«ЕСІМ ХАН» ЖЫРЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫ МЕН ТАРИХИЛЫҒЫ


Реферат
Тақырыбы: Есім хан жырының тарихи-фольклорлық негіздері.
Жұмыстың көлемі: 43 бет
Жұмыстың құрылымы: Кіріспе
Негізгі бөлім
І. «Есім хан» жырының тарихылығы.
ІІ. «Есім хан» жырының сюжеттік желісіндегі дәстүрлі сарындар
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Жұмыстың мақсаты: «Есім хан» жырының нұсқаларын салыстыру, сол негізде жырдың поэтикалық эволюциясын көрсетуді мақсат еттік.
Жұмыстың мазмұны: Жырдың жанрлық ерекшеліктері, тарихи шындық пен эпосқа тән көркемдік шындықтың арақатынасын, сондай-ақ орталық эпос қаһарманы мен оның тарихи түп-тұлғасының байланысын анықтау.
Жұмыстың негізгі қорытындысы: Зерттеу жұмысын жүргізе отырып, «Есім хан» жырының нұсқаларына ғана тән психологиялық сарындарды көрсетуге талпындық. Және жырдың нұсқаларына жүйелі талдау жасау барысында бұл жырдың қазақ эпосының тарихынан алатын орынын айқындауға күш салдық.
Тірек сөздер: Дәстүрлі сарындар, сюжет, нұсқа, тарихылығы, жүйе, желі, түп-тұлға, эволюция, психологизм, монолог, диолог, тұтастану, поэтика, көркемдік кесте, өмір шындығы және көркемдік шешім, бейне, тартыс, фольклортану т. б.
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 4-8
1. «ЕСІМ ХАН» ЖЫРЫНЫҢ ТАРИХЫЛЫҒЫ . . . 9-23
2. «ЕСІМ ХАН» ЖЫРЫНЫҢ СЮЖЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕГІ ДӘСТҮРЛІ САРЫНДАР . . . 24-38
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 39-41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 42-43
КІРІСПЕ
Қазақ фольклорының зерттеушілер назарын өте ерте аударған, бірақ шешілмеген көкейкесті мәселелері мол салаларының бірі - тарихи жыр. Бұл жанр үлгілері В. В. Радлов, Г. В. Античков, Ә. Диваевтардың жиналуымен басылым көріп, көпшілік назарына ілікті. Тарихи жырлардың кейбір нұсқалары Ш. Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин жазбалары арқылы да біздің заманымызға жеткен.
Қазақ фольклорында «тарихи жыр» [1, 128б. ] терминін алғаш рет қолданған Шоқан Уәлиханов бұл жанр аясында Едігі, Орақ, Ер Көкше, Ер Қосай туралы жырларды қарастырады. Бұндай жіктеу аталған батырлардың өмірде анық болғаны жылнамалық деректерден байқалатындығына негізделгенін айқын аңғарта келіп, ғалым Ер Көкше мен Ер Қосай туралы эпикалық туынды жөнінде: «Бұл жыр ешқандай тарихи қызығушылық тұғызбайды, ондағы батырлардың өзі бізге мүлде таныс емес, . . . бүкіл жырдың үздіксіз қызығушылық тудыруы және таңғажайып болуы батырдың шайқаста жеңілуі және жарақаттан өлуіне байланысты», - деп жазған. [1, 130б. ] .
«Тарихи жыр» терминін осы замандағы мағынасындағы алғаш рет А. Байтұрсыновтың 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» атты кітабында пайдаланылды. Бұл еңбекті қазақ эпосы «ертегі жыр», «тарихи жыр» деп бөлінеді. Автор ертегі жыр ретінде Қабыланды, Шора, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Едіге туралы эпикалық туындыларды атап, оларға «Батырлар әңгімесі өтірік - шыны аралас қойыртпақ болады . . . Неғұрлым әріден шыққан әңгіме береді»-деп сипаттама береді [2, 415б. ] . Ал тарихи жырларға:
«Тарихи жыр» деп, тарихта бар мағлұм уақиғалар турасында өлеңмен шығарған сөздер айтылады. Қазақта болған уақиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар, халықтың өзінің есінен көптеген қазақ басынан кешірген уақиғалар толып жатыр. Солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады деген сипаттама беріп, ол жанрлардың үлгілері қатарына Орақ - Мамай, Абылай, Кенесары - Наурызбай, Ерназар - Бекет, қоян қыстық жұты туралы жырларды, Жанкісінің Қоқан ханына айтқан өлеңін жатқызады.
М. Әуезовтың 1927 жылы шыққан «Әдебиет тарихы» атты оқулығында тарихи жырлар «тарихи өлең» деп аталып, оларға А. Байтұрсыновтікіне мағыналық жағына өте ұқсас сипаттама беріледі. Бұл жанр шеңберінде тек эпикалық жырлар ғана қарастырылады. Ал Жанкісінің өлеңімен тегі де, табиғатыда бірдей Махамбеттің және басқа ақындардың өлеңдері кітаптың «Зар заман ақындары» атты тарауында талданады. Бұл кітаптың тағы бір құндылығы онда Нысанбайдың «Кенесары - Наурызбай», Ы. Шөрековтың «Исатай-Махамбет», авторы белгісіз «Ерназар-Бекет» жырлары кеңінен талданады.
Х. Досмұхамедовтың 1928 жылғы «Қазақ халқы әдебиеті» атты еңбегінде де тарихи жыр дербес жанр ретінде жанрлық кестеге енгізіліп, жоғарыда келтірілген сипаттамаға сәйкес беріледі. Х. Досмұхамедовтың 1926 жылы Ташкентте басылған «Аламан» (қазақтың ел әдебиетінен алынған сөздер) атты жинағында «Қармыс батыр», «Байбоз-Жанбоз», «Балуанияз» Ы. Шөреков жырлаған «Исатай-Махамбет» атты тарихи жырлар жарияланды.
С. Сейфуллинның тарихи жырларды жеке жанр деп танымай, батырлар жырының құрамында қарастырғаны белгілі. Дегенмен, С. Сейфуллин батырлар жырларының көне нұсқаларымен салыстырғанда, бертіндегі кезде шыққандары шындыққа жақын бола беретінін атап өткен, Жанқожа батыр жырын жариялаушылардың бірі болған ғалым екенін естен шығармаған жөн.
«Тарихи жыр» терминін қолданбаған ғалымдардың бірі С. Мұқановтың «Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің очерктері» (1942 ж. ) атты еңбегінде қазір тарихи жырға жатқызылып жүрген эпос үлгілеріне жасалған талдаулары да аса құнды.
Ә. Марғұлан да тарихи жырдың батырлық эпос құрамында қарастырған. Ол қазақ жырларын бес кезеңге бөліп қарастырып, бірінші кезеңге жатқызылған ХІХ ғасыр оқиғалары туралы жырларда тарихи іздері айқын екенін көрсетіп ендігі жерде тарихи өлең пайда бола бастайды деген қорытынды жасайды.
Бүгінгі қазақ фольклортануында «тарихи жыр» термині әбден орнықты. Оған М. Әуезовтың еңбектері мен оның басшылығымен жазылған зерттеулері шешуші ықпал етті.
Е. Ысмаилов 1967жылы жарық корген «В поисках нового» атты кітабында жұртшылық назарын тарихи поэзияның көп бөлігі әліде болса жарияланбағаны, тарихи жырлардың жанрлық ерекшеліктерін оларда тарихи шындықтың қаншалықты деңгейде бейнеленгенін көрсететін арнайы ғылыми зерттеулер жазылмағына, тарихи өлең жырлардың туу, даму мәселелері қазақ әдебиет тарихына арналған еңбектердің тек жеке тарауларында ғана қарастырылып келгеніне, бұл жанрлардың, басқа жанрлармен салыстырғанда, аз зерттелуі азаматтық тарихтың әлсіз жіктелуіне, көптеген тарихи фактілер мен оқиғалар бұл оқиғалардағы жеке тұлғалардың атқарған қызметтері аяғына дейін ашып көрсетілмегендігіне байланысты екеніне жұртшылық назарына аударды. Бұл мәселелер қазірге дейін толық шешімін таппай отырғаны - ащы да болса, ақиқат.
«Қазақ тарихи жырларының мәселелері» (1979ж) атты ұжымдық этнография тарихи жырлардың мәселелеріне басы бүтін арналған. Ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып жазылған бұл еңбекте тарихи жырлардың зерттелуі, жанрлық сипаты, тегі мен дамуы тарихи өлеңдердің өзге жанрлардың айырмашылығы туралы құнды-құнды ой қорытындылары жасалған. Бұл кітапта Қара керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Олжабай батырлар туралы тараулар ұшырасады.
Қазақ тарихи жыр жанрларының ерекшеліктерін жақсы ашып көрсеткен елеулі еңбек ретінде Р. Бердібаевтың «Қазақ эпосы», С. Қасқабасовтың «Родники искусства», «Колыбель искусства» атты кітаптарындағы тарихи жыр жөніндегі тараулары, З. Сейтжановтың «Тарихи эпос» атты монографиясын аталған ғалымның реалды-тарихи жырлары, Б. Рахымовтың ХҮІІІ ғасыр оқиғалары туралы тарихи жырлар, А. Ғабдуллинаның Қабанбай батыр туралы тарихи жырлар хақында жазылған кандидаттық диссертацияларын атап өткен лазым.
Бұрын зерттелген жырларды фольклортану ғылымының бүгінгі жетістіктері тұрғысынан тереңдете пайымдау ниетімен түрлі газет журналдарда басылған З. Ахметов пен С. Қирабаевтың Ағыбай батыр туралы, Б. Әбілқасымов пен Қ. Мұхаметқановтың Қабанбай батыр туралы жырлар жөніндегі мақалалары көпшілік ойына қозғау белгілі.
Ұзақ уақыт бойы жарияланбай келген тарихи жырларды жаңа жарық көрген басылымдарына алғысөз ретінде жазылған Р. Бердібаевтің Абылай туралы, Ш. Ыбыраевтың Кенесары, Наурызбай туралы тарихи жырлар жөніндегі мақалалары көпшілікке бұрын беймәлім болып келген деректерге толы.
Сонда да болса, тарихи жырлардың терең зерттеуді күтіп тұрған мәселелері ұлан-ғайыр. Осындай мәселелердің кейбіреулері ретінде тарихи жырлардың поэтикасы, образдар жүйесі, стилі, композициялық ерекшелігі, тілдік, көркемдік ерекшеліктері туралы зерттеулердің кезек күтіп тұрғанын айтуға болады. Аталған жырдың тарихылығы мен типологиясы жөніндегі зерттеулер де кешеуілдетпей қолға алуды керек етпейтін шаруа. Жанрдың тарихылығы зерттеушілер назарына ертеректе - ақ тілекті.
Ш. Уәлиханов қазақ поэзиясын «өз қоғамы өмірінің, ұғымдарының және қарым-қатынастарының сенімді очекркі» [1, 391б. ] десе, М. Әуезов: «тарих өлеңдері ең алдымен ел тіршілігінде анық болып өткен оқиғалардан туады . . . Бұл әңгімелердің көбі сол оқиғалардың ішінде болған, көз көргеннің әңгімесі. Сондықтан көзі мен суреттерінің шындығы көбіне даусыз.
Сондайлық тарихи оқиғалар . . . кейде ақындардың қолына жетіп, өлең өлшеуіне түседі. Тарихта болған оқиға өлеңге айналған соң, өзі ескінің тарихы болып жоғалмайтын болады» деп жазған [3, 140-141бб. ] .
Ә. Марғұлан «Халық жырын тудырудағы мотивтер» (1940 ж. ), «Эпос-жыр тудырудағы тарихи мұралар» (1940), «Қазақ эпосының сипаты мен тарихи шарттылығы» (1946) атта мақалалары, «Ежелгі жыр, аңыздар» (1985) атты кітабы және басқа зеттеулері арқылы «Қазақ эпосы кейде жылнамалық жазбалардан кем түспейді. Осы оқиғалардың эпоста суреттелуінің дұрыстығы соншама, оларды тіпті тарихи әдебиеттер де дәлелдеп отыр» деген пікірінің ақиқаттылығын аңғарта түседі [4, 75 б. ] .
Қ. Жұмалиев батырлық және тарихи жырлар туралы: «Бұл екеуінің негізі бар, екеуініңде түбінде тарихи оқиға жатады» дей келіп [5, 220 б. ], батырлық жырдан гөрі тарихи жырларда ақындар мен орындаушылар өздерінің дүниетанымына байланысты жамаған қоспалары көбірек болатынын көрсетіп, бұл жанрды зерттегенде, осы жағын да айрықша есте тұту қажеттігін байқатады.
Е. Ысмайылов: «Егер тарихи эпос сюжеті тармақталған бірнеше желіден тұратын болса, онда бұл жерде көркем қиял араласпай тұрмайтыны сөзсіз», -деп тұжырымдайды [6, 192-193 бб. ] .
Н. С. Смирнова «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ тарихи жырларының мәселелері» атты кітаптарға енген мақалаларында классикалық эпостан тарихи жырлардың айырмашылығын нақты фактілермен жан-жақты көрсете отырып мынандай қорытындыға келген: «Қысқасы, тарихи оқиғалар мен нақтылы тарихи фактілерді тарихта болған белгілі жеке адамдарды көрсету ХҮІІІ ғасырдағы эпик ақындардың басты міндеттерінің бірі болды».
С. Қасқабасов: «Тарихи жыр . . . үлкен оқиғаның жекелеген фактілеріне . . . мән беріледі» дей келіп «әрине, тарихи жыр көркем шығарма болғандықтан, тарих фактілері мен деректері онда көркемделіп, біршама өзгертіліп көрсетіледі» [7, 29 б. ] деп ескертуінің де тәсілдемелік маңызы зор.
Қарастырылып отырған жанр тарихылығын зерттеген еңбектерді атағанда, З. Сейітжановтың «Тарихи эпос» (1994), Ж. Тілеповтың «Қазақ поэзиясының тарихылығы» (1994), «Елім жеп еңіреген ерлер жыры», С. Садырбаевтың «Жамбыл және фольклор» (1996) атты монографияларын ұмытуға болмайды.
Келтірілген пікірлерден қазақ фольклор шолушыларының еш қайсысысы тарихи жырларда белгілі мөлшерде тарихи шындықтың ізі сақталатындығын жоққа шығармайтындығын айқын аңғарамыз.
Демек, фольклор үлгілерінің тарихи дерек көзі ретінде атқаратын маңызды қызметін ешкім де үзілді-кесілді түрде жоққа шығара алмайды.
Тарихи жыр үлгілеріндегі эпикалық дәстүрдің көрінісі туралы М. Әуезов: «Түр жағынан қарағанда, тарихи өлеңдер бұрынғы батырлар өлеңдерімен туысады, кейбір тарихи өлеңдер жырлану ретіндегі баяғы батырлар өлеңінше құралған» деп жазып «Бекболат батыр» жырын мысалға алған. [2, 147 б. ] . «Бірақ батырлар өлеңі бергі заманға жақындаған сайын жаңа өзгеріске түсіп, өмірге жақындап, түр жағынан әлсіреп бара жатқанын байқаймыз», -деп ойын дамыта түседі.
1981 жылы «Қазақ фольклорының типологиясы» атты монография жарық көргенімен, тарихи жырлар типологиясын арнайы түрде салыстырмалы тарихи зерттеудің нысанасы еткен еңбек жоқ.
1. «Есім хан» жырының тарихылығы
Қазанғап ақын жеткізген нұсқаның кіріспесі қызметін атқаратын Шыңғыс хан туралы аңыздың қысқаша мазмұны мынандай. Өте ерте заманда Іле өзенінің бойында өмір сүрген бір хан ұзақ уақыт перзентсіз жүріп көрген сұлу қызын күйеуге бергісі келмей, арнайы темір сарай ішінде ешкіммен қатынастырмай бағады. Бірақ, қыз іненің жасуындай тесіктен түскен күн сәулесінен жүкті болып қалады. Қаһарланған хан қызын өлімге бұйырады. Ханның інісі жазаны орындауды өз мойнына алып, қызды Іленің жағасына алып келіп «Іле бойы адам, ақыры біреуге кез боларсың» деп, қарындасын алтын сандыққа салып дарияға ағызып жібереді.
Аңға шыққан екі моңғол сандықты көріп, біреуі сыртын, біреуі киін алатын болып алдын-ала келісіп алып, судан шығарып, сол екеуінің бірі Есукей баһадүр қызбен некелесіп үйленеді. Қыздың екі қабат екенін, бірақ бұрын жыныстық қатынасқа түспеген пәктігін аңғарады.
Қыз Ділікүн Болдақ деген жерде босанады. Нәрестенің оң қолымен қан уыстай туғанын көрген жұрт: «Зілінде үлкен патша болар» деп жорамал жасасады. Балаға «Темушин» деген ат қойылады да, ер жетіп, атақ дәрежесі өскеннен кейін оған «Шыңғыс» деген лақап есім беріледі.
Темушин он екіге келгенде, Есукей қайтыс болады. Өзінен кейін туған тоғыз ұл Темушиннің ақылымен, ерлігімен жұрт көзіне түсе бастағанын күндей бастаған соң анасы: «Сенің мыналармен анаң бір болсада, атаң басқа еді. Бір күні зорлық қылар. Осылар есейіп өз беттерімен кеткенше, Іленің басына барып, садақ атып күн көр. Іленің беті құстың жүні болса, сенің тірі екеніңді білемін. Мына алтын жүзігімді қай кезде жіберсем, сонда кел. Одан бері келме - дейді. Тимушин Іленің басына барып, аң атып, құс жүнінен кепе қылып жатады. Садақ жасап, оқ жонады. Табақ жасап, олардың әрқайсысын «хан табағы», «жасау табағы» етіп белгілейді».
Діни осы кезде моңғол елінің ханы өліп кімді хан қоярын білмей дағдарады, хандыққа таласып, бөлініп, келісе алмай, ақылы зерек Темушиннің анасына келіп ақыл салады. Әйел аспанға садақ тартып жебесін сағымға тоқтатқан адам хан болуы керектігін айтады. Бұл сыннан ешкім өте алмаған соң Темушиннің анасы ел басшыларын өзен бойындағы Темушинге жібереді.
Шақырушылар барғанда, Темушин бұларға қарсы садақ тартпақ болады.
Келгендер жүзікті көрсетіп, анасы шақыртқандығын айтады. Темушин жанды нәрсеге мінуден бас тартқан соң, келгендер арба жасайды. Темушин мінгенде арбаның қаңқылдаған даусы шыққандықтан, арбаны жасаған ұстаның аты алғашында «Қаңқулы» ал бертін келе «Қаңлы» аталып кетеді. Жырда: «Қаңқулы» деген сөз «арбалы» дегенді білдіреді [7, 78 б. ] деген түсініктеме бар.
«Қаңқулы» сөзінің түркі тілдерінің бірінде арбалы деген мағынаны білдіретін Ә. Марғұлан да растайды.
«Енді осы хан болатын болды ғой. Жанассам, қор болмаспын» деген оймен өз аяғын өзі шауып, ақсақ болған ұстаның еңбегін білдірген Темушин арбаға отырғызғандықтан, Қаңлының мерейі үстем болғанын баяндаған жыршы осы оқиғаның бүгінгі күнге жеткен белгісі бар екенін: «Қаңлы елінде хан бар, кәделі елде қаңлы бар» деген қазақта мақал бар, және «хан жоқ болса, қаңлыдан хан көтер» дейді. Бұл мақалдар содан қалған. Қаңлы елі әлі күнге өзге қазақпен: «Арбаға ханмен бірге мінгенбіз», - деп талас етеді», - деп білдіреді [7, 79 б. ] .
Одан ары қарай «Түрік патшасы Қаңлыдан делінеді» деген қызық дерек келтіріліп, ол патшаның Шыңғыс ханнан қашып араб жұртына барған, кейін Шыңғыстың немересі Алакудан Бағдатты қорғап қалып, аталған елдің билігіне ие болған, басында үш жүз - төрт жүз адам болған қаңлылардың ұрпағы екені нық сеніммен айтылады. Бұның анық - қанығын тарихшылар ажыратар деп үміттенеміз.
Жеті жебесін сағымға іліп, хан болған Темушин өз болашағын: «осыдан мысал, әлеумет, жеті жүз жыл әулетім хандық құрар», -деп болжайды. Жыршы бұл болжамның расталғанын Шыңғыс хан ұрпағының хандық құруы Кенесары өлімімен аяқталғанын атап өту арқылы көрсетеді. Осы айтылғандарды өзге дерек көздерімен салыстыра қарап көрейік, «Монғолдың құпия шежіресінде» Есукей баһадүр Шыңғыстың шешесі Өзлүн-үжінге бастапқы атастырылған жігітінен тартып алу арқылы үйленгені, осындай қарапайым некенің нәтижесінде пайда болған Шыңғыстың Онон өзені жағасындағы Делүүн Болдог деген жерде қан уыстаған күйі дүниеге келгені Есукей мен Өзлүн-үжіннің Шыңғыстан басқа үш ұл бір қызы болғаны, ал Есукейдің екінші әйелі Бегтер, Белгүтей атты ұлдарды дүниеге келтіргені, Есукей өлгенде Шыңғыстың тоғыз жаста болғаны болашақ билеушінің, балалық шағы Онон өзенінің бойында өткені баяндалады [8, 29 -32 бб. ] . Қадырғали Жалайыр Есукей өлгеннен кейін Шыңғысқа қастық қылғандар өздерінің таққа мирасқорлық құқығы Есукей ұлдарынан кем емесін сезінген Шыңғыстың аталас туыстары, атап айтқанда, Шыңғыс ханның алтыншы атасы Қайду ханнан тарайтын тайжұрттар және Есукейдің інісі Даритай Отчигин [9, 39 б. ], Есукеймен әр түрлі себептермен жауласып өткен Меркіт, татар және басқа қауымдар екенін жазды.
Эренжен Хара - Даванның жазуына қарағанда, монғол тайпаларының арасында Есукейдің атасы, Қабыл хан өлгеніне орай басталып, Қабыл ханның ұлы Бартан баһадүрге де, Бартаннан туған Есукей баһадүрге де таққа отыру қырқысуға мүмкіндік бермеген өз ара қарамағында қырық мың киіз үйден тұратын екі рулы елі болған, монғолдың өзге руларымен, әсіресе, татарлармен, сонымен қатар Цзинь әскерлерімен де көп соғысқан аса батыл жауынгер Есукей баһадүр өлгеннен кейін тіпті өршей түсті [10, 37 б. ] .
Бұған ең алдымен Есукей баһадүрдің орнына көсем болуға тиіс Шыңғыстың тым жастығы себепші болды. Шыңғыстың жоғарыдап аталған аталастары билікке қол жеткізу үшін өздерінің ең қауіпті қарсыласына айналғалы тұрғаны тым ерте байқалған Есукейдің тұңғыш ұлын өлтіруге ұмтылды.
Әбілғазы әкесінің орнын басуға тиіс болған Шыңғысты тастап кеткен Есукей ұлысының үштен екісін құраған жұрт салық төлеуден қашқанын ұқтырады [11, 52-53 бб. ] .
Уақыт өте келе Шыңғыс елді елдіктен ажыратуға тақалған кикілжіңдерден қажыған жұртшылықтың басын біріктіріп, қуатын арттыруға қабілетті басшыны қажетсіңген моңғол халқының арманын жүзеге асырушы қайраткер өзі екенін танытты. Шыңғыстың қазақтан өзге де түркі - моңғол халықтары аңыздары мен жырларында көтермелей дәріптелінуінің сыры Шыңғыстың өзі құрған іргелі мемлекетте темірдей қатаң тәртіп орната білуінде жатыр.
Бір ғасырдан астам уақыт жоңғар шапқыншылығын, одан кейін Қытай және Орыс империаларының екі жақты қысым, екі жарым ғасырдан астам уақыт орысқа бодандықты бастан кешірген қазақ халқының алдан күткен үмітімен өткен өмірді аңсауы мол болуы заңды құбылыс. Жерімізге жан түршігерліктей қатал басшылық жасау арқылы билігін орнатқан Шыңғыс ханның қазақ жырлары мен аңыздарында нұрдан пайда болған жан етіп көрсетілуі аталған тарихи тұлға мен оның ұрпақтары тұсындағы бір орталыққа бағынған қуатты мемлекет тұсында қазақ халқының ешкімнен зорлық көрмейтін дәрежеде өмір сүргенін, Шыңғыс ханның ұрпақтарының есімдері қазақ елі тарихында алтын әріптерімен жазылғанын ескертуге байланысты деп ойлаймын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz