Педагогика-психология ғылымы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-4

1. Педагогика-психология ғылымының тарихы

  1. Педагогика-психология ғылымының даму тарихындағы өзгерістер . . . 5-9

1. 2 Педагогика-психология ғылымының салалары . . . 10-12

2. Педагогика-психологияның зерттелуі және ғылыми ойлардың қалыптасуы

2. 1 Педагогика-психология саласының зерттелуі және ғылыми

еңбектердің бағыты . . . 13-18

2. 2 Психологтардың еңбектерінің маңызы . . . 19-27

Қорытынды . . . 28

Пайдаланған әдебиеттер . . . 29

Қосымша А

Қосымша Б

Кіріспе

Өзектілігі: Педагогика-психология ғылымы және Педагогика-психология ғылымының қалыптасуындағы маңызды жақтарының мәнін ашу. Кеңес психологтарының еңбектірімен танысып, мәнді және дұрыс жақтарын қарастыру. Ресей психологтары өзіндік ерекшелігі арқылы Педагогика-психология ғылымына үлес қосты. Олардың ғылым жайлы талдаулары өзіндік зерттеу барысы мен адамдар арасындағы қарым-қатынаспен өзіндік ерекшелік арналарын тоғыстырар арна болып келеді.

Мақсаты: Педагогика-психология ғылымының даму жолдарын анықтау.

Міндеті: Педагогика-психологияның ерекше орнын көрсету.

Зерттеу пәні: Педагогика-психология ғылымының дамуы.

Зерттеу объектісі: Педагогика-психология ғылымының даму сатысы.

Зерттеу әдістері:Жинақталған материалдарды талдау.

Педагогика-психологиялық ілім-білімдердің ілкі бастауы, түп-төркіні ерте замандардан бастау алатыны белгілі. Жан туралы ілім есте жоқ ерте дәуірлерде, ежелгі дүние елдерінде (Үндістан, Қытаймысыр, Вавилон, Грекия) пайда болып, іршілік, өмір, жан мен тән, оқыту, тәрбие негізгі мәселелер ретінде күн тәртібіне қойылып келген. Жан мәселесін ежелден бастап ерекше мән берген. Мәселен, жанға байланысты ой-пікірлер фольклорда, әсіресе мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Қазіргі Педагогика-психология ғылымында жанды көбіне психика ұғымының синонимі ретінде қарастыратынын да ескеруіміз қажет.

Педагогика-психология ғылым туралы сөз қозғалатын он томдық кітапті айтуға болады. Бірінші томға кеңестік Педагогика-психологияның іргетасын қалаушылардың бірі, маркстік Педагогика-психологияның Моцарты атанған Л. С. Выготскийдің (1896-1934) жан мәселесін баяндайтын мәдени-тарихи теориясы беріліп отыр. Бұл ілімнің түрлі аспектілері 1982-1984 жылдары Мәскеудің «Педагогика» баспасынан шыққан автордың 6 томдығында жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мәселелер:

  • Жоғары психикалық функциялардың даму тарихы;
  • Жасөспірім педагогикасы;
  • Жалпы Педагогика-психологияның проблемалары

Жоғары психикалық функциялардың даму тарихында-оның проблемалары, талдауы, құрылымы, сонымен бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл және жазбаша тіл) көптілділік мәселелер қарастырған.

Тәуелсіз еліміздің тіл мәселесі, оның ішінде қазақ тілінің проблемалары күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғаны белгілі. Осы орайда, Педагогика-психология ғылымында қарастырылған тіл мәселелер, көптілділіктің, соның ішінде қостілділіктің балалық шақта қалыптасуы бүгінгі күннің аса өзекті проблемаларының бірі болғандықтан, бұл зерттеулердің өзіндік ерекшелігі болып отыр.

Сонымен қатар Л. С. Выготскийдің «Сөйлеу мен ойлау» мәселелерінің түп-тамыры, оның дамуын, қалыптасуын, ара қатынастарын еңбектерінің қазақ тіліне аударылуының да өзіндік маңызы зор.

Педагогика-психология ғылымындағы іс-әрекет теориясы, әйгілі кеңес психологтары С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. Б. Ананьев және еңбектерінің үзінділерін аударған. Іс-әрекет Педагогика-психологиясының теориясы 20 ғасырда кеңестік Педагогика-психология ғылымында басты орын алады.

1. Педагогика-психология ғылымының тарихы.

1. 1 Педагогика-психология ғылымының даму тарихындағы өзгерістер.

Педагогика-психология - психикалық құбылыстардың («жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес, ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т. б. ) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жақсы кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ, психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды - сөз болып отырған Педагогика-психология ғылымы қарастырады. Педагогика-психология ерте замандардан келе жатырған білім салаларының бірі. Оның дүниеге ең тұңғыш келген жері ежелгі Греция. «Педагогика-психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сөз, ілім) . Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ, Педагогика-психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. [1]

Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель(б. з. д. 384-322) есімімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде Педагогика-психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т. б. ) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әртүрлі құрал - жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Ғылымның осы саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В. Вундт (1832-1920) болды. Педагогика-психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда аталған аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір, талас-тартыстарына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б. э. д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көпрет қайталанған іс-әрекеттері мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге жәрдемдеседі.
Ғылыми Педагогика-психология адамның ой-өрісі, сана-сезім дәрежесі іс-әрекеттен оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бір-бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін, басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді. Осы айтылғанға орай Педагогика-психологиясын нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу-ғылыми Педагогика-психологияның ең негізгі принципі. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдау - ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым- қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің бір-бірімен байланысы) заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.
Тұлғаның ғылым әлеміне, мәдениет кеңістігіне кіруі, тағылым алуы, адамгершілік жағынан жетілуі тәрбие ісімен де шарттас. Адамның дамуы, қалыптасуы жайлы әр түрлі пікірлер мен теориялар бар. Қажетті нышандарды табиғат беретіндігі, әлеуметтік ортаның ықпалы, тәрбие ісін ұйымдастыруды үлестіре білу баланың ынтасы мен бейімділігін, қабілеті мен дарындылығын дамытудағы мәні зор мәселе. Ғылыми матералистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс - әрекет, қарым - қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады.

Бұл жағынан келгенде мынадай төрт жүйені атап көрсеткен жөн:
1. Психикалық жаратылыс қасиеттері-жас ерекшеліктеріне қарай дамуы, темпераменті, болмыс бітімінің жетілуі.

2. Психикалық үрдіс-зейін, ес, ерік, ойлауы т. б.

3. Тәжірибенің өрістеуі - дағды, білік, әділет.

4. Танымдық бағдар алуы - көзқарас, қызығушылық, ынта - ықылас т. б. [2]
Адам - жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс - әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс - әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осы орайдан тәрбие беру мақсатын айқындап, оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе. Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы - дүниенің даму заңдылықтарын терең танып, өзінің оған деген қарым - қатынасын белгілеуге жол ашады. Тұлғаның нышандарын дамытуда діни тәрбие де айтарлықтай қызмет атқарады. Ілгеріде өткен бабаларымыз кейінгі ұрпағына баға жетпес мол мұра қалдырса, оны тұтынған бір кездегі отырарлық Әбу Нәсір әл - Фараби бастаған ғұламалардың ұлы дәстүрі өзінің жалғасын табуда. Аталарымыз осыдан мыңдаған жыл бұрын ислам дінін таңдаса, кейінгі ұрпақ оны жалғастырып қана қоймай, зерттеп, қастерлеп, рухани тәрбиеге айналдыра бастады. Адам - белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекетжоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам - тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады.

К. Маркстің айтуынша, жеке адам - «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы». [3]
Адамның көптеген Педагогика-психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады.
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Жеке адам Педагогика-психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі-адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика және идеялизмге жат, дәйекті ғылыми - материалистік дүниетаным.

Педагогика-психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Педагогика-психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» - қазақ тілінде «жан», «логос» - «сөз», «ұғым», «ой» деген сөздердің мәнін береді. [4] Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым Педагогика-психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны-жан құбылыстарын зерттейтін ғылым деп түсінген. Педагогика-психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі, әрқандай нақты заттың өзі мен оның қабылдаған кейпі бір-бірінен ажыратылып тұратыны даусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай адам ұстамға келетін тәннен және көрінбейтін жаннан бір-бірінен бөлінбейтін дербес екі бөліктен тұрады деген сенім туындады; яғни адам өлмейінше, жан оның тәнінде жасап, өлгеннен соң тәннен шығып кетеді. Адам психика жөніндегі кейбір түсініктердің өз өмір тәжірибесі негізінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінуге, бірлікті тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай Педагогика-психологиялық пайымдаулар ғылыми Педагогика-психологияға дейінгі білімдер ауқымын құрады. Осы біршама бірліктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-әрекетіне орай қатынас жасауға көмегін тигізеді. Бірақ мұның бәрі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсіз. Оларды біз күнделікті тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен, көркем әдебиеттен, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен ұғып, түсініп келдік. Қазіргі заман Педагогика-психология теориялары мен Педагогика-психология салаларының бастаулары нақ осы өмір тәжірибесі мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келіп шығады. Материализмнің ең алғашқы түрі Грецияның сол кездегі отары Ионияда, біздің заманымыздан бұрынғы VII ғасырдың аяғында, VI ғасырдың басында пайда болды. Мұндай көзқарас ұсақ өнерлі кәсіптің, сауданың, ғылымның, өсіп дамуымен байланысты еді. Ғалымдар дүние, табиғат жайлы мәселелермен шұғылданып, ерекше зейін қойып, анайы материалистік, диалектикалық көзқарасты дамытты. Дүние неден және қайдан пайда болды деген ой грек философиясының негізгі проблемасы болды. Ежелгі Грецияда жан туралы материалистік көзқарасты мейлінше жақтағандардың бірі Демокрит. Оның айтуынша, дүниеде атомдар мен бос кеңістіктер ғана бар. Атомдар - материяның бөлінбейтін бөліктері. Олар мәңгілік өзгермейді, үнемі қозғалыста болады, оларды бір-бірінен түрі, көлемі, жағдайы, орны арқылы ғана ажыратуға болады. Жан өте ұсақ, шар тәріздес атомдардан құралған. Адамның түйсіктері айналадағы заттардың көшірмесі, бейнесі, сәулесі. Түйсік пен ойлау сыртқы заттардың бейнелері, олар заттардың әсер ету нәтижесінен пайда болады, бұл бейнелер де көзге көрінбейтін ұсақ атомдар. Демокритке қарама-қарсы көзқарасты ежелгі Грецияның белгілі объективтік идеалисі Платон дамытқан. Оның айтуынша, екі дүние бар: бірі - сезілетін заттар дүниесі (бұл жалған дүние), екіншісі - идеялар дүниесі (ақиқат дүне) . Идеялар барлық нәрселердің негізінде болады. Заттар - идеялардың көлеңкесі. Идея - мәңгі, зат - өтпелі, ол пайда болып, өзгеріп, құрып отырады. Заттар жеке, жалқы, елестеулер арқылы пайда болады да, идеиялар жалпы ұғымдар арқылы бейнеленеді. Идеияларды түйсік арқылы емес, ақыл, ұғым арқылы ғана ақиқат түрде тануға болады. Сол сияқты адамның күнделікті көріп жүрген заттар да - идеялар, яғни ақиқаттық зат емес, тек қана олардың формасы, көрінісі, бейнесі. Платон «Федон», «Мемлекет» дейтін шығармаларында жан деген не, оның қасиеттері қандай, адам өлген уақытта оның жаны қайда кетеді деген мәселелер жөнінде сан қилы сөз қозғайды. Оның айтуынша, жан алдымен идеялардың арасында болып, онан соң тәнмен біріккен.

Платон өзінің жан туралы ілімін тәрбие және қоғам тіршілігіне таратқысы келді. Ол жанды үш бөлімге бөліп қарастырады:

1) Ақылды жан

2) Ерікті жан

3) Сезімдіжан

Ежелгі заманның данышпан ойшылы, ғұлама ғалымы, философ Аристотель жан туралы ілімді дамытып, оны бір жүйеге келтіруге көп еңбек сіңірген. Аристотель Платонның шәкірті болғанымен, ұстазының идея туралы идеалистік теориясын мойындамады, оған қарсы пікілер айтты. Аритотельдің айтуынша, идея өздігінен дербес өмір сүрмейді, заттармен бірге болып, ылғи да соларға бейімделіп отырады. Аристотель жанның үш түрін ажыратады. Оның бірі - өсімдіктердің жаны, екіншісі - хайуанаттардың, үшіншісі - адамдардың жаны. Ол өзінің Педагогика-психологиялық көзқарасын, яғни жан туралы ілімін педагогикамен байланыстырғысы келді. Мәселен жоғарыда көрсетілген жанның түрлеріне сәйкес тәрбиенің де түрлі салалары болатынын айтты. Оның айтуынша, дене тәрбиесі - өсімдік жанымен, адамгершілік тәрбиесі - жануарлар жанымен, ақыл-ой тәрбиесі-адам жанымен байланысты болады екен. Жан жөніндегі танымдар қандай құбылыс - өзгерістерге енгенімен өмірлік іс-әрекеттің қозғаушы күші жан деген тұжырымға ешбір шүбә келтіре алмады. Тек XYIII ғасырда Педагогика-психология білімінің дамуында Рене Декарт жаңа дәуір есігін ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де жанға ешқандай қатысы болмайтыны жөнінде пікір айтып, дәлелдеді. Бұл жантану ғылымының кейінгі желісіне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екі түсінікті - рефлекс және сананы бірдей енгізді. [5] Бірақ ол өз тағылымында жан мен тәнді бір-біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі болмыс материя және рух жасайтынын уағыздады. Сондықтан да Педагогика-психология тарихында бұл Декарт тағылымы «дуализм» атауын алды. Дуалистік тағлиматты арқау етіп ХІХ ғасыр Педагогика-психологиясында психофизиологиялық параллелизм атанған идеалистік бағыт кең өріс алды.

1. 2 Педагогика-психология ғылымның салалары, қызметі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі – жас ерекшелігі физиологиясы
Педагогика ғылымының құрылымы
Жауаптар педогогика
Психология пәні
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісі
Қазақстан Республикасының педагогика ғылымының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz