Психологиялық тренингтер жинағы


Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің
жұмыс істеу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы ҚағидаОрта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің (бұдан әрі - Психологиялық қызмет) жұмысын реттейді.
2. Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы, Бала құқықтары туралы конвенция, сондай-ақ осы Қағида шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Психологиялық қызметтің құрылымы білім беру ұйымдарының тұрпатына, түріне және қажеттілігіне, сондай-ақ педагог-психологтар штатының бірлік санына қарай айқындалады.
4. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді.
2. Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық
қызметтің мақсаттары мен міндеттері
5. Психологиялық қызметтің мақсаты - білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
6. Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
3) білім алушыларды психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;
4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылырдың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың
проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;
7) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының
қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек
көрсету;
8) білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігінкөтеру.
3. Психологиялық қызметжұмысының негізгі бағыты және мазмұны
7. Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.
8 . Психодиагностикалық бағыттар:
1) білім алушылардың психикалық дамуын анықтау мақсатында олардың психологиялық диагностикалау;
2) білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық тексеру;
3) білім алушылардың қабілеттілігі, қызығушылығы мен икемділігін психологиялық диагностикалау;
4) психологиялық диагностиканың қорытындысы бойынша психологиялық тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
9. Консультациялық бағыттар:
1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;
2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.
10 . Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
1) білім алушылар мен педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;
2) білім алушылар бейімсіздігінің алдын алу;
3) білім алушылардың бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу;
4) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу;
5) әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестің жұмысына ықпал ету.
11. Түзету-дамытушылық бағыттар:
1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;
2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, интеллектуалдық, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзетуді жоспарлау.
12. Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:
1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың
кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын
проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т. б. ) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;
2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру;
3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара әрекет нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
13. Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде білім алушыларға және педагог қызметкерлерге жұмыстың диагностикалық, дамытушылық, түзету және профилактикалық түрлері кешенін жүргізу үшін жекелеген ғимараттарға орналасқан және қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген педагог-психолог кабинеті базасында жұмыс істейді.
14. Психологиялық қызметтің жұмысын білім беру саласындағы орталық атқарушы орган, ал өңірлік деңгейде аудандық, қалалық, облыстық білім басқармалары үйлестіреді.
15. Психологиялық қызметтің жұмысы педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесімен, қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен, ата-аналар қоғамымен тығыз байланыста жүзеге асырылатын болады.
16. Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен, психологиялық орталықтармен, тәжірибелі психологтар кафедралары және қауымдастықтарымен, білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерімен өзара әрекетеседі.
17. Психологиялық қызметтің жұмысын бақылауды білім беру ұйымдарының басшысы қамтамасыз етеді.
4. Педагог-психологтың құқықтары мен міндеттері
18. Педагог-психологтың міндеттері:
1 ) өз қызметінде осы Қағиданы басшылыққа алау;
2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдау;
3) жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, жеке тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас ерекшеліктік психология, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалардың нейропсихологиясы, патопсихологиясы, психосоматика; дефектология, психотерапия, сексология,
4
психогигиеналар негіздері, кәсіби бағдар, кәсіптік тану және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық консультация беру және психопрофилактикалық, әлеуметтік, тәжірибелік және жас ерекшеліктік психологиясын білу;
4) диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік-профилактикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолдану;
5) белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланыс әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім алушылардың қалыпты және ауытқымды дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін білу;
6) барлық оқу кезеңінде білім алушының жеке-психологиялық ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлау;
7) білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтау және оның алдын алу;
8) білім алушыларға, педагогтерге, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсету;
9) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын педагогтерге, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асыру;
10) білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алу және оларды уақытылы түзетуді жүзеге асыру;
11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттыру;
12) тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың білім беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізуге жол бермеу;
13) білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
14) зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасау;
15) дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысу;
16) білім алушының, тәрбиеленушінің дамуындағы ауытқу (ақыл-ой, эмоционалды) деңгейін, сонымен қатар әлеуметтік дамудағы әртүрлі ауытқу түрлерін анықтау және оларға психологиялық-педагогикалық түзетулер енгізу;
17) білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар арасында психологиялық мәдениетті қалыптастыру.
19. Педагог-психологтың құқықтары:
1) білім алушылармен, ата-аналармен және педагогтармен психодиагностикалық, консултациялық, ағартушылық-профилиактикалық,
түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстардың нысанын және әдісін таңдау;
2) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, педагогтердің жеке істерімен танысу;
3) түзету және дамытушылық бағдарламаларын және психологиялық жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысу;
4) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен және тәжірибелі психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдау;
5) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту мәселесі бойынша білім беру органдарына ұсыныспен шығу;
6) пәндік кафедралардың және медико-психолого-педагогикалық консилиумның Педагогикалық және методикалық кеңестерінің жұмысына қатысу;
20. Білім беру ұйымдарының педагог-психологының «Психология және
педагогика» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімі немесе «Тәжірибелік психология» мамандығы бойынша қайта даярлаудың арнайы факультетінде алынған қосымша білімімен, жоғары медициналық, педагогикалық білімдерінің, «Психология» қосымша мамандығымен жоғары педагогикалық білімі болу керек.
21. Лауазымдық жалақы, еңбек демалысының ұзақтығы, тарификацияланған педагогикалық жүктеме «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын және педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 шілдедегі №77 қаулысына сәйкес белгіленеді.
5. Педагог-психологтың жауапкершілігі
22. Педагог-психолог:
1) психологиялық диагностикалау нәтижелерінің нақтылығына, пайдаланылған диагностикалық және түзетушілік әдістердің барабарлығына, ұсынымдар мен қорытындылар негізділігіне, психологиялық ақпараттың құпиялылығына;
2) Психологиялық қызметтің есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізілуіне және сақталуына;
3) кәсіптік психологиялық этиканың сақталуына;
4) Психологиялық қызметтің жұмысына берілген материалды-техникалық құралдардың сақталуына дербес жауапты.
23. Педагог-психолог әкімшілік бағыт бойынша білім беру ұйымының басшысына, кәсіптік бағыты бойынша - аудандық (қалалық) және облыстық білім басқармаларында психологиялық қызметтің жұмысына жетекшілік ететін маманға бағынады.
6. Психологиялық қызметтің құжаттамасы
24. Психологиялық қызметтің құжаттамалары:
1) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмысын
ұйымдастыру қағидасы;
2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген Психологиялық қызметтің перспективті жұмыс жоспары;
3) психологиялық диагностикалау, психологиялық тренингтер және дамыту мен түзету жұмысының бағдарламалры;
4) психологиялық сабақтардың, тренингтердің және басқа да жұмыс түрлерінің әдістемелік әзірлемелері;
5) психодиагностикалық әдістемелердің деректер банкі және тізбесі;
6) білім алушылардың психологиялық дамуының жеке карталары; топтық психологиялық портреттері;
7) психологиялық зерттеудің нәтижелері, қорытындысы мен ұсынымдары;
8) психологиялық қызметтің жұмыс түрлерін есепке алып тіркеу журналы (психодиагностикалар, дамыту, түзету, ағартушылық, сараптамалық, әдістемелік, жеке және топтық консультация беру, психологиялық қызметке сұраныс беру) ;
9) Белгіленген кезеңдерге (тоқсан, жартыжылдық, бір жыл) берілетін Психологиялық қызметтің жұмысы туралы талдамалық есептер.
25. Психологиялық қызметтің есептері білім беру ұйымының есептік құжаттамаларында қамтылады.
Таным процестерін зерттеуге арналған әдістемелер
«Зейін функцияларының даму деңгейін анықтау» әдістемесі
Әдістеменің мақсаты: зейіннің қызмет кезінде қандай деңгейде жұмыс атқаратынын анықтау.
Нұсқауы: сіз 2 минут ішінде төменгі бланк квадратының бос клеткаларына өсу реті бойынша сандарды қойып шығуыңыз қажет. Бұл сандар жоғары квадрат бланкісінде 25 торшада шашыраңқы орналасқан. Бағалау дұрыс жазылған сандар көлеміне байланысты орташа норма 22 сан. Жоғарғы 25. Әдістемені топтық зерттеуде қолдану ыңғайлы.
Толтыруға арналған бланк
«Оперативті ес» әдістемесі
Нұсқауы: сізге 5 ретті сан тізбегі оқылады. Сіздің міндетіңіз бұл сандарды оқылу реті бойынша еске сақтауыңыз қажет. Бұдан кейін ойша бір санды екінші, 2-ші 3-ші, 3-ші 4-ші, 4-ші 5-ші, ал алынған төрт қосындыны жауап парағына жазу. Оперативті ес кестесінің тізбегі бойынша. Оқылатын сан тізбегіне назар аударыңыз. Соңғы сандардағы екпінге мән беріңіз. Мысалы, оқимын: 2, 5, 3, 1, 4. Қосамын: 2+5=7, 5+3=8, 3+1=4, 1+4=5.
Жазасыз: 7, 8, 4, 5. Бұл операцияларды сіз ойша орындауыңыз керек. Қазір сізге сандар оқылады. Карныдаш алыңыз! Зейін бөліңіз!
1 нұсқау:
1) 5, 2, 7, 1, 4 (үзіліс 8 секунд) 6) 4, 2, 3, 1, 5
2) 3, 5, 4, 2, 5 7) 3, 1, 5, 2, 6
3) 7, 1, 4, 3, 2 8) 2, 3, 6, 1, 4
4) 2, 6, 2, 5, 3 9) 5, 2, 6, 3, 2.
5) 4, 3, 6, 1, 7 10) 3, 1, 5, 2, 4
2 нұсқау: 3 нұсқау: 4 нұсқау
2, 4, 1, 7, 1 2, 5, 3, 1, 4 6, 2, 5, 3, 1
6, 3, 5, 1, 7 2, 4, 6, 1, 6 2, 7, 1, 5, 2
1, 4, 2, 5, 3 3, 6, 2, 5, 1 4, 2, 6, 3, 5
5, 1, 7, 2, 6 7, 2, 6, 3, 5 5, 1, 3, 6, 2
3, 1, 3, 4, 2 5, 3, 1, 4, 2 1, 5, 2, 7, 2
8, 1, 5, 2, 6 1, 7, 2, 6, 1 7, 2, 5, 3, 1
5, 2, 7, 1, 4 8, 1, 4, 2, 6 5, 2, 4, 1, 3
4, 1, 7, 2, 6 6, 2, 5, 3, 1 3, 6, 2, 1, 5
7, 1, 4, 3, 5 4, 1, 6, 2, 7 8, 1, 4, 2, 1
2, 5, 1, 4, 3 1, 8, 1, 9, 3 2, 5, 1, 4, 3.
Әдістеме мазмұны және қолдануы: әдістеме оперативті есті анықтауға (көлемі, тұрақтылығы, нәтижелілігі) арналған.
Зерттелушіге бір ретті сандар оқылады. Міндеті бұл сандарды есте сақтау, бірақ бұл ойша жүзеге асады, алдыңғы санның қосындысы қағаз бетінде тіркеледі. 5 тізбекті 10 рет беріледі.
Қосындысының максималды саны - 40, ортасындағы үзіліс 15 секунд, жалпы сандар қосындысы 9-дан аспайды. Жауаптары тізбек бойынша жазылады.
Әдістеме нұсқауы:
Жұмыс бастамас бұрын зерттелушіге жауап жазатын парақты даярлау. Жұмыс процесінде олардың сандарды жазып алмауларына көз жеткізу. Қорытынды құрылымы: оперативті естің бағалануы кесте бойынша дұрыс белгіленген сандар тізбегіне байланысты.
Ұпай көрсеткіштерінің шкаласы:
5 ұпай - оперативті естің жоғары деңгейде дамуы;
4- ұпай - жақсы дамыған оперативті ес;
3 ұпай - қанағаттанарлық дамыған оперативті ес;
2 ұпай - нашар дамыған оперативті ес.
«Сандарды есте сақтау» әдістемесі .
Әдістеме аз уақытық көру есін, оның көлемін және дәлдігін бағалауға арналған. Мұндағы негізгі міндет тексерілушілерге 20 секунд ішінде 12 екі сандық сандар таблицасы көрсетіледі. Оларды есте сақтау керек және көрсетілген таблицаны алып тастағаннан кейінсандарды бланкіге жазу керек. Азуақыттық көру есі дүрыс жазылған сандар санымен бағаланады. Ересек адам нормасы-7 және одан жоғары. Әдістеме топтық тестке ыңғайлы.
Таблица
Тест “Қысқа мерзімді ес көлемі”
А . Варианты: Сандық материал
Жұмыс барысы : Студентерге сандар саны біртіндеп өсуші сандар тізбегі оқылады. “Жазыңдар” деген командадан кейін студенттер есте сақталған сандарды қалай оқылды, сол тәртіпте жазу тиіс.
Сандар: 439, 3953, 42 731, 6 19 475, 5 917 423, 5 917 423, 9 8192 647, 3 82 951 746.
Есте сақталған сандардың дұрыстығын тексеруде балдар беріледі: әрбір дұрыс орында дұрыс жазылған сан үшін 1 балл; ұмытылған немесе дұрыс емес санға 1 жазалы балл, дұрыс жазылған, бірақ орны ауыстырылган санға - 0, 5 жазалы балл. Әрбір қатар бойынша балдар анықталады. Кез-келген студенттерге көрсетілген қатардағы максимальды жоғары көрсеткіш анықталады. Қысқа мерзімді ес көлемі (ҚМЕК) = max (максимальды) балл.
Б. Варианты: Сөздік материал.
Жұмыс барысы : 10 сөз оқылады. “Жазыңдар” деген командадан кейін студенттер есте сақталған сөздерді қалай оқылды, сол тәртіпте жазу керек.
Сөздер : таңертең, күміс, бала, өзен, солтүстік, жоғары, капуста, стақан, мектеп, бәтіңке.
Қорытынды жасау: қысқа мерзімді естің көлемі 7+2, бірақ бұл көрсеткіштер жоғары болуы мүмкін, егер “ақпараттар бөлшегі” топтасу, сандардың бірігуі негізінде ақпаратпен толықса, тұтас “бейнелер бөлшегіне” айналса; мысалы, сөздік материалды есте сақтауда: өзен, күміс, бала, таңертең- бір бейнеге біріктілуі мүмкін және бір тұтас “ақпарат бөлшегі” ретінде қабылданады
Тұлғааралық қатынасты анықтауға арналған әдістемелер
В. Ф. Ряховскийдің «Қарым - қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» әдістемесі
Бұл әдістеменің мақсаты: тұлғаның кәсіби маңызды ерекшеліктерін анықтауда қарым - қатынас негізгі саты болғандықтан, курсанттардың кәсіби күтуі мен іс - әрекет потенциялын анықтау, кәсіби және жеке тұлғалық дамудың перспективаларын және адамның коммуникативтілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістеме 16 сұрақтан тұрады. Әдістеме нұсқауы: «Сіздің алдыңызға бірнеше қарапайым сұрақтар беріледі. Сіздің міндетіңіз тез және бірізді «иә», «жоқ», « кейде» деген нұсқауларға жауап қайтарыңыз. Әдістеменің бағалануы: «Иә» жауабына - 2 ұпай; «кейде» жауабына - 1 ұпай, « жоқ» жауабына- 0 ұпай беріледі.
1. Сізге іскерлік кездесуге бару жүктелді: осы кездесу сізді толғандыра ма?
2. Шараларда, жиналыстарда баяндама мен халық алдында сөз сөйлеу сізді мазасыздандыра ма?
3. Дәрігерге баруды, аяққы кезге дейін шегересіз бе?
4. Сізге ешқешен болмаған қалаға сапарға шығуды бұйырды, осы сапарға бармау үшін күш жұмсайсыз ба?
5. Өз бұйымыңызды біреумен бөліскенді ұнатасыз ба?
6. Даладағы бейтаныс адам сізден көшені көрсетуді сұраса, бұл сізді заландыра ма?
7. Сіз «әке және бала» мәселесіндегі және әр кезек адамдарға бірін-бірі түсіну қиынға түсетіне сенесіз бе?
8. Танысыңызға бірнеше ай бұры алған ақшаңызды қайтар деуге ұяласыз ба?
9. Мейрамханада немесе асханада сізге нашар тағам ұсынды. Сіз үндемей асыңыздан бас тартасыз ба?
10. Таныс емес адаммен жалғыз қалғанда сіз бірінші сөз бастайсыз, ал егер ол бірінші сөйлессе сіз ыңғайсызданасыз?
11. Сізді кез келген ұзын ретті тосу ашуыңызды туғызады, сіз қайтып кетудіқалайсыз ба, немесе ары қарай күтесіз бе?
12. Қақатығыстық жағдайларды шешу комиссиясының мүшесі болуға қорқасыз ба?
13. Сізде әдебиет, мәдениет, өнерді бағалауда индивидуалды критерийлеріңіз бар ма?
14. Топта сіз жақсы білетін сұрақ бойынша қате пікір айтылса үндемей қоюды қалайсыз ба?
15. Қызметсатысы бойынша біреудің сізден көмек сұрауы сізді қайғырта ма?
16. Ауызшадан қарағанда өз ойыңызды жазбаша жеткізу сізге оңайға түсе ме?
Алынған ұпайлар классификациялау деңгейі бойынша анықталып, әр зерттелінуші өз категориясына ие болады.
Әдістеме классификаторы:
30-31 ұпай: Сіздің коммуникативтілік деңгейіңіз төмен, бұл сіздің ауыртпалығыңыз, өйткені бұдан сіз ғана зардап шегесіз. Бірақта сіздің қоршаған ортаңызғада бұл оңайлыққа түспейді. Топтық жұмысты қажет ететін істе сізге сенудің қажеті жоқ. Өзіңізді қолда ұстауға және қарым - қатынасқа түсуге үйреніңіз.
25-29 ұпай: Сіз тұйықсыз, сөйлеуге бейім емессіз, жалғыздықты қалайсыз, сондықтан да сізді қоршайтын адамдар өте аз. Жаңа жұмыс және жаңа байланыстар сізді мазасыздыққа әкеліп, өз қалпыңыздан көп уақытқа шығарады. Мұндай адамдар өзіне және қоршағандарға қанағаттанбайды. Осымен тоқтап қалмаңыз, бұл қасиеттерді жеңуге мүмкіндіктеріңіз бар. Кей сәттерде сізде толық коммуникативтілік пайда болады. Сондықтанда сізге сілкініс қажет.
19-24 ұпай: Сіз қарым - қатынасқа оңай түсесіз және жаңа жағдайларда өзіңізді толық сенімді ұстайсыз. Жаңа сәтсіздіктер сізді шошытпайды. Сонда да жаңа адамдар мен тіл табысуда біраз қиналасыз, пікірталастарда және қақтығыстық жағдайларда көп қатыспайсыз. Сіздің пікірлеріңізде кей уақытта сарказм көптігі байқалады. Бұл жетіспеушілікті түзету мүмкін.
14-18 ұпай: Сізде орташа коммуникативтілік. Сіз білім сүйгіш, қызықты тілдесіңізді тыңдауға бейім, қарым - қатынаста шыдамды, өз көз қарасыңызды ызаланусыз жеткізе аласыз. Таныс емес адамдармен кездесуге уайымсыз барасыз, бірақта шулы топтарды ұнатпайсыз. Экстровагантты қимылдар және көп сөздер сізді тітіркенушілікке әкеледі. [28, б. 46-47] .
9-13 ұпай: Сіз қарым-қатынасты адамсыз. Әртүрлі сұрақтар бойынша пікір айтуға әзірсіз, кейде қоршаған адамдар ызаланулары да мүмкін. Зейін орталығында болуды ұнатасыз. орындай алмасаңызда ешкімнің сұраныстарына қарсылық білдірмейсіз. Тез ашуланып, тез қайтасыз. Сізге жетіспейтін бірізділік, шыдамдылық және күрделі мәселелерді шешуде өжеттілік. Бірақ, айтқаныңыздан қайтпайтын сәттеріңізде болады.
4-8 ұпай: Сіз, өте өрен адамсыз. Қарым - қатынасқа түсушілігіңіз өте жоғары. Сіз үнемі бәрінен хабардарсыз. Сіз кез - келген пікірталастарға қатысасыз, бірақта қиын тақырыптар сізді мазасыздандырады. Кез - келген сұрақ бойынша жанама мәлімет білсеңізде, сөз аласыз. Кез - келген жерде өзіңізді қолайлы ұстайсыз. Кез-келген әрекетті сәтсіз аяқталса да қолыңызға аласыз. Сондықтанда әріптестеріңіз және басшыңыз сізге сенімсіздікпен қарайды. Осы жайт жайлы ойланыңыз.
3 және одан төмен ұпай:Сіздің коммуникативтілігіңіз ауру сипатқа ие. Сіз көп сөйлейсіз, өзіңізге мүлдем қатысы жоқ істерге араласасыз. Сіздің қоршауыңыздағы қақтығыстың қайнар көзі сіз болып табыласыз. Тез ренжисіз, ызаланғышсыз. Маңызды жұмыстар - сіз үшін емес. Адамдарға- жұмыста, үйде және барлық жерде сізбен күрделі. Сізге өзіңізбен және мінезіңізбен жұмыс жасау керек. Ең бастысы өзіңізде шыдамдылық пен белсенділікті, басқаларды сыйлай білуді тәрбиелеуіңіз қажет.
Дж. Мореноның социометриялық әдісі
Әдістеме мақсаты - балалар тобындағы тұлғааралық қатынасты зерттеу және бағалау, берілген әдістеме социаметриялық әдістің балаларға арналған варианты болып табылады. Оны жүргізу процедурасы келесідей: сыныптағы әрбір балаға үш ашық хаттан таратылады, оқушы келесі мазмұнды нұсқау алады-
«Әрқайсың өздерінің туған күніңе сыныптағы оқушылардың ішінен қайсы балаларды шақырар едің? Енді таңдаған үш баланың атын ашық хаттарға жаз».
Жазылған ашық хаттарды балалар туған күніне шақырғысы келген сыныптастарына таратады.
Социометриялық зерттеу әдісінің қорытындысы бойынша мына жағдайлар анықталуы керек:
1) жеке басын дамыту үшін сыныптағы балалармен өзара қарым-қатынас жасаудың маңызы қандай?
2) Кейбір жекелеген балалардың сыныпқа ықпалы бар ма?
3) Ол шынында да осы топтың лидері ме?
4) Ешкім таңдамаған баланың ұжымдағы жағдайын қалай түсінуге болады?
5) Ерекше шағын топтың құрылуының себебі не?
6) Ол қандай қасиеттерімен балаларды өз маңайына топтастырады?
7) Ұжым өмірінде топтасудың ролі қандай?
8) Қандай жағдайда ұжым құрамы нақты және арнайы болады?
Әдістемені интерпретациялау:
Социометрияда топ ішіндегі қарым-қатынас түрлері көрсетіледі. Қойылған сұрақтар таңдау критерилері деп аталады. Топтағы адамның жағдайын және оның өзгелермен қарым-қатынасын анықтау үшін қолданылады.
Балалар ашық хаттарды таратқаннан кейін экспериментатор кім, қанша, ашық хат алғанын анықтайды. Алынған ашық хаттардың санына сәйкес баланың топтағы социаметриялық статусы төмендегі формуламен анықталынады:
С=,
Мұндағы С - баланың құрбыларымен өзара қарым-қатынасы жүйесіндегі статусы,
К - топтағы достарынан алған баланың ашық хаттар саны;
n - тестіленетін топтағы балалар саны.
Баланың статусы жайлы шешімнің негізі С - көрсеткіші болып табылады.
Нәтиженің бағасы:
10 - ұпай - баланың С - көрсеткіші 100 процентке тең;
8-9 ұпай - баланың С - көрсеткіші 80-89 процентке дейінгі аралықта;
6-7 ұпай - баланың С - көрсеткіші 60 - 79 процент дейінгі аралықта;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz