Нарықтық экономикадағы инновация


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Ғылыми-техникалық потенциал-кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлықдамыған елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркейтудің негізгі жолы ғылыми-техникалық және инновациялық салада көшбасшы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық процестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекшк көңіл бөледі. Ал мемлекект өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Себебімемлекет -тік ғылыми-техникалық және инновациялық саясат- ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайла -рын сапалы түрде жақсартуға бағытталған. Ал бұл бүкіл адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізі, бастапқы мақсаты.

Қазір Қазақстан Республикасы ғылыми- техникалық зерттеулер мен инновациялық саласы дағдарыстық жағдайда. Бірақ сол қиындықтарға қарамастан, Қазақстан кәсіпкерлері шетел жаңалықтары мен ғылыми- техникалық жетістіктерін табысты түрде игеріп, оларды жоғарғы қарқынмен қызметтеріне енгізіп келеді. Әрине бұл инновациялар халықаралық технологиялық деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді, бірақ сол ғылыми-техникалық жетістіктердің көбісі тек бізі үшін ииновациялар, ал шетелдіктер үшін олар кешегі күн жаңалықтары.

Бірақта мұндай жетістіктерге жетуіміз жср қойнамуыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуімен тікелей байланысты. Еліміз экономикасы әлі де Кеңес Одағы құрып кеткен шикізаттық негізде болып отыр. Ал дамыған елдердің қай-кұйсысын алып қарамасақ олар шикізаттык өндірістен сервистік-технологиялык өндіріске өтіп, иидустриялы-инновациялы дамуға бет алды. Шикізаттық өндіріспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады сксн. Елбасы атап өтксендсй, еліміз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшін және экономикамыз шикізаттық өндіріске тікелей байланысты емсс тұрақты экономикалық өсу үшін бүгінде инновациилык саясатты тиімді жүргізіп, әлемдегі дамыған елдердің қатарына қосылуымыз керек, реформалар жүргізіп және ұзак мерзімді стратегиялар міндетті түрде ксрек болады.

Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың әлеуметтік-экономикалық дамуында ең бірінші ғылыми-тсхникалық дамуымен байланысты болып отыр. Елдің негізгі экономикалық дамуына, яғни өндіріс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшін инновация еңқажеттісі болып табылады.

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯ

Инновация сөзі XVғ-ң 1-ші жартысында пайда бола бастады. Бұл француз сөзі "innovation" яғни "жандану" немесе "заттар өндірудегі жаңа технологиялар" деген магынаны білдіреді.

Австрия ғалымы Шупетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына инновация үғымын енгізді. Оның түсінігінше инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерін қолдану, жаңа өнеркәсіптік және нарықтық өнеркәсіптің жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсіндіреді. Шумпетер бойынша инновация-тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндірістік функция болып табылады.

XXғ-ң 2-ші жартысында американ окымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудің басты факторы ҒТР екендігін айтқан. Мұны Саймон Кузнец та қолдады. Оның пікірінше ұлттық өнімнің тұрақты өсуін, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестің маңызы ерекше екенін айтты.

Бүгінгі күнде дүниежүзілік стандарт негізінен қарағанда, инновация дегеніміз бұрын нарықты болмаған жаңа өнім және жаңа сапалық қасиеттерге ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа және жақсартылған технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар.

Инновациялар қоғамдық өмірдің барлық саласына қатысты. Ол экономика, заң, ғылым және білім беру, медицина, т. б. салаларда орын алып, қызмет көрсету және өнім өндіру істерін түрлендіріп, дамытып отырады. Инновациялық іс-әрекет нәтижесін интеллектуалды өнім мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Ғылыми-техникалық өнім, яғни жаңалықтар, гипотезалар, теориялар, жаңа техника мен технологиялар және жаңа өнім;
  2. Информатика өнімдері-компьютерлік программалар, радио және телепрограммалар;
  3. Мәдениет саласындағы жаңалықтар.

Егер ғылыми-техникалық өнімдерді толығырақ қарастыратын болсақ, ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибелер обьектілеріне машиналар, приборлар, құрал жабдықтар, сол сияқты өнім өндірудің жаңа әдістері және бұрыннан белгілі құрал саймандарды жаңа қажеттіліктерге жарату.

Көбінесе экономистер инновацияны екі сыныпқа жіктейді: инновациялық процесс және өнім инновациясы. Бірақ бұл екеуін бөліп қарау мүмкін емес. Шығындарды қықартатын процесті енгізу, шығарылатын өні құнына өзгерістер енгізу, ал жаңа өнімдер өз кезегінде жаңа құрылғыны жасап дайындауды қажет етеді. Техникалық процесс теориясының дамуынан инновацияға берілген ақшалай ресурстар

көлемінде өнім бірлігінде кететін орташа шығындарды азайтып, өндірістің техникалық күшінің жетілуі деген анықтама береді. Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен қатар, экономика лық және әлеуметтік құбылыс болып табылады. Экономиканың инновациялық секторын әр түрлі формадағы инновация лық қызметтерді іске асырушы кәсіпорындар құрайды. Көбінесе ол фирмаларды түрліше атайды «ғылыми фирмалар», «технологиялы фирма», «жоғарғы технологиялы фирма», «жаңа технологияны жасаушы фирма». Бұл фирмалардың бәрінің мәні ғылыми зерттеулермен айналасушы, инновациялардың кез келген түрін енгізуші кәсіпорындар. Олар:

  1. Корпоративті құрылым. Бұл құрылым ірі компаниялардың ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибелер жасаушы бөлідері мен ішкі венчурлары, компаниядан бөлініп шыққын уақытша немесе венчурлы фирмалар;
  2. Мемлекеттік-қоғамдық құрылымдар. Оған: оқу орындары, ғылыми орталықтар, мемлекеттік өнеркәсіптік институттар, лабораториялар;
  3. Ішкі инновациялық фирмалар.

Барлық елдерде инновациялық саясаттың қалыптасуы дамуына түрлі факторлар әсер етеді:

  1. Экономикалық дамудың баяулығы;
  2. Энергетикалық кризистердің дамуы;
  3. Жаңа технологиялардың дамуы мен кең мүмкіндіктері;
  4. Инновациялардың экономика үшін маңыздылығы.

Біздің мемлекетімізде осы факторлардың барлығы да жеткілікті, тек мемлекет тарапынан қолдау өте төмен деңгейде. Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен, инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі, кең тараған үш түрлі әдісі бар:

  1. Ғылыми зерттеуге мемлекеттің тікелей қатысуы. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижелерін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы мәселелерін шешумен анықталады.
  2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу. Мемлекеттік емес лабораторияда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қрымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт зерттеулер процесі барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижелерді ашық түрде жариялау.
  3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибелерге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну. Алғашқы екі қаржыландыру әдістері ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер процесіне мемлекеттің тікелей қатысуы және қайтарымсыз негізде субсидиялар ұсыну, мемлекеттік бюджетті қазжыландыруға тікелей негізделген. Мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалану ғылыми-техникалық саясатты іске асырудың негізгі қаржы құралы. Бюджет арқылы университеттердегі білім беру, мемлекеттік лабораториялардағы стратегиялық мақсаттарға негізделген зерттеулер мен тәжірибелер және контракт бойынша мемлекеттік емес сектордағы инновациялық процестер қаржыландырылады. Бұл қаржыландыру түрлері мемлекеттік тапсырма негізінде іске асады. Бұл процесс заң органдарының басқару аппаратының, министрліктер мен агенттіктер қызметшілерінің қатысуымен жүргізіледі. Ғылыми-техникалық жұмыстарғв мемлекеттік тапсырмаларды тағайындаудағы негізгі құралы-контрактілер мен жобалар.

Инновациялық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің рөлі

Нарықтық қатынаста бәсекенің дамуымен экономикада мемлекеттің рөлі төмендейді. Бірақ дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принцинтер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мсмлекеттік реттеудің объектісі болып табылады.

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, түрлі шаралардың ауқымын көтереді. Алайда, уакыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік нарықтағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алуға болады.

Қазіргі таңда ел экомикасы дамуының шешуші факторлары-ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк "Силикон аңғарының" пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚІІІ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жанонияда да құрыла бастады.

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады. Жаңа автокөлік Жанонияда 1 айдан кейін шықса, АҚІІІ-та 4, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш-11 ай.

Өспелі жеңілдік-компанияның ғылыми зерттеуіне шығындалған қаржысының базисті жылмен салыстырғандағы немесе белгілі бір кезең аралығындағы өсуіне байланысты тағайындалады. Заңды тағайындалған 25% жеңілдік негізінде, компания белгіленген жылдағы өскен шығыны арқасында, әр өсімді 100доллар шығынынан 25долларға салық төмендетіледі. Францияда ең жоғарғы өспелі салық 50% деңгейінде, ал Канада, АҚШ, Жапонияда 25%құрайды. Әр мемлекет экономикалық, географиялық, ұлттық ерекшеліктері ескере отырып, осы қаржыландыру түрлерін, олардың жиынтығын пайдаланады. Егер біздің елдің ғылыми-техникалық саясаты үшін тиімді түрлеріне келер болсақ, ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы және салық жеңілдіктерін ұсыну түрлерін өзара байланыстырып пайдалану тиімді. Оған негізгі себептер:

  1. Біздің елде әзірше мемлекеттік бюджет ғылыми-зерттеулер мен инновациялардың қолдаушы бірден бір қаржыландыру көзі;
  2. Мемлекеттік тапсырмалар отандық ғылыми-техникалық сала үшін өте маңызды ынталандыру құралы

Бірақ бүгінде отандық кәсіпорындардың инновациялык қызметі мардымсыз болып, соның салдарынан отандык товарлардың бәсекеге қабілеті әлсіз екені белгілі. Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттілігі туындап отыр, ол қаржыларды ЖІӨ-нің құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткені елімізде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсіресе әлеуметтік салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бірден бір көзі инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады.

ҚР-ның Статистика агенттігі көрсеткендей, негізі капиталды инвестициялау негізінен шикізаттық салаларға тартылуда. Өйткені шетелдік инвесторлар дайын өнім шығаруға ынталы емес, себебі олар дайын, саналы өнім шығару арқылы өз елдеріне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегі біздің шикізатымыз болып отыр.

Осы мәселеге байланысты ендігі жерде ішкі және сырткы инвестициялардың негізгі бөлігін өңдеуші салаға құйылуын мемлекеттік және кәсіпкерлік қолдау арқылы ынталандыруымыз керек. Ол үшін ондай салаға салынатын инвестицияларға белгілі дәрежеде қолайлылықтар туғызуымыз қажет.

Кесте-1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар

Аталуы

2008ж. қаңтар-шілде

млн. теңге үлесі пайызбен

Шетелдік инвестициялар
Аталуы: ҚР-сы
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 1831824
Шетелдік инвестициялар: 100
402056
Аталуы: Алматы
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 49996
Шетелдік инвестициялар: 2. 7
234
Аталуы: Ақтөбе
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 122768
Шетелдік инвестициялар: 6. 7
20304
Аталуы: Ақтау
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 96712
Шетелдік инвестициялар: 5. 3
944
Аталуы: Атырау
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 433761
Шетелдік инвестициялар: 23. 7
245876
Аталуы: Ш. Қазақстан
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 66331
Шетелдік инвестициялар: 3. 6
2535
Аталуы: Жабыл
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 27930
Шетелдік инвестициялар: 1. 5
83
Аталуы: Б. Қазақстан
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 98027
Шетелдік инвестициялар: 5. 4
68210
Аталуы: Қарағанды
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 90549
Шетелдік инвестициялар: 5. 0
10890
Аталуы: Қостанай
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 51753
Шетелдік инвестициялар: 2. 8
1070
Аталуы: Қызылорда
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 68375
Шетелдік инвестициялар: 3. 7
16131
Аталуы: Маңғыстау
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 134232
Шетелдік инвестициялар: 7. 3
24176
Аталуы: Павлодар
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 56585
Шетелдік инвестициялар: 3. 1
150
Аталуы: С. Қазақстан
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 15069
Шетелдік инвестициялар: 0. 8
113
Аталуы: О. Қазақстан
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 17163
Шетелдік инвестициялар: 3. 1
10432
Аталуы: Астана қаласы
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 207065
Шетелдік инвестициялар: 11. 3
1208
Аталуы: Алматы қаласы
2008ж. қаңтар-шілдемлн. теңге үлесі пайызбен: 255508
Шетелдік инвестициялар: 14. 0
1050

Елімізде үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан инновацияны қолдау саясаты мен нақты іс-шараларға тоқталатын болсақ:

Біріншіден, бұл үрдістердің жүруін тездететін құқыктық қамтамасыз ету және экономикалық шараларды жүзеге асыруда бірқатар заң жобалары қабылданды; "Инвестициялық қор" туралы, "Техикалық реттеу", "Сауда қызметі", "Сауда өндірістік палаталар". "Арнайы экономикалық зоналар" туралы Зацдар кабылданып, Салык Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар пакеті қабылдануға дайын. Екіншіден, индустриалды стратегияның дайындық кезеңінін басты міндеттерінің бірі-регионады және халықаралық масштабта елдің бәсекелестікке жарамды салаларын анықтау. Елбасының тапсырмасымен Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталығы және дүниежүзіне танымал "'Джей Ай Остин" компаниясымнн осы бағытта зерттеулер басталды.

Шетел инвесторлары және даму институтарының қатысуымен жоғары технологиялық өндірістерді құру жүмыстары да жүргізілуде. Үкімет комнанияларды, ірі шетел және Қазақстан комианиялары арасында инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзегс асыруға күш салып келеді.

Мемлекеттік Даму Институттары да нақты істі орындауға көшіп келеді. Мысалы, Қазақстан Даму Банкі 562, 6 млн $-ға бағаланған 22 инвестициялық жобаларды қаржыландырды. Осы жылы Қазақстан Даму Банкі қаржыландыратын тағы 10 өнеркәсіп іске қосылады деп күтілуде, оның ішінде Астанада шыны пластикалық труба жасайтын және Шымкентте мақта-мата өндіретін өнеркәсіп орындары іске асырылуда. Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы да белсенді әрекет етуде. Биыл 20, 5 млн $-ға бағаланған 23 жобаны сақтандыру туралы шешім қабылдады. Қазакстанның инвестициялық қоры осы жылдың 1-шілдесіне дейін 100 млн. теңге тұратын 2 жобаны қаржыландыру көздеп отыр. Ал Ұлттық инновациялық қор геостационарлық спутникті құру және іске қосуды қаржыландыруды бастады. Осы орайда Үкімет "Қазақстан Республикасының космос саласының 2005-2007 жылдарға дамуы" дегсн мемлекеттік бағдарлама жасады. Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық аясында бірқатар маңызды зерттеулер жүргізілуде, оның ішінде қуаты 70 Мвт болатын шағын атом станциясын құрылып және радияциялық техииканы пайдалана отырып шуды изоляциялайтын материал өндіру қолға алынды.

2003-2015 жылдарға арналған стратегияны талдау

Индустриялық саясат дегеніміз мемлекеттің бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді. Яғни еліміз осы мәселелерді шешіп жоғары бәсеке қабілетті алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету мақсатында "Қазакстан Республикасының Индустриялы-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ак Елбасымыздың "Бәсеке қабілетті Қазақстан", "Бәсеке қабілетті экономика" және "Бәсеке қабілетті халық" дсген Қазақстан халқына Жолдауында, еліміз үшін өзекті мәселелсрдің бірі Индустриялы-инновациялық стратегияның иегізгі бағыттарын атап көрсетті.

Стратегияның негізгі мақсаты-бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау. Индустриялы-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруды тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиімсіз. Яғни инновация-негігі қозғаушы күш болмақ. Енді осы тұрақты экономикалық өсудің бүгінгі таңдағы ең негізгі қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен міндеттері туралы тоқталып өтсек.

Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ыкпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-тсхнологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясаттың басты нысаны болып табылады.

Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:

  1. Әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
  1. Ел ішіндегі салааралық және өңіраралык экономикалық ыкпалдасудың босаңдығы;
  2. Ғылыми зерттеу және тәжірибелік-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз болуы;
  3. Ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
  1. Мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманның жүйесінің болмауы;
  2. Экономиканың өңдеуші секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;

Стратегияның міндеттері:

  1. өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8, 4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
  2. өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
  3. кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру. Бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбсгіндегі элемснттерді игеру;
  4. ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
  5. сапаның әлемдік стандартына көшу;
  6. дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.

Осы стратегияны іске асыру мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесідей кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең - 2003-2005 жылдар аралығын қамтиды
Екінші кезең - 2005-2010 жылдар аралығын қамтиды
Үшінші кезең - 2010-2015 жылдар аралығын қамтиды

Инновация стратегиясының негізгі мақсаттары:

  1. жаңа өнімдер, материалдар, қызметтер жасап отыру. Кәсіпорын шығаратын өніидер ассортиментін кеңейту, түрлендіру, арзан, сапалы материалдар кқзін табу, көрсететін қызмет сферасын кеңейту;
  2. қолда бар қнім түрін, материалдарды, қызметтерді тұтынушылардың таталғамына, талабына, сай қолдануына жаңа мүмкіндіктер іздестіру. Ескірген өнімдерді, материалдарды модификациялау мүмкін болмаған жағдайда, оларды басқа бір мақсаттарға жұмсау;
  3. өнім сапасын жоғарылату, бәсеке қабілеттіліктің басты көрсеткіші өнім сапасы болып табылады. Өнім қаншалықты сапалы болса, ол тұтынушы табуға, кәсіпорынның қз қніміне сенімді болып, кепілдік беруіне мүмкіндік туғызады. /9, 23б. /

Инновациялық жобаны іске асыру барысында шетелдік секторлардың днамикасының өсуі әсерін тигізеді. Бағдарламаны іске асыру кезенінде инвестициялардың мөлшерінің өсу байқалынады.

АЙМАҚТЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫ-ИННОВАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ

Орталық Қазақстан аймағындағы инновация мен инвестициялардың

дамуына талдау

Өтпелі нарықтық кезеңінде Қазақстан республикасындағы аймақаралық дамуы жоғарғы қарқынмен өсуде. Ел экономикасында тұрақты қаржыландыра ісшаралар мен бағдарламалар іске асырылуда. Мемлекетіміздегі аса қарқынмен бұл құбылыстардың дамуы Орталық Қазақстан облысында байқалуда. Елдің ең ірі энономикалық аймағында күні бүгінге дейін негізгі өндірістік сектор ретінде қалыптасқан аймақ. Қазақстанда бүгінгі күндері жалпы трансформациялық реформалар жүргізілуде. Осы реформаларға орай шетел кәсіпорындары ұлттық инновациялық жүйеде дамып келеді. Зерттеу барысында Орталық Қазақстан облысында мынандай шетелдік приватизациялар анықталынды: Ispat internation, Nova Resources SG, Independend Power Corporation, Самсунг-Дойчланд. /10, 44 б. /

Кесте-2. Орталық Қазақстан облысындағы шетел компаниялардың

приватизациясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық жоба
Инновация Қазақстан Республикасының экономикалық өсімінің қайнар көзі
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
Қазақстандағы инновациялық қызметті ұйымдастыру
Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны қалыптастыру
Дамушы елдердегi экономикалық өсу және қазақстан экономикасы
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару
Шағын бизнестегі инновация жәнеақпараттық технология
Инновацияның міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz