қарым-қатынасқа түскенде:

- онаң сыртынан, арқасынан сөйлесуге болмайды, себебікейбіреулердің
арқасынан қорғануы жоқ болады, оларды бірінші партаға отырғызуға болмайды.
- олардың төбесінен қарауға болмайды, себебі олар өздерін кіші , төмен
сезінеді.
- отырып-тұрып тұрған адаммен сөйлесуге болмайды, себебі менсінбеуді
білдіреді, позалардың тең еместігі.
Қозғалыстан адамның ішкі жағдайын, оның жеке дара ерекшеліктерін(жынысын,
жасын, темперамент типін) білуге болады:
1. ең ауыр қозғалыс ашу кезінде болады.
2. жеңіл қозғалыс қуаныш, мақтаныш кезінде болады.
 Нашар көңіл-күйде қол салбырап тұрады,жақсы көңіл күй кезінде     
ұшатындай жүріспен қозғалады.
Соңғы кездерде психологиялық зерттеудерде қарым-қатынас жасаушылардың
аралығындағы қашықтықтың, партнерлардың отырысының коомуникативтік мәніне
көңіл аударылуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бұл бағыттағы
зерттеулергепроксемикка деп ат қойылды. Төрт түрлі ара қатынас
бар:1.көңілдестік,2. жеке бастық,3. әлеуметтік,4. көпшіліктік. Алғашқы екі
қатынас жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар
әлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшіліктік арақатынас- бөтен адамдармен
араласу. Жеке адамдар арасындағы қашықтық әр ұлтта және мәдениетте әртүрлі.
Мысалы: mini американдықтарда, maxi жапондықтарда. Әр адаммен өзінің
арақатынасы болады.
0-0,5м- өте жақындық, көңілдестік қатынасқа сәйкес келеді. Сонымен қатар
спорттың кейбір түрлерінде денелерді түйісу болады. Мыс:күрес т.б.
0,5-1,2м - жеке адамдар арақатынасы қашықтығы, достар арасында болады.
1,2-3,7м - әлеуметік-қызметтік қарым-қатынас аймағы.
3,7м-жоғары - көпшіліктік арақатынас. Бірнеше сөзбен алмасу немесе қарым-
қатынас жасаудан қашу. Паралингвистика және экстралингвистика белгілер
жүйесі вербальды коммуникацияға қосымша ретінде қолданылады.
Паралингвистикалық жүйе- бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс тоны.
Экстралингвистикалық жүйе- сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау, күлу,
сөз темпі, т.б. Дауыс тонынан ашу және қайғыны жеңіл байқауға болады, ал
ашу және қызғанышты тану өте қиын. Дауыс тоны серіктес адамның сезімін
түсінуде негізгі роль атқарады.
Дауыс күші мен биіктігі де кейбір сезімдерді анықтауға мүмкіндік береді.
Мыс:ашу, қорқыныш, қуаныш, сенімсіздік биік дауыспен  берілсе, мұң, қайғы
және шаршағандық жұмсақ және төмен дауыспен  беріледі.
Сөздің жылдамдығы да сөйлеушінің сезімін білдіреді. Өзінің басындағы
қиындықты айтқанда, қобалжып тұрғанда адам тез сөйлейді. Баяу сөйлеу
қайғыда, көкіректік немесе шаршаған кезде болады.
Күрсіну, жөтелу, кідіріс жасаудың да сезімді білдіруде маңызы өте зор.
Коммуникативтік процесте қолданылатын келесі арнаулы белгілер жүйесі- бұл
көзбен қарым қатынас жасау (визуалды қатынас). Сөйлеушіге қарау
қызығушылықты ғана білдірмейді, сонымен қатар бізге не айтып тұрғанға да
зейінімізді шоғырландырғанды да білдіреді. Адамдарға жағымды тақырыпты
талқылауда визуалды қатынасты ұзақ ұстаған жеңіл. Егер жағымсыз мәселені
талқыласақ бір-біріміздің көзімізге қарамауға тырысамыз. Мұнда визуалды
қатынастан бас тарту әдептілік білдіреді және сөйлеушінің эмоциялық
жағдайын түсінгендікті білдіреді. Себебі мұндай кезде көз алмай қарау
жағымсыз сезімдерді тудырады. Сонымен қатар көз алмай қарау жауласудың
белгісі деп те қабылданады. Визуалды қатынас бір-бірін ұнататын адамдар
адамдар арасында жиі кездеседі. Көбіне сөйлеуші алыс қашықтықта болғанда
визуалды қатынасқа түсеміз, сөйлеуші жақындаған сайын визуалды қатынастан
қашуға тырысамыз. Визуалды қатынас әңгіме барысын реттеп отыру үшін қажет.
Егер сөйлеуші көзін біресе тыңдаушыға, біресе басқа жаққа әкетсе, онда
сөйлеуді әлі бітірмегені. Сөз алғанда сөйлеуші тыңдаушыға тік қарайды.
Сөйтіп ол сөз кезегін тыңдаушыға бергенін білдіреді.
   Интерактивтік жағы – бұл адамдардың бірігіп қызмет жасауы үшін
стратегиялық жоспар құруын көрсетеді. Қарым – қатынастың интерактивті жағы
– адамаралық қарым  -  қатынастың, адамдардың бір – бірімен әрекеттесуімен
байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин. Қарым – қатынас
барысында қатынасқа түсу үшін  тек мәлметпен алмасыпжәне өзара
түсініксіздікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу,
ортақ іс - әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен
нормаларын қалыптастыру да маңызды.
  Қарым – қатынастың осы жағы сипаттағанда жеке адамаралық қарым –
қатынастың түрлерін талдау мен қарым –қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің
қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтерін де қарастыру керек. Жеке
адамаралық әрекеттесу стратегиясының сипаттамасы төмендегідей болады.
Әртүрлі зерттеулерде, адамның басқа адамдармен қарым – қатынасқа түсуінде
бірнеше маңызды әлеуметік мотивтер айқындалған.
1. Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (немесе кооперация мотиві)
2. Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм);
3. Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві (канкуренция)
4. Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтуризім);
5. Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия);
6. Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету (теңдік).
           Әрекеттесу процесінің маңызды сипаттамаларын қарастырудың
бірнеше жолдары ұсынылған. Мәселден, Т.Парсонс теориясы бойынша,
әрекеттесудің бірнеше бөлек актісіннің мынандай элементтері бар:
 а) әрекет етуші;

 ә) басқа объект;
б) нормалар (әрекеттің ұйымдастырылуындағы)
в) құндылығы (әрбір әрекеттенушінің қабылдағандары)
г) ситуация – жағдай (әрекет жасалынатын кездегі)
Бұл өте абстрактылы теория , экспериментте қолданылуы күрделі
болғандықтан көп пайдаланылмайды. Екінші бір түрі әрекеттесу сатыларын
қарастырумен байланысты. Тағы да бір, әрекеттесудің құрылымдық сипаттамасы
транзактілі талдауы – қатынасушылардың әрекеттерін олардың позициясы,
ситуацияны есептеу және әрекеттесу стиліне байланысты реттестіруде
ұсынылады. Осы әдіс кейінгі кезде практикада кең қолдау табуда. Транзактілі
талдау бойынша әрбір әрекетке қатысушы үш позициясының біреуінде болады.
Шартты түрде бұл позицияларды – Ата – ана, Ересек, Бала деп белгілеуге
болады. Балалық позицияның психологиялық сипаттамасы Қалаймын!, Ата – ана
позициясы Керек!, Ересек позициясы Қалаймын мен Керектің бірлесуі.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы – адамдардың өзара әрекетіне, олардың
біріккен әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың компоненттерінің
сипатын ашатын термин. Егер коммуникативтік процесс біріккен әрекет
негізінде туындайтын болса, онда осы әрекет жөніндегі білімдер мен
идеялардың алмасуы әрекетті дамыту мен ұйымдастыруды көздейді. Бұл әрекетке
бір уақытта көп адамның қатысуы (әр адам өз үлесін қосуды) өзара әрекетті
біріккен әрекетті ұйымдастыру ретінде талдауға мүмкіндік беретін әрбір
адамның өз үлесін қосуды білдіреді. Оның барысында оған қатысушылар үшін
информацияларды алмасу ғана емес, әрекетті алмасуды ұйымдастыру, ортақ
әрекетті жоспарлау  да маңызды.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы қарым-қатынасқа қатысушылардың мінез-
құлқын өзгертетін белгілер жүйесін қадағалап қана қоймайды, топтың мүшелері
үшін ортақ әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін біріккен әрекетті
ұйымдастыруды да қадағалайды.  Қарым-қатынастың интерактивтік жағы өзара
әрекеттің бөлігі болып табылатын адамдардың әрекетінде ашылады. Әлеуметтік
психологияның тарихында осы өзара әрекеттің құрылымын жасауға тырысқан
бірнеше бағыт болды. Мысалы, Батыстағы әлеуметтік психологияда әрекеттің
жекелеген амалдарына түрлі вариантта сипаттама берілетін Әрекет теориясы
немесе Әлеуметтік әрекет теориясы кеңінен қолданылады. Бұл идеяны
социологтар : М. Вебер, Г. Сорокин, Т. Парсонс, әлеуметтік психологтар:
Янг, Фримен және тағы басқалар қолдады. Олардың бәрі өзара әрекеттің кейбір
компоненттерін: адамдар , олардың байланысы, олардың бір-біріне әсері,
осының салдарынан олардың өзгеруі деп белгіледі. Келесі бағыт өзара
әрекеттің құрылымын оның даму деңгейімен байланыстырады. Мұнда өзара әрекет
қарапайым амалдарға бөлшектелібейді, олар өтетін даму деңгейіне
бөлшектелінеді. Бұл бағытты ұсынған Я. Щепаньский болды.  Я. Щепанский үшін
негізгі ұғым әлеуметтік байланыс ұғымы болып табылады. Оның құрылымы:
1. Кеңістік байланыс.
2. Психологиялық байланыс (өзара қызығушылық)
3. Әлеуметтік байланыс (біріккен әрекет)
4. Өзара әрекет (партнердан белгілі бір жауап реакциясын туғызатын жүйелі
үнемі әрекеттің орындалуы)
5. Әлеуметтік қатынас
 Өзара әрекет проблемасын талдау мәселесінде тағы бір бағыт бар,  ол өзара
әрекеттің түрлерін жіктеу. Әлеуметтік психологияда өзара әрекетті түрлерге
жіктеуге көптеген талпыныстар болды. Неғұрлым кеңінен қолданылатын жіктеу
өзара әрекет түрлерін қарама-қарсы екі жаққа бөлу болып табылады:
1. Кооперация
2. Конкуренция
Бірінші жағдайда өзара әрекетті ұйымдастыру көзделеді. Екінші топқа белгілі
бір кедергілерден бұзылайын деп тұрған біріккен әрекеттер жатады. Немістің
әлеуметтік психологтары Г. Гибль және М. Форверг өзара әрекеттің негізгі
типі деп кооперацияны есептейді, сөйтіп әлеуметтік психологияның пәні
ретінде кооперацияны қарастырады.Олар маркстің қоғамдық еңбектің мәнін
түсінудегі кооперацияның мәні туралы идеясына сүйенеді. Гибль мен
Форвергтің пікірінше әлеметтік психология үшін осы арқылы кооперацияның
жалпы сипатын іздеу міндеті ашылады, себебі осылар көптеген күштің
бірігуіне тиімді. Бұл бағытта әлеуметтік психологияның негізгі
міндеттерінің бірі ашылғанымен тек кооперацияны зерттеу міндеті негізгі
рөлді атқаруына жол беруге болмайды. Әлеуметтік психологияның міндеттеріне
келетін болсақ, мәселенің екінші жағы да маңызды рөл атқарады. Мұнда
конкуренция немесе конфликтілік қатынас жиі қарастырылады.Қазіргі кезде
Батыста конфликтінің позитивтік және негативтік жақтарын талдайтын көптеген
жұмыстар бар. Конфликтінің негізгі түрлеріне жарыс жатады.
1. Өзара әрекет біріккен әрекетті ұйымдастыру болып табылады. Іс-
әрекеттің жалпы психологиялық теориясы әлеуметтік-психологиялық
зерттеуге кейбір принциптерді береді. Жеке іс-әрекеттегі сияқты оның
мақсаты жекелеген амалдар деңгейіне емес, әлеуметтік психологияда
өзара әрекеттің мәні жалпы әрекетке енгенде ғана шешіледі. Өзара
әрекеттің әрекет құралына кірудің нақты формасы әрекетті ұйымдастыру
формасыретінде қарастырылады.Осыдан осы біріккен әрекет өтетін топты
талдауға көшуге болады. Л. И. Уманский біріккен әрекетті
ұйымдастырудың үш формасын  бөліп көрсетеді:
2. Біріккен әрекеттің әр мүшесі жалпы ортақ жұмыстың бір бөлігін
орындайды, бір-біріне тәуелсіз біріккен әрекет (әрқайсысының өз
міндеті бар мысалы, өндірістік бригада)
3. Ортақ міндетті әрбір мүшенің белгілі бір бірізділікпен орындауы-
бірізді-біріккен әрекет
4. Бір уақытта әрбір мүшенің барлық басқа мүшелермен өзара әрекеті –
біріккен-өзара әрекет (мысалы, спорттық командалар)
 Перцептік жағы   -   қарым – қатынасқа түсіп, тұрған адамдардың бірін –
бірі қабылдауы. Адамдардың қарым – қатынасқа түсер алдында бір – бірін
адекватты қабылдап, сезінудің өзара қарым – қатынас барысында сеніммен
түсінісулеріне маңызы өте зор. Қарым-қатынаста оған қатысушылар арасында
өзара түсінушілік болуы керек. өзара түсінушілік дегенімізді әр түрлі
түсінуге болады: өзара әрекет бойынша партнердің мақсатын, мотивтерін,
бағдарын түсіну немесе осы мақсат, мотив, бағдарды түсініп қана қоймай,
оларды қабылдау, бөлісу әрекетті келісімде етіп қана қоймайды сонымен қатар
ол қарым-қатынастың ерекше түрін: жақындықты, махабатты, достықты орнатады.
өзара түсінудің екі жағы зерттеудің екі бағытына негіз болады: бірінші
жағдайда өзара әрекетті талдауда, екіншісінде аттракцияны талдауда. Бірақ
екі жағдайда да маңызды орындықарым-қатынастағы партнерді қалай қабылдау
алады, басқа сөзбен айтқанда бір адаммен екінші адамды қабылдауы қарым-
қатынастың құрамдас бөлігі болып табылады да, шартты түрде қарым-қатынастың
перцептивтік жағы деп аталады. Адамның адамды қабылдауы көбіне әлеуметтік
перцепция ұғымымен беріледі. Әлеуметтік перцепция терминін ең алғаш  Дж.
Брунер 1947 жылы енгізген болатын. Егер әлеуметтік перцепция процесін
толықтай елестететін болсақ, онда күрделі тарамдалған схема пайда болады.
Ол өзіне объектінің бірнеше вариантын енгізіп қана қоймайды, сонымен қатар
субъектіні де енгізеді. Қабылдаудың субъектісі индивид болса, онда өзінің
тобына кіретін келесі индивидті, бөтен топтағы басқа индивидті, өзінің
тобына бөтен топты қабылдайды. Айтылғандарға үлкен әлеуметтік
қаумдастықты қоспаған күннің өзінде төрт түрлі процес пайда болып тұр.
Олардың әр қайсысының  өзіндік ерекшеліктері бар. Егер субъект ретінде топ
алынса, онда ол мынадан да күрделі, айтылғандарға тағы мыналарды қосуға
болады: топтың өз мүшесін қабылдауы, топтың басқа топтың мүшесін қабылдауы,
топтың өзін-өзі қабылдауы, топтың тұтас басқа топты қабылдауы. Негізгі
мақсат әлеуметтік перцепцияны ашу емес, мұнда жеке адамдар арасындағы
перцепцияны ашу болып табылады, яғни жеке адамдардың бірін-бірі қабылдауы.
Айтылғандардың бәрі әлеуметтік психологиядағы әлеуметтік перцепция немесе
тар мағынада жеке адамдар арасындағы перцепция, адамның адамды
қабылдауы терминдерінде еркін қабылданады. Жалпы айтатын болсақ бір
адамның екінші адамды қабылдауы оның сыртқы белгілерін қабылдауды, оларды
қабылдаушының жеке басының сипатымен сәйкестендіру және осының негізінде
оның іс-әрекеттерін талдауды білдіреді. Адамдар бір-бірін қалай қабылдайды,
олардың өзара қарым-қатынасы осыған байланысты. Егер қабылданып тұрған
адам, қабылдаушы адамға жақсы әсер қалдырса,оған әрқашан көмектесуге даяр
тұрады. Таныс адаммен кездескенде туатын бірінші сұрақ кім бұл? алдымен
оның әлеуметтік жағдайына бағытталған. Ол жайында оның физиологиялық
бейнесінен, өзін-өзі ұстауынан, сөйлеу өнерінен байқауға болады. Адам жеке
адам ретінде қарым-қатынасқа түскенмен, оны басқа адамдар жеке адам ретінде
қабылдайды. С.Л.Рубинштейннің айтуынша адамның сыртқы бейнесі  жүріс-тұрысы
негізінде, біз келесі адамды оқимыз, оның бейнесінің мәнін ашамыз. Осыдан
алынған алғашқы әсерлер қарым-қатынаста зерттеуші роль атқарады. 
Біріншіден, басқа адамды тани отырып, танушы индивидтің өзі де қалыптасады.
Екіншіден, келесі адаммен ұйымдастырылатын бірлескен іс-әрекет сәттілігі,
ол адамды тану деңгейіне байланысты. Келесі адамға деген көзқарас адамның
өзіндік сана-сезіміне байланысты. Бұл байланыс екі жақты: бір жағынан өзі
туралы елестің жан-жақтылығы екінші адам туралы жан-жақты  елесті береді,
екінші жағынан, екінші адам толық ашыла білсе, оның өзі туралы елесі де
толық болады. Адамның өзін басқа адамдар арқылы сезінуінің екі жағы бар:
идентификация және рефлексия.

  Идентификация дегеніміз – адам өзін басқа адамның орнына қойып, сол
адамның  бағалайтын заттарын құбылыстарын, уақиғаларын өзіндік етуі.
Мысалы, оқушының өзін мұғалім орнына қойып, соның бойындағы қасиеттерді
өзінікі етуі. Идентификация мазмұны жағынан ұқсас келесі құбылыс тығыз
байланысты, ол –эмпатия. Эмпатия дегеніміз – адамның басқа адамның сезіміне
ортақ болып, бірге сезініп, сол сезімнің немен аяқталатынын алдын-ала
ескеріп отыруы немесе бір адамның өзге кісінің жағдайына көңіл аударып,
оның ішкі ойын, не ойындағы орындағысы келген ісін өзіне айтқызбай-ақ алдын
ала білуі, яғни біреудің ойын қас-қабағынан емеурінінен білу.  мысалы,
көрермендер мен оқырмандардың кинофильмдегі әлде кітаптағы кейіпкерлердің
көңіл-күйін солармен бірге бөлісуін эмпатиялық көріністерге жатқызуға
болады. Рефлексия – адамның өзін сырттан көре алу мүмкіндігі, бұл
нәтижесінде өзін, өзінің ойлауын, өзінің санасын көру мүмкіндігі пайда
болатын сананың бұрылысы.
  Рефлексия қарым-қатынастағы кедергілер мен қиындықтарды түсінуге және оны
жеңетін әдістерді табуға жағдай жасайды.
  Рефлексия адамның өзінің қамығу, қайғыруын және жұмыс барысында қалпын
түсінуге бағытталған. Мысалы, мұғалім өзінде ашулану, қанағаттану т.б.
жағдайлардың пайда болу себебін түсінуі керек. Мұғалімде рефлексияға
қабілеттілік  неғұрлым жоғары болса, соғұрлым педагогикалық шеберлігі
жоғары өзара түсіну механизмдерін  қарастыру адамдардың бір-бірін тану
процесін талдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік психологияда жеке адамдар 
перцепциясын зерттеу жүргізілген эксперименталдық зерттеулер бар. Оларды
екі класқа бөлуге болады:
1. Жеке адамдар  перцепциясының мазмұнын зерттеу. (қабылдау объектісі мен
субъектілерінің сипаты, олардың қасиеттері);
2. Жеке адамдар перцепциясы процесінің өзін зерттеу. (эффектілер, оның
механизмдерін талдау);
Жеке адамдардың бірін-бірі қабылдау мазмұны қабылдау объектісі мен
субъектісінің сипатына байланысты, себебі, кез-келген осындай қабылдау осы
процеске қатысушылардың өзара әрекеті.  Бұл өзара әрекеттің екі жағы бар:
бірін-бірі бағалау және бір-бірінің  мінездемелеріне, сипатына өзгеріс
енгізу. Бірінші жағдайда  әр адам келесі адамды бағалай отырып оның мінез-
құлқын интерпретациялаудың белгілі бір  жүйесін құруға талпынады.
  Күнделікті өмірде адамдар келесі адамның мінез-құлқының негізгі себебін
білмейді немесе аз біледі.  Мәліметтің аздығына байланысты  адамдардың
мінез-құлқының себебін, кейде үлге мінез-құлықты немесе жалпы
мінездемелерді бір-біріне жапсыра бастайды.  Жапсыру  қолданушы адамның 
басқа образбен ұқсастығы негізінде жүреді. Әлеуметтік психологияның ерекше
бір саласы каузальды атрибуция осы процестерді талдайды. Атрибуция теориясы
өзіміздің және басқа адамдардың мінез-құлқының, жүріс-тұрысының себебін
қалай түсінетіндігімізді түсіндіреді. Мысалы; егер оқушы сабаққа кешігіп
келсе бір мұғалім транспорттың нашар жұмысы деп түсінеді, екіншісі,
оқушының жеңілтектігінің нәтижесі, үшіншісі, бұл тек менің сабағыма кешігіп
келеді, басқаларға ондай емес – деп, ал төртіншісі, әдейі кешігіп келеді,
мені дұрыс бағаламайды де түсінеді. Әр мұғалімнің баланың сабаққа кешігуі
туралы түрліше түсінігі болады.
1. – жағдайға байланысты,
2. – оқушының ерекшелігі,
3. – мұғалім себепті өзінен іздейді,
4. – кешігуді әдейі істелген деп түсінеді.
Жеке адамдардың бірін-бірі қабылдауының ситуацияларын болжау үшін
зерттеудің үшінші жағын қарастырған жөн, оладамдардың бірін-бірі
қабылдауында пайда болатын түрлі эффектіге байланысты.
  Қарым-қатынаста кездесетін құбылыс ореол эффектісі. Бұл белгілі бір
адамның мінез-құлқы туралы ой-пікір қалыптасқан болса, оның басқа
қылықтарын да осы тұрғыдан бағалайды. Мысалы; бір оқушы туралы
мұғалімдердіің арасында жақсы ой-пікір қалыптасса, ол оқушының кейбір оғаш
қылықтары еленбей қалады. Ал сол оқушы шектен тыс бұзықтық жасаса, олардың
бәрі таңдалып, одан мұны күтпеп едік дейді. Қарым-қатынаста кездесетін енді
бір құбылыс кезегіне қарай болатын эффектілер. Осыған орай мынадай
заңдылық байқалады. Жаңа адам туралы көзқарас дұрыс болу үшін оның өзі
туралы мәліметті алдын-ала білу керек. Ал, көпшілікке адам бұрыннан таныс
болса ол туралы мәліметтерді соңынан берсе де болады. Мысалы; ұжымға басшы
қызметке жаңа адам келсе, ол туралы мәліметті алдымен беру керек. Басқа
адам туралы пікір  жасауда  адамның өзі туралы ойының әсері мол. Егерде
оның осы ойы жоғары болса, бірақ ұжым оған басқаша қараса,  мұндай адам
басқаларды  кінәлауға дайые тұрады. Осыған орай проекция термині
қолданылады. Бұл адамның өз басындағы кемшіліктерін басқа біреулердің
басынан көруі.
  Яғни мұндай адам өзіне сынмен қарауды білмейді, сондықтан да басқаның
айтқан сынын көтере алмайды. Сонымен қатар басқа адамды бағалауда жомарттық
жасайтын адамдар да кездеседі. Олар басқалардың кемшіліктерін елемей, тек
жақсылық жақтарын байқап, айтып отырады. Мұндай қарым-қатынас құбылысын
ілтифат эффектісі дейді. Осындай эффект көпшіліктің жылы шырайына
бөленген адамда кездеседі. Өзара қарым-қатынаста тағы бір алшақтық
эффектісі болып тұрады. Кейбір жағдайларда мұндай эффекті орынды, тиімді
болады. Мысалы; уставта көрсетілген тәртіпті сақтау үшін командир мен
солдаттың арасында белгілі бір алшақтық болғаны дұрыс. Сондай-ақ мұғалім
мен оқушы арасында да.

1.3. Қарым- қатынас психологиясы және мәдениет
Кең мағынасында қатынас сөзі адамдардың жеке және әлеуметтік өмірінің
шарты болып табылады. Адамдардың басқару ісіндегі өзара ара қатынасы
олардың арасындағы қарым – қатынасқа тікелей байланысты
Қатынас процесінің өзінде адамның құлқының арнайы қалыптасу
моделі мен үлгілері негізгі орын алады. Әрі қарай ол тұлға құрылымына
жалғасып кетеді, яғни, ішкең еніп кетеді. Қарым – қатынас процесінің
барысынды адам өзінің ішкі Менінң қалыптастырады, сонымен бірге дүние
туралы арнайы ой қалыптастырады. Өзімен - өзі қалған адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мамандардың қарым - қатынас мәдениетін дамытуда ұлттық құндылықтарды пайдалану мәселесі
Ұжымдық қарым - қатынастың психолингвистикалық аспектілері
Психология ғылымындағы ойлау мен сөйлеу арақатынасы
Ойлау және логика
Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері
Ойлау мен сөйлеу туралы жалпы түсінік
Педагогика тарихы және міндеттері
АИВ жұқтырған науқастармен қатынасу ерекшеліктері
ХХ ғасырдағы семиотиканың лингвистикалық сипаты
Менеджер ретінде көшбасшылық үшін негізгі талаптар
Пәндер