Фархад-Шырын жыры


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

1 бөлім. Шығыс әдебиетінің қазақ фольклорындағы көрінісі

1. 1 Фархад-Шырын жырының жырлану тарихнамасы

1. 2 «Фархад-Шырын » жырының қазақша жырлану ерекшелігі.

2-бөлім «Фархад-Шырын» эпосының көркемдік ерекшелігі

ІІІ Қорытынды

ІҮ Пайдаланған әдебиеттер

Тақырыптың өзектілігі. Бұрыннан қазақ халық әдебиетінде жырланып келе жатқан «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек» сияқты ғашықтық жырларының қатарын ендігі кезекте «Бозжігіт», «Сейфулмәлік», «Таһир - Зуһра», «Жүсіп - Зылиха», «Ләйлә - Мәжнүн», «Фархад - Шырын» сияқты шығыстан ауысқан ғашықтық дастандар толықтыра бастады. Шығыстық дастандар қазақ фольклорына өзіне тән ерекшеліктерді ала келді. Бұрынғы қазақ жырларында көшпелі қазақ қоғамын суреттесе, Шығыс дастандары қала мәдениетін дәріптеді. Қазақ тыңдаушыларын қала мәдениетімен, ондағы адамдардың мінез-құлқымен таныстыруға, қала мәдениетін және сол қоғамдағы жеке тұлғаның басынан кешкен оқиғаны, кейіпкердің басынан кешкен жәйттерді новеллалық үлгіде суреттеп, көрсете білді. Алайда, қазақ ішінде жырланған Шығыс дастандары парсы не араб әдебиетінің тек қана көшірмесі болып қалған жоқ. Ол туындылар қазақ фольклорына сіңіп кетті. Осылайша қазақ фольклорында новеллалық дастандар мен новеллалық ертегілердің пайда болуына белгілі бір мөлшерде Шығыс әдебиетінің де қатысы болғандығын көреміз.

Шығарманың сюжетін сол халықтардың әдебиетінен ала отырып, қазақ ақындары ұлттық классикалық дастандарды дүниеге әкелді. Әрине, араб пен парсы әдебиетінің қазақ фольклорына жасаған ықпалын жоққа шығармаймыз, көптеген шығыстық сюжеттер мен мотивтерді қазақ халық әдебиеті өзіне сіңіре білді. Сол арқылы қазақ фольклоры қайта жанданды. Шығыста қалыптасқан назирагөйлік дәстүрі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ арасына кеңінен жайылды. Сол «назира» үлгісінде жазылған «Ләйлі - Мәжнүн», «Хұсрау - Шырын», «Таһир - Зуһра», «Ескендір» дастандары да қазақ топырағына келе бастады.

Низами, Дехлеви, Науаи сияқты «хамса» жанрында жырлап жарыспаса да бұл шығармаларды қазақ ақындары жеке-жеке бөліп алып жырлады. Оның ішінде біз негізге алып отырған шығыстық дастандардың үлгілерін Шәкәрім, Ақылбек, Әбдәзім секілді ақындар жырлаған Шығыс дастандары кейін ел ішіне тарап, қазақтың ғашықтар дастаны цикліне келіп қосылды.

Зерттеу міндеттері. Біз назарға алып отырған осынау өзекті мәселелерді мынадай аспектілерде нақтылы алып қарастырдық:

- Шығыстық үлгіде жырланған дастандардың ішінде кездесетін сюжеттер мен мотивтерді жан-жақты ашып көрсету;

- «Фархад-Шырын »эпосының кезеңдері мен қазақ фольклорында жырлану ерекшеліктері және оның әлеуметтік ортаға қарай бейімделу заңдылықтарын анықтау;

- «Фархад-Шырын » эпосының поэтикасын зерттеп, оны қазақ лиро-эпос жырының құрылымдарымен салыстырып, арасында орын алған айырмашылықтар мен ұқсастықтарды қарастыру;

- Зерттеп отырған тақырыптың маңызын, оның қазақ фольклорынан алатын орнын тереңірек ашып көрсету.

Жұмыстың бірінші тарауында- «Фархад-Шырын »эпосының жырлану тарихы, жиналуы, зерттелу тарихы, қазақ фольклорына алып келген жаңалықтары, қазақ болмысына қарай өзгеріске түсуі сияқты негізгі түрлену формалары қарастырылады.

Екінші тарауда осы ғашықтық дастандардың поэтикасы, тілдік, стильдік ерекшеліктері, дастанның композициясында кездесетін шығыстық ерекшеліктер қазақтың ғашықтық жырларымен салыстыра қарастырылып, онда орын алған ұқсастықтар мен айырмашылықтар ғылыми тұрғыдан талданып өтеді.

Қорытынды бөлім осы тақырыпты игеру барысында ойға алған негізгі мақсаттар, бірінші, екінші тарауларда ашып айтпақ болған, ойларымызды қысқаша мазмұндаудан тұрады.

1 бөлім. Шығыс әдебиетінің қазақ фольклорындағы көрінісі

1. 1 Фархад-Шырын жырының жырлану тарихнамасы

Хұсрау мен Шырын арасындағы оқиға туралы жазылған еңбектер сол кездің өзінде көп болған. Армян жазбаларында Шырынды армян қызы десе, сириялық жырнамада оның қай ұлттың қызы екендігі анық жазылмаған. Тек Шырынның Хузистанның жанындағы Пораттан шыққандығы түрасында деректер келтірілген (1, 33) .

ХІ ғасырдағы араб жылнамашысы Ибн Мискавейханың «Таджариб алумам » атты жылнамасында да Шырынның румилік болғандығы айтылады. Пехлеви тіліндегі «Худай-намеде»Хұсрау патша мен оның аяулы жары Шырын туралы жазылған. Алайда, ол еңбек арабтар келген соң жойылып кеткендіктен, ондағы кей бір үзінділер басқа еңбектердің ішінде ғана көрініс тапқан.

«Фархад-Шырын»дастаны о баста аңыз күйінде айтылып, кейін Хұсрау патшаға байланысты оқиғалардың салдары, тарихи деректердің жазылуы дастанын жазған Әбілқасым Фирдоусидің шығармашылығы арқасында көркем әдебиетке ұласты. Сасанилер әулеті оның атақты патшасы туралы тарап кеткен аңыз, әпсаналар мен тарихи хроникалық дүниеліктердің басын қосып, ұлы шайыр Әбілқасым Фердоусидің «Хұсрау уа Шырын»атты эпик туындысы дүниеге келді. Хұсрау шахтың әділдігі мен Шырын қызға деген тұрақты ғашықтығы жырға арқау етілді. Екі дін өкілінің арасындағы шекарасыз махаббат, татулық, бір-біріне деген сүйіспеншілігі жыр арқылы көптеген халықтарға тарап кетті.

Фирдоуси заманынан кейін екі ғасыр өткен соң өмір сүрген азербайжан халқының ұлы ақыны Низами Ганжауи(1141-1209жж. ) бұл тақырыпты қайта жандандырады. Бұл Низами жазған хамсаның екінші кітабы болатын.

Низами, Хұсрау Дехлевиден бастап Құтып, Жәми, Науаи т. б. ақындардың еңбектерінде аңыз, әпсана бойынша ғасырлар бойы үздіксіз жырланып келе жатқан Хұсрау мен Шырын, Фархад-Шырын жайындағы алпысқа жуық эпикалық туындыларды кездестіреміз. Көріп отырғанымыздай, иран, түрік, қыпшақ, өзбек, қазақ, үнді, тәжік халықтарының ауыз әдебиетіне тараған. ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қашқар әкімі Зухраддинбек заманында өмір сүрген ұйғыр ақыны Әбдурахим Низари Науаидың шығармасының желісімен «Фархад ва Шырын» дастанын жазады.

ХҮ ғасырда хамсашылдықтың шыңына қол жеткізген тәжік ақыны Әбдірахман Жәми мен өзбек ақыны Әлішер Науаи болды. Олар осы тақырыпты өзге қырынан алып шықты. Әлішер Науаи үш жылға жуық уақытты елу бір мың тармақтан астам сөз гауһарын теріп, бес тақырыптан құрылған «Хамсасын» жазып бітіреді. (2, 474) .

Әлішер Науаидің шығармаларын халық ақындарымен жыршы, жыраулары қайта дамытып, фольклорға айналдырған. Мысалы, өзбектің бақшысы Фозил Иулдаштың жырлауындағы «Фархад-Шырын»дастаны Науаи дастанынан сәл ауытқып, эпосқа тән заңдылыққа бағынған. Өзбек бақшысы өз дастанында халықтын рухын көтеріп, Фархадттың күрес жолында, әділеттікпен махаббат жолында күресетін мінсіз кейіпкерге айналдырып жібереді.

ХІХ ғасырда өзбек әдебиетіндегі Фархад-Шырын дастанын тағы бір ақын Махзун өзінше жырлайды. Махзун өзі жырға қосқан «Фархад-Шырын»дастанында сюжеттің Низами мен Дехлевидің дастандары негізінде алып жырласа да, оған кейбір тың эпизодтарды өз жанына қосуды ұмыт қалдырмайды. Алайда, бұл қоспалары онша сәтті шықпағандығы турасында өзбек зерттеушісі Н. Маллаев былай деп жазады : «Фархад-Шырын» қиссаcы ауызша тараған әдеби нұсқадан сәтті шықпаған. Бұл сәтсіздіктің себептерін Шырынның Хұсрауды сүюінде, оған қолы жетпеген Шырынның Фархадқа көңіл қоюында, ал Фархадтың Хұсрау үшін арық қазуында»-деп көрсетіледі. (3, 56) .

Осылайша көршілікте аралас-құралас отырған қазақ-өзбек халықтарының әдебиеті мен фольклорының бір-біріне әсері мол болғандығын бағамдаймыз. «Фархад-Шырын» өзбек әдебиетінде әдебиет тарихын қозғар мәселесі болғанмен, ел ішіндегі бахшилардың варианттарын саралай келе, оның фольклорлық үлгілерінің қалыптасқандығын да ғалым жоққа шығармайды.

Басқа аймақтарда отырған қазақтарға қарағанда Өзбекстанды мекен еткен қазақтардың ішінде Фархад пен Шырынға байланысты айтылатын аңыз, әпсаналар, ертегілер көбірек сақталған. Фархад ескі діни нанымдарда жер асты құдайларының бірі болған болса, Сыр бойында сақталған Дию қаланың Фархад тауының сол ескі діннен қалған жәдігерлер екенін көреміз. Ал, сол жерді ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан қазақтардың сол ескі нанымдарды білуі заңды да, себебі өздері мекен еткен жерде Фархад пен Шырынға байланысты жер-су атаулары кездесетіндіктен, оған байланысты айтылатын аңыздарды тұрғылықты халық өте жақсы біледі. Ол туралы неше түрлі аңыз, әңгімелерді, ұрпақтан-ұрпаққа жыр етіп айтып, мұра етіп қалдырады. Науаи бұл дастанын жазғанға дейін де халық әдебиеті Фархад пен Шырын есіміне қанық еді. Осыған ұқсас ежелгі жыр, аңыздарда арық қазуға байланысты туындаған халық мұралары көптеп кездесетін. Бұл турасында қазақ әдебиетіне тән сарындар мен екпін бере жырлауының қасиеті бар. Шығыс сюжеті негізінде жырланған романдық эпостарда да ерлік эпосының элементтері аз емес. Романтикалық бағыттағы ғашықтықты, іңкәрлікті жырлайтын тақырып ерлік эпосының үлгісімен енгізіп, қызықты жырланатын мотивтер мол. Қазақтың шығыс сюжеттерінде негізделген романдық эпостар мен дастандардың версиялары осы сияқты өзіне тән ерекшеліктерімен ажыралып тұрды. Бұл мысал ретінде В. В. Радловтың «Үлгілерінде»жарияланған қазақтың «Бозжігіт» пен «Һамра», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» атты романдық эпостарының версиялары тұңғыш рет жарияланғанын атап айтуға тұрарлық.

Қазақ ауыз әдебиетінде Фархад пен Шырын жайлы айтылатын ертегі, аңыз, әпсана түріндегі мотивтер жер суландыру, егін егу, тауды бұзып, тасты жарып, арық қазу сияқты мәселелер қамтылған. Бұрын белгілі «Шырын-Шекер», «Шебер Пырақ», «Тас шебері», сияқты айтылып жүрген ертегілік сюжет желісіндегі осы тас шебері-қайратты күш иесі екені айтылады. Қақырап жатқан жерді бұзып, тасты жарып су шығарудағы мақсаты халық қамқорлығы, азаматтық ерліктен туған күш-қайрат еді. Соның ішінде қазақ, өзбек, әзербайжан, түркімен тілдерінде ежелден айтылып келе жатқан аңыздар екендігі белгілі. «Унинг халқ орасида кенг тарқалгани ва шухрат қозанганини айрим географик номлар хам равшан курсатади. Бекобод районида Ширин сой, Фарход тоғ, Хисров кудиги, Шеробод районида дахмаси, Хоразмда Фарход тоғи бор ва бошқолар» деген сияқты жер, су аттары бүгінде этнологияға айналып кеткен. Оның есте жоқ ежелгі дәуірлерден бері айтылып келе жатқандығын дәлелдейді.

Фархад пен Шырын жайындағы аңыз, әпсаналар соңғы кезге дейін тиянақты түрде жиналып, қағазға түскен емес.

«Фархад-Шырын» эпосы Әлішер Науаидың атымен байланысты айтылып, зерттеліп келеді. Ә. Науаидың еңбектері мен өнері жайлы зерттеген ғалымдардың шығармаларында «Фархад-Шырын» эпосы аталмай өтпейді . Мысалы М. Никитинский, М. Белин, В. В. Бартольд, С. Эркинов, Е. Э. Бертельс мұнан басқа өзбек, қазақ ғалымдарынан Шарафутдинов, С. Айни, В. Захидов, М. Маллаев, М. Әуезов, . Бердібаев, Ө. Күмісбаев, Қ Саттаров т. б ғалымдарын атауға болады. Бұлардың ішінде Ә. Науаидың «Фархад-Шырын» эпосының ертедегі сюжетті әңгімелерден басталып қисса, дастан мен халықтық нұсқаларына бөлек тоқталып, тиянақты түрде арнайы зерттеген ғалымдардан Бартольд, С. Эркинов, Н. М. Маллаевтардың еңбектерін ерекше атауға болады. Шығыстың атақты ақындары дәстүрлі салт бойынша бес тақырыпқа жеке-жеке шығарма жазып, бесеуін бір жинақ етіп «Хамса »деген атпен шығаруды мақсат еткен. Жақын, Орта және Орта Шығыс халықтарының әдебиеті тарихында көп ғасырлық тарихы бар. Соның ішінде араб, парсы, үнді және Орталық Азия халықтарының ішінде дәстүрлі салтқа ие.

«Хамса» және Хамсашылдық саласы да тарихи қажеттіліктен туған. Әрбір дәуірде пайда болған «Хамса» кітабындағы бес дастан сыйғызылған «Хамса» жинағындағы шығармаларға ауыз әдебиетінің ықпалы аз болмаған.

Низамидің «Құсырау уа Шырын» дастанын жырлауына мынадай себеп болған : Дербент қаласының әкімі Низамидің ақындығына риза болып, қыпшақ елінен қолға түскен күң қызды тарту етіп, сыйлыққа береді. Низами ол қыздың адамгершілік қасиетін қатты бағалап, азат етіп, оған үйленеді. Әппақ деген қыпшақ әйелінен туған балаға Мұхаммед деп ат қояды. Бірақ, Әппақ жас кезінде қайтыс болып кетеді. Низами екінші әйелге үйленеді. Ол әйелінің де өмірі ұзаққа созылмайды. Низами үшінші рет некелесуге мәжбүрленеді. Әйелдерінің ішінде Әппақты өте жақсы көрген.

Низамиге 1180-1181 жылдары Иран Селжүгі Тоғру сүйіспеншілік тақырыбына жаңа дастан жазып берсе деген ниет білдіреді. Ақын бұл өтінішті ризалықпен қабыл алып, «Құсырау уа Шырын» дастанын жазып, өзінің ең сүйікті әйелі Әппақтың бейнесін әдебиетте мәңгі қалдырыпты.

Низами дастанында Фархад қаладағы өнер иесі ретінде бейнеленеді. Қазақ халық әдебиетіндегі Әбдәзім Ахметов жырлаған қолжазба нұсқасында Фархад Шын-Машындағы (Шығыс Түркістандағы) ханның ұлы. Ол жастайынан тастарға суреттер мен нақыштар түсіруге қызығады. Хан өзінің баласы шұғылданып жүрген тас қашау өнерін хандарға лайық емес мамандық деген соң, бала үйінен шығып кетіп, Бисутин тауына барып, тас қашап, түрлі нақыштар салып, арық қазумен шұғылданған. Фархадтың тауда тас қашап, арық қазып жүрген кезін Шырын келіп көреді де, есінен танып қалады. Ал, Фархад та Шырынды алғаш көргенде есінен танып, өзін білмей қалады. Эпикалық жырға тән осындай сюжеттер мен мотивтер шығармаға арқау болған. Құсрау Дехлеви Фархадтың тау-тасты жаңғырта жұмыс істеп жатқан кезін жанды қимылға айналдырады:

Чунон бар кух мезод теша таьжил,

Ки сангаш сурма мешуд мил дар мил . (Тауды соншалықты асығыс шөкішпен соққанда, алыста жатқан тастар да өзінен-өзі күл-талқан болатын) . Осы көрініс, сөзбен сызылған бейне қазақ халық әдебиетіндегі Әбдәзім Ахметов жырлаған нұсқада былай суреттеледі:

Тас жанып, тау тұтанып, астан-кестең,

Жаңқадай балта шапқан таулар жасып,

Қаңбақтай кесек тастар жоғары ұшып,

Жарқырап тастан шыққан жалын өртке,

Ұқсады үлкен таудан асып түсіп,

Фархадтың су үстінде алған демі,

Тас ұшып түтіндетті дүниені,

Сол түтін көтеріліп көктен асып,

Әрменнің жалпақ жері түнереді,

Бұрқырап ұшып шыққан тас құйылып,

Бұршақтап қоя салған жатты ойылып.

Күмпілдеп тасқа кірген асыл метін,

Күшпенен тасқа тисе тас ойылып (4, 152-153) .

Фархад Шапур екеуі Шын Машын шахарында бір шебер ұстаға шәкірт еді. Ұстаз Фархадқа тас тегістейтін балғасы мен балтасын тапсырғанда, Шапурға сурет салатын қаламын сыйға тартқан. Сүт арығын қазу жоспары жасалғанда, Фархадтың шақыру керектігін Шапур айтады. Осылайша Фархадтың еңбекке деген сүйіспеншілігі түрлі мотивтер арқылы бейнеленеді. Низами дастанында Хұсрау мен Фархад Бесутин тауында Фархадтың жұмыс істеп жатқан жерінде кездеседі. Хұсрау мен Фархад өзара сөзбен қағысу ретінде ғана жеке диалог түрінде сөйлеседі. Хұсраудың Шапурға зиян келтіру керек деген ойда кеткенін Фархад білмейді.

Дастанға жақсы ниеттегі кісілердің наразылығымен трагедиялы тұрмысқа қарсылығы сан түрлі сюжеттерде суреттеледі. Шырын Хұсрауды сүйгендіктен, оның айтқан өтінішімен жала жабуына қарамай, алдағы болашақты әрқашан жақсылыққа жори біледі. Осы сияқты нәзік ой- түйіндерді адам баласының психологиялық сезгір, білімдары болған сөз зергері-Низамидің шығармаларынан ғана табуға болады.

Фархад өмірден озғаннан кейінгі Шырынның қал-жағдайы түні қайғы-қасіретте, күні қамығуда, қайғыда бейнеленеді. Басына түскен күн ешкімнің басына түспесін, -деп аза тұтады. Фархадтың өліміне бүкіл адам баласы ғана емес, пері менен жын-шайтандар, дүниедегі хайуанттар да аза тұтып, жылағаны жырланады.

Низами мен Дехлевидің «Шырын уа Хұсрау» дастандары өмірдің дәстүрлі жалғасын көрсетіп қоймай, оның Шығыс халықтары әдебиетіне кең таралуына әсер ықпалы көп болды. Дехлевидің «Шырын уа Хұсрау» дастанында Фархад образына байланысты бейне шығармашылықпен жанданып, көзқараспен жыр етіліп, жырдың бөлек үлгісі, басқаша нұсқасы туған. Фархад пен Шырын атымен бөлек-бөлек дастандарды қайта жырлау дәстүрі осылайша бірте-бірте ұласа береді.

Низами Ганжауидің «Хұсрау уа Шырын» эпосының сюжеті бүкіл Шығыс әдебиетіне дәстүрлі үлгіде ғасырлар бойы ұласқан, ықпал еткен көркем туынды. Ал, Хұсрау Дехлевидің «Шырын уа Хұсрау » эпосы бүкіл Шығыс халықтарына Фархад атты кейіпкердің енуіне алғаш үлгі-өнеге көрсетіп, жол салды. Фархад бейнесінің жаңа кейіпкер денгейіне көтерді. Соның бір жалғасы ретінде әзербайжан әдебиетіне танылған белгілі шайыр Әріп Ардабилидің 1369-1370-жылдары жазылған «Фархаднаме»дастанын айтамыз.

«Фархаднаме»дастаны негізінен екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімі «Фархад және Гүлстан» хикаясы деп аталады. Хұсрау Дехлевидің «Хұсрау уа Шырын» дастанына қарағанда өзгеше жазылған. Шын Машындағы патшаның баласы Фархадтың Абхазиядағы бір сәулетші-мүсіншінің Гүлстан атты қызына ғашық болып қалғандығы баяндалады.

Дастанның екінші бөлімі «Хикаятты Фархад уа Шырын»

дейтін тақырыппен басталады. Мұнда Абхаз елінің Шырын деген қызына ғашықтығы айтылады. «Фархаднамеде» Фархад махаббат иесі ғана емес, тас қашайтын өнер иесі есебінде ерекше көз тартады. Дастанның бірінші болімінде Фархад Шын машын еліндегі салтанатты сарай құрылыстарына барып, тамашалап көріп жүріп, ол жердегі шеберлердің еңбегіне қызығып, ынтығып қарайтын онан өзіне үлгі алады, үйренеді. Баласының тас қашап, үй құрылысымен шұғылданатынын естіген хан бұл жүрісті ұнатпайтын. Ханның қарсылығына қарамай, Фархад өз дегенінен қайтпай, жаңа құрылып жатқан сарайлардың қабырғаларындағы түрлі-түсті суреттерді тамашалап жүріп, бір сұлу қыздың суретіне көзі түседі. Шапурдың айтуынша, ол қыз Абхазиялық сәулетшінің Гүлстан деген сұлу қызының суреті екен.

Суретіне қарап ғашық болу аңыздар мен әпсаналарда ғана кездесетіні сияқты, Фархад та Гүлстанның тастан қашап жасалған түрлі-түсті суретін көріп, махаббат сезімі оянады, ғашық болып қалады. Гүлстанды іздеп Абхазияға аттанады. Өмірінің соңына дейін сонда қалады.

Фархад әкесінің қарсылығына қарамай тас қашап, үй құру өнерін үйренумен бірге, ол үздіксіз үйретуші, өз ісінің дарынды да талантты, нәзік те сезгір өнерпазы екенін танытады. Тас қашаудағы шеберлігі мен еңбекшілдігі арқылы үлкен ғимарат құрылысында көзге түскен ұстаз ретінде танылады.

Әріп Ардабилидің «Фархаднаме» дастанындағы тасқа салынған суреттер қазақ, өзбек халық дастандарында кездесетін бедерлі бейнелерге өте ұқсас:

Біреулер жүр тастарды мұздай ұнтап,

Біреулер жүр ұнтақтан жасап бұршақ,

Ұстаның балғасынан тас үгітіліп,

Таспадай қып тамаша жатыр бір жақ,

Иленіп қара тастар, құмдай болып

Құйылды құлпаршадай, ұндай болып,

. . . Біреу жүр ортасында нақыш ойып,

Мың түрлі көзді ашқанда мәнер қойып,

Әйелдер әлде сиқыр көз байлағыш,

Мысалы шапшаңдығы бір ұшқан құс,

Кеседі темір қалай тасты құмдай,

Салуға түрлі бедер жетуде күш,

. . . Таспадай тасқа салса тілген қашау,

Суарған қандай суға «қашауды» анау! (, 4-43), -деген үзіндіден Фархадтың өнерге қызыққан кезін, оған ден қойып, үйренуге ынтыға түскен кезін аңғарамыз.

Қазақ халық әдебиетінде Фархад бейнесі өте ерте дәуірдің өзінде қалыптаса бастаған. Низами мен Құсрау Дехлеви дастандарының Мәуереннахр және Қорасан жерінде танылған соң, Фархад пен Шырын туралы аңыз, әпсанаға қызығушылар көбейеді. Низами Ганжауидің «Құсрау уа Шырын» дастаны сол дәуірдің өзінде Орталық Азияға таныла бастаған еді. Біздің бұлай дейтін себебіміз Құтбтың «Фархад уа Шырын» дастанын кейбір ғалымдар Низами Ганжауиден аударған деп қарайды. (5, 334) .

Біздің пікірімізше Низамиден еркін назым түрінде шығармашылықпен пайдаланып, ұлттық дәстүрді сіңіре білген, -деп қарау керек. Құтб ақын «Бұл таза судан, көңіл cуы қансын деп, Низамидің балынан алуа-шекер пісірдім», -дейді. Құтб жырлаған «Құсрау уа Шырын» дастанының көлемі-280-бет. Әр бетте 42 көлем тармақтары бар, 90 тақырыптан құралған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
Әлішер Науои және қазақ әдебиеті
Рухани мәдениетті дамыту
Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Ә. Қоңыратбаев зерттеулеріндегі қазақ сөз өнерінің поэтикасы мәселелері
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Қазақ антропонимдерінің лингвомәдени және әлеуметтік мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz