Қазақ лирикасында өзіндік үнімен танылған ақын Н. Бегалиевтің ақындық табиғаты



КІРІСПЕ
I Қазақ лирикасындағы образдылық
I I Ақын Н.Бегалиев лирикасындағы көркем суреттеулер
1.2.Ақын Н.Бегалиев өмірі мен шығармашылығ

II Нармахан Бегалиевтің ақындық табиғаты
2.1.Ақын жырларындағы образдылық
2.2. Нармахан Бегалиевтің табиғат лирикасы
ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Курс жұмысының өзектілігі: Сөз өнері-ерекше болмысты,аса мағыналы.Қарапайым сөзді тиянақтаушы поэтика үндестік пен үйлесім,жан тазалығын,сұлулық,кемелдік дарытатын көңілді күйі,киелі құбылыс .Өренің өлшемі-өнегесінде.Хас ақынның бақыты-ғұмырын өлеңмен тыныстап өткеруінде.
Әлем өркениеті әу баста сөзден бастау алып,жұмақ демді имани құбылысты дәріптеген.Міне,сондықтан да болар,қазір көбіміздің ішкі жан-дүниемізде осы перделенген пейішті перизат пейілден,серттен іздеу сезімі басым. Ұлттың биік рухын жанып,әпсанаға айналған осы түйсіктерді риторикалық поэтика өлшеміне соқпай лаулат көрсету-Нармахан ақынның кредосы.Туған топыраққа қазақы қадір-қасиетпен тәу етіп,сөз сәулесімен озық образдар жасау Нармахан Бегалиевтің шеберлігіне әу бастан тән.Оның туындылары тілге жеңіл,жүрекке жеңіл тиер әуезді әуенмен,әсерлі мұңмен,түкпірлі түйіндермен жанды баурайтын,әлемдік поэзияға қазақы болмысымен, арнаулы ағысымен құйылып жатқан жаңа тұрпатты құбылыс.
Курс жұмысының мақсаты: Курс жұмысында қазақ лирикасында өзіндік үнімен танылған ақын Н.Бегалиевтің ақындық табиғатын,өлең өлкесіндегі өзгеше өрнегін,ақындық айшықтарын талдау.
Курс жұмысының міндеті:
-Ақын Н.Бегалиевтің лирикалық өлеңдеріне тән көркемдік өрнектерді анықтай отырып, өзіңдік шығармашылық ерекшеліктерін ашып көрсету;
Ақын лирикасындағы дәстүр негізінде қалыптасқан поэзиядағы жаңашылдықты көркемдік талғам тұрғысынан бағалау;
- Ақын Н.Бегалиевтің поэзияның көркемдік-стилдік тәсіл ретінде қалыптасуына тигізген ықпалын зерделеу;
Зерттеу нысаны: Ақын Н.Бегалиевтің тұтастай шығармашылығы, поэзиялық шығармаларының көркемдік айшықтары,лирикалық кейіпкер бейнесі, өлеңдегі жаңашылдық пен образдылық қарастырылды.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Ақынның қазақ поэзиясына әкелген көркемдік айшықтары, поэтикалық болмысын, жанрлық жүйесін, поэтикалық мәтіннің ұлттық поэзиядағы, соның ішінде лирикадағы көріністерін қарастырдық.
Курс жұмысының құрылымы: Курс жұмысы кіріспе,негізгі екі тарау мен қорытынды,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Сахабат С.Назымгөй нақыш Нарағам Кітапта.Назымгөй нақыш Нармахан А.,2003-251 б.
2.Бегалыұлы Н. Шығармалары.1Т.-Шымкент: «Ордабасы»2004-352б
3.Ахметов З. «Поэзия шыңы - даналық» Астана қ., 2002ж.-404б.
4. Е.Раушанов лирикасындағы кейіптеу тәсілі // «Тіл. Қоғам. Заман». Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтау, 2005. – 173-178-б.
5. Мәукенұлы Н. Жоғалды күн, жоғалды ай, жоғалды жыл. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. - 364 б.
6.Хализев В.Е. Теория литературы. – М.: Высшая школа, 2000. – 398 с.
7.Дәдебаев Ж. Суреттің ойлылығы мен сыршылдығы Қазіргі қазақ әдебиеті лекциялар жинағы. А.,Қазақ университеті. 2002-121 б.
8.Әбілдаева Г.// Төрт жолы түгел ұйқас Жас Алаш газеті 2002 24 тамыз.
9.Жантасова З. // Көкем және көркемдік .Кітапта. Жанымның жаз ғұмыры. Ш.,Ордабасы. 2011-206 б
10.Бегалыұлы Н. Жиде жұпар шашқанда.А., Жалын,1978.
11. Оразалиева Ж // Жүректерде сәуле сіңдірген. Оңтүстік Қазақстан 2003 30 мамыр.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

I Қазақ лирикасындағы образдылық

I I Ақын Н.Бегалиев лирикасындағы көркем суреттеулер

1.2.Ақын Н.Бегалиев өмірі мен шығармашылығ

II Нармахан Бегалиевтің ақындық табиғаты

2.1.Ақын жырларындағы образдылық

2.2. Нармахан Бегалиевтің табиғат лирикасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

КІРІСПЕ

Курс жұмысының өзектілігі: Сөз өнері-ерекше болмысты,аса
мағыналы.Қарапайым сөзді тиянақтаушы поэтика үндестік пен үйлесім,жан
тазалығын,сұлулық,кемелдік дарытатын көңілді күйі,киелі құбылыс .Өренің
өлшемі-өнегесінде.Хас ақынның бақыты-ғұмырын өлеңмен тыныстап өткеруінде.

Әлем өркениеті әу баста сөзден бастау алып,жұмақ демді имани құбылысты
дәріптеген.Міне,сондықтан да болар,қазір көбіміздің ішкі жан-дүниемізде осы
перделенген пейішті перизат пейілден,серттен іздеу сезімі басым. Ұлттың
биік рухын жанып,әпсанаға айналған осы түйсіктерді риторикалық поэтика
өлшеміне соқпай лаулат көрсету-Нармахан ақынның кредосы.Туған топыраққа
қазақы қадір-қасиетпен тәу етіп,сөз сәулесімен озық образдар жасау Нармахан
Бегалиевтің шеберлігіне әу бастан тән.Оның туындылары тілге жеңіл,жүрекке
жеңіл тиер әуезді әуенмен,әсерлі мұңмен,түкпірлі түйіндермен жанды
баурайтын,әлемдік поэзияға қазақы болмысымен, арнаулы ағысымен құйылып
жатқан жаңа тұрпатты құбылыс.

Курс жұмысының мақсаты: Курс жұмысында қазақ лирикасында өзіндік үнімен
танылған ақын Н.Бегалиевтің ақындық табиғатын,өлең өлкесіндегі өзгеше
өрнегін,ақындық айшықтарын талдау.

Курс жұмысының міндеті:
-Ақын Н.Бегалиевтің лирикалық өлеңдеріне тән көркемдік өрнектерді
анықтай отырып, өзіңдік шығармашылық ерекшеліктерін ашып көрсету;

Ақын лирикасындағы дәстүр негізінде қалыптасқан поэзиядағы
жаңашылдықты көркемдік талғам тұрғысынан бағалау;

- Ақын Н.Бегалиевтің поэзияның көркемдік-стилдік тәсіл ретінде
қалыптасуына тигізген ықпалын зерделеу;

Зерттеу нысаны: Ақын Н.Бегалиевтің тұтастай шығармашылығы, поэзиялық
шығармаларының көркемдік айшықтары,лирикалық кейіпкер бейнесі, өлеңдегі
жаңашылдық пен образдылық қарастырылды.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Ақынның қазақ поэзиясына әкелген
көркемдік айшықтары, поэтикалық болмысын, жанрлық жүйесін, поэтикалық
мәтіннің ұлттық поэзиядағы, соның ішінде лирикадағы көріністерін
қарастырдық.

Курс жұмысының құрылымы: Курс жұмысы кіріспе,негізгі екі тарау мен
қорытынды,пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Қазақ лирикасындағы образдылық

I I Ақын Н.Бегалиев лирикасындағы көркем суреттеулер

Өлең-өнер өлшемі һәм өресі.Мұны өлермен өлеңшілер қаперіне ілмегенімен,
анығы осы:солай болған, солай қала бермек.Айталық, музыканы сүйсіне
тыңдауға,картинаны көз алмай тамашалауға білікті дайындық керектігіне әсте
дауласпаймыз.Ал,қара таныған сауатты,жүгіртіп оқи алатындар өлеңге,өнер
төресіне һақ бағасын берсін деп кім бәтуаласыпты?! Ендеше,қолжаулыққа
көнбейтін киесінен қорқалық әуелі.Жеңілтектерге ауыр Жұмекен,гүлге құмар
Жүсіп Қыдыров-анығында толық тани алмай жүрген асылдарымыз.

Сөз өнерінің,әлбетте,тақылдаған тақпақшыл, даңғазалы тұстары да бар. Мұндай
көпшіл, әдеби шараларға лайықталған жанрдан жуық арада, сірә,құтылмайтын
сыңайлымыз.Мүшәйрада желпінген,тойда алқынған асабалықтан аспай
барамыз.Бұқарашылықтан сәл ауытқысаң,кешегі кеңқолтық қызыл идеология
басыңа бұлт үйіріп,дереу жағаңа жармасып, халықтың тезіне сүйрейтін.
Мәселен, Иосиф Бродски тағдыры. Әбден зықыңды шығарып, запыран құстырған
соң ,жайыңа жүріп- тұруға , жадағай жазуға бейіл бұрдық.Әзірге сол қызыл
шеңберді шыр айналудан жалыққанымыз,айнығанымыз шамалы.

Аңысын аңласақ,орыс лирикасының мұзарт шыңынан саналатын Пушкин мен Блок
поэзиясына қайбір тұста тісі батпайтынын орысша қара танығандардың өздері
мойындаудан қашпайды. Өлеңнің қара сөзден оқшаулығы-тұтасымен ырғақ(ритм)
һәм ұйқасқа құралатыны.Бұл-сырт сұлулығы.Тереңдей түссек,сезіммен
өрнектелген салмақты ойға ұшырасамыз. Пәлсапаға үйір ойшылдан,аузымен құс
ұстаған шешеннен,көселген көсемшіден Ақынның ерекшелігі-төрт аяғы тең
тайпалған жорғасында, шапшаң сезімінде,құмар-құштарлығында,құйқа лы ойына
ұйқасы бара-бар шымыр шеберлігінде. Жүрек көзін тартатын,қиял қылын
шертетін өлең өресі қалай қарабайыр,қайдан жеңіл болсын!

Ақынның кәдуілгі қолданыстан бөлек,астарлы,ишаралы,қат-қабат ишаралы сөйлеу
һәм ойлау мәнерін –көркемдік тінін түсінуге жаппай шамамыз жетпесе
керек.Өйткені,хас өнердің қатал шарты- өзгені қайталамайтын өнегелі
қолтаңба қалыптастыру.Өзгені қабылдауға құлықсыздық – пенденің әуел бастан
осалдығы.

Абайдан кейінгі қазақ поэзиясы жақсы мағынадағы жаңарып – жасаруды һәм
құбылма құйтырқыны да бастан кешірді.Сүйінерлігі сол,дәстүрін сақтап,
озыққа қол созғандарымыз сан сынақтан сүрінбеді,артына ұлттық рухтағы мол
мұра қалдырды, абырой арттырды.Өзегінен ажырамаған өренің жаңғырып –
жасаруы,өлшем шырайына лайық өнеге табуы мейлінше заңды құбылыс.

Поэзия- бір орында қатып қалмайтын ,жастыққа ләзім қызуға һәм байсал
парасатқа бейім ойдың көрінісі.Мұны дәстүршіл һәм озық әдебиеттің кез-
келгенінен аңғарып та жүрміз.Алайда,өз өміршеңдігін лайықты танытқан қазақ
поэзиясына төрелік айтуда өзге халықтың әдебиеттануына жалаң еліктеу,
әсіре бас ұру салдарынан өзегімізді әбден жасатып қойдық.Мәселен, ХХ ғасыр
беташарындағы қазақ поэзиясы жаңалығының басы- Мағжан. Алаштың асылын
Пушкинге ,Есенинге жамырай теңедік,орыс лирикасының ырғағы мен өлшеміне
жаңалық қосқан ұлы ақыны Блоктың көлеңкесіне қуып тықтық.Сырт көзге бәрі
дұрыс,бірақ,бойын теңегенмен ойын теңемей,жанды қуыршаққа айналдырдық.Аузы
уәлі Брюсов айтты екен деп ,мұны істеген және өзіміз. Берісі қазақ,әрісі
түркі поэзиясындағы жаңашыл,маңдай терін аямай сыпырған Мағжан кеудесін
кімге бастырғандай?!Пір тұтқанымыз, мейлі ғалам поэзиясының ай мүйізі болса
да ,Алаш ақыны әлдекімнің Тасасынан неге сығалауы керек?!Орыс әдебиетіндегі
жаңашыл А.С.Пушкинді ешкім Ресей Байроны деп атамаған...

Поэзия мәңгілік категорияға жатқанымен,ақынның жасынға толы ғұмыры
қалай да өткінші.Мағжаннан соң басына өлең бақ боп қонған,пешенесіне мықтап
жазылған қазақ ақындары жұбын жазбай ,іркес- тіркес фәниге келіп жатты.
Езуі қайыстай кере созылатын В.В.Маяковскийдің өзі: Әдебиеттің маңдайы әр
қилы танымдағы ,шеберлігі қапысыз ақындар топ- тобымен келіп жатқанда
ашылады,-деп мойындаған. Таптаурынға танбай бой ұрдық,талай
асылымызды танымағанымыз енді өкінішті.Мұндайда ештен кеш жақсысы тағы
анық.

1.2.Ақын Н.Бегалиев өмірі мен шығармашылығы

Нармахан Бегалыұлы Шымкент облысы,Ордабасы ауданында 1943 жылы
30 мамырда дүниеге келді.

Ол Шымкент педагогика институтын 1966-жылы бітірісімен ,аудандық радио
хабарларын ұйымдастырушы ретінде еңбек жолын бастап, келер жылы аудандық
газетке жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып тағайындалады. 1974-
жылдан бері бұрынғы Коммунизм таңы,бүгінгі Ордабасы оттары газетінің
редакторы.

Жиде жұпар шашқанда , Ботагөз бұлақ, Жотадағы жол, Шаттық күйі -
атты өлең кітаптарының авторы.

Нарағаңның сөз саптаудағы хас шеберлігі: дыбыстың әрбірі жымын
тауып,көркем өріледі, сірә, қозғай, орнынан ауыстыра алмайсыз. Яғни,
сүйінесіз .Ақыл айтып астамсымайтын һәм бойын қалыс ұстамайтын шыр-пыры
бар. Өрнекті өлең-ақынның айнымас ұстанымы, мінез болмысы, ғұмырлық
қағидасы, һәмісе ағынан жарылады. Қуатты һәм қорғансыз...Мұнша битің
салмайынша,жан -дүниеңнің бекзат болмысына небір ұшқыр ойың ,ұтқыр ұйқасың
ерісе алмай, бос лағады. Өйткені,хас лириканың сұрын да, шырайын да бабына
келтіріп ашатын, қанын тулататын ақынның бәндәуи тағдыры. Ендеше, Нарағаң
тағдыр-тәлейлі ақын. Себебі ме? Себебі, шығармашылық қуаты аса мығым:
сезімі ұшталған ,ойы ұштанған, өлеңнің ұйқасын һәм құйқасын өз ырқына
бағындырған, қалаған форма яки идеяға жан бітіретін жойқын шебер.
Нарағаңның құлақ күйі табиғатшыл. Жаны сұлудың—жыры жақұт: аста-төк сезімге
үйлескен сұлу тіркес,ырғақ,ұрымтал ұйқас, орамды ойға оранған образ,тәтті
һәм сәтті теңеу,жалаңаш жүрек, қазақы болмыс. "[1.325б.].

Көркемдік тін мазмұнын,мжеке тағдырын ақынның өз басының мәдениетіне
жатқызамыз. Әуелі оның поэтикалық форма сомдаудағы бесаспап шеберлігіне
тоқталық. Өлеңнің лексикалық қолданыстағы форманттардан іріктелініп, қысыр
сөзден мүлдем бөлек көркем шындықтың жоралғысына жаралатыны бесенеден
белгілі. Осыған қарап, яки сөз ұйқастыруын бетке ұстап ақынды сөз
құрастырушы деп шолақ топшылаймыз. Анығында, нағыз көмейі көсілген ақын сол
қарапайым сөздерден өлең шындығын кестелеп сомдаса керек.

Өлең сомдау- жан тарықтыратын,тән тоздыратын тынымсыз жанкештілік.

Нарағаң айшық-өрнегі өңіне жарасымды һәм төгіліп тұрған өз
көйлегі өзіне шақ ақын.Шайырдың шалқар сезімді ,шұрайлы,ойлы,яғни өзекті
өлеңдеріне шағын форманы шақ көретінін ескерткенбіз. Неге?А.Блоктың
айтуынша , лирикалық өлең тым шұбалыңқы болмасын ,лирикалық өлеңнің
ұзақтығы 20 жолдан аспасын. Ендеше,Нарағаң осы принципті берік ұстана
жүрген һәм растығына өзі де қоса көз жеткерген.Өз сөзімен айтқанда:

Емеурінмен еркелеп,

Енгенше ұяң үйлесім.

Өрт қайнатқан өзегім ,

Тауып сенен өз емін---

уақыты жеткенше сыр шашпайды. Ақынның өмірі қашан да ерлікке толы.
Сұңғыла С.Есенин поэзияға бас тіктің бе,тап бір майдан даласындағыдай
қаныңды төгерсің-депті.Нарағаңның мынау ойлы шумағын алалық:

Бұлақтарға бұғаусыз,

Көрші қондым үш-ақ күн.

Қылығыңды қылаусыз,

Қуанышын құшақты

Ұмытпайтын шығармын! "[2.112 б.].

Тағдырдың тәттісі мен теперіші қатар өрілген,өзегінен қыл суырған
шынайылық.

Тәуекелің татымды,

Бірте-бірте татыр мұң.

Ұмытпассың ақынды,

Теперішті тірлікке

Қайтып бара жатырмын.

Тайталассыз тіршілікті қашан таңдайға басқан едіңіз?!

Әйгілі Есенин мәшһүр Блок хақында: Бұл ақынды құлай ұнатамын.Өйткені
өз Отанына құрметпен қарайды.Ең бақытының өзі осы, мұнсыз поэзия жоқ-
депті.

Қазаққа сүйінулі ділі қарадай өртенулі Нарағаңның азаматтық
өресі бұл ғибратты қайтара дәлелдеді.Өре мен өлшемді өз ділінен қатар
өріп,өрейге ұрынбаған өнегесі бір бөлек.Ақын жаны сатқындықты кешірмейді,
өгей өреге шекелей қарайды, арзан атақшылдықты жаны қаламайды.Әурешілдікті
жек көреді.

Мен- мінез құлықтың абсолюттік мәні әл -өзегіне көбірек сүйінулі. Өзектен
тайқып ,өгей өреге сүрліккендердің сүрініп жатқанын күнде көре бастадық.
Дәлелді атрибуттары жетерлік.Нарағаң поэзиясының ұлттық өремізден
үйренгені мол ерен шеберлігіне мол мысалды ырғақтан бастап алалық

Гүлдеген шыттай,

Төсінде қырдың.

Шыныдағы шықтай,

Мөлдіреп тұрмын,

Қайран,көңіл-ай! - бойы бусанған

бес буынды бөлек бунақ.

Сағынышқа сыз артып,

Жылға жалғыз жылай ма-ау?

Қыстың татын тазартып,

Су әлі де ылайлау

– Желпінген жеті буынды жұлдыз бунақ

Ауырлап кеттім мен неге,

Еменнен қиған есіктей-

Самаралы сегіз буынды сері бунақ.

Мойынсұнып мосқалдыққа,

Қағілездеу қайыңдар.

Жапырақтар ұшқанда ыққа,

Мойып қалды мойылдар

—адуынды аласапыран аралас бунақ.

Нарағаңның,қай ырғақты қаласа да,қадай айтатын айтқыштығын
байқаған да боларсыз?! Сымбатымен көз суырып,әуенімен әлдилеп, тұңғиығына
тартқан астаң-кестең көңіл-ай десеңізші!Осындай хас ұстаның қолынан шыққан,
шебер сомдалған жұрт жырларды оқығанда , тұрмыстық қолданыстан аспайтын
қазақ тілінің әуені әлсіз, омыртқасы осал деп даңғаза тартқандардың
аузына қорғасын құяр ма,шіркін - деп қиялданасың.

II Нармахан Бегалиевтің ақындық табиғаты

2.1.Ақын жырларындағы образдылық

Өз басына қатаң қарайтын Нарағаң ешқашан өзін де, өзгені де
күштемейді, емін –еркін,жайдары болмысынан әсте ауытқымайды. Оның өлең
сомдау мәнеріне: интонациясы,синтаксистік құрылымы, етістік яки зат есімді
өз ыңғайына көндірген ептілігіне,т.б. сірә, қол сұғына алмайсыз.Өнер
шашқан, өнеге ұштаған Нарағаң сөз сиқырының үйлесім, ұнасым, өрнек-өріміне
мейлінше сақ қарайтын шебер ақын.Оның:

Нәк гүлі нағыз нәшінде

яки:

Торғайдың торғын тілегі ем,

-дегені аллитерацияға құр әуестік емес ,мінеділік.Сан бұрымға жазыла
кететін жасық өзекті өлеңнен жақұт жырдың айырмасы міне осында.
Нарағаңның ішкі ұйқасын бағамдалық:

Жазғы жаңбырдың,

Жұпар тілегіндесің.

Балғын балдырдың,

Балаң үрейіндесің- анық
өрімнің жарасымдылығы! Енді осы өлең шумағының ырғағын:

Жазғы жаңбырдың жұпар тілегіндесің,

Балғын балдырдың балаң үрейіндесің, -деп, қолдан
құбылтып көрелік. Әуелгі әдемілік, не сиқыры барын, әп-сәтте жоғалып сала
береді.Байқаған боларсыз,шынайы шеберлік- өзгенің сұғанақтығын, киіп-жарып
ентелегенін жақтырмайтын кірпияз болмыс. Ал,кірпияздық пен әлін білмейтін
даукестік-екі бөлек ұғым...

Шалқар шабыттың шалымы –тамсанған таңдай тәттілігінде ,теңеу
сәттілігінде. Жұлдызы жанған Нарағаң мұндайда сірә қамшы салдырмайды

Уәйімі де уыздай,

Уылжып көктем-нұр әлем,

Өзекке түспей тұз удай,

Ойнап оянған бұлақ ем.

Жақсы өлең ойға батырады,намысыңды қамшылап,өнер бәсекесіне
шақырады.

Ымырт желі іңірмен таласа үдеп,

Тілік өкше тамшылар –дәмесі көп...

Өлең-өзекті ойыңды өзгеге жеткізудің ,сыр бөлісудің құралы.
Сондықтан,өлең мазмұнынан ақынның тұтас шығармашылығының тінін
іздестіреміз.Нарағаңның кез-келген шағын формалы өлеңі ғұмырлық байыпқа ,
өзекті ойға толы, ғалам лирикасының ғажайып шебері Тютчевке пара-пар
жанкештілік танытады.

Жүрсем деп ем сәуірдей нұр себелеп,

Сезбедің-ау жаныңмен сонша зерек.

Бұл-өкініш,яки өкпе емес,жақынына балаған жанға арнаған назы ғана,

Көңілімді көтерген көкке менің,

Көктеміңе сен қалай өкпеледің?

Аңғарған шығарсыз, ақынның сәбидей таза көңілі таңырқаулы.
Шындығында,бір кездері көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған күндерге несіне
өкінерсің,қалайша өкпелерсің?!

Бәрі өтеді басыңнан,сән өтеді,

Шалғын-сазды уақыт шөл етеді.

Байсалға бой ұрғанымен,жұрттан бөлек бір мінезі-Нарағаңның мысы
құрымайды, ол тұңғиықтан тұщынады.Мизан басын тұщынысы басып жатыр.
Өмірдің өтпелі екенін мойындаған естияр естілік мойымайды. Өйткені,өмір
өткелектерінен өзегі өксімеген өр болмысын әлдилей алады.

Үйректер үрпек үркеді,

Жоғалтып жаздың желігін.

Сүреңсіздікті сүртеді,

Көктемге ғашық көңілім.

Мұнан асырып айта алмаспыз,Нарағаң сезімі тұрақты ғашық көктемге!
Өмірге!Масайрамайды.

Үмітті үзілмеген,

Жылауық жаңбырға жектім.

Жас көрдім жүзімдерден,

Іркінді сулардан өттім.

Жұлдызсыз ыпыр-жыпыр,

Төнді аспан ауыр сындай.

Сезіндім құстан былтыр,

Қап қойған қауырсындай.

Мұзтабан мұзартқа бардым,

Мызғыған көктем бардай.

Бірақ,Сен ұзақта қалдың,

Ерте еріп кеткен қардай.

Әдемі мұң. Есті,ойлы,сырлы. Ең бастысы,өкінішсіз. Ғұмырға тән.

Еркелікті
есейтіп,ентіктіріп.

Нарағаңның әр жолының тасасында таспадай өрілген тағдыр иректері:
бәнделік таным, қуаныш мұңы, жан сұлулығы, ойнақы ырғақ.

Қалай десек те:

Мәмілелі,мұңсыз мезетпен

Мейірімге бөлеп,мәз еткен,

Бозбала кезім бар еді.

Лездік ләззім ләззатпен

Бәрі қалай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын мұрасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік аясы
Стиль және шығармашылық ерекшеліктері жайлы
Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдігі
Г.Салықбаева лирикасындағы дәстүр жалғастығы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
Қазақ лирикасындағы көркемдік дәстүр
КҮЛӘШ АХМЕТОВА ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тұлғасы
СЕЙСЕН МҰҚТАРҰЛЫНЫҢ ПОЭМАЛАРЫ
Көш атты өлеңінде
Пәндер