Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алудың ерекшеліктері



Кәмелетке толмағандар болып, қылмыстық құқықта 16 жастан 18 жасқа дейінгілер танылады, ал кейбір жағдайларда 14 жастағылар табылады. Қылмыс жасаған уақытта 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған тұлғалар - кәмелетке толмағандар болып табылады.
Қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушылардан жауап алу, ересек айыпталушыларға қатысты қолданылатын жауап алудың процесуалдыкітәртібімен жүргізіледі.
"Жауап алуды ойдағыдай жүргізу үшін тергеуші мұқҚият дайындалуы керек. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алуға дайындық жауап алынатын адамның жеке басын тереңірек оқып білуді, сонымен атар оның тұрғылықты жағдайын және тәрбие алатын ортасын зерттеп; сонымен қатар жауап алу орнын белгілеу, жауап алынатын адамды тергеушіге шақыру, жауап алынуға жататын тұлғаларды анықтау, жауап алу жоспарын құру және сұрақтарды дайында.у қажет".1 Соның ішінде ең басты мынандай сұрақтар анықталып алуы керек:
1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 жыл.
1.2. Қазақстан Республикасының Кьілмыстық Кодексі, 1 қаңтар 1998. 1.3 Казақстан Республикасының Қылмыстық Істер Жүргізу Ко-
дексі, 1 қаңтар 1998 жыл.
II. Арнайы әдебиеттер
2.4.. Белкин Р.С. "Криминалистическая тактика" экнциклопедия, М., 1997.
2.5. Бондаренко В. "Настольная книга следователя". М., 1959.
2.6. Васильев А.Н. "Тактика отдельных следственных действий". М., 1981.
2.7. Герасимов И.Ф., Драпина Л.Л. "Криминалистика". М., 1994.
2.8. Гинзбург А.Я., А.Р.Белкин "Криминалистическая тактика". А., 1998.
2.9. Доспулов Г.Г. "Психология допроса в уголовном процессе". "Ғылым". А., 1996.

2.10. Жәкішев Е.Г. "Криминалистік тактика" "Жеті жарғы". А., 1997.
2.11. Зубарев В., Мешков Ю. "Защитник на предварительном следствии". "Социалистическая законность", 1998, N 2.
2.12. Карацев К.М. "Основные процессуальные и криминалисти-ческие положения допроса обвиняемого". А., 1969.
2.13. Карнеева Л.М. "Привлечение куголовной ответственнос-ти". "Законность и обоснованность", М., 1971.
2.14. Карнеева Л.М. "Значение показании обвиняемого".
"Советская юстиция", 1971, N 31.


2.15. Леви А.А. "06 участии защитника на предварительном следствии". "Социалистическая законность", 1987, N 4.
2.16. Леви А.А., Пичкалева П.И. "Получение и проверка показа-нии следователей". М., 1987
2.17. Митусевич И.А. "Изучение личности обвиняемого в процессе предварительного следствия". Минск, 1975.

2.18. Пантелеев И.Ф., Селиванов Н.А. "Криминалистика" М., 1984.
2.19. Порубов Н.И. "Допрос". М., 1973.
2.20. Порубов Н.И. "Допрос в советском уголовном судопроиз-водстве". Минск, 1973.
2.21. Порубов Н.И. "Научные основы допроса на предваритель-ном следствии". Минск, 1978.
2.22. Шейнин Л.Р. "Советский следователь". М., 1959.
2.23. Филипов А.Г., Волынский. "Криминалистика". М., 1998.
2.24. Яблоков Н.Г. "Криминалистика". "Юридическая литерату-ра". М., 1996.
2.25. Яблоков Н.Г., Колдин В.Я. "Криминалистика" издательство Московского Университета. М., 1990.
III. Тәжірибелік материалдар
3.26. Өндірістік практикамнан алынған мысалдар.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
§ 2. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алудың ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандар болып, қылмыстық құқықта 16 жастан 18 жасқа дейінгілер танылады, ал кейбір жағдайларда 14 жастағылар табылады. Қылмыс жасаған уақытта 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған тұлғалар - кәмелетке толмағандар болып табылады.
Қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушылардан жауап алу, ересек айыпталушыларға қатысты қолданылатын жауап алудың процесуалдыкітәртібімен жүргізіледі.
"Жауап алуды ойдағыдай жүргізу үшін тергеуші мұқҚият дайындалуы керек. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алуға дайындық жауап алынатын адамның жеке басын тереңірек оқып білуді, сонымен атар оның тұрғылықты жағдайын және тәрбие алатын ортасын зерттеп; сонымен қатар жауап алу орнын белгілеу, жауап алынатын адамды тергеушіге шақыру, жауап алынуға жататын тұлғаларды анықтау, жауап алу жоспарын құру және сұрақтарды дайында.у қажет".[1] Соның ішінде ең басты мынандай сұрақтар анықталып алуы керек:
[1] Карацев К.М. "Основные процессуальные и криминалистические положения допроса обвиняемого". Алматы, 1969.

жауап алынатын тұлғаның жеке басын анықтау;
жауап алынатын түлғаның психологиясын анықтау;
кәмелетке толмаған айыпталушыны жауап алуға шақыру;
тергеушінің қоятын сүрақтарын дайындау;
5) кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алу кезінде
қатысатын түлғалар.
Кәмелетке толмағанның жеке басын анықтаған кезде тергеуші ең бірінші, оның жағымды жақтарын, оның тәртібінің жаман жаққа ауысуының уақытын, мүндай өзгерістердің себебін, бүл жанүядағы жағдайларға не болмаса басқа да келеңсіз жағдайларға, ата-анасының біреуінің науқастануына не қайтыс болуына байланысты себептен болуы мүмкін. Тергеуші, осы жағдайларды анықтау үшін ең бастысы, оның ата-анасынан, мүғалімдерінен, жүмыс істеп жүрген жеріндегі және оқуындағы жолдастарынан, мастерінен жауап алу қажет. Осы түлғалардан жауап алу нәтижесінде кәмелетке толмағандардың жеке басы туралы көп жағдайды білуі мүмкін. Мысалы, үрлық бойынша айыпталушы 15 жастағы Смирнов Виталий, жауап алу кезінде үндемей, жанында болып жатқан нәрсенің бәрі де ол үшін бәрібір болған. Осыдан кейін тергеуші, оның шешесінен жауап алған кезде, Смирновтың әкесі қайтыс болғалы бері қатты өзгергенін, өзін тыңдамайтындығын, сабаққа бармай жүргенін анықтады, бүған себеп - әкесінің қайтыс болуы еді. Сондай-ақ түлғаның жеке басын анықтау үшін тергеуші келесі жағдайларды анықтау керек:
кәмелетке толмаған айыпталушы кіммен түрады;
әке-шешесі немен айналысады;

3) кәмелетке толмаған айыпталушы қайда оқиды немесе
оқыған, қай жерде жұмыс істеген немесе істейді;
4) қылмыс жасағанға дейін қанша уақыт үйінде тұрмаған;
5) бүрындары қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылықтарға
тартылған ба, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияда
ол туралы талқылау жүргізілген бе, осы мәселелерді анықтау керек.
Жауап алу процесінде анкеталық көрсеткіштерде кәмелетке
толмаған аиыпталушыны анықтаған кезде оның жасы, теп, аты-жөні
туралы берген айғағының нақты болмауы мүмкіндігін ұмытпаған
жөн, сондай-ақ кәмелетке толмағандар әркезде өзінің лақап аты,
жалған аты, мазақ аты, қысқартылған аттарды қолданады, бұл
мәселелер қылмыстық құқтық және қылмыстық процессуалдық
маңызы бар нақты мән-жайларды анықтаған кезде қиындыққа әкеп
соғады.
Кәмелетке толмаған айыпталушының тұлғасын анықтау үшін тек қойылған сұраққа берген айғағымен шектеліп қана қоймай, іс материалдарына кәмелетке толмағанның тууы туралы куәлігін, жеке бас куәлігін (паспортын) қосу керек, егер де іс үшін манызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмаған ретте немесе күмән туған жағдайда айыпталушының жасын анықтау үшін сараптама тағайындау және жүргізу міндетті болып табылады (ҚР ҚУЖК-нің 241 -бабының 2 -тармағы).
Кәмелетке толмаған айыпталушының психикасын анықтау, нақты айғақтар алу үшін, оларды дұрыс бағалау үшін және тәрбие жұмыстарын ойдағыдай жүргізу үшін маңызы зор.
Кәмелетке толмаған айыпталушыларды жауап алуға шақыру, айыпталушының ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің,

яғни асырап алушыларының, қорғашыларының, қамқоршыларының көмегі арқылы жүргізіледі.
Кәмелетке толмаған айыпталушыларға қойылатын сұрақтар нақты, түсінікті, айқын, анық болуы керек. Кәмелетке толмағандарға қойылатын сұрақтар түсінікті, қысқа, нұсқа, жәй болуы қажет. Егер жауап беруші сұрақтың мәнін түсінбесе, оның құрылысын өзгертіп, сұрақты нақты,әрі айқын, сондай-ақ жәй сұрақтарға бөліп,қою керек.1
Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алуға, оның ата-аналары, қамқоршылары, педагогтері және т.б. тұлғалар, сонымен қатар қорғаушылары шақыртылады.
Анықтағанымыздай, жауап алуға дайындық кезінде, негізгі мән, жеке басын және психологиясын анықтауға бағытталуы керек, мұндай мәселелерді шешу, қылмыстық жауаптылыққа дұрыс тарту үшін, жазалау шарасын анықтау үшін, тергеліп отырған істі дұрыс саралау үшін маңызы бар.
Тергеуші қажетті мәліметтерді оқып білгеннен және мұқият дайындалғаннан кейін жауап алуға кіріседі.
Жауап алу заңға сәйкес жүргізілуі керек. Жауап алу күндізгі уақытта жүргізіледі. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алудың 2 кезеңін қарастыруға болады:
1. Кәмелетке толмаған айыпталушыға істегі бар дәлелдемелер мен өзге айыпталушыға белгілі мән-жайлар бойынша, тағылған айып бойынша еркін баяндауын тыңдау. Кәмелетке толмаған айыпталушының еркін баяндауын тыңдап отырған кезде, шыдамдық пен тыңдай білу қажет. Еркін баяндауды сұрақтар қою арқылы бөлуге болмайды, себебі оның салдары айғақ беріп отырған
[1] Яблоков Н.П. "Криминалистика". "Юридическая литература". М., 1996.

айыпталушының ойының бұзылуына және айғақтың толық әрі нақты болуына кері әсерін тигізеді. Кәмелетке толмаған айыпталушы іске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтқан жағдайда ғана тоқтатуға болады.
2. Жауап алуға қатысып отырған тұлғалардың қойған сұрақтары және оған кәмелетке толмаған айыпталушының берген жауабы. Жауап алуға қатысушы тұлғалар, ең бастысы тергеуші, педагог, ата-аналары және т.б. заңды өкілдері.
Кәмелетке толмаған айыпталушыға сұрақты бірінші болып, тергеуші (сот мәжілісінде төрағалық етуші), содан кейін ғана жауап алуға қатысушы өзге тұлғалар қояды.
Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алу кезінде жауап алынатын адамдарды өзіне жақын тартудың маңызы зор. Кәмелетке толмаған айыпталушының сенімін жауап берушіге заңмен белгіленген процессуалдық құқтарын объективті және толығымен түсіндіру жолымен алуға болады. Жауап алу кезінде, сондай-ақ, кәмлекетке толмаған айыпталушы тергеушінің сұрақтарын қалай қабылдайтынын, ренжігіш емес пе, ұялшақ немесе қорқып отырған жоқ па, ұяң емес пе сол себептерді анықтау керек. Оның қорқу себебі неде, кімнен немесе неден қорқады, осы мәселелердің басын ашып алу қажет. Олар қорғаушы, ата-анасы, педагогы, немесе өзге де заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алудың маңызды процессуалдық негізі болып, кәмелетке толмаған айыпталушының қорғаушысының және де өзге заңды өкілдерінің қатысуы болып табылады. Айтып өткеніміздей, олардың сұрақтар қоюға, кәмелетке толмаған айыпталушының мүддесін қорғауға құқығы бар.

Кәмелетке толмаған айыпталушы, ересек айыпталушыларға қарағанда, қорғаушының және өзге де заңды өкілдердің іске қатысуын қажет етеді.
Көп жағдайларда жауап алуға ата-аналар қатысады. Кейбіреулер педагогтың жауап алуға қатысуын дұрыс деп санайды, себебі педагог, кәмелетке толмаған айыпталушы мен тергеушінің арасындағы байланысты жасай алады. Педагог, кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алуға қатысуымен, жауап алудың заңдылығын және кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алу хаттамасының дұрыс толтырылуын қамтамасыз ете алады. Педагогтің бүкіл жауап алу процесіне қатысуы міндетті емес. Педагогтің, тергеушіге айғақты белгілеген кезде көмек көрсету үшін қатысуына болады.
ҚР ҚІЖК-де кәмелетке толмаған айыпталушыдан жауап алуға, айыпталушының ата-анасының қатысуы әр кезде мақсатты болмайды, біріншіден, істегі жақын туыстарының рөлі бірден айқын емес, олар мүдделі тұлға болғандықтан, жауап алынатын адамға кері әсерін тигізуі мүмкін. Кей жағдайларда жауап алуға ата-аналарының қатысуы, жауап алынатын айыпталушыға қорқыныш, ұялу және т.с.с. себептерін тигізуі мүмкін. Сол сияқты ата-анасының жауап алуға қатысу кезінде, айыпталушыға олардың эмоциясы, мимикасы, ымы, қозғалысы өзінің белгілі бір дәрежеде әсерін тигізеді, соған сәйкес айыпталушы ата-анасынан алған әсерге байланысты айғақ береді. Бұл алдын-ала тергеу кезіндегі жауап алуға жатады. Сот залында ата-аналарының, жақын туыстарының ролі айқындалады, сондай-ақ істі көпшілік алдында талқылау нәтижесінде, ол тұлғалардың кәмелетке толмағанға қатысты кері әсерін тигізбеуіне мүмкіндік береді және ол жеңілдік болады. Сондықтан да заң, сот мәжілісіне ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің қатысуын міндеттейді және оларға өзге де құқтармен қатар дәлелдемелерді зерттеуге қатысу құқығын береді.
ҚР ҚІЖК-нің 71-бабының 1 - тармағының 1 - тармақшасы бойынша, сезікті немесе айыпталушы кәмелетке толмаған болса, қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуын міндеттейді.
Айыпталушыға айып тағылғаннан кейін, кәмелетке толмаған тұлғаға қорғаушы тағайындалады. Айып тағылған кезде тұлға 18 жасқа толса, бірақ қылмыс жасау уақытында кәмелетке толмаған болса, тергеуші немесе прокурор, қылмыстың сипатына, істің мән-жайына, және айыпталушының жеке басына, тұлғасына байланысты, айыпталушыға айып тағылғаннан бастап қорғаушының қатысуы қажетті деп табуға құқылы (бірақ міндетті емес).
14 жасқа толған айыпталушыдан жауап алу тактикасының, 17 жастағы айыпталушыдан жауап алу тактикасынан айырмашылықтары бар. 17 жастағы айыпталушыдан жауап алу, негізінен ересек айыпталушыдан жауап алу кезінде қолданылатын тактикалық әдістері қолдана отырып жүргізіледі.
Кәмелетке толмаған айыпталушылардың берген жалған айғағы неге әкеп соқтыратыны туралы мағлұматы болмайды. Сондықтан жалған айғақ беру қылмыстардың жасалуына жекешелейтін айғақ болатындығын ескеру және түсіну керек.
Қылмысты топ болып жасаған жағдайда, олардан жауап алу, шынайы, ақиқат айғақ алу үшін, бір бірінен бөлек жүргізіледі.
Кәмелетке толмаған айыпталушының айғағы тексеріліп бағалануы қажет (ҚР ҚІЖК-нің 71-бабының 1 - тармағының 1-тармақшасы).
Жауап алу кезінде басқа да тактикалық тәсілдерді қолдана отырып, кәмелетке толмаған айыпталушының өзімен бірге қылмысқа қатысушыларды, ең бастысы, қылмыстық топты басқарушыны немесе өзінен жасы үлкендерді ұстап беруден қорқатындығын есте ұстау керек. Достық туралы жалған түсінік, кейде кінәні өз мойнына алуға, өзімен бірге қылмысқа қатысушыларды жақтауға әкеп соғады, сөйтіп өзін "батырмын" деп санайды.
Ересек қатысушылардың тікелей айтқаны бойынша, кәмелетке толмаған айыпталушы кінәні өз мойнына алуы мүмкін. Олар жасөспірімді қорқытып не болмаса кәмелетке толмағандар үшін кінәні мойындау айтарлықтай жазаға әкеліп соқтырмайтынын, ал оларды, яғни ересектерді ең қатаң жаза күтетіндігін айтып, сендіреді. Егер тергеушінің осындай әсер ету үшін негіздері болса, ондай жағдайда ол асықпай айыптаушыға, оның істеп отырған әрекетінің қате екендігін түсіндіруі керек".[1] Себебі оның осы тұрғыда берген айғағының салдары, әділетсіз түрде біреудің істеген қылмысы үшін жазаға тартылуына және де осындай жақтаудың нәтижесі қылмыстың көбеюіне және қылмыстардың көптеген түрінің ашылмауына әкеп соқтырады.
ІІІТАРАУ
ЖАУАП АЛУДЫ БЕКІТУ ӘДІСТЕРІ
Айғақты және мәліметті бекітудің негізгі және міндетті құралы болып, жауап алу хаттамасы танылады. Жауап алу хаттамасы - бұл жауап алудың қорытындысын көрсететін, айыпталушының айғақтарындағы мәлімет көзі болып табылатын, айғақты еркін баяндау және сұраққа жауап түрінде жазылатын-процессуалдық құжат. Хаттама - бұл айыпталушының берген ауызша мәліметінің жазбаша нысаны. Айғақтарды бекіту қасиетінің, жауап алуды жүргізу өнері сияқты маңызы зор.
"Жауап алу хаттамасы төрт бөлімен тұрады:
анкеталық, мұнда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айыпталушыдан жауап алу тактикасы
Жауап алудың жалпы ережелері
Кәмелетке толмаған қылмыстарды тергеу
Беттестіру жүргізудің-техника криминалистикалық және тактика криминалистикалық аспектілері
Күдікіті, жәбірленушінің мәртебелерін анықтау, олардан жауап алуды ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібі
Күдікіті, жәбірленушінің мәртебелерін анықтау
Жеткіншек алды жасында мінездің ауытқуы
Кәмелетке толмағандарға қатысты
Жәбірленушіден және куәдан жауап алу
Қамауға алу деген не, оны кімдер қандай жағдайларда қолданады, тұтқындуадың ең кем мерзімі қанша және кімдер тұтқындалмайды?
Пәндер