Коммерциялық банктегі ақша қаражаттары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ4

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕГІ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . 7

1. 1 Ақша қаражаттарының экономикалық мәні, қызметі. 7

1. 2 Ақша қаражаттары есебінің ХҚЕС сәйкес ұйымдастырылуы12

1. 3 «Каspi Bank» АҚ есеп саясаты және оның техника-экономикалық көрсеткішін талдау17

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ28

2. 1 «Каspi Bank» АҚ кассадағы ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру. 28

2. 2 Ұлттық Банк корреспонденттік шотындағы ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру. . 34

2. 3 Басқа банктердегі корреспонденттік шоттардағы ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру (Инкассация, айырбастау пунктері, шетел валюталарының есебі) 40

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ҚОЗҒАЛЫСЫН ТАЛДАУ. . 48

3. 1 Банктік операцияларды аудиторлық тексерудің маңызы, жоспар құру және оны қолдану48

3. 2 Коммерциялық банктердегі ақша қаражаттарына аудиторлық тексеру жүргізудің маңызы мен мәні54

3. 3 Коммерциялық банктің активтерін жетілдіру шаралары. 59

ҚОРЫТЫНДЫ. . 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР71

ҚОСЫМШАЛАР. 73

КІРІСПЕ

Бүгінде қаржылық операцияларды реттеуді, төлем түрлері мен нысандарын жетілдіру- заман талабына сай қызмет көрсету кепілі. Яғни, барлық қаржылық қатынас ақша қаражаттары негізінде жүргізілгендіктен жауапты тұлғалар арқылы іс-шаралар атқарылуы керек. Осы шаралар арнайы банктік ұйымдар арқылы орындалып, қызметті пайдаланушылар мен ақша жұмсаушылардың мақсатты пайдалану жолын бағыттайды.

Банк-ерекше кәсіпорын. Егер уәкілдігі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал Банк қызметінде ол тауар орнына жүреді.

Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т. с. с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т. б. қызметтерді де атқарады.

Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор) депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т. б. жатады. Коммерциялық Банктер бұлармен қатар делдалдық және сенімдік (коммандиттік) операцияларды да жасайды.

Ақша қаражаттары мен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттік деңгейін дәл бағалау үшін қажет. Өтімділік туралы ақпарат кәсiпорынның өз қаржы мiндеттемелерiн мерзiмiнде орындау қабiлетiн болжау үшiн пайдалы. Өтімділіктің болашақта қаржылық жағдайынының жақсаруына қатысы бар.

Сонымен қатар, төлем қабiлеттiлiгiнiң қаржы мiндеттемелерiн олардың мерзiмдерiнiң басталуына қарай дер кезiнде орындау үшiн неғұрлым ұзақ уақыт кезеңi iшiнде ақшалай қаражаттардың тұрақты болуына қатысы бар.

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында келтірілген сипаттамалардан ақша қаражаттары мен олардың баламалары айналымдық активтердің ажыратылмас құрамдас бөлігі екенін көрсетеді. Бұл арада активтер - ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар [2] .

Ал ақша қаражаттарының баламаларына-алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар жатады. Сондықтан ақша қаражаттарының қозғалысы-ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдерінен құралады.

Ақша қаражаттарымен операциялар жүргізу жеткілікті түрде заңдық және басқа да нормативтік құжаттармен реттелген. Десек те, оларға елеулі қателер жіберуге алып келуі мүмкін басқа да циклдар әсерін тигізеді. Себебі, шаруашылық операциялары циклдарында барлық уақытта дерлік шоттарды төлеу жүзеге асырылып отырады. Баланстағы ақша қаражаттарының шоттары бойынша қалдық үлкен болмайды, бірақ олардың келіп түсуі мен шығуы бойынша үлкен айналымдар орын алады. Сондықтан, ақша қаражаттары қозғалысының кәсiпорын есебiнде көрсетiлуiнiң жеңiлдiгiне қарамастан, аудиторлық тексерiстерде қателер мен бұзушылықтардың едәуiр көп саны анықталады. Қателер ақша қаражаттарын рәсiмдеуде, олардың қозғаласын шоттар жүйесінде көрсетуде, қаржылық есептілікті есептегенде пайда болады.

Қаржы ресурстарын кәсiби басқару қазiргi сандық талдау әдiстерiн пайдалана отырып кәсiпорынның қаржылық - экономикалық жағдайына, соның ішінде ақша қозғалысына, терең талдау жүргiзудi талап етедi. Осыған байланысты бүгiнгi күнi қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Қаржылық талдаусыз кәсіпорынның экономикалық жағдайына кешенді баға беру, оның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыруды жобалау мен болашақта банкроттылық ықтималдығына баға беру мүмкін емес.

Бухгалтерлік есептеудің тек қана ұқыпты жоспарланған ұйымдастыру жүйесі нарықтық экономика шарттарында алдына қойған тапсырмаларына және мақсаттарына сай келе алады.

Қазіргі күні қаржылық мәліметтерге, банк басшылығының қабылдаған шешімдерінің талдануына, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарды жасауға жауапты қаржылық мамандар болып табылады. Сондықтан банк ісі маманы қаржылық талдауды нақты және тиімді жасай білуі үшін ақша қаражаттарының қоғалысының теориялық және тәжірибелік аспектілерін терең білуі керек. Тек сонда ғана банктің тиімді және рентабельді іскерлігін қамтамасыз етіледі. Сол себепті таңдалған дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі кезеңде өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі- коммерциялық банктердегі ақша қаражаттарының есебінің түсінігі, оның есебін ұйымдастыруға және жетілдірудегі кейбір мәселелерге арналған және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.

Дипломдық жұмыстың мақсаты- банктегі ақша қозғалысының есебі және аудит жүргізу әдістерін зерделеу және ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жолдарын анықтау.

Осы мақсатты ескере отырып дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері ретінде келесілерді атап өтуге болады:

  • ақша қаражаттарының экономикалық маңызы мен мәні, банктегі жіктелімі;
  • зерттеп отырған банк ұйымының мәліметтерінің негізінде, ақша қаражаттары қозғалысының жүргізу тәртібін ашып - көрсету;
  • ақша қаражаттары қозғалысына талдау жүргізу әдістерін зерттеу;
  • қаржылық есептіліктің қаржылық жағдайды талдаудағы ақпараттық базасы ретіндегі мәнін ашу;
  • ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің халықаралық

қаржылық есептіліктің стандарты құрамындағы маңызы;

  • ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті талдау әдістерін

меңгеру және олардың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін дайындау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып «Kaspi Bank» АҚ ақша қаражаттарының қозғалысы мен қалыптасуы және аудит жүргізу тәртібі табылады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде: ақша құралдары мен баламаларына түсінік беріліп, коммерциялық банктегі ақша қаражаттары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері зерделенген.

Екінші бөлімінде «Каspi Bank» АҚ кассадағы ақша қаражаттарының есебін ұйымдастыру мен ақша қаражаттары қозғалысын ХҚЕС сай жүргізу тәртібі қарастырылған.

Үшінші бөлімде ақша қаражаттары қозғалысына аудит жүргізу әдістері қолданыла отырып банктің активтерін жетілдіру шаралары қолданылады.

Қорытынды бөлімінде ізденушінің зерттеу барысында қол жеткізген қорытындылары мен ұсыныстары берілген.

Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, аудит пен талдауды реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар, методикалық нұсқаулар, арнайы әдебиеттер, зерттеліп отырған мәселе бойынша шетел және отандық экономистердің ғылыми еңбектері қолданылды. Зерттеу монографиялық, экономика-статистикалық тағы басқа әдістер негізінде жүргізілді.

Дипломдық жұмыста 3 бөлім, 6 кесте, 4 сурет және 13 формула бар. Жалпы 72 беттен тұрады

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕГІ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Ақша қаражаттарының экономикалық мәні, қызметі

Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. Карл Маркс айтқандай: «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».

Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындай үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр.

Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.

- жалпыға тікелей айырбасталу;

- айырбас құнының дербес формасы;

- еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуімен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т. б.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Қаржылық - шаруашылық қызметімен және көрсетумен айналысатын ұйымдарында үздіксіз есеп-айырысу қарым-қатынастары келесілермен пайда болады:

  • тауарлы-материалдық құндылықтар алынған жабдықтаушылармен;
  • тауарлы-материалдық қоры жіберілген, тиелген сатып алушылармен;
  • оны жеткізгені үшін көлік тасымал кәсіпорындарымен;
  • салық және басқа да бюджетке жіберілген төлем бойынша қаржылық

органдармен;

  • алынған және жабылған қарыз бойынша банктермен;
  • әр түрлі шаруашылық операция бойынша әр түрлі ұйымдармен,

тұлғалармен;

  • еңбекақы бойынша тұлғалар мен қызметкерлермен.

Ақшамен есеп айырысудың негізгі көлемі банк мекемелерімен бақыланады және есеп айырысу шотындағы есеп жүргізеді. Мысалға келтіргенде, ақша қаражаттары төлеушінің шотынан есептен шығарып, қабылдаушының шотына аударып қолма-қолсыз төлем формасы ретінде есепке алады. Қолма - қолсыз есеп айырысуды қолдану мемлекетке банктегі бос ақша қаражаттарды жинақтап, қатаң бақылауға алуға және жеке мекемелердің қолма-қол ақша тапшылығын қысқартып, ақша қаражаттарының толық сақталуын қамтамасыз етеді.

Осыдан басқа халықтық тұтыну тауарларды сату - сатып алу бойынша жеке сауда ұйымдарымен жеке тұлғалар арасындағы есеп айырысу операцияларында тауарды сатудан түскен пайда кассаға түсіп, содан кейін банктік шотқа өткізілетін көп көлемде ақша - қаражаттар қатысады. Осылайша кәсіпорындардың пайдасы банктердің кассасына қолма-қол ақшалардың қайтып келуінің негізгі каналы болып есептелінеді. Осыдан, кәсіпорындағы табыстың түсуі мен және оларды банк кассасына өткізілуін қадағалау объективті қажеттілігі туындайды.

Өнімді өткізу немесе қызметті көрсетуден түскен табысты дер кезінде банктік шотқа аудармау кәсіпорындардың ақша-қаражаттар айналымының төмендеуі мен олардың жеткізушілерінің шоттарын дер кезінде төлеу мүмкіндігінен айырып, төлеммен қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады. Бұның нәтижесінде, айыппұл және өсімпұлдарды төлеуге әкеліп, бұның барлығы кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне кері әсерін тигізеді.

Банктік мекемелер еңбекақыны төлеуге, уақытша жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға және т. б. шаруашылық операциялық шығындарға ақша бөлінетін есеп айырысу тәртібін орындауын қадағалайды. Банктен алынған қолма - қол ақша қатаң түрде алынған мақсат бойынша жұмсалу қажет. Жұмсалмаған қаражат қайтадан банктік шотқа қайтарылуы қажет.

Ақша айналымының принциптеріне сәйкес жүргізілген қаржылық есептілік және несиелік операциялар мемлекеттегі ақша айналымын жақсартуға, қаржылық есептілікті және кассалық тәртіпті сақтауға көмектесіп есеп айырысуды дұрыс ұйымдастырып, материалдар мен ақша ресурстарын мақсаты бойынша пайдалануға және барлық банктік ұйымдардың қаржылық-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін көтеруге көмектеседі.

Мақсатқа сай жүргізілген ақша қаражаттарының қолданылуын жүйелі қадағалауын және есеп айырысу тәртібін қатаң сақтаудың ең қажетті жағдайы ақша қаражаттарының мақсаты бойынша жұмсалуын және сақталуын қамтамасыз етіп, кассалық және есептік тәртіпті сақталуына жауап беретін ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі мен есеп айырысу операциясына жауапты рационалды ұйым болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін көбінесе ақша қаражат есебінде келесі мәселелерді шешу қажет:

  • банктік қызмет көрсетуден түскен табыс толығымен кассаға түсуін

күнделікті қатаң қадағалау;

  • банктегі қолма-қол ақшаның сақталуын және айналымын тұрақты

бақылауға алу;

  • құжаттарды рәсімдеудің тіркелген тізімін сақтап, шаруашылық

операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында дер кезінде және дұрыс көрсету;

  • банктік қызмет көрсетуден түскен табыстың барлығын банк

кассасына толық өткізілуін қадағалап, табыстан алынған қолма-қол ақшаны қатаң шығыс нормаларына сай жұмсау;

  • есеп айырысу шотында, кассада және т. б банк шоттарындағы ақша

қаражаттарының түгендеуін дер кезінде жүргізіп, жоғалуы анықталған ақша қаражаттарды дер кезінде қайтарып, бухгалтерлік есеп шоттарында нәтижелерін көрсетіп, қаржылық есептіліктегі баптардың толық әрі нақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша қаражат есебінің жоғарыда көрсетілген мәселелерді сәтті шешу үшін ақша қаражаттарымен айналысатын міндетті тұлғалардың есептілік тәртібін қатаң сақтауда негізделген кассалық тәртіпті сақтау;

Банктің бас бухгалтері белгілі бір шектеуден шыққанда кассалық, тауарлық, аванстық есепті өткізуге, чектік кітапшаны дұрыс сақтамау жағдайында белгілі бір мақсатсыз шоттан ақша шешуге, ұйым табысын кейін өткізуге ешқандай құқысы жоқ және бұндай көзқарас есеп тәртібін бұзуға әкеледі. Бұндай қаржылық тәртіпті бұзушылықтар кассалық тәртіпті сақтауды әлсіретіп, ұрлау, жұмқыру фактілеріне әкеледі [11] .

Кассалық тәртіпті қатаң сақтау үшін Банктің бас бухгалтері алдын ала ақша қаражаттарының экономикалық-шаруашылық мақсаттылығын көрсетіп, кассалық құжаттарды толтырған, рәсімдеген сәтте алдын-ала бақылау тексеру жұмыстарын жасау қажет.

Ақша қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету және рационалды пайдалануда кассалық есептілікті қадағалау үшін ақша қаражаттарының периодты жасаудағы инвентаризациясын және есеп жазбаларының дұрыстығын тексеру кезінде өткізілетін кейінгі бақылау өте үлкен рөл атқарады.

Нарықтық экономикада заңды және жеке тұлғалар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәлімелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:

1) Банк жүйесі арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен.

2) Қолма - қол ақшамен төлеу түрінде.

Ақша қаражаттарын сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырылысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері: ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын; шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды; бюджеттік мекемелерге; республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды; Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

Касса - есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақытылы төленуін бақылап, әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма-қолсыз ақша аудару жолымен төлем жасау есеп айырылысудың негізгі нысаны болып табылады.

Ақша қаражаттарын бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма - қол есеп айырысу үшін, қолма - қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі.

Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері:

  • қолма-қолсыз ақша аудару жолымен және қолма-қол ақшамен қажетті есеп айрысуларды уақытылы және дұрыс жүргізеді;
  • ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету;
  • кассадағы есеп айрысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау;
  • есеп айрысу-төлем тәртібінің сақталуына, материалдық мен қызметтер үшін сомалардың ауқытуы аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

Бухгалтерлік есептің 1 «Қаржы есептiлiгiн ұсыну» қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес актив, егер:

  • оны сатып-өткізу болжамдалса, немесе банктің қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынса;
  • ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге ұсталып отырса және оны сатып - өткізу баланстың күнінен кейін он екі айдың ішінде күтілсе;
  • пайдалануда шек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі [9] .

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.

Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды. Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер және т. б. қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;

- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;

- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тезорындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар ақша белгілері орындайды.

Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы - несие қатынастарына да қызмет етеді.

Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтастыруға болады:

тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қорының есебі және тапсырмалар
Коммерциялық банк операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Коммерциялық банктегі қаржы менеджменті
Банктегі макро/микро деңгейде пассивтерді басқару әдістері
Ақша теориясы және ақша қаражаты
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz