Ақша айналысын басқару және реттеу
Мазмұны:
Кіріспе
I.Ақша айналымы және ақша айналысы туралы ұғым
1.1 Қолма.қол ақша айналысы және оны ұйымдастыру
1.2 Қолма.қолсыз ақша мен есеп айырысу қағидалары, формалары
II.Ақша айналысын басқару және реттеу
2.1 Ақша айналысының заңы
2.2 Ақша массасы және ақша базасы. Ақша агрегаттары
III.Қазіргі таңдағы ақша айналысын реттеудің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

“Біздің зерттеуіміздің мақсаты мүлде автоматты
түрде қатесіз жауап беретін механика құру, немесе
бірсарынды операциялардың нобайын жасау емес, ол
бірнеше мәселелерді жүйелі және жоспарлы зерттеу-
дің әдісімен өзіңді қамтамасыз ету болып табылады.”
(Дж. М. Кейнс)
Экономикалық құрылымда бұл тақырыптың алатын орны ерекше.Бұл курстық жұмыс материалдың көлемімен және ұсынылған тақырыптардың санымен белгіленбейді. Ол зерттеудің тереңдігімен және деңгейімен, экономикалық ғылымның маңызды мәселелерін талдаудың әдістерімен белгіленеді.
Менің мұндағы міндетім: ақша айналысын кеңінен баяндаумен қатар, олардың қоғамға әсерін зерттеу.
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бұл тарауларда мен қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыруды, айырбастауды, реттеуді және оларды басқаруды қарастырдым.
Курстық жұмыс тек қана ақша айналысын теориялық бағытта қарастырып қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтары, Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономика жағдайында атқаратын қызметтері мен рөлі жан-жақты қарастырылған.
Ақша айналысының негізгі ерекшелігі ақша тауарларды біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Жұмыс барысында ақша айналысы, ақша агригаттары, ақша массасы, ақша базасы сияқты ұғымдар барынша жан-жақты қаралады.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1 «Деньги , кредит, банки» Учебник Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд . 2-е, Москва :1999 г
2 С.Б. Мақыш , Оқу құралы «Ақша айналысы және несие » - Алматы , Қазақ университеті, 2004 ж
3 Баян Көшенова ,Оқу құралы Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары ,-Алматы :Экономика 2000 ж
4 Абрамова М.А Александрова Л.С Финансы , денежные обращение и кредит
5 Мамыров Н.Қ Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық- Алматы : Экономика -2003 ж
6 Сайденов А.Г «О перспективах развития денежно-кредитной» политики и других направлениях деятельности Национального Банка.
7 Статистикалық мәліметтер 2005ж
8 Сейітқасымов Ақша, несие, банктер.
9 Қазақстан Үлттық Банкі Статистикалық Бюллетені 2005 ж
10 Қазақстан Ұлттық Банк Хабаршы. 2005 ж

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ
Қаржы кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ақша айналысын басқару және реттеу
Мазмұны:
Кіріспе
I.Ақша айналымы және ақша айналысы туралы ұғым
1. Қолма-қол ақша айналысы және оны ұйымдастыру
2. Қолма-қолсыз ақша мен есеп айырысу қағидалары, формалары
II.Ақша айналысын басқару және реттеу
2.1 Ақша айналысының заңы
2.2 Ақша массасы және ақша базасы. Ақша агрегаттары
III.Қазіргі таңдағы ақша айналысын реттеудің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
“Біздің зерттеуіміздің мақсаты мүлде автоматты
түрде қатесіз жауап беретін механика
құру, немесе
бірсарынды операциялардың нобайын жасау емес, ол
бірнеше мәселелерді жүйелі және
жоспарлы зерттеу-
дің әдісімен өзіңді қамтамасыз ету
болып табылады.”
(Дж. М. Кейнс)
Экономикалық құрылымда бұл тақырыптың алатын орны ерекше.Бұл
курстық жұмыс материалдың көлемімен және ұсынылған тақырыптардың санымен
белгіленбейді. Ол зерттеудің тереңдігімен және деңгейімен, экономикалық
ғылымның маңызды мәселелерін талдаудың әдістерімен белгіленеді.
Менің мұндағы міндетім: ақша айналысын кеңінен баяндаумен қатар,
олардың қоғамға әсерін зерттеу.
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бұл тарауларда мен қолма-қол ақша
айналысын ұйымдастыруды, айырбастауды, реттеуді және оларды басқаруды
қарастырдым.
Курстық жұмыс тек қана ақша айналысын теориялық бағытта қарастырып
қоймай, сондай-ақ олардың практикалық жақтары, Қазақстан Республикасындағы
нарықтық экономика жағдайында атқаратын қызметтері мен рөлі жан-жақты
қарастырылған.
Ақша айналысының негізгі ерекшелігі ақша тауарларды біртіндеп
айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады. Ақшаның
айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл
қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар
атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Жұмыс барысында ақша айналысы, ақша агригаттары, ақша массасы,
ақша базасы сияқты ұғымдар барынша жан-жақты қаралады.
1-тарау.Ақша айналымы және ақша айналысы туралы ұғым
1. Қолма- қол ақша айналысы және оны ұйымдастыру
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-
жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша
айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-
бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек қолма-қол ақша мен қолма-
қолсыз ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр
үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер
енгізді.
Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қолсыз түрінде
үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша
айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек ақша
белгілері жүреді. Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы
ретінде олардың құны айналымда жүреді. Себебі металл монетаның (алтын
немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес
келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен жүрді.
Сондықтан құн айналымы тауар айналымен ақша айналымымен біріктірілді.
Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп- қолма-
қол ақша және қолма-қолсыз ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен
салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы
деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.
Ақша айналысы- шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететтін қолма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Айналыста
жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының бір бөлігі. Демек ақша
айналысы деген бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер
сомасына тең ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол
ақшамен қолма-қолсыз ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз
төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның
қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және
қолма-қолсыз ақша айналымынан тұрады.
Қолма-қол ақша айналысы ақша айналымының бір бөлігі ретінде бір елдің
аумағында қолма-қол ақша (ұлттық валюта) айналымымен ғана байланысты
болады. ол шаруашылықты жүргізуші субъектілердің халықпен есеп айырысуын
сондай-ақ халық топтарының арасындағы есеп айырысуды, нақты айтқанда,
алынған шығындарды, сыйақының, шәкіртақының, жәрдемақыны, сақтандыру
төлемдерін және басқа табыстармен олардың тауарды, тұрмыстық және тағы
басқа қызметтерді, көлік, байланыс секілді қызметтерді сатып алуға
жұмсалатын шығындарын қамтитын халықтың ақшалай табысының алынуы мен
жұмсалынуын қамтиды.
Нақты қолма-қол ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ
салалардың, яғни кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің
кассаларындағы, халықтың өз қолындағы ҚР Ұлттық Банк шығарған банкноттар
(қағаз ақшалар) мен тиындар жатады. Қолма-қол ақша өз қозғалысын ақшаны
айналымға шығаруға және ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар ҚР Ұлттық
Банктің кассасынан бастайды. Коммерциялық банкттер қолма-қол ақшаны
қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару жолымен өз ресурстарының есебінен қолма-
қол ақшаның номиналды құнын өтей отырып Ұлттық Банкттен алады.
Қолма-қол ақшаны ұйымдастыруына екінші деңгейдегі банкттер маңызды
роль атқарады. Тауарлардың алмасуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшаның
ауыспалы айналымында банк ақша қозғалысының бастапқы және ақырғы
тармақтарын қамтиды. Кәсіпорындардың кассасына түскен қолма-қол ақша
кәсіпорындарының шотына есепке алынуы үшін банк мекемелеріне берілуі тиіс.
Екінші жағынан, қолма-қол ақша айналысының саласына ақша банк кассасынан
кеп түседі (еңбекақы түрінде немесе басқа қолма-қол ақшамен есеп айырысудың
нәтижесінде).
Банк кассасында қолма-қол ақша смомасы мыналар үшін болуы керек: осы
банкте шоты бар өз клиенттерінің қолма-қол ақшаға деген қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін; қажет болған жағдайда банк несие алатын клиентіне
қолма-қол ақшаны ұсыну үшін: шоты басқа банкте болсада, осы банкте өз чегін
өтеуге келісімі бар клиентке қолма-қол ақшаны беру үшін: басқа банкттермен
төлем айналымында пайда болған сәйкессіздікті баланстау (теңестіру) үшін.
Банк клиенттерін қолма-қол ақшаны қызмет көрсетуші банк кассасында өз
шотындағы банк несиеге берген ақшалай қаражат есебінен алады. Олар оны
тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетулерге пайдаланылатын еңбекақыға,
шәкіртақыға және басқа төлемдерге береді. Белгілі уақыт аралығында қолма-
қол ақшамен жүзеге асырылатын төлемдердің жалпы сомасы банк кассасының
берілетін қолма-қол ақшаны, банк кассасына түсетін ақшаны, пошта арқылы
айналымда болатын қолма-қол ақшаны, кәсіпорындардың, ұйымдардың және
мекемелердің халыққа төлейтін төлемдерін азамматтардың арасындағы қолма-қол
ақша айналымын қамтитын қолма-қол ақша айналымын сипаттайды.
Негізгі қолма-қол ақша айналымы экономикадағы кассалық қызмет
көрсетуді жүзеге асыратын банк кассалары арқылы өтеледі. Банктегі шоттарға
ақшалай түсімдердің есепке алынуы мен әр түрлі мақсаттарға қолма-қол
қаражаттың берілуі банктің кассалық операциясы деп аталады әрі осыған қарай
банкттердің кіріс және шығыс кассалары болады.
Қолма-қол ақшалар айналысы нақты ақшалар қозғалысын білдіреді.Оған
банкноталар,монеталар,және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет
етеді.Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір бөлігін орталық
банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене
бөлігі қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.
Ақша өзінің материалдық-заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және
қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Металл
ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі де
пайда болды.Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ
металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесіктері айналымға
түскен.Дегенмен жаңа дәуірге дейін 13 ғасырда кейбір елдерде массасы
көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі
уақытта да көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей,
мысалы, фунт стерлинг,ливр, марка-жарты фунт деген ұғым.
Металл ақшаның алғашқы түрі-құйма металл, оның формасы да әр түрлі
болған ( шыбық, сым,табақша және т.б).Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының
жоғары сатысында металдан монета түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық
қатынастардың дамуына байланысты тауар сатушылардың арасында көпестер
бөлініп шығып, олар тауар айырбасында тек делдалдық кәсіппен
шұғылданды.Сонымен монета деген заң жүзінде құрамындағы белгілі бір
металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды формадағы ақша
белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын ,массасын, типін, ремедиумын, эмиссия
ережесін және т.с.с.бекітеді. Монетаның бет жағын – аверс, сыртын- реверс,
жиегін –гурт немесе обрез деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ ақша болып
бөлінеді.Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн монетада соғуға
жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Толық құны жоқ ақша деп
монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары
болатын ақша.
Ақша айналысында майда ақшаның үлес салмағы аз.Дегенмен майда ақшаны
айналысқа түсіру мемлекетке өте пайдалы. Ол пайда монетада көрсетілген
құнмен оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.
20 ғ 70- жылдары алтынға деноминация жүргізілді.Алғашқыда алтын елдің
ішкі ақша айналымына айналыс және төлем құралы ретінде пайдаланылса, ал
1976 жылдан бастап ол дүниежүзілік ақша қызметін де орындамайды. Алтын
мемлекеттің ішкі айналымынан да, әлемдік нарықтан да қағаз және несие
ақшаларымен ығыстырылды.
Металл ақша айналысының обьктивті заңдылықтары және капитализм
тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуы айналымға қосымша ақшаның
қажеттілігін арттырып ақшаның толық құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастау
мүмкіндігін ашты.Сөйтіп қағаз ақша ( декретные деньги -өкілеттің
қаулысымен қабылданған- заңды ақша)-ол толық құнды ақшаның орнына айналым
және төлем құралы қызметтерін атқаратын, мемлекет өз шығындарын жабу үшін
шығаратын және ықтиярсыз көрсеткен құны бар, әдетте металға
айырбасталмайтын ақша белгісі (немесе құн белгісі, алтынның өкілі). Тарихи
ол алтын мен күмістің өкілі ретінде солардың орнына пайда болды. Қағаз
ақшаның өз құны жоқ себебі оны басып шығаруға аз ғана еңбек жұмсалады.Ол
толық құны жоқ ақша.Заңды төлем құралы болып бекітілген кезде қағаз ақшаны
сатып алу мүмкіндігі бар, яғни ол айналысқа жарамды.Айналыстан тыс қағаз
ақша –керексіз бос қағаз. Егер нақты ақша (алтын) өз құнымен айналысқа
қызмет етсе,ал қағаз ақша тек айналыста ғана нарықтық құнға ие болады.
Мемлекеттің күшпен ықтиярсыз көптеген құны қағаз ақшаның осы елдің өзінде
ғана қолдануға болатын қоғамдық мәнін көрсетеді.Әлбетте мемлекет қағаз
ақшаға кез келген құнды көрсетіп шексіз мөлшерде шығаруы мүмкін.
Мемлекеттің қағаз ақшаға деген күші осымен аяқталады.Айналысқа түскен құн
белгілері ақша айналысы заңына бағынады.
Қағаз ақшаның эмитенттері (шығарушылары) –Қаржы министірлігі
(қазынашылық),немесе мемлекеттің Орталық банкі.Бірінші жағдайда, мемлекет
өз шығындарын жабу үшін ақша басып шығаратын станоктарды тікелей
пайдаланады.Ал екінші жағдайда, оны жанама түрде жүргізеді,яғни орталық
банк мемлекеттк бюджеттің кемшілігін толтыруға оған несие береді.
Шығарылған қағаз ақшаны көрсетілген құнымен оны шығаруға кеткен құнының
(қағаз алуға және басуға кеткен шығындар) айырмасы эмиссиялық табыс –
мемлекеттік табыстың едәуір бөлігін құрайды.
Өз құны болмағандықтан қағаз ақша тұрақсыз, ол тез құнсызданады. Қағаз
ақшаның құнсыздануына әр түрлі себептер әсер етеді.
-бюджеттің тапшылығын жоюға шығарылған ақша эмиссиясы;
-әскери және басқа өндірістік емес шығындар;
-еңбек өнімділігінің кұлдырауы;
-тауар массасының төмендеуі;
-пассивтік төлем балансы;
-ақша шығаратын үкіметке сенімнің төмендеуі,т.б.
Міне осы себептердің бәрі тауар бағасының өсуіне әкеп соқтырады. Халықты
әлеуметтік қорғау мақсатында үкімет жалақыны,зейнетақынын,жәрдемақыны
өсіреді. Бірақ халық тұтынатын тауар өндірісі дамымаса, баға одан әрі
шарықтай береді.Нәтижесінде халықтың әл-ауқаты нашарлайды.
Өмірде қағаз ақшаның құнсыздануын қалай байқауға болады?
Кенет бүкіл тауарлар бағасы жоғарылайды, әсіресе бірінші кезекте
тұтынатын заттардың бағасы өседі, ал жалақының,зейнетақы және жәрдемақының
өсуі керекті заттар бағасының және көрсетілетін қызметтер бағасының
жоғарылауынан едәуір кем жүреді.
Жалпы қағаз ақшаның құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән құбылыс.
Сонымен қатар, қолма-қол ақша айналысына несие ақшалардың келесі
түрі-банкнота жатады. Ол 17 ғ аяқ шенінде пайда болған.Коммерциялық
вексельдің айналым шегі банкнота шығарумен ұзартылады.Банкнота-әр
мемлекеттің орталық банкі шығарған және оны иемденушінің талабы бойынша
төленуге тиісті банк берген қарыз міндеттемесі.
Толық құнды ақша айналысы кезінде алтын құйма немесе алтын монета
иесі өз байлығын елдегі ең орнықты банкте сақтауға ұмтылды. Сондықтан
сынамасын анықтап және мұқият өлшегеннен кейін банк алтынды сақтауға
қабылдағаны туралы қолхат- банкнота толтырып береді.Банкнота алтынға тең ,
себебі кез-келген уақытта бұрын депоненттелген асыл металға айырбастауға
болады.Банкнота- қолдануға ыңғайлы ақша.Шын мәнінде банкнота –банк жазып
берген вексель.
1.2Қолма-қолсыз ақша мен есеп айырысу қағидалары, формалары.
Қолма-қолсыз ақшалар айналысы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының
ақшаларының қозғалысы.
Мұндағы қолма-қолсыз ақшалар - чектер , пластикалық карточкалар
электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақтаған ақшалары ( депозиттер).
Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.
Сондықтан материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты
болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады.Ақшалай есеп
айырысудың өзі екі формаға: қолма-қол ақшамен есеп айырысу және қолма-
қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана
отырып , есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуға
қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын
үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша
айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
-өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
-ұлттық табыстарды бөлу және қайта бөлуде;
-банк несиелерін алу және қайтаруда;
-Бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
-халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
-басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы
ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің
торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемелекеттің мүддесінің
ықпалы болады. Өйткені, банк- бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар мен
төлемдердің іске асатын орны Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі
ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу- бұл ақшалай қаражаттарды
төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын
ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі бір жүйеге
байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі – бұл қолма-қолсыз
ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға
қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу
әдістері мен формаларының жиынтығы.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыруды мынадай талаптарға
сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бір
қалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген
төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы,
яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру
негізгі КСРО тұсында 1930-1932 жылдары несиелік реформа барысында
жасалынған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған
түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес
келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысулар жүйесін бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге
байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес яғни
жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның
өзінің алдындағы келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін
экономикалық мүддесі мен жауапкершілігінің жоқтығын бір шама дәрежеде орнын
толтыруына мүмкіндік береді.
Бұл қағидалар әсіресе мыналарға қатаң қарайды:
• Төлеу орны-банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды
ұйымдастырушы және бақылаушы болады;
• Төлеу уақыты-өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң
жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің
қолданылуына қатаң тыйым салынды;
• Төлеушілердің келісімі (акцепт)- төлеудің негізіне жатады;
• Төлеу көзі- сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие,
яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
• Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану
аумағы алдын ала анықталады .
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі
айналымды жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін және
несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп
айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы
кері әсер етті.
Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысу формалармен әдістері, оларды ұйымдастыру
қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы-барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары
банк мекемелеріндегі шоттарды сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысулар сол шоттар негізігде жүзеге асырылуын көздейді.
Мұндай клиенттерге ақшалай қаражаттардың сақтау және аударымдар жасау
үшін шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі
бірінші қағидадан айырмашылығын, барлық кәсіпорындар және ұйымдардың
арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы
жүргізілуге міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен
ұйымдардың ақшаның банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі- бұл экономиканы
әкімшіл-әміршіл әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.
Нарықтық шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу,
шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің
іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескруі тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші
қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін
есерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысндағы нақты және қолма-қолсыз
ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек
заңды тұлғаларға қатысты болғандығын айта кету керек.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшінші қағидасы-нарық
субъектілерінің қолма- қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы
еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісімшарттарында
бекітуді көздейді.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық
субъектілерінің келісімшарттық және есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырудағы қатынастардың нәтижелі болуы үшін ,оларды материалдық
жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін
сипаттайды.Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал
ретінде көрінеді.
2000 жылы 2 маусымдағы Ұлттық Банк Басқармасы бекіткен Қазақстан
Республикасы банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу ,жүргізу және
жабу тәртібі туралы № 266 нұсқаулығына сәйкес төлеушінің төлем
операцияларының барлық формаларына бас субъектіге айналу тенденциясы
байкалады,себебі барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында
төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді. Бұл шарт ел
экономикасындағы нарықтық қатынастардың талабына толық сәйкес келеді.
Сонымен қатар қолма –қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың
мынадай екі қағидасы қолданылады:
1) төлемнің мерзімділігі
2) төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімдік қағидасы –шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында ,
ұжымдық шарттарда және Қ.Р Қаржы министрлігінің нұсқауларында көрсетілген
мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін
қаражатты қалаған уақытта ғана емес , алдын ала келісілген мерзімде
аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе
болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері
төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып,
- қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара
алады.
Мерзімді төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
• Сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының
тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық
төлем түрінде;
• Сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем
тапсырмасы арқылы;
• Сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін,біршама уақыттан кейін
–қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы
коммерциялық несие жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын ,мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен
төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер-бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай
міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер- бұл көзделген уақытта қарыздық
міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын
ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер-бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты
туындайды ,сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе
коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы-бұл алдындағы мерзімділік
қағидамен тығыз байланысты.Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем
мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде
болуын білдіреді.Өтімділік қаражаттардың сипатына байланысты жедел түрде
және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара
ажыратылады.
Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі,төлеушіде бірінші класстық өтімді
қаражаттар сомасының болуын білдіреді Бірінші классты өтімділік
қаражаттарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы
ақшалай қаражаттар ,сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары
жатады
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған қағидалар бір-
бірімен тығыз байланысты.Сондықтан да , бұл қағиданың біреуінің бұзылуы
басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары- бұл қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін, немесе қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін
білдіреді.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің
банктердегі ашқан есеп айырысу ағымдық және басқа шоттарында көрсетіледі.
Кез келген кәсіпорын мен ұйымның ,банкте басты бір шоты ,яғни есеп
айырысу немесе ағымдық шоты болуға тиіс. Есеп айырысу шоттары барлық
кәсіпорындарға , яғни меншік түрлеріне байланысты, сондай-ақ коммерциялық
есеп айырысу қағидаларында жұмыс жасайтын барлық шаруашылық субъектілеріне
ашылады. Есеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz