Қашықтан оқыту жүйесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ8
1. ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ10
1. 1 Қашықтан оқытудың білім беру саласындағы рөлі10
1. 2 Қашықтан оқытудың тиімділігі12
1. 3 Үзіліссіз кәсіби білім беру жүйесіндегі қашықтан оқыту13
1. 4 Қашықтан оқытудың негізгі ерекшеліктері14
1. 5 Қашықтан оқыту жүйесіндегі мүмкіндіктер16
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ18
2. 1 Қашықтан оқыту мен сырттай оқытуды салыстыру18
2. 2 Қашықтан оқыту жүйелерінің жіктелуі20
2. 3 Қашықтан оқытуды ұйымдастыру модельдері21
2. 4 Қашықтан оқытудың негізгі модельдері24
2. 5 Қашықтан оқыту технологиясын сараптау26
3. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ28
3. 1 Қашықтан оқытудың жаңа технологиялары28
3. 3 HTML ортасында құрылған оқулықтың программалық жабдықталуы31
3. 3. 1 JavaScript тілі туралы түсінік31
3. 3. 2 Электрондық оқу құралын HTML ортасында жасау32
3. 4 «Web технология» пәнінің оқу-әдістемесін құрастыру34
3. 5 Электрондық оқулықтың құрылымы34
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ38
4. 1 Қашықтан оқыту үшін құрылған программалық қамсыздандырудың технико-экономикалық негізі38
4. 2 ПҚ енгізудегі экономикалық тиімділікті есептеу38
4. 3 Бағдарламаны енгізуге дейінгі шығындарды есептеу43
4. 4 Программаны енгізгеннен кейінгі шығындарды есептеу44
4. 5 Жылдық экономикалық тиімділікті есептеу45
5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ46
5. 1 Еңбек қауіпсіздігі түсінігі46
5. 2 Жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі46
5. 3 Электромагниттік өрістер49
5. 4 Өрт қауіпсіздігі49
5. 5 Жарықтандыру50
5. 6 Электр қауіпсіздігі52
ҚОРЫТЫНДЫ53
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ54
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕАдамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуді салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастады. Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды, қажет болса өз қызметіне жақын, тіпті жаңа мамандықты игеріп отыруды талап етеді. Орта мектепте оқушылар білімдерінің негізі қаланатын болғандықтан, олар жан-жақты білімді болу, әлемде болып жатқан өзгерістерден тыс қалмау үшін, ауқымды желіге қосылу, қажетті ақпаратты іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуды үйренуі тиіс. Бүгінгі күніде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болған жағдайда өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтан білім алу жүйесі» мүмкін болып отыр. «Қашықтан білім алу » әр адамның өзіндік жеке қажеттілігін ұғынуға, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуге мүмкіндік береді.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Оқу орындарында да қашықтан оқыту жүйесі қазір қарқындап дамуда. Басқа оқыту жүйелерімен салыстырғанда, бұл өте маңызды, пайдалы оқыту жүйесі болып табылады. Сонымен қатар демократиялық оқыту жүйесіне жатқызуға болады, себебі кез - келген адам осы жүйенің арқасында салыстырмалы түрде аз ғана материалды жұмсау арқылы өзіне мамандық ала алады, біліктілігін көтере алады, өзінің білімін жаңа білім орталықтарымен толықтыра алады.
Қашықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты - жеке адамды интеллектуалды дамыту, ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету және оның ерекшелігі - ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады. Себебі мұғалімнің мұнда сабаққа қатысуы міндетті емес. Яғни оқушы бейнекассеталармен, компакт дискілермен жұмыс жасайтын бағдарламалармен өзі сабақ өтеді. Бұдан педагогикалық жүйені ешбір мәні өзгермейді. Тек айырмашылық - оқытушымен оқушының арасындағы алшақтық. Бұл жүйеде басқа білім беру жүйесіндегі сияқты барлық компоненттер қарастырылады (мақсат, тапсырмалар, мазмұны, әдісі, оқыту құралдары), бірақ олар арнайы интернет - технология құралдары арқылы жүзеге асады.
Қашықтан оқыту бұл - оқытудың сырттай, күндізгі түрлерімен қатар келе жатқан оқытудың жаңа түрі. Оқытуда, адамды тәрбиелеуде қандай форма қолданылса да, ол педагогика ғылымының заңдылықтарына, педагогикалық психологияға сай болу керек. Сондықтан қашықтағы педагогиканы ғылым орталығынынан бөлек қарастыру дұрыс емес. Қашықтан білім алу немесе оқыту ол базалық және қосымша болуы мүмкін (қашықтағы семинарлар ұйымы, конференциялар, олимпиадалар) . Егер қашықтан оқыту жүйені өзіндік жүйе ретінде қарасақ, онда логикалық түрде бірегей ақпараттық білім беру жүйесін міндетті түрде құру керек деп қорытындылауға болады. Себебі ол барлық мүмкіндіктегі электронды ақпарат көздерін өзіне бағындырады: виртуалды кітапханалар, әр түрлі мәліметтер қорын, электронды оқыту жүйелері, әдістемелік бірігулер.
Қазір біз біздің елмен, шетел мемлекеттері қашықтан оқыту жүйесін толық қолдап отыр деп анық айта аламыз. Бұдан біз қашықтан оқытуды дидактикалық қамтамасыз етуіміз қажет: электрондық курстар құру, оқулықтар, оқу жүйесін ақпараттық қамсыздындыру, педагогикалық технологияларды өндіру, яғни педогог - координаторларды немесе тьютер дайындау, оқыту түрлері мен әдістері.
Қазіргі әлемде қашықтан оқытудың жедел дамуының негізгі себебі - әлемдік экономиканың ғаламдануымен итермеленетін білім алуға деген өсіп жатқан сұраныс. Бұл сұранысты дәстүрлі білім беру институттары және дәстүрлі оқыту тәсілдері қанағаттандыра алмайды, компьютерлік технологияларға негізделген қашықтан оқытудың кең қолданылуы, онлайн тәртібінде оқытудың дамуы, осындай қызметке маманданған жаңа құрылымдардың пайда болуы осы жағдаймен түсіндіріледі.
Қашықтан оқытуды жоғарғы білім алу үшін, білім деңгейін жоғарылату және мамандарды қайта дайындау, қызметкерлердің білімін тексеріп отыру үшін пайдалануға болады. Тыңдаушының өз үйінде, жұмыс орнында немесе өз қаласындағы компьютерлік класта білім алуға мүмкіндігі бар, ендеше ол оқу орнына баруға уақыт пен ақша жұмсамайды. Сонымен қатар, тыңдаушы оқу курстарын кез келген ретпен және өзіне тиімді жылдамдықпен өте алады. Осының бәрі қашықтан оқытуды дәстүрлі оқытуға қарағанда сапалы, қол жетерлік және әлдеқайда арзан етеді. Сонымен қатар, қозғалу қиынға соғатын белгілі бір адамдар тобы - мүгедектер бар, олар үшін қашықтан оқыту білім алудың жалғыз мүмкін формасы болуы ықтимал [5, 7] .
Қашықтан оқытудың негізгі ақпараттық ресурсы оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) болып саналады. ОӘК оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету үшін құрылады және ол мемлекеттік талаптарға сай болу керек. ОӘК деп негізі оқулық болып саналатын дидактикалық-әдістемелік құралдар жиынтығын атайды. Оқулық оқушының танымдық қызметін басқарудың әдістемелік жүйесінің (оқыту-жоспарлаушы құжаттар, сабақ жоспарлары, оқытушыға арналған әдістемелік нұсқаулар, теориялық және практикалық сабақтардың мазмұны, көрнекіліктер, арнайы терминдер сөздігі, әдебиеттер) бүтіндігін қамтамасыз етеді
Диплом жұмысының тәжірибиелік құндылығы: HTML, CSS, JavaScript және PHP тілдерінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, пайдалануға жеңіл қарапайым құрылымдағы кешенді электрондық оқулық жасап шығарылды.
Қашықтан оқытуды енгізудің тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін даму Тұжырымдамасында ашық оқу кеңістігі идеясы атап көрсетілген: «Аймақтық деңгейде білім сапасын көтеру мақсатында қашықтан-виртуалды оқытуды және жаңа білім беру технологияларын өңдеу және енгізу қажет».
Білім берудің жаңа моделіне сәйкес оқытуда басты назар білім алушыға аударылады. Қашықтан оқытуда білім алушылар курс мазмұнын, оқу стратегиясы мен оқыту қорларын таңдауда және бақылауда кең мүмкіндікке ие.
Қашықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ) - уақыт бойынша келісімге және кеңістікте тағайындалуға бейтарап, оқытушы мен студенттер арасында оқыту құралдарымен интерактивті (сұхбаттық), асинхронды және синхронды өзара әрекеттесу мақсатына бағытталған үрдіс. Қашықтан оқытудың негізгі сипаттамалары 1. 1-суретте берілген [12] .
1. 1-сурет. Қашықтан оқытуға тән сипаттамалар
Қашықтан оқытуды енгізудің мақсаты. Қашықтан оқыту жүйесін құрудың мақсаты ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдана отырып ҚР ғылым және білім беру жүйесінің жұмыс істеу тиімділілгін көтеру мақсатында географиялық, физикалық орыннан тәуелсіз халықты қашықтан оқытумен қамтамасыз ету. Қашықтан оқыту жүйесін құру оқу үрдісінің белсенділігін қамтамасыз ететін қашықтан оқыту мәселелерін, мақсаттарын іске асырады, бұл білім алушының өз бетімен жұмыс істеу уақытының көлемі артуына және оқытушының үнемі оқу үрдісін қолдауына мүмкіндік береді. Салдар ретінде оқытушының кәсіпқойлығының сапасына жоғары талап қойылып, оның жұмысы кеңейеді, қиындайды, сабақ өту әдістемесі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жетілдіріледі [22] .
Қашықтан оқытудың мәселелері. Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда төмендегі мәселелерге назар аудару керек [23] :
- қашықтан оқытуда студенттердің уақытын үнемдеу және ақпараттық қызмет көрсетуді жақсарту;
- ақпараттарды тарату, өңдеу, жинау сатыларын қамтитын міндетті стандарттарды қолдана отырып, мемлекеттік органдар жүйесіне және ақпараттық қорлар жүйелік интеграциясы үшін жағдай жасау;
- веб мазмұнда жарияланған ақпараттардың жетуінің шапшандығын, нақытылығын, өзектілігін және қайшылықсыздығын қамтамасыз ету;
- жүйелер арасындағы өзара әрекеттесуді ақпараттық қамтамасыз етудің тиімді механизмін құру;
- ақпараттарды өңдеу және жинауда процедуралардың көшірмелерін жібермеу;
- нақты уақытта оқу-әдістемелік кешенді профессор-оқытушылар құрамына ұсыну мүмкіндіктері;
- ашық ақпараттық қоғам жағдайында педагогикалық ұйымда және білім беру мекемелерінде қалыптық құқықтық және методологиялық қор құру;
- халықаралық және ұлттық индикаторлар бойынша білім беру жүйесінің дамуына мониторинг жасау;
- ақпараттық компьютерлік технологияларды, қашықтан оқыту жүйесін және электрондық оқыту қызметін қолдана отырып жастар мен педагогикалық ұжымды жаппай оқыту;
- жоғарғы білімді компьютерлендіру.
Қашықтан оқытуды жүзеге асыру кезеңдері [22] :
- электрондық оқыту басылымын өңдеу және қолдау;
- оқу бағдарламаларын басқару;
- қолданушыларды құру, өзгерту және жою;
- оқыту үрдісін қолдау;
- электрондық кітапхананы және тест қорын құру, толықтыру, динамикалық жаңарту;
- жалпы жүйеге, оқыту бағдарламасына сын пікірлер, ұсыныстар алу және жұмыс сапасын жақсарту мақсатында барлық қолданушылар үшін кері байланысты қамту.
Зерттеулер көрсеткендей, оқитындардың кем дегенде 80 пайызы оқу материалдарын кез келген формада нәтижелі қабылдай алады. Бұл адамдардың басым бөлігі сапалы түрде қашықтан оқи алатынын білдіреді.
Электрондық оқытуды қолданатын компаниялар қызметкерлерімен жүргізілген сауалнама нәтижесіне сүйенсек: 87% - жұмыс уақытында оқуды қалайды, 84% - оқуды электрондық формада қайта өткісі келеді, 52% - арнайы компьютерлік класта емес, өз жұмыс орнында оқуды жөн көреді. 38% - электрондық оқыту формасын дәстүрлі оқудан нәтижелі деп санайды [24] .
Қашықтан оқытуды қолдану білім алу тәртібіне бірқатар өзгешеліктер енгізеді (1. 2-сурет) . Қашықтан оқуды өз бетімен немесе on-line класта ұйымдастыруға болады. Оқитын адам оқу уақытын өзі таңдай алады - таңертең бе, әлде кешке ме, қыста болсын, көктемде болсын. Ол өзі үйінде оқуды немесе Қашықтан Оқыту орталықтарының бірінде оқуды таңдай алады. ҚО дәстүрлі оқыту сияқты нәтижелі болуы мүмкін, әсіресе, оқыту технологиясы мен әдісі студент пен оқытушының мақсаттарына, қалауларына және мүмкіндіктеріне жауап берген жағдайда. Әсіресе студенттер арасындағы әрекеттесу мен оқытушылар мен студенттердің уақытылы қарым-қатынастары тиімді болады.
1. 2-сурет. Қашықтан оқытудың дамуындағы негізгі тенденциялар
Қашықтан оқыту күнделікті уақытының басым бөлігін жұмыста өткізетін, балаларымен немесе отбасымен болатын, немесе қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар (мүгедектер) үшін жаңа білімдер мен біліктер игерудің жалғыз мүмкін тәсілі болып есептеледі. Қазіргі кезде ҚО арқасында өз пәтеріңнен шықпай, тіпті орныңнан тұрмай-ақ кез келген пәнді меңгеру мүмкіндігі шындыққа айналды [25] .
Үзіліссіз кәсіби білім беру жүйесіндегі қашықтан оқытуҚО-ның құрылуы мен дамуының тарихи-педагогикалық талдау мәселесі бүгінгі күнде әлемде ара қашықтан оқыту жүйесін іске асыру тәжірибесінің (ҚОЖ) жинақталғанын көрсетті. Білім берудің дәстүрлі емес формасына көшудің әлемдік тенденциясы толығымен жаңа технологиямен дайындық жүргізетін ЖОО-лардың санының өсуінен көрініс табады [1] . Егер 1980 жылы олардың саны 187 болса, онда 1995-жылдары 700-ге жуық болды.
АҚШ-та ҚО жүйесімен 1 миллионға жуық адам оқиды. 40 инженерлік консорциумды көрсететін Ұлттық Технологиялық Университеті 90-жылдардың басында магистр дәрежесінде қашықп оқыту әдісінің көмегімен 1100-ден аса студенттерді даярлауды қамтамасыз етті. Университеттердің жартысынан көбінде ересектерді оқытуда АО технологиясы пайдаланылады. АО үшін теледидар кеңінен пайдаланылады. Ересектерді оқыту программасы ғылым, бизнес және басқару курстарын қамтиды.
20 жылдан аса уақыт Ұлттық Университет АО (UNED) -ны Испанияда жасады. Ол өзіне елдің ішінде 58 және шет елдерде 9 оқу орталығын біріктірді. Ересектер үшін сырттай жоғары білім беруді ұйымдастыру мақсатында 1998 жылы құрылған. Ол білім беру министрлігінің бөлімшесінің бірі болып табылады және тікелей жоғары білім беру жөніндегі мемлекеттік хатшыға бағынышты. Оның құрылымында білім дәрежесін жетілдіру жүйесі, жеке жағдайда, орта мектептердің оқытушылары бар. Франциядағы ҚО ұлттық орталығы әлемдегі 120 елде қашықтан оқытуда 35000 пайдаланушыны қамтамасыз етеді.
ГФР-дің Хаген қаласындағы (1976 жылы құрылған) ашық университет сырттай білім алу мен білімді жетілдіруге мүмкіндік береді. Университет диплом береді және ғылым докторын қоса алғанда әртүрлі дәреже тағайындайды. Тюбинген қаласындағы ҚО институты оқыту үшін радио мен теледидарды пайдаланатын программа құрды. 2500 оқу курсын дайындауда 5000 оқытушы қатысады. Швециядағы Балтық Университеті балтық аймағындағы елуден аса университеттердің күшін біріктіреді. ҚО технологиясы бойынша Уасалы, Лунда, Гетеборг, Умео және Линчепинг қалаларындағы университеттерде білім алуға болады. барлық оқу ғимараттары оқытушылардың консультациялары мен арнайы құрастырулар негізінде университеттен тыс орындалады. Емтихан тапсыру үрдісі тікелей ЖОО-да жүзеге асырылады [2, 3] .
70-жылдардан Финляндияда 10 университеттің жанында ҚО Орталықтары, сонымен қатар студенттер саны 30 000 адам болатын 20-дан аса жаздық университеттер құрыла бастады.
Турцияда 1974-жылдан алыс аудандардың тұрғындарына білім алуға көмек беру мақсатымен ашық университет жұмыс істейді. Тыңдаушылар университеттен қажетті оқу материалдарының пакетін алады және қосымша олар үшін оқу радио және телепрограммалар өткізіледі, жазғы курстар ұйымдастырылады, оларда кешке және демалыс күндері де оқу мүмкіндігі ұйымдастырылған. Осындай оқытумен 120 000-нан аса тыңдаушылар қамтылған.
ҚО-ға ұқсас білім беретін мекемелер Австралияда жұмыс істейді және Швейцарияда тұрғызылу стадиясында орналасқан[2] . Европадағы Андорра сияқты кішкентай елде ҚО жүйесін құру программасы бар.
ҚО әлемнің басқа аймақтарында да дамып жатыр. ҚО дамыған мегауниверситтетің мысалы ретінде, Қытай телеуниверситетін (Қытай), Индира Ганди атындағы Ұлттық ашық университетті (Үндістан), Пайнам Ноор университетін (Иран), Корей Ұлттық ашық университетін (Корея), Оңтүстік ашық университетін, Сукотай Тампариат ашық университетін (Таиланд) келтіруге болады [64] .
Японияда 80-жылдардың басынан "Университет эфирде" жұмыс жасайды. Бұл бюджетте орналасқан және сауаттандыру министрлігінің қатал бақылауындағы, бірнеше гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану профиліне ие болған мемлекеттік мекеме. Белгілі уақыттарда теледидар мен радио арқылы лекция аударылады. Әрбір таңдалған пән бойынша оқушылар аптасына сағаттық лекцияны екі рет тыңдауы тиіс. Әрбір префектурада құрылған арнаулы оқу орталықтарында консультациялар беріледі. Тыңдаушылардың негізгі бөлігі бес жыл оқытылады және емтиханды табысты аяқтаған соң бакалавр дипломын алады. Ашық университеттің сынақ бірліктері басқа университтердің сынақ бірліктерімен тең болады[2] .
Тұрғындарының білім деңгейі төмендеу және білім үрдісінің техникалық жабдықталуы жеткіліксіз Таяу Шығыс пен Орталық Африка сияқты елдерде ҚО-ның дамуы басқа аймақтардағы ҚО-ның дамуына қарағанда артта қалып келе жатқаны назар аудартады.
Қашықтан оқытудың негізгі ерекшеліктеріҚО-ның отандық және шет елдік тәжірибесіне талдау жасау ҚО-ға тән ерекшеліктерді атап көрсетуге мүмкіндік берді. Олардың ішінде:
- "Иілгіштік". Оқитындар өзіне ыңғайлы жерде, қолайлы уақытта және екпінді жұмыс жасайды. Әркім пәннің курсын меңгеру мен таңдаған пән бойынша қажетті білім ала алады.
- "Модульдік". ҚО программасының негізіне модульдік принцип жатады. Оқушы меңгерген әрбір жеке пән (оқу курсы) белгілі пәндік аймақтың мазмұны бойынша теңбе-тең. Бұл тәуелсіз оқу курстарының жиынынан жеке және топтық қажеттіліктерге жауап беретін оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді.
- "Параллельдік". Оқу негізгі кәсіби іс-әрекет оқумен бірге, басқаша айтқанда "өндірістен қол үзбей" өткізілуі мүмкін.
- "Алыстан әрекет жасау". Оқушының орналасқан жерден білім беру мекемесіне дейінгі (байланыстың сапалы жұмысы кезінде) ара қашықтығы тиімді білім беру үрдісі үшін кедергі болмайды.
- "Асинхрондылық". Оқу үрдісінде оқушы мен оқытушы әрбір сабақ кестесі үшін ыңғайлы жұмыс істейді.
- "Қамту". Бұл ерекшелікті кейде "жаппай" деп айтады. Оқытушылардың саны сынды параметр емес.
- "Тиімділік". Бұл ҚО-ның экономикалық тиімділігімен түсіндіріледі.
- "Оқытушы". Оқытушының жаңа ролі мен функциясы жөнінде сөз болады.
- "Оқушы". Оқушыға қойылатын талап дәстүрліден ерекше болады.
- "ЖАТ" (жаңа ақпараттық технология) . ҚОЖ-да ақпараттық технологияның барлық түрі пайдаланылады, бірақ ерекше жаңа ақпараттық технологиялар компьютерлер, компьютерлік желілер мен мультимедиа жүйелері және т. б құралдар болып табылады.
- "Әлеуметтік". ҚО белгілі дәрежеде тұрғылықты жері мен материалдық жағдайына тәуелсіз білім алудың тең мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік салмақты түсіреді.
- "Интернационалдық". ҚО білім беру қызметіндегі импорт пен экспорттың қолайлы мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Саналған ерекшеліктер білім алудың басқа формаларының алдында оның артықшылығын көрсетеді. Бірақ оқытушы мен оқушыға бір уақытта жағдайдыжеңілдетпей, керісінше еңбек шығынын өсіре отырып, белгілі спецификалық талаптар қоятындығын анықтайды.
ҚО-ға ғылыми-педагогикалық қоғамдастықтың қатынасын ММУ-дің социология факультетінің жүргізген МЭАС-та ұйымдастырылған ҚОбойынша конференцияға қатысушылардың ішіндегі әлеуметтік сұрау нәтижелерінен байқауға болады. Сарапшылар орта есеппен 4. 45 бес баллдық шкала бойынша ҚО-ның перспективтігіне баға берді. Сарапшылардың бағасы бойынша ҚО-ның айналымына ең көп қолдау көрсететін жоо жетекшілері (ректорат, оқу кеңесі) -(орташа балл 4. 24) болды, олардан кейін студенттер (орташа балл 3. 78), содан кейін оқытушылар (орташа балл 3. 67) (сурет 1. 3) .
1. 3 - сурет. Педагогикалық тәжірибеге қашықтан оқытуды енгізудің жинақылығы туралы сарапшылардың пікірі.
Оқытушылардың ҚО-ға "кері" қатынасы белгілі дәрежеде отандық педагогикалық тәжірибеге тән және біздің ойымызша, ҚО-ға қатысты шиеленісшілігін төмендетуге болса да, сәйкес моральдық және материалдық компенсациясыз ҚОЖ-де педагогикалық тіршіліктің әлдеқайда күрделенуі болып отыр. Жоғарғы оқу орындары аралық ҚО орталығы өткізген әлеуметтік сұрау, оқытушылар жағынан ҚО-ға деген жауап алғанда кері пікір 1998 жылы 38%, ал 1999 жылы 30% болды.
Қашықтан оқыту жүйесіндегі мүмкіндіктерБілім беруді ақпараттандыру жағдайында білім алу формасының эволюциясына талдау жасау, жаңашылдандыру мен даму кезінде бүгінгі күнде білім алудың барлық белгілі формалары, соның ішінде қазіргі замандағы ҚО-да асимптотикалық, эволюциялық ілгерілейтін кейбір интегралды, синтетикалық форма қарастырылуы мүмкін. Бұл форманы өзіне бүгінгі күнде және болашақта пайда болуы мүмкін бар формалардың ең жақсысын жинақтаған идеал деп ойлаймыз. Бұл туралы сарапшылар ҚО-ны XXІ ғасырдағы оқыту формасы деп атайды. ҚО туралы Ресей білім беру экс-министрлерінің пікірін мысалға келтірейік. Г. А. Ягодин "Ресейдегі қашықтан оқыту бірыңғай жүйесін құру перспективасы мен күйі туралы" сұрағы бойынша 1995 жылғы Ресей Жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік комитетінің жиналысында: "Егер әлемде ең жақын 10 жылда әлеуметтік катаклизм болмаса, онда қашықтан оқыту жер бетіндегі білім берудің басты формасы болады"-деп атап көрсетті. В. ГКинелев осы жайлы былай дейді: "Қашықтан оқытуды XXІ ғасырдың білім беру жүйесі деп атаған дұрыс". Біз оны әлемде және біздің елімізде болып жатқан глобальды білім беру реформасының магистральды бағыттарының бірі ретінде қарастырамыз. XXІ ғасырдың басында біз қашықтан басқарудың ресейлік барлығын қамту жүйесіне кездесуіміз керек. А:Н. Тихонов ҚО-ны "Жоғарғы мектептің потенциалын қолдаудың маңызды бағыты" сияқты анықтама береді. ҚО-ның мәні мен ролі ол Ресей тұрғындрының ЖАТ құралдарымен базаланған сапалы әрі жеке білім алу мүмкіндігін береді. Осы гипотезаға сәйкес басқа да көптеген айтылымдар келтіруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz