Алматы қаласы музейлеріндегі ат әбзелдері мен қару-жарақ қоры коллекциялары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 110 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмысының жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында Алматы қаласы музейлеріндегі қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарының түрлері мен типтеріне сипаттама беріліп, олардың сақталуы, экспозициялануы, насихатталуы, каталогталуы, қару-жарақ коллекцияларының қалыптасуының зерттелуі мәселелері қарастырылды.

Диссертациялық жұмысының өзектiлiгi. Жалпы музейдің адамзат тарихындағы алатын орны ерекше екені белгілі. Қазіргі кезеңде музейлер алдында болашақ үшін мәдени мұраны сақтау, зерттеу, насихаттау мәселелері тұр. Мәдени құнды көне заттарды көрсету, жалпы адамзаттық мәнін ашу арқылы музейге келушілердің адамгершілік, рухани өсуіне әсер ету, ағарту мақсаттарын әрбір музей өз саласына сай музейлік орта жағдайында іске асыруда. Музей ісі мен ескерткіштерді қорғау саласында этнографиялық коллекциялар негізінде музей келушілеріне үздіксіз білім беру арқылы олардың ғылыми танымын қалыптастырудың маңызы зор. Қазақстанның музеология ғылымын реформалау арқылы түбегейлі қайта құрулар уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік және бұны жүзеге асыру аса қиын да, күрделі іс екені белгілі. Бүгінгі жаңа технология мен инновацияның дамып, өркендеген заманында музей құндылықтарын жалпыхалықтық қол жетімді ету, оларды халықаралық деңгейде таныту, қазақстандық, ұлттық брендке айналдыру мәселесін жолға қою керек.

Қазіргі заманда жаңа көзқарастарды жүзеге асыру жолына түскен музейлер дәстүрлі идентификация, консервация және ағартушылық міндеттері көлемінен шығып, қоғам мен қоршаған орта өміріне қызу араласып, өз аясын кешенді бағдарламаларды жүзеге асырумен кеңейту керек. Қазіргі әлемдік ақпараттық кеңістікте музей құндылықтарының интерпретациялануы және интеграциялануы маңызды болып табылады.

Музейлік зат тұрғысынан болсын, этнологиялық тұрғыдан болсын, қазақтың дәстүрлі қару-жарағына қатысты бүгiнде шешуiн таппаған мәселелер аз емес. Тарих және әскери тарих ғылымында қару-жарақ әскери iстiң бiр бөлiгi ретiнде ғана қарастырылған. Әрине тарихи еңбектерде авторлардың мақсаты мен мiндетi басқа болғаннан кейiн, бұл мәселелер зерттеудiң өрiсiнен тыс қалып қоюы түсiнiктi. Этностың дәстүрлi мәдениетiндегi қару-жарақтың алатын орны мен мәнi, оның қызметi музейлік тұрғыдан, ғылыми қарастырылған жоқ.

Магистрлік жұмыстың өзектілігі мемлекеттік даму барысында нығайып, күшейе түскен алғашқы қазақ әскерінің қару-жарақтары мен қорғаныс киімдерінің музей ісінде сақталуы мен экспозициялануы болмақ.

Тақырыптың өзектілігіне қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне, салт-дәстүрлеріне, өмір сүру тіршілігіне сай өзіне тән дәстүрлі қару-жарақтарның болғандығын ғылыми тұрғыдан зерделеп, музейтану тұрғысынан тиісті баға берілуі жатады. Қазақ халқының өзіне тән ХV-ХVІ ғасырлардағы әскери өнері, әскери дәстүрі, қару-жарақ түрлерінің жетілуі, қазақ хандары мен батырларының соғыс тәсілін жетік меңгеруі, Қазақ мемлекетінің өз аумағында үлкен жерді игеруіне және оны сақтап қалуына себеп болды.

Магистрлік жұмыстың өзектілігін байыта түсетін күрделі жақтарының бірі қазақ халқының қару-жарағы Қазақ хандығы тарихымен тығыз байланысты. Биылғы жыл мемлекетіміз Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтуде. Қазақстан Республикасы музейлеріндегі қару-жарақтардың негізгі денін археологиялық қазба нәтижесінде табылған және Қазақ хандығы тұсында соғылған қару-жарақтар құрайды. Сондай-ақ соғыс олжасы ретінде түскен қару-жарақтар, сауда саттық арқылы келген, шығыс және батыс ұсталары соққан қару-жарақтар, дипломатиялық қарым-қатынас арқылы сыйға тартылып келген қару-жарақтар, қазақ жеріне орыс билігінің орнауына байланысты орыс әскерлерінің қарулары, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, Азамат соғысы кезінде қолданылған қару-жарақтар да музейлердің қару-жарақтар қорында сақталған.

Қазақ халқының қару-жарағын қазақтың дәстүрлi халықтық мәдениетiнiң контекстiнде қарастыру арқылы ғана оның музейлік-этнографиялық басқа элементтермен байланыстары ашылып, жоғарыда аталғандардың этнос дүниесiне қатыстылығы көрсетiледi.

Қару-жарақты музейлік зат ретiнде алып қарастыру этникалық қауымның санасын және оның ерекшелiктерiн жаңа қырынан тарихи тұрғыда саралауға мүмкiндiк бередi. Дәстүрлі қару-жараққа тән этникалық ерекшелiктер, қару-жарақ арқылы этностың басқа халықтармен туыстық, тарихи-мәдени байланыстарының және этностың өзiнiң дәстүрлi дүниетанымының көрiнiс табуы ден қойдырады. Жалпы методологиялық және теориялық тұрғыдан да, және оның практикалық жолын анықтау жағынан да олардың сақталуын, насихатталуын, этномәдени функциясын зерттей отырып дәріптеу бүгiнгi күнгi маңызды да өзектi мәселе. Болашақта осы бағыттағы ғылыми зерттеулер музейтану ісінің маңызды компонентi болып қалыптаса алар едi. Қару-жарақты музейлік зат ретiнде алып қарастыру - осы мәселелерге қатысты ғылыми танымның аясын кеңейтiп, тақырыпқа қатысты ғылыми проблемалардың тың өрiсiн ашады.

Дәстүрлi қару-жарақты музейлік зерттеу обьектісі ретiнде алып қарастыру барысында қазақтың қару-жараққа қатысты халықтық кәсiби терминдерiн зерттеу, оларды ғылыми айналымға енгiзу , солардың ғылыми термин боларлық мүмкiнiшiлiктерiн ашу да бүгiнгi күннiң көкейкестi мәселелерiнiң бiрi.

Диссертациялық жұмысының зерттелу деңгейі. Қару-жарақтардың музей қорларындағ коллекциялық тұрғыда жиналуы, жүйеленуі Жәңгір ханның қару-жарақ палатасынан бастау алады. Мемлекет қайраткері, реформатор, ағартушы Жәңгір ханның өзі қазақ жеріндегі тұңғыш музейдің негізін қалаған еді. Ханның 1827-1828 жылдары Хан Ордасында ашқан музейі Қару-жарақ Палатасы деп аталды. Атауы айтып тұрғандай, музейдің басты жәдігерлері көшпелі қазақтар өміріндегі маңызды заттардың бірі боп табылатын, отбасылық мұра болып саналатын, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отыратын, қолдануына қарай бес түрге бөлініп, «Бес қару» деген атауға ие болған қару-жарақтар еді. Ол тұрмыста қолданылатын зат болса да, сонымен қатар қайсарлық пен батырлықтың символы атанды. Қазақ түсінігінде қарудан айырылу намыстан айырылумен тең саналды. Осыншалық этнографиялық құндылығы бар коллекцияны жинау Жәңгір ханға оңайға түспегендігі белгілі. Ханның замандастары М. Киттары, К. Гебель, А. В. Терещенко шығармалары мұражай коллекциясының жүйелілігінін көрсетеді. Бұл сипаттамаларды зерттеу негізінде Қару-жарақ палатасын қазақ халқының тарихи-этнографиялық ерекшелігі анық көрініс тапқан Еуразия кеңістігіндегі алғашқы музей болғандығын айта аламыз.

Қазақ қару-жарағының зерттелуi XVIII-XIX ғасырларда әртүрлi мақсаттармен Қазақстанда болып, қазақтың тұрмыс салтын зерттеген орыс және европа зерттеушiлерi П. И. Рычковтың, Дж. Кестльдiң, Т. Аткинсонның, П. С. Палластың, И. Г. Георгидiң, И. И. Фальктiң, В. В. Радловтың, А. И. Левшиннiң, С. Б. Броневскийдiң, Б. Л. Залесскийдiң т. б. еңбектерiнен бастау алады. Олардың зерттеулерiнде қазақ халқының қару-жарағына қатысты маңызды этнографиялық мәлiметтер жинақталды. Бiрақ бұл авторлар көбiне қазақтар қолданған қару-жарақ түрлерiн жалпы сипаттаумен шектелдi [1] .

Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, музейлік заттарды зерттеу обьектісіне айналдырған ғалымдар қатарында ең әуелі Ә. Х. Марғұлан, Х. А. Арғынбаев, С. С. Қасиманов, Ә. Тәжімұратовтардың есімін атауға болады. Әсіресе, Ә. Х. Марғұланның «Казахское народное прикладное искусство» деп аталатын 3 томдық еңбегі қазақ қолөнерінің асыл жауһарларын түстеп, жеке дара сипаттап жазған алғашқы да, бірегей еңбек болып табылады [2] .

Қазақ қаруын шын мәнiсiнде этнографиялық тұрғыдан алғашқы зерттеушiлердiң бiрi қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов едi. Оның «Вооружение киргизов в древние времена и их военные доспехи» атты зерттеуiнде және басқа еңбектерiнде XVIII-XIX ғғ. қазақтың суық және от қаруының түрлерi, олардың атаулары, қолданылуы туралы мәселелер көтерiледi және сол кездегi қолданыста болған нұсқалардан тiкелей салынған суреттерiн де бередi [3] .

Қазақстандық тарихнамада ең алғашқы рет тiкелей қазақтың XVII-XIX ғғ. қару-жарағына қатысты мәселелер 1969-жылы шыққан Г. И. Семенюктiң «Оружие, военная организация и военное искусство казахов в XVII-XVIII в. в. » еңбегiнде, 1971 жылы К. Смағұлованың «Оружие казахов XVI-XIX в. в. » қазақтардың XVII-XIX ғғ. қару-жарағына арналған мақаласы басылды. Бұл салада Санкт-Петербургтағы Археология және этнография музей қорындағы қазақ қаруларының үлгiлерiн зерттеген В. П. Курылевтың еңбегiн айрықша атауға болады [4] .

Қазақстандық ғалымдардың қазақ тарихы, қазақтың әскери өнерi тарихына, жылқы шаруашылығына қатысты еңбектерiнде де қару-жараққа қатысты мәселелер қамтылған. Бұл қатарда қазақ-жоңғар соғысы кезiндегi қазақ әскери iсi мәселесін зерттеуге арналған Э. Ж. Валихановтың, Ж. К. Қасымбаевтың еңбектерi жарық көрді. Жылқы, ат әбзелдері туралы этнограф-ғалым А. Тоқтабаев қалам тартты [5] .

Қазақстанның әскери тарихы мен қаружарақтарға арналған А. Тасболатов және Қ. Р. Аманжоловтың, А. Ш. Кадырбаевтың, А. Қ. Жұмаділдің еңбектерi басылып шықты. Бұл бағыттағы кең көлемдi зерттеулердiң iшiнде қазақтың дәстүрлі қару-жарағын даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі жағынан зерттеген Қ. Ахметжанның «Традиционное вооружение казахов: генезис, структура, этнокультурная функция» атты диссертациясын, қазақтың XVI-XVII ғғ. әскери өнерi мен жауынгерлiк дәстүрiне зерттеуге арналған [6] . Ш. Қартаеваның кандидаттық диссертациясын атауға болады. Аталған еңбектерде де қазақтардың сол кезеңде қолданған қару-жарақтары зерттеудiң тiкелей мақсаты ретiнде емес, әскери өнердiң құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырылып, олардың түрлерi, қалыптасу тарихы, қолданылу ерекшелiгi зерттелген [7] .

Қазақ қаруларының негiзгi түрлерi, олардың ерекшелiктерi Ж. М. Жетiбаевтiң «Маңғыстау және Үстiрт қазақтарының этнографиялық суреттерiндегi қару-жарақтар» атты кітабында қазақтардың жерлеу ғимараттары мен құлпытастарындағы қару-жарақ бейнелерiнiң негiзiнде талданады [8] .

Ертедегi Қазақстан территориясын мекен еткен сақ, түркi, қыпшақ, қимақ қару-жарағы А. К. Акишевтiң «Искусство и мифология саков» және Ю. А. Плотниковтың «Наконечники стрел из могильника Кызыл-Ту» еңбектерiнде зерттеледi. Көшпелi халықтардың қару-жарағын зерттеушiлердiң iшiнде М. В. Горелик еңбектерiн ерекше атап өту керек. Ғалымның көшпелi халықтардың қару-жарағының формаларын, түрлерiн қалпына келтiруде бейнелеу өнерiнiң материалдарын кеңiнен қолдануы өте жақсы нәтиже бердi.

Қазақтың қару-жарақтарының қазақтың дiни дүниетанымымен байланысын арқау еткен тiкелей зерттеулер аз. Бiрақ, көшпелi халықтарда қаруға табыну өте ертеден келе жатқан дiни жоралардың бiрi болды. Сондықтан ертедегi көшпелiлердiң дiни ғұрыптары мен нанымдарына арналған С. С. Бессонованың, Д. С. Раевскийдiң, А. К. Акишевтiң т. б. еңбектерiнде сақтардың, скифтердiң әскери және қару культтары зерттеледi.

Магистрлік жұмысының мазмұнын аша түсіп, музей ісіне қатысты мәселелерді ауқымдырақ қамту үшін музей тарихын, ісін, әдіснамасын зерттеген ғалымдар К. Г. Левыкина и В. Хербст, Е. К. Кроллау, А. М. Разгон сияқты т. б. ресейлік ғалымдардың, отандық ғалымдардан Н. Әлімбай, Қ. Ахметжан, К. Райымханова, С. Ш. Ахметова, А. Е. Қайназарова сынды т. б. отандық зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды [9] .

Дәстүрлі қару-жарақ - ұлттық мәдениеттің ерекше феномені. Халықтың дәстүрлі түсінігінде қару-жарақ тек соғыс құралы ғана емес, қару-жарақтың барлық түрі этностың өмірі динамикасының айырылмас элементті, олар өздерінің түрлі тұрмыстық және әлеуметтік функциялары арқылы этностың өмір сүру процесіне кіріккен. Қазақ халқының қару-жарағын қазақтың дәстүрлі халықтық мәдениетінің контексінде қарастырып, этнографиялық болмыстың басқа құрамдас элеметтерімен генетикалық, семантикалық, құрылымдық және функционалдық байланыстары мен қатынастардың тұтастығында қарастыру ғана этникалық мәдениеттің маңызды бір компоненті болған қару-жарақтың шынайы мағынасын ашады.

Қазақ қару-жарағын алғаш зерттеушілердің бірі қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлиханов. Оның еңбектерінде қару-жарақтардың түрлері, жасалу технологиясы, суық және от қаруының түрлері мен пайдалануы туралы мәселелер көтеріледі. Сонымен ел арасындағы қазақ халқының қару-жарақпен байланысты салттарын, ырымдарын және тұрмыста қолдану аясын, қару-жарақтардың сыртқы ерекшелігін суреттеген. Алғаш деректерге сүйенсек қару-жарақтар әскери өнердің бір бөлігі ретінде саналып, тек қана соғыс құралы функциясын атқарады. Осы орайда қоғамда ғылыми зерттеулер бір бағытта жүзеге асқанын көрсеткен жөн [10] .

Қазақ қару-жарақтарын зерттеуде өлкелік музейлердегі қару-жарақ коллекцияларының алатын орны ерекше. Қару-жарақ коллекциясы бай Санкт-Петербург қаласындағы Антропология және этнография музейінің қорындағы қазақ қаруларының үлгілері қазақ қару-жарақтарының типтері мен қолданылу аясы жайлы маңызды мәліметтер береді. Коллекцияны зерттеуші В. П. Курылев өзінің зерттеулерінде қару-жарақтың жасалу әдістерін және символдық мәні жайлы суреттейді. Ғылыми тұрғыдан қарастырғанда қазақстандық тарихнамада қазақтың қару-жарағының XVII-XIX ғасырларда алғаш зерттеліп, қару-жарақтың жекеленген түрлері қысқаша суреттелгені белгілі [11] .

Тікелей қазақ қару-жарағына қатысты деректер XVII-XIX ғасырлардағы орыс-қазақ қатынастарын айғақтайтын архивтік құжаттар, ҚР Мемлекеттік орталық музейі музейлік архивінде сақталған қазақ қару-жарағына қатысты музейлік және басқа сипаттағы түрлі құжаттық материалдарда да кездеседі.

Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының тарихын, генезисін, формалары мен түрлерінің қалыптасу тарихын нақтылауда көшпелі халықтардың өздері тудырған бейнелеу өнері ескерткіштері-балбал тастар мен әр замандағы тасқа салған петроглифтер, Қазақстанды мекен еткен көшпелі халықтармен әр заманда көршілес болған қытай, иран, орыс, түрік, моңғол және т. б. халықтардың өнер туындылары да пайдаланылады.

Қазақ халқының қолөнерін зерттеуге арналған Ә. Марғұланның, Х. Арғынбаевтың, Т. Басеновтың, С. Қасимановтың, Р. Шойбековтың еңбектерінде қолөнер түрлерінің жасалу технологиясы, көркемдеу тәсілдері зерттеліп, оларға қатысты халықтық атау терминдер айтылады. Сондай-ақ қазақтардың құлпытастарында қару-жарақтың бейнелену мәселелері Ж. Жетібаевтың, С. Әжіғалидің еңбектерінде сөз болады [12] .

Қазақтың қару-жарағының қазақ этносының діни дүниетанымымен байланысын арқау еткен тікелей зерттеу жоқ. Бірақ көшпелі халықтарда қаруға табыну өте ертен келе жатқан діни жосын-жоралардың бірі болғандықтан, сақтардың, скифтердің әскери және қару культтары С. Бессонованың, Д. Раевскийдің, А. Акишевтің және т. б еңбектерінде зерттелген [13] .

Қазақтардың діни ғұрып-салттары, тыйымдары, ырым жораларына арналған Ә. Төлеубаевтың, Ә. Ахметовтың еңбектерінде тіршілік циклі салттарындағы қару-жарақтың да магиялық-ғұрыптық қолданысы айтылады. Этностың тіршілікт қамтамасыз ету жүйесін зерттеуге арналған Н. Әлімбайдың еңбегі этникалық мәдениеттің бір компонетті ретінде қару-жарақтың этномәдени қызметін парықтауға көмектеседі [14] .

Қазақ батырларының қару-жарағын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеген Ә. Қайдаровтың, қазақ тіліндегі әскери лексиканы зерттеуге арналған Н. Уәлиевтің, Т. Байжановтың еңбеектерінде қазақ тіліндегі қару-жарақ атауларының қалыптасуы, ерекшеліктері, семантикасы қарастырылған [15] .

Қазақтың дәстүрлі қару-жарағы этникалық мәдениеттің құрамдас бір бөлігі, ерекше бір компоненті ретінде қоғамда соғыс құралы қызметінен басқа да көптеген функцияларды атқарды. Қару-жарақта қазақ этносының мифологиялық дүние танымы, діни сенімдері көрініс тапты. Дәстүрлі қоғамда қару-жарақтың қолданылуы антропомофизм, анимизм сияқты көне діни түсініктерге негізделіп, одан туындайтын ережелердің қатаң орындалуына көңіл бөлінетін. Бұл наным-сенімдердің қалдықтары қазақ халқында осы уақытқа дейін сақталуда. Қару-жарақтың ғұрыптық-магиялық функциясы қазақтарда қару-жарақпен байланысты тек әскери ғана емес, көшпелі қоғам өмірінің барлық қырларын қамтитын түрлі салт-дәстүрлер, ырымдарды тудырады [16] .

Қару-жарақтың әр түрлі әлеуметтік қатынастарды белгілеуі, түрлі әлеуметтік топтардың, жеке адамның әлеуметтік деңгейін айыру белгісі ретінде қолданылуы-яғни оның символдық функциясы да этностың қоғамдық өмірінің бар саласын қамтыды. Осы тұрғыдан алғанда дәстүрлі мәдениетте қару-жарақтың символдық тілі болды деп айтуға болады. Сол тіл арқылы таралатын, алғашқыда кәсіби әскери ортада қалыптасып, кейін бүкіл қоғамды қамтыған қару идеологиясы да болды [17] .

Қару-жарақта қазақ этносының түрлі тарихи және мәдени байланыстары, этникалық даму процесінің ерекшеліктері көрініс тапқан. Қазақ қару-жарағының кейбір формаларының қалыптасуында, кейбір үлгілерінің, типтерінің пайда болуында, жасалу технологиялардың дамуында осы тарихи-мәдени, әскери байланыстардың нәтижесінде иран, моңғол, түрік, қытай, араб, орыс халықтарының әскери ісінің, қару-жарақ жасау өнерінің әсерін көрсек, бұл халықтардың әскери ісіне өз кезегінде қазақ этносын құраған ру-тайпалардың соғыс өнерінің, қару-жарақ ісінің де ықпалы болды. Осы этникалық мәдениеттердің өзара ықпалы белгілерін, олардың қару-жарақтарындағы көрініс зерделеу арқылы қазақ қару-жарығының әлемдік әскери өнерінің тарихында алар өз орны, оған қосқан өз үлесі бар екенін пайымдай аламыз.

“Дәстүрлі киім-кешек және қару-жарақ коллекциясы” деп аталатын каталогта музейлік заттарды іріктеу, зерттеу, сұрыптау сияқты жұмыстар атқарылған, заттарды жеке тексеріп, анықтама, сипаттамаларын нақтылау, қазақ, орыс тілдеріндегі анықтамаларын енгізе отырып, фотоға түсіру жұмыстары жүргізілген. Оның құрамына барлығы 800 сақтам бірлігін құрайтын музейлік зат енгізілген. Сондай-ақ маусымдық, жас, жыныстық және адамның дене құрылысының ерекшеліктеріне қарай пайдаланылатын бас киімдер, сырт киімдер, сәндік немесе ғұрыптық киім сияқты т. б. тұтыныстағы киімдер - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің коллекциясындағы ХҮІІІ-ХХ ғғ. аралығын қамтитын құндылықтар енген. Сондай-ақ, көшпелілердің дәстүрлі қару-жарақ түрлері мен сауда-айырбас, олжа, тарту-таралғы тәрізді этно байланыстар барысында келіп этникалық қолданысқа түскен Орта Азия және Кавказдық қару-жарақтарын да қамту көзделген. Бас жағына қорғасын құйып жасалатын да шоқпар түрлері бар [18] .

Қару-жараққа қатысты көптеген мәселелер әр түрлi бағыттағы еңбектерде қарастырылып келгендіктен этникалық мәдениеттiң заттай айғағы ретiнде музеографиялық тұрғыдан зерттеудiң қажеттiлiгiн дәлелдейдi.

Диссертациялық жұмысының мақсаты мен мiндеттерi . Магистрлік диссертацияның негiзгi мақсаты Алматы қаласы музейлеріндегіі қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарының, солардың ішінде Орталық Мемлекеттік Музей қорындағы қару-жарақтар топтамасына талдау жасау, Алматы қаласы музейлеріндегі дәстүрлі қару-жарақ топтамасы халқымыздың дәстүрлi мәдениетiнiң ерекшелiгiн ашып көрсететiн күрделi құбылыс ретiнде кешендi зерттей отырып, музей заты, тарихи-мәдени жәдігер ретінде танымал ету, дәріптеу . Осы мақсатқа жету үшiн зерттеу барысында мына мiндеттердi жүзеге асыру көзделдi:

- Алматы музейлеріндегі қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары коллекциясына сипаттама беру;

- дәстүрлі қару-жарақ түрлерін музейлік лекция мен экскурсия жүргізу барысында қолдану әдістемесіне талдау жасау;

- қару-жарақты экспозициялау мәселесі және заманауи тенденцияларды қолдану арқылы музейлік мененджмент пен маркетингтің дамуына үлес қосу ;

- тарихи-мәдени жәдігер ретіндегі құндылықтармен байланыстыра салыстырмалы түрде талдау жасау;

- дәстүрлi қару-жарақ жүйесi арқылы қазақ этносының дамуына байланысты тiкелей немесе жанама мәлiметтердi қарастыру;

- қазақ халқының қару-жарақты дәстүрлi жүйелеу негізінде қарастыру, қару мен жарақтардың, құрал мен саймандардың классификациясын айқындау;

Магистрлік диссертацияда қазақтардың көне заманнан келе жатқан дәстүрлi қару-жарақтары, суық қару, ату қаруы және қорғаныс жарақ түрлерінің ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы үлгілерінің жасалу, жергілікті және сақталу ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасалып, жан-жақты қарастырылды.

Диссертациялық жұмысының деректік негізі. Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтарын зерттеудiң негiзгi материалдары ХVІІІ, ХІХ және ХХ ғ. басына тән заттық ескерткiштер-Алматы қаласы Мемлекеттік орталық музейіндегі «Қару-жарақ, ат әбзелдері қоры» коллекциясында сақтаулы қазақ қару-жарағының үлгілері, Ә. Х. Марғұлан, Х. А. Арғынбаев, С. С. Қасиманов, Ә. С. Тәжімұратов, Қ. С. Ахметжанның еңбектерінде жарияланған тақырыпқа қатысты еңбектер деректер көз болды.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі этнология бөлімінің жұмыс қорында сақталған қазақ қару-жарағына қатысты музейлiк және басқа сипаттағы түрлi құжаттық материалдар, басқа да музейлік деректер пайдаланылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Мұражайдың шығу тарихы
Қазақстан Республикасының геологиялық мұражайлары
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайының ақпараттар жүйесін құру
Ат әбзелдері, ер тұрмандар, қару-жарақтар
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Қыпшақ хандығы жайлы
Мектеп музейін ұйымдастыру және оның кейбір мәселелері
Музейлердің қор жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz