Алматы облысының шекара маңы аумағының экономикалық – географиялық байланыстарының дамуы (Панфилов ауданы мысалында)


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Абильжанова Н. Б.
Тақырыбы: Алматы облысының шекара маңы аумағының экономикалық - географиялық байланыстарының дамуы (Панфилов ауданы мысалында)
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
050609 мамандығы бойынша - «География» -
Алматы 2011
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Экономикалық, әлеуметтік және саяси география кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Г. Н. Нүсіпова
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Алматы облысының шекара маңы аумағының экономикалық - географиялық байланыстарының дамуы (Панфилов ауданы мысалында)
050609 мамандығы бойынша - «География»
Орындаған 4 к. Студенті Абильжанова Н. Б.
Ғылыми жетекшісі
г. ғ. к., ҚазҰУ - дің профессоры Темірбеков А. Т
Норма бақылаушы Калиаскарова З. К.
Алматы 2011
«Бекітемін»
Экономикалық, әлеуметтік
және саяси география
кафедрасының меңгерушісі Г. М Нүсіпова
Тапсырма
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономикалық, әлеуметтік және саяси география кафедрасының 4 курс студенті Абильжанова Назеркенің «Алматы олысының шекара маңы аумағының экономикалық - географиялық байланыстарының дамуы (Панфилов ауданы мысалында) » дипломдық жұмысын орындауына
№№
пп
Тапсырманы алған Абильжанова Н. Б.
Ғылыми жетекші
г. ғ. к., ҚазҰУ - нің профессоры Темірбеков А. Т.
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлім 3 тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің көлемі : 58, кестелер саны -9, суреттер саны -17.
Зерттеудің өзектілігі : мемлекеттің шекара маңы ауылдарындағы шаруашылық және әлеуметтік салаларды жетілдірудің нәтижелері аймақтағы экономиканың дамуымен тікелей байланысты екенін анықтап, оны нақтылы зерттеулер арқылы дәлелдеу экономикалық - географиялық тұрғыдан ғылыми - практикалық маңызы бар өзекті проблема.
Зерттеудің мақсаты: бакалаврлық жұмыстың мақсаты Алматы облысындағы шекара аумағында орналасқан елді мекендердегі шаруашылық салаларының даму ерекшеліктерін зерттеп, жергілікті халықтардың тұрмысын жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығын нарықтық талаптарға сай дамыту механизмдерін анықтау және жетілдіру. Осы қойылған мақсаттар мына төмендегідей міндеттерді шешуді қажет етеді.
Зерттеудің міндеттері : біріншіден Алматы облысы ішіндегі шекаралық аудандарда нарықтық экономикаға көшу барысында жүргізілген реформаға байланысты ауыл шаруашылығында болған өзгерістерге әлеуметтік және экономикалық - географиялық талдау жасау.
Екіншіден экономикалық реформадан кейінгі жылдары шекаралық аудандарда шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар, әлеуметтік салаларды жетілдіру шараларын «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталық (ШЫХО) құрылымының мысалында жұмыссыздық пен кедейлікке қарсы күрестің іске асырылуы қалай жүріп жатқанын көрсету.
Зерттеу пәні : аграрлық реформадан кейінгі жылдардағы шекара маңындағы елді мекендердегі ауыл шаруашылығының көрсеткіштері, кәсіпорындар мен елді мекендердегі халықтардың әлеуметтік ортасы, сондай - ақ жекелеген тұрғындар мен олардың отбасыларының жағдайын әлеуметтік және экономикалық - географиялық тұрғыдан қарастыру.
Зерттеу объектісі : Алматы облысындағы шекара маңы аумағы, оның ішінде Панфилов ауданындағы елді мекендердің халқы, ауыл шаруашылығы өндірісі және шаруашылық субъектілері, жалпы ауданның әлеуметтік және экономикалық - географиялық жағдайы.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні : мемлекеттік шекара аумағында орналасқан Панфилов ауданы экономикалық-географиялық тұрғыдан алғаш рет бакалаврлық жұмыс ретінде қарастырылуында. Бакалаврлық жұмыстың негізін құрастырған материалдар Панфилов ауданының әкімшілігі құрамындағы жерге орналастыру, ауыл шаруашылық, экономика және бюджет бөліміне автордың өзі өндірістік практика кезінде жинастырған. Сонымен бірге бұл бакалаврлық жұмыста шығыстағы Қорғас Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының (ШЫХО-ның) құрылуы, оның қазіргі кездегі жағдайы осы жұмыста бірінші рет қарастырылып отыр.
МАЗМҰНЫ
Бет
КІРІСПЕ . . . 6
1 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА…… . . . 8
1. 1Алматы облысының қалыптасуы туралы географиялық тарихи анықтама . . . 8
1. 2 Алматы облысы Панфилов ауданының географиялық орны мен табиғи жағдайының сипаттамасы . . . 9
1. 3 Ауданның жер бедерінің ерекшеліктері мен пайдалы қазбалары . . . 10
1. 4 Ауданның климаты, оның ауыл шаруашылығын дамытуға әсері . . . 11
1. 5 Ауданның су көздері мен су ресурстары . . . 14
1. 6 Топырағы мен өсімдіктер жамылғысы, оларды ауыл шаруашылығында пайдалану . . . 17
1. 7 Ауданның табиғи - географиялық аумақтары . . . 21
2 ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ- ӘЛЕУМЕТТІК ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 23
2. 1 Ауданның халқы, денсаулық сақтау, білім беру мекемелері мен мәдениет орталықтары . . . 23
2. 2 Әлеуметтәк инфрақұрылым орындары . . . 30
2. 3 Шағын және орта кәсіпкерліктің Панфилов ауданы бойынша даму көрсеткіштері . . . 30
2. 4 Аудандағы ауыл шаруашылығының даму жағдайы және оның салаларының жалпы сипаттамасы . . . 34
3 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПАНФИЛОВ АУДАНЫ АУМАҒЫНА КІРЕТІН ШЫҒЫСТАҒЫ ҚОРҒАС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЕКАРА МАҢЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫН» ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ . . . 37
3. 1 Шығыстағы «Қорғас халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын» (ШЫХО) дамыту жолдарының экономикалық-географиялық аспектілері . . . 37
3. 2 “Қорғас” ШЫХО - ның құрамдық компоненттері . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 58
Қысқартылған ұғымдар
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
ШЫХО - шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы
ШЫҰ - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
АӨК - аграрлық-өнеркәсіп кешені
ЖІӨ - жалпы ішкі өнім
ШҚ - шаруа қожалығы
ЖҚШ - жеке қосалқы шаруашылық
ЖТҮҚ - жеке тұрғын үй құрылысы
т. б. - тағы басқалар
% - пайыз
КІРІСПЕ
Бакалаврлық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Егемен Қазақстанның экономикасы басқа тәуелсіз елдер сияқты республиканың ішкі жағдайында белгілі бір территорияны қамтитын, өздеріне тән табиғи, экономикалық өзгешеліктері бар ерте заманнан қалыптасқан, бірнеше жеке аймақтардың құрамынан тұрады. Осы тұрғыдан қарағанда республиканың ішкі ресурстарын тиімді пайдалануда, сол сияқты ауыл шаруашылығының әлеуметтік - экономикалық дамуын тек қана бүкіл Қазақстан көлемінде емес, жекелеген аймақтардың аумағында, олардың табиғи ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық-географиялық талдау жасау, олардың шаруашылықты жүргізу тиімділігін анықтау, келешегіне болжау жасау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Республика бойынша нарықтық экономиканың талаптарына сай соңғы кезде шағын бизнесті дамыту арқылы жұмыссыздық пен кедейлікке қарсы күресті күшейтудің шараларын мемлекет деңгейінде қарастырып, аз шығынмен қысқа мерзімде шешуге болатыны ғылыми түрде дәлелденгені мәлім. Ауылдардағы әлеуметтік салаларды жетілдірудің нәтижелері аймақтағы экономиканың дамуымен тікелей байланысты екенін заңды үрдіс деп белгілеп, оны теориялық-методикалық тұрғыдан дәлелдеудің өзі ғылыми - практикалық маңызы бар өзекті проблема екені де анық.
Айта кету керек, ауылда жүргізілген реформа ауыл тұрғындары күткен нәтижелі жемісін толық бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік - экономикалық жағдай нашарлап кетті, өндіріс көлемі қысқарып, жұмыссыздар саны көбейіп, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан - жылға шиеленісіп барады.
Осы әлеуметтік - экономикалық шиеленістердің зардабы Жетісу өңірінің шекара аудандары тұрғындарына қатты тиді. Бұл аудандар аумағында бұрыннан қалыптасқан шаруашылығы мен табиғи ресурстары бар, облыс орталығынан алыс орналасқандықтан айтарлықтай ірі өндіріс салалары жоқ, алыста жатқан аудандар немесе аумақтар деп аталатын. Бұрын шекара маңы аудандарында олардың әлеуметтік - экономикасының дамуына мемлекет тарапынан азды - көпті көмек беріліп тұратын.
Кейінгі нарық жағдайында өндірістік, әлеуметтік инфрақұрылымдарының құлдырап, жолдардың бұзылып, көлік қатынастары азайып, электр қуатының тапшылығынан, сол сияқты ауылдағы мектептердің қысқаруы, ауруханалардың жабылуымен, оқу үйлерінің, кітапхана мен клубтардың істен шығуы, ауылдағы мемлекеттік сауда жүйесінің кенеттен жойылуы нәтижесінде шекара аудандарындағы тұрғындардың өмір сүру деңгейі нашарлап кетті. Олардың күн көру жағдайлары, Жетісу өңірінің басқа аудандарының тұрғындарымен салыстырғанда 30-40% төмен екені анықталды. Ал жұмыссыздардың саны жылдан - жылға көбейіп, шекара аудандарының бірқатар тұрғындары, жұмыс іздеп атамекендерін тастап, үлкен қалалар төңірегіне қоныс аударуға мәжбүр болды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бакалаврлық жұмыстың мақсаты Алматы облысындағы шекара аумағында орналасқан елді мекендердегі шаруашылық салаларының даму ерекшеліктерін зерттеп, жергілікті халықтардың тұрмысын жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығын нарықтық талаптарға сай дамыту механизмдерін анықтау және жетілдіру. Осы қойылған мақсаттар мына төмендегідей міндеттерді шешуді қажет етеді.
Біріншіден Алматы облысы ішіндегі шекаралық аудандарда нарықтық экономикаға көшу барысында жүргізілген реформаға байланысты ауыл шаруашылығында болған өзгерістерге әлеуметтік және экономикалық - географиялық талдау жасау.
Екіншіден экономикалық реформадан кейінгі жылдары шекаралық аудандарда шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар, әлеуметтік салаларды жетілдіру шараларын «Қорғас» шекара аралық ынтымақтастық халықаралық орталық (ШЫХО) құрылымының мысалында жұмыссыздық пен кедейлікке қарсы күрестің іске асырылуы қалай жүріп жатқанын көрсету.
Зерттеу нысаналары - Алматы облысындағы шекара маңы аумағы, оның ішінде Панфилов ауданындағы елді мекендердің халқы, ауыл шаруашылығы өндірісі және шаруашылық субъектілері, жалпы ауданның әлеуметтік және экономикалық - географиялық жағдайы.
Зерттеу пәні - аграрлық реформадан кейінгі жылдардағы шекара маңындағы елді мекендердегі ауыл шаруашылығының көрсеткіштері, кәсіпорындар мен елді мекендердегі халықтардың әлеуметтік ортасы, сондай - ақ жекелеген тұрғындар мен олардың отбасыларының жағдайын әлеуметтік және экономикалық - географиялық тұрғыдан қарастыру.
Жұмыстың тақырыбына сай жүргізілген іздестірудің жаңалығы мемлекеттік шекара аумағында орналасқан «“Қорғас” халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы (ШЫХО) » Панфилов ауданындағы экономикалық-географиялық тұрғыдан алғаш рет бакалаврлық жұмыс ретінде қарастырылуында. Бакалаврлық жұмыстың негізін құрастырған материалдар Панфилов ауданының әкімшілігі құрамындағы ауыл шаруашылық, экономика және бюджет бөліміне автордың өзі өндірістік практика кезінде жинастырған. Сонымен бірге бұл бакалаврлық жұмыста шығыстағы Қорғас Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының ШЫХО-ның құрылуы, оның қазіргі кездегі жағдайы осы жұмыста бірінші рет қарастырылып отыр.
- АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Алматы облысының қалыптасуы туралы географиялық - тарихи анықтама.
Алматы облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Әкімшілік орталығы сол кезде Алматы қаласы болып бекітілген. Сол жылдары облыс құрамында 18 әкімшілік аудан болған. Бермен келе, 1939 жылдың соңында аудандардың бір бөлігі Жамбыл және Семей облыстарына беріліп, Алматы облысының құрамында қайта құрылған 7 әкімшілік ауданды қосқанда 23әкімшілік аудан болған. Ал 1944 жылдың наурыз айында оның құрамынан Талдықорған облысы 11 ауданмен бөлініп шықты, ал Алматы қаласы 1959 жылдың соңында облыс құрамынан жеке әкімшілік болып бөлінді. Осы 1959 жылы Алматы және Талдықорған облыстары қайтадан біріктіріліп, 1968 жылы тағы да бөлініп екі облыс құрылды. Алматы және Талдықорған облыстарының соңғы біріктірілуі 1997 жылы болды. Облыс құрамына 16 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қала кіреді. Олар Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі «Алматы облысының облыс орталығын көшіру туралы» № 585 Жарлығына сәйкес облыс орталығы Талдықорған қаласы болып бекітілді.
Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы 223, 9 мың шаршы шақырымды құрайды. Өңірде 777 елді мекен бар. Облыс халқының саны 2011 жылғы 1 желтоқсандағы дерек бойынша 1857, 4 мың адамды құрайды. Өңірде 103 ұлт пен ұлыс өкілдері бар.
Облыс орталығы - Талдықорған қаласы, ондағы тұрғындар саны-140, 6 мың адам. Өңірдің фаунасы мен флорасы биологиялық түрлерге бай: сүтқоректілердің 24 түрі, құстардың - 35, су жәндіктері мен балықтардың 4 түрі қатаң қорғауды қажет етеді, олардың бәрі республиканың Қызыл кітабына енген.
Облыс аумағында Алматы қорығы және еліміздегі төрт ұлттық табиғи парктің екеуі: «Іле Алатау» және «Алтынемел» парктері орналасқан.
Алматы облысы - аграрлық аймақ. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласына жақын орналасуы әлеуметтік - экономикалық дамуына зор мүмкіндік туғызады.
Әкімшілік аудандардың саны - 16, олар Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқанд, Талғар, Талдықорған, Ұйғыр аудандары. Облыс аумағында 10 қала бар: Алматы, Есік, Жаркент, Қапшағай, Сарқанд, Талғар, Талдықорған, Текелі, Үшарал, Үштөбе қалалары. Облыстың әкімшілік орталығы - Талдықорған қаласы, тұрғындарының саны 140 мың. адам.
Алматы облысының елді мекендерінің бір-бірімен көлік жолы арқылы қарым-қатынас жасауы жақсы дамыған. Бұл Еуропа мен Азияны байланыстырушы осы облыс арқылы өтетін континентальдық аралық автомобиль және темір жолдары көлік дәлізінің бір бөлігі болып табылуына байланысты. Сонымен қатар осы аймақта біздің шығыс және оңтүстік шығыс көршілерімізбен көлік қатынастарын қамтамасыз ететін басты шекаралық өту пунктері орналасқан. Осы мақсатта Қытай Халық Республикасымен шектесетін шекарада 3 автокөлік өткізу орны қызмет етеді. Олар - «Достық», «Қорғас» және «Құлжат». Одан басқа «Кеген» пунктінде «Достық» станциясында темір жол өткізу пункті және Қырғызстанмен шекарадағы автожол пункті қызмет атқарады. Сонымен қатар Алматы облысы өзінің әсем табиғатымен ерекшеленеді, ал бұл туризм дамуы үшін негізгі қағиданың бірі.
Алматыдан солтүстікке қарай колдан жасалған “Қапшағай” су қоймасы орналасқан, суқойманың оңтүстігінде шығысқа қарай Іле және Жоңғар Алатауы созылып жатыр. Өңір көптеген көрікті жерлерімен (Үлкен Алматы көлі, Есік көлі, Түрген су сарқырамасы, альпі қарағайлары және т. б) баршаға танымал. Қапшағай қаласынан 5 шақырым жерде осыдан 2 мың жыл тасқа ойып салынған суреттер - «Тамғалы Тас», суқойманың солтүстік шығыс жағалауында - «Әндететін құм төбелер», облыстың оңтістік шығысында Іле өзенінің сағасындағы аңғарда - есте қаларлық орындардың бірі «Шарын каньоны» бар.
Облыс орталығы - Талдықорған қаласы, Талдықорған қаласы мен Астана қаласының арасы - 1480 шақырым.
1. 2 Алматы облысы Панфилов ауданының географиялық орны мен табиғи жағдайының сипаттамасы
Алтынемел асуынан аса, шығысқа қарай бағыт алғанда Басши-Қоңырөлең жазығы деп аталатын көсілген көз жетпес қоңыр ойпатқа ілігесіз. Таспадай тартылған Ұлы Жібек жолымен алға жылжыған сайын жол бойы таулармен қоршалған, оңтүстігі қырқа-жонды қыраттар мен орман-тоғайлы жазық далаға астасып, алыстан Іле аңғары, одан әрі көзге бұлдырай көрінетін Іле Алатауы байқалып тұрады. Қытай шекарасы Қорғас кеденіне жеткенше осы көрініс көз алдыңда қайталана отырып, табиғат сұлулығына деген ынта-жігеріңді арттыра түседі. Айнала қоршаған шың-құздар, мәңгі мұзды сеңгір таулары, баурайы толған орманды, алысып аққан арынды асау өзендері, сылдыраған сыңғырлы бұлақтары шалқыған шалқар көлдері, аң- құстары жыртылып айырылатын сексеуілді - жыңғылды, жидесі мен шеңгелді тоғайы бар көрікті де көркем осы өлкені жазиралы Жаркент өңірі деп сонау ықылым заманнан атап келеді. Алаптан сусыған құмды шөл де, шалқыған шалқар көл де, арынымен алысқан өзен де, шипалы арасанды асулы бел де бәрі кездеседі. Жаратылыс Жаркент жеріне үйіп-төгіп, жомарттығын білгізіп, берекесін кіргізіп, ғажайып табиғатымен таңдай қақтырып, қызығына батырып қойғандай. Бастауын Арқас Еренқабырға Алатауының шың құздарындағы мәңгі мұздақтың мөлдір тамшыларынан алатын асау Өсек өзенінің оңтүстік шығысындағы жазығында «жардың үстінде» осыдан шамасы екі жүз жылдай бұрын Жаркент қаласының алғашқы ірге тасы қаланған. Қала Ұлы Жібек жолының үстіне орналасып, Еуропа мен Азияны жалғастыратын алтын көпір іспеттес болғандыктан, дүниежүзіне ерте белгілі болып, мәртебесі жыл санап арта береді. Қала белгілі болған сайын келіп қоныстанушылар саны да еселей түседі. Бүгінгі күнде қала тұрғындары қаланы көркейтумен бірге өздері де өніп-өсіп, бүкіл өңірді гүлдендіру үстінде. Міне, біз бүгін жазиралы Жаркент өңірі дегеніміз бір кездегі Өсек өзенінің шығысындағы жарқабақ үстіне салыңған Жаркент қаласы атына байланысты атау екенін көріп-біліп отырмыз. Жаркент қаласы - Арқас Алатауынан бастау алатын батысындағы Өсек өзені мен шығысындағы Тышқан өзенінің аралығындағы кең жазық тау етегіне орын тепкен әсем қала. Төбе-төбе болып үйілген, сусыған құмдары, мәуелі салбыраған жемісті баулары мен жүзімдіктері, ұшы-қиырына көз жетпейтін сағымды да белді, таза ауалы, қоңыр салқынды, жанға жайлы, шөбі шүйгін, мөлдір сулы тап-таза бұлақтары мен өзендері бәрі келіп Жетісу жеріндегі адамзат пен жан-жануарлар әлеміне табиғат арқылы әсер етіп, бұл бүкіл бір өркениеттің өмірдің циклін құрайды. Міне, сондықтан да шөбі шүйгінді, суы бал.
Панфилов ауданы Алматы облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, шығысында Қорғас өзені арқылы Қытаймен, ал оңтүстігінде Ұйғыр ауданымен, батысында және солтүстігінде Кербұлақ ауданымен шекаралас. Алматы облысы жер аумағының 8, 9 % құрайтын бұл ауданның жер көлемі 11, 3 мың шаршы шақырым. Солтүстікте Жоңғар Алатауынан оңтүстіктегі Іле өзеніне дейінгі аралық 150 км -ге, батысында Алтынемел асуынан, шығысындағы Қорғас өзеніне дейін 180 км-ге созылып жатыр.
Панфилов ауданы 44 0 28 / -48 0 28 / с. е. пен 48 0 25 / -50 0 18 / ш. б. аралығында жатырАудан орталығы -Жаркент қаласы Алматы қаласынан 371 км, ал облыс орталығы Талдықорған қаласынан 294 км қашықтықта орналасқан.
1. 3 Ауданның жер бедерінің ерекшеліктері мен пайдалы қазбалары.
Ауданның геоморфологиялық ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, аудан оңтүстікте Іле өзенінің кең аңғарында орналасқан, солтүстік бөлігі Жоңғар Алатауының оңтүстік етегіне дейін созылып жатыр. Олар теңіз деңгейінен, яғни Іле өзенінің жайылмасынан 476 м биіктіктен басталып, ең жоғарғы нүктесі 4187 м. биіктікке дейін Жоңғар Алатауында орналасқан. Аумақта жер сілкіну күші 8-9 балға дейін болады.
Жоңғар Алатауының қатпарлануы палеозой эрасында басталды. Негізгі қатпарлану үлгісі герцин қатпарлығында жүрді. Герциннен кейінгі кезеңдерде денудациялық процесстер басым болып, мезозой мен палеогенде аумақтың жер бедері тегістеліп, неоген мен төменгі төрттік дәуірде тау көтерілу процесі жер қыртысының жарылуымен бірге жүрді. Жоңғар Алатауының негізін төменгі палеозой мен орта протерозойдың тау жыныстарынан түзілген антиклинорий құрайды. Кей жерлерінде граниттік жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Негізгі тау жоталарын орта және төменгі палеозойдың метаморфтық жанғыш тақтатастары құрайды, сонымен қатар палеозойлық құмтастар мен әктастар кездеседі. Тау алды жотасы палеоген, неоген және төрттік шөгінділерден құралған.
Ауданда пайдалы қазбалардың мынадай түрлері кездеседі: Сұлушоқы тауынан 4 км қашықтықта Козун мыс кені, Іле өзенінен солтүстікке қарай 9 км қашықтықта Майлыбайсай темір кені, Көктал ауылынан 40 км қашықтықта Бархол шатқалында гранит, 20 км қашықтықтағы Қоңырөлең шатқалында алебастр, одан басқа жергілікті маңызы бар мұнай, көмір, алтын және минералды су көздері кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz