Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Әлеуметтану және әлеуметтік

жұмыс кафедрасының меңгерушісі Г. С. Абдирайымова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Тақырып: «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері»

050501 - «Әлеуметтану» мамандығы бойынша

Орындаған Б. Ж. Асабаева

Ғылыми жетекші Г. С. Абдирайымова

Норма бақылаушы Ә. Т. Омарова

Алматы 2011


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Асабаева Бану

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Тақырып: «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері»

050501 - «Әлеуметтану» мамандығы бойынша

Алматы 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4- 1 ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРІТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

1. 1 «Гендер» ұғымының мәні және гендерлік саясат мәселесі . . . 6

1. 2 Әлеуметтанудағы гендерлік зерттеу әдіснамасы . . . 17

1. 3 Гендерлік саясат пен ұлттық салт-дәстүрдің байланысы . . . 24

1. 4 Әйелдер құқығы туралы халықаралық құжаттар мен Қазақстан заңнамалары . . . 31

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ПЕН СТЕРЕОТИП МӘСЕЛЕЛЕРІН ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың әлеуметтанудағы рөлі . . . 37

2. 2 Гендерлік саясаттың қалыптасуындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі . . . 42

2. 3 Қоғам көзімен ерлер мен әйелдедің гендерлік стереотитері . . . 53

2. 4 Қазақстандағы гендерлік мәселелерді шешудегі әлеуметтік зерттеулер . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63-65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66-67


Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бітіру жұмысында Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері, әйел мәселесіне қатысты исламның ықпалы мен кейбір мұсылман философтарының көзқарастары, гендер социологиясы, сонымен қатар «гендер», «гендерлік саясат», «гендерлік теңдік», «гендерлік рөл» ұғымдарының анықтамалары кеңінен зерттелген.

Гендер дегеніміз- әлеуметтік қатынас (биологиялық жыныс емес) немесе әрбір жеке тұлғаның арнайы әлеуметтік қатынастар терминіндегі көзқарас.

Гендерлік саясат- қоғамық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Гендерлік рөл- қызметтің, статустың, құқықтың дифференциясы және олардың жыныстық айырмашылықтарына байланысты индивидттердің міндеттері.

Сонымен қатар қоғамдық-саяси өмірдегі, отбасындағы гендерлік теңдікке қол жеткізудің жолдары, гендерлік білім беру, құқықтық оқу-ағарту, қазіргі кезеңдегі Қазақстан әйелдерінің құқықтық жағдайы мәселелері кең ауқымда сараланып, аталып көрсетілген.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда әйелдердің құқығы мен адам өркендеуі жаңа мыңжылдықтың ең маңызды әлеуметтік мәселесі болып табылады. Осы уақытқа дейін бірде бір қоғам өзінің барлық мүшелерінің құқықтық құқығын толық тең жүзеге асыра алмаған. Қазақстанда гендерлік саясатты жүргізу жұмысын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы мен гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі төмендегі халықаралық келісім-шарттар аясында отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады, атап айтқанда:

- Әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі Пекин тұғырнамасы (1995 ж. ) ;

- БҰҰ Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясы (1998 ж. ) ;

- Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция (2000 ж. ) ;

- Тұрмыс құрған әйелдердің азаматтығы туралы конвенциия (2000 ж. ) ;

- ДЕҰ-ның 1951 жылғы № 100 ерлер мен әйелдердің тең құндылықты еңбекке тең сыйақы алуы туралы конвенциясы (2000 ж. ) ;

- Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясының Факультативтік хаттамасы (2001 ж. ) ;

- БҰҰ мыңжылдықтар мақсаттары - «Ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» атты үшінші мақсаты.

Ұлттық комиссия өз құзыры шегінде заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің, стратегиялардың, тұжырымдамалардың және мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге бастама көтереді және қатысады, мемлекеттік органдар басшыларын тыңдайды, олардан отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі заңдарды бұзушылық фактілері бойынша тексеру және қызметтік тергеу жүргізуді талап етуде

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде техника мен технологияның қарқынды дамуы қоғамның жаңаруына, экономикалық өсуіне арқау болып, әлемнің әл-ауқатын көтерді, әлеуметтік, дінаралық, ұлтаралық, мәдени қайшылықтардың алдын алды, оны түгел жоймағанымен, азайтты, өзара жарастық пен келісім орнады. Сондықтын, біз тәуелсіздігімізге ие бола отырып, демократиялық, экономикасы қарқынды түрде дамып келе жатқан, құқықтық мемлекетте өмір сүретіндіктен әлем назарын аударып отырған мәселелерден айналып өте алмасымыз анық. Көптеген елдерде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын қамтамасыз ету, былайша айтқанда гендерлік саясат мәселесі өзектілердің қатарында болмақ. Өйткені, гендерлік теңдік демократиялық үрдістердің негізгі көріністерінің біріне айналды. Сондықтан да мәселені гендерлік саясатты елімізде қалай жүргізу қажет, біздің салт-санамызды, ұлттық болмысымызды ескере отырып, жаңа заман талаптарына сай қалай жүзеге асыруымыз қажет деген тұрғыдан көтерген дұрыс.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысында зерттеліп отырған мәселенің әлі күнге дейін көптеген толық зерттелмеген тұстары мен аспектілері, кейбір мәселелер бойынша өзінің нақты шешімін таппаған және осыған байланысты талас тудырып отырған жақтары көп.

Қазіргі заманғы гендер мәселесіне қатысты ресейлік және қазақстандық ғалымдардың сүбелі еңбектерін зерттеу обьектілері (әйелдер, ерлер, гендерлік қарым-қатынастың ерекшеліктері) мен зерттеудің пәндік аясы бойынша (кәсіпкерлік, жанұя, саясат, кедейшілік, стратификация және т. б. ) классификациялауға болады.

Ресейлік ғалымдар арасынан гендер мәселесін зерттеген: И. Калабихина, Е. Мезенцева, С. Рощин, И. Тартаковская, З. Хоткина, С. И. Голод, Т. Гурко, Г. Турецкая, Е. Ю. Груздева, М. Римашевская, Н. Исакова, О. Самарцева, Т. Фомина, А. Е. Чирикова.

Қазақстандық ғалымдар арасынан М. С. Ашимбаев, Р. Нуреев, И. Н. Тасмагамбетов, А. Ж. Шоманов, А. Д. Ажибаева, С. Жусупов, Ш. И. Нурманбекова, Н. У. Шеденова, Ж. Жаназарова, Б. Н. Кылышбаева, М. А. Мекебаева, Н. Нуртазова, Ж. А. Нурбекова, Н. И. Ляпбаева, М. С. Аженов, Абдирайымова. Г. С, Б. А. Алдашов, М. А. Абишева, И. А. Айтымбет, К. У. Биекенов, Л. Я. Гуревич, К. Г. Габдуллина, Ш. Е. Джаманбалаева, М. Ф. Пузиков, Е. Р. Раисов, М. С. Садырова, С. К. Утешев, М. Ш. Ергазина, М. Нугманова, Р. Б. Сарсембаева, Н. А. Усачева, Г. А. Хасанова, С. М. Шакирова сынды ғалымдардың түрлі еңбектерін атап өткен жөн.

Зерттеу нысаны: «Гендер» ұғымы, оның негізгі белгілері мен оның негізгі сараланатын түрлеріне талдау жасау мәселесі болып табылады.

Зерттеу пәні: Қазақстан әйелдерінің, жалпы әйелдер қауымының жанұя және саясат мәселелеріне байланысты қатынастарын зерттеу.

Зерттеудің мақсаты Бұл бітіру жұмысында Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері, осал және басым тұстары зерттеледі. Зерттеудегі негізгі мақсат Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың қалыптасуын талдау болып табылады.

Зерттеудің міндеттері: Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер анықталады:

-«Гендер» ұғымын түсінудің теориялық-методологиялық негіздерін талдау; оның негізгі принциптері мен құрылымдық элементтерін анықтау;

-Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың қалыптасуының негізгі бағыттарын анықтау;

-Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың қалыптасу ерекшеліктерін көрсету

Жұмыстың құрылымы : Тақырыптың құрылымы екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлім төрт тақырыпшадан тұрады, екінші бөлім төрт тақырыпшадан тұрады және дипломдық жұмыста кесте, диаграмма, зерттеуден құралған.

1 ТЕҢДІК ЖӘНЕ ТЕҢСІЗДІК МӘСЕЛЕСІН ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛДАУ

  1. 1 «Гендер» ұғымының мәні және гендерлік теңсіздік мәселесі

Ағылшын тілінен аударғанда гендер «тек» деген мағынаны ( ағыл. gender - тек, грамматикалық ұғым: мысалы орыс тіліндегі женский род, мужской род, средний род) білдіреді. Американдық сөздікте оның тағы бір мағынасын табуға болады, мұнда гендер термині қай топқа, тапқа санатқа жататындығын көрсететін қатынас көрінісі. Басқаша айтқанда, гендер бір нысан мен бұрыннан белгілі басқа заттың қатынасын білдіреді.

Яғни, гендер тап ішіндегі бір нысанға не индивидке сол тап ішіндегі ұстанымды, сондай-ақ қалыптасқан таптардың басқаларға қатысты ұстанымын белгілейді және бекітеді. Гендер дегеніміз- әлеуметтік қатынас (биологиялық жыныс емес) ; немесе әрбір жеке тұлғаның арнайы әлеуметтік қатынастар терминіндегі көзқарасы.

Егер кең мағынада гендер туралы айтар болсақ, бұл терминге күрделі жүйе енеді, бұл мағынада аталған термин әйелдер мен ерлер мінез-құлқының әр түрлі смпаттамасының, өмір сүру стилі мен ойлауын, нормалары мен өмірлік мақсаттарын және т. б. бейнесінің тұтас жүйесін ашып көрсететін жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымын білдіреді. Соған сәйкес, гендер әлеуметтендіру өнімі, сонымен бірге биологиялық жыныс дегеніміз - даму нәтижесі. Жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымы ретінде бұл термин әйелдер (феминистік) зерттеулерінде қолданыла бастады. Гендер тұжырымдамасының негізгі идеясы айырмашылықтарды жойып, теңдікті қалыптастыруға бағытталмайды, ол өз жынысының «төбесі мен қабырғасы» шеңберінде жеке тұлғаның дамуын шектейтін кедергілерді жоюға бағытталған.

Социологияда гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу мәніне әсері мәселесіне айрықша назар аударылады. Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды. Егер ерекшеліктер табылмаса, ерлер мен әйелдер арасында түбірлі айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенімен, жыныс/ гендердің аталған айнымалыға әсер етпейтіндігі туралы тұжырым жасауға болады.

Атап айтқанда, «жыныстың стратегиялық жүйесін» біздің кім әйел ме немесе еркек пе, қыз ба немесе ұл ма болуымызды -гендер нұсқап көрсетеді. Адамдар әйел немесе еркек жынысында туғаннан кейін, әйелдер енжар, ал еркектер белсенді рольдерге бөлінген күрделі жүйеге тап болады. Сонымен сатылық қатынас негізінде белсендінің (еркек) мәні әрқашан енжар (әйел) жоғары тұрады (С. Де Бовуар) . Социумде еркектің әлемі - бар әлем, әйелдің әлемі - үй деген мағынадағы, патриархаттық парадигма қалыптасқан (грек. Paradeigma - мысал, үлгі, модель) . әйел мен еркектің әлеуметтік қажеттілік рольдері өздеріне сәйкес белгіленіп қойған (гендерлік рольдері) .

Гендерлік роль - қызметтің, статустың, құқықтың дифференциациясы және олардық жыныстық айырмашылықтарына байланысты индивидтердің міндеттері. Гендерлік рольдер - әлеуметтік ролдердің түрлері, олар қалыпты, нақты әлеуметтік экспектацияларда және іс-әрекеттерінде көрінеді. Гендерлік рольдер нақты қалыпты жүйемен байланысты [1] .

Зерттеушілер, гендер - қатысушысы әйелдер мен еркектер болып табылатын, тұрақты даму үстінде болатын қарым-қатынас жүйесі деп тұжырым жасайды. Сонымен олардың іс-әрекеттері қоғамдағы мәдени, психология, педагогика, этнодіни қағидаларының әсерімен қалыптасады.

Америка және Еуропа елдерінде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1946-1957 жылдар аралығында бэби-бум, яғни демографиялық дүмпу іске асты. Бұл кезең Америка тарихында «отбасылық өмірдің алтын ғасыры» саналды. Өйткені елдегі әйелдердің 95 пайызы оң жақта отырып қалмай, некеге тұрғандықтан, көп балалы отбасылар қоғамның ұйытқысы болды. Алайда сол кезден бастап Батыс қоғамында жүктіліктен бас тарту мақсатында жасырын жасанды түсік жасату өрши түсті. Президент Никсонның кезінде әйелдердің жасанды түсік жасату құқы Конституциямен бекітіледі. Содан кейін-ақ Америкада Нью-Йорк, Калифорния штатының губернаторлары Джон Рокфеллер және Рональд Рейган қол қойған жасанды түсік туралы либералды заңдар өмірге жолдама алып, артынша жүктілікті болдырмайтын дәрі-дәрмектер шығару өндіріске жаппай енгізіледі. Мұның нәтижесі не болды? Америкада 1966 жылы 6 мың, 1973 жылы 600 мың, содан кейінгі жылдары 40 миллион жасанды түсік жасалған. Әрбір жүктіліктің 30 пайызы хирургиялық үстелдерде жасанды түсік жасату арқылы шектеліп отырған. Қазір АҚШ-та 1, 2-1, 4 миллион жасанды түсік жасалады екен. Батыстың түбіне жеткен жасанды түсік атаулыға сол кезде-ақ католик шіркеуінің папасы Павел VІ жанұшыра қарсы шыққан. Сөйтіп, Батыстың экономикасы қаншалықты қарқынды дамыса, рухани індет тез арада қоғамды оңалмастай жайлап алды[2] .

Осының салдарынан Батыс қоғамында табиғи отбасы құндылықтары күйреп, әйелдер ана болудан бас тартып, бала табуды азап санайтын халге жетті. Постиндустриалды қоғамға өткен Батыс әйелінің алдында екі қатал таңдау тұрды: не - мансап, не - аналық борышын өтеу. Табиғатынан еркін Батыс әйелдері бірінші жолды таңдады. Сондықтан қанша үлде мен бүлдеге орасаң да бала таппайтын безбүйрек Батыс әйелдері күллі Еуропаның болашағын күңгірттендіріп жіберді. Содан бері Батыс - демографиялық тұрғыда құлдырауда. Осынау қоғамдық дертті емдеу үшін бала күтуші кәсібі кең тарады, әр балаға толып жатқан үкіметтік жәрдемақылар тағайындалды. Әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар қолға алынды. Алайда отбасы мен қоғамдық жұмысты қатар алып жүретін әйелдер әрі кеткенде бір-екі баламен ғана шектелуге мәжбүр[21] .

Феминистердің гендерлік ұстанымы қауіпті ме? Сонымен, гендерді ту еткен феминистер деген кімдер? Феминистер қайдан шықты?

Феминизм Францияда ХVІІІ ғасырдың аяғында Ұлы революция дәуірінде пайда болды. Ал Ұлыбританияда ХІХ ғасырдың орта шенінде тұрмыс құрмаған әйелдер дауыс беру құқын алу үшін суфражистер деп аталатын әйелдер қозғалысын құрды. Батыста феминизм мен гендер, әйел мәселесі түсініктері бір мағынада, белгілі дәрежеде саяси мазмұнда қолданылады. Феминистік қозғалыстардың бастамасымен 60-жылдары афроамерикалықтардың құқын қорғау мақсатында азаматтық құқық туралы акт, ер мен әйел теңдігі туралы, соның жыныстық ерекшелікке байланысты кемсітуге тыйым салу туралы көптеген ережелер қабылданады. Кейін бұл ереже «Еңбектің тепе-тең мүмкіндігі жөніндегі Комиссия» деп өзгертіліп, «отбасылық рентаға» қарсы қолданылады. Мысалы, ерлерді жұмысқа жалдау туралы хабарландырулар жыныстық кемсітушілік, заңсыздық деп танылып, тыйым салынды. Әйелдер ұйымдары барлық салада жыныстық теңдікті талап етті. Жеке адам құқы отбасы құндылығынан маңызды саналды. Феминистік қозғалыстардың белсенділігі мен кешенді шаралары нәтижесінде әйелдердің жалақысы күрт көтерілді. «Ерлердің кәсібі» деп есептеліп келген медицина, заңгерлік, журналистика, академиялық ғылымдар, басқару, бизнес салаларын әйелдер еркін меңгере бастады. Бірақ әйел еркіндігіне мүмкіндік берген сайын дәстүрлі отбасының іргесі сөгіле бастады[22] .

Аборт жасатуды ұдайы қолдау қазіргі заманғы әйелдердің дүниетанымының ажырамас бөлігі. Көптеген феминистер үшін «әйелді азат ету» идеясын дәстүрден, яғни үй шаруасындағы әйел рөлінен, ана болудан бас тарту деп түсіндіреді. Айта кету керек, ХІХ ғасырдағы ең алғашқы Элизабет Гэди Стэнтон, Сьюзен Б. Энтони бастаған феминистер қозғалысы аборт атаулыны қылмыс деп жариялап, оған үзілді-кесілді қарсы болған. Ал 1973 жылы Нэнси Лэманн мен Хелен Саллингер жетекшілік ететін феминистер қозғалысы жария еткен «Феминизм Декларациясы» деп аталатын манифесте «Неке - ерлердің қамы үшін және ерлер тарапынан ойластырылған, әйелдерді заңмен байлап-матап қою арқылы билеуге арналған әдіс. Бізге оны жою қажет. Некенің жойылуы - әйелді азат етудің басты шарты. Сондықтан біз әйелдердің ерлерден ажырап бөлек, еркін өмір сүруін және жеке қатынастарының болмауын көздейміз . . . »[3], - деп мәлімдеп, әйел мәселесін саясиландырып, отбасы құндылығын жоққа шығарады. Қазіргі Батыс әйелінің мұндай түсінік-пайымы, дұрысырақ айтқанда, рухани дерті қазақ әйелін тайдай тулатып, отбасының шырқын бұзып, бүкіл қоғамның астаң-кестеңін шығармасына кім кепіл? «Үй шаруасы - әйелге заңсыз түрде таңылған кәсіп, одан қорғау міндетіміз» дейтін феминистердің бәтуасы көптеген қазақ әйелдерінің де сүйікті уәжіне айналып барады. «Неке - құлдықтың бір түрі, сондықтан неке дәстүрін жоймай, әйел еркіндігі үстемдік құра алмайды» деп санайды феминистер. Соның салдарынан жалғызбасты америкалықтар бүкіл ел халқының 26 пайызына жеткен. Зерттеуші ғалымдар ер азаматы мен некеге қарсы әйелдер ұйымдары демографиялық өсімді тежеп, олардың ықпалымен жүргізілетін гендерлік саясат қоғамды екіге жіктеп, халықтың болашағына орасан зор қауіп төндіретінін айтады. Ал әйелдердің шектен тыс еркіндігін уағыздайтын феминистік қозғалыс еркек біткенді ата жау санап, өшін алмақ болды. Олар әлеуметтік теңдік қана емес, саяси билік сұрады. Әйел еркіндігі идеясы дәстүрлі отбасылық құндылықтардан жоғары қойылды.

Солтүстік Америка мен Еуропа қоғамында академиялық айтыстардың барысында дамыған феминизм философиясы мен идеологиясын негіздеген олар енді мемлекеттің барлық салаларында гендерлік саясат жүргізуді талап етті. Батыс әйелдері отбасы, ошақ қасынан алыстап, азаматтық белсенділік көрсетіп, үлкен саясатқа келді. Феминистер осы кезге дейінгі адамзат тарихын «ерлер дәуірі», ал әйел қауымының «құлдық кезеңі» деп санап, келешек дамуға жаңаша қарау мәселесін төтесінен қойды. Америкалық әйелдер қауымы ағылшын тілінде тарихтың «ер» мағынасына сәйкес келетін «hіstory» деген ұстанымды енді «herstory» яғни, өткенді әйел көзімен қайта түзетіп, қарау қажеттігін ұсынды. Әйел қауымының азаматтық құқықтары мен әлеуметтік теңдігін қайта қарау мәселесі өз кезегінде демократиялық қағидалармен сай келіп жатты. Сондықтан өркениетті елдер үшін гендерлік стратегияны іске асыру - демократияның маңызды атрибуты саналады. Ал радикалды феминистер мұнымен қоймай, кез келген шараға әйелдік мазмұн бере отырып, патриархаттық мәдениетке бітіспес майдан жариялайды[4] .

Саясатқа белсенді араласатын әйелдердің қатал саясат ойындарында топтар арасын бітістіруші және жұмсақтық пен нәзіктік беретін тұлға ретіндегі өзіндік орны ерекше. Швеция, Норвегия, Финляндия, Дания, Нидерланды мемлекеттерінде әйелдердің үлкен саясаттағы үлес салмағы басым. 1997 жылдың өзінде әйел - министрлер Швецияда - 38, Финляндияда - 36, Дания мен Норвегияда 26 пайызға жеткен. Ал Скандинавия елдерінде депутат әйелдердің үлесі - 38, 9 пайызды құраған. Алайда әйел қауымының қордаланған әлеуметтік мәселелері жетерлік. Еуропада әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда, 15 пайызға төмен. Бұл теңсіздік Кипр, Эстония және Словакияда анық байқалып отыр. Жалақы теңсіздігінің басты себебі әйелдер ерлермен салыстырғанда жартылай еңбек режимімен жұмыс істейді. Сондықтан Еуроодақтың бұл теңсіздікті заң жүзінде шешуде қолға алған ең алғашқы шараларының бірі - бала үшін әкесін де міндетті еңбек демалысына жіберу мәселесі. Бұл бағытта Германияда алғашқы шаралар іске асырылыпты. Германияның Отбасы істері жөніндегі министрі Урсула фон дер Ляйен жаңадан ата-аналық төлемақы енгізді. Егер жаңа туған сәбидің әкесі бала үшін еңбек демалысын қабыл алса, бұл төлемақы 12 ай емес, 14 айға дейін беріліп тұрмақ. Еуропа Одағын еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі комиссия төрағасы Владимир Спидлдің пікірінше, әйел еңбегін дұрыс бағаламаушылықтың түп-төркіні «әйел мамандығына» байланысты екен. «Неге супермаркетте жұмыс істейтін кассир әйел қоймада істейтін ер адамнан аз жалақы алады?» деген мәселе қояды. Соңғы 25 жылдан бері әйел мен ер адам арасындағы жалақы алшақтығы жыл сайын 2 пайызға қысқарып келеді. Бірақ осы қарқынмен жүре берсек, ер мен әйелдің жалақысын теңестіру үшін әлі 187 жыл уақыт керек болар еді, - дейді Еурокомиссия басшысы Владимир Спидл. Дегенмен әйелдердің кедейлігі, әлеуметтік теңсіздігі ерлерге тәуелділігінен емес, әйелдерге тән еңбек ресурсының дамымай кенже қалуынан деп түсінген жөн[23] .

Гендер ұғымын 1955 жылы сексолог Джон Мани деген ғалым енгізген. Гендер - адамдардың жыныстық ерекшелігіне қарамастан әлеуметтік қамсыздандыру жиынтығын құрайтын кластер. Гендер сонымен қатар, бинарлық, яғни әйел мен ер адам арасындағы қатынасты реттейтін әлеуметтік бағдарлама ғана емес, біртектілік, бала, зейнеткер, мүгедек адамдардың әлеуметтік мұқтаждығын шешумен шұғылданатын кешенді бағдарлама. Динамикалық гендерлік саясат кең мағынасында әртүрлі әлеуметтік топтарды үйлестіруші және теңестіруші рөл атқарады. Әрине, бұл балалар мен ересектерді, зейнеткерлер мен жұмыскерлерді теңестіру ұғымын білдірмейді. Бұл арада әлеуметтік аз қорғалған топтарға құқықтық жеңілдіктер беру, әділеттілік қағидасын сақтау мәселесі қарастырылады[24] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандық контекстегі гендерлік саясат
Қазақстандағы гендерлік саясат ұғымы
«Гендер» ұғымы
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаты
Қазақстан Республикасында әйел жұмыс күші нарығындағы жағдайды талдау және оның негізгі индикаторларының динамикасы
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимыл дар жоспары
Гендерлік социология
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс- қимылдар жоспары
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
Қазақстандағы гендерлік саясат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz