Тұлға зейінін зерттеудің ғылыми-теорилық негіздері (1 тарау)


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста зейін ғылыми психологияның маңызды мәселесі және тұлға іс-әрекетін нәтижелі етіп ұйымдастыруға жетелейтін негізгі феномен ретінде зерттелді. Жұмыс бүгінгі білім және ғылым саласында зейін психологиясының іргелі және қолданбалы психологиялық білімдер жүйесін дамытуға арналған.

Зерттеу жұмысында зейін психологиясының ғылыми теориялары толығымен қамтылып, тұлға зейінінің түрлері мен қасиеттері қазіргі білім жүйесінің талаптарына сәйкес тұтастық принципіне негізделе құрастырылды. Жұмыста құрастырылған эксперименталды әдістемелік жүйе зейіннің деңгейін қолданбалы тәжірибелер арқылы диагностикалау мен дамыту мәселелерін шешуге арналған. Диссертацияның қосымшаларында ұсынылған әдістер мен тәсілдер алғаш рет тұтастық жүйе ретінде кешенді беріліп тұлғаның зейінін дамыту негізінде өзін-өзі бақылауын, өзін басқаруын және өзінің іс әрекетін ұйымдастыруын жетілдіру мақсатына бағытталған.

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезде зейін өзінің субъективті және объективті көріністерімен адамның психикалық іс-әрекетінің жүйелігін талап етеді. Жүйелі психикалық іс-әрекеттің кез келген түрі: белсенді қабылдау, терең ойлау, естегі бейнеге шоғырлану немесе күрделі қозғалыстарды сапалы орындау-зейіннің қызметіне тәуелді. Зейін психологиядағы сана және ерік-жігер сынды іргелі ұғымдармен тығыз байланыста. Бүгінге дейін зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименттік зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен қарама қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Сол себепті зейін мәселесінің тағдыры мен оны шешу психология ғылымының өзекті тақырыптарының бірі. Педогогикалық психология ғылымының басқа гуманитарлық ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметке міндетті түрде пайдалы болу және тұлғаның мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталу. Мұнда негізгі міндет, психологиялық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерін қамтитын білімдерді кешенді жүйемен қалыптастырып іс жүзінде нақты мәселелерді шешудің жолдарын көрсету. Қазіргі кезде білім саласындағы талаптардың бірі-танымдық іс-әрекет үрдісін тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымдамасын басшылыққа ала, оқу жұмысын ғылыми зерттеулердің негізінде ұйымдастыру қадеттілігі жетекші орында. Зерттеу жұмысы осы бағытта орындалып зейін қасиеттерін қажетті деңгейге дамыту механизмін ашу мақсатында жүргізілуімен өзекті.

Зерттеудің әдіснамалық өзектілігі бойынша зейін мәселесіне қатысты ғылыми еңбектердегі теориялар мен тұжырымдарды талдай, тарихи тұрғыдан кешенді жүйені құрастыру. Кешенді жүйелік бағыт бүгінгі педогогикалық психологияда зейін мәселесін зерттеуде нақты қолданысқа ие болуы тиіс. Зейіннің қасиеттерін тұлғаға бағдарлай оқыту контексінде кешенді жүйемен және іс-әректтік қатынас әдіснама негізінде зерттеу мен дамыту оны теориялық-эксперименттік аумақта түсініп игеруге мүмкіндік тудырады.

Зейінді зерттеудің әдіснамалық негізін анықтауда В. Вундттың зерттеген көру және есту стимулдарына реакция білдірудің уақытқа сәйкестілігін тіркейтін тәжірибелік нәтижелері; У. Джемстің, Э. Титченердің, Т. Рибоның зейін психологиясының іргелі ұғымдары мен эксперименттік зерттеулерінің парадигмалары; Н. Лангенің эксперименттерге сүйенген зейін болмысы туралы негізгі көзқарастары жетекші орында. Ғылыми мәселені жалпы теориялық қатынас бағытында қарастырған Л. С. Выготскийдың (мәдени-тарихи тұжырымдары), П. Я. Гальпериннің ( зейіннің бақылауша функциясы), Н. Ф. Добрынинның (зейіннің толқуы туралы теориясы), С. Л, Рубенштейн және А. Н. Леонтьевтің (іс-әрекеттік қатынас туралы тұжырымдары), Д. Н Узнадзенің (зейіннің нұсқаға тәуелділігі туралы көзқарастары), А. А. Бодалевтың (тұлға психологиясының теориясы), А. С. Спиркиннің (сана және өзіндік сана теориясы) Б. Г. Ананьевтың және Ж. Ы. Намазбаеваның (тұлғаны зерттеуде кешенді қатынасты ұстану туралы пікірлер) еңбектері басшылыққа алынды. Зейінді тұлғаның танымдық үрдістері және қасиеті ретінде интеграциялық жүйемен талдау, бүгінгі әлемдік психология тұрғысынан зерттеу тақырыбының әдіснамлық өзектілігін танытады.

Зерттеудің теориялық өзектілігін зейінді зерттеуге арналған үш ірі классикалық бағыттарын: сана психологиясын; іс-әрекет психологиясын; когнитивтік психологиясын теориялық-әдіснамалық және эксперименттік тұрғыдан талдау құрайды. Зейіннің феноменологиясы, түрлері мен қасиеттері С. В. Кравновтың, С. Л. Рубенштейннің, Р. Вудвортстың, Н. Лангенің зейінге арналған еңбектерінен, оларға қосымша С. Л. Франкттің, А. ФЛазурскийдің және Л. С. Выготскийдің рухани өмірдің үрдістерін, адамның даралық ерекшеліктерін және педогогикалық міндеттерді зерттеген еңбектері негізінде игеріледі.

Біріншіден, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында сана психологиясының классиктері В. Вунт, Э. Титченер, У. Джемс, Т. Рибо, Н. Ланге зерттеулерін зейіннің теориялық және эксперименттік мәселелеріне зейінді зерттеудің жалпы стратегиясына дәнекер болғанын, Э. Титченер Вунттық психологияны қолдап зейінді сана деңгейімен ұштастыра, сонымен қатар зейіннің түрлерінің генетикалық ара қатынасын көрсеткенін және санаға функционалдық көзқараспен, ырықты зейіннің шешетін арнайы міндеттерін ашқан. Джемстің теориялық-ақпараттық пікірі бүгінде жалғасын тапқан, зейіннің таңдамалығы (селективтілігі) туралы жетекші идеясы қазіргі зерттеушілердің сүйенетін инварианттық тірегіне айналған.

Екіншіден, зейіннің бейімделуі мен моторлық механизмін ескеруіне байланысты, алғаш рет зейіннің әлеуметтік болмысы мен зейіннің бұзылуының жоғары түрлерінің сарапталған жүйесін Т. Рибо ұсынды. Зейінді түсіндіруде Н. Лангенің «Психологиялық зерттеулер. Перцепциялар заңы . Ырықты зейін теориясы», «Зейін» еңбектері сол кезеңдегі көптеген психологтардың назарын аударды. Зейін мәселесіне гештальтпсихология өкілдерінің көзқарастары Э. Рубиннің, К. Коффканың зерттеулерінде орын алған. Сол гештальтпсихология аумағында В. Келер және П. Адамс еңбектерінде де зейін мәселелері терең талданған. Француз зерттеушісі М. Мерло-Понтиде зейін мәселесін қарастыруда осы гештальтпсихология бағытына жүгінген. Француз психологы Г. Рево Д. Аллон зейінді тиімді ұйымдастырудың ерекше мәнін көрсетіп, осы үрдіс барысында белгінің (символдың) рөлін анықтауға әрекеттеніп Л. С Выготскийдің «интеллект және аффект» идеясына жақындаған. Д. Узнадзенің еңбектерінде зейіннің тұжырымы нұсқа (бейім-бағдар) теориясының аумағында берілген. Н. Добрынин, П. Гальперин, Ю. Гиппенрейтер, В. Романов және Ю. Дормашевтардың еңбектерінде зейін іс-әрекеттік бағытында, дәлірек айтқанда А. Н. Леонтьевтің іс-әрекеттің психологиялық теориясын басшылыққа ала қарастырылған.

Үшіншіден , когнитивтік психологияның өкілдері К. Черри, Д. Бродбент, Р. Солсо, У. Найссер зейін теориясының дамуына айтарлықтай үлестерін қосты. Адамның өмірі мен танымдық іс-әрекетіндегі зейіннің орнын, әйгілі адвокат А. Кони өзінің кәсіби тәжірибесіне сүйене, куәлар зейіндерінің ерекшеліктерін талдаған. Актерлар зейінінің динамикасы К. Станиславский, А. Чеховтың шығармашылық бағыттарында орын алған Спорттық іс-әрекетті ұйымдастыруда зейіннің мәні Р. Найдиффер, Н. Цзен және Ю. Пахомолардың еңбектерінде жетекші орында. Қарым-қатынас үрдісіндегі зейінділікке И. Атватердың еңбектері арналған. А. Ф. Лазурский түрлі психологиялық теорияларды шолуда зейіннің өзектілігін келесі сөздермен айқындаған: «Егер, адам өміріндегі барлық қарама-қайшылықтар, зейін үрдісі деп аталатын күрделі құбылысты түсіндіруге тікелей қатысты десек, біз қателеспейміз. Зейінді сипаттауда, біз әрдайым оның жеке бір қасиетіне сүйенеміз. Түсінбеушіліктер, тек қана сол қасиеттердің қайсылары басты, қайсылары жанама деген сұрақтардан туындайды». Зейінді дүниетанымдық және этикалық аумақта жоғары бағалануын көптеген авторлар еңбектерінен байқауға болады. Олар барынша диссертацияның мазмұнында қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының маңыздылығы тұлға іс-әрекетінің нәтижелігі зейін қасиеттеріне тікелей тәуелді деген қағиданы эксперименталды анықтаумен және зейіннің қолданбалы бағыттары түрлі мамандардың: психологтардың, педагогтардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, техникалық жүйенің операторларының, актерлардың т. с. с. күнделікті қажеттілігінен туындайтынымен бекітілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу нәтижесінде алынған кешенді жүйелік бағдар, тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымын оқу үрдісіне орнықтыруда психологтарға, педогогтарға және қолданбалы психологиялық білімдерін тереңдетуде қолданылады. Сонымен қатар зерттеу нәтижесін студенттер мен магистранттар педогогикалық практикада және психологиялық қызмет атқаратын мамандар ғылыми-әдістемелік нұсқа ретінде пайдаланады.

Зерттеу мақсаты: зейін қасиеттерін дамыту үрдісінің динамикасын психологиялық теориялар негізінде кешенді жүйемен зерттеу.

Зерттеу нысаны- тұлға іс әрекетінде зейін қасиеттерін дамыту үрдісі.

Зерттеу пәні- тұлға зейінінің тұрақтылығы, шоғырлануы, көлемі, ауысуы, бөлінуі тұлғаға-бағдарлай оқыту тұжырымдамасының контексінде.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін В. Вундттың зерттеулеріндегі көру және есту стимулдарына реакция білдірудің уақытқа сәйкестілігін тіркейтін тәжірибелік нәтижелері; У. Джемс, Э. Титченер, Т. Рибо зейін психологиясының фундамаенталды ұғымдары мен эксперименталды зерттеулерінің парадигмалары; Н. Лангенің эксперименттерге сүйенген зейін болмысы туралы негізгі көзқарастарын ретроспективті талдау құрайды.

Зерттеуде мәселені жалпы теориялық қатынас бағытында қарастырған Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдары, П. Я. Гальпериннің зейіннің бақылаушы функциясы, Н. Ф. Добрыниннің зейін теориясы, С. Л. Рубенштейн мен А. Н. Леонтевтің іс-әрекеттік қатынас аумағындағы тұжырымдары, Д. Н. Узнадзенің зейіннің нұсқаға тәуелділігі туралы көзқарастары, А. А. Бодалевтың тұлға психологиясының теориясы, А. Г. Спиркиннің сана және өзіндік сана теориясы және Ж. Намазбаеваның тұлғаны зерттеуде кешенді қатынас бағыты т. б. кең ауқымды идеялар ғылыми еңбектерді талдау негізінде басшылыққа алынды.

Зерттеудің міндеттері:

1. Отандас және шетел зерттеулеріндегі зейіннің психофизиологиялық, психологиялық теорияларын талдауда зейіннің анықтамасының, түрлерінің, қасиеттерінің психологиялық мазмұнын қазіргі психологиядағы ғылыми тұжырымдарын ескере жаңаша өңдеу.

2. Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық-әдіснамалық мазмұнын ашып қолданбалы мүмкіндіктерін зерттеу. Зейін қасиеттерін (тұрақтылығын, шоғырлануын, ауысуын, бөлінуін, көлемін) тұлғаға-бағдарлай оқыту және тұлғаның талаптану деңгейін анықтау контексінде эксперименталды зерттеу. Зейін қасиеттерін дамытуға негізделген іс-әрекет үрдісін тиімді ұйымдастыру жолдарын сараптау.

3. Студенттердің жоғарғы оқу орнындағы талаптарға бейімделу кезеңіндегі зейіндерінің психологиялық даму динамикасын ескере оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

4. Зейінді қалыптастыру және дамыту барысында туындайтын қиындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу. Зейін қасиеттерін зерттеудегі әдістемелерді талдау негізінде зерттеудің кешенді жүйесін құру.

5. Психологиялық қызметатқару жүйесіне, зейін қасиеттерін жетілдіруге бағдарланған психологиялық көмекті ұйымдастырудың сынақтан өткізіліп мақұлданған ғылыми-әдістемелік жүйесін ұсыну.

Зерттеудің әдіснамалық жаңалығы. Алғаш рет зейін теориялары кешенді жүйе негізінде талданып Қазақстандағы психологияға қатысты мамандарының зейін психологиясы аумағындағы іргелі және қолданбалы білімдерін интеграциялы әдіснамалық негізінде дамыту мүмкіндіктері зерттеліп іске асты.

Біріншіден, бірге дейінгі ұсынылған зейін ұғымының анықтамалары салыстырмалы талданып, психологияның бүгінгі жетістігінің негізінде айқындалған пәні ерекше зейінінің толықтырылып өндірілген анықтамасы ұсынылады.

Екіншіден, зейіннің түрлері мен қасиеттері, зерттеу барысынан туындалған сараптау кестесі оқу-әдістемелік жүйесінің бағдарламасына бейімделіп құрастырылады.

Үшіншіден, психологиялық қызметі тәжірибесінде орын алған әдіснамасыны жұмыста бейімделіп жіне модификацияланып құрастырылған экспериментальды әдістемелердің мазмұны негізіне келесі зерттеулерге жағдай тудырады:

-зейін қасиеттерінің даму үрдісінің деңгейін диагностикалау негізінде сыналушының даралық іс-әрекетінің мүмкіндіктеріне бағдарлануды ұйымдастыру іске асарылды;

-зейін қасиеттерін когнитивтік үрдіс және тұлғаның қасиеті ретінде интегративті әдіснама негізінде қарастыру психология ғылымында алғаш рет орын алды;

-зейіннің іс-әрекетте жетекші рөл атқаратын қасиеттерін жеке эксперименталды әдіспен анықтау арқылы оның нәтижесін тұлғаның іске қабілеттілігінің деңгейінің көрсеткіші ретінде бірінші рет қолданылды.

Төртіншіден, зейіннің атқаратын функциялары мен тұлға қасиеттерінің көрсеткіштері арасындағы тәуелділіктер эксперименталды әдістемелер негізінде кешенді жүйелермен зерттеледі.

Зерттеудің теориялық жаңалығы.

1. Зейін психологиясын бүкіл әлемдік зерттеулердің нәтижелері негізінде кешенді қарастырылып психологияның жетістіктеріне қажетсінетіндердің іргелі және қолданбалы білімдерін дамытуға мүмкіндік жасалды.

2. Зерттеу мақсатын теориялық талдау арқылы зейін ұғымының анықтамасы психология ғылымының қазіргі пәніне сәйкес өңделді.

3. Жұмыста алғаш рет зейіннің түрлері мен қасиеттерінің теориялық сипаттары солықтырылып өңделген мазмұн кең ауқымда бүтіндік жүйе ретінде ұсынылды.

4. Алғаш рет зейін тұлғаның когнитивтік үрдісі және даралық қасиеті ретінде интегративті әдіснамалық тұрғысынан зерттеліп зейін психологиясының теориясына үлес қосылды.

5. Педагогикалық іс-әрекетте зейін қасиеттерінің рөлі мен міндеттерінің мазмұны алғаш рет теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тұтастық принципін басшылыққа ала талданды

6. Тұлғаның темперамент типтері негізінде жіктелуі зейін теориясының жайттарымен байытылып жаңа теориялық мазмұнмен қамтылды. 7. Психологиялық қызметтің даму тарихы мен қазіргі жайы алғаш рет зейін қасиеттерін зерттеуде психологтарға, педогогтарға тікелей көмек беру мүмкіндіктерін ескере, жұмыста құрылымдық мазмұны психологиялық қызметті іске асыру механизмімен ашылды.

Зерттеудің әдістемелік жаңалығы. Зейін қасиеттерінің деңгейін анықтайтын әдістемелер сарапталып бейімделген және модификацияланған түрде эксперименталды зерттеулер жүргізу негізінде статистикалық және сапалық көрсеткіштер талдынды. Іс-әрекет барысында жетекші рөл атқаратын зейін қасиеттерін зерттеу арқылы тұлғаның жұмысқа қабілеттілігі зерттелді.

Студенттер мен магистранттардың педогогикалық практикасы мен практикалық дәрісінде тұлға зейінін басқару мен ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы байқау және әңгімелесу әдістемелерінің көмегімен кешенді жүйеліқорытындылар жасалды

Мектептегі педагогикалық іс-әрекеттің зейінге тәуелді ерекшеліктері қойылған мақсатқа сәйкес салыстырмалы түрде талданды.

Бейімделген және модификацияланған әдістемелер жүйесі психологиялық қызметті ұйымдастыруда және болашақ психолог, педагог мамандарды дайындауда қолдану мүмкіндіктері ашылды.

Зертеу нәтижелерінің дәйектілігі мен сенімділігі зерттеу нысаны мен пәнінің теориялық, әдіснамалық, әдістемелік тұтастығы тұрғысынан кешенді жүйені құрап, зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдістемелер жиынтығы қолданумен, эксперименталды зерттеулердің нәтижелерінде алынған мәліметтердің беріктілігі мен сенімділігін тексеруде екінші реттегі математикалық статистикалық (тәжірибелік және теориялық бөлінуді салыстыру мен екі эмпирикалық бөлінуді салыстыруда × 2 \times^{2} -Персон критерийі, λ-Колмогоров-Смирнов критерийі және өзгерістердің сәйкестілік дәрежесін анықтайтын r s {\ r}_{s} - Спирменнің сатылық корреляция коэфиценті) өңдеу әдістерін қолданумен қамтамасыздандырылады.

Зерттеу әдістері. Психологиялық, педогогикалық ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі зейін туралы ғылыми деректерді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау; зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сараптау модельдері; эксперименталды-диагностикалау әдістемелері: француз психологы Б. Бурдонның «Корректуралық сынақ» әдістемесі, Б. У. Найссердің таңдамалы көру әдістемесі, зейіннің бөлінуін зерттеуге талап қоятын әдістеме, Шультенің «іздеу әдістемесі», «Алдын ала бағытталу» әдістемесі, «Көз қозғалысын тіркейтін» әдістеме, « Сандарды орнықтару» әдістемесі, « Қызыл-қара кесте» әдістемесі, әШатасқан сызықтар» әдістемесі, «Мюнстерберг- Дворяшинаның» бейімделген әдістемесі; байқау және әңгімелесу педогогикалық тәжірибені сараптауда іске асырылды.

Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы. Диссертациялық ізденістің нәтижелері тоғыз жыл көлемінде іске асырылды. Ғылыми ізденістің негізі нәтижелері мен тұжырымдары ҚР БжҒМ-халықаралық ғылыми-педагогикалық басылымдары «Қазақстан жоғары мектебі», «Ұлт тағылымы, ҚР БжҒМ ғылыми журналы «Ізденіс» басылымдарында, ҚР БжҒМ Ы. Алтынсарин атындағы қазақ білім Академиясының Білім ғылыми-, ҚР ҰҒА хабаршысында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысының-психология және социология серияларында, Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысының-психология серияларында, Т. Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедогогика орталығының ғылыми жинақтарында, Ресейде: Новосибирскідегі 3-ші және 5-ші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция жинақтарында, Мәскеу-Белгород өткізген3-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында ҚР жоғары оқу орындарының халықаралық ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференцияларының жинақтарында жарияланды. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жалпы психология кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ндегі этнопсихология және этнопедогогика орталығында және ҚР ҰҚК Академиясындағы психология және философия кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланып қорғауға ұсынылды.

Зерттеуді енгізу, нығайту. Зерттеу материалдарының негізінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі психология, биология-психология, психология-педагогика мамандары бойынша дайындалып жатқан студенттер мен магистранттарға «Зейінді зерттеу мәселелері» атты арнайы курстың типтік оқу бағдарламасы мен оқу құралы 2003 жылдан бері оқу үрдісінде қолданылуда. Зерттеу бағдарламасы бойынша Алматы қаласының қазақ тілінде оқитын мектептерінде өткізілетін аталған жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттары педагогикалық практикада зейіннің қасиеттерін зерттеуге арнайы бейімделіп модификацияланған әдістемелерді пайдалануда. Қалалық педагогтардың арнайы білімін жетілдіру институтының мектеп психологтарына арнайы ұйымдастырылған курстарында зерттеу бағыты бойынша дәрістер мен тәжірибелік жаттығулары жүргізілуде. Аталған енгізулер мен қолдануларды растайтын актілер диссертацияның қосымшаларында тіркелген.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Зейіннің психологиялық және психофизиологиялық теорияларын тұтастық даму принципі негізінде зерттеу жұмыстың теориялық-әдіснамалық бағытын интегративті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

2. Зейін үғымының анықтамасын психология ғылымындағы зерттеулердегі және оқулықтардағы зейінге арналған материалдарды салыстырмалы талдау негізінде ғылымның бүгінгі талаптарына сәйкес жаңаша өңделген түсініктерін қалыптастырады.

3. Зейіннің қасиеттерін психикалық үрдіс және тұлғалық қасиет ретінде зерттеу интегративті әдіснамалық кешенді жүйелік принципті ұстану негізінде іске асырылады.

4. Зейін қасиеттерін модификацияланған әдістерді қолданып эксперименталды зерттеу тұлғаға бағдарлай оқыту тұжырымын тәжірибелік тұрғыдан іске асыруға мүмкіндік береді:

-оқу бағдарламасының мазмұнын жекелік ерекшеліктерді ескере дайындауға;

-жекелік ерекшеліктерді сатылы кезеңдермен дамытуға;

-дидактикалық-коммуникативтік жүйелерді тұлғалық ерекшеліктерді есепке ала ұйымдастыруға.

5. Оқушылыр мен студенттер зейіндерінің даму деңгейін анықтау оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастырудың түрлерін қолдануда мұғалімдердің, оқытушылардың әдістемелік тәжірибелерін дамыту мотивациясын іске асырады.

6. Тұлғаның зейінділігі іс-әрекеттің кез келген түрінде жетекші орын алғанда психологиялық жағымды шырай және мәдениеттілік тұлғааралық қатынаста орнығып нәтижелі көрсеткөштерге ие болады.

7. Зейін қасеиттерін эксперименталды зерттеу болашақ психологтар мен педагогтардың теориялық, ғылыми-әдістемелік шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып тұлғалық қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді.

Зерттеудің негізгі жорамалы

Зейін қасиеттерінің даму деңгейлерін анықтау негізінде психологиялық шарттар белгіленсе тұлға іс-әрекетін ұйымдастыруын, өзін бақылауын, басқаруын тиімді жетілдіруге мүмкіндік алады.

Жеке жорамалдар

-зейіннің психологиялық теорияларын зерттеу зейін феноменін терең түсінуге мүмкіндік береді;

-зейін қасиеттерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық бағытын анықтау танымдық іс-әректке интегративті кешенді жүйені іске асыруға ықпал етеді;

-зейін қасиеттерінің деңгейін анықтау негізінде жетекші іс-әрекетті талапқа сәйкес ұйымдастыруға мүмкіндік туады;

-зейін қасеттерін дамыту негізінде тұлғаның жағымды қасеттерін қалыптастыру психологиялық көмекті тиімді ұйымдастыруды қажет етеді.

Зерттеу кезеңдері мен процедурасы:

Алғашқы кезеңде (1999-2003жж) тұлға зейінінің қасиеттерін дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін зерттеуге байланысты ғылыми деректер мен әдебиеттер материалдарын талдау негізінде ғылыми ізденістің әдіснамалық құрылымы (нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, теориялық-әдіснамалық бағыттары, жорамалдары т. с. с. ) нақты анықталды.

Негізгі кезеңде (2004-2006жж) зерттеу мәселесіне байланысты әдістемелік құрылған жүйелі кешендердің жоспарымен эксперименттік зерттеулер мектептердегі оқушыларды, психологтарды және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің студенттері мен магистранттарын тарту, яғни қатыстыру арқылы іске асты. Ғылыми ізденістің теориялық материалдары арнайы курс, практикум ретінде дәрістер мен педогогикалық практикаларда сынақтан өткізілді.

Бітіру кезеңі 2007 мен, 2008ж. Қамтып ізденіс бойынша жарияланған. Жиналған және сынақтан өткен материалдар мен деректер тұжырымдары ғылыми жұмысқа қойылатын талаптарға сәйкес өңделіпзерттеу өорытындылары қорғауға дайындалып ұсынылды.

Диссертацияның құрылымы.

Диссертация кіріспеден, бес тараудан, суреттерден (диаграммалар. гистограммалар, графиктер), кестелерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден-318, қосымшалардан құрастырылған. Жұмыстың жалпы көлемі-335 бет

1 ТҰЛҒА ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1Зейінді зерттеуде психологиялық және психофизиологиялық теориялар

Психология ғылымының тарихында зейінді зерттеу ежелгі грек ғалымы

Аристотельден (б. з. д. 384-322) басталды, яғни таныма іліміне байланысты пайымдарында: « . . . анық дәлелі білім және мүмкін юолатын «пікір» санының басқарумен қалыптасады. Дегенімен, білімнің жоғары аксиомалары ақыл- ойда болмысымыздан берілмейді, ол үшін ізденіс, іс- әрекет жасау қажет, фактілерді жинау, ойды фактіге бағыттау сияқты»- деген тұжырымдары зейінді зерттеуге философиялық негіз бола алады. [1]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісі
Пробелемалық оқыту технологиясының қызметі
Педагогикалық зерттеу əдістемесі мен əдістер жүйесі
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Экономикалық білім беру
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру нобайы
Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізі
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Педагогиканың шығуы және дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz