Жем өзенінің ең аз ағындысын есептеу


Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Метеорология және гидрология кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ жұмыс“жем ӨЗЕНІНІҢ ЕҢ АЗ АҒЫНДЫСЫН ЕСЕПТЕУ”
Орындаған:
4-ші курс студенті Алиев А. С.
Ғылыми жетекші: Даулетқалиев С. Қ.
г. ғ. д, профессор
Норма бақылаушы: Жанабаева Ж. А.
Қорғауға жіберілді
«__»2013 ж.
Метеорология және гидрология кафедрасының
меңгерушісі: т. ғ. к. доцент Жүсіпбеков Д. Қ.
АЛМАТЫ, 2013РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы - Жем өзенінің ең аз ағындысын бағалау.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен және қорытындыдан құрылған. Берілген жұмыстың көлемі 57 беттен, 16 суреттен 12 кестеден, 22 формуладан, 11 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі қолданылған сөздер: су өтімі, ең аз ағынды, сабалық кезең, бекет, орташа арифметикалық мәні, вариация және асимметрия коэффициенті, ұқсас-өзен, корреляция, регрессия, репрезентативтік кезең, қамтамасыздық қисығы, орташа квадраттық ауытқу және тағы басқалар.
Зерттеу объектісі - Жем өзені болып табылады.
мазмұныКІРІСПЕ
Жайық-Жем алабына Ойыл өзені толығымен кіреді. Алаптың жалпы ауданы 713 мың шаршы шақырым. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы ұзақтығы шамамен он бес шақырым, ал батыстан шығысқа қарай мың шақырымға созылады. Қарастырылып отырған ауданның басты өзендерінің ағындысы негізінен алаптың жоғарғы, биік бөлігінде (солтүстік-батыс) қалыптасады. Бұл аудан анық сипатталған ылғал тапшылығымен ерекшеленеді. Табиғи жағдайы, қосымша суармалау жүргізсе ауыл шаруашылығында үлкен жетістіктерге жеткізеді. Облыс өзендерінің су режимінің басты фазасы - көктемгі су тасу болып табылады. Жылдық ағындының көп бөлігі, тіпті барлық көлемі осы кезеңде ағып өтеді, өзендер режимінің климаттық жағдайларымен анықталатын өзіндік қасиеттері ауданның жеке бөліктерінде жергілікті факторлардың әсерінен анық бұзылады.
Берілген жұмыста қарастырылып отырған Ойыл өзені алабының жалпы физикалық-географиялық жағдайына, климаттық факторларға, гидрологиялық зерттелгендігі және су режимінің жалпы жүру кезеңдері мен ең аз ағынды жайында сипаттама берілген.
Қарастырылып отырған өзен алабының ең аз ағындысының мәліметтері бойынша өзен ағындысының негізгі статистикалық параметрлерін анықтау, қамтамасыздық қисығын тұрғызу және қамтамасыздығы әр түрлі ең аз су өтімдерін табу жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Жұмыстың міндеттері:
- алаптың физикалық-географиялық және гидрологиялық тұрғыдан зерттелу деңгейін сараптау;
- соңғы жылдардағы бақылауларға сүйене отырып, алаптағы өзендердің тәуліктік және айлық ең аз ағындылары жайлы деректерді талдау;
- гидрологиялық ең аз ағынды қатарын қалпына келтіру;
- статистикалық параметрлерін анықтау, қамтамасыздығы әр түрлі су өтімдерін бағалау.
Жұмыста Казгидромет торының: "Ресурсы поверхностных вод" Т. 12, "Гидрологиялық жылнама", "Основные гидрологические характеристики" және "Водный кадастр" сияқты стационарлы бақылау деректер мәліметтері және басқа да деректер қолданылды. Есептеу үшін 1940-2010 жылдар аралығындағы деректер пайдаланылды.
1 ЖАЙЫҚ-ЖЕМ АЛАБЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жайық-Жем алабында Жайық және Жем өзендері толығымен кіреді. Алаптың жалпы ауданы - 713 мың шаршы шақырым. Солтүстік пен оңтүстік арасындағы ұзақтығы шамамен - 15 шақырым, ал батыстан шығысқа - 1000 шақырымға созылып жатыр [1] .
- Жер бедері
Жер бедеріне қарап Жайық-Жем алатын алты табиғи - тарихи алапқа бөлген. Олар: Оңтүстік Оралдың таулы ғимараты, Жалпы Сырт, Орал маңы үстірті, Каспий маңы ойпаты, Үстірт үстірті және Маңғышлақ аралшығы.
Оңтүстік Орал таулы ғимараты үлкен таулы - қатпарлы ауданды алып жатыр. Шығыс Еуропа платформасы аумағы бойымен мезазойда тұрған. Ең биік нүктесі Рязь тауы, биіктігі - 1067 м. Салыстырмалы биіктігі 700-900 м аралығында болып келеді.
Жайық өзені бастауын Орал таудың шығыс беткейінен алады (абс. белгісі 643 м) және ежелгі жазықтан оңтүстік бойымен тау ғимараты шығыс беткейіне қарай ағады. Оңтүстіктен батысқа қарай Оралтау жоталарынан Зілайрық үстірті орналасқан, одан оң жағалаулық салалар Сақмар өзені, Қосмарқа, Ұрман-Зілайыр, Барақал тағы да басқалар ағады. Бұл аудан жазық біркелкі суайрықтармен және өзен жазығының терең тілімденуімен ерекшеленеді.
Жалпы Сырт батыстан Зілайыр үстіртінен және Каспий маңы ойпатына жалғасады. Сонымен қоса Жайық және Еділ өзендері бассейндерінің суайрық аймағы болып келеді.
Сырттың батыс шеткі бөлігі Шипа тауының тобына кіреді, олардың бірі, биігі Ішкі тау болып табылады. Ал Сырттың оңтүстік бөлігі бойын кең жазық алып жатыр, ұзындығы Орал қаласынан 60 шақырым.
Төменгі Орал үстірті Каспий маңы ойпатымен түйіседі, шығысынан жон арқалы жазықтықты алып жатыр. Өзеннің суайрық биіктігі 400-500 метрде орналасқан. Батыс және оңтүстік жаққа қарай ойпат біртіндеп 100 м теңіз деңгейіне дейін жетеді. Сонымен қоса осы аймақтарда сорлы жерлер кездеседі, көктемде ол жерлер еріген сулармен толады.
Төменгі Орал үстірті жер бедері денудациялы-эрозиялық процеске куә. Оның негізгі себебі су және жел.
Каспий маңы ойпаты Каспий теңізінің солтүстік бөлігін қамтиды [1] . Ол қазіргі кезде кеуіп кеткен Каспий теңізінің түбі сияқты жер бедеріне ие. Олардың кейбір бөліктері эолдық процестерден өткен. Ойпат көптеген мөлшердегі сорды ойыстармен, көлдер мен терең емес ағыншықтармен ерекшеленеді.
Ең үлкені Чижа-Дуринск-Балықты. Ол жалпы Сырттың оңтүстік шекараларынан Жайық-Еділ құмдарына дейін жайылған ойық жер. Ауданы бойынша екінші орында Ембі өзенінің төменгі аймағы мен Өлі Көлтік жері арасында орналасқан Солтүстік Каспий маңы Қарақұмдары болып келеді.
Каспий маңы ойпатының оңтүстік аймағы теңіз деңгейінен 28 м төмен орналасқан. Бұл аймақтың көбі сортаң және тұзды болып келеді. Мұндай жерлер Жайық-Жем аймағының 13, 8% яғни 78, 6 мың км 2 жерді алып жатыр.
Үстірт үстірті Жайық-Жем алабының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ауданы шамамен 161 мың шаршы км құрайды. Жер бедері биіктігі 50-290 м аралығында өзгереді. Үстірттің солтүстік бөлігі биіктігінің төмендеуімен ерекшеленеді. Биіктік 70-80 метрден аспайды. Мұнда Сам-Саматай құмдары орналасқан. Үстірт үстіртінің жер бедері ерекшелігі, әсіресе солтүстік және батыс бөліктерінде жоғарыда айтылған жазық тәрізді төмен жерлердің көптеп кездесуі.
Маңғышлақ Атырау облысының шеткі батыс бөлігінде орналасқан. Түбектің оңтүстік бөлігі жазықты болып келсе, солтүстігінде биіктігі төмен Қаратау таулары бар. Ол таулардың екі биік нүктелерін атап кету жөн: Солтүстік Ақтау, биіктігі 555 м, Оңтүстік Ақтау, биіктігі 531 м құрайды.
Маңғышлақтың батыс бөлігінің жазықты аймағында биіктігі теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан Қарақия ойысы бар. Маңғышлақтың шығыс бөлігі Ақтөбе, Сауысқай және Құр-Қызыл құмдық массивтерімен ерекшеленеді.
Облыс аумағының жер бедері сипатына қарай бес ауданға бөлуге болады: Мұғалжар таулары, Жайық-Жем үстірті, Торғай-Арал маңы төрткіл жазығы, Үстірт шоқысы және Каспий маңы ойпаты.
Оңтүстік Орал тауының жалғасы болып табылатын Мұғалжар тауы меридиональді бағытта 450 км-ге созылып облыстың орталық бөлігінде орналасқан. Бұл тау солтүстік және оңтүстік бөліктерден тұрады. Олар бір-бірінен кең ауқымды тау аралық ойпаттармен бөлінген. Шамамен 50 °с. е аяқталатын солтүстік Мұғалжар таулары Елек пен Ырғыз өзендерінің аралығындағы ені 200 км-ге дейінгі кеңістікті алып жатыр және олар жалпы алғанда төбелі - жонды қырат ретінде көрінеді. Солтүстік Мұғалжардың шығыс қанаты (Ор-Ырғыз өзен аралығы) биіктігі теңіз деңгейінен 340 м-ге дейін жетіп Ор өзеніне қарай біртіндеп төмендейтін кең алқапты біртекті жазық ретінде сипатталады. Эрозиялық тілімденген жерлер мұнда тек өзен аңғарларының беткейлерінде ғана кездеседі.
Оңтүстік Мұғалжардың шығыс бөлігін 20-30 м-ге көтерілетін қырқалар мен төбелер сирек кездесетін таулы қырат ретінде көрінеді. Теңіз деңгейінен 280-300 м биіктікте жатқан бұл таулы үстірт Ырғыз өзенінің оңтүстік салаларының тар және терең аңғарларымен бөлінген.
Жайық-Жем үстірті облыстың батыс жартысының көп бөлігін алып жатыр және ол Ойыл, Сағыз, Жем алаптарының уақытша ағынсулары мен көптеген өзендердің аңғарларымен бөлініп кеткен жон төбелі жазық ретінде сипатталады. Өзендердің су айрық сызығында биіктіктер теңіз деңгейінен 400-500 м-ге көтеріледі. Ал батыс және оңтүстік батысқа қарай үстірт 100 м-ге дейін төмендейді, бірақ біркелкі емес.
Төбелер аралығындағы кең ауқымды ойпауыттар көбінесе барханды немесе құм-төбелі (Ойыл, Сағыз және Ембі өзендерінің аралығындағы құмдар) алқаптар немесе сорлар алып жатыр.
Үстірттің осы бөлігінің бетінде, сондай-ақ, іші еріген қар суымен толған тұйық қазаншұңқырлар кездеседі[1, 2, 3] .
- Геологиялық құрылымы
Ақтөбе облысының аумағында жасына қарай алуан түрлі тау жыныстары жатыр-төрттіктен орхей және протерозой кезеңіне жататын жыныстарға дейін.
Төрттік шөгінділер кең таралған және олар көптеген өзен аңғарларында кездесетін өзен аллювиясы мен (қалдық, тұнба), облыстың батыс бөлігінде дамыған көне Каспий шөгінділері мен Ембі, Ойыл, Ырғыз, Торғай және тағы басқа өзен алаптарындағы эолды құмды массивтермен сипатталады.
Көне төрттік шөгінділердің қуаттылығы (саздақ, құмсаз және үлкен кесекті сынық материалдардың) 1-70 м-ге дейін құрайды.
Неогенді шөгінділер облыстың оңтүстігіндегі (Үстірт шоқысы) және Ор, Ырғызбен Торғай өзен аралық аумағында таралған. Құмды қабаттар жиынтық қуаты бойынша (Ембі өзенінің аңғарынан оң жақта 300 м-ге дейін) Елек пен Үлкен Қобда өзендерінің аралығында құмды сазды қабаттардан едәуір басым келеді.
Мұғалжар таулары мен Қазақтың қатпарлы өлкесінің арасында палеоген мен бор шөгінділерінен тұратын кең палеозой фундаменті орналасқан. Шығысқа қарай бұл фундамент (іргетас) біртіндеп меридиональді бағытта қатпарлардың батуы байқалады [1, 2] .
- Климаты
Жайық-Жем аймағының климаттық жағдайлары радиациялық баланс, циркуляциялық процесстер және жер бедері әсерінен пайда болады. Және континентальды климат қалыптасқан. Каспий теңізінің әсері тек жағалық жерде байқалады. Қысқы кезде Азор және Сібір антициклондарының әсерінен аумақтың үлкен аймағында ашық және суық ауа-райы қалыптасады. Жазы ыстық және оңтүстікке қарай шөлейттену дәрежесі күрт өседі [1] .
1. 3. 1Радиациялық баланс
Континенталдық климат әдетте аспанда үлкен бұлттылықпен ерекшеленбейді. Сол үшін бұл аймаққа күн радиациясы көптеп келеді.
Жылына күн сәулесі түсу ұзақтығы 2300-2900 сағатты құрайды. Бұлтты күндер көп болатын Оңтүстік Орал аймағында 1800-2200 сағат құрайды.
Радиациялық баланс жылына шамамен 37-49 ккал/см 2 . Аймақтың көп бөлігінде оң радиациялық баланс 8-10 ай болады, Каспий теңізі жағалауында-11 ай, ал Атырау облысының оңтүстігінде жыл бойы оң таңбалы радиация сақталады. Жайық-Жем аймағында максималды радиациялық баланс 6, 8-9, 4 ккал/см 2 жетеді. Ол көбінесе маусым-шілде айларында байқалады.
Кей жылдары радиациялық баланс мөлшері орташа жылдық мөлшерден айтарлықтай ауытқып, мамыр, маусым айларында 8-11 ккал/см 2 болуы мүмкін.
Минимальды радиациялық баланс қаңтар-желтоқсан айларында байқалып, радиация мөлшері оңтүстікте 0, 2 ккал/см 2 болса, солтүстікте - 1, 0 ккал/см 2 дейін жетеді.
Тәуліктік радиациялық баланс көбінесе күннің биіктігіне байланысты, ең үлкен мөлшері күндіз күн зенитіне жеткен кезінде байқалады (шамамен жазда 0, 6-0, 7 ккал/см 2 болса, қыс айларында 0, 06-0, 10 ккал/см 2 ) [1, 2] .
1. 3. 2 Ауа температурасы
Аймақтың солтүстік пен оңтүстікке қарай созылып жатуы температураның біркелкі таралуына себепкер. Жайық-Жем алабында орташа жылдық температура 1-12 аралығында болады. Ең суық ай қаңтар айы болып келеді. Температура мөлшері - 18 жетуі мүмкін. Арктикалық ауа массаларының келуімен ауа райы күрт суытады. Бұл құбылыстар әдетте қаңтар, ақпан айларында болады.Аудандағы абсолюттік минимумдар келесі: солтүстік шығыста минус 42-48 болса, Атырау облысының оңтүстігінде минус 34-35 , шығыста 24-20 құрайды.
Сонымен қоса, Жайық-Жем аймағында кенеттен жылыну байқалуы мүмкін. Осындай жылыну ұзақтығы 1-5 күнге дейін жетуі мүмкін.
Ақпан айынан жалпы жылыну басталады. Ең қарқынды уақыт наурыздан сәуірге өткен кезде болады. Температура оңтүстікте 11-13 болса, солтүстікте 7-10 құрайды.
Орташа айлық температура көрсеткіші тамыз айында жоғары болып келеді, шамамен 16-27 . Ең үлкен температураның төмендеуі шамамен 7-9 қыркүйек қараша айларында байқалады. Қараша айының орташа температурасы әлі де оң болып 2-13 құрайды.
Ауа температурасының режимінің қалыптасуына жер бедері үлесі үлкен. Мысалы циклондық әсері үлкен Орал тауының батыс беткейінде орналасқан Мраково бекетінде қыс айының орташа айлық температурасы шығыс беткейде, яғни антициклондық әсері көп Қызыл бекетіне қарағанда 2 жоғары.
Облыс аймағында орташа жылдық ауа температурасы солтүстігінде (минус 12, 0 мен минус 18, 0̊ С) қаңтар мен ақпан айларында байқалады. Жеке жылдары температураның абсолюттік минимумы минус 48̊ С (Ақтөбе бекеті, 12 қаңтар 1940жыл) .
Ең жылы ай шілде, осы айдың орташа ауа температурасы 20, 7̊ С-тан (Родниковка станциясы) 26, 4̊ С дейін (Ақтұмсық бекеті, 5 тамыз 1955жыл) . Осылайша ауа температурасының абсолюттік амплитуда (ауытқу) тербелісі 90̊ С асады.
Көктемде орташа тәуліктік ауа температурасының 0̊ С арқылы өтуі әдетте оңтүстігінде 25-31 наурыз және солтүстігінде 6-10 сәуір; күзде - сәйкес 1-10 қараша және 29-31 қазан [1, 2, 3] .
1. 3. 3 Атмосфералық жауын-шашын
Жер бедері пішінінің, атмосфералық процестің әртүрлігіне орай Орал-Ембі алабына жауын-шашынның өзгергіштігі тән. Қарастырылып отырған ауданның жылдық орташа шамасының қосындысы бойынша төрт ауданға бөлуге болады.
Бірінші аудан - Орал тауы жоталарының шығыс тілімдері кіреді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500-650 мм құрайды.
Екінші аудан - Орал тауларының шығыс бөлігі және Оренбург облысының оңтүстік шығыс бөлігінің жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 350-450мм.
Үшінші аудан - орталық және солтүстік батыстың жылдық жауын-шашын мөлшері 250мм-ден 500мм-ге дейін.
Төртінші аудан - оңтүстік, көп бөлігі құрғақ, Каспий теңізінен шығысқа қарай орналасқан. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150-250 мм құрайды және максимумы Маңғышлақ таулы аймағында түседі.
Орал таулары жауын-шашынға үлкен кедергі болып келеді, сондықтан таудың батыс беткейінде шығыс беткейге қарағанда жауын-шашын көбірек мөлшерде түседі. Орташа айлық жауын-шашын ең көп мөлшері қарастырылып отырған аймақтың солтүстік-шығысында шілде айына келеді. Шамамен 40-78 мм құрайды. Орал тауының батыс беткейлерінде жауын-шашынның максимумы қазан айына келеді (84 мм) . Орал және Атырау облыстарында жауын-шашын максимумы желтоқсан айына келеді (22-40 мм/айына) . Жылы кезеңде (сәуір-қазан ) жылдық жауын-шашын мөлшерінің 50-75 % түседі.
Жалпы Жайық-Жем алабы құрғақшылықпен ерекшеленеді. Бір екі ай қатарымен жауын-шашын мүлдем жаумауы да мүмкін, ал Атырау облысының оңтүстік аймағында ондай кезең үш айға созылуы мүмкін.
Көптеген жылдарда айлық жауын-шашын мөлшері қарастырылып отырған ауданның солтүстік-шығыс бөлігі шілде айында көпжылдық кезеңдегі орташа 40-78 мм-ді құрайды.
Соңғы 30 жылда нөсер жауындар санының ұлғайғандығы мәлім. Олар кіші аумақты қамтып, бірнеше минуттан 3-5 сағатқа созылуы мүмкін. Нөсер жаңбырлар көбінесе маусым-тамыз айларында болады.
Оның шамасы облыс аумағында орташа жылдық жиынтығы 160-тан 361 мм-ге дейін өзгереді. Жауын-шашын ең аз түсетін - Үстірт шоқысы болып табылады. Жеке жылдарда жауын-шашын жиынтығы оның орташаланған шамасынан едәуір ауытқуы мүмкін. Шамадан тыс жаңбырлы және мол қарлы жылдары жауын-шашын мөлшері облыс ауданының солтүстігінде 576 мм-ге (Мартук бекеті, 1956 жыл), ал оңтүстігінде - 371 мм (Аяққұм бекеті, 1958 жыл) жетеді.
Құрғақ жылдары жауын-шашын 70 мм дейін өзгереді (Ырғыз бекеті, 1929 жылы 69 мм) . Жауын-шашын жыл ішінде бірқалыпсыз таралады. Оның негізгі мөлшері жылы кезеңде түседі, ал суық кезеңде жауын-шашын жылдық шамасының шамамен 30-40 түседі. Жауын-шашынның айлық максимумы көбінесе, маусымда айқын көрінбейтін максимум қазанда байқалады. Жауын-шашынның минимальды айы ақпан болып табылады.
Жауын-шашынның көп болып ұзаққа жалғаспайтын және төмен қарқынды жаңбыр түрінде түседі, кейде ұзақ жаңбырлар мен қатты нөсерлер болып тұрады [1, 2] .
1. 3. 4 Ауа ылғалдылығы
Ауаның абсолюттік ылғалдылығы облыс аумағында шамамен жылына 6, 0-6, 5 мб құрайды. Ең жоғарғы мәніне (12-15 мб) ол шілде айында жетеді. Ең төменгі мәні (1, 5-2, 5 мб) - қаңтар-ақпан айларында байқалады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, әдетте 25-30 жазда, 80-90 -ға дейін қыс пен көктемде өзгереді.
Жылдың жылу кезеңі ішінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30 -ға тең немесе кем болатын күндер саны 60-80 солтүстігінде және 110-125 оңтүстігінде. Ең жоғарғы құрғақшылық жылдары барлық күндер дерлік ішінде жеке айлары ылғалдылық 30 -дан аспайды (Ырғыз, Шалқар, Ембі, Ақтөбе бекеттері) . [1, 2] .
1. 3. 5 Жел
Жылдың суық мерзімінде (қараша-наурыз) облыста күшті қарлы боран туғызатын солтүстік-шығыс және шығыс желдері басым.
Жаздың басында оңтүстік желдер жиі байқалады - бұлар бөгендер мен топырақ бетінен судың қарқынды булануына әсер ететін аңызақ желдер. Жазда ылғалдық әкелетін батыс желдер басым, бірақ облыс аймағында оның тек аз бөлігі ғана жер бетіне жетеді.
Желдің орташа жылдық жылдамдығы 4-5 м/сек құрайды, күшті жел байқалады (15 м/сек) жылына 60 күндей байқалады [1, 2] .
1. 3. 6 Топырақ бетінен булану
Құрғақ климат жағдайында булануға түскен жауын-шашынның көп бөлігі булануға жұмсалады. Топырақ бетінен орташа жылдық булану шамасы жауын-шашын мен ағындының зональды 300 мм, оңтүстігінде 160 мм-ді құрайды. Орташа ағынды изосызығынан оңтүстік пен шығысқа қарай орналасқан кіші су жинау алаптарының булану шамасы 12 мм, 3-4 , ал Ойыл өзенінің орта ағысының ауданында 8-10 -ға оның зональдық мәнінен кіші.
Топырақ ылғалдылығы жеткілікті мөлшері болған жағдайда жылдық булану бұл аумақта солтүстікте 850 мм-ден оңтүстігінде 1400 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Жыл ішінде буланатын ылғалдылықтың барлық мөлшері дерлік кезеңге жатады (шамамен 90 ), әдетте сәуір мен қазан аралығындағы үш негізгі вегетациялық ай ішінде булану (мамыр, маусым, шілде) оның жылдық шамасының 50 -дан астам бөлігін құрайды.
Ең жоғарғы айлық булану қабаты мамырға келеді (60-70 мм-дейін), бұл кезеңде топырақта көктемгі ылғалдылық қоры ысырапталады.
Қыс айларында булану өзінің жылдық шамасының шамамен 10 -ын құрайды [1] .
1. 3. 7 Қар жамылғысы
Қарастырылып отырған аудандарда қар жамылғысы жылына 2, 5-5 ай тұрақты жатады. Қар жиналу негізінен ақпанның ортасынан наурыздың ортасына дейін Орал алдында наурыздың үшінші декадасына дейін болып келеді. Ауданда қар қорының максималды вариация коэффициенті 0, 3-тен 0, 5-ке дейін ауытқиды. Қар тығыздығы қар қорының максимальды кезінде 0, 23-0, 33-ті құрайды. Оңтүстік Орал орманды массивіндегі қар жиналу далалы жерден 1, 5 есе көп.
Қардың еруі ақпанның үшінші декадасынан оңтүстікте сәуірдің бірінші декадасынан басталады.
Қар қорының түбегейлі бітуі ақпанның үшінші декадасынан оңтүстікте сәуірдің бірінші декадасы аралығында болады.
1. 4 Топырақ және өсімдік жамылғысы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz