Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ атындағы ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі : пс. ғ. к., доцент м. а.

Турдалиева Ш. Т.

/қолы/ /аты-жөні/

«» 2014 г.

«ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

Кафедра: «Психология және педагогика»

Семестр: 3 2014- 2015 оқу жылы

Пререквизиттер: « Жалпы психология», «Психология тарихы», «Философия» Постреквизиттер: «Педагогикалық психология», «Еңбек психологиясы», «Психология бойынша практикум»

Мамандақ: «Психология»

Кредит саны: 3

Оқытушының аты-жөні: Сайлыбаева Құралай Әбдімәлікқызы, Минасипова Айзат Рахматуллақызы

Мекен-жайы: Сүлеймен 7, 1. 3. корпус. 412 ауд.

Телефон: 50-05-59

ТАРАЗ 2014

Пәннің мазмұны және лекция тақырыптары

№:
Тақырыптар: Тақырыптар
:
№: 1
Тақырыптар: 3
: 4
№: 1
Тақырыптар: Тақырып№ 1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы.
:
№: 2
Тақырыптар: Тақырып№2. Психикалық даму шарттары
:
№: 3
Тақырыптар: Тақырып№3. Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері
:
№: 4
Тақырыптар: Тақырып№4. Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері
:
№: 5
Тақырыптар:

Тақырып№5. Баланың мектептегі өмірінің бастапқы

кезеңінің ерекшеліктері

:
№: 6
Тақырыптар:

Тақырып№6. Жеткіншек кезеңнің баланың дамуындағы

алатын орны мен маңызы

:
№: 7
Тақырыптар: Тақырып№7. Жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
:
№: 8
Тақырыптар: Тақырып № 8. Ерте жастық шақ психологиясы
:
№: 9
Тақырыптар: Тақырып№9. Кемелдену жасы, қартаю кезеңі және кәрілік психологиясы
:
№: 10
Тақырыптар: Тақырып№10. Әлеуметтік психология пәні
:
№: 11
Тақырыптар: Тақырып№11. Әлеуметтік психологиялық зерттеудің негізгі әдістері
:
№: 12
Тақырыптар: Тақырып№12. Э. Эриксонның психоәлеуметтік концепциясы
:
№: 13
Тақырыптар: Тақырып№13. Адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясы
:
№: 14
Тақырыптар: Тақырып№14. Қарым-қатынастың үш жағын бірлікте қарастыру
:
№: 15
Тақырыптар: Тақырып№15. Ұжымдық психологияның құрылымы және мазмұны
:

Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәнінен дәрістер

1 лекция. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы

Жас ерекшелігі психологиясы - психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні - адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі.

Педагогикалық психологияның пәні -оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі - бала, жеткіншек, жас өспірім - ортақтығымен түсіндіріледі: олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады.

Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы- жас ерекшелігі психологиясының бөлімдері.

Психология ғылымының бір саласы бола отырып, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні - бақылау мен экспериментті алудың негізгі екі әдісі пайдаланылады.

Алайда, психологиялық-педагогикалық зерттеу пәнінің ерекшелігі аталған әдістерді пайдалануда айрықша өзгерістер тудырады. Мәселен, жас ерекшелігі психологиясындағы бақылаулар, көбіне, бала психикасының дамуын дәлелдейтін фактілерді жүйелі тіркеуі сипатына күнделік жазу түрінде ие болады.

Соңғы жылдары педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында психологиялық эксперименттің ролі айтарлықтай өсті. Психологиялық-педагогикалық зерттеуде пайдаланылуының жиілігі жағынан лабораториялық эксперимент баланы зерттеуже жетекші орын алып жүрген табиғи экспериментке ғана жол береді.

Оқу-тәрбие процесі жағдайында жүргізілген табиғи эксперимент оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жеке адамның қалыптасу ерекшеліктері мен жеке адамдар арасындағы қатынастарды тәрбиешінің табиғи жағдайға жақын әлеуметтік ұйымдастырған және арнайы өзгерткен жағдайларында зерттеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология үшін табиғи эксперименттің ерекше түрі - қалыптастыру (оқыту) эксперимент түрі өте маңызды болып келеді. Бұл жерде сыналушылдардың психикалық іс-әрекетінде болатын өзгерістер зерттеушінің сыналушыға белсенді әсер етуі нәтижесінде бақыланып отырады.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы өзіне бақылау мен эксперименттің және олардың өзгертіліп пайдаланылған (әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, тестер т. б. ) барлық түрлерін қамтитын сан алуан нақтылы зерттеу методикалардың молдығы мен сан алуан нақтылы зерттеу методикларын кең қолданылады. Нақтылы психологиялық методикалардың молдығы мен сан алуандылығы қазіргі педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының күрделі теориялық әрі практикалық мәнді проблемаларын қамтамасыз етеді.

2 лекция. Психикалық даму шарттары

Даму - баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да теңесе алмайды.

Адамның психикалық іс-әрекеті - өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен баланың тіршілігі мен тәрбиесімен сабақтас. Адамның психикалық дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің күрделілігі мен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені осылай қарастырғанда ғана даму қайсібір жекеленген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан көбеюі түрінде емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді.

Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады.

Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер, ең алдымен психологтар, оқыту мазмұны, яғни балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.

Сөздік-логикалық ес, ұғынымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да жоғары психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып, берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле түсінуіне мүмкіндік береді.

Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау, сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен тежелу процестернінің арақатынасымен ерекшеліктері) ажырата білу керек. Психикалық іс-әрекет өзінеаса да көптеген компоненттермен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды. Мәселен, адамның музыкалық қабілеттері мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі және синтезі функциялдары арасындағы байланыс белгілі. Әдетте нышандар деп аталатын қарапайым, баиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен қалыптасатын күрделірек іс-әректетердің құрамына кіреді.

Белгілі бір жағдайларда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс-әрекетті де айқындай бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне зақым келгенде қарапайым кеңістік синтезі бұзылады да мұның өзі есмептей білуге зиянын тигізеді.

Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктердің бірі - жоғары нерв қызметінің типі деп жорамалданады. Ол нерв процестерінің күшін, қимылын және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда, дамудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да мағыналы болмай, өзі баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процестерінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларда тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, екінші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.

Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетін функциялар психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есептеледі.

Психикалық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын да, бала дамуының жоғарыда бөлініп көрсетілген үш түрінің әрқайсысына тән ерекшеліктерді де ажыратып қарастыруға болады.

Баланың жеке басының белсенділігі - психикалық даму шарты. Осындай жалпы заңдылықтардың бірі мынада: балада жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты. Жаңа құрылым, тіпті ол оқыту үстінде, мысалы, тәсіл түрінде сырттан берілсе де іс-әрекетке енгізілуі, осы іс-әрекетті өзгеріске түсіруімен байланыстырылуы тиіс.

Белгілі материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек, баланың даму дәрежесіне қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процесінде бала бағыттылық, сана және іс-әрекет ерекшеліктері бар жеке адам ретінде көрінеді.

Психикалық құрылымдар дамуының жалпы заңдылығы болып олардың субъекті іс-әрекеті негізінде қалыптасуы есептеледі. Бұл іс-әрекеттің ересек адамның көмегі және басшылығы арқылы ұйымдасуы маңызды болмақ. Жаңалық бал педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы іс-әрекетіне сырттан енгізіліп, сыртқа іс-әрекет түрінде ұйымдастырылады. Біртіндеп сыртқы іс-әрекеттің ішкі, мұраттық, психикалық іс-әрекетке өзгеруі болып өтеді.

Білімдерді, оларды қолдану, механизмдерін және жеке адамның жалпы қасиеттерін дамытудың педагогикалық шарттары. Бал педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясыларды оқыту процесінде дамудың жалпы заңдылықтарынан басқа, бала психикасы дамуының әр жағына тән нақтылы педагогикалық шарттарды да ескерудің маңыздылығы дәлелденіп отыр. Оқыту процесінде оқушылар түрлі оқу пәндерінен блімдер мен іс-әрекет тәсілдерін игереді. Оқу үстінде балалар адамзаттың және тұтас алғанда ғылымның өткен жолын қайталамайды. Білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін балалар жаңадан ашып жатпай, сырттан берілгенді игеріп отырады.

Сонымен, баланың даму процесін оның қайсібір жағынан өзгеруімен сипаттауға болмайды, өйткені бұл күрделі әрі көп жақты процесс. Демек, психологиялық дамудың алуан жақтарын қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар да сан түрлі.

3 лекция. Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың

алғы шарттары мен ерекшеліктері

Жаңа туған бала /туған сәттен бір-екі айға дейін/ бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез--құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады.

Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты - анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе, оның соматикалық /дене/ қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады.

Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі "қашықтықтан" өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалыққайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады.

Ерте сәбилік шақта бала мен ересек адамның бірлескен іс-әрекеті қарқынды дамиды. Араласуда ересек адам қарым-қатынас басшылығын өзіне алады. Ол өзара түсінісуді ұйымдастырады.

Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты - анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе, оның дамуы күрт баяулайды.

Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн таматану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілеттерінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.

Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектенуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады.

Нәрестелік шақта баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды.

4 лекция. Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың

дамуының психологиялық ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалық шақта /үштен жеті жасқа дейін/ организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтары бақылауы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады.

Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, «балалар қоғамының» құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқан адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менің» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.

Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік рольдік ойындардан көрініп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді.

Мектепке дейінгі шақта, баланың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала маңызды орынға талаптанудың көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады.

Мектепке дейінгі шақта бала өмірлік мәселелерді үш түрлі: көрнекі-әсерлі, көрнекі-бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу, тәсілдермен шешеді. Бала неғұрлым жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап көрулерді жиі қолданады, есейген сайын ол көрнекі-бейнелі және кейін логикалық тәсілдерге көбірек жүгінеді.

Мектепке дейінгі шақ бойында көптеген жаңа мотивтер пайда болады. Мотивтер ретінде іс-әрекеттің сәттілігі мен сәтсіздігі, іс-әрекеттің өз мазмұны т. б. көрінуі мүмкін.

5 лекция. Баланың мектептегі өмірінің бастапқы

кезеңінің ерекшеліктері

Қазіргі кезде тәрбие жүйесінде бастауыш мектеп шағы бала өмірінің жеті жастан он бір-он екі жасқа дейінгі кезеңін қамтиды. Балалар мектепке алты жастан баратын, ал бастауыш оқу ұзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, басқаша хронологиялық шектері болады. Баланың өмірінің ерекше кезеңі ретінде ол салыстырмалы түрде жуырда ғана айқындалады. Мәселен, бұл кезеңді мектепке мүлдем оқымаған бала бастан өткізбейді. Ол бастауыш мектеп білімалуының алғашқы және соңғы сатысындағы балаларда да болған жоқ. Бастауыш мектеп жасының пайда болуы экономикалық жағынан дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес және толық орта білім беру жүйесінің шығуымен байланысты.

Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш мектеп жасында қалыптасады және әдетке айналады.

Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Бұл жаста дененің барлық органдары мен барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады.

Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан ол салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады.

Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады.

Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастармен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т. б. игеріледі.

Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы болады. Оның құрамдас бөліктері мыналар: 1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері), 2) оқу әрекеті, 3) бақылау, 4) бағалау.

Оқу ситуациялары бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы-практикалық міндеттердің кейбір кластарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. Екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді. Нақтылы-практикалық міндеттердің тікелдей өмірлік мазмұны болады және олардың шешімі соншалықты өмірлік мәнді нәтижелерге жеткізеді. Мұндай міндеттерге оқып жаздыратын жазу, математикалық тестік есептерге жауап іздеу, қағаздан ұсақ-түйек жасау т. б. жатады.

Оқу іс-әрекетінің процесі бірқатар жалпы заңдылықтарға бағынады. Алдымен оқытушы балаларды оқу ситуацияларына жүйелі түрде тартып, балалармен бірге тиісті оқу әрекеттерін, сондай-ақ тексеру мен бағалау әрекеттерін тауып, көрсетіп отыруы керек. Оқушылар да, өз кезегінде, оқу ситуацияларының мәнін түсінуі және барлық әрекеттерді дәйекті түрде орындап отыруы тиіс. Балаларды оқу материалдарына бұлай кең түрде «шұбалаңқы» енгізу кейде мұғалімдерге артық болып көрінуі мүмкін.

Оқу балалардың басқа істермен айналысуына шек қоймайды. Осы жасқа тән екі формада - өзіне -өзі қызмет ету мен ұсақ түйектер жасау формасында еңбекке ерекше роль беріледі.

Өзіне-өзі қызмет етуге балалар мектеп жасына дейін-ақ үйретіледі. Бастауыш сыныптарда өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдыларын дамыту мен бекіту - балалардың үлкендердің еңбегін құрметтеу, адамдардың өміріндегі еңбектің ролін түсіну сезімдерін тәрбиелеу, ұзақ дене еңбегіне даяр болу үшін жақсы психологиялық негіз.

Мектептегі өзіне-өзі қызмет ету жұмыстарын орындау барысында балалардың біріккен коллективтік жұмысқа тартылатын түрлерінің де тәрбиелік мәні аз емес. Олар жолдастық қолдауға және өзара көмекке үйренеді, коллективтің жалпы міндеттеріне саналы түрде қарап, жұмыстың дер кезінде және адал орындалуы үшін өзінің жеке жауапкершілігін сезіне бастайды.

Бастауыш класс оқушылары психологиясының дамуы басты жағдайда олар үшін жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді. Оқу ісіне араласа отырып, балалар біртіндеп оның талаптарына бағынады, ал бұл талаптарды орындау мектеп жасына дейінгі балаларды жоқ жаңа қасиеттердің пайда болуын жорамалдайды. Бастауыш класс оқушыларының жаңа қасиеттері оқу қызметінің қалыптасу шамасына қарай туып, дамиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің өз бетімен оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруының ерекшеліктері
Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі
Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі
Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Жасөспірім психологиясы пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер
“Қазақстандағы психологиялық ғылым” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Психологиялық білімді меңгерудің ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz