Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.бөлім. Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
1.1 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4 Кәсіпорындардағы қаржы менеджменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.бөлім. Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.бөлім. «ТұранӘлемБанк» АҚ.ның қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-н жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Ал коммерциялық кәсіпорындар дегеніміз – банктер, зейнетақы қорлары, қор биржасы, құнды қағаздар нарығы, валюта нарығы, тағы да басқа инфрақұрылымдар мен қаржы институттарынан тұрады. Банк секторының даму проблемасын туғызып отырған тағы бір үлкен проблема – Қазақстандағы өндірістің, яғни нақты сектордың салалық дамуындағы орын алып отырған диспропорция.
Осы рефератта коммерциялық шаруашылық жүргізуші субьектілерінің бірі- коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер — банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі — кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.
Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ. Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір мақсатты көздейді – табыстың өсуі және шығынның кемуі.
Рефераттың мақсаттары мен мідеттері: Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, оның экономикадағы алатын орнын дәлелдеу үшін мынандай мақсаттар қойылып отыр:
- Коммерциялық банктердің және оның қызметтерін талдау.
- Белгілі бір Қазақстандағы коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау

1. Құлпыбаев С., Мельников В.Д. «Қаржы негіздері» Алматы-2009ж
2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары» Алматы «Экономика»-2000ж
3. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 20003ж.
4. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы «Экономика»-2000ж
5.www.bta.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
РЕФЕРАТ
Тақырып: Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Орындаған: Қапаш А.Қ.
Тексерген: Бекмурзаева Ж.А.
Жоспар
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-бөлім. Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
0.1 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
0.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
0.3 Өндірістік капиталдар және шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің қаржылық нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4 Кәсіпорындардағы қаржы менеджменті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2-бөлім. Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...17
3-бөлім. ТұранӘлемБанк АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-н жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады. Ал коммерциялық кәсіпорындар дегеніміз - банктер, зейнетақы қорлары, қор биржасы, құнды қағаздар нарығы, валюта нарығы, тағы да басқа инфрақұрылымдар мен қаржы институттарынан тұрады. Банк секторының даму проблемасын туғызып отырған тағы бір үлкен проблема - Қазақстандағы өндірістің, яғни нақты сектордың салалық дамуындағы орын алып отырған диспропорция.
Осы рефератта коммерциялық шаруашылық жүргізуші субьектілерінің бірі- коммерциялық банктер болып табылады. Коммерциялық банктер -- банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі -- кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.
Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ. Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір мақсатты көздейді - табыстың өсуі және шығынның кемуі.
Рефераттың мақсаттары мен мідеттері: Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, оның экономикадағы алатын орнын дәлелдеу үшін мынандай мақсаттар қойылып отыр:
oo Коммерциялық банктердің және оның қызметтерін талдау.
oo Белгілі бір Қазақстандағы коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау
Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен, ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады:
коммерциялық-шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
жоспарлылық;
меншіктің барлық нысандарының теңдігі;
қаржы резервтерінің болуы.
1. Коммерциялық (шаруашылық) есеп - кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.
Коммерциялық есептің өзіндік ерекшелігі;
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық тәуелсіздігі болуы;
Қаржы қатынастары мемлекет тарапынан болатын майда
реттемелеуден бос болуы;
Қаржы қатынастарының субьектілерінің жұмыстың нақ-ты нәтижелері және міндеттемелердің уақтылы орындалуы үшін нақтылы экономикалық жауапкершілігі болады;
Коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субьектілердің банктермен, сақтық ұйымдарымен және мемлекет-пен көптеген өзара қарым-қатынастары қалыптасады.
Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі қағидатын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.
Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.
Өзін-өзі өтеушілік - шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі - залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету - кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабелді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі несиегерлер тарапынан кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды, қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыру - нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқы мерзімді несиелері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді несиелер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.
Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағыны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.
Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл - маңызды алғы шарт және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүлделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.
Шаруашылық қызметтің нәтижелігіне мүлделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілік пен мүлделік - бір процестің - шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның - экономиканың негізгі буыны кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъектісі сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.
2.Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта - қаржы жоспарында (болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болжалды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткітерін егжей-тегжейлі пысықтаудың - жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (үлгілеудің, экстрополяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға - бірлестік, ассоциация, концерн және т.с.с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көресткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
3. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары - мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
4. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты - басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда. Әріптес-кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды - экономикалық мүлделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок жағдайында анағұрлым өміршең болып келеді.
1.2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары
Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын - белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары - материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық-қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Құрылтайшылардың немесе кәсіпорындар ұжымдары-ның қарап шешуі бойынша басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, басқа шаруашылық органдарымен болатын үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды-тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:
бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
ақшалай төлемдер соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысандардағы қаражаттар;
материалдық көмек:
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;
қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар);
оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін берілетін сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер.
Қорлану қоры:
кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
банктердің несиелері;
басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыруға:
негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға үлестік қатысуға;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры, сақтық қоры) маңызы зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы артпаса, кемімейді. Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары (нормативтік аударымдар негізінде), мамандандырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет (әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) жасай алады. Оның мақсаты - шаруашылық-қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады (осы мақсаттар үшін олардың жеткіліктілігі жағдайында).
Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:
экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңды тұлғалардың валюталық несиелерінен;
ішкі валюта рыногінде өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;
бейрезидент тер көрсететін қаржы көмегі(гранттар).
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленген кейін кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорларына бағытталады. Бұл қорларға активтерге (бағалы қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б. нысандардағы, егер бұл дивидендтер мен табыстар меншікті немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған болса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивидендтер мен табыстар есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдарға ортақ міндеттерді шешу үшін ерікті негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде өздерінің қарап шешуі бойынша пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімімен халық тұтынатын шетел тауарларын, дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдалануы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге - кәсіпорындар мен ұйымдарға бере алады; бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып, шешілді.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеу- дің барлық түрлерін; күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорын- дар өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай-күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы мүмкін.
1.3. Өндірістік капиталдар және кәсіпорындар қызметінің қаржылық нәтижелері.
Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі өндірістік капиталдарды - негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен байланысты болады. Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі олардың айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен байланысты.
Кәсіпорындарда өндірістік құрал-жабдықтар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құрал-жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарын сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) ауыспалы айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттық элементтерін-еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржы ресурстарын авансылау жолымен жетеді. Еңбек құралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құн нысанында көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады.
Қазіргі жағдайда ұзақ пайдалану айналымынан тыс активтердің жаңа түрлерінің бірі - материалдық емес активтер. Материалдық емес активтер - жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер. Олардың кәсіпорын активтерінің құрамында пайда болуы нарықтық қатынастарға көшуге, шаруашылықты жүргізудің дүниежүзілік практикасына жақындастыру қажеттігіне байланысты болып отыр.
Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтер өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын біртіндеп, бөліп-бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу процесін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизация нормасы, ал бұл үлестің ақшалай көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субьектілерде негізгі және айналмалы капиталдарының орны өнімді қызметтерді сатқаннан кейін және тиісті табыс түскеннен кейін толтырылады. Бұл табыстан амартизациялық аударымдар ныса-нында тозған негізгі капиталдардың орнын толтыру үшін қаражаттар қалыптастырылады, ал өнімді өткізуден алынған табыстың басқа бөлігі айналым капиталдарының құрамына кіретін тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуға бағытта-лад. Жаңа кәсіпорындарды құру немесе оларды кеңейту кезінде қаражаттардың едәуір бөлігі құрылтайшылардың жарналары, акцияларды сатудан түскен қаржылай қаражаттарды тарту есебі-нен қалыптасады; мемлекеттік кәсіпорындар үшін-бұл бюджет пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары. Қара-жаттардың бір бөлігі басқарудың жоғарғы буындарының-бірлестіктің, ассоцияцияның, министрліктердің, ведомствалардың орталықтандырылған қаржы ресурстары есебінен авансылануы мүмкін. Соңғы уақытта қаржыландырудың көзі ретінде шетелдік инвесторлардың қаражаттары кеңінен пайдаланылып келеді.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда өндірістік капиталдар-дың өсімін қаржыландырудың көзі кәсіпорынның қарамағында қалдырылатын және тікелей осы мақсатқа бағытталатын, сондай-ақ қаржы қорлары-өндірісті дамыту қоры қорлану қоры, өнді-рістік және әлеуметтік даму қоры, қаржы резерві, басқа инвестициялық қорлар арқылы жұмсалынатын таза табыс пайда болып табылады. Осы мақсатқа сонымен бірге банк кредиттері; негізгі капиталдарды қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді, айна-лым капиталдарын қаржыландыру үшін қысқа мерзімді кре-диттер пайдаланылады. Айналым қаражаттарын көбейтудің көзі бұдан басқа, кредиторлық берешек пен тұрақты пассивтердің өсімі жалақы, әлеуметтік қажеттерге аударылатын аударымдар бойынша ең аз берешек, кәсіпорынның төлемақылары бойын-ша берешектің басқа түрлері болып табылады.
Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен оның өсімін қаржыландырудың көздерін меншікті, тартылған және қарыз қаражаттарына топтастыруға болады. Айналым қаражаттарының аса маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары болып табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қаражаттармен ара салмағы нақтылы рыноктегі кәсіп-орынның қаржылық орнықтылығының дәрежесін анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттарына құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортизациялық аударымдар және таза табыс пайда жатады.
Алғашқыда шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрған кезде өндірістік капиталдарды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі жарғылық капитал болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық капиталдың көлемі бухгалтерлік баланста қамтылып көрсетіледі және кәсіпорынның, фирманың қаржылық қуатын бағалаудың алғашқы критерийі қызметін атқарады.
Кейінгі негізгі капиталдарды сатып алуға шаруашылық қызмет нәтижесінде кәсіпорында пайда болған қорланымдар пайдаланылады. Оларға ең алдымен өнім өткізуден алынатын түсім-ақша құрамындағы амортизациялық аударымдар мен табыс (пайда) жатады.
Мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріске жұмсалған инвестициялардың бастапқы көзі қызметін бюджет қаражаттары мен орталықтандырылған бюджеттен тыс қорлар, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда акционерлік капитал атқарады. Өндіріс базасын одан әрі дамыту кәсіпорындардың ішкі ресурстары мен тартылған қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
Тартылған қаржылай қаражаттар акцияларды орналастырудан, еңбек ұжымы мүшелерінің, заңи және жеке тұлғалардың жарналарынан алынған ақшаны қамтиды.
Қарыз қаражаттарына коммерциялық банктердің ұзақ мерзімді несиелерді, негізгі капиталдарды қаржы лизингі негізінде сатып алу және инвестициялық салық несиесі жатады.
Өндірістік капиталдардың қалыптасуы кәсіпкерлік қызмет бастауының объективті алғышарты болып табылады. Бұл қызметтің нәтижелері дайын өнім (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер) нысанында көрінеді.
Өндірістік капиталды пайдаланудың нәтижесі арнайы қаржылық көсеткіштермен сипатталады және кәсіпорынның қаржы менеджментінің нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс (түсім-ақша) мөлшерінде, кәсіпорынның шығынында айқындалады.
Түсім-ақшаның ауқымы кәсіпорынның (ұйымның), фирманың өнім өндіру мен оны өткізуге жұмсаған шығындарының (ақшалай жұмсалымдарының) көлеміне байланысты болады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша ''өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден алынған табыс'' көрсеткішінде негізгі қызметтен алынған табыс қамтып көсетіледі, ол тауар-материалдық босалқы қорларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден алынған табыстардан басқа, қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, басқа салықтар мен міндеттемелерді, қайтарылған тауарлардың құнын және сату мен бағадан шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі сыйақы (мүлде), яғни пайыздар, дивидендтер, қаламақы және рента түріндегі алынған табысты да қамтиды.
Өнім өткізуден алынған табыс пен оның өзіндік құны арасындағы айырым жалпы табысты құрайды. Алайда бұл сызба бойынша өзіндік құн бүкіл шығытарды қамтып көрсетпейді - олардың бір бөлігі кезең шығыстарын құрайды, атап айтқанда:
жалпы және әкімшілік шығындары (жалпы шаруашылық және әкімшілік арналымы шығыстарының сомасы);
өткізуге (тауар-материалдық босалқы қорларды сатуға) байланысты шығыстар;
сыйақыны мүлдені пайыздар (алынған несиелер, мүлікті жалдау үшін және пайыздар бойынша басқа шығыстар) төлеу бойынша шығыстар.
Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланылған қаржылық нәтижені қамтып көрсетеді және ''негізгі қызметтен алынған табыс (немесе зиян)'' деп аталады.
Негізгі емес қызметтен алынған табыс (немесе зиян) - активтерді пайдалануға беруден, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан және т.с.с. алынған қаржылық нәтиже.
Негізгі қызметтен алынған табыс (зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған табыстың (зиянның) сомасы салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған табысты (зиянды) көрсетеді. Одан корпорациялық табыс салығы шегерілгеннен кейін салық салынғаннан кейінгі кәдуілгі қызметтен алынған табыс (зиян) болады. Төтенше ахуалдардан болған зиянға түзетілген ол кәсіпорынның таза табысы болып табылады.
Табысты бөлудің тәртібі де салық салудың қолданылып жүрген сызбасына байланысты. Мәселен, Қазақстан Республикасында жиынтық жылдық табыс және еңбекке ақы төлеу шығындарын қамтитын заңмен белгіленген тауар-материалдық босалқы қорларға, еңбекақыға, амартизациялық аударымдарға, банктердің сыйақысына, резервтік қорларға аударылатын аударымдарға, сақтық төлемдерге және басқа бірқатар шығындарды қамтитын шегерімдер бойынша сызба қабылданған (''Корпорациялық табыс салығын'' қараңыз).
Басқа сызбаларда бұл шығындар жалпы табысқа кіріктіріледі және оның құрамында салық салуға жатады. Салықтарды төлегеннен кейінгі табыс, бұл нұсқада еңбекке ақы төлеуге және кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бөлінеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте қамтып көрсетіледі. Бұдан басқа, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі:
операциялық қызметтен (шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі қызметін сипаттайтын);
инвестициялық қызметтен (ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын);
қаржылық қызметтен (меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын).
Бағыттардың әрқайсысы бойынша ақша қаражаттары түсімдерінің нақтылы түрлері, тиісті қызметтің нәтижелерінде олардың шығып қалуы мен көбеюуі немесе азаюы көрсетіледі. Қаражаттардың құрамы, олардың көздері және белгілі бір күнге орналастырылуы туралы мәліметтер бухгалтерлік баланста келтіріледі.
Табысты (пайданы) білудің негізге алынатын қағидаттардың бірі - ол біріншіден, ең алдымен мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді алғашқы кезекте орындау; екіншіден, меншікті ұлғаймалы өндірістің қажеттіліктерін тиісті қаражаттармен қамтамасыз ету; үшіншіден, кәсіпорынның резервтерін қалыптастыруға бағыттау; кәсіпкерлік тәуекел едәуір өсіп отырған жағдайда мұның маңызы ерекше.
Табыстың (пайданың) сан қырлы мәні, маңызды экономиканың нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқығы бар.
Бүгінгі шаруашылық жүргізуші субъектіде табыстар мен пайданың толып жатқан жүйесі іс-әрекет етеді. ''Қосымша құн'' мен ''пайда'' категорияларының экономикалық мазмұны іс жүзінде бара-бар. ''Табыс'' категориясының ''қосымша құн'' категориясынан айырмашылығы оның ақы төлеуге жұмсалатын табыстарды өзіне қамтуында.
Жалпы алғанда, табыстар құн көрінісінде алынған игіліктерде және оған жұмсалған қажетті шығындардың айырмасы ретінде анықталады.
Жалпы табыс кәсіпорын иелерінің табысы және жалдама қызметкерлердің табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны шегеріп тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.
Тауар айналысы сферасының салаларында (сауда, қоғамдық тамақтану, маркетинг, дайындау) ''өнім өткізуден түскен түсім-ақша'' категориясының орнына ''тауар айналымы'' категориясы пайдаланылады. Тауар айналымының мәнін сатып алу-сату жолымен ақшалай табыстарды тауарларға айырбастаумен байланысты болатын экономикалық қатынастар құрайды. Шетелдік практикада ''түсім-ақша'' атауының орнына көбінесе ''жалпы табыс'' атауы пайдаланылады. Алайда, бұл осы атаудың өте кең баян етілуі, жалпы табыс экономикалық категория ретінде қайта жасалған құнды немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің таза өнімін білдіреді.
Саудада жоспарлау мен есеп жүргізудің практикасында жалпы табыс деп сауда үстемелерінің (жеңілдіктерінің) сомасын, қоғамдық тамақтануда сауда үстемелері мен қымбаттаудың сомасын айтады.
1.4. Кәсіпорындардағы қаржы менеджменті.
Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, базистік категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс істейтін айырықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары қозғалысының объекті бар, субъектілердің нақтылы мүлделері жөнінде көрінетін кез келген қатынастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы ағымының бағыттарын, олардың қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен және іскерлігімен жасалатын субъективті басқарылушы іс-әрекеттер ақылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп отыруы тиіс, яғни базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс болғандықтан қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарылатын іс-әрекеттерге қаржы менеджменті ұғымы - тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағымының, кәсіпорынның бүкіл қаражаттарының қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногінде бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің обьектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат,
зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материал-дық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге-адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтай-тын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгеріде баяндалған қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін - ақпаратты, жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды қамтиды. Қаржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің рыногімен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногінің жұмыс істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеуді заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, кәсіпорындардың қаржы менеджментінің шеңбері нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Кәсіпорындардың қаржы менеджментінің жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпымемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі. Мысалы, кәсіпорындардың қаржы менеджменті әр түрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы, төлем талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер, есеп айырысу чектері және т.т.), барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджирлеу, кепілдік-ипотекалық және сенімгерлік (трасттық) операциялар, қаржы және операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.
Қаржы менеджментін мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге болады:
1) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және мақсатын анықтау;
2) ақша ағымдарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін, тәсілдерін таңдау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау.
Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктері мен, яғни жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда болуы ықтималдығымен кездесіп отырады. Тәуекелдікті талдау оның көздері мен себептерін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын өлшеуді, яғни тәуекелдіктің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады. Тәуекелдік статистикалық, сараптық және құрамдастырылған әдістермен анықталады. Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктің барлық түрін - өндірістік, коммерциялық, қаржы тәуекелдіктерінің үйлесуін қажет етеді.
Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және табиғи сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: өрлеу мен дағдарыстар, банк ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz