Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына Қазақстанның кіру мәселесі


Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына Қазақстанның кіру мәселесі .
ЖОСПАР
1. Кіріспе
2. 2006 жылдың қорытындыларын талдау және экономиканы
дамыту үрдістері
3. Әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қырлары
4. Үкіметтің стратегиялық мақсаты
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған
бағдарламасының басым бағыттары
5. 1. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін арттыру
5. 1. 1. Мемлекеттік жоспарлау
5. 1. 2. Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру
5. 1. 3. Фискалдық саясат
5. 1. 4. Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту
5. 1. 5. Бәсекені дамыту
5. 1. 6. Табиғи монополиялардың қызметін реттеу
5. 1. 7. Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау
5. 1. 8. Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу
5. 2. Орнықты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру
және адами капиталды дамыту
5. 2. 1. Білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту
5. 2. 2. Ғылымды дамыту
5. 2. 3. Медициналық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету
5. 2. 4. Халықты әлеуметтік қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары
5. 2. 5. Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамыту
5. 2. 6. Мемлекеттік тілді және мәдениетті дамыту
5. 2. 7. Туризм мен спортты дамыту
5. 3. Құқық тәртібін және өмір сүру қауіпсіздігін нығайту
5. 4. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру
5. 4. 1. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру
5. 4. 2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
5. 4. 3. Минералдық шикізат кешенін дамыту
5. 5. Инфрақұрылымды дамыту
5. 6. Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін
аумақтық даму
5. 7. Әлемдік экономикаға табысты кірігуді қамтамасыз ету
5. 8. Жаңа жағдайларда әрекет етуге қабілетті мемлекеттік аппаратты
қалыптастыру
6. Үкімет Бағдарламасын іске асыруды құқықтық қамтамасыз ету
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
1. Кіріспе
Осы Баяндама Қазақстан Республикасы Конституциясының 67-бабының 2) тармақшасына сәйкес дайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасы туралы баяндаманың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы
10 қазандағы - «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған Қазақстан Республикасының Даму стратегиясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауына және Қазақстан Республикасының
2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.
2. 2006 жылдың қорытындыларын талдау және экономиканы дамыту үрдістері
2006 жылы Үкімет отандық экономиканың тұрақты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жұмысты жалғастырды. Жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың нәтижелері мен экономика секторларының серпінді дамуы шынайы.
Алдын ала бағалау бойынша 2006 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2, 1 пайыздық пунктке арта түсіп, 2005 жылғы деңгейге қарағанда 10, 6%-ды құрады. Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2006 жылдың қорытындылары бойынша 5083 АҚШ долларын құрады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады, өңдеуші өнеркәсіпте - 7, 3%, тау-кен өндіруде - 7%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 7%-ды құрады. Көлік қызметтері 5%-ға, байланыс қызметтері 20, 4%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10, 6%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 20, 1%-ға ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ға, оның ішінде экспорттың көлемі 37, 3%-ға, импорт 36, 4%-ға өсті.
Жұмыссыздардың саны 2, 4%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейі
2005 жылғы 8, 1%-ға қарағанда 7, 8%-ды құрады. Халықтың нақты ақшалай кірістері бағалау бойынша 10%-дан астам өсті.
Қаржы секторы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылды. Алдын ала деректер бойынша экономикаға кредиттердің көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82, 7%-ға -
4736 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі
2006 жылы 88, 4%-ға ұлғайып, 2007 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық Банк пен Үкімет қабылдап жатқан шараларға қарамастан,
2006 жылы инфляция деңгейі жеткілікті түрде жоғары деңгейде сақталды - 8, 6%. Инфляция өсімінің түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары өтімділігі, кірістердің және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.
Ұлттық Банк инфляциялық әлеуетті ұлғайтуды болдырмау және экономиканың «қызып кету» қаупін төмендету үшін ақша-кредит саясатын қатаңдаттырды. Өткен жылдың басынан бастап кері қаржылдандырудың ресми ставкасы екі рет арттырылды: 1 сәуірден бастап - 8, 0%-дан 8, 5%-ға дейін, ал
1 шілдеден бастап 9, 0%-ға дейін. Екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша ставкалар 3, 5 %-дан 4, 5 %-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайды, қысқа мерзімді ноталар бойынша кірістілік 4, 95 %-ға дейін (тиімді кірістілік) өсті.
Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оны халықаралық капитал нарығымен кіріктіруді қамтамасыз ету, еліміздің экономикасына инвестициялар тарту мақсатында Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы, сондай-ақ оның қызметін ретейтін Агенттік құрылды.
Ұлттық қордың активтері 14 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Алтын-валюта резервтерінің көлемі олардың есебінен 33 млрд. АҚШ долларынан асты.
2006 жылдың ішінде мемлекеттік бюджетке түсетін кірістердің жоспарын тұрақты түрде асыра орындау байқалды.
Көлік стратегиясын және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру басталды, Өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасы, Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару тұжырымдамасы әзірленді, салық заңнамасы жетілдірілді, «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының едәуір жақсарғанына қарамастан, тұтастай алғанда, экономикалық тұрақтылыққа әсер етуге, экономиканың «қызып кету» қаупін күшейтуге қабілетті белгілі бір факторлардың бар екендігін атап өткен жөн, бұл өз кезегінде, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінен көрініс табады.
3. Әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті қырлары
Қазақстанның экономикасы шетелдік валютаның үлкен ағыны, нақты және банк секторларының сырттан қарыз алу көлемінің, сондай-ақ шетелдік инвестициялардың өсуі жағдайында дамуда. Мұның барлығы экономикаға және теңгенің айырбас бағамына нығаю жағына қарай инфляциялық қысым көрсетеді. Экономиканың қаржылық тұрақтылығы үшін қатер туады. Кредиттік қоржынның шетелдік капиталдың есебінен кеңеюі экономиканың өсуі баяулаған және әлемдік нарық конъюнктурасы әлсіреген жағдайда банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер активтерінің сапасына кері әсер етуі мүмкін.
Кредит беруді салалар бойынша шоғырландыру проблемасы орын алып отыр, себебі берілген кредиттердің негізгі үлесі саудаға, құрылысқа, өндірістік емес салаға және жеке кәсіпкерлікке тиеді, бұл экономиканың жекелеген салаларының «қызып кетуіне» ықпал етуі мүмкін.
Экономиканың шикізатқа бағытталуы әлі күнге дейін үстем болып отыр. Инвестициялардың ең көп ағыны өндіруші секторға бағытталуда. Шикізатқа қатысты емес экспорт төмен деңгейде қалып отыр. Экономиканы әртараптандыру мен жаңғырту әлеуеті іске асырылмаған.
Ғылымды дамытудың басымдықтары анықталмаған. Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру аяқталмаған. Еліміздің экономикасын әртараптандыруға бағытталған жүйе құрайтын ірі инвестициялық жобалар бойынша нақты нәтижелер жоқ.
Отандық ірі бизнес экономиканы әртараптандыру үдерісіне толық шамада тартылмаған. Екінші деңгейдегі банктер өңдеуші өнеркәсіптің жобаларын қаржыландыруға ұмтылмайды.
Инфрақұрылым мен қызметтер көрсету сапасы елдің экономикалық даму деңгейіне сәйкес келмейді. Бұл көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің, оның ішінде медициналық және білім беру қызметтерінің сапасына да қатысты.
Орташа өмір сүру ұзақтығы төмен күйінде қалуда. Ана мен бала өлімінің жоғары көрсеткіші сақталуда.
Еліміздің халқының өмір сүру сапасының жеткіліксіз жоғары деңгейіне, демографияға, экономиканың жоғары ресурс және энергия сыйымдылығы мен қоршаған ортаның ластануына байланысты проблемалар сақталуда.
Мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі жұмыс созылып кетті.
Бұлардың барлығы экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлардың теңгерімін қамтамасыз ету негізінде еліміздің тұрақты дамуы жөніндегі нақты шараларды талап етеді.
Қазақстан экономикадағы құрылымдық өзгерістердің тиімділігін күшейткен кезде ғана бәсекеге нақты қабілетті болады.
4. Үкіметтің стратегиялық мақсаты
Үкімет қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасының мынадай басым бағыттары белгіленген.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттары
5. 1. Мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу тиімділігін арттыру
Экономикалық саясатты жүргізудің тиімділігін арттыру бөлігінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін, бюджет-салық және ақша-кредит саясатын реформалау, қаржы секторын дамыту, табиғи монополиялар қызметін реттеу, бәсекелестікті және кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу жолымен бірқатар міндеттерді шешу алда тұр.
Экономикалық саясаттың тиімділігін арттыру нәтижелерге бағдарланған басқару жүйесін енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады.
Үкімет мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың, сондай-ақ әрбір мемлекеттік органның нәтижелілігі мен тиімділігінің мақсатты индикаторларын әзірлейді және енгізеді. Осыған жоспарлау, үйлестіру және бақылау жүйесі бағытталатын болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағдарлауға мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады.
Үкімет қолайлы салық және инвестициялық ахуал жасау, бизнесті дамыту жағдайын қамтамасыз етеді, әкімшілік кедергілерді жою, экономиканың өнімділігін арттыру жөніндегі жұмысты жандандырады.
Бизнесті дамыту мәселелеріне төрешілдік араласуды азайтуға ден қоя отырып, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері жетілдірілетін болады. Кәсіпкерлікпен қарым-қатынастар әріптестік, шындық және айқындылық қағидаттарында құрылатын болады. Осымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кепілдіктерінің негізі ретінде жеке меншік институтын нығайту жөніндегі шараларды қабылдау жоспарлануда.
5. 1. 1. Мемлекеттік жоспарлау
Мемлекеттік жоспарлау елдің бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ету жөніндегі үдерістерді сүйемелдеуге және басқаруға бағытталатын болады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін орнықты өсіру стратегиясы, сондай-ақ стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлау, барлық жоспарлау субъектілерінің мониторингі, оларды бақылау мен олардың жауапкершілігі, мемлекеттік басқару органдарының қызметін түпкі нәтижелерге бағыттау мәселелерін регламенттейтін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі бірқатар нормативтік құқықтық актілер әзірленетін болады.
Мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың мазмұнына, оларды әзірлеу және бекіту, іске асыру рәсімдеріне қойылатын талаптар өзгертіледі.
Мыналар жөніндегі нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады:
мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлауды енгізу;
мемлекеттік органдардың қызметін түпкі нәтижелерге қол жеткізу мәніне бағалау;
мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік, бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігінің және мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі прогрестің мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік статистика жүйесін жетілдіру, мемлекеттік статистикалық есеп беруді қайталауды болдырмау.
Экономикалық болжамдарды әзірлеу әдіснамасы жетілдірілетін болады.
Мемлекеттік органдар ұсынатын шешімдердің экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейіне әсер етуін бағалаудың арнайы тетігін әзірлеу алда тұр.
5. 1. 2. Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру
Үкімет бюджеттік жоспарлауды жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты нәтижелерге бағдарланған бюджеттік жоспарлау жүйесін енгізу болады.
Мұндай жүйе мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының өнімділігін арттыру құралы ретінде пайдаланылатын болады.
Бұл нәтижелерге бағдарланған бюджетке кезең-кезеңмен көшуді, сондай-ақ «тапсырыс беруші-орындаушы» моделі бойынша, бірінші кезекте, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісім-шарттық міндеттемелерді енгізуді болжайды. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет қаражатын пайдалануда көбірек дербестік беру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Қоғам үшін ашық есеп беру жүйесі енгізіледі, сондай-ақ ішкі және сырттан бақылау жүйесі жолға қойылады.
Бюджет қаражатын жұмсау бағыттары елдің стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарымен өзара байланыста болады және экономиканы әртараптандыру әрі оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша айқын басымдықтарға ие болады. Тиімсіз шығыстар қысқартылады.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды бағалау және мониторингтеу әдістемесі енгізіледі, оларды дайындауға қойылатын талаптар күшейтіледі.
Салмақты фискалдық және ақша-кредит саясатын жүргізу үшін мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқыны экономиканың өсу қарқынымен өзара байланыста болады.
Экономиканың шикізат секторына тәуелділігін төмендету және бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын қысқарту мақсатында Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру алда тұр.
Жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының көлемін айқындау кезінде белгіленген индикаторларға қол жеткізу деңгейі және бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігі ескерілетін болады.
Сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге де көңіл бөлінеді.
Орта мерзімді кезеңдегі жаңа бюджетаралық қатынастар жүйесі жобасының негізгі ережелері бүкіл ел бойынша бірдей қызметтер көлемін көрсетуді және олардың сапасын ескере отырып, өңірлердің қаржыландыруға объективті қажеттіліктерін есептеуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді айқындау болады.
5. 1. 3. Фискалдық саясат
Фискалдық саясат ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайында салық-бюджет құралдарын, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу үшін тиімді қолдануды көздейді.
Үкімет салықтық әкімшілік етуді жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Салық саясаты елдің индустриялық-инновациялық дамуын ынталандыруға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, көлеңкелі экономика үлесін қысқартуға және экономикадағы салықтық жүктеменің ұтымды теңгерімін құруға бағытталатын болады. Салықтық жеңілдіктер бойынша терең талдау жүргізу, олардың экономиканың тиімділігіне әсер ету дәрежесін бағалау міндеті алда тұр.
Салықтық ауыртпалықтарды заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне қайта бөлу міндеті кезең-кезеңмен шешілетін болады, сондай-ақ халықтың кірісі мен шығысын жалпы декларациялауды енгізу мәселесі зерделенеді.
Тұтастай алғанда, жүргізіліп отырған салмақты фискалдық саясат бюджет тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін тиімді орындауға және шығыстарды мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына бағдарлауға бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекет пен бизнестің мүдделерін ескеретін және мемлекеттік қаражатты жұмсаудың тиімділігі мен икемділігіне ықпал ететін жүйе қалыптастырылатын болады.
5. 1. 4. Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту
Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту саласында Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің негізгі күш-жігері инфляциялық үдерістерді реттеудің тиімділігін арттыруға және қаржы секторын дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Ақша-кредит саясаты инфляцияның болжалды деңгейін ұстап тұру үшін ақша-кредит саясаты шараларының тиімділігін арттыру, валюталық реттеу мен бақылауды қамтамасыз ету, төлем жүйелерінің жоғары технологиялық деңгейде жұмыс істеуі, тұтастай қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу сияқты міндеттерді шешуге бағдарланған.
Қабылданатын шаралардың ақша нарығының жай-күйіне әсер етуін одан әрі күшейту, ақша-кредит саясатының әр түрлі құралдары бойынша ставкаларды келісу жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл ретте қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің шамадан тыс өтімділігін стерильдеудің негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері болып қалады.
Ағымдағы және күрделі операциялар бойынша теңгенің толық айырбасталымдылығы жағдайында валюталық және қаржы нарықтарындағы ахуалдың мониторингі едәуір кеңейтілетін болады, сондай-ақ сыртқы экономикалық операциялар бойынша ақпараттық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Төлем жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау мақсатында Ұлттық төлем карточкалары жүйесін дамытуға және төлем жүйелеріне арналған жаңа Резервтік орталық құруға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың
2007 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл ретте Үкімет Қазақстанның ТМД мен Орталық Азияда қаржы ағындарын тиімді қайта бөлуді қамтамасыз ететін өңірдің негізгі қаржы орталығы ретінде қалыптасуы үшін барлық күш-жігерді жұмсайды.
Республиканың қаржы секторын одан әрі дамыту қызметтердің сапасын және оларға қол жетімділікті, сондай-ақ қаржы секторын реттеу стандарттарын арттыруға, өтімді қор нарығы мен оның құрамдастарын құруға, қаржы қызметтері нарығында бәсекені арттыру мақсатында қаржы секторын ырықтандыруға байланысты болады.
5. 1. 5. Бәсекені дамыту
Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет бәсекелі ортаны дамыту және нарықты монополияландыруды болдырмау мәселелеріне басым көңіл бөледі.
Осыған байланысты Үкімет бәсеке деңгейі жеткілікті дамымаған экономика салаларын айқындау, нарықты монополияландыру дәрежесін төмендету, жаңа компаниялардың нарыққа кіруін бөгейтін кедергілерді жою, монополияға қарсы органды институционалдық тұрғыдан қайта құруды жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында биржалық сауданы дамыту жөнінде жұмыс жүргізуді ұйғарып отыр.
Үкімет нарықты негізсіз (жасанды) монополияландыру және «бір қолға» нарықтық шоғырландырудың жоғары дәрежесі орын алған экономиканың салалары мен секторларын айқындау мақсатында тауарлар мен қызметтердің ішкі нарықтарын талдауды ұдайы жүргізуді көздейді.
Темір жол көлігі саласында бір тауар нарығы шеңберінде жұмыс істейтін компаниялардың «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясымен аффилиирленуі жойылатын болады, қызметтер құрылымы қайта қаралады және оңтайландырылады, сондай-ақ олардың сапасы арттырылады.
Электр энергетикасы саласында басты, беретін және энергиямен жабдықтайтын ұйымдар арасындағы аффилиирленуді жою жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, сондай-ақ желілік ұйымдарға олардың қызметтерін пайдаланатын өзге де компанияларға тікелей немесе жанама түрде иелік етуге тыйым салынады.
Электр энергетикасы және темір жол салаларының нарығына қол жетімділікке бөгет жасайтын кедергілер жойылады.
Бәсекені дамыту мақсатында әлемдік тәжірибеге және ішкі нарық конъюнктурасына сәйкес байланыс саласын реформалау жалғастырылады.
Еркін және тең бәсекенің дамуына кедергі келтіретін себептерді жою мақсатында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тексеріс жүргізілетін болады.
Тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін, оларда сатылатын тауарларға бағаларды қалыптастырудың айқын тетігін, биржалық саудаға қатысушылар арасындағы адал бәсекені қамтамасыз ететін «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жаңа редакцияда әзірлеу жоспарлануда.
5. 1. 6. Табиғи монополиялардың қызметін реттеу
Тариф саясатын жетілдіру реттеуші органдардың рөлі мен функцияларын қайта қарау арқылы табиғи монополия субъектілерінің қызметін кешенді теңгерімді реттеу жүйесін құруға негізделетін болады. Тарифтер деңгейінің алдын ала белгілі болуын, реттелетін субъектілердің активтерін жаңартуға және жаңғыртуға инвестициялар көлемін өсіруді, олардың жұмыс істеуінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында Үкімет нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаны жетілдіретін болады.
Осы мақсаттарды іске асыруды Үкімет «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жаңа редакцияда әзірлеу және реттеуші органға халықаралық тәжірибеге сәйкес экономикалық көп салалы реттеушінің функцияларын бере отырып, оның рөлін арттыру жолымен жүзеге асыратын болады.
5. 1. 7. Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау
Бизнестік ортаны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау рұқсат беру жүйесін реттеу, қайталауды жою және лицензиялау, сертификаттау, стандарттау, аккредиттеу сияқты рұқсат беру рәсімдерін қысқарту жөніндегі міндеттерді шешуді, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытудың неғұрлым жоғары деңгейіне көшу үшін алғышарттар жасауды болжайды.
Осыған байланысты кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді, оның ішінде есеп берудің алуан түрлерін оңтайландыру жолымен одан әрі қысқарту көзделетін болады. Барлық кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшу үдерісін толығымен аяқтау жоспарлануда.
Үкімет шағын кредит беруді дамытуды ынталандыру, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының, бизнес-инкубаторлардың қызметін жандандыру, Қазақстанның барлық өңірлерінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өкілдік желісін кеңейту жөніндегі шараларды қабылдайтын болады.
5. 1. 8. Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу
Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу мемлекеттік және жеке меншік секторлардағы басқарудың тиімділігін және транспаренттік қызметті арттыруға бағытталған.
Үкімет, бірінші кезекте, барлық мүдделі тараптардың Қазақстандағы корпортивтік басқару жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі күш-жігерін шоғырландыруға бағытталған дәйекті шараларды қабылдайтын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz