Ә. Марғұланның Қорқыт жайындағы зерттеулері


Ә. Марғұланның Қорқыт жайындағы зерттеулері
Жоспар
Кіріспе
І. Қорқыт туралы аңыздар
І. І Ә. Марғұланның Қорқыт жайындағы зерттеулері
1. 2 Әлкей Марғұланның «Қорқыт туралы қазақтың қария сөздері» атты зерттеуі
2. Ғалымның Қорқыт ата кешені жайында зерттеулері
2. 1. Ғалымның Қорқыт күмбезі жайында зерттеулері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі: Халықтың тарихын, тағдырын, түп негіздерін тану үшін, ауыздан ауызға таралып келген, уақыт шаңына көміліп қалмай, саф алтындай сараланып жеткен аңыз-әпсаналардың мәні зор. Әрине аңыздар тарих оқулығының орнына жүре алмайды, олардан болып өткен оқиғалардың дәл жылы мен айын анықтап білу қиын. Сонда да болса аңыздар шежіре тізбегінің ұлы көшінен адастырмайтын, ақиқатты тек өзіне ғана тән тәсілдермен жаңғыртып елестететін аса қымбатты кулік болып табылады. Аңыздарда елдің белгілі бір дәуірлер мен оқиғалар, тарихи қайраткерлер жөнінде өз түсінігі, бағасы сақталған. Ал қандай да бір болмасын жағдайдың аңызға айналғанда, белгілі дәрежеде, әсіреленіп берілетіні ауыз әдебиетінің әзелден бері келе жатқан шарты. Қиял араласпаса, жамағатшылықтың ерекше ілтипаты болмаса және сан рет қайталанып айтылмаса, шындық дегеннің өзі бірте-бірте көмескіленіп, ақырында мұлде ұмытылып кетуі ғажап емес. Сондықтан да қиял - шындықтың шегесі деп бекер айтылмаған.
Қалай дегенде де өткен замандар жайында жазба деректері көп сақталмаған қазақ халқының бұрынғы кезеңдерін неғұрлым толығырақ пайымдау үшін, аңыз әңгімелердің, әпсаналардың маңызы ұлкен. Мәселе сол аңыздардың дәні мен нәрін, танытқыштық және тәрбиелік қасиетін зерек ықыласпен талғап алуымызға байланысты. Шындығына келгенде ауызша таралып келген қарасөз көне ғасырлардың жасырын қалған қаншама құпиясын ашуға жарайды. Бір замандарда халқымыздың наным-сенім, салт-санасы, тіршілік кәсібі, өмір мен табиғат туралы ұғымының қандай болғандығын ауыз әдебиетінің ескерткіштері, соның ішінде аңыз әпсаналар анықтап бере алады. Тіпті олардан халықтың ерте кездегі өмір кешкен мекені, араласқан елдері, достары мен дұшпандары жайында кымбат деректерді де табамыз.
Қазақ халқына мейлінше кең танымал болған тамаша аңыздардың бір тобы Қорқыт атына байланысты. Кезінде елдің ақылгөй данышпаны, көреген көсемі, болашақты болжайтын сәуегей, ақын-жырау, сазгері, тәуібі саналған Қорқыттың есімі мен өнегесі мың жылдан артық уақыттан бері ұмытылмай, әсері кемімей, әрбір буынның санасына дарып қеледі. Тарихшы ғалымдарымыз халқымыздың соңғы мың жылдағы бастан кешкендерін ғылыми жүйеге салып, тереңдеп тексердік дей алмайды. Ол түгіл дәл осы ғасырдың ішінде болып өткен істердің себебі мен салдарын саралап түсініп те жетпегеніміз белгілі . . . Ал Қорқыт аңыздары сонау VII-VIII ғасырлар тұңғиығына бастайтын, көптеген кәделі шындықтардың көзін ашатын жәдігер. Тағы бір ғажабы бұл әпсаналар тек қазақ арасында ғана емес, түбі бірге туысқан түркмендер, әзерилер, Түркие түріктері арасында да ежелден таныс. Бұл халықтардың әр қайсысы да Қорқыт ата турасындағы әңгімелерді өздерінің төл ұлт-тық мүрасындай қабылдайды және мақтаныш етеді. Демек Қорқыт хақындағы аңыздар халықтардың ғасырлар бойындағы рухани байланысын дәнекерлеп келген ортақ қазына деп қарауымызға да болады.
Қазақтар айтып, қастер тұтып келген Қорқыттың да, оғыздардың «Дәде Қорқыт кітабы» деп аталатын дастанының да түбірі бір. Бірақ бұлардың негізіндегі ұқсастық күмәнсіз болғанымен, сақталу дәрежесі, оқиғалар кұрамы түрліше екені көрінеді. Қорқыт жөнінде әңгіме қозғағанда осы жағдайларды да қоса қамтып айтканымыз орынды болмақ . . .
Қазақтар арасында Қорқыттың туғанынан өлгеніне дейінгі аралықта бастан кешкендерінің белес оқиғалары бастапқы желісін неғүрлым толық сақтағаны кәміл. Жалпы алғанда Қорқыттың қазақ нұсқалары өзінің ға-жайып бітімі, биік мұраты жағынан дүние жүзінде сирек кездесетін қүбылыс. Қорқыттың жарық дүниеге қалай келгенін сипаттаудың өзі теңдесі жоқ қиял жаратындысы десе болады. Аңыз бойынша Қорқыттың әкесі оғыздардың баят руынан, ал анасы қыпшақ қызы делінеді. Бұл бір заманда қыпшақтар мен оғыздардың Сырдария, Қаратау өңірінде қатарласа, араласа өмір кешкендігінің мысалы. Кезінде айрықша даңққа бөленген Қорқытты халық қиялы өзгеше жан деп дәріптеген. Анасы Қорқытты құрсағында үш жыл көтеріпті, туарында тоғыз күн толғатыпты, сол кезде жер дүниеге үш күн, үш түн қараңғылық түсіпті, қара жаңбыр, сұрапыл дауыл соғып, біреуді біреу көре алмай, қорқыныш басыпты, делінеді. Қорқыт туған жер Сыр мен Қаратау арасындағы Қараспан деген жер екен. Қорқынышты жағдайда туғандықтан, баланың атын Қорқыт қойған екен дейді. Ол туысымен сөйлеп туыпты . . . Осы жағдай халық арасында аңыз болып та айтылған, өлең түрінде де өрнектелген. Сол өлеңдердің бірінде:
Қорқыт туған кезінде, Қараспанды су алған, Қара жерді құм алған, Ол туарда ел қорқып, Туғаннан соң қуанған . . . деген жолдар бар.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті :
Қорқыт туралы әңгімелер мен жырлардың тағыда бір тағлымды тұсы қазақ эпикалық аңыздауларының шыққан дәуірін анықтауға мүмкіндік беретіндігінде. Түрік, әзірбайжан халықтарының «Дәде Қоркыт кітабы» мен қазақ эпостарын салыстырып қарарлық қызғылықты желілері, оқиғалық, көркемдік иірімдері баршылық. Мәселен, «Дәде Қорқыт кітабының» үшінші тарауы мен «Алпамыс батыр» жырының оқиғалары да, қаһармандар аты да ұқсас. Қазақ жырындағы Алпамыс оғыз эпосында Бамсы, Гұлбаршын-Бану шешек, Бай-бөрі Бөрібек болып аталуының өзі бұлардың түбірлестігіне күмән калдырмайды. Академик Ә. Марғұлан «Алпамыс батыр» жырына негіз болған аңыз әңгімелер оғыздар мен кыпшақтар Сырдария бойында қатарласа өмір кешкен дәуірде пайда болған деп есептейді. Бұл - жырдың жаратылу тарихы мың жылдан артық уақытты қамтиды деген сөз. Болашақта «Алпамыс батыр» жырының дүниеге келу тарихын іздеп, салтанатты түрде еске түсіретін сәт туар болса, оған сенімді дерек мол.
- Ә. Марғұланның ежелгі жыр-аңыздарды зерттеуі.
- Ә. Марғұланның Қорқыт жайындағы аңыздарды жүйелеуі.
-Ғалымның Қорқыт бейіті жайындағы пікірлері.
-Ә. Марғұлан Қорқыт өмір кешкен кезді қарастырған еңбектерін талдауды мақсат еттік.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тарау мен қорытындыдан тұрады.
Қорқыт туралы аңыздар
Қорқыт туралы аңыз, әпсана, дастан, өлеңдердің мәнін ашып, түп - тереңіне бойлау талай-талай ұмыылған рухани байлықтарды қайта тірілтуге септесетіні сөзсіз. Ұзақ жылдар бойында ескі мәдени мұраны игеруге тосқауыл қойылғаны, тарихты білуге ұмтылғандарды «ұлтшыл», «коммунизм идеясына қарсы» деп қудалап, жазалау орын алғаны елді жаппай мәңгүрттенуге алып келді. Қазақ, түркмен ғалымдары жетпіс жыл ішінде Қорқыт жайында зерттеу жазбақ түгілі, атын атауға да сескенді. Осындай қасаң ақуалдың салдарынан Қорқыт жайындағы көне сөздерді жазып алуға жол жабылды. Ұлы баба жөнінде небір ғажайып аңыз әңгімелерді, алтынның сынығындай асыл мұраны білетін жандардан жазып ала алмай қалуымыз орны толмас өкініш.
Қазақ халқы барлық вариант - нұсқаларымен қоса есептегенде төрт жүзден астам дастан жаратқан. Олар-дың таңдаулылары жаһанның ақы-ой қорына қосылар-лық байлығымыз. Солардың ең көне де көріктісі қата-рында Қорқыт ата туралы аңыздар мен әпсаналар тұрғанын мақтанышпен айтамыз. Қорқыттың мың жасаған ғибраты мен өсиеті алдағы кезде де қаншама буындар-дың қажетіне жарайтын жәдігер болып қала береді . . .
Міне осы ғажайып жағдайда туған Қорқыттың ер жеткеннен кейінгі іс-әрекеттері де мейлінше тосын, ешкімге ұқсамайды. Ол жиырмаға толғанда түсінде біреулер аян беріп, «қырықтан артық жасамайсың» депті-міс. Міне, осыдан кейін Қорқыт дүниенің пәнилігін көп ойлап, өлмеудің жолын іздестіреді, желмаяға мініп, әлемнің төрт бұрышын аралайды. Ол қайда барса да, қазулы көрді көреді, «бұл кімнің көрі» деп сұрағанда «Қорқыттың көрі» деген жауап алады. Ақырында өзінің туған жері Сырдария бойына қайтып келеді, қарағайдан қобыз жасап, өлмес өмір күйін тартады. Қазақта «күй атасы - Қорқыт» деген әңгіме осылайша пайда болады. Халық Қорқыттың басқа көп қасиеттерінің ішінен оның қобыз жасап, күй шығарғанын, елдің мұңы мен арманын саз тілімен мәңгілікке қалдырғанын ерекше қадір тұтқан. Ол Сырдария суының бетіне кілем төсеп, күй тартқанда дүниедегі жан иесінің бәрі де құлағын тігіп, елжіреп тыңдаған деседі. Адам баласының өмірі қалай етсе ұзақ болады деп өлімсіз жерді іздеп, жаһан кезген Қор-қыттың теңдесі жоқ әрекеті замандар бойында халық жадынан шықпай, оның тұлғасын әулиелік, артық жаралғандық дәрежесіне көтерген. Ол барлық ақын-жыраулардың, жыршылардың, күйшілердің, бақсылардың ұлы үстазы саналған . . . Арада сан ықылым замандар етсе де, Қорқыттың күйі делінетін шығармалардың ұмытылмай, күні бүгінге дейін жеткендігі қайран қалдырады. Қорқытқа қатысты аңыз әпсаналарды кең зерттеген қазак ғалымы, академик Әлкей Марғұлан көне мүраның мұншама өміршең болуын ғылыми түрде түсіндірген. Ол Қорқыт мұрасын сақтаушыларды бақсы-жыршылар, қобызшы күйшілер, ойшыл жыраулар, төкпе ақындар және шежірешілер деп бес топқа бөліп қарайды.
Ертеде қобызшы жыршы атаулының бәрі жұртшылық алдында жыр айтқанда сөздің кіріспесін Қорқыт өлеңімен бастауы берік дәстүрге айналған.
Қарағайдың түбінен,
Қайырып алған ңобызым.
Үйщкінің түбінен,
Үйіріп алған щобызым,
Желмаяның терісін,
Шанақ қылған қобызым.
Бесті айғырдың құйрығын.
Ішек қылған қобызым . . . -
деген жолдар тұрақты қайталанған. Әуел баста бұл көлемді толғау болған секілді. Кейінгі жылдарда этнограф О. Хаймолдин басқа шумақтарын тауып, толықтыра түсті.
Таутекенің мүйізін,
Тивк қылған қобызым,
Ақ түйенің сүтіне,
Сылап алған қобызым.
Сырыңды ашып, үніңді
сынап алған қобызым.
Ақ ырғайын қиянның,
Құлақ қылған қобызым.
Ортекенің терісін
Сауыт қылған қобызым.
Жаһан кезіп жүргенде,
Серік қылған қобызым.
Өзек талған кезімде
Талшық қылған қобызым.
Таусылғанда амалым,
Ақыл берген қобызым.
Замананың сағымын,
Күй ғып тартқан қобызым.
Сарылғанның санасын,
Сыр ғып тартқан қобызым . . .
Бұл жолдар Қорқыттың күйшілігімен қатар ақын-жыраулығынан хабар берсе керек. Әрине жырау сөзде-рінің арада қаншама ғасырлар бұлдырап өткенде бұл-жымай жетуі тіпті де мүмкін емес. Шығарманың бастапқы нұсқасы тиісті өзгеріске түсуі, кейбір тұстары ұмытылып, енді бір жерлері жаңаланып, қырналып жалғасуы ауызша тараған мұраның бәріне ортақ заң-дылық. Бірақ қалай болғанда да Қорқыт сөздерінің рухы мен негізгі мұраты сақталғанының өзі ғажап көрініс. Жоғарыдағы жолдардың Қорқытка тән болатынын кейінгі бақсы қобызшылардың осы сөздерді қасиет тұтып, өзгертпей қайталап отырғанынан көруге болады. Сондай-ақ қазақтың Сыпыра, Асан, Қазтуған, Шалгез, Бұхар сынды ұлы жырауларының баршасы Қорқыттың дәстүрін жалғастырушылар болып саналады.
Ел арасында Қорқыттыкі делінетін күйлердің сарыны, сазы ғана емес, солардың тарихи, мазмұны да айтылып келген. Мұның да себебі қобызшылардың бәріне ортақ болып табылатын дәстүрге қатысты. Қобызшының белгілі бір туындыны орындау алдында күйдің шығу тарихын түсіндіруі де бұрыннан келе жатқан салт болатын. Тіпті жыршылардың белгілі бір шығармаға кіріспестен бұрын өзінің білетін өлең, дастандарын санап айтып шығып, солардың ішінен таңдауды тыңдаушылардың еркіне қалдыратын дәстүр де Қорқыттан қалған деген пікір бар.
Қорқыт күйлерінің бірнешеуі өз атымен біздің дәуірімізге жетуі халықтың ұлы жырау, кемеңгерге деген шексіз құрметіне қатысты деп білеміз. Сан ғасырлар бойында елдің Қорқыт зиратын жоғалтпай, оның үстіне сағана салып, оны мәпелеп күтіп, басына шырақ жағып келгені де оны әулие тұтудың белгісі. Демек Қорқытқа жанасты аңыз да, өлең де, күй де, бақсылық мәресімдеұрі де, ел тағдырын шешетін нақыл сездері де бұрмалан-бай, түпнүсқа қалпында жалғасып таралуы парыз болған. Қорқыттың қобызда ойнаған «Арыстанбап», «Жел-маянық желісі», «Толқын», «Аққу», «Тарғыл тана», «Ұшардың ұлуы», «Башпай» тәрізді күйлерінің жоғалмай келуін осылай түсінеміз. Қобызшылық дәстүр қазақ арасында толастамаған. Көптеген орындаушылар Қорқыт күйлерін тартумен бірге жаңа шығармалар тудырған.
Ә. Марғұланның Қорқыт жайындағы зерттеулері .
Қорқыт жайлы сөз баcтау, немесе Қорқыт ата тарапында кесіп-пішіп пікір білдіру мейлінше алмағайып, жауапкершілігі барынша зор, өте күрделі мәселе болса керек. Өйткені, бүгінгі оқырманның таным-түсінігінде үш бірдей Қорқыттың бейнесі, іс-қарекеті, бітім-болмысы жарыса қатар ғұмыр кешіп жүр.
Сол, Үш Қорқыттың Бірінші Қорқыты - ескі аңыз кейіпкері, ежелгі қобыздық күйлер мен ескілікті жыршылық сарындардың атасы, ажалмен алысып, өлімге дауа іздеген кемеңгер данышпан, бақсы-балгерлер атаулының киелі, кеуделі пірі, Сыр өңірінде өмір сүрген әруақты, рухты Қорқыт, яки Қазақы Қорқыт.
Бірінші Қорқыт - Қазақы Қорқыттан өмірге кешеуілдеу келген кенжекеш, кенжелігіне қарамай барынша көреген көсем, батагөй қария - «Китаб-и Дәдә Қорқұд . . . » атты оғыз-қыпшақ әдеби мұрасының басты қаһарманы әрі оны жырлаушы жыршы, нақты туындыдағы нақты кейіпкер, яки кітаптағы Қорқыт - Кітаби Қорқыт.
Ал соңғы, Үшінші Қорқыт Қазақы Қорқыт пен Кітаби Қорқыт болмысынан жинақталып бертінде сомдалған тарихи тұлға, яки Тарихи Қорқыт.
Осы Үш Қорқыттың ішінде түрақты түрде нысанаға алынып, зерттеліп, зерделеніп жүргені негізінен Кггаби Қорқыт қана.
Бір өкініштісі, әдетте атам қазаққа етенеленген қос Қорқыт ділдес болғанымен, жиен мінезділеу Кітаби Қорқытпен сабақтас қарастырылады . . .
Кітаби Қорқытты яки «Кітаби-и Дәдә Қорқұдты . . . » әуелде ғылыми айналымға қосқан неміс ғалымы Фрид-рих ван Диц екендігі баршамызға мәлім. Ол кісі Дрездендегі Король кітапханасында сақталған Шығыс қолжазбаларын реттеп жүріп, 1815 жылы «Кітаб-и Дәдә Қорқұд лисан-и тайфе-и Оғұзан» («Оғыз тайпасы тілінде жазылмыш Қорқыт ата Кітабы») атты жырлар жинағын ұшыратады да, оның бір тарауың немісшеге аударады. Диц дәстүрін жалғастырып, соңғы жылдары неміс мұсылманы X. С. Ахмед «Қорқыт ата Кітабының» 12 жырдан түратын айтылмыш, Дрезден нұсқасын түтас қалпында неміс тілінде сөйлетіп шықты.
Дрезден нұсқасы деп айқындап айтуымыздың мәнісі - Кітаби Қорқыттың 6 жырдан құралған Ватикан нұсқасы аталатын нұсқасы тағы да бар. Соңғы нұсқа кейбір ғылыми еңбектердің ішінде тілге тиек етілетіндігі болмаса, әзірше қазақшаланған емес.
Жырдың Дрезден нұсқасы 1962 жылы, Бартольдтың 1922 жылғы аудармасы бойынша орыс тілінде, 1986 жылы Ә. Қоңыратбаев пен М. Байділдаев тәржімесімен қазақ тілінде кітап боп басылып шықты.
Білікті түрколог Ә. Қоңыратбаев бір ғана осы Кітаби Қорқыт - «Деде Коркут» кітабы жөнінде орыс тілінде 314 зерттеу, азербайжан, Анатолия түріктері, түрікмен, Батыс Европа, шығыс тілдерінде 462 еңбек жазылған», -деп нақты санын да көрсетеді. /1/.
Автор осы сандық анықтамадан кейін, «Деде Қорқут» кітабының көрнекті зерттеушілері - М. Ергин, В. В. Бартольд, В. М. Жирмунский, Ә. А. Диваев, А. Әбілғазы, Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, X. Көрұғлы, К. М. Рифат, А. Г. Туманский, Гокияй сияқтылар - деп Кітаби Қорқыт зерттеушілері қатарына Уәлиханов Ш мен Ә. Диваевты да қосып жібереді. Рас, жоғарыда аталған ғалымдардың бәрінің де жалпы қорқыттану мәселесіне ат салысқаны даусыз. Алайда, шынтуайтына келгенде Шоқан «Деде Қорқут» кітабына емес, Қазақы Қорқытқа тоқталған. Шоқан үшін «Қорқыт ата кітабы» беймәлім дүние.
Қазақ қауымында «Кітаби Қорқыттың» барлығын ғылыми айналымға алғаш қосқан ғұлама ғалымымыз Мұхтар Әуезов. Өкінішке орай, Қорқыт мәселесі сөз болғанда екінің бірінде ол тізімнен түсіп қалып жүр. Мәселен, М. Әуезовтың 40-жылдардың аяққы шенінде жазылған «Ертегілер» атты еңбегінде әзірбайжан, башқұрт, түрікмен халықтарында «Кітаби дәдәм Қорқыт» деген атпен ұзақ-ұзақ дастан, нақыл әңгіме айтылатындығы, әрі соған сүйеніп өзінің әдебиет тарихын оныншы ғасырдан бастайтындығын әңгімелейді. Ең бастысы, «Китаби дәдәм Қорқудта» Қорқыт араласатын ұлкен оқиғалар желісінде «Бамсы Бәйрек» деп аталатын «Алпамыс» жырымен желілес мол сюжет барлығын нұсқаған/2/.
Диваев мырза қазақы Қорқытқа қатысты аңыздар мен деректерді жинақтаған, Сыр бойындағы Қорқыт Ата мазарын фотоға түсіруді ұйымдастырған. Бартольд арқылы «Дәдә Қорқүт» кітабынан құлаққағыс болса болған шығар, тікелей Кітаби Қорқытты зерттеу мәселесіне бармаған. Ұлы дүрмектің арасында есімі орынды аталған академик Ә. Марғұлан ғана.
Мүмкін, ұстазы Мұхтар Әуезовтің тікелей ықпалымен де болар, Ә. Марғұлан Үш Қорқытпен де айналысқан. Ұзақ жылдар бойы Қазақы Қорқыт пен Кітаби Қорқыттың сабақтастары мен айырмашылықтарын безбендей келе, Қазақы Қорқыттың өмірде болған тарихи тұлға деп таныған әрі энциклопедиялық басылымдарға тарихи тұлға деп енгізген, яки Қорқытты ата жұртына, кіндік қаны тамған өңірге етене теліген ғалым. Алаш алыптарының ізін басып өскендіктен бе, әлде тумысынан ба, қайдам, академик Әлкей Марғұлан, еңбектерінің кей жерлерінде қарама-қайшылық жіберіп алатындығына қарамастан, ділшілдігімен, ұлтжанды түрікшілдігімен айрықша ерекшеленеді.
Бұлай дейтінім, соңғы жылдары аяқасты көбейіп кеткен зерттеушілер Қорқытқа қатысты қыруар материалдың тек өзіне ұнаған тұстарын ғана қотарып алып, тарих жасай салмақ сыңай танытады. Көзжұмбайлыққа салға-нымызбен ғылым жасала қоя ма?
Орыста: «Қалам мен қағазға түскен жазуды балтамен шауып өшіре алмайсың» - деген сөз бар. Соны білгендіктен де отаршыл жүйе ұлттар тарихын бұрмалап, жасанды жалған тарих жасауға күш салмады ма?!
Сонымен, қазір отандық, төл қорқыттану ілімімізде үш Қорқыттың барлығы даусыз. Үш Қорқыттың да - Кітаби Қорқыттың да, аңыз кейіпкері Қорқыттың да, тарихи тұлға Қорқыттың да әрқайсысының өз қолдаушылары, өз қарсыластары бар.
Қорқыт мәселесінің жүйеленбегендігі соншалық, зерттеушілеріміз кейде «қарсыласын» қоя салып, өзіне қарсы өзі пікір таластырып, айтысып та кететін тұстары ұшырасып отырады. Қысқасы, үш Қорқыттың үшеуін де жеке-жеке даралап қарастырып барып бір тоқтамға келмесек болмайтындай тығырыққа тірелдік. Мәселені бұлай көтермейінше ықпыл-жықпылы көп, бұралаң соқпақтардың даңғылға айналмасын ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміз көптен аңғарып та жүр.
Мәселен, қорқыттану мәселесінің бір пұшпағын батыл көтерген зерттеушілеріміздің бірі - көрнекті жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара Салғараұлы. Дереккер жазушы «Көмбе» атты роман-эссесінде «Деде Қорқутқа» қатысты Ә. Қоңыратбаев санын шығарған 778 еңбек « . . . аз дүние емес», - дейді. - «Бірақ соған қарамастан әлі де болса Қорқыттың шын мәнінде кім екені, қашан және қайда туғаны, сол сияқты қашан және қайда өлгені, қай халықтың перзенті екені толық анықталып, сараланған жоқ. Керек десеңіз, Қорқыт ата әлі күйге аңыз кейіпкері ғана, нақты болған тарихи тұлға дей алмаймыз», - деген пікір білдіреді.
Осы тақылеттес ой Ә. Қоңыратбаевта да бар болатын. Онда: «Түркология ғылымында Қорқыт, оның жырларына қатысты зерттеулер өте көп. Алайда, күні бүгінге дейін Қорқыт кім? Оның тарихи прототипі бар ма?
- Қорқыт аңыздары мен жырларының арасындағы байланыс қандай? Оның өмір сүрген дәуірі қайсы? Орта Азия халықтарының мәдениетінде қосқан ұлесі, орта ғасырдағы ғылым мен әдебиетті дамытудағы тари хи ролі қандай деген мәселелер өзінің толық шешімін таппаған», - делінген еді. Ғалым өзі қойған сауалды көбіне кезінде жауап беруге тырысты. Жарым-жартысы басы ашылмаған күйі бізге келіп жетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz