Алматы қаласының сейсмо-белсенділігін зерттеу жайлы


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ СЕЙСМО-БЕЛСЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

«6М073100- Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі

және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы

Орындаған

2 курс магистранты Ә. Қ. Қобланова

Ғылыми жетекшісі Г. С. Жұманова

Алматы, 2015

РЕФЕРАТ

Сейсмикалық шу, инверсия, гидрология, геоморфология, сеймобелсенділік.

Диссертацияның көлемі 65бет, - кесте, - сурет, - әдебиеттен тұрады.

Зерттеу нысаны: Алматы қаласы мен қала маңындағы аймақтардың сейсмикалық қаупі, сейсмикалық белсенділік, сейсмикалық шу.

Жұмыстың мақсаты : Алматы қаласының сейсмикалық белсенділігін зерттеу.

Жұмыстың міндеттері :

а) Сейсмо-белсенділікті зерттеу;

ә) Алматы қаласы аумағы және оның маңындағы аумақтарда

сейсмикалық шуды өлшеу бойынша далалық зерттеулер жүргізу;

б) Сейсмикалық шу мәліметтері бойынша сейсмикалық топырақ

реакцияларын зерттеу.

Жұмыстың әдісі және әдістемесі:

Зерттеу нәтижелері: Алматы қаласы және оның маңы, жаңа аумақтарды қоса алғандағы аумағында сейсмикалық шуды өлшеу бойынша далалық зерттеулер жүргізілді. Сейсмикалық шу мәліметтері бойынша сейсмикалық топырақ реакцияларын зерттелді.

РЕФЕРАТ

Объем диссертации состоит из - страниц, - таблиц, - рисунков, -источников используемой литературы.

Объект исследования: .

Цель работы:

Метод и методология проведенных работ:

Результаты исследования и их новизна:

Практическая значимость работы:

Область применения:


ABSTRACT

The volume of the thesis of consists - pages, - tables, - drawings, - sources of used literature.

Object of research:

Purpose of the work:

Method and methodology of the carried-out works:

Results of research and their novelty:

The practical importance of the work

Applicaties:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
: 1
КІРІСПЕ: ӘДЕБИ ШОЛУ
:
: 1. 1
КІРІСПЕ: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ СЕЙСМО-БЕЛСЕНДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
:
: 1. 2
КІРІСПЕ:

Қазақстан елді мекендерінің, соның ішінде Алматы қаласының

сейсмикалық қауіпке бейімділігін анықтау және мониторинг жүргізу

:
:

1. 2. 1.

1. 2. 2

КІРІСПЕ:

Жер сілкінісін болжау технологияларын бағалау

Қазақстан елді мекендерінің, соның ішінде Алматы қаласының сейсмикалық қауіпке бейімділігі

:
: 1. 3
КІРІСПЕ: Жер сілкінісінің зардаптарынан қорғау және жоюға арналған іс- шаралар, сонымен қатар пайдаланатын күштер, құралдар және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу
:
:
КІРІСПЕ:
:
:

2

2. 1

2. 2

КІРІСПЕ:

ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Алматы сейсмикалық қауіпті аймағын сейсмологиялық зерттеу

Жер сілкінісін болжау әдістері

: 33
:

3.

3. 1

3. 2

3. 2

КІРІСПЕ:

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ

Сейсмо-белсенділікті зерттеу

Алматы қаласы аумағы және оның маңындағы аумақтарда

сейсмикалық шуды өлшеу бойынша далалық зерттеулер жүргізу

Сейсмикалық шу мәліметтері бойынша сейсмикалық топырақ

реакцияларын зерттеу

: 36
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
: 57
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
: 59
:
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
:

Кіріспе

Жер сілкінісі табиғаттың өте бір қаһарлы да, қауыпты құбылысы. Адамзат дамуы өз тарихында небір алапат жер сілкіністерін басынан өткерді. Жалпы өркениеттің гүлденуіне залалын тигізген жойқын жер сілкіністеріне қатысты оқиғалар халық аңыздары мен жазба шежірелерінде сақталып қалған, көркем шығармаларда көрініс тапқан.

Жер сілкінуі (тектоникалық) - жер қойнауында шоғырланған тектоникалық энергияның салдарынан өршіген серпімді тербелістің дүмпуі. Ал жыныс жылжуы ошақтан өтетін тектоникалық жарықтарда болады.

Жер сілкінісінің түрлері:

  1. Жанартаулық жер сілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған;
  2. Тектоникалық жер сілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады.
  3. Денудациялық жер сілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.

Алматы аймағының жер аумағы Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан. Оның табиғатының негізгі ерекшелігі тауаралық кең шатқалды жазықты Іле және жоңғар Алатауының тау жоталарынан құралып, ал аймақтың солтүстік шекарасына қарай жазық далалы болып кететіндігінде. Аймақтың геологиялық даму тарихы оның тектоникалық қозғалыстарына, биік таулы рельефтер мен төмен түсулердің пайда болуына, соның салдарынан сел тасқыны мен тасқын сушөгінділеріне толуына тікелей байланысты. Осыған орай оның зілзала қаупі басым аймақ болуы басты сипаты болып табылады.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша бұл өңір түгелдей жер сілкіну қарқыны VI-дан IX балл және одан жоғары болуы ықтимал аймаққа жатады.

Алматы сейсмикалық қауіпті аймағы Қазақстандағы неғұрлым экономикалық дамыған және халық тығыз орналасқан аймақ болып табылады. Алматы сейсмикалық белсенді ауданы тұтастай Солтүстік Тянь-Шань жоталарына кіреді.

Алматы сейсмикалық белсенді аудан шегінде 1966 жылдан бастап Іле геофизикалық экспедициасы геологиялық құрылысын, сейсмикалық жағдайын және олардың өзара байланысын белгілеу мақсатында арнайы геологиялық-геофизикалық және жан-жақты сейсмологиялық зерттеулер жүргізді. Жинақталған материал Алматы сейсмикалық белсенді аймағын жан-жақты сейсмикалық аудандастыру картасының геологиялық-геофизикалық негіздерін құра отырып, материалдарды түсіндіруге мүмкіндік берді.

Жыл сайын бір жүз мыңға жуық жер сілкінісі болады. Алайда, олардың басым бөлігі елеусіз дүмпулер болғандықтан, адамдар сезе қоймайды. Үлкен қауіп тудыратын жер асты дүмпулері орта есеппен алғанда айына екі реттен болып тұрады. Олар мұхиттың тұңғиығында орын алғандықтан адамдар мекендейтін аймақтарға тигізер зияны болмайды. Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғлысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентр болып саналады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Алматы қаласы аса сейсмикалық қауіпті аудан болғандықтан, қаланың қаншадықты сейсмикалық белсенді екенін және жер сілкінісі кезінде қандай жағдайлардың орын алатындығы жөнінде әрбір азаматтың білгені дұрыс.

Зерттеу жұмысының жаңалығы: GURALP CMG-3ESP және Mark L4C-3D құрылғыларын пайдалана отырып Алматы қаласының кейбір жерлерінде сейсмикалық шудызерттедік. Зерттеу мәліметтерін және сан қилы әдістерді пайдалана отырып сейсмикалық топырақ реакцияларын зерттедік.

1. 2 Қазақстан елді мекендерінің, соның ішінде Алматы қаласының сейсмикалық қауіпке бейімділігін анықтау, мониторинг жүргізу

Неғұрлым халық тығыз орналасқан және өнеркәсібі дамыған қалалар мен елді мекендер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігінде сейсмикалық белсенді аймақтарда орналасқан. Елдің сейсмикалық қауіпті аумағында өндірістік әлеуеттің шамамен 40 % орналаскан, онада 400-ден астам қала және елді мекен бар және 6 миллионнан астам адам тұрады. Сондықтан, табиғат апаттарының ішінде жер сілкінісі Қазақстанда маңызды орында тұр және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасына ерекше назар аударылды /1/.

Сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан барлық қалалардың ішінде Алматы қаласы сейсмикалық жағдайы неғұрлым ауыр жерде тұр. Үдемелі қарқыны 9 балл апатты жер сілкіністері болған жағдайда Алматы қаласының маңында жиынтық саны 150 мың адам опат болады, жаралылар саны - 500 мың адамды құрайды, тұрғын үйдің 80 % қирайды, 700 мың адам баспанасыз қалады, экологиялық және материалдық шығынның жиынтық сомасы 6, 5 - 7, 0 млрд. АҚШ долларын құрайды /2/. Сондықтан «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының заңдары мен халықтың және халық шаруашылығы объектілерінің сейсмикалық қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздікпен теңестірілген.

Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аумақтарында сейсмологиялық мониторингті ұйымдастыру және жер сілкіністерін болжау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Алматы қаласында», Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкін жер сілкіністерінің залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1994 жылғы 30 желтоқсандағы №1490, «Республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында қиратқыш жер сілкіністерінің залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы» 1997 жылғы 26 тамыздағы №1286 қаулыларымен ТЖМЖ құрамдас бөлігі ретінде Сейсмологиялық бақылауларды және жер сілкіністерін болжаудың республикалық жүйесі (СБЖБРЖ) құрылды /3/.

Жер сілкіністерінің сейсмологиялық мониторингі жүйесіне:

  • Аймақтың кешенді бақылау желісі;
  • Жергілікті кешенді бақылау желісі;
  • Ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау орталығы;
  • Талдау және болжау орталығы;
  • Қазақстан аумағында сейсмикалық ахуалды бақылауды бағалау бойынша комиссия кіреді.
  • Іс жүзінде ол:
  • Бақыланатын аймақтар мен оған жақын орналасқан аудандарда жер сілкіністерін тіркеуді;
  • Далада құралдар мен бақылаулар жүргізуді және үздіксіз сейсмикалық деформографиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық және басқа ақпаратты стационарлық станциялар желісінен алуды;
  • Құралдар мен бақылаулар деректерін автоматты түрде тіркеуді, өткізуді және өңдеуді;
  • Жер сілкіністерінің жедел каталогтарын және бюллетеньдерін жасауды;
  • Сейсмикалық, демографиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық және басқа да ақпарат архивін қалыптастыруды;
  • ҚР аумағында күшті жер сілкіністерінің кіндігінде уақытша станциялардың жұмысын күшейту және қамтамасыз етуді;
  • Бақыланатын аумақтарда барлық сезілген және күшті жер сілкіністері туралы ҚР директивті органдарына уақтылы хабарлауды;
  • Болжау комиссиясына материалдарды тұрақты түрде ұсынуды қамтамасыз етеді /4/.

Мониторингтің жергілікті жүйесі болашақ жер сілкіністерінің ықтимал орны ретінде орта мерзімді болжау бойынша атап көрсетілген учаскелерде құрылуға тиіс. Алматы қаласының ауданында олардың тіркеу пунктері неғұрлым көп орналасқан, мұнда бірнеше сейсмикалық қауіпті аймақтар бөліп көрсетілген. Геодинамикалық мониторингтің жергілікті жүйесі бастапқы кезеңде өзінің құрамына міндетті түрде мынадай базалық әдістерді кіргізеді:

  • Сейсмологиялық бақылау;
  • GPS спутниктік бақылау;
  • Қайталама өте дәл гравиметрикалық бақылау;
  • Қайталама өте дәл нивелирлеу;
  • Спутниктік радарлы интерферометрияның деректерін пайдалану;
  • Температуралық өріс туралы спутниктік деректерді пайдалану /4/.

Сейсмикалық мониторингте маңызды звено бақылау пунктерінен ақпарат жинау және оны өңдеу болып табылады. Радио және телефон арналары, электорнды почта арқылы ақпаратты жедел беру тәулік сайын жүзеге асырылады және тәулік ішінде тіркелген материалдардан тұрады.

Сейсмологиялық бақылаулардың және жер сілкінісі болжамдарының қазіргі жүйесі. Қазақстан аумағындағы жер сілкінісі болжамдары мен сейсмологиялық қауіпін бағалаумен байланысты барлық сұрақтар ҚРБҒМ сейсмология Институтымен құрылған сейсмологиялық бақылаулар мен болжамдар жүйесінің көмегімен бақылаулар материалы негізінде жетілдіріліп, жүзеге асырылады /1/. Тәжірибе жүзінде ол мыналарды қамтамасыз етеді: (1 - сызбанұсқа) .

  1. Бақыланып жатқан аумақтар мен оған қатысты аудандардағы жер сілкінісі туралы мәліметтерді тіркеу және өңдеу.
  2. Өрістік құрал-жабдықтармен бақылауды және үздіксіз сейсмикалық, демографиялық, сейсмобиологиялық ақпараттарды стационарлы станциялардың желісімен, сондай-ақ, алынып жатқан ақпараттардың алғашқы өңдеуін алуды жүргізу.
  3. Құрал-жабдықтармен бақылау мәліметтерін тіркеу, жіберу және өңдеу үрдістерін дағдыландыру жұмыстары бойынша тақырыптық жұмыстарды жүргізу.
  4. Қазақстан аумағын сейсмологиялық бақылау.
  5. Қазақстан аумағындағы қатты жер сілкіністерінің эпицентрлік аймағындағы уақытша сейсмикалық және геофизикалық станциялардың жұмысы мен басқа да бақылау түрлерін күшейту және қамтамасыз ету.
  6. Қазақстан Республикасының директивті мүшелеріне бақыланып жатқан аумақтағы сезілетін және қатты жер сілкіністері туралы уақытылы хабарлау.
  7. Жер сілкінісін болжау материалдарын Комиссияға жиі ұсыну.
  8. Жер сілкінісінің жедел тізімдемесі мен бюллетеньдерін құру, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеохимиялық және басқа да ақпараттар мұрағатын жасау.
  9. Жер сілкінісін болжау үшін бақылау, автоматтандыру және материалдарды өңдеудің жаңа әдістері мен техникалық құралдарын енгізу /5/.

1-сызбанұсқа. Сейсмомониторниг жүйесі

Тәжірибе көрінісінде сейсмомониторинг жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді:

  1. Бақыланып жатқан аумақ пен оған қатысты аудандардағы жер сілкіністерін тіркеу.
  2. Қазақстан Республикасының директивті мүшелеріне бақыланып жатқан аумақтағы сезілетін және қатты жер сілкіністері туралы хабарлау.
  3. Қазақстан аумағы мен маңызды өндірістік объектілерін сейсмологиялық бақылау.
  4. Жер сілкінісін болжау материалдарын Комиссияға жиі ұсыну.
  5. Қазақстан аумағындағы қатты жер сілкіністерінің эпицентрлік аймақтарына бақылау жүргізу.
  6. Алынған ақпараттарды өңдеу мен сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, демографиялық және басқа да ақпараттар мұрағатын жасау.
  7. Жер сілкінісін болжау үшін бақылау, автоматтандыру және материалдарды өңдеудің жаңа әдістері мен техникалық құралдарын енгізу.

1. 2. 1Жер сілкінісін болжау технологияларын бағалау

Жер сілкінісін болжаудың бірден - бір негізгі шешімі ол болжау технологиялары болып табылады /1/. (сызбанұсқа Жер сілкінісінің болжау технологиялары)

М8 алгоритмы

Бұл алгоритм Жер сілкінісін болжау және математикалық геофизика халықаралық Институтында пайда болған (МИТП РАН Мәскеу қ. ) . Бұл әдістің «Алгоритм М8» деп аталу себебі - магнитудасы 8 баллдан жоғары жер сілкіністерін болжауға негізделген әдіс ретінде саналады. Параметрлердiң сандық мәндерi сейсмикалық облыстар үшiн болжам функцияларының бiртұтас анықтауын қолданудаға мүмкіндік береді.

М8 алгоритмы таңдалынып алынған жердегі жер сілкінсінің болу мүмкіндігінің ең жоғарағы периодын анықтауға мүмкіндік береді. 1995ж. Кобе қаласында (Жапония) М=7. 2 болған жер сілкінісінің ретроспективті болжау функциясы 3-сызбанұсқада көрсетілген. Қазіргі кезде осы алгоритм авторлары бұл әдістің жер сілкінісін болжау дәлдігін арттыру үшін жетілдіру және модификациялау жұмыстарымен айналысуда.

М8 Алгоритмы Жер шарында болатын, магнитудасы 7, 5 баллдан жоғары қатты жер сілкіністерін болжауға бағытталған әдіс. 1991 жылдан бастап әлемнің бірқатар мемлекеттері біріге отырып Тынық мұхитындағы сейсмикалық полюсті бақылауға алды. Тынық мұхитындағы сейсмикалық белдеуі радиусы 427 км болатын 147 шеңбер тәріздес зоналарға бөлді. Алынған мәліметтер әрбір 6 ай сайын өңделіп отырды. Осы эксперимент барысында болған 11 қатты жер сілкінісінің 6 болжанды, соның ішінде 1994ж болған Шитокандық және 1995 ж болған Итурупсктік жер сілкіністері. (3 - сызбанұсқада Жер сілкінісінің болжау технологиялары көрсетілген) .

1998 жылы Алгоритм М8 жер сілкінісін болжауға мүмкіндік беретініне көз жеткеннен кейін, осы жобаға қатысушылар эксперимент барысында алынған мәліметтерді әлемдегі 100-ден аса жер сілкінісін болжау жұмыстарымен айналысатын ғалымдарға алуға ұсыныс жасады.

2- сызбанұсқа Жер сілкінісінің болжау технологиялары

1 - сурет. 1995ж. Кобе қаласында (Жапония) М=7. 2 болған жер сілкінісінің ретроспективті болжау функциясы

Сол уақыттан бастап бұл экспериментті екі диапозонда өткізу шешімі қабылданды(М=8+ және М=7, 5+ ) . Бақыланып отырған сейсмоактивті облыстарға Трансазиаттық сейсмикалық белдеуі қосылды /6/. Трансазиаттық сейсмикалық белдеуі R=667 км болатын 262 шеңбер тәріздес зоналарға бөлінді.

Калифорния-Невада (КН) алгоритмы

Бұл әдіс Ресей және АҚШ геофизик ғалымдарының бірлескен зерттеулері негізінде пайда болған. Алгоритм КН магнитудасы 5, 5-6, 5 болатын жер сілкіністерін болжауға арналған әдіс.

Алгоритм КН-мен жер сілкінісін болжау барысында болатын оқиғаларды бірнеше топқа бөлеміз:

  1. Бұл топқа магнитудасы белгілі бір шектен жоғары жер сілкіністерінің саны; олардың энергиясы; жер сілкінстерінің «дефицфиті» жатады
  2. Екінші топқа ұзақ уақыттық трендтен ауытқу; жер сілкінісінің магнитудасының әркелкі болуы, жер сілкінісі ошағының орташа өлшемі.
  3. Үшінші топ функциялары жердің әр нүктелерінде болған жер сілкіністерінің бір-бірімен қарым-қатынасын сипаттайды; ең алшақ қашықтықта болған афтершоктың магнитудасы есепке алынады; бір-бірімен тікелей байланысты аудандарда болған жер сілкіністерінің жалпы саны.

Бұл алгоритм Калифорния және Невада штаттарының территориясында алынған ақпараттар негізінде пайда болған.

RTL алгоритмы

Бұл алгоритмды 1996 жылы Г. А. Соболев және Ю. С. Тюпкин ұсынған. Бұл әдіс сейсмикалық тыныштық кезеңін және форшоктарды анықтауға мүмкіндік береді. RTL алгоритмының болжау параметрлері үш функцияға негізделген: R - эпицентралды, T - уақыттық, L - жер сілкінісінің ошағын анықтайтын функция. Бұл параметрдің орташа квадраттық ауытқуы 0-ден асатын болса, бұл сейсмикалық тыныштық кезеңінің пайда болуын анықтайды. Егер RTL параметрінің 0-ге ығысуы байқалса, онда қатты жер сілкінісінің алдындағы форшоктық активтену кезеңнің пайда болуына негіз болады.

RTL шамалары анализденіп отырған қатты жер сілкінісі қаупі бар аудандарда есептелінеді. Эпицентрлік функцияны келесі формуламен көрсетуге болады:

Уақыттық Т функциясын мына формуламен өрнектейміз:

Жер сілкінісінің ошағының ауданынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланамыз:

RTL алгоритмы Камчатка, Курил аралы, Сахалин аралы және АҚШ-тың Калифорния штатында болған жер сілкіністерді болжауға кеңінен қолданылған. 1997 жылы осы әдіс көмегімен Сахалин аралындағы Кроноцк (М=7, 8) жер сілкінісі бір жыл бұрын болжанды /7/ (2- суретте ретроспективтік есептеу мысалы келтірілген) .

1995 жылы Сахалин аралығындағы Нефтегорск жер сілкінісі болар алдында 1994 жылы максимал сейсмикалық тыныштық кезеңі байқалды. Одан кейін RTL шамасының өскенін байқаймыз, бұл қатты жер сілкінісі болар алдында форшоктық активтіліктің жақындауымен байланысты /8/.

2- сурет . Ретроспективтік есептеу

Заманауи жер сілкінісін болжау жүйесі

2007жылы Бакуде Жер сілкінісінің глобальдық жүйесі іске қосылды. Жүйе негізінде 2005 жылы Женевада потентталған болжау станциясы жатыр. болжау станциясы қазіргі таңда Азербайджан, Пәкістан, Индонезия, Түркия, Украинада орналасқан. Бұл жер сілкінісін болжау станциялары гравитациялық өрістің үш өлшемдік өзгерістерін бақылайды. Өзгерістер өте әлсіз тектоникалық тербелістер нәтижесінде пайда болады. Айтылған өзгерістер қатты жер сілкінісі болар алдында 3-6күн бұрын байқалады. Бұл станция өзінен мыңдаған км қашықтықтағы болатын жер сілкінісінің уақытын және болатын орнын табуға мүмкіндік туғызады. Арнайы параметрлер көмегімен күтілетін жер сілкінісінің магнитудасы және санын анықтауға болады /9/ (3 - сурет) .

C:\Users\samsung\Desktop\АРМАН\ \Диссертация\Новая папка\рисунки\Atropatena--Kh11.jpg

3-сурет. болжау құрылғысы

1. 2. 3 Қазақстан елді мекендерінің, соның ішінде Алматы қаласының сейсмикалық қауіпке бейімділігі

Қазақстан Республикасы аумағының неғұрлым сейсмикалық белсенді бөлігігеодинамикалық қатынастағы күрделі жүйеге Еуро-Азияның сейсмикалық белсенді белдеуіне кіреді, онда таулардың пайда болуы ірі литосфералық қабаттардың өзара іс-әрекетінің салдары болып табылады. Қазақстанның сейсмикалық белсенді орогендік белдеуі Тұран плитасы мен қазақ қалқанының жаңа платформасының құрылымын оңтүстіктен және шығыстан қоршап тұрған таулы жоталардан тұрады. Олармен бірқатар сейсмикалық қозғалып тұратын аймақтар байланысты, оларға күшті жерсілкіністерінің ошақтары жақын орналасқан. Қазақстанның аумағында төрт сейсмикалық қауіпті аумақ бар: Тарбағатай-Алтай, Жоңғар-Солтүстік Тянь-Шань таулары, Қаратау және Каспий жағалауы [1] . 1-суретінде Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аймақтары берілген.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысындағы неғұрлым сейсмикалық белсенді аудандарға соңғы 120 жылда күшті жер сілкіністері болған Іле жоталары, Күнгей Алатау және Қырғыз жоталары жатады:

Беловодское (1885ж., М -7, 3), Верный(1887ж., М = 7, 3), Шелек (1889 ж.,

М - 8, 3), Кемин (1911ж., М = 8, 2), Кемин-Шу (1938ж., М= 6, 9) және басқалары. Жоңғар Алатауы барынша жоғары сейсмикалық аймақ болып сипатталады, мұнда көрсетілген кезеңішінде М=6, 1-6, 5 шкаласымен 4 жер сілкіністері болған.

1929 жылдан бастап 2005жыл бақылаулар кезеңінде Қазақстанның сейсмикалық станцияларының желісі әр түрлі энергиядағы шамамен 30 000 жер сілкіністерін, және оның жұмысы барысында 5, 0 дейінгі магнитудамен бірқатар жер сілкіністері тіркелді.

Соңғы уақытқа дейін Орталық Қазақстанның аумағы сейсмикалық емес деп есептелінді, бірақ соңғы жылдары сейсмикалық бақылау жүйелерінің дамуына байланысты ол жерлердеде жер сілкіністерінің болатындығы айқындалды. 1994 жылы ҚР-ның ұлттық ядролық орталығының станциялар желісі іске қосылды. Бұдан басқа, Қазақстанның батысында дәстүрлі түрде геодинамикалық белсенділігі әлсіз деп есептелетін аумақ бар. Алайда соңғы уақытта жер сілкіністері болғанға дейін жаңа әрі қазіргі заманғы тектоникалық қозғалыстардың болуының көптеген фактілері анықталды. Каспий жағалауыаймағында мұнай және газ кен орындарын қарқынды бұрғылау жүргізіледі, оның геологиялық ортаға техногенді әсерлері болады, соның салдары жер сілкіністерін қоздыруы мүмкін. Жер сілкіністері мұнай құбыры желілерін, пайдаланып жүрген скважиналарды бүлдіруі, өндірістік және тұрғын үй кешендерін бұзуы мүмкін, нәтижесінде орны толмайтын экологиялық және әлеуметтік зиянға ұшыратады.

Сейсмикалық аудандандастыру картасы пайдаланады. Бұрыңғы карталармен салыстырғанда жақсы деп саналғанына қарамастан, онда болжанатын сейсмикалық белсенділік едәуір төмендетіліп сипатталды. Бір қатар аудандарда болжанған деңгейден асып түсетін жер сілкіністері болды. Осындай оқиғалардың қатарына Қазакстандағы Бақанаста (1979ж., М=5. 8, 1=6-7) және Зайсанда (1990ж., М=6. 8, 1=8) болған жер сілкіністері жатады.

Осының салдарынан сейсмикалық аудандарға бөлудің жаңа кезеңін

жүргізу қажеттігі пайда болды. Қазақстанның сейсмикалық қауіпті аймақтарында ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізілді, бұл жаңа сейсмикалық геофизикалық және сейсмикалық тектоникалық материалдарды талдауға мүмкіндік берді.

4- сурет. Қазақстанның сейсмикалық белсенді аймақтарының жалпы сұлбасы

1 - Тарбағатай-Алтай, 2 - Жоңғар - Солтүстік Тянь-Шань таулары, 3 -Қаратау, 4 - Каспий жағалауы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер сілкінісін болжау
ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР
Алматы қаласының сейсмо-белсенділігін зерттеу
Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі
Жер сілкінуді зерттеу
Геологиялық сипаттағы апаттар
Қарамандыбас кен орны
Мұнай өндіру процесі
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz