Қазақ тіліндегі варваризмдер



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ ТУУЫНА СЕБЕП БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ.ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ ЖӘНЕ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ ҰШЫРАСАТЫН ВАРВАРИЗМДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ ҮЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

3 ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 35

4 ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ӨРІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
4.1 ГАЗЕТ ТІЛІНДЕГІ ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ ... ... ...42
4.2 ЭЛЕКТРОНДЫ МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
4.3 ҚАЗІРГІ АЙТЫС АҚЫНДАРЫ ТІЛІНДЕГІ ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
4.4 ТІЛ МӘДЕНИЕТІ МЕН ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ АРАҚАТЫНАСЫ80

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 88

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .90

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..92
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тіл – халық даналығы, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Онда ақиқатты танып білудің сан ғасырлық аса бай тәжірибесі жинақталған. Әрине, тілдің мұндай баға жетпес мәнділігі, ең алдымен, оның сөз байлығынан байқалады. Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан жаңалықтар мен өзгерістер тілге, әсіресе оның сөздік құрамына өз әсерін тигізбей қоймайды.
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы ғана емес, сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Бірақ сөздік құрамда түрлі себептермен қолданылатын, орынсыз қолданылатын шетел сөздері, яғни варваризмдер де көптеп кездеседі. Ал олармен сөздік құрам байымайды. Зерттеу жұмысының аясында варваризмдерге теориялық сипаттама беріліп, оның көркем әдебиеттегі, ауызекі сөйлеу тіліндегі көріністері, сондай-ақ қазіргі ақпараттық кеңістіктегі олардың функциясы жан-жақты зерттеледі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тіл – қоғамдық құбылыс. Тіл – адамзат баласына ғана біткен ырыс. Ол қоғамның дамуындағы толып жатқан түрлі өзгерістердің куәсі ғана емес, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін дәнекер. Сондықтан тілді, оның сөздік қорын және өзге тілдермен қарым-қатынасын, онда болатын түрлі өзгерістерді зерттеу қазіргі таңда теориялық жағынан да, практикалық жағынан да маңызды екені сөзсіз.
Ұрпақтан-ұрпаққа табысталатын тілді, жай аман етіп қоймай, оны таза, саф қалпында, оның тазалығын бұзбай, шұбарламай беру маңызды. Осындай шұбарлаушы элементтер ретінде варваризмдерді зерттеу назарына ала отырып,олқылықтарға баға беріп, тіл тазалығы үшін күресу аса маңызды.
Зерттеу жұмыстың негізгі мақсаты: Тіл шұбарлайтын сөздер варваризмдердің тіліміздегі көрінісін, олардың қолдану ерекшеліктерін, жасалу жолдарын айкындау.
Зерттеу нысаны. Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі мәтінге саятын тілдік бірліктер зерттеу нысанына айналады. Оның ішіндегі зерттеліп отырған варваризмдерге назар аударып, оларға сипаттама беріледі.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тіл – халық даналығы, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Онда ақиқатты танып білудің сан ғасырлық аса бай тәжірибесі жинақталған. Әрине, тілдің мұндай баға жетпес мәнділігі, ең алдымен, оның сөз байлығынан байқалады. Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан жаңалықтар мен өзгерістер тілге, әсіресе оның сөздік құрамына өз әсерін тигізбей қоймайды.
1 Бушев А.Б. Семантическая расплывчатость в соцкгльно -политическом дискурсе (Доклад). - интернеттен, 21.02.2003 ж.
2 Сүлейменова Э.Д., және т.б. Тіл білімі сөздігі. — Алматы: Ғылъііу, 1998
3 Исламова А.Т. Шетел сөздердің белгілері мен деректері. - Аіматы, 2004 (конд.дисс.)
4 Серебренников Б.А. Роль человеческого фактора в языке. — Москва: Наука, 1998
5 Құнанбаев А. Толық жинағы (өлеңдер мен поэмалар). 1 том. Алматы: Ғ ылым, 1977
6 Әлімқұлов Е. Сөйлеу білу де өнер // Лениншіл жас, 1964. № 251
7 Қордабаев Т.Р. Әдеби тіл мәселесі жайында // Қазақ әдебиеті, 1967.
8 Өмірәлиев Қ. Қазақша жазуға болмай ма? // Қазақстан мұғалімі, 1966. № 1
9 Жаримбетова 3. Қазақ тіліндегі варваризмдер // Ізденіс, 2004. № 2 (2)
9 Тезекбаев М. Тілге құрмет - елге ізет // Қазақстан жоғары мектебі, 1998. № 1.
10 www.kerekinfo.kz
11 www.jaqsy.kz
12 www.on.kz
13 www.qazaquni.kz
14 www.zhasalash.kz
15 http://aitaber.kz
16 www.azattyq.org

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

Қолжазба құқығында

МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ВАРВАРИЗМДЕР

Орындаған:
магистрант ________________________ Дәулеткелді Ж.
(қолы, күні)

Ғылыми жетекшісі:
ф.ғ.д., профессор ________________________ Сағындықұлы Б.
(қолы, күні)

Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға
жіберілді:
ф.ғ.д., профессор _________________________ Момынова Б. Қ.
(қолы, күні)

Алматы 2012
ТҮЙІН

Тіл - қоғамдық құбылыс. Тіл - адамзат баласына ғана біткен ырыс. Ол қоғамның дамуындағы толып жатқан түрлі өзгерістердің куәсі ғана емес, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін дәнекер. Сондықтан тілді, оның сөздік қорын және өзге тілдермен қарым-қатынасын, онда болатын түрлі өзгерістерді зерттеу қазіргі таңда теориялық жағынан да, практикалық жағынан да маңызды екені сөзсіз.
Ұрпақтан-ұрпаққа табысталатын тілді, жай аман етіп қоймай, оны таза, саф қалпында, оның тазалығын бұзбай, шұбарламай беру маңызды. Осындай шұбарлаушы элементтер ретінде варваризмдерді зерттеу назарына ала отырып,олқылықтарға баға беріп, тіл тазалығы үшін күресу аса маңызды.
Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі функционалдығы аса жоғары мән-мәтіндерге екпін түсіре отырып, варваризмдердің қатарынан бірнеше аядағы көріністеріне сипаттама берілді. Сондай-ақ, варваризмдердің қазіргі таңдағы қолданысы қазіргі тілдік жағдаят туралы хабар береді.
Зерттеу жұмысы қысқаша аннотациядан, глоссариден, мазмұны
мен кiрiспеден, негізгі бөлімнің төрт тарауынан, қорытынды-
дан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi берiледi

РЕЗЮМЕ

Язык - общественное явление свойственное только человечеству. Он не только свидетель различных изменении общества, но и посредник между поколениями. Поэтому на сегодняшний день безоговорочно очень важно и с теоретической точки зрения, и с практической стороны исследование языка, словарного ресурса народа и его содействия с иными языками мира которое непременно влечет собой различные изменения. Передавая родной язык к следующим поколениям, важно, передавать его чистым, не нарушая такими элементами как варваризмы, которые изучены в данной работе.
Особо отмечая высоко функциональные тексты современного информационного пространства, нескольким из ряда варваризмов даны подробные описания. Ведь употребление варваризмов в современном обществе многое объясняет о текущем языковом обстоятельстве.
Работа исследования состоит из краткой аннотации, глоссария, содержания и введения, из четырех этапов основного раздела, заключения. Дается список использованных литератур.

SUMMARY

Language - a social phenomenon peculiar only to the children of human beings. Not only did he witness the various changes in society, but also a mediator between the generations. So far, unconditionally it is very important from a theoretical point of view and from a practical the study of language, vocabulary resource people and their assistance with other languages ​​of the world which will certainly entail a variety of changes. By submitting their native language to the next generation, it is important to pass him clean without disturbing its elements such as barbarisms, which have been studied in this paper.
Emphasizing the highly functional texts of the modern information environment, several of the number of barbarisms are detailed descriptions. Indeed, the use of barbarisms in modern society gives a message about the current linguistic fact.
Work research consists of a brief annotation, glossary, maintenance and administration of the four stages of the main section, conclusion. Gives a list of references.

ГЛОССАРИЙ

ВАРВАРИЗМДЕР (гректің barbarismos - дөрекі, бөтендікі, шеттікі, біздікі емес) - деген мағыналы сөзден алынған термин.
Варваризмдер -- белгілі бір тілдің нормасына қайшы, ол тілдің заңы бойынша тepic "құрастырылған" сөз формалары мен тіркестері,
Варваризмдер -- шетел әдет-ғұрпы, тұрмыс-салтына, реаллийлеріне (ұлттық ерекшелік) қатысты кірме сөздер.
Варваризмдер - әзірше өзін қолданып отырған тілден "азаматтық құқық" ала алмай тек кейбір әлеуметтік мүқтаждықтарын өтеу үшін "амалсыздан" пайданылатын шетел сөздері мен тіркестері"
УРБАНИЗАЦИЯ - (Көне латын тіліндегі urbanus - қалалық)- деген ұғымды білдіреді.
ИДЕОЛОГИЯ - ілім, қоғамдық сана (гректің идса - ой, пікір, логос - сөз) - деген мағыналы сөзден алынған термин.
БАНК -- (италянша bankо -- үстел) ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі
ИПОТЕКА - (грек. hypotheke - кепіл‚ кепілзат) - деген мағыналы сөзден алынған термин.
АЙТЫС - ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы
ПАРАЛИНГВИСТИКА - бейвралды қарым-қатынастың дыбыстық кодын зерттейтін ғылым.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ ТУУЫНА СЕБЕП БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ ЖӘНЕ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ ҰШЫРАСАТЫН ВАРВАРИЗМДЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕГІ ҮЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.2 АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...31

3 ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 35

4 ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ӨРІСІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..42
4.1 ГАЗЕТ ТІЛІНДЕГІ ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ ... ... ...42
4.2 ЭЛЕКТРОНДЫ МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
4.3 ҚАЗІРГІ АЙТЫС АҚЫНДАРЫ ТІЛІНДЕГІ ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...64
4.4 ТІЛ МӘДЕНИЕТІ МЕН ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ АРАҚАТЫНАСЫ80

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...88

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 90

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .92

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тіл - халық даналығы, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Онда ақиқатты танып білудің сан ғасырлық аса бай тәжірибесі жинақталған. Әрине, тілдің мұндай баға жетпес мәнділігі, ең алдымен, оның сөз байлығынан байқалады. Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан жаңалықтар мен өзгерістер тілге, әсіресе оның сөздік құрамына өз әсерін тигізбей қоймайды.
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы ғана емес, сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Бірақ сөздік құрамда түрлі себептермен қолданылатын, орынсыз қолданылатын шетел сөздері, яғни варваризмдер де көптеп кездеседі. Ал олармен сөздік құрам байымайды. Зерттеу жұмысының аясында варваризмдерге теориялық сипаттама беріліп, оның көркем әдебиеттегі, ауызекі сөйлеу тіліндегі көріністері, сондай-ақ қазіргі ақпараттық кеңістіктегі олардың функциясы жан-жақты зерттеледі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тіл - қоғамдық құбылыс. Тіл - адамзат баласына ғана біткен ырыс. Ол қоғамның дамуындағы толып жатқан түрлі өзгерістердің куәсі ғана емес, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін дәнекер. Сондықтан тілді, оның сөздік қорын және өзге тілдермен қарым-қатынасын, онда болатын түрлі өзгерістерді зерттеу қазіргі таңда теориялық жағынан да, практикалық жағынан да маңызды екені сөзсіз.
Ұрпақтан-ұрпаққа табысталатын тілді, жай аман етіп қоймай, оны таза, саф қалпында, оның тазалығын бұзбай, шұбарламай беру маңызды. Осындай шұбарлаушы элементтер ретінде варваризмдерді зерттеу назарына ала отырып,олқылықтарға баға беріп, тіл тазалығы үшін күресу аса маңызды.
Зерттеу жұмыстың негізгі мақсаты: Тіл шұбарлайтын сөздер варваризмдердің тіліміздегі көрінісін, олардың қолдану ерекшеліктерін, жасалу жолдарын айкындау.
Зерттеу нысаны. Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі мәтінге саятын тілдік бірліктер зерттеу нысанына айналады. Оның ішіндегі зерттеліп отырған варваризмдерге назар аударып, оларға сипаттама беріледі.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тіл - халық даналығы, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Онда ақиқатты танып білудің сан ғасырлық аса бай тәжірибесі жинақталған. Әрине, тілдің мұндай баға жетпес мәнділігі, ең алдымен, оның сөз байлығынан байқалады. Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан жаңалықтар мен өзгерістер тілге, әсіресе оның сөздік құрамына өз әсерін тигізбей қоймайды.
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы ғана емес, сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Бірақ сөздік құрамда түрлі себептермен қолданылатын, орынсыз қолданылатын шетел сөздері, яғни варваризмдер де көптеп кездеседі. Ал олармен сөздік құрам байымайды. Зерттеу жұмысының аясында варваризмдерге теориялық сипаттама беріліп, оның көркем әдебиеттегі, ауызекі сөйлеу тіліндегі көріністері, сондай-ақ қазіргі ақпараттық кеңістіктегі олардың функциясы жан-жақты зерттеледі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тіл - қоғамдық құбылыс. Тіл - адамзат баласына ғана біткен ырыс. Ол қоғамның дамуындағы толып жатқан түрлі өзгерістердің куәсі ғана емес, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін дәнекер. Сондықтан тілді, оның сөздік қорын және өзге тілдермен қарым-қатынасын, онда болатын түрлі өзгерістерді зерттеу қазіргі таңда теориялық жағынан да, практикалық жағынан да маңызды екені сөзсіз.
Ұрпақтан-ұрпаққа табысталатын тілді, жай аман етіп қоймай, оны таза, саф қалпында, оның тазалығын бұзбай, шұбарламай беру маңызды. Осындай шұбарлаушы элементтер ретінде варваризмдерді зерттеу назарына ала отырып,олқылықтарға баға беріп, тіл тазалығы үшін күресу аса маңызды.
Зерттеу нысаны. Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі мәтінге саятын тілдік бірліктер зерттеу нысанына айналады. Оның ішіндегі зерттеліп отырған варваризмдерге назар аударып, оларға сипаттама беріледі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: тілбұзар элементтерге теориялық негіздеме жасау. Сол теориялық нұсқаулар бойынша іс жүзіндегі қолданыстарына баға беру. Бұл ретте көркем әдебиет материалдары, ауызекі сөйлеу тілінің актілері, публицистикалық материалдар ішінен варваризмдерді тауып, оларға тілдік тұрғыдан сипаттама беру. Варваризмдер мен таза тіліміздің ара-жігін ажыратып, тіл тазалығы үшін күресу. Бұл мәселеге ғылыми қоғамның назарын аудару.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жалпы варваризмдердің зерттелу тарихына үңілетін болсақ, түбегейлі, арнайы зерттеу нысанына айналдырған еңбектер жоқтың қасы. Сондықтан ақпараттық кеңістіктегі функционалдығы аса жоғары мәнмәтіндерге екпін түсіре отырып, варваризмдердің қатарынан бірнеше аядағы көріністеріне сипаттама берілді. Сондай-ақ варваризмдердің қазіргі таңдағы қолданысы қазіргі тілдік жағдаят туралы хабар береді.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Орыс тілі тарихына назар аударсақ, В.Г.Белинский, Н.М.Карамзин, А.С. Пушкин, М.В. Ломоносов және т.б. ғалымдар өз заманында кірме лексикаға деген көзқарастарын білдіріп отырды. Варваризмдердің нақты терминдік атау алып, жеке дара қарастырылуы қазақ тілі ғылымында XX ғасырдың 70-жылдарынан басталады.
Варваризмдерге Ә.Хасенов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Қалиұлы, Ә.Болғанбайұлы, М. Белбаева, А. Салқынбай, Е. Абақан т.б. ғалымдар теориялық сипаттама беріп, варваризмдердің газет тілінде қоданылуы Б.Момынованың Газет лексикасында, Ш. Исақұлова кандидаттық диссертациясында сөз етеді. Атап айтсақ, І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев қазақ тілінде варваризмдердің кездесетінін айтып оларды екі топқа бөліп көрсетсе, Ә.Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиұлы өз оқулықтарында варваризмдерді беске бөліп қарастырған.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: қысқаша аннотациядан, глоссариден, мазмұны, кiрiспеден, негізгі бөлімнің төрт тарауынан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi берiледi

12. ВАРВАРИЗМДЕРДІҢ ТУУЫНА СЕБЕП БОЛАТЫН ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР

Тіл - халық даналығы, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Онда ақиқатты танып білудің сан ғасырлық аса бай тәжірибесі жинақталған. Әрине, тілдің мұндай баға жетпес мәнділігі, ең алдымен, оның сөз байлығынан байқалады. Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан жаңалықтар мен өзгерістер тілге, әсіресе оның сөздік құрамына өз әсерін тигізбей қоймайды.
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы ғана емес, сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Бірақ сөздік құрамда түрлі себептермен қолданылатын, орынсыз қолданылатын шетел сөздері, яғни варваризмдер де көптеп кездеседі. Ал олармен сөздік құрам байымайды.
Түсінікті болу үшін ең алдымен варваризмдердің анықтамаларына тоқталып кетелік. Қазақ тілінде жарық көрген сөздіктерде аталмыш терминге төмендегідей анықтамалар берілген:
ВАРВАРИЗМДЕР -- белгілі бір тілге, сол тілдің заңдылығына бағынбай, өзгертілмей шет тілден кірген сөздер мен сөйлемшелер [1].
"Лингвистикада варваризмдер, негізінен 3 түрлі мағынада колданылады:
Варваризмдер -- белгілі бір тілдің нормасына қайшы, ол тілдің заңы бойынша тepic "құрастырылған" сөз формалары мен тіркестері,
Варваризмдер -- шетел әдет-ғұрпы, тұрмыс-салтына, реаллийлеріне (ұлттық ерекшелік) қатысты кірме сөздер.
Варваризмдер - әзірше өзін қолданып отырған тілден "азаматтық құқық" ала алмай тек кейбір әлеуметтік мүқтаждықтарын өтеу үшін "амалсыздан" пайданылатын шетел сөздері мен тіркестері" [ 2 ].
Сонымен, ВАРВАРИЗМДЕР гректің barbarismos - дөрекі, бөтендікі, шеттікі, біздікі емес деген мағыналы сөзден алынған термин.
Нақты варваризмдер деп атап көрсетпесе де, шет тілдерден сөздер алу - ежелден назар аудартып келе жатқан мәселелердің бірі.
Орыс тілі тарихына назар аударсақ, В.Г.Белинский, Н.М.Карамзин, А.С. Пушкин, М.В. Ломоносов және т.б. ғалымдар өз заманында кірме лексикаға деген көзқарастарын білдіріп отырды. Соның ішінде Пушкиннің шетел сөздеріне деген өзіндік пікірлерін М.В. Ломоносовтың философиялық ізденістерін ерекше атап өтуге болады. A. С. Пушкиннің "Но-панталоны, фрак, жилет, всех этих слов по-русски нет" деген сөзіне қарасақ, орыс ғалымдарының пікірінше: "т.е. язык решил, что легче позаимствовать, чем изобретать" [3]. Ал Ломоносовтың жұмыстарында тілдерді, соның ішінде шетел сөздерін зерттеуде ғылыми көзқарас байқалады. Ғалым алдымен, шет тілдерден сөздер алудың ақылға қонымды болуының қажеттілігі туралы ескертеді: "Ныне принимать чужих слов не должно чтобы дасть в варварство, как латинскому. Прежде прием чужих слов полезен, после вреден" (Ломоносов М.В. Полное собрание сочинении. М. -Л. : Изд. АНСССР, 1952, -Т.7 996с. 768 бет).
Қазақ тілі тарихына көз жіберетін болсақ, бізде де осындай орынсыз өзге тіл сөздерін қолдану туралы айтылған.
Мәселен, орынсыз қолданған шетел сөздері, яғни варваризмдер туралы 1894 жылы ДУГ-тің №27-ші санында Д. Құрманбаевтың "Қазақ тілі турасынан" деген арнайы мақаласы жарияланған. Онда автор: "...һәр бір оку білетүғын қазақ хат жазғанда һәм сөйлескенде һеч бір керексіз болса да, тіпті керегі жоқ бөтен халықтың сөздерін бар күш-қуатын салып араластыра береді... Арабша, фарсыша, түрікше һәм өзге тілдерді қазақтардың оқымысты адамдарының араластырып сөйлескендері мейлінше көп болады. Өздерінің мұндай сөйлескендерін білімшіліктің белгісі деп ойлайды, лекін (бірақ) намысқа тартпай, өздерінің затын қорлаған екенін білмейді. Біздің қазақтың маймылға ұқсап, біреу не қылса соны қылатүғыны бек көп" [4].
Варваризмдердің нақты терминдік атау алып, жеке дара қарастырылуы қазақ тілі ғылымында XX ғасырдың 70-жылдарынан басталады.
Бүгінде жоғары оку орны студенттеріне арналған Ә.Хасенов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Қалиұлы, Ә.Болғанбайұлы т.б. ғалымдардың оқулықтарында, Б.Момынованың Газет лексикасында варваризмдер туралы азды-көпті мәліметтер кездестіреміз. Атап айтсақ, І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев қазақ тілінде варваризмдердің кездесетінін айтып оларды екі топқа бөліп көрсетсе, Ә.Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиұлы өз оқулықтарында варваризмдерді беске бөліп қарастырған. Ал бүгінгі таңдағы ғалымдардың еңбектерінен варваризм туралы біршама толық мағлұматты белгілі ғалым, профессор Б.Момынова зерттеулерінен көре аламыз. Оның "Газет лексикасы. Жүйесі мен күрылымы" атты еңбегінде "Газет тіліндегі варваризмдер" деген тақырыпта арнайы варваризмдерге тоқталып, соның ішінде бүгінде публицистикада варваризмдердің қолданылу жайын сөз еткен.
Десе де қазақ тіл білімінде қазақ тіліндегі варваризмдер арнайы толық зерттелмей келеді. Оның әлі де ашылмаған қырлары жеткілікті. Өйткені жоғарыда аталған ғалымдардың қай-қайсысы да тек варваризмдерге анықтама беріп, оның қолданылу түріне ғана тоқталған. Ал олардың шығу себептерін, оған әсер ететін қоғамдық-әлеуметтік жайларды ешқайсысы қозғамаған. Міне варваризмдерді зерттеудің өзектілігі осында.
Тіл әдетте қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көрсетеді. Тілдің өзі, сондай-ақ онымен байланысты коммуникативтік қатынастар сол уақытқа дейін болған жағдайлар мен оқиғалардан келіп шығады. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияға тілдік қарым-қатынастар мен олардың өзара бір-біріне әсері тілдердің қатар өмір сүру формалары, қос тілдік жөне көптілділік сияқгы ерекше жағдайлар тән. Сондықтан тілдік қарым-қатынастың заңдылықтарын нақты әлеуметтік-тарихи контексте зерттеу қажет.
Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тіліндегі варваризмдердің туу себептерін сөз қылмас бұрын, жалпы қоғамдық тарихи жағдайлары-на тоқтала кеткен жөн.
Қазақтың өз алдына жеке ұлт болып қалыптасқанға дейін де жазу тілін пайдаланғаны даусыз. Бірақ ол жазу тілі Ахмеди Ысқақов айтқандай қазактың "халықтық дәуірде қолданылған біріңғай жалпы халықтық әдеби тілі " де емес, тек қазаққа ғана тән төл тіл де емес, Орта Азия халықтарының, арабтардың ықпалымен келген түркі тілдері материалдарының араласуынан жасалған жалпы түріктік әдеби тіл (кітаби тіл) болатын. XIX ғасырға дейінгі өзбектер де, түрікмендер де, қазақтар да т.б. бұл тілді өздеріне жазу тілі етіп пайдаланады.
Бірақ, екінші жағынан, бұл "жалпыхалықтық" тіл де емес. Ол негізінде, мемлекеттік, әкімшілік іс жүргізудің, діни уағыздардың, хан, сұлтандардың ата-тегін, үрім-бүтағын баяндауға арналған шежірелердің, оқыған ат төбеліндей азшылық ақын жазушылардың ғана тілі болды. Бүл тіл өз заманында білімділер, оқығандар тілі болып есептеледі. Тіпті XX ғасырдың бас кезіндегі бірсыпыра қазақ ақындарының өз өлендерінде араб, парсы сөздерін молынан қолданылуы мәдениеттіліктің, білімдарлықтың белгісі деп есептеу де сондықтан болатын.
Қазақтардың қазақша сөзді бұрмалап, араб, парсы сөздерін орынсыз қыстырып варваризмдермен сөйлеуінің бірден-бір себебі осы. Мәселен, Ж. Есеналиева өзінің "Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің ерекшеліктері" атты диссертациялық жұмысында Абай қолданған араб-парсы сөздерінің лексика-семантикалық синатына тоқталып, араб-парсы сөздерін мынадай негізгі 4 топқа бөледі:
табиғатқа
адамға
қоғамға
4) исламға байланысты сөздер. Осылардың бәрі бірдей кірме сөз емес екені белгілі. Абай қолданған араб-парсы сөздерінің көбінің сол кездің өзінде-ақ қазақ әдеби тілінде баламасы болған.
Бірақ ақын ол сөздерді сол күйінде, аудармай қолданған: иузи (жүзі), мүмин (мүсылман), хаким (данышпан) т.б. болып кете береді. Бұл сөздердің сол кезеңде қазақ тіліндегі баламалары жалпыхалықтық қолданыста болған.
Мұндай кұбылысты, яғни варваризмдерді бұлайша қолданылуын Абайдан басқа да ақын-жыраулардың тілінен мол ұшырастыруға болады.
Варваризмдердің тууына себеп болған келесі бір фактор - 300
жылдық тарихы бар орыстандыру саясаты. Ресей империясы
отарлаған екі жүзге таяу ұлт, ұлыстар мен халықтардың бәрінің де
тіліне, діліне, ұлттық салт-дәстүріне қысым түсіп, ана тілінде
сөйлей алмай қудаланғаны тарихтан мәлім. Осы жолда Ресей
империясы дүниежүзлік отаршылық саясаттың тарихын ғылыми
тұрғыдан зерттелген, отар елдерде жүргізілген басқыншылық
саясаттың неше түрлі айла-тәсілдерін ғылыми тұрғыдан
пайдаланып отырды. Ресей империясының орыстандыру саясатына
тартылатын түркі халықтарын саяси бір организмге айналдырып
тілі мен дінін орыстандырып жіберу саясаты басты мемлекеттік
саясат ретінде жұргізілді. Міне, осы жалпы түркі халықтарының,
оның ішінде қазақтың да ұзаққа созылған орыстану тарихы мен
Ресейдің миссионерлік саясатын тереңдеп танымайынша, тілдегі
орашолақтықтың сырын танып, себебін білу қиын. Қазан
төңкерісіне дейін орыс тілін білгендерді болыс қою, аралас типтегі
мектеп түрлерін ашу арқылы халықтың тілі жайлап бұзыла
бастады. 1940 жылдан бастап орыс жазуының (графикасының-кириллица) ендірілуі, осыған сай жаңа еміленің қабыл алынуы ана тіліміздің табиғи жолынан ауытқуына, тіпті сөйлеудегі ұлттық артикуляциялық базамыздың бұзылуына әкеліп соқты. Нақты факт ретінде соңғы 20 жылдың ішінде республикамызда 704 қазақ мектебінің жабылғанын не болмаса сол тұста орыс тілін білмеген қазақ ең сауатсыз қазақ деп танылуын айтсақ да жеткілікті [5].
Бүгінгі таңда батыс мәдениетінің дендеп енуі, жаһандану үрдісінің бой алуы тілімізге өз әсерін тигізуде. Яғни варваризмдердің тілімізде кездесуінің бір себебі жаһандану үрдісі және қала тілінің әсері дей аламыз. Қазірде қала халқының, әсіресе өзгеріске бейім, еліктегіш жастардың тілінде варваризмдер мол ұшырасады. Мысалы, еліктеумен, сән үшін қазақ жастарының тіліндегі нормально, звонда, короче, пока, прикин т.б. варваризм үлгілері [6], Белгілі ғалым, профессор Б.Момынова "қала тілі проблемасы уақытқа карамай тілімізде болатын құбылыс екендігі анық, өйткені ол қоғаммен, әлеуметтік өмірмен тығыз байланысып жатыр" деп дұрыс тұжырым жасаған [7. 196].
Дамыған, өркениетті елдерде ауыл халқынан қала тұрғындары сан жағынан басым болатындығы да, ауыл-ауылдан жұмыс іздегендер қалаға ағылып, қала халқынының санын толықтыратыны белгілі. Ғылым тілінде "урбанизация" деп аталатын мұндай процестер қазір біздің тілімізде де жүріп жатыр. Лингвистер мүндай миграциялық кезеңде әдеби тілдің жұтаңдайтынын, ондағы қарапайым тіл элементтерінің көбейе түсетіндігін, ана тілінің бөтен тіл элементтерімен шұбарланып кететіндігін ерекше атап көрсетеді. Әсіресе, барша өзгеріске бейім жастар тобы тілдегі орныққан әдеби норманы жөнсіз бұрмалайды. МГУ профессоры Анатолий Поликарпов: "Язык, как губка, впитывает в себя иностранные слова, т.е. варваризмы, жаргон, - они как бы растворяются в нем" [8]. деген пікірі де жоғарыда айтылған ойларымызды нықтай түседі.
Сондай-ақ, қазақ тілінде тұрмыстық техника арқылы енген шетелдік атаулар ( хегох-ксерокс, компьютер, - осы компьютерге қатысты шетел сөздері қаншама, ал олардың көбінің қазақша балама атаулары бар) экономикалық үрдіс әсерінен (бартеры, кредит, ипотеки т.б.), музыка әлемі мен теледидар арқылы ("саунтрек", "ток-шоу", диджей) сауда-саттық әсерінен (секонд-ханд) пайда болған варваризмдер. Осы жерде бір талас тудыратын жайт-қазақ тілші-ғалымдары және тіл мәселесін зерттеумен айналысушылардың бірқатары терминделген сөздерді, баламасы бола түрса да, варваризм деп танымаса, орыс (Ресей) лингвистерінің айтуынша олар нағыз варваризмдер болып табылады.
Казақ тілі ғылымының көрнекті өкілдері академик-ғалым, тіл-ші І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев құрастырған "Қазіргі қазақ тілі" атты оқулықта варваризмдерді:
1) сөйлеу тілінің әсерімен пайда болған варваризмдер;
2) көркем әдебиеттегі варваризмдер;
деп eкі топқа бөліп қарастырады да, көркем әдебиеттегіні өз ішінде
а)кейіпкерін әшкерлеу мақсатымен немесе оны басқа кейіпкерлерден айрықша көрсету үшін
ә)кейіпкерін сықақтау үшін қолдану деп бөледі [9. 152 -159]. Енді бір ғалымдар, Ә.Болғанбайүлы мен Ғ.Қалиұлының "Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы" деген кітабында варваризмдердің қолданылуының бес жолын көрсетеді:
1) Кейде бір халықтың шынайы өмірін, тұрмыс-салтын суреттеп көрсетпек болғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу мақсатымен варваризмдер саналы түрде әдейі қолданылады. Мәселен, неміс халқының өмірін суреттегенде фрау, кухен, кайзер сияқты сөздері, ағылшын өмірін суреттегенде мистер, сэр тәрізді сөздерді, француз өмірін суреттегенде мадам, франк, мосье сөздерін, Орта Азия халықтарының өмірін суреттегенде чайхана, шашлык, пәранжа, қышлақ тәрізді сөздерді қолдану;
2) Тыңдаушыға ерекше әсер етіп күлдіру үшін халық ақында-
ры да варваризмді қолданады.

Мысалы:
Қалқатай, кари глаз екі көзің,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Третий, второйлар толып жатыр,
Ойласам, как родился сенің өзің (Ақан сері).
Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немношка.
Не стоить на свете жить етуге
Азырақ ойнап-күлмей молодушка (Он алты қыз).
Өзге тілдегі сөздерді сөзбе-сөз аудару қиын тиген жағдайда, варваризмдер сол қалпында ешбір өзгертілмей алынады. Мысалы, Абай шығармаларында қазақ тіліне сіңбеген орыс сөздері кездеседі: визит, виноват, образование, уездный начальник, военный губернатор, назначение, впечатлительность сердца, закон, судья, занимайся прямотой, уголовный, дознание, коренной, подвижный, элемент, посредник, прошение, самородный, счет, такт т.б. Абай шығармаларында араб-парсы тіліне тән сөз тіркестері де сол қалпында келеді: ағләмланған фиглы хұда (Алланың салған ақ ісі ), Алла табарәкә уа тағала (жарылқаушы және ұлы тәңірі), әддүния мәзрәгәтүл ақирәт (бұл дүние ақиреттің - егіні, азығы), саллалаһу ғәләйһи уәссәләм (алланың сәлемі мен рахметі болғыр), зайрун-нас мән янфәғұн-нас (адамшылықтың абзалы - адамға пайда келтірілген) т.б.
Варваризмдер кейде қоғамдағы жағымсыз қылықтарды келемеждеу үшін де қолданылады. Мысалы:
Нәпіл түгіл, намазы,
Бәрі желге кетеді.
Еннатайына кәлкәусар,
Пошол дереу күнәкәр.
Аяғын ойлап айтқаны,
Әні-шаны құлаптар (Абай).
Соңғы шумақтағы варваризмдердің қолдану арқылы ұлы ақын құранның оңай деген бір ауыз сүресін жаттай алмай, бірді-бірге бытыстырып, өз-өзінен әлек болып жүрген надан байларды сықақ етпек болған. Мұндағы еннатайына кәлкәусар деген сөз - арабша инна агтайна кәәлкәусар (кәусар суын саған береміз) деген сөздің әбден бұзылған түрі. Әні-шаны құлаптар деген арабша иннә шәниәкә һуал абтар (олай болмаса бәрінен сымпиып бос қаласың) сөзінің бұрмаланған түрі. Бұлардың арасында орыстың пошол сөзінің жүруі бірді айтып, бірге кетіп отырған қас наданның бейнесін көрсетуі еді. Абайдағы мәліш (мелочь) сөзі де осындай мақсатпен қолданылған.
5)Ана тілін білуге мән бермей, оған жүрдім-бардым қарап, тіл
шұбарлаушыларды келемеждеу үшін де жазушылар варваризмді жиі
қолданады. Мысалы: Осы наметит еткен жұмыстардан реальный еш нәрсені жарыққа шығара алмадық (І. Жансүгіров). Марфуға. Вечно сендер маған күлесіңдер. Попробуй қатын болып мұндай күнде тамақ тасуға. Марфуға. Ну хорошо! Заниматься етсем, орыс грамматикасын как нибудь білуге болады. Ал қазақ тілімен миды ашытқанды, просто не терпимо!.. Марфуға. Әнуар перестанешь или нет. Ну, хорошо, жүргісі келмейді, ажырасты, что в этом зазорного. Марфуға папм звонить етті. Мен оған сені Алматыға қалдыруға бір шишкамен сөйлес десем, оказывается сен өзің колхозға барамын деп настаивать етіпсің ғой?! (Қ. Мұхаметжанов) [10].
Қарап отырсақ, бұл ғалымдар варваризмдердің тек көркем әдебиеттегі көрінісіне ғана тоқталып, ауызекі сөйлеу тіліндегі варваризмдер туралы сөз қозғамаған.
Ал орыс тіл білімінде варваризмдер ретінде мыналар танылады:
а) бөтен тілдік жекелеген сөздер (Иван: "Авуе, не имела ли ты конесансу с каким-нибудь французом ?"- Фонвизин "Бри-гадир");
ә) ерекше қолданыс (Вральман: "Гай фолю этим плеклятым слатеям. Ис токой калафы толголь палфан ?"-Фонвизин, "Недо-росль");
6) бөтен тілдік сөзжасам формалары және синтаксистік
оралымдар ("В Moscou есть одна барыня, ине dame... И она
имела une femme de chambre, еще большой росту"- рассказ
Ипполита в "Войне и мире" Л. Толстого )
Оларда көркемдік тәсіл ретінде варваризмдер мынадай мақсатта қолданылады:
1) сықақ мәнде ("Но панталоны, фрак, жилет, всех этих слов
по-русски нет" Пушкин "Евгений Онегин").
2) пародиялық (пороидино)"И юноши зрю подбородок
пушистый меж листьев аканфа и белых колонн" ("Древных
плостический грек" К. Прутков)
3) шет тілін білу үстем таптың игілігі саналған
дәуірлерде-үстем тап өкілдерінің және шығармадағы кейіпкердің жоғарғы әлеуметтік жағдайын көрсету үшін қолданылады. "Того, что модой самовластной в высоком лондонском кругу зовется vulgar... He могу. Люблю я очень это слово, но не могу перевести..." (Пушкин, "Евгений Онегин"). Сондай-ақ, Л.Толстойда: "Анна Павловна кашляля несколько дней у ней был ГРИПП, как она говарила (грипп был тогда новое слово, употреблявшееся редко)..." ("Война и мир") [ 3 ].
Жоғарыда аталған ғалымдардың тұжырымдарын жинақтай келе біз өз жұмысымызда варваризмдерді мынадай екі үлкен топқа бөліп қарастырғанды жөн көрдік:
а) Көркем әдебиетте ұшырасатын варваризмдер;
ә) Ауызекі сөйлеу тіліндегі варваризмдер

2. КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ ЖӘНЕ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ ҰШЫРАСАТЫН ВАРВАРИЗМДЕР

2.1 Көркем әдебиеттегі үлгілері

Атақты совет тілші-ғалымы В.Виноградов көркем шығарманы қоғамдық және тарихи құбылыс деп түсінген. Шығарма жазу қаламгерінің стиліне байланысты болғанмен, автор кейіпкер аузына сөз салғанда, ол сол шығармада сөз болып отырған дәуірге, кезеңге сай сөйлейтіні белгілі. Осымен байланысты тіліздегі варваризмді қоғам тарихымен, қазақ халқының басынан кешкен даму тарихымен байланыстырып зерттеу қажеттігін айтқан болатынбыз.
Олай болса, жоғарыда I тарауда айтып кеткеніміздей әр дәуірдің өз қоғамдық жай-күйіне байланысты варваризмдердің қолданылуын шартты түрде кірме сөздер секілді кезең-кезеңге бөліп қарастырғанды жөн көрдік. Тек қана варваризмдердің кірме сөздерден (шетел сөз ) айырмашылығы, кірме сөздер қажетті қолданыс болса, варваризмдер зәрулігі жоқ, орынсыз қолданыс. Варваризмдерді шет тілінен енген сөзден ажыратудың басты белгісі-ол сөздің сол тілде баламасы (дублеті) болуы [9. 153].
Сонымен, қолда бар материалдар бойынша варваризмдердің қолданылуын кезеңдерге бөлетін болсақ:
XIX ғс-ға дейінгі кезең
XIX ғс. соңы-ХХ ғс соңы
ХХғс. соңы-ХХІғс. басы (қазіргі кезең)
Әр кезеңнің ерекшелігі жоғарыда, алдыңғы тарауларда айтылғандықтан, енді бірден сол кезеңге тән варваризм түрлеріне келсек:
1)ХІХ ғасырға дейінгі кезеңде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларында бірыңғай (араб-парсы сөзі иран деген мағына бер-мейді. Иран тілі арқылы біздің тілімізге енген араб сөздерін айтамыз Б.Сағындықұлы) тілдерінен алынған варваризмдер.
Өйткені, діни оқу әсерімен келген, кітапшылаған жыр қазақ поэзиясына Асан, Мәшһүр, Албан, Ақан сері сияқты Арқа-Жетісу ақындары және әсіресе, Сыр-Түркістан ақындарынан Шортанбай бастаған Шәді т.б. көп ақынның шығармаларында көптеп кездеседі, Соның көбін оқып отырсақ, варваризмдерден ат сүрініп жығылғандай. "Әрине, оны олар варваризм деп санаған емес, қайта заманына сай ең мәдениетті шығарма деп есептеген" [9. 155 ]. Ал ол сөздердің көбінің сол кездің өзінде қазақша баламалары болған, оған дәлел, ол сөздердің ақындардың шығармаларының өзінде кейде қазақшасы, кейде бөтен тілдік баламасының жарыса жүруі.
Мәселен, Шортанбайда: мүһмин-мұсылман Құдай деген мүһлимин
Ауыздан кетпес тобасы ("Бес ғасыр жырлайды" 1т 1989)
Сахар - ертемен,
Тәкбір - азан айту
Сахарамен түрғанның... (сонда, 277-бет)
Медресе, мешіт салдырып
Мүфтиге берсең балаңды,
Азан тәкбір айттырып,
Мешітке қойсаң малыңды
Сираттың желі соққанда, (сонда, 277-бет)
Ораза-намаз пананды
Бейіш-жұмақ, тамұқ-тозақ:
Белгісі деген бейіштің (сонда, 175-бет)
Жазғысалқын самалы.
Тәркі деген тамұқтың (сонда, 275-бет)
Қысқы суық амалды.
Меһірдан- ешбір шығынсыз, харам-арам:
Ит жерімес арамнан,
Құдай безер харамнан, (сонда, 280-бет)
Меһірдан қатты мал бітіп (сонда, 280-бет)
Кетпесе мал қораңнан.
Ақ моллада: тақиқалар-ақиқатты ашушылар
Тақиқаларын көрген адам қуанғанай, (сонда, 345-бет)
Ғалымға сырдар болып ту алғандай.
Мүбәріз майданына бұл шыққан соң
Батырлар бола қалды жоғалғандай
Біржан салда: зайғы-зая, нәубат-кезек т.б.
Осылай боз балаға салдым нұсқа,
Өмірдің зайығы болар бекер босқа.
Көргенің бір күнгідей болмас сірә,
Міне ажал келді нәубат деген тұста (сонда, 369-бет)
Сондай-ақ, Ақан серіде паруат-шығарып салды ("Айтамын замандасқа біраз кеңес"); Шәді Жәңгірұлында фәни-жалған, бақи-мәңгі ("Өлім туралы") Мәшһүр Жүсіпте: лағын-шайтан, мікір-хайла (қыстық-айла), тамиғ-тілемсектік, дәме ету ("Шайтанның саудасы"), Нұршан Наушабаевта жахилдер-дінсіздер, шарғи-дін, фаруаз-наз айту, фитнә-арам т.б. араб-парсы тілдерінен енген варваризмдер өте көп. Бұлардың бәрін варваризм деуіміздің, бірден-бір дәлелі, жалпыхалықтық қолданыста болмай, керісінше олардың баламаларының тілімізде бар болуы. Сондықтан заманына сай осындай араб-парсы тілдерінен қолданған сөздерді варваризмдер дейміз. Жоғарыда мысалға алған ақындардың өлеңдерінде варваризмдерді қолданудың басты себебі, олар діни сауатты болғандыктан, өздері білетін араб сөздерін қолдану аркылы өздерінің сауаттылығын көрсетсе, екінші жағынан, ол сөздердің баламасын таба алмағандығы. Яғни, "өзге тіддердегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын тиген жағдайда, варваризмдер сол қалпында ешбір өзгертілмей алынады" [10].
Бір айта кететін жайт, бұл кезендегі ақындардың өз өлеңдерінде араб-парсы сөздерін қосуының бәрін бірдей варваризмдерге жатқызуға тағы болмайды. Бұл туралы ғалым І.Кеңесбаевтың сөзін келтіре кетсек те жеткілікті: "революцияға дейінгі кезді алатын болсақ, араб-парсы тілдерінен алынған, халыққа түсініксіз варваризмдер жиі қолданылған, осы себептен сол кездегі маңызды деп бағаланған, көптеген шығармаларды қазіргімен салыстырсақ, жаргондық шығармалар деп айтуға да болар еді. Кейбір қазақ ақын-жазушыларының қайсыбір шығармаларында араб парсы тілдерінің әсері тым күшті болды. Мысалы, Ақан сері шығармаларынан бір үзінді келтірсек:
Хат жаздым қолыма алып қалам, сия,
Шири зат духтар шаһи гүл назия.
Әр нақыш жадкәмді түстерсіңіз,
Діл арайды діл қанзай гүл нақия.

Ақан серінің бұл өлеңі оның қадірменді, қасиетті жан түкпірін қозғап, ой өлкесін тебірентетін асқақ ән сөздеріне мүлде жанаспайды. Өйткені 21 сөздің 18-і араб-парсы сөздері болса, 3-ақ сөз байырғы қазақ тілінен алынған (Ақан бұл өлеңін араб тілін жақсы білетін, арабша көп оқыған асқан сұлу молда қызға арнап жазыпты дейді С.Мүқанов). Егер бұл өлеңнің кейбір сөздері ғана түсініксіз болса, оңда бұны варваризмге жатқызуға болар еді, бірақ шығарманың көпшілік сөзі сол тілде сөйлейтін халыққа түсініксіз, шет тілдік сөздер болғандықтан, тілімізде мұндай шығармаларды таза араб-парсы тілінде жазылған шығармалар деп есептейміз" [9.156].
Ал өнер-білім іздеу, үлгілі елдің қалпына қарай талпыну көптің мұраты еді. Замандағы құлдық пен қанаудың зардабынан сергу үшін, аз да болса соған қарсы құралдану үшін-ақ өнер-білімді енді жалғыз сүйеніші, арқа тірегі деп біліп еді. Міне, XIX ғасырдағы батыс орыс әдебиетінің әсерін сөз қылғанда, ең алдымен, осындай жалпы қоғамдық, тарихи жағдайларды еске алу керек. Сол кезде үстемдік құрган батыс орыс мәдениетін өз халқына тарату мақсатымен осы аңғарға беттеген XIX ғасырда қазақта Ыбырай мен Абай болатын. Басқасын былай қойғанда қазақ әдеби тілінің бастауы саналатын ұлы Абай шығармаларында да варваризмдер кездесуі кездейсоқ жайт емес. Абай варваризмдерді түрлі себептермен, әр түрлі жағдайларда қолданады. Түсінікті болу үшін ақын өлең - деріндегі варваризмдерге назар аударайық. Ақынның бір ғана Интернатта оқып жүр өлеңінің өзінде бірнеше орыс сөздері кездеседі:
Балам закон білді деп, (А.Құнанбаев, тол. жин. 1977)
Қуанар ата-анасы...
Прошение жазуға
Тырысар келсе шамасы.
...Бұл іске кім виноват
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы
...Айтыңызшы, болсаңыз
Здравомыслящий,
Ақыл айтпай ма ағасы
Военный қызмет іздеме
Оқалы киім киюге.
...Алыс та болса, іздеп тап
Кореннойға кіруге
Талапты ерге нұр жауар,
Жүріп өмір сүруге.
...Адал жүріп, адал тұр,
Счетың тура келуге.
...Қисық болса закон бар
Судьяға беруге.
Я өз бетіңмен тәуекел,
Занимайся прямотой.
Бұл өлеңдегі орыс сөздерін, қазақ тілінде олардың эквиваленттері болғандықтан варваризм дейміз. Мысалы: закон-заң, прошение-өтініш, виноват-кінәлі, здравомыслящий-зерек, военный-әскери, коренной-ежелгі, тұрақты, счет-есеп, занимайся прямотой-турашыл, батыл бол деген мағынада. Бұл жерде ақынның орыс сөздерін қолдануының себебі: біріншіден, орыс мәдениетін насихат-тау, соған жетелеу, қызықтыру мақсатымен; екіншіден, қазақ тіліне толық сіңбеген орыс сөздерін сол күйінде алған немесе қазақша баламасын таба алмаған болуы керек. Осындай бөтен ел мәдениетімен халықты таныстыру, сол мәдениетті халық арасына тарату мақсатымен де саналы түрде варваризмдер қолданылған. Сонымен қатар, ақынның көптеген орыс классиктерінің шығармаларын ана тілімізге аударғаны белгілі. Солардың ішінде халқына, яғни қазақ халқының арасына күнделікті тұрмыс жағдайына қажетті болмағандықтан қазақша баламасы онша тарай қоймаған, екіншіден, өлең ұйқасын келтіру кейбір орыс сөздері сол күйінде қолданған. Мысалы, "Бородино" өлеңінде (Лермонтовтан):
Штык, қылыш қайрасып
Ширатып, мұртын шайнасып,
Ашулы солдат қыстықты:
Жыртпасақ жаудың киімін
Біз не етеміз штыкті
Қол салмаққа кәртечке
Ол күн болды, күн кешке
Мұнда кездесетін орыс сөздері халық арасында кеңінен таралмаған және әдеби тілімізде тәп-тәуір баламалары бар. Штык-найза, кәртечке (картечь)-артилерия оғы жаудың оғын жақын жерден атып қыру үшін қолданылатын артиллерияның бытырап жарылатын сынаряды. Абай шығармаларының ішінен мен мұндалап атой беріп тұрған тағы бір көрініс шығыс ақындарының әсеріне назар аударайық. Медресседе оқып жүрген шағында, сол ортаға бойсұна алмаған қыр баласы, жас талапкер дұғалық жаттаудың ара-арасында өз бетімен тімтіне бастайды. Араб, парсы, түрік әдебиетінің жұлдыздары Науаи, Шәмси, Сәйхалилерді өзіне ұстаз қылады. Соларға еліктеп бәйіт, жыр жазады: Иузи-раушан, көзи-гаухар. Ләһилдек бет уши әһмәр...-жыры сол күнгі іздену нәтижесі. Тілінде араб, парсы көп. Өзі танысқан Науам, Хұсайын, Байғара, Бабур, Мүхаммед, Салиқ сияқты шағатай ақындарының ізін қуалай бастау. Алғаш талпынудың бұраң жолы өз тілінен, ана тілінен қашандатып әкетеді. Осы халықтарға сынсыз бой иген жас ақын Абай көзі, жүзі, үшы деудің орнына иузи, көзи, уши деп бөтен тіл сөзін қыстырады. Шығыстың поэзиясының Абайға алғаш әсері осындай. Абай аузында бүның қазақ ақыны екенін білдірмей, танытпай тұратын нәрселер болады. Қорытылмай, сұрыпталмай еліктеу-таза еліктеу [11].
Шығыстың тағы бір көрінісі Абайдың діншілдік өлеңдерінен көрінеді. Діни өлеңдері ол көбіне баласы Әбіш ауырып жатқанда жазған. Сиыну, дұға, жалбарыну шын сеніп, исламды мойындаған мұсылман екендігі айқын көрінеді, Мәселен, "Алланың өзі де рас" өлеңінен үзінді:
Алла мінсіз әуелден пайғамбар хақ
Мүмин болсаң, үйреніп сен де үқсап бақ
Құран рас, Алланың сөзі дүр ол
Тә уиліне жетерлік ғылымың шақ. Бұл арада ақын иман келтіруші, жору, мәнісін айту деген сөздерді әдейі әсерлі болу үшін құран әріптері түскен арабтың мүмин, тә уил деген сөздерімен беріп отыр. Хақ сөзін ұйкас сақтау үшін әдейі алған. Бүл сияқты сөздерді Абайдан көптеп кездестіре аламыз. "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз " деген Лермонтовтан аударған өлеңіне назар аударайық. Лермонтовта:
...Ночь тиха, пустыня внемлет богу... деген жол Абайда: ...Елсіз жел тұрғандай боп хаққа мүлгіп,-деп аударған. Внемлет богу деген сөзді Абай хаққа мүлгіп дейді. Тамаша сыпайы әсерлік табады. Осында БОГУ деген сөзді қазақтың өз тіліндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бүгінгі жастар тіліндегі бірегейлік
Ваваризмдер,арголар,жаргондар
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы ақпарат
Ауызекі сөйлеу стилі
Медициналық басылымдардағы сөз мәдениетінің жайы
Сөйлеу тілінің лексикасы
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттері
Кейіпкер тілі
Газет тілінің лексикалық ерекшелігі
Пәндер