ҚР жастар субмәдениетін зерттеу


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
: 1.
КІРІСПЕ: ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3:
: 1. 1
КІРІСПЕ: Мәдениет және субмәдениет ұғымдарының сәйкестігі және оның қазіргі замандағы мәні
3: 5
: 1. 2
КІРІСПЕ: Жастар арасындағы субмәдениет, оның түрлері және пайда болу себептері
3: 12
: 1. 3
КІРІСПЕ: Қазіргі жастар субмәдениетін әлеуметтік тұрғыда қарастыру
3: 25
: 2.
КІРІСПЕ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ТАЛДАУ
3:
: 2. 1
КІРІСПЕ: Жастар мінез-құлқының өзгеру кезеңіндегі ауытқушылықтарын талдау
3: 33
: 2. 2
КІРІСПЕ: Жастар субмәдениетінің ерекшеліктерін талдау
3: 40
: 2. 3
КІРІСПЕ: Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының жүзеге асу мүмкіндіктері
3: 46
: 3.
КІРІСПЕ: ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІНІҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІН АЛДЫН АЛУ
3:
: 3. 1
КІРІСПЕ: Жастарды рухани, ұлттық салт дәстүр негізінде тәрбиелеу
3: 54
: 3. 2
КІРІСПЕ: Жастармен әлеуметтік жұмысты жетілдіру жолдары
3: 65
:
КІРІСПЕ: ҚОРТЫНДЫ
3: 76
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 79

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де жиырма жылдан астам уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт арасында келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес. Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құруымыз қажет. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі.

Жастар - еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап ертеңгі мемлекетіміздің даму бағытын, бейнесін көруге болады. Жастар ең прогресшіл, жасампаз топтың өкілдері. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қалай да болмасын белгілі кезеңдер өткеннен кейін жастардың бойында өзінің жақсы және жаман қырынан өзіндік ізін қалдыратындығы айқын. Бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздегi жаңа қоғам мүддесiне лайықты, жан-жақты жетiлген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу отбасының, бiлiм беру ошақтары мен барша халықтың мiндетi. Өзiмiздiң өркениеттi ел қатарына қосылу бағытындағы үлкен мәселелердiң бiрi келешек ұрпақтың рухани дамуы.

Соңғы кезде жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істер аз емес. Қоғамға қажетті, кәсіби біліктілігін көтеремін деген, жоғарғы білім алам деушілерге мемлекет тарапынан жыл сайын мыңдаған мемлекеттік гранттар тағайындалуда. Дегенмен, әлеуметтік жұмыс сияқты күрделі істі атқару үшін еліміздің экономикалық жағдайының артуының үстіне бүкілқоғамдық белсенділік қажет-ақ және де бұл белсенділік тұтас бір арнада өрбіп, нақты нәтижелер беруі шарт. Олай дейтініміз, бүгінгі күні қоғамның, әсіресе жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу, олардың келер күнге деген сенімін нығайту және патриоттық тәрбиесі, жалпы отансүйгіштік қасиет туралы айту да, жазу да күрделі мәселеге айналып отыр. Сондықтан да осы тақырыптың дипломдық жұмыс объектісіне айналып отыруы кездейсоқтық емес әрі өте зәру болып табылады.

Дипломдық жұмысының әдіснамалық-теориялық негізі: субмәдениетке мәдени бағыт беретін, жастар субмәдениетінің мәдениеттегі рөлін көрсеткен американдық социолог т. б ғалымдар Дэвид Рисмен, С. Фрис, Т. Роззак, Левиков Л. И, Заярная, О. Г. Мазурова, А. И. Разин, П. В. Уайт, В. У. А. Беккер және де Карабаш Д. В анализ жасаған Малахова Е. В. Корженко А. Л. Волков Ю. К. Ясперс және т. б еңбектерінің маңызы зор.

Диплом жұмыстың мақсаты: Әлеуметтік зерттеулер мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстандағы жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу барысына ой жүгірту, басым бағыттары мен өзекті мәселелерін айқындау, әлеуметтік жұмыс жүргізудің тың технологияларын ұсыну.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылып отыр:

  • жұмыс тәжірибесін игеру үшін отандық және шетелдік авторолардың еңбектеріндегі деректерді шолып, өзіндік тұжырымдар жасау;
  • жастар субмәдениетіне әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық негіздеріне ғылыми талдау жүргізу;
  • Қазақстан жастар субмәдениетінің бүгіні мен болашағына, олардың қазіргі саяси-әлеуметтік ахуалын, экономикалық жай-күйін талдау;
  • қазақ жастарының арасында субмәдениеттің түрлері және топтастыру ұлттық құндылықтарды бағалау деңгейін сараптау
  • жастардың субмәдениетін қалыптастыру оларды рухани, ұлттық салт дәстүр негізінде тәрбиелеуді тиімді жолдары мен механизмдерін ұсыну;
  • жастар субмәдениеті және әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологияларын қарастыру.

Отандық және шетелдік ғалымдар еңбектері негізінде жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық-методологиялық негіздері, олардың жалпы жай-күйі, жұмыспен қамтылу деңгейі, әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиялары, өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасы жастары, олардың әлеуметтік нышаны ретінде қарастырып, жастар әлеуметтік жұмысты жетілдіру және мәдени сауатын арттырудағы әлеуметтік жұмыстың жүзеге асыру жағдайлары.

Зерттеу пәні - жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыс, олардың мәдени өсіп дамуын жетілдіру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы : кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысандары айқындалған. Негізгі бөлімде жастардың субмәдениетінің ерекшеліктері мен нышандары, түрлері, мінез-құлқының өзгеруі, субмәдениетінің ерекшеліктерін талдау мен қатар рухани дәстүрлі тәрбиелену жағдайын қарастыру мен қызығушылығын арттыру және еңбекке бағдарлануындағы әлеуметтік жұмыстың басты нышан ретінде жастар субмәдениетін теориялық-әдістемелік негізінде, мемлекеттегі жастар саясатының жүзеге асу бағыттары, жастармен әлеуметтік жұмыс жүйесінің түрлерін қарастырып, жастардың бүгінгі жай-күйіне, олардың белсенді шығармашылығы Қазақстанның иновациялық дамуына жастардың басты түбіртегі болып табылып, оларды жұмыспен қамтудың проблемалары қарастырылғын.

1 ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мәдениет және субмәдениет ұғымдарының сәйкестігі және оның қазіргі замандағы мәні

Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы қоғамның барлық салаларында: экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан қарыштап дамып, жемісті еңбек жасауда. Алайда, ел дамуы оның әр салада жеткен жетістіктерімен айқындалмайды. Ата-бабаларымыздан мұра боп келе жатқан төл мәдениетіміз бен рухани болмысымызды жоғалтып алмау қажет. Ол үшін мәдени құндылықтың маңыздылығын жас ұрпаққа түсіндіріп қана қоймай, ананың сүтімен, әкенің қанымен бойларына дарыту. Рухани байлықтың қадір-қасиетін тұшындыру, жастарды ұлтжандылыққа баулып, жан дүниелерін рухпен нәрлендіру.

Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яғни еліміздің егемендік алуы тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдары түбегейлі өзгерді. Мұның өзі жастардың ой-санасы на, өмірлік ұстанымдарына әсер етуде.

Алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқын інілерге көзқарасы әр алуан болмақ. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік, бірақ балаларымыз қандай болмақ? Ғаламтор арқылы әлемнен хабардар жастарымыздың естіп, көріп отырғаны да жетерлік. Ендеше дүниенің төрт бұрышын танып, біліп отырған ұрпақ қайда бармақ? Бұндай сұрақтардың барлығына түбегейлі жауап беру өте қиын. Біз қызықты да керемет уақытта өмір сүріп отырмыз. Қоғам өмірінде, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер ересектерді таңғалдыруда. Жоғарыдағы сұрақтардың да туындауына жастардың танымдылығы ықпал етуде. Жастар басқаларға қарағанда әлеуметтік топ ретінде өзгеше қасиеттерге ие болып табылады. Ол қасиеттерінің бірі бірнеше «рухының беймазалығы», болмысқа сын көзбен қарайтындығы, ешкімге кіріптар болғысы келмейтін «өзімшілдігі», ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуы талпынуы, қарақан бастарының қамын бәрінен артық қоюы.

Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол - таптан тысқары өмір сүре алмайтын әлеуметтік топ. Сондықтан да жастар мәселесі барша қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да күрделі болып табылады.

Субмәдениет - «тысқары мәдениет» деген ойлар қалыптасады алайда әр құбылыстың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері әр қашанда бойында болады.

Субмәдениет (латын - астында, төменде) - екі түрлі не бірнеше мағынада қолданылады

  • белгілі бір әлеуметтік, демографиялық топтың мәдениеті;
  • тұтас ұлттық мәдениет жүйесіндегі әлеуметтік қауымдастықтың шектеулі мәдениеті, сол топтағылардың өмір салты және ойлау стилі.

Субмәдениет қоғамдағы негізгі мәдениеттен өз құндылықтарымен, өзіндік тілі, мәнерімен, тіпті өзіне тән киіну стилімен де ерекшеленеді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға және қалыптасуына оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т. б. құрайды [1] .

Американдық социолог Дэвид Рисмен 1995 жылы өзінің зерттеуінде субмәдениет түсінігін былай түсіндіреді жастар тобы өздеріне тән қызығушылықты мақсатты түрде таңдап дәстүрі мен әдет-ғұрыпы, стилін тек шағын қағамға қабылданып таңдайтын ұйым деп түсіндіреді. Осыған байланысты субмәдениетті тереңірек зерттеп танып білген британ социолыгі Дик Хэбдидж өз кітабында “Субмәдениет:стиль мағынасы”оның ойынша субмәдениет адамдардың бір-біріне ұқсас ойлары мен түсініктері бір және қоғам не әлеуметтік ортаға стандартталған дәстүрлі мәдени нормалар қанағаттандырмай одан қашу деп түсінген. Ал француз ғалымы Мишель Мафессоли өз еңбектерінде мына түсінікті қолданған “қала тайпасы” жастар субмәдениетінің орнына.

Жаңадан белең алған субмәдениет ХХ ғасырдың 80-ші жылы әдебиетке енеді. Термин ретінде 30-шы жылы айналымға енсе ХХ-дың жүз жылдығында американдық әлеуметтанушы Т. Роззак субмәдениетті мәдени бағыт беретін, қиын жағдайдағы қарсы ойлардың әлеуметтік әлемдегі орнын түсіндіреді. Алғашында “субмәдениет” түсінігіне әлеуметтік топ ретінде көбінде жастарды жатқызатын. Оларды өз қоғамындағы әлеуметтік рөлін, орнын ізденуші деп қарастырады. Кейіннен материалдар жиналып, теорилық жағынан терең зерттеліп толықтырылды [2] .

Қазіргі уақытта субмәдениет жағымсыздан өз алдына тәуелсіз мәдениетке айналды. Ғалымдардың көзқарасы өзгерді, ерекше мәденит екеніне көнді не қабылдады. Басқа мәденитке қарағанда салыстырмалы түрде ол мәдениет ұзақ және беделділерден ерекшелігі мен өзінің дәстүрі және ереже, қағидасы бар.

Сөздікке қарағанда субмәдениет дегеніміз - бұл әлеуметтік, этникалық не экономикалық топ өзінше ерекшеленетін мінез-құлқымен жалпы мәдени қауым ретінде (С. Фрис) . Плюралистикалық қоғамда жастардың мінез-құлқы осылай түсіндірілген. Әлеуметтік ортада әлеуметтанушылар қолданған.

Мәдениеттің үстем немесе көпшілікке таралғаны жайлы айтар болсақ, ондағы мәдениеттің дәстүрлі ұзақ уақыт қалыптасқан болып келеді. Ол адамның тікелей шешімі болып табылмайды, оны тек сол қоғамда өмір сүріп өзіне сіңіреді. Оның өз шешімінде тек қай субмәдениет таңдауы, соны қабылдау не қабылдамау. Тағы бір жәйтті түсінуіміз қажет, қарсы мәдениет пен субмәдениет арасында ұқсастығы болу мүмкін немесе мүлдем ұқсастық болмауы ғажап емес. Олардың көпшілікке қарсы болуы бірдей болғандығы емес. Олардың бір-бірімен қосылуы не керсінше алшақтауы мүмкін.

Субмәдениет дегеніміз, “өзіндік өмір”, өзінде бірнеше қасиеттерді бойына сіңірген ерекшеленетін ой сана түсінігімен ерекшеленетін ол қоғамнан әр қилы өзгеше болып келеді. Сол уақытта ол өз арасында бірлік пен сенімділікті және топтағы азаматтардың бір мақсатта ұқсастықта екенін көрсетеді.

Субмәдениетті толығырақ қарастырсақ, ондағы дәстүр мен бағалау жастарға тән болса, ондағы демалу, көңіл көтеру жұмысы шектен асырылап қойылған деп түсінуімізге болады.

Өзінің көзқарасы;

  • Өзіне тән жүріс тұрыс, киім киіс түрі, шаш үлгісі және күнделікті күн көрісі т. б
  • Жастар субмәдениеті - бұл эзотерикалық, эскапистік, урбандық мәдениет, жастардың өздерінің ойлап тапқан мәдениеті, тек жастар қоғамына арналған, мұндағы бұл мәдениеттің ішіндегі қалаптасқан дәстүрлі базалық негізгі қоғамның иерархиялық және менталитетіне діліне байланысты жүйе тәртіптің ішіндегі бөлігі болып қалады.

Жастар субмәдениет тақырыбының негізгі механизімі ретінде ғалымдардың бізге мәлім ережелері қалыптасқанымен олардың түпкі ойы, мақсаты, себебі әлі күнге дейін толығымен ашылмаған. Халыққа дәстүрлі бекітілген ережелерді жойып, жаңа ой қосып, жастардың заман ағымына байланысты өзгерістер енуде. Осы заман ғалымдардың пайымдауынша және олардың шығармашылық зерттеулерінде түрлі өзгерістер еніп, жаңа бой алуда.

Жастар субмәдениеті контрмәдениетке айналу мүмкін, оның қарсыласы көп болған жағдайда. Бірақ та жалғыз адам демографиялық әлеуметтік топ болмайды.

Жастар субмәдениеті әлеуметтік тұтастықты көрсетеді. Өйткені әрбір мүшесі өзі таңдап, соның қатарына қосылғанын сезінеді. Осы тұтастық не жалпылық қауымның топ ретінде қалыптасуына әкеледі. Мысалы, қауымдастық, виртуалдық қарым-қатынас немесе киберпан деген бірлестікке айналуы мүмкін.

Кейінгі кезде әлеуметтанушылар зерттеушілік жолын осы тақырып бойынша көзқарасын іс жүзінде іске асырып, жазуға мақсат қоюда. Осы зерттеушілердің арасынан Л. И Левиковты айтуымызға болады. Бұл маманның осы сала бойынша, толығырақ айтқанда, биресми жастар субмәденитінің жан- жақты зерттеп білген және философиялық түсінігі әлеуметтік феномен ретінде танытуда. Осы жастардың мәдениетіне зерттеу жүргізген Е. Омельченко Англия мен Американың және Ресей жастарының дәстүріне және әлеуметтік қиындықтарына анализ жасап көрсеткен.

Осы жастардың мәдениетіннің ерекшеліктірін зерттеген ғалымдарға тоқталып өтейік. Олар О. Г. Заярная, А. И. Мазурова, П. В. Разин және де Карабаштар талдап, олар жастардың субмәденитін тануға көп үлес қосқан. Әр мәдениттің түрлеріне анализ жасап, бір- бірімен байланысын таба білген. Малахова Е. В. жастар субмәдениетінің мәдениеттегі рөлін атап өткен. Корженко А. Л. зерттеуінде жастар субмәдениетінің келешектегі жастарға берер әсерін зерттеп көрсеткен [3] .

Қазіргі кезде жастар субмәдениеті туралы тақырыпты социолог-ғалымдар, журналистер жастардың психологиясын танып білу үшін және де оларға дұрыс бағыт ұсынуда жиі көтеруді мақсат етуде. Жастар ең бастысы қоғам ортасында инновациялық дамыған мемлекетті алға жылжытатын локаматив болып саналады. Индивид ойлаушы не іске асырушы субъект ретінде қарастырады. Ондағы адамның өзіне өмір және оған мағына беріп, өзінің тәрбиесіне және басқалардың тәрбиесіне түсінік береді. Былай айтқанда, қоғамның ойын көрсетеді. Соның негізгі факторы ретінде өздеріне және қоршаған ортасына әсерін тигізеді.

Әлеуметтік ортаны этнографиялық әдіс арқылы жүргізуге болады. Оның ұраны: “Танымайтынды, танитын қылу” немесе «өзімізге белгілі өмірге жаңаша қарап білу» болып табылады. Осы тәсілдің басты маманы болып Романов П. В келеді. Осы әдіс- тәсілдің ерекшелігі мынада: қиын не ерекше жағдайды анықтауға көмектесу. Сол жағдайдың өмірлік жағынан анықтап, олардың сандық амал арқылы анықтауға болмайтындығын табуға көмектеседі.

Субмәдениет - бұл жабық орта кіру жағынан ғана емес, түсінік жағынан да жабық келеді. Алғашында оны бір көзбен танып біле алмайсыз. Оның сөйлеу мәнерінде, қимыл-әрекетінен, не болмаса, субмәдени шерулер арқылы білуге болады. Сондықтанда осы субмәдениеттерді танып білу үшін солардың ұяшықтарында болу керек, не болмаса, солардың арасында зерттеу жүргізу қажет. Осы кіру амалы не тәсілі арқылы анықтаймыз.

70 жылдары Батыстың көптеген қоғамтанушылары жастар арасында «өмірді түсіну түйсігін жоғалту» деп аталатын дерттің тез таралуына алаңдап дабыл қаққанды. Сол жылдары американдық журналдың бір санында осы тақырыпқа әр қырынан келген 200 сұхбат негізінде АҚШ жастарының Декларациясы жарияланды. Содан үзінді келтірсек: «Біздің ең бір қиын проблемамыз - қоғамнан өзорнымызды табу. Бәрі сендердің болашақ туралы мазасыздануларыңның жөні жоқ; білімдісіңдер, таланттысыңдар деп иландырады. Бірақ қоғамның бізді шеттеткенінен емес, сол қоғамды біз қабылдай алмаймыз ба деп қорқамыз . . . » делінген. Ал тағы бір жайт 80 жылдары Батыста жастардың әлеуметтік қарсылығы бәсеңси бастады. Оның басты себебі: қоғамға тән қажеттіліктің жоқтығынан, бәрінен бұрын, күллі жүйедегі бұрынғы құндылықтың алмасуынан.

Бүгінгі жастарға, ата-аналарына қарағанда, әлдеқайда өзгеше, өзіндік қиындықтары молырақ. Олай дейтініміз, қазір жастар Батыс замандастарының іс-әрекеттерін күнделікті көріп, терең ақпарат алып отыр. Бұның арты жастардың оларға көбірек еліктеуіне, кертартпа ақпараттарына әуестенуіне итермелеуде. Батыстың «ужас» қорқынышты не шын шытырман оқиғалары, «боевик» кинофильмдерінің ықпалы зор. Мұның бәрі идеологиялық қысым, оның құдіреттілігі сол албыртта аңғал жастардың санасын ұлғайды. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» деген қазақ мақалының салмағы мол, тәрбиелік мәні зор. Бұдан шығарып ой тарқатар болсақ, бауырындағы балапанына жөн-жосық, өнеге көрсете алмаған ата-ана уысынан баланың қалай шығып кеткенін де байқамай қалады. Өмірді көруге, білуге құштар жас басқа бағытты, басқа құндылықты тез қабылдайды. Мұның өзі де үлкендер әлеміне қарсы жасаған жастардың наразылығы. Дейл Карнегидің керемет кітаптарында бірнеше маңызды ойылар бар. Дәрігер Джонсонның айтуы бойынша “Құдайдың өзі өмірінің аяғына диін кінәламайды. ”Бұның жастарды қаншалықты жазалап не болмаса түзетулер енгізіп сын білдіріп жат қылықтарын соттасақ ештеңе шықпас. Керсінше жастардың ызасы пайда болады. Жастардың түрлі субмәдениеттердің қатарына не топтарға кіруі және олардың қылмыстық топтар қатарына қосылуының себі бар. Зигмунд Фрейд айтуы бойынша іс әрекеттің жасалуына екі мотив бар. Соның ішінде жыныстық қызығушылық және ұлы болудың мақсаты. Ал Джон Дьюи американдық философ осы ойларды басқаша қарастырып түсіндірді. Басты ойы мынада “қажетті болуын қалауы” сол мақсатта түрлі қылмысқа не болмаса жаңалық ашуға т. б бастысы өз атын не қажеттілігін іске асырып орындау болып табылады. Соның арқасында жануармен адам ерекшеленеді тек адам өзін қажетті болуын қалайды. Сол себепті әлемнің не бүкіл адамзаттың дамуына әсерін тигізген осы мотив болып табылады. Сондықтанда жастардың маңызды болуын қалайды. Ұлы адамдардың шығуына жол ашқан осы мотив сондықтан да жастарды шектеу қай жақтан қарағанда да дұрыс болмас.

Қазіргі жастар бір кездері ата-аналары бой алдыра қоймаған ақшаға әуес, тіпті, мол ақшаны жақсы көріп мақсат қойған. Бұл арада, сірә, сәйкестік те жоқ. Дегенімен көптеген жан сол мол ақшаның көзін маңдай ақы, адал терден емес, ақша табудың жеңіл, кейде заңсыз жолдарын табуға тырысады. Бұл - әрине алаңдатарлық жағдай. Тағы да еліктеу мәселесі алдымызды орағытады, өйткені батыста әркімнің жеке табысы тікелей әлеуметтік статусына парапар, қаршадайынан осыны көріп, біліп өскен бала өмір өзегіне айналған шындықтан аттап кете алмайды. Батыстың осы психологиясы бүгінгі біздің жастарымыздан жиі байқалып, уақыт озған сайын олардың санасынан берік орын алып келеді. Субмәдениет жастарға тән жаңа заманнауи мәдени топ, ұйым не қоғам ретінде бірігіп ұйымдасып әлеуметтік ортаға өзінің ерекшелігін паш етіп жариялау. Ол жастардың ерекшелігін танып білу тек теориялық тұрғыдан ондағы жастар психологиясын ұғынып білуден қаламыз. Содан психологиялық не болмаса әлеуметтік көмек көрсету қиынға соғар.

Мәдени бағыт адамзат мәдениеті феноменологиясы аспектісінде оның ішінде жастар арасындағы әлеуметтік процестер мен құбылыстарды зерттейді. Бұл бағыттың классикалық үлгісі неміс социологы К. Маннгейм еңбектері болып табылады. Ұрпақтар бірлігі феноменін зерттей отырып ол әлеуметтік мұрагерлік механизмін анықтады: материалдық және рухани тәжірибені меңгеру мен таратуға деген аса қажеттілік үнемі адамзат мәдениеті феноменінде жаңа адамдық толқындарға келіп тіреледі. Бұл жас ұрпақтардың өркениеттілігіне жетуге деген үздіксіз ұмтылысы қоғам үшін маңызды, сондықтан да жаңа бағытқа қозғалысы мен мәдени мұрагерлікті бағалауға жол ашады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері
Балалар үйі түлектердің қоғамда әлеуметтік бейімделу мәселесі
Жастар социологиясы
Мәдениет әлеуметтануы
АҚШ-та субмәдениеттің пайда болуы: 40-ы — 50-ы жж
Қазіргі қазақ жастары
Жастар субмәдениетінің ерекшелігі
РЕФЕРАТ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАСЫ
Жастар субмәдениеті
Мәдениет теориясындағы субмәдениет ұғымы өзектілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz