Адам мінезі
1 Бөлім Мінез туралы және мінез бітістеріне сипаттама
1.1 Мінез туралы жалпы түсінік
1.2 Мінез бітістері, Типтік мінез бітістері
2 Бөлім Мінез құрамы, құрылымы және мінез құлқын жөндеу
2.1 Мінез құрамы мен құрылымы
2.2 Адамның өз мінез.құлқын жөндеуі.

Ұлттық мiнез адамдардың тарихи қалыптасқан бiрлестiгi мен iрi топтары болып саналатын этностың, үлттың, халықтың өмiр тiршiлiгi мен əлеуметтiк жағдайының түтастығы арқылы танылады. Əрбiр халық пен үлттың, этностың өзiндiк мiнезқұлықтарының ерекшелiктерi болатындығы тарихи шындық жəне объектив фактор. Қазақ халқының түркi тектес өзге халықтардан ерекшеленiп түратын өзiндiк сипатқасиеттерi бар. Ыбрай Алтынсарин еңбектерiнде өз халқының мiнезқүлқына тəн бiрсыпыра қасиеттердi атап көрсеткендi. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кiшiпейiлдiк, ашықжарқын көңiл мен кеңпейiлдiлiк, өзге нəсiлдi адамдарға деген достық жəне сыйластық көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тəн. Сондайақ, олардың бойында өзге де мiнезқұлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жерi мен Отанына, туған елiне деген шексiз сүйiспеншiлiгi, мал шаруашылығымен айналасуға икемдiлiгi, меймандостығы мен балажандығы, өмiрдiң қиыншылықтары мен əдiлетсiз iстерге төзiмдiлiгi, сөз өнерiн ардақтауы, шешендiк қабiлетi, еңбексүйгiштiгi мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттерi болып табылады. Əрбiр ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тəн қасиеттердiң жайжапсары əлеуметтiк психология саласы этникалық психологияның зерттейтiн төл пəнi.
Адамның мiнезқұлқының өзгерiп отыруына əлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми түрғыдан анықтылған тарихи шындық жəне объектив фактор.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Бала мінез құлқына әсер ететін факторларды көрсету; Тәрбие басы тал бесіктен басталатының дәлелдеу; Бала мінез-құлқын тәрбиелеуде ата-ана, ұстаздар рөлі туралы толық мағлұмат беру.

1. Левитов Н.Д. Психология характера. М., 1969 (1826, 4254, 5786, 117127, 332377 беттер).
2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т.2. М., 1989 (211235 беттер).
3. Стихов И.В. Психология характера. Саратов 1970, (380 беттер).
4. Бодалев А.Л. Психология личности. М., 1988, (1124 беттер).
5.Галин А.Л. Личность и творчество. Новосибирск, 1989 (733 беттер).
6.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекции. М., 1988, (257280 беттер).Личко А.Е. Психология и акцентуация характера у подростков. Л., 1983 (610 беттер).
7.Буянов М.И. Ребенок из неблогополучной семьи. Записи детского педиатра. Книга для учителей и родителей. М., 1988 (190199 беттер).

Мазмұны
1 Бөлім Мінез туралы және мінез бітістеріне сипаттама
1.1 Мінез туралы жалпы түсінік
1.2 Мінез бітістері, Типтік мінез бітістері
2 Бөлім Мінез құрамы, құрылымы және мінез құлқын жөндеу
2.1 Мінез құрамы мен құрылымы
2.2 Адамның өз мінез-құлқын жөндеуі.
Кіріспе
Ұлттық мiнез адамдардың тарихи қалыптасқан бiрлестiгi мен iрi топтары болып
саналатын этностың, үлттың, халықтың өмiр тiршiлiгi мен əлеуметтiк
жағдайының түтастығы арқылы танылады. Əрбiр халық пен үлттың, этностың
өзiндiк мiнезқұлықтарының ерекшелiктерi болатындығы тарихи шындық жəне
объектив фактор. Қазақ халқының түркi тектес өзге халықтардан ерекшеленiп
түратын өзiндiк сипатқасиеттерi бар. Ыбрай Алтынсарин еңбектерiнде өз
халқының мiнезқүлқына тəн бiрсыпыра қасиеттердi атап көрсеткендi. Оның
анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кiшiпейiлдiк, ашықжарқын
көңiл мен кеңпейiлдiлiк, өзге нəсiлдi адамдарға деген достық жəне сыйластық
көзқарас, қонақжайлылық пен пайымшылдық сияқты қасиеттер тəн. Сондайақ,
олардың бойында өзге де мiнезқұлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың
өз жерi мен Отанына, туған елiне деген шексiз сүйiспеншiлiгi, мал
шаруашылығымен айналасуға икемдiлiгi, меймандостығы мен балажандығы,
өмiрдiң қиыншылықтары мен əдiлетсiз iстерге төзiмдiлiгi, сөз өнерiн
ардақтауы, шешендiк қабiлетi, еңбексүйгiштiгi мен шыдамдылығы олардың жалпы
ұлттық қасиеттерi болып табылады. Əрбiр ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға
тəн қасиеттердiң жайжапсары əлеуметтiк психология саласы этникалық
психологияның зерттейтiн төл пəнi.
Адамның мiнезқұлқының өзгерiп отыруына əлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал
етiп, оның жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми түрғыдан
анықтылған тарихи шындық жəне объектив фактор.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Бала мінез құлқына әсер ететін факторларды
көрсету; Тәрбие басы тал бесіктен басталатының дәлелдеу; Бала мінез-құлқын
тәрбиелеуде ата-ана, ұстаздар рөлі туралы толық мағлұмат беру.

Әр адам сыртқы дүниенің тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап
қайтарып отырады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын қатынастарының
жиынтығы оның мінезін құрайды. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез
бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының
нәтижесі болып табылады. Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез
бітістерінің кейде ол сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес
келмейтін кездеріде болады.Мәселен, біреудің қатал, не тамыр болуының
негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының
тұрақты жүйесі жатпай, темпараменттің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне
байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез- адамның негізгі өмірін, бет алысын және оның өзіндік
әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол-көп қасиеттің
бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан
көрсететін қасиет.
Мінез дегеніміз-әрбір адамның жеке басына тән өзіндік
психологиялық қасиеттерімен ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез- кең мағыналы ұғым. Мінездің моральдық жағынан
тәрбиелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындылығы,
салмақтылығы- оның негізгі сапалары болып еептелінеді.
Рухани дүниесі бай,қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-
өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Бірқалыпты, тұрақты мінезі
бар адам басқалардың жетегінде кетпейді. Жақсы мінезге тән сапалардың
біріне оның байсалдылығы жатады.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттері;
қабілет,темпераментпен тығыз байланыст. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір
мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің
қосар үлесі зор.
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (
мектеп,балалар мекемелері, оқу, қоғамдық ұйымдар т.б) тығыз байланысты. Осы
айтылған дар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез мәселен,
ешбір бала туысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті неұстамсыз болып
тумайды. Оның мінезі ұзақжылғы өмір сүру барысында өмірдің сан-алуан
ағымына қарай тәрбие үрдісінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның
нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші роль атқарып
отырады. Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында
тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы.
Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған
сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам
мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi
iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге
болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға
болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн
танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi
сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда
даудамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық
осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi
кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын
алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен
айқындалады. Тұрмыс қалпы əр адамның ойлау, сезiм, ниет, əрекет сипатын
бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жанжақты қамтыған
қоғамдық шарттар мен əлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен,
мiнездiң нақты қалыптасуы əртүрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы,
достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы
топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға
тəуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен
бiрге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына
байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары
деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мəндi де ұнамды бiтiстерiнiң
қалыптасуына оң əсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз
дəреже, деңгейiн арттыра түседi.
Қоғам əсерлерi мен ықпалдарын бейнелейтiн мiнез мазмұны жеке адамның
өмiрлiк бағытбағдарын құрайды, яғни оның заттай жəне рухани қажеттерiне,
қызығуларына, нанымсенiмдерiне, мұраттарына ж.т.б. негiз болады.
Бағытбағдарға сай жеке адам өз мақсаттарын, өмiрлiк жоспары мен сол
жоспарды iске асыруда қажет белсендiлiк деңгейiн белгiлей алады. Мiнезге
орай адамның дүние талғамы, өмiр мəнi, белгiленген мақсатмүдделерiнiң,
əрекет қылықтарының себептерi ашылады.
Мiнездi дұрыс түсiнуде адам үшiн маңызды болған қоғамдық құндылықтар мен
жеке талғамдар арақатынасы шешушi мəнге ие. Əр қоғамның өзiне сай маңызды
да мəндi мiндеттерi болады. Мiне осы мiндеттердi iске асыру барысында мiнез
қалыптасады. Кейiн солар тұрғысынан тексерiледi, бағаланады. Сондықтан да
мiнез қандай да адам қасиетiнiң (төзiмдiлiк, өжеттiк т.б.) көрiнiсi ғана
болып қоймастан, қоғамдық мəнi бар iсəрекетке болған бағытбағдар сипатын
аңдатады. Осыдан мiнездiң тыңғылықтылығы, бiргелкiлiгi адамның өмiрлiк
бағытбағдары негiзiнде нақты бiр қалыпқа келедi. Мiнез қалыптасудағы басты
шарт өмiрлiк мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның
шашыраңқылығы босбелбеулiк, мiнезсiздiктiң белгiсi. Солайда болса, жеке
адам мiнезi мен оның бағытбағдары екiталай нəрсе. Алдыңызға ақ көңiл
кейiппен келген адамның бiрi iзгi ниеттi де, ал екiншiсi жауыз болуы
мүмкiн. Жеке адам бағытбағдары оның барша əрекетқылығына iз бередi. Əрдайым
қылық осылай болсын деген ниеттен ғана емес, адам қатынастарының бiртұтас
жүйесiне негiзделедi, ал бұл жүйеде қандай да қасиет басымдау болумен адам
мiнезiне белгiлi сипат ендiредi. Қалыпқа түскен мiнезде адамның
нанымсенiмдер жүйесi жетекшiлiк етедi. Тиянақты көзқарас наным адамның өз
iсəрекетiн ұзақ мерзiмдi бағытбағдарға сай белгiлеп, мақсатқа жетуде
жiгерiлiлiктiң, орындап жатқан iсiнiң дұрыс та маңызды екенiне сенiмдiлiк
туғызады.
Мiнез ерекшелiктерi адам қызығуларымен тығыз байланысты, бiрақ оның бұл
қызығулары мəндi əрi тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар үстiрт, тұрақсыз
болған жағдайда, дербестiгiнiң кемдiгi мен тиянақтылығы болмағанынан жеке
адам елiктегiш келедi. Қызығулар ұқсастығы мiнез теңдiгiн аңдатпайды.
Мысалы, өнертапқыштар арасында көңiлдi не мұңды, кiшiпейiл не өзiмшiл
тұлғаларды айыруға болады.
Мiнез адамның қолы бос уақытындағы (досуг) өзi қалап шұғылданған iстерiнен
де танылуы мүмкiн. Мұндай қызуғалар тұлға мiнезiнiң жаңа, ерекше қырларынан
хабардар етедi. Мысалы, ұлы ғалым химик Ебней Бөкетов қолы босаса,
аудармашылықпен айналысып, орыс, батыс қаламгерлерiнiң небiр əйгiлi көркем
шығармаларын қазақ оқырманына жеткiзген; атақты тiл ғалымы Əбдуəли Хайдари
демалыс уақытында қазақы ертұрман, қамшы жəне т.б. заттарды оюлап,
жолдастарын таң қалдырған; ғұламатүркiтанүшы академик Рахманкүл Бердiбай
колы босаса, күйшiлiк өнермен айналысады. Адамның рухани немесе заттай
қажеттiлiктерiнiң қайсысының басым болуына қарай оның тек ой, сезiмдерiнiң
ғана емес, сондайақ iсəрекетiнiң де бағытбағдары айқындалады. Бұл арада аса
маңызды нəрсе iсəрекеттiң алға қойылған мақсатқа тiкелей сай болғаны,
себебi адам не iстеп жатқаны немесе не iстейтiнiне қарай бағаланбайды,
əңгiме сол iстi қалай орындайтынында. Осыдан мiнез калпы адамның
бағытбағдары мен iсəрекет кейпiнiң бiрлiгiнен келiп шығады.
1.2 Мінез бітістері. Типтік мінез бітістері
Адамның өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан,
оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп
кездесіп отырады. Типтік мінездер-белгілі тарихи қоғамдық жағдайлардың
нәтижесі.
Адамның санасыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға
жинақтауға болады, яғни адамның ұстаған бағытынан, бүкіл психикалық
тұрпатынан байқалатын мінез бітістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады
Мұның біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері
кіреді. Бұларға : ұжымдық, имандылық, қайырымдылық, үйірсектік, адамдық
және осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатыгездік, тұйықтық, зымияндық т.б.
бітістер жатады.
Адамның өз-өзіне қатынасын білдіретін мінез сипаттарына:
кішіпейілік, қарапайымдылық, өзін-өзі сыйлай алу, талап қоя білушілік,
бұларға қарама-қарсы өр көкректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т.б. жатады.
Типтік мінез бітістері
Белгілі қоғам мүшелеріндегі ортақ мінездердің қатарына: отанға
берілгендік, адамдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүшесіне дұрыс
көзқарас, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық т.б.
жатқызуға болады. Типтік мінездерді зерттеу психология ғылымының алдындағы
басты міндет.
1. Отансүйгіштік – кісінің бойындағы күш қуатын, білімі мен
тәжірибесін, халық мүддесіне, оның игілігіне яғни, адамның кір жуып,
оның кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы,оның кісілігін
танытатын ерекше асқақ сезім.
2. Мақсаткерлік –бұл адамның өз мінез -құлқын көздеген мақсатына
алаңсыз бағыштауы. Мұны өзінің ұстаған бағыт –бағдар позицияалуы.
Алдағы мақсатынан ауытқу, бос белбеулікке салыну- ар-намыс пен
ожданға сиыспайтын қасиет.
3. Борыш пен жауапкершілік Бұл- адамның үй-іші, әке- шеше, тума-
туысқандарына қатысты туындайтын қасиет. Борышты сезіну, оны орындау
ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл менсезім
тұрғысынан жақсы, иманды, имансыз деп бағалау армен ұятқа келіп
тіреледі. Адам өзінің борышымен жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз
қылық көрсете, мұнысы тәрбиелі кісіге мықтап батады, оның арына
тиеді, тіпті ой-санасынан кетпей қояды.
4. Мейірімділік пен ізгілік. Осы екі қасиет басқаларға ( әке-шеше,
ағайын, туыс, таныс т.б.) көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу,
адамдармен қарым-қатынас жасау эмоциялық жағынан тиімді.
Мейірімділік- деп жазды К. Бови-“мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер
ести алатын тіл”.
Кісіге ізгілік, имандылықпен қарап, оған мейірімділік пен мейірбандық
білдіру –ұнамды мінездің көрінісі.
5.Адалдық пен шыншылдық. Бұл екеуі- бір-бірімен біте қайнасқан
кісінің жақсы мінез бітістері. Адалдық пеншыншылдық бар жерде кісі
әділетті де, кішіпейілдік пен қайырымдылық, қарапайымдылық жасап жүреді,
бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді.
6. Достық. Бұл- ортақ көзқараспен мүдде, мақсат бірлігі негізінде
пайда болып, уақыт сынынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты, тек
адамға ғана тән жоғарғы сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің
гүлдене түсуіне жәрдемдеседі. Оның маңызды белгісі- өте берік, әрі терең
эмоциялық жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүзінде де, іс жүзінде де
адал және шынайы болу, өзара терең мүдделік, бір-біріне толық сену, қайғы
мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық.
7. Дос іздеу- асқақ арман мен таудай талап, шексіз шетсіз үмітке толы
жас реңнің ерекше сезімі. Ол өзара пікір алысудың, болашақты жоспарлап,
меңзей білудің, сенім нанымдарды қалыптастырудың таптырмас мектебі. Осы
кезде жас адам үшін құрбы- құрдастардың орыны ерекше. Достық -өмірдің
даңғыл жолы емес, сондықтан ол туралы үстірт, жеңіл ұғымдардан аулақ болу
қажет.
Мақсатқа жетуде бағытбағдар бiрдейлiгi болғанымен, əр адам өз жолын
таңдайды, өзiне қолай, қайталанбас əдiстəсiлдердi пайдаланады. Осы
дербестiктен адам мiнезiнiң ерекшелiгi көрiнедi. Белгiлi ықпалға ие мiнез
бiтiстерi əрекет немесе қылық түрiн таңдауда айқын жүз бередi. Бұл тұрғыдан
тұлғаның табысқа жету қажеттiгiн туындатқан ықылас, ниет көрiнiсiнiң
деңгейiн (табандылық, шешiмдiлiк, жүректiлiк немесе ерiксiздiк, қорқақтық,
күдiкшiлдiк ж.т.б.) мiнез бiтiсi деп тануға болады. Осыған байланысты кей
адамдар күмəнсiз табыс қамтамасыз ететiн əрекеттердi (ынта бiлдiру, жарысқа
түсу, тəуекелге бел байлау ж.т.б.) таңдап алады, ал екiншiлерi сəтсiздiктен
қашуды көздейдi (жауапкершiлiк алмайды, жүрексiнедi, ықыласы мардымсыз
ж.т.б.).
Мiнез жөнiндегi бiлiмдер
Мiнез құбылысын зерттейтiн ғылым характерология ұзақ даму тарихына ие.
Ғасырлар бойы бұл психология саласы мiнездер типiн саралап, адамның əртүрлi
өмiр жағдайларындағы əрекетқылығын болжастыру мақсатында əрқандай мiнез
сипатын нақтылаумен шұғылданып келдi. Адамның тума емес, өмiр барысында
қалыптасатын белгiсi болғандықтан, мiнез типтерiн жiктеу көбiне тұлға
дамуындағы сыртқы, жанама факторларға негiзделедi. Осы бағытта ежелден
өрiстеп келе жатқан, мiнез танып, əрекетқылық болжастырудың психологиялық
жолдары бар. Солардың кейбiрiне қысқаша түсiнiк:
Жұлдызнама(гороскоп) адам мiнезiн туған күнiмен байланыстырып түсiндiредi.
Жалпы қабылданған уақыт өлшемдерi белгiлi кезең, аралыққа бөлiнедi, олардың
əрқайсысына нақты белгi, символ берiледi. Осы символға (ағаш, от, су,
жануар т.б.) тəн əртүрлi қасиеттерге орай адам мiнезi суреттеледi. Мысалы,
кельт жұлдызнамасында 22 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында туылған алмаға
тектес, осыдан мұндай адам сүйкiмдi, ақ жарқын, кеуiлшең т.б., ал қазақы
жұлдызнамада жоғарыда аталған күндерi туылғандар таутеке, яғни мұндайлар
өжет, тұрақты, төзiмдi, тұйық, сыршыл келедi.
Физиогномика(phisis табиғат, gnomon бiлу) адамның сыртқы келбетiне жəне
сондай келбеттi тұлғаларды ұқсастығымен белгiлi топқа бiрiктiрiп, олардың
психологиялық сипатын анықтайтын ғылым. Адам дене бiтiстерiне қарай
жануармен салыстырылады да сол жануарға тəн мiнез ерекшелiгi оған таңылады.
Мысалы, Аристотель пiкiрiнше, адамның мұрын танауы өгiздiкiндей жуан да
қалың болып келсе, ол ерiншектiк белгiсi; шошқадай кең танау, жалпақ мұрын
ақымақтық; қой, ешкi жүнiне ұқсас шашты адам үркек; доңыз, арыстан
қылшықтарындай тiке шашты адам ержүрек, батыл ж.т.б.
Адамның басқа да келбет көрiнiстерi (көз, ауыз, отырыстұрыс т.б.) негiзiнде
мiнездi байқастыру осы физиогномика аймағында жоғары дамыған.
Хиромантия(сһеіг қол, тапііа бал ашу) адам мінезін алақанның тері
бедерлері, түсі арқылы болжастыру жүйесі.
Дерматоглификабармақ, алақан терісіне тумадан түсетін өрнектер арқылы адам
мінезін анықтайтын ғылым жүйесі.
Графологиямəнерлі əрекет жазу таңбасына орай адам мінезін анықтауға
бағытталған ғылым.
Адам мінезі сан алуан. Бұл ісəрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы
шапшаң, екінші асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші іске ойланбастан
асыла салады, кейін барып ойланады, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді.
Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер мiнез бiтiстерi деп аталады.
Қандай да бітіс əрекетқылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған қалыпты жағдайлардан бөлек
қаралмайды (кейде əдепті адамның өзі де дөрекілік танытады). Сондықтан
қалаған мінез бітісі нақты жағдайда орынды көрінген қылықтың тұрақты
формасы.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты
болуынан да білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым
жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Дегенмен,
ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез бітістері
адам əдетіндей бірқалыпты, механикалық қайталана бермейді. Солай да болса,
мінез бітістері мен əдеттер арасында жақындық та бар: мысалы, мінез бітісі
ретінде жауапкершілік адамның ұқыптылық əдетінде көрінеді. Бірақ əдет мінез
бітісіне өте бермейді, ол тек қандай да қылыққа ыңғайлылықты танытады.
Мінез бітістері өз ішіне ойлау, түсіну əдістерін қамтиды. Қайсы бір тұлғаға
тəн қылықты жасауда ерік, сезім қосылады. Ал əдет мұндай психикалық
процестердің бірімен де байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам қылығына
ықпал ете отырып, сол қылықəрекет барысында қалыптасады, бекиді. Мінез
бітістерінің қалыптасуын əрекетқылық мотивтерінен айыра қарауға болмайды.
Қандай да қылық мотиві əрекетте іске аса отырып, мінезде бекиді. Əрқандай
мəнді, тұрақталған мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері мотивте
алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал кейін оны əрекет тұрақты қасиет ке
айналдырады. Осыдан қандай да мінез бітістерін қалыптастыру қажет
қылықəрекет мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған ісəрекеттерді
ұйымдастырудан басталады.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің диалектикалық
қарамақарсылықтарында көрінеді: күштіəлсіз, қаталжұмсақ, тыңғылықты өзара
қайшы, кеңтар ж.т.б. Егер мінез күштілігі адамның алға қойған мақсатына
жетудегі, кедергілерді жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез əлсіздігі
қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б. байқалады. Мінез қаталдығы
өжеттік, тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан адам икемшіл, орнымен
шегінеді, келісім жолдарын табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен
қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші жəне екінші деңгейлі
қасиеттердің дəрежесімен анықталады. Қасиеттердің бəрі өзара үйлесімді
келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен үндеспесе қайшылықты
мінез орнығады. Адам қызығулары мен ұмтылыстарының, ісəрекеттерінің
жанжақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің кеңдігін танытады. Мұндай
адам əлемдегінің біріне қызығып, бəріне араласқысы келеді. Ал бұларға қарсы
мінезі тар адамдар өзінөзі шектеуге бейім, ниет əрекеттерінің өрісі өте
елеусіз.
Сонымен бірге, адам мінезінің тұтастығы мен көп тараптылығы кейбір
жағдайларда бір адамның өзінде де əрқилы, тіпті қарамақарсы қасиеттердің
болатынына шек келтірмейді. Адам бірдей өте нəзік мəдениетті болуымен бірге
қатал талапшаң болуы мүмкін. Осыған қарамастан, оның мінезі сақталып, оның
қырлары айқын көріне түседі.
Көп жағдайда мiнез жəне темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде
бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек.
Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни
жүйке жүйесіне болған тəуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында
белгілі жүйкелік сипатты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге,
темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент
мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық ұстамсыздық, қозғалғыштық
салғырттық ж.т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез
темпераментке бүтіндей тəуелді емес. Біргелкі темпераментке ие адамдарда
əрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент ерекшеліктері қайсыбір
мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда
меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректiлiктi дарытуы қиынға соғады. Ал
холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиник ұқсап
көпшiлiкпен тез тiл табысып кете алмайды, т.с.с.
Мiнезi тұрақталған адамда темперамент дербес əрекет көрiнiсi болудан қалып,
мiнез бiтiстерiне сай əрекетқылықтардың iске қосылу динамикасын айыруға
көмектеседi. Мiнез жəне темперамент бiтiстерi адамның бiртұтас
келбеткейпiнде өзара байланысқа түсiп, тұлға даралығының интегралды
сипаттамасын бередi.
Мiнезбен ерiк арақатынасы өте тығыз. Осыдан көп жағдайда мiнездi адам
жəне еркi күштi адам сөз тiркестерiн бiр мəнде түсенемiз. Ерiк, көбiне,
мiнез күшiмен, қатаңдығымен, табандылығымен ж.т.б. байланысты. Адам
мiнезiнiң күштiлiгiн айта отырып, ондағы ерiктiк сапалар мен мақсат
берiктiгiн ескеремiз. Бұл тұрғыдан адам мiнезi ерiк сапаларын қажет ететiн
қиын жағдайларда, үлкен кедергiлердi жеңуде көрiнедi. Алайда, мiнез тек күш
сипатымен айқындалмайды, онда əрқилы өмiр жағдайына орай ерiк əрекетiнiң
қызметiн бағыттаушы мазмұн бар. Бiр жағынан, ерiктiк əрекеттерде мiнез
қалыптасады əрi көрiнедi, адам үшiн маңызды ситуацияларда ерiк мiнезге
ауысып, тұрақты қасиет түрiнде бекидi; кейiн осы қасиет адам қылығы мен
ерiктiк əрекеттерiне ықпал етедi. Ерiктi əрекет əруақыт мақсатына орай нық,
тұрақты жəне табандылығымен ерекшеленедi. Екiншi тараптан, еркi бос адамды
көп жағдайда мiнезсiз деп сипаттайды. Психологиялық тұрғыдан бұлай
болмауы тиiс, еркi бос адамның да қандай да мiнез бiтiстерi баршылық:
қорқақтық, жүрексiздiк, сенiмсiздiк ж.т.б. Мiнезi айқын болмағандықтан
адамның iсəрекет, қылығын алдын ала болжастыру мүмкiн емес. Мұндай адамда
оның қылықəрекетiне жетекшiлiк еткендей дербес бағытбағдар жоқ. Оның
əрекеттерiнiң бəрi өз билiгiнде болмай, тысқы ықпалдарға тəуелдi.
Мiнезерекшелiктерi адамның сезiмдiк процестерiмен байланысты, əрi бұл
байланыс өзара ықпалды. Бiр тараптан, инабаттық, эстетикалық, интеллекттiк
сезiмдердiң даму деңгейi адамның iсəрекетi мен қатынасына жəне бұлар
негiзiнде қалыптасқан мiнезге тəуелдi. Екiншiден, осы сезiмдердiң өздерi
тұлғаға тəн тұрақты ерекшелiктерге өтiп, адам мiнезiн құрайды. Борыш
сезiну, əзiлдi көтеру, т.с.с. күрделi сезiмдердiң болуы жоғары дамыған
адамның сипатын танытады.
Адамның мiнез бiтiстерiнде ақылой (интеллект) үлкен маңызға ие. Ой
тереңдiгi мен жүйрiктiгi, қалыптан тыс мəселелердi қоя бiлiп жəне оны
дербес шешу, ой жұмысындағы ынта мен сенiм бəрi адам мiнезiнiң ақылдық
қорының белгiсi. Ал осы ақыл қабiлетiн пайдалануда бағыт таңдау тiкелей
мiнезге байланысты. Тұрмыста ақылға кенде емес, бiрақ (мiнез
жарамсыздығынан) жарытып, ештеңе өндiрмейтiн адамдар аз емес.
Мiнез құрастырушы көптеген қасиеттер бiртұтас, олар даралап, шектеуге келе
бермейдi (өшпендiлiк, күдiкшiлдiк, сақилық т.б.). Ал кейбiр қасиеттер,
мысалы, ерiктiк (жүректiлiк, дербестiк т.б.), сезiмдiк (жайдарылық,
көңiлдiлiк т.б.), ақылсаналық (ой тереңдiгi, сындарлық т.б.) адам
мiнездерiнiң ерекше құрамды бөлiктерi ретiнде талдауға келедi. Барша мiнез
бiтiстерi өзара заңдылықты байланысқан: батыр адам сақи да табанды; ашық
адам жайдарлы, сенiмдi, достыққа тұрақты т.б.

Мiнез түрi өзiнiң құрамындағы бiтiстердiң жалпы сипатына тəуелдi келедi, ал
бiтiстер негiзгi немесе жетекшi жəне қосалқы болып бөлiнедi. Негiзгiлерi
адамның бағытбағдарын айқындауға ықпалын тигiзiп, яғни адамның тұрақты
мiнезiнiң сипатын бередi де, қосалқылары мiнез қырларын толықтыра түседi.
Мысалы, батылсыздық, қорқақтық жəне альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi
жетекшi мəнге ие болса, онда адам секемшiл мiнездi келiп, бiреуге жақсылық,
яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл, күдiктi болуынан көздеген iсiне бара
алмайды. Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi жағымсыз
бiтiстердi қаймықпай басып, қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам
жасайды.
Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына
байланысты. Бұл қатынастардың мəнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк
объекттердiң маңызымен анықталады:
1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл өтiрiкшi, əдептi дөрекi
т.б.).
2. Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер — ерiншек т.б.)
3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншылөзiмшiл т.б.).
4. Заттарға қатынасынан (сақи ашкөз, ұқыпты — салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бəрiнiң де мiнез түрiнiң қалыптасуында үлкен маңызға
ие екенi сөзсiз, дегенмен тұрақты, нақты мiнездiң орнығуы ең алдымен
адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дəрежесiне тəуелдi. Ұжымнан тыс
тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т.б. формаларда көрiнетiн iзгi
ниеттерiнен бөлек мiнез түрi болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе
отырып, бiрi екiншiсiнiң мiнезiне таңбасын салады, осыдан кей адамдар
əрекетқылығында өзара ұқсастыққа келедi немесе қарамақарсы, бiрақ бiрiнiң
кемшiлiгiн екiншiсi толықтыратын бiтiстердi игередi. Алайда, еңбек,
iсəрекет қатынастарында қалыптасқан мiнез бiтiстерi мəндiрек келiп, мiнез
түрiнiң басқаларынан ажыралуына себепшi болады.
Мiнез əр тұлғада өзiнше көрiнiске ие, солайда болса, оның құрамында белгiлi
топ адамдарына ортақ бiтiстердi бiрiктiруге болады. Осыдан, мiнез түрi
(типi) адамдардың кейбiр тобына тəн қасиеттiң бiреудiң дара мiнезiнде нақты
көрiнуi. Мұның түпкi себебi мiнез тума берiлмейдi, əр адамның белгiлi топ,
қоғам өкiлi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz