Мемлекеттік құрылыс



Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекет. Қазақстан Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы - Астана қаласы. Мемлекет басшысы – Назарбаев Нурсултан Абишевич.

Конституцияға сай, Қазақстан – үш тәуелсіз билік арнасы бар мемлекет: атқарушы билік, заң шығарушы және сот билігі.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыұлттық референдумында қабылданды. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.

Мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі – халық. Заң шығарушы орган Парламент болып табылады. Атқарушы билікті Үкімет, оның құрамында орталық орган (Министрлік, Агентство, Ведомство) және жергілікті орган (Әкімшілік) атқарады; соттар билігін мемлекеттік сот (Жоғарғы сот және жергілікті сот органдары) жүзеге асырады.

Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму, патриотизм, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫС
Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекет. Қазақстан Тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы - Астана қаласы. Мемлекет басшысы - Назарбаев Нурсултан Абишевич.

Конституцияға сай, Қазақстан - үш тәуелсіз билік арнасы бар мемлекет: атқарушы билік, заң шығарушы және сот билігі.

Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыұлттық референдумында қабылданды. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.

Мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі - халық.

Заң шығарушы орган Парламент болып табылады. Атқарушы билікті Үкімет, оның құрамында орталық орган (Министрлік, Агентство, Ведомство) және жергілікті орган (Әкімшілік) атқарады; соттар билігін мемлекеттік сот (Жоғарғы сот және жергілікті сот органдары) жүзеге асырады.

Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму, патриотизм, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Мемлекеттік нышан-белгілер

Байрақ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Байрағы - бұл тік төртбұрышты көгілдір түсті, ортасында 32 сәулесі бар шашыраған күн, оның үстінен қалықтаған дала қыраны бейнеленген мата. Байрақтың тұтқасымен тұстас ұлттық өрнекті тік жолақ бар. Күн, сәуле, қыран және өрнек алтын түспен бейнеленген.

Қазақстан байрағы, елтаңбасы және әнұранымен қатар, Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттік нышан-белгісі боп саналады. Қазіргі қолданыста жүрген байрақ 1992 жылы қабылданды.

Байрақтың авторы -- белгілі дизайнер және суретші, Қазақстан өнерінің еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Сол жағында ұлттық өрнегі, алтын күні мен қақ ортасында Қазақстан Республикасы бостандығының, тәуелсіздігінің және егемендігінің нышаны - қалықтаған қыран бейнеленген көгілдір байрақ. Оның тұтас бір түсті болуы - Қазақстан бірлігінің нышаны.

Елтаңба

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көгілдір аспан аясындағы шаңырақ бейнелі, жан-жаққа күн сәулесіндей тарап жатқан уығы бар, мифтік аңыздағы дүлділ аттардың қанатымен көмкерілген. Елтаңбаның төменгі жағында "Қазақстан" деген жазуы бар.

Елтаңбада екі түс - алтын және көгілдір көк түс басым.

1992 жылдың 4 маусымы -- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының туған күні.

Еліміздің елтаңбасындағы шаңырақ -- бұл Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық адамның ортақ үйінің бейнесі. Шаңырақтың беріктігі өз уықтарының мықтылығына байланысты болатыны сияқты, елдің бақыты онда тұратын әр адамның жайлы өміріне тәуелді.

Сыртқы түрі аспан күмбезіне ұқсас шаңырақ қазақтардың тұрмыс-тірлігіндегі ең кие тұтатын бір белгі іспетті.
Шаңырақ -- туған үйдің, ал кеңірек ұғымда қарасақ, әлемнің, күллі ғаламның нышан-белгісі.

Егемен Қазақстанның қазіргі елтаңбасы екі танымал сәулетшінің: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихановтың шығармашылық ізденістерінің нәтижесі боп есептеледі.
Мәрелі конкурсқа болашақ елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипаттамасы келіп түсті.

Әнұран
Мәтін сөзінің авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әуен авторы: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Конституция

Мемлекет басшысы

Атқарушы билік
Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады. Үкімет басшысы - премьер-министр. Оның қоластында үш орынбасары бар. Кабинет 18 министрден тұрады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және солардың жұмысына жетекшілік жасайды. Үкімет алқалы орган боп саналады және өзінің барлық қызметінде - Қазақстан Республикасы Президенті алдында, ал Конституцияда қаралған жағдайларда Парламент Мәжілісі мен Парламент алдында жауапты. Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады.

Заң шығарушы билік
Заң шығарушы билік - Парламент. Парламент тұрақты негізде қалыптасқан екі Палатадан тұрады. Жоғарғы палата - Сенат (39 адам) әр 6 жыл сайын сайланады. Төменгі палата - Мәжіліс (107 депутат, оның 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері) әр 5 жыл сайын сайланады.

Сенат депутаттығына, конституциялық заң тағайындаған тәртіппен, әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан (14 облыс, 2 қала) екі адамнан сайланады. Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті ұлттық-мәдени және қоғамның басқа да маңызды мүдделі өкілдерімен Сенатты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, тағайындайды. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылысы
Муниципалдық тұрғын үй саясаты
Құрылыс объектілерінің жіктелуі
ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН БАСҚАРУ
Құрылыс саласында баға белгілеу жүйесін талдау
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй саласы
«Инвестициялық процестегі құрылыс кешенінің рөлі»
Құрылыс конструкциялары даму тарихы. Құрылыс конструкцияларына қойылатын талаптар. Бетонның класы мен маркасы. Деформация модулі мен серпімділік модулі
Мәліметтер қорын жүйелеу
Сәулет және құрылыс өндіріс
Пәндер